Тұтас педагогикалық процесс


Тұтас педагогикалық процесс
Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
- Педагогикалық процесс.
- Тұтас педагогикалық процесс туралы ғалымдар теориялары.
- Педагогикалық процесс компоненттері.
- Оқыту - тұтас педагогикалық процестің бөлігі.
- Тқтас педагогикалық процесс әдістері мен заңдылықтары.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе .
Педагогка ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады.
Мұғалім іс-әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық прцестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымында мән - бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немес оның жақтары мен қатынастарының қосындысы) . Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Қазіргі кездегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталды, өйткені педагогикалық құбылыстар компоненттері, қасиетттері, заңдылықтар туралы дербес білімдері бірте-бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес.
Педагогикалық процесс
дегеніміз - оқушылардың мәдени байлықты меңгеруге және еңбек пен қоғамдық өмірге даярлауға бағытталған, мұғалімнің қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын өзара байланысқан іс-әрекеті болып табылады (Н. Д. Хмель) .
Педагогикалық процестің мәні туралы мәселеге бірқатар ғалымдар оның маңыздылығын жан-жақты қарастыра отырып мына төмендегідей тұжымдарды береді:
Ю. К. Бабанский:
«Педагогикалық процесс - оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі» - деп қарастырды.
С. Т. Шацкий, Н. К. Крупская, В. А. Сухомолинский: «Педагогикалы процестегі оқушылардың өзара әрекет етуінің ерекшеліктерін» зерттеді.
Б. Т. Лихачев: «Біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі» деді.
Тұтас педагогикалық процесс дегеніміз - оқытушылар мен тыңдаушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған, мазмұнды түрде ұйымдасқан, бағыт беруінің белсенді іс-әрекеті.
Ал қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы . Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы (процестегі) ең шешуші нәрсе мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде, үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар мектеп оқушыларын қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және ой еңбегіне үйрете білуге олардың білімге ынтасын мейлінше қызықтыра білуге бағыттап отыру.
Мұғалім педагогикалық әрекеті барысында әр түрлі қызметтер атқарады. Психологтардың зерттеулерінде олардың алғашқысы және негізгісі белгілі пәндік мазмұн негізінде, оқытудың әдістері мен формалары арқылы оқушылардың белсенді танымдық және шығармашылық әрекетін ұйымдастыру екендігі аталып өтеді.
Бұл бағытта оның кәсіби әрекеті педагогикалық үрдісті таңдау, оның мәнін ұғыну, сыни баға беру сияқты сипат алады. Сондықтан да педагогикалық рефлексия мұғалімнің өзінің негізгі қызметін нәтижеслі атқару үшін қажетті сапа болып табылады.
Оқытушы іс-әрекетінің объектісі ретінде студентті емес, педагогикалық процессті есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұндай бағыттың қажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
Біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогкалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес. (В. С. Ильин)
Мұғалім іс-әрекетін оптимизациялауға тек қана оқытуға бағыттаушылықпен жету мүмкін емес. (Ю. К. Бабанский)
Егер оқушының іс-әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекі ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес. (И. П. Радченко)
Оқу орны әкімшілігі іс-әрекеттің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады. (М. И. Кондаков)
Тұтас педагогикалық процестің теориясын жасамайынша, басқару шешімдерін қаблдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру, одан әрі дамыту өте күрделі болады. (Ю. А. Конаржевский)
«Педагогикалық процесс» деген термин ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында ( П. Ф. Каптерев ) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зрттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды. Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С. Т. Шацкий, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, М. А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б. ) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарлары эмпирикалық жолмен жинақталған педагогикалық процестің әртүрлі жақтары жайлы білімдер болдады.
Сонымен, педагогикалық процесс дегеніміз - білім берудің міндеттерін шешу мақсатындағы қоғамның, сондай-ақ жеке тұлғанң қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқыту мен тәрбиенің құралдарын пайдалану арқылы білім берудің мазмұны төңірегіндегі педагог пен тәрбиеленушілердің арнай ұйымдастырылған әрекеттестігі.
Педагогикалық процестің заңдарын білу оқытушы іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға мүмкіндік береді. Мұғалімді дайындау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттері мен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді.
Қандай да болмасн қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін мұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі-құрылымдық сипаттау, алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, ұстаздар-оқушылар жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Әлеуметтік жүйенің кез келген түрі сияқты педагогикалық процесс те ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін-өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесс те солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н. Т., Афанасьев В. П., Блауберг И. В., Содовский В. Н. және т. б. ) :
- Қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсатқа ие, оның қызмет атқаруы мақсатқа сәйкестік сипатты білдіреді;
- Жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компоненттерден) тұрады;
- Жүйе тиым салушылық әкелетін ортада өмір сүреді;
- Жүйенің белгілі бір өоры бар, ол оның қызмет істелуімен тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
- Жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы және ортамен байланысын көрсетеді;
- Жүйенің ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;
- Жүйе басқару орталығы арқылы басқарылады.
Көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі так қана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасындағы оның орнын анықтауғы және «ұстаздар-студенттер» жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық түсінік болмаса, қандай да шешім қабылдауға қиын болатындығын түсінуге көмектеседі.
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның prosessis - қозғалыс) «алға басу» 1) «жағдай»; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бірізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы «ұстаздар-студенттер» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бірізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуді талап етеді.
Процесс ұғымының мәні «педагог-студент» жүйесіндегі оқытушыға бірізді ұйымдастырылған әрекеттер жиынтығы негізінде соңғы нәтиже қандай болуға тиіс екендігін, ол үшін қандай өзгерістер жасау керектігін нақты білуді талап етеді.
Қазақстанда педагогикалық процестің негізін қалаған Н. Д. Хмель болатын. Сондай-ақ педагогикалық процестің мәнін айқындау оның көптеген элементтерін айқындаумен тікелей байланысты.
Қазіргі кезде біртұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбәр тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу - оқу-тәрбие процесінің басты шарты.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында студент және студенттер ұжымы бір жағынан, тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Тәрбиенң субъектілері мен объектілерінің арасында әр түрлі байланыстар пайда болады.
Ал енді біртұтас педагогикалық процесстің бөліктеріне (компоненттеріне) келер болсақ, педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компоненттері) туралы түсінік оның теориясын жасаудан біраз уақыт бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың кейбір бөліктері ( мақсат, міндеттері, мазмұны ) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта-қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В. Е. Гмурман, В. С. Ильин, Б. Т. Лихачев және т. б. зерттеген. Г. К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды педагогикалық процестің бөліктеріне жатқызады.
Педагогикалық процестің элементтерін алғаш енгізген А. Г. Калашников болды. Ол педагогикалық процестің құрылымын (компоненттерін) төмендегідей қарастырады:
- Мақсаты;
- Міндеті;
- Мазмұны;
- Формасы;
- Әдіс-тәсілдері.
Бұл компененттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татаымды нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншіліктеріне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылықты даму процесінің көзіне айналады.
Қоғамның экономикалық мүмкіншілігі өскен сайын тұлғаны әржақты дамытуға үлкен жағдай жасалады, университеттің материалдық базасы жақсарады, тәлім-тәрбие, білім беру жұмысының спасы жоғарылайды. Қазақстан Республикасының субъектісі «Білім беру» туралы Заңында (1992 жылғы 18 қаңтар) : «Мемлекет . . . білім беру мекемелерін дүниежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді» , - деп жазылған.
Оқыту мен тәрбие тұтас педагогикалық процесте табиғи өзара байланысты. Бұлардың бірлігін бір-бірінен ажыратуға болмайтындығын дәлелдейді. Осындай тұтастық педагогикалық принциптердің жүйесін қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
М. А. Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі , тәрбиенің мақсаты болады.
Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды (студенттерді) жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзаттық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер, мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіріуінде.
Педагогикалық процестің мәнін тереңдеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінің ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процесс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процестегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Тұтас педагогикалық процестің мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері қоғамның әлеуметтік, экономикалық талаптарына, саясатына байланысты.
Бөліктерінің ерекшеліктерін қарастырайық. Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты тұлға дамуындағы, гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан анықталады. Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері таңдап алынатын іс-әрекеттің мақмұнын анықтайды.
Тұлғаның қалыптасуы адам тегінің (тек қана адамға тән) құралдарын, іс-әрекеттерін меңгермейінше мүмкін емес. Әлеуметтік тәжірибеде заттың өзінің жеке-дара элементін адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс-әрекетті айқындау (затсыздандыру) . Мұғалім бұл тәжірибе қандай іс-әрекет әдістері арқылы жасалынғанын анықтайды. Ал индивидтің іс-әрекет тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғасының өзгеруіне әкеледі (заттандыру) .
Іс-әрекет педагогикалық міндеттерді шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болып табылады. Туған кещінен бастап даму кезіндегі индивидтің өміріне мынадай іс-әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым-қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.
Сонымен, педагогикалық процестегі студенттердің іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатта ұйымдастырылған іс-әрекет олардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал етуді қалыптастыру барысындағы тұлғаның ортамен (тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық, рухани) алдын-ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу маңызды.
Тұлға іс-әрекет барысында қалыптасады, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай екені белгілі. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бір ғана іс-әрекет түрлері маңызды болып қалмайды, іс-әрекеттің өзі барлық адамның саналы өмір кезеңдерінде маңызды.
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай отырып мынадай қорытынды жасауға болады:
Қандай да болмасын біршама аяқталған салыстырмалы оқу орны жұмысының нысаны болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, оқу орны шектері және т. б. ) жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлә құралдарының қарым-қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т. б. объективтік алғышарттарын көруге болады; кешенді түрде педагогикалық ықпал ету құралдырын қолдану мақсаты мен міндеттерді мұқият үйлестіруді, жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші, негізгі, өзекті іс-әрекетті анықтауды талап етеді.
Біршама консервативтік болғанмен, яғни уақыт өткен сайын аз өзгеретін таңдап алынған жұмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі бір әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді. Нақтылы педагогикалық процесте бұл әрқашанда нақтылы тапсырмаларды (жүктелген міндет, іс) орындаумен байланысты. Ұстаз үшін «еңбек затын» талдау (ол үшін оқу еңбегінің мазмұны болады) оқытылатын материалды меңгеру үшін оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдері ерекшеліктерін айқындау қажет. Студенттер үшін таным іс-әрекетінің «еңбек құралдары» (әдістер мен тәсілдер) олардың оқи алуы үшін, енді үйренуге керекті заттар. Сонда олардың педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігі шындыққа айналады.
Педагогикалық процесс компоненттерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бқліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігін көрсетеді, оны ескермейінше педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл, әрине, бөліктер арасындағы байланыстарды анықтаумен бірге белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды нақтылы жағдайларда да анықтауды шамалайды.
Оқу процесі -тұтас педагогикалық процестің бөлігі.
Оқыту таным процесі. Оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.
Оқыту - даму негізі . Педагогикалық процесс өзіне тән екі белгіні: ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрде және бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді. Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетіне тұратын күрделі процесс. Өйткені оқыту - мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.
Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.
Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін демек біліктілік мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.
Оқыту әдістерін дәстүрлі түрде үшке бөледі:
- Сабақ беру әдістері: лекция, әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу;
- Үйрету әдістеріне тыңдау, мазмұндау, жаттығу, әдебиеттерді зерттеу, модельдеу, сондай-ақ, практикалық жұмыстар, т. б.
- Бақылау әдістеріне сұрау, аралық бақылау, коллоквиум, сынақ, емтихан, жобаны қорғау, т. б. жатады. (И. Ф. Харламов, Р. А. Назимова)
Сондай-ақ әдістер ақпарат беру тәсіліне қарай, дидактикалық мақсаттың
сипатына қарай, танымдық әрекет сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Соңғы кездері ойын арқылы оқыту әдістері кең тарауда , тренинг әдістері, шет тілдері қарқынды оқыту әдістері. Осы әдістер кейде оқтудың белсенді әдістері деп топталады, себебі білім алушы оқу процесін жүзеге асыру мен жоспарлауға белсенді түрде араласады.
Тәрбие әдістері жоғары мектеп практикасында оқыту процесіне енгізілгендіктен бөлініп қаралмайды. Тәрбие әдістеріне оқытушының әрекетіндегі жеке үлгі әдісі, тұлғааралық сенімге негізделген қарым-қатынас әдісі, оқу жоспарларынан тыс өткзілетін іс-шараларды өткізу әдістері жатады.
Жоғарғы мектеп педагогикасында оқытудың белсенді әдістеріне іскерлік ойындар, рольдерді ойнау әдіс, нақты жағдаяттарды талдау, белсенді бағдарламалық оқыту, ойындық жобалау, проблемалық лекциялар, пікірталастарды жатқызады. Белсенді оқыту әдістерінің дәстүрлі әдістерден айырмашылығы оларды қолдану барысында студенттерге берілетін білім «дайын күйінде» берілмейді, студенттердің белсенді әрекетінің арқасында «қол жеткізіледі».
Оқытудың дәстүрлі түрінде білім алушы оқу процесіне көбіне енжар араласып, басты назарда оқытушы болатын. оқытудың белсенді әдістері бойынша, керісінше, білім алушы - субъект оқу процесіне барынша белсенді ат салысады.
Пікірталас әдістері. Пікірталас (дискуссия) өте ежелден белгілі, орта ғасырларда өте кең қолданылады. Дискуссияның міндетіне таным процесін дамыту, стимулдау жатады. Пікірталасқа мүмкіндігінше оқытушылар емес, студенттері де қатыстыру керек. Дискуссиялық әдістерді тиімді түрде жүзеге асырудың бір жолы пікірталасқа түсушілердің алдын ала білікті дайындығы болып табылады.
Дискуссиялық әдісті тек гуманитарлық пәндерді жүргізу барысында пайдаланған ұтымды деген пікір жаңсақ, себебі бұл әдісті тарих, әлеуметтану, этика, әдебиет сынды пәндермен қоса химия, физика, биология т. б. пәндерді өткізу үшін қолдануға әбден болады.
Дискуссия тақырыбын таңдағанда терең мазмұнды тақырыптармен қатар, адамгершілік мәселелері, адамдар арасындағы қарым-қатынас жөнінде пікірталастыруға болады.
Ойындық әдістер. Ойынның оқыту және ғылыми, өндірістік, ұйымдастырушылық тұрғыдағы мәселелерді шешу мақсатында қолданылатын түрлері көп. Оларға: оқу, имитациялық, рөлдік, ұйымдастыру-әрекеттік, іскерлік, әскери, инновациялық, басқармалық т. б. ойындар жатады. Оқу процесіндегі ойын оқытудың формасы да, әдісі де болып табылады.
Оқу ойындары студенттің өзіндік білім, білік, дағдыны меңгеруге бағытталған әрекеті. Ойын әдістерін оқыту процесінде қолдану Еуропа мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарында кең тараған. АҚШ-тың Гарвард, Калифорния, Нью-Йорк, Стэнфорд университеттері, сондай-ақ Гопкинс университеті, Лихай, Массачусетс технологиялық институты т. б. көптеген аты шулы университеттер мен колледждерді ойындық әдістерді қолдануда ең алдыңғы қатардан орын алады.
Проблемалық әдістер. Мәселені көтеру, қарама-қайшылықты анықтау, білімді проблемаландыру оқу процесі секілді ежелден келе жатқан оқытуды белсендіру түрлері болып табылады. Проблемалық әдіс шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал жасайды. Проблемалыө жағдаятты шешу қашанда шығармашылық сипатта болады. Нәтижесінде студент белгілі-бір біліммен қаруланады, сондай-ақ табысқа жету арқылы оның бойында өзіне деген сенімнің, қанағаттану сезімінің, оң эмоциялық көңіл-күйдің орнығуының шешуші көзі болатыны анық. Проблеманы түсіну үшін студент бұрынғы алған біліміне сүйенуң керек. Ол білім проблемалық оқыту немес дәстүрлі оқыту барысында алынуы мүмкін.
Қазіргі кезде оқытудың барлық сатыларында жеке тұлғаға білім беруді оқытудың бағыттылық принципі негізінде жүзеге асыру көзделген. Бұл принцип жоғары оқу орындарында оқытудың кешенді мақсаттарын шешуге ықпал етеді.
Ғылымилық принципі болашақ маманның өзі таңдаған саласы бойынша объективті ғылыми деректермен, тұжырымдар және теориялармен толыққанды тоғысуына мүмкіндік береді.
Ғылымилық принципі арқылы қоршаған орта жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасып, жаңа қоғамды құру ғылыми негізделген процесс ретінде қабылданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz