Turbo Pascal бойынша электрондық оқу әдістемесі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . ……. 3

1. Өзіндік оқуды ұйымдастыру теориясы . . . . ……. . 5

2. Электрондық оқулықтар . . . . . . … . . . 8

3. Turbo Pascal бойынша электрондық оқу әдістемесі . . . …… . . . 10

3. 1 Өңдеу негізі және бағдарламаға қойылатын талаптар . . . . . . 10

3. 1. 1 Мәліметтер қоймаларын сипаттау . . . 13

3. 2. Бағдарламаны сипаттау . . . . . 15

3. 2. 1 Қолданылған процедураларды және функцияларды сипаттау……. . 17

3. 2. 2 Жүйеге қойылатын талаптар. . . . 20

3. 3. Қолданушыға басшылық . . . . . …21

ҚОРЫТЫНДЫ. . . 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . 25

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне үлкен назар аударылады. Оқудың жаңа формалары өңделуде, мысалы, өзіндік оқу (дистанциондық оқу), ол негізінен өзіндік жұмысты қарастырады. Өзіндік оқу кезінде оқушыға тапсырма, керек ақпаратты алуға болатын қажет әдебиеттер беріледі. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушы өзі жұмыс нәтижелерін тапсырады және басқа жаңа тапсырманы алады. Негізінен бұнын актуалдігі қазіргі кезде есептеу техникасы және байланыс құралдарының дамуымен байланысты. Мысалы Internet глобалді желісін қолданып біз қажет ақпаратты аламыз, сонымен қатар бейнеконференцияларға, біздің елдіміздің, сонымен қатар шет елдерінің жоғары оқу орындарының профессорларының ашық бейне дәрістеріне қатыса аламыз. Тапсырмалар және нәтижелердің бақылауы да Internet арқылы жүргізіледі. Егер энциклопедиялар және электрондық оқулықтар облысындағы бағдарламалық қамтамасыздандырудың өңдеушілеріне қатыссақ, онда олардың өңделген бағдарламалары көптеген ақша тұратынын көруге болады. Осындай жағдайларда электрондық оқулықтарды құру құнды және актуалді болады. Қолда есептеу техникасы бар болса, оның барлық мүмкіндіктерін қолдану керек, мысалы, электрондық оқулықтарды құру үшін: дауыс, бейне, көрсету мысалдарын және т. б. Бірақ электрондық оқулықтарды өзіндік оқу кезінде ғана емес, жалпы оқу кезінде, мысалы оқытушы топпен жұмыс істеп жатқан кезде қолдануға болады. Топта әр оқушымен жеке жұмыс істеуді ұйымдастыру өте қиын. Мұндай жағдайда электрондық оқулықтарды қолдану керек. Электрондық оқулықтардың бір есебі - әр оқушымен жеке жұмыс істеу.

Сіз ең танымал бағдарламалар тілің оқып, үйренейін деп отырсыз. Егерде сіз болашақта компьютерлік бағдарламалар жасап үйренгіңіз келсе, онда бұл бағдарламалау тілі сізге ең керек, қажетті бағдарламалардың бірі. Паскаль тілі - бағдарламалау тілдері ішіндегі ең қарапайымы болып табылады. Қазіргі бағдарламалау тілдері күннен күнге дамып отыр, бірақ соған қарамастан Паскаль бағдарламасы нарықтан өз позициясын жоғалта қойған жоқ. Өйткені, егерде сіз Паскальдан басқа қандай да бір бағдарламалау тілін оқып үйренемін десеңіз, сіз көптеген кедергілерге жолығасыз. Атап айтсақ, біріншіден Паскальдан басқа көптеген бағдарламалар тілінде материалдың аздығы, жетіспеушілігі, екіншіден бағдарламаларда берілген мысалдардың күрделілігі. Ал егерде сіз Паскальды басынан бастап аяғынан толықтай оқып және Паскаль тілінде кез келген есептерді шығаратын болсаңыз, онда басқа бағдарламалар тілдері де сізге онша қиын болмайды.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - Delphi визуалды бағдарламалау ортасының құралдары арқылы электрондық оқулықтарды құру облысында зерттеу өңдеулерін жүргізу. Бағдарламада көптеген графиктік, HTML, бейне файлдары қолданылған, бұл бағдарламаны көрнекті түрге келтіреді.

1. Өзіндік оқуды ұйымдастыру теориясы

Көп жылдық отандық және шетелдердің дистанциондық оқытудың теория және практикасы жалпы актуальдығын және жаңа бағытты зерттеуді бекітеді, білім алудың бір әдісі болатын спецификалық білім беру технологияларын қолдануына негізделген, қазіргі оқыту әдістерінде техникалық әдістер мен ақпаратты таратуда, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларда қолданылады.

Алдынала біілім беру және оқытуға түсініктеме берейік. Сонымен, оқыту - біліммен, іскерлікпен, әдетпен қамтамасызданған мақсатты бағытталған, жүйелі, ұйымдастырылған үрдіс. Ал білім беру - тәрбиенің, жеке тұлғаның дамуының және оқытудың нәтижесі.

Дистанциондық білім беру - білім беру қызметінің жиыны, арақашықтықта оқу ақпараттарымен құралдарда қолданатын (спутниктік теледидар, радио, компьютерлік байланыс және т. б. ), мамандандырылған ақпараттық білім беру ортасы көмегімен жалпы халықтарда және шетелдерде көрсетілген. Дистанциондық оқытудың ақпараттық-білім беру ортасы қолданушының білім беру сұранысын қанағантануына бағытталған жүйелі-ұйымдасқан тарату құралдарының берілгендердің, ақпараттық ресурстардың, өзара әрекеттесу протоколдардың, ақпаратты-бағдарламалы және ұйымды -әдістемелік қамтамасыз етудің жиыны болып табылады. Адамның білім және ақпарат алу құқығын негізделуге шақыратын, үздіксіз білім берудің формасының бірі дистанциондық оқыту болады. Дистанциондық оқытудың басқа да түсініктемелері бар.

Дистанциондық оқыту - студенттің өздігінше оқыту принципына негізделген, білім беру үрдісінің жаңа ұйымы. Бұл оқыту ортасының рекшелігі, оқушылар негізінен немесе жалпы оқытушыдан қашықтықта болады, сонымен қатар кез келген уақытта телекомуникация құлардары арқылы байланыс жүргізе алады.

Дистанциондық оқыту - ақпараттық технологиялардың жиынтығы, олар кімді оқытады соларға зерттелетін материалдың негізгі көлемде жеткізуін қамтамасыз етеді; интерактивті өзара әрекеттесу кімді оқытады және оқыту үрдісінде оқытушылармен; студенттерге зерттелетін оқу материалын қамту үшін өзіндік жұмыстарға мүмкіндік береді, сонымен бірге оқу үрдісінде алған олардың білімдерін бағау және әдеттерін көрсетеді.

Дистанциондық оқыту - сырттай оқытудың жаңа дәрежесі, ақпараттық технологияларын қолдануын қамтамасыз ететін негізінен жеке компьютерлерді, видео-аудиотехникаларді, ғарыштық техникаларды қолдану.

Жоғарыда көрсетілген барлық анықтамалар көпжақты құбылыстың бір немесе бірнеше жақтарын көрсетеді. Мысалы, мынадай ой қалыптасады, дистанциондық оқыту дәстүрлі ақпараттық технологияларды, мындай басылымдарды, қолданбайды, және оқыту кезінде оқытушы мен тындаушының арасында байланыс мүлдем жоқ. Дистанциондық оқытуға мындай жағдайды апаруға болады, егер оқу үрдісінде екі қатысушы территориалды алынбаған, бір қалада тұрады, ауданда, бірақ әртүрлі уақыт шарттары арқылы байланыс жүргізе алмайды (графикалық жұмыс және өмір) .

Сондықтан, төменде көрсетілген анықтамалар жалпы жағдайда мінез ерекшеліктерін және дистанциондық оқыту ұйымының варианттарын есептейді.

Дистанциондық оқыту - синтетикалық, интегралды, гуманитарлық оқу формасы, оқытушылар және кімді оқытады солардың арасында оқу материалын жеткізу үшін, өз бетімен оқыту үшін, байланыс алмастыру ұйымдарда қолданыматын, дәстүрлі, жаңа ақпараттық технологияларды және оладың техникалық құралдарын қолдануға негізделеді, егер оқыту үрдісі кеңістікте, уақытта олардың орналасуы критикалық емес, сонымен бірге негізгі білім беру мекемесіне.

Соңғы тұжырым дистанциондық оқыту жүйесі туралы жалпы көлемде айтуға құқық береді.

Жалпы айтқанда дистанциондық оқыту идеясы жаңа емес, ал оның элементтері сырттай және экстернат сияқты оқу формасында нақтылынады.

Дистанциондық оқыту технологияларына әдістер жиынтығы, форма және өзіндік жұмыс үрдісінде оқытылатындармен өзара қатынас құралы, бірақ қабылданған белгілі білім массивін басқарады.

дистанциондық оқытудың қажеттілігі мен мүмкіндіктерін қолдану ерекшеліктері келесі белгілермен:

- білім беруге жаңа талаптар (жекелей, қол жетімділік, оқу ақысы жоғары емес, оқу уақытының шектелгені, және т. б. ) ;

- мамандықтарын жоғарлату және де басқа түрді білім беру ұйымдарының факультеттердің, жоғары оқу орындарының өту мүмкіндіктері бойынша шектеу;

- жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының сапасының пайда болуы мен дамуы және ақпараттандыру үрдісі ашық көрсетілген;

- халықаралық интеграциясын күшейту және т. б.

2. Электрондық оқулықтар

Қазіргі кезде сабақтарды және бақылауды ұйымдастыру және өткізу кезінде оқытушы көп уақытты материалдарды іздеге және жүйелендіруге жұмсайды. Бұл сабақты мазмұндық жағынан, игеру жағынан да қызықты өткізуге байланысты болады. Компьютерді мәліметтер қоймасы ретінде қолдану кезінде мәліметтер қоймасы үзіліссіз толықтырылып жаңартылуы керек. Бұл қиын, сонымен қатар рутиндық үрдіс бұл жағдайда қысқартылады.

Компьютерлік оқулықты кітаппен салыстыруға болмайды. Компьютерлік оқулықтар қазіргі кезде кітаптардан ыңғайлы. Гипермәтіндік сілтемелер арқылы қосымша ақпаратты құжаттың кез келген бөлігінен алуға немесе қарауға болатыды. Бұл кезде қайта оқу кезінде құжаттың алғаш мәтінін қайта ашу керек емес.

Гипермәтіннің принципі бойынша Internet әлемдік ақпараттық желісі құрылған, оның көмегімен қазіргі кезде «дистанциондық оқыту»жүргізіліп жатыр. Мысалы, дистанциондық оқыту кезінде ірі университеттердің профессорлары дәрістерді оқып, көптеген сұрақтарға жауаптарын үйреншікті студенттік дәрісханаға емес, ал желі түйініне қосылғандарға береді. Тындаушылардың жоқтығына қарамастан тындаушылардың саны телеэкран көрермендерінен кем болмауы да мүмкін, бірақ бұл кезде кітаппен және телеарнамен салыстырғанда оқытушы және оқушы арасында қайта байланыс сақталады. Бұл қазіргі кезде мүмкін.

Осындай бағдарламалық өнімдерді құру үшін көптеген кезде құжаттарды гипермәтіндік бөлу тілі (HTML) қолданылады. Интернетттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті - олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтарын жасау программалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML - гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс еңгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін. Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.

3. Turbo Pascal бойынша электрондық оқу әдістемесі

3. 1. Өңдеу негізі және бағдарламаға қойылатын талаптар

Электрондық оқулықты Turbo Pascal тілін тез үйренуге болатындай құру керек.

Delphi - бұл жаңадан келген және маманданған қолданушыларды бірдей қуантандыратын, визуальді объектті-ориенттік бағдарламаның ең әдемі жүйесі. Жаңадан келген қолданушыға көп емес күш пен уақытты жұмсап, маманданған қолданушы құрастырған бағдарламадан айырмасы жоқ және Windows міндеттерін қанағаттандыратын бағдарламаны құру мүмкіндігін береді. Енді Delphi-де Windows және Linux орталарында жұмыс істей алатын кросс-платформды бағдарламаларды құруға мүмкіндік бар. Ал маманданған қолданушыға Delphi әртүрлі берілгендер қорымен жұмыс істейтін көптеген қиын қосымшаларды құруға шектелмеген мүмкіндіктер ашады.

Delphi - қазіргі дәрежеде Windows-ң бөлек қолданбалы бағдарламаларды құруға, сонымен қатар Интернеттегі корпоративті желілерде жұмыс істеуге қолданылатын тармақты кешенді құруға мүмкіндік беретін қуатты жүйелердің бірі болып табылады.

Объектті-бағытталған бағдарламалау (қысқаша ООБ) - бұл қазіргі уақытта қиын бағдарламалар және жүйелер құрастыруға арнаған қадам болып табылады. Windows-ң кез келген бағдарламасын ашқанда, сіз көптеген батырмалары бар терезені көресіз, мәзір бөлімдері, редактілеу терезелері, тізімдер және т. с. с. Бұлардың бәрі объектілер. Бірақ та олар өздерімен өзі ештеңе істемейді. Олар қандай да бір әрекеттерді күтеді - қолданушының пернені немесе тышқанның батырмасын шерткенін, курсордың орнын ауыстырғанын және т. б. Осындай әрекеттер болған жағдайда, объект осы туралы хабар алып, оған қандай да әрекет етеді: кейбір есептеуді орындайды, тізімді ашады, редактілеу терезесіне символ енгізеді. Windows-ң мұндай бағдарламасы объектті-ориенттік бағдарлама (қосымша) болып табылады. Объектті бағытталған принциптері бойынша құралған қосымша - бұл қандай да операторлар тізбегі емес. Объектті-ориенттік бағдарлама - бұл объекттер және олардың өзара әрекеттесу әдістер жиынтығы. Объект - бұл берілгендер, олармен жұмыс істеу әдістері, қасиеттері және методтардың жиынтығы. Берілгендерді жазудың өрісі ретінде қарастыруға болады. Бұл объекттің мінездемелері. Берілгендерді жасыру принципі сыртқы объектілерге және қолданушыға берілгендерге тура кіруге, ереже бойынша тыйым салынады.

Берілгендерді қолданатын сыртқы қолданушыларға тек қана қолданушылық интерфейске (яғни, қандай берілгендер, функциялар бар және олармен қалай қолдануға болатыны суреттелген) кіре алады. Ал ішкі реализация - бұл объекттіні құрастырушының жұмысы.

Берілгендер және оларды оқу мен жазу әдістер жиынтығы қасиет деп аталады. Қасиеттерді проектілеу үрдісінде құрастыруға болады, сіздің бағдарламаңыз орындалып жатқатда оларды өзгертуге болады.

Бөлек берілгендермен жұмыс істейтін әдістермен қатар, объектіде олардың жиынтығымен жұмыс істейтін, олардың құрылымын өзгертетін әдістер де бар. Осылайша, объект қасиеттер мен әдістер жиынтығы болып табылады.

Объектілердің өзара әрекеттесу ортасы, әртүрлі жағдайлар нәтижесінде пайда болатын хабарлар болып табылады. Жағдайлар алдымен қолданушының пернені немесе тышқанның батырмасын шерткенін, курсордың орнын ауыстырғаннан пайда болады. Бірақ та жағдайлар объектілермен жұмыс істеген нәтижесінде де пайда болады. Әрбір объектіде ол әсер ететін көптеген жағдайлар анықталған. Объекттің нақты экземплярларында қандай да жағдайлардың өнделгендері анықталуы мүмкін. Delphi көмегімен қолданушының графикалық интерфейсін құрастыру осы өнделгендерді жазуда негізгі бағдарламалауға келеді.

Объектіні сырттай басқару жағдайлар өнделгендері арқылы іске асырылады. Осы өнделгендер объектінің әдістері мен қасиеттеріне сүйенеді. Объектінің берілгендерінің бастапқы мәндері проектілеу үрдісінде де берілуі мүмкін.

Жұмыс барысында объекттер құрылады және жойылады. Сонымен, бағдарламаның құрылымы орындалу үрдісінде ауысатын динамикалық негізі болып табылады. Объектілерді құрудың және жоюдың негізгі мақсаты - компьютердің ресурстарын үнемдеу, алдымен жадысын.

Жадыны динамикалық бөліктеуді ұйымдастырудың мақсатымен барлық объктілерде әдістер бар, оларды құру - конструкторлар және жою - деструкторлар. Қосымшаларда бастапқы кезден бар болатын объектілердің конструкторлары бағдарламаны қосқанда орындалады. Қосымшаларда осы уақытта бар болатын барлық объектілердің деструкторлары оның жұмысын тоқтатқанда орындалады. Бірақ та жиі үрдісте және үрдіс орындалғанда әртүрлі жаңа объектілер () динамикалық түрде олардың конструкторлары және деструкторлары көмегімен құрылады және жойылады.

Бағдарламаға объектілерді екі әдіспен енгізуге болады: қолмен оған сәйкес операторларды енгізу (жиі жасалынбайды) және дайындық -копоненттерді қолдана отырып визуальді бағдарламалау жолмен.

Delphi - CP/M операциондық жүйесі үшін 1983 жылы шығарылған Турбо Паскальдің ұрпағы. 1994 жылы ақпанда Турбо Паскаль MS DOS операциондық жүйесіне көшірілді.

IBM PC компьютерлердің алғашқы даму қадамында, Турбо Паскаль бағдарламалық қамтамасыз ету өндеулерінде атақты тілдердің бірі болды.

Турбо Паскаль 1990 жылы Borland фирмасымен Windows-қа көшірілді. Ал ең соңғы Borland Pascal 7. 0 (осылайша аталынатын) версиясы, Delphi-ді санамай 1992 жылы жарыққа шықты.

Delphi-ді өндеу 1993 жылы басталды. Beta-тестілеуді өткізгеннен кейін Delphi-ді "Software Development '95"-те көнсетті. Және 1995 жылы 14 ақпанда АҚШ-та оның сатылуы туралы мәртебелі түрде жариялады. Саудаға Delphi 14 күннен кейін 1995 жылы 28 ақпанда түсті.

Delphi - бұл бірнеше маңызды технологиялар комбинациясы:

  1. Машиналық кодқа жоғарғы өндіргіш компиляторы
  2. Объектті-ориенттік модель компонент
  3. Бағдарламалық прототиптерден визуальді (яғни, жылдамдығы жоғары) қосымшалар құрылымы
  4. Берілгендер қорын құрылымы үшін масштабты құралдар

Алдымен Delphi корпоративті ақпараттық жүйелерді өндейтін маманданған қоланушыларға арналған. Кейбір өнімдер қосымшаларды жылдам өндеу үшін арналған (RAD - rapid application development), қарапайым қосымшаларды құрғанда жақсы жұмыс істейді, бірақ, өндеуші қиынды жасағанда шынында да қиындыққа ұшырайды. Өнімде кейбір уақыт өткенде оған тәуелді шектеулер ашылады.

Delphi-де мұндай шектеулер жоқ. Бұған ең тиімді дәлелдеу-бұл келесі факт, Delphi-дің өзі Delphi-де құрастырылған. Қорытындыны жасай аласыз. Бірақ Delphi маманданған програмисттер үшін ғана емес.

Delphi-де берілгендер қорын басқарудың реляционды жүйелердің барлық атрибуттары бар. Берілгендер қорында бірлік кілттер көмегімен берілгендердің толықтығы және кестелер арасындағы байланыс сақталынады.

Берілген курстық жұмыстың техникалық тапсырмасы - электрондық оқулық бағдарламасын өңдеу.

Функционалды жоспарда өңделген бағдарлама қолданушылар сұраған ақпаратты жылдам қол жетерлікті етіп көрсету керек.

Бағдарлама интерфейсі берілген тақырып бойынша ақпаратты ыңғайлы түрде қарау мүмкіндігін қамтамасыздандыруы (жүзеге асыруы) қажет.

3. 1. 1 Мәліметтер қоймаларын сипаттау

Мәліметтер қоймасы - бұл біркелкі, кез келген критерий бойынша реттелген ақпаратардың жиынтығы. Мәліметтер қоймасы «қағаздық» немесе компьютерлік түрде көрсетілуі мүмкін.

Компьютерлік мәліметтер қоймасы ақпараттарды сақтайтын файлды (немесе бір- бірімен байланысқан файлдарды) құрады.

Мәліметтер қоймасы жазулардан тұрады. Жазу бір экземпляр туралы ақпаратты сақтайды. Жазу өрістерден тұрады. Әр өріс бір экземплярдың сипаттамасы туралы ақпараттан тұрады.

Мәліметтер қоймасын басқаратын қосымшаны өңдеу үшін ең алдымен Database Desktop утилитасын қолданып мәліметтер файлын (кестесін) құрып, оған бірнеше жазуларды еңгізу қажет. Мәліметтер қоймасымен жұмыс істейтін қосымша мәліметтермен жұмыс істеуді қамтамасыздандыратын, өрістегі мәліметтерді қарайтын және өзгертетін мүмкіндігі бар компоненттерден тұруы қажет.

Мәліметтермен жұмыс істейтін компоненттер компоненттер политрасының Data Access вкладкасында орналасқан, ал мәліметтерді көрсететін компоненттер - Data Controls вкладкасында.

Автономды қойманың кестесін құру үшін Database Desktop қосымшасын қолданады, ол Tools/Database Desktop командасымен шақырылады.

Кестелер конструкторы терезесінің негізгі колонкаларын (бағандарын) және өрістерін қарастырайық.
File Name -
өрістер идентификаторлары.

Туре - өріс типі (контекстік менюдан таңдалады) : А1рhа (А - 255 символдан аспайтын жол), Number (N - сан), Моnеу ($ - NumЬег типіне ұқсас, бірақ ақша белгісі қосылады), Short (S - 32768. . 32767 диапазонындағы бүтін сан), LongIntereger (I 2147483. . 2147483647 диапазонындағы бүтін сан), ВСD (# - екілік -ондық форматындағы сан), Datе (D - күн) . Time (Т - уақыт), Timestamp (@ - күн және уақыт), Меmо (М - әр түрлі ұзындықты жол), Formatted Memo (F - Меmо ұқсас, бірақ форматталған мәтіннен тұруы мүмкін), Graphic (G -ВМР, РСХ, ТIF, СИР, ЕРS көрсетілімі), ОLЕ (О - ОLЕ объекті), Logical ( қисындық L - Т, F), Autoincrement (+ - жазуды қосқан кезде, уникалдық мән автоматты түрде пайда болады), Вinary (В - әр түрлі ұзындықты байттар тібегі), Вуtes (255 байттан аспайтын тізбектілік) .

Size - өрістің өлшемі, байтта.

Кеу - алғашқы кілттік өрістің белгісі.
Таbles properties - кестенің қосымша қасиеттері : Secondary Index (екілік индекстерді орнату), Validity Checks (өріс мәндерін еңгізуге орнатылған шектеулер) . Рassword Security (паролдерді анықтау), Referential Intergity (кестелер арасында сілтемелік бүтіндікті анықтау), ТаЫе Language (тілді орнату), ТаЫе Lоокор (қарау өрістерін орнату), Depending ТаЫеs (тәуелді туынды кестелер) .

Requierd Filed - өрісті қажетті түрде толтыру белгісі.
Мiniтит . . . , Махiпит . . . - жіберілетін мәндер диапазонының басы және соңы (аяқталуы) .
Default vа1ие - бос мәнді қосқан кездегі мән.
Р1сture, Assist - шаблон және өріс мәнінің шаблонын құрушы.

Екілік кілттер (индекстер) кестенің қасиеттері тізімінен Secondary Indexes жолын таңдау арқылы беріледі, және Define батырмасын басқаннан кейін Define Secondary Indexes терезесі пайда болады. Кестелерді байланыстыру үшін сыртқы кілттер бойынша индекстер құрылады. Кестені өзгерткеннен кейін Save As батырмасын басып, қажет атпен кестені сақтауға болады.

Ашылған кестені өзгерту және қарау үшін ТаЫе/Restructure ( Restructure батырмасы) және ТаЫе/Into Structure командалары қолданылады. Кестенің атын өзгерту үшін оны жаңа атпен сақтау қажет. Кестені басқа кестелермен байланыстырғаннан кейін оны толтыру және өзгерту үшін Edit Data кнопкасы және Database Deskot қосымшасының Record менюі қолданылады.

3. 2. Бағдарламаны сипаттау

Turbo Pascal бойынша электрондық оқу әдістемесі Turbo Pascal тілін тез білуге көмектеседі. Оқулықта Pascal бағдарламалау тілін білу үшін қажетті тақырыптар қарастырылған.

Электрондық оқулық кәдімгі Web - браузер принципі бойынша құрылған, онда алдын ала HTML гипермәтін форматында орындалған анықтамалық ақпарат еңгізіледі.

String str=ExtractFilePath(Application->ExeName) +"myweb2\\Otchet_MA\\new_page_1. htm";

CppWebBrowser1->Navigate(WideString(str. c_str() ) ) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарда информатика сабағын өткізу әдістемесі
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
Электрондық оқулықтың құрылымы
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі
Turbo Pascal тіліндегі мәліметтердің күрделі типтері
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Кұрылымдық бағдарламалау
Delphi бағдарламалық ортасында «Pascal бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс істеу» электрондық оқу құралынжасап шығару
Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz