Жеткіншек бойындары өзгерістер


Жеткіншек бойындары өзгерістер
Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Жалпы жеткіншек кезең және оның баланың дамуындағы алатын орны мен маңызы.
2. Жеткіншек жасына өтуде байқалатын анатомиялық-физиологиялық және психологиялық өзгерістер.
3. Жеткіншек кезеңдегі байқалатын «дағдарыс» мәселесі.
4. Жеткіншектік шаққа өтудегі жаңа құрылымдар.
5. Ересектік сезім - жеткіншек жасының негізгі психологиялық ерекшелігі ретінде.
6. Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының белгілері.
ІІІ. Қорытынды.
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Жеткіншек шақ - балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық, физиологиялық, интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады .
Жеткіншек кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орын оның “өтпелі”, “бетбұрыс ”, “қиын”, кезең деген атауларында бейнеленген . Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған . Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өіне тән ерекшелігі болып табылады
Жеткіншектің кезеңінің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі арлықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы 5 сыныпқа өтумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншек кезеңінің баланың дамуыдағы ерекше орны оны «өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын» кезең деген атауларды бейнеленген. Бұл атауларды осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірден екіншісіне өтуімен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі-бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын, ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерінің жолбалануы) бағытталады.
Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, бұл көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі бір жағынан жеткіншекке «балалық пен ересектіктің» қатар болуымен, ал екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтары болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты.
Олар: 1) ересектік дамуын тежейтін жағдайлар: балалардың көбінде тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы.
2) Ересектендіретін жағдайлар: мазмұны жөнінен сан алуан информацияның орасан зор тасқыны, көптген ата-анларадың бос уақытының аздығы, осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы, дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VII сыныпта бет пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жағына ортақтасқан өте ересек балалар да бар, өздігінен білім алып жүрген интеллектуалдар да бар, бірақ сонымен қатар оқу матералының өзін өздігінен игере білетін жеткіншектер де бар, болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде дайындала бастағандар да бар, кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді, кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат - жәрдемші болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға ебі жоқ.
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әртүрлі және әрбір бағыттың көптеген нұсқаулар болуы мүмкін. Мысалы қайсы бір интеллектуал үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қалғанының бәрін ол әлі «нәресте» дегенді бір нағыз интеллектуал үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен әуестенсе де, сабақта түк бітірмейді, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданады, өмірдің мәнінен бастап ең шебер шаштараз туралы барлық мәселелер жөнінде әңгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді бәрінен артық көреді, үшінші бір интеллектуалды ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді, ал қыздарға келгенде, осы қыздардың пікірінше өзін бала сықылды ұстайды, галстуктарын тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы нұсқаулар ересектіктің дамуы әрқилы болады да, бұл орайда мазмұны әртүрлі өмірлік игіліктер қалыптасады, біреу үшін маңыздының енді біреуге құны жоқ. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері жасөспірімдік шақта олардың қалыстасуы жалғасады.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде бір жағынна жеткіншектің өзінде, әртүрлі елеулі субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады, жеткіншек ересектерді ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық) .
Жеткіншек дамуындағы биологиялық фактор мәселесі баланың организімінде нақ осы шақтағы биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басып, жыныстық жетілу процесі өркендейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның өте маңызды бездерінің қызметіне қолайлы жағдайлар жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11, ер балалар 12-13 жатса жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі - жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дене пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршікпен толы болады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек бұзылуы 11-15 жаста болады, дегенмен нақ осы шақта мұндай кемшіліктерді түзеу одан да кейінгі кездегіден оңай болады. 20-21 жаста жамбас сүйектерінің бекуі аяқталады (қыз балалардың жыныс органдары осы сүйектердің аралығында болады) . Өте биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайып кетуі мүмкін, ал биік өкшелі аяқ киім кигенде жамбастың формасы өзгеріп, мұның кейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүмкін.
Бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншек шақтан өткеннен кейін болады.
Бұлшық ет күшінінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру қажет. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады. Алайда 6-7 жастан 13-14 дейінгі шақ - көптеген қозғалыс сапалары оптималды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.
Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек - қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы мен қысымының артуы, бастың ауруы, бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін. Жеткіншек шақта организмінің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда, зат алмасудың анализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншек шақ, бір жағынан, энергияның күрт өсуімен, ал екінші жағынан, патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің уақытша тоқтауы, гипертироздың дамуы) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Жеткіншек шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншекттің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл-күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтығының, енжарлануының негізі болады.
Жыныстық мүшенің даму да мінез - құлық өзгеруіне ерекше әсер етеді. Тез жетілген жағдайда жеткіншектің көңіл - күйі тұрақсыздықпен көрінсе, кеш дамып жатқан жеткіншектерде мінезінің өзгеруі, яғни ашушаң болу, үнемі қарсы шығу тағы басқа көрініс береді. Кешуілдеп дамыған жеткіншектер жай қимылдап, қопал болып, өзіне сенімсіз болады.
Көңіл күйдің тұрақсыздығы ер балаларды 11 - 13 жас, қыздарда 13-15 жаста ерекше көрініс береді.
Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализм негізін салушылар С. Холл мен З. Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.
20-30 жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу іс-тәжірибесінің маңызы болды, мәселен, А. С. Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.
Самоа аралындағы жеткіншектерді зерттеген американ ғалымы М. Мид жеткіншек шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. М. Мид Самоадағы жеткіншек қыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың жеткіншек шағын М. Мид балалық және ересектік көзбен салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады.
Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Балаларда «Эдип» комплексінің міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды.
Антрополог Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің 2 типін көрсетті:
- үздіксіз тип;
- баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің рөлін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзлістер болатын тип.
Өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады.
Өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда алшақтық болған кезде байқалады (Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тән деп санады) . Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып, оның өзіне тән нәтижесі болады - ресми кемелдікке жеткен кезде ересектің рөлін атқаруға дайын болмау келіп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әркелкі болады және оның ешқайсысы да кемелдікке жеткізетін «табиғи» соқпақ деп қарастырылмайды.
Жеткіншектік шақтың басында балалар сыртпішіні жағынан да, мінез-құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды: олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды, өз дегендерін істеп, байыз таппайды, қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ, ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш болады. Алайда балалығы қаз-қалпында болып көрінетін сырт көрінісі алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының маңызды процестері жүріп жатады: жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді.
Жеткіншек жасқа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгерістермен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады.
Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы ілгерілеушіліктерді ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін; бұларды жеткіншек анық сезінеді және оны өз ұғымында да объективті түрде неғұрлым ересек етіп көрсетеді. Қазіргі бар акселерация балада осы жаңа өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі бағалаудың бұрынғы жылдарға қарағанда ерте пайда болуына жағдай жасайды. Ересектік сезімдерінің ендігі бер қайнар көзі - әлеуметтік негіздер . Мұның өзі ересектермен қарым-қатынаста бала объективтік тұрғыдан балалық жағдайда болмай, еңбекке қатысып, елеулі міндеттері болғандай реттерде туындауы мүмкін. Ересектердің сенімі және жастайынан дербестікке жету әлеуметтік қана емес, субъективтік тұрғыдан да баланы тез есейтеді. Бұған ұқсас мысалдар Ұлы Отан соғысы жылдарында көп кездесті.
Ересектік сезімнің жыныстық толысудан көп бұрын пайда болуының мүмкіндігі бар жолды Н. А. Некрасов бармақтай мұжық бейнесінде берген. Мұның өзі бала ересек деп санайтын адам мен өзі арасындағы бір немесе бірнеше өлшем бойынша баланың өзі ұқсаспыз (білім, іскерлік, күш, ептілік, батылдық, т. б. ұқсастығы) деп тапқан жағдайда да туындауы мүмкін; ұқсастық жайлар неғұрлым көп болса, өзін ересек сезінуге негіз де соғұрлым көп болады. Ересектік сезім баланы өзіне тең ұқсайтын неғұрлым ересек жолдастарымен (баланың ұғымында) қарым-қатынаста да қалыптасады. Жеткіншек өзін айналасындағылармен ғана емес, мұның алдында өзінің қандай болғанымен де салыстырады, әрине, белгілі бір бейнелерді бағдарға алып, өзіндегі прогресті бөліп көрсетеді.
Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі және олардың қарым-қатынастарындағы бар нормаларды, құндылықтар мен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады. Мұның ұзаққа созылатын салдары болады, өйткені ересектер мен балалар әр түрлі екі топты көрсетеді және олардың міндеттері, құқылары, артықшылықтары мен шектеулері түрліше болады. Балаларға арналған көптеген нормаларда, ережелерде, талартарда, шектеулерде, тіл алудың ерекше моральында олардың ересектер дүниесіндегі дербессіздігі, тең құқылықсыздығы мен тәуелді жағдайы бейнеленген. Бала үшін дүниеде қол жетпес, тыйым салынған жайлар көп.
Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “мен” сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді. Тым еліктегіш болады. Жасөспірімдік шақта оларда өзін-өзі тануға күшті болады. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасымен, мектептен оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді. Олар спорт секциялары, техникалық үйірмелер болуы мүмкін, тіпті, темекі шегетін, арақ ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.
Жеткіншектің физикалық тез дамуы немесе кеш дамуы арқылы ол өзінің әлеуметтік бағасын анықтайды. Қоршаған ортаның оның сырт көрінісіне, физикалық дамуына айтылған сын, жеткіншекті аффект жағдайына апаруы әбден мүмкін. Жеткіншектің тұлға болып қалыптасу мәселесі “жеткіншектер психологиясында” ең күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Бақылаудың нәтижесінде қарасақ балалық шақтан ересектік кезеңге өту қиындаған сайын, оның маңыздылығы арта түседі. Жеткіншек шақ эмоциялық тұрақсыздықпен, көңіл - күйдің тез ауыспалдығымен, қырсықтық, өзбеттілік, өз көзқарасын үлкендерге қарсы шыгу арқылы дәлелдеу тағы басқа іс әрекетпен көрініс береді .
Сонымен қатар, бұл жаста қырсықтық, өзбеттілік көрсетеді. Жеткіншек өмірде өз орнын тапқысы келіп, өмірді өзгерткісі келіп, көбіне дүниеге деген көзқарасы өзгереді. Әлеуметтік ересектілік біркелкі өтпейді. Ол оқуды бітірумен, материалдық тәуелсіздіктен немесе кәмілет жасқа толумен байланысты. Жеткіншек кейбір өмірлік салады өз қабілетсіздігін қиын бастан кешеді. Мысалы: спортсмендер тобында жеткіншектің абыройы жоғары болғанымен, ол қыздар арасындағы қарым - қатынасы ересектерше болмауы мүмкін .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz