Қазақ педагогикасына үлес қосқан педагогтар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ:

  1. Кіріспе бөлім

Қазақ педагогикасына үлес қосқан педагогтар

2. Негізгі бөлім

Г. А. Уманов - қазақстан педагогикасын дамытушы ғалым.

С. Т. Қожахметовтың әлеуметтік педагогикалық көзқарасы

3. Қорытынды бөлім

Кіріспе бөлім

Қазақ халқының ұлы ағартушы -педагогтары, ойшылдары мен қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов өз еңбектері арқылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына теориялық алғышарттар жасады. Олар бүкіл қазақ халқына ұлттық тәрбие беру, ол үшін қазақтың ұлттық мектебін жасау, ол мектептегі ұлттық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижесін негіздеді. Сол арқылы олар ХХ ғасырдың басында қазақ халқының болашағын ойлап, оның мектебінің ұлттық болуы, қазақ тілінің тазалығын, мектептегі білім мазмұнының қазақ халқының ұлттық мәнімен, оның ұлттық рухымен бірлікте болуын дәлелдеді. Қазақ педагогикасы және әлеуметтік педагогикасының қалыптасуына зор ықпалын тигізген Г. А. Уманов және С. Т. Қожахметов болатын.

Г. А. Уманов- қазақстан педагогикасын дамытушы ғалым

Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетінің түлегі, бүгінде педагогика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Г. А. Уманов белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз, сондай-ақ өзі еңбек ететін Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Ұлттық университетінің педагогика кафедрасының профессоры. Сонымен бірге кафедра жанындағы педагогикадан кандидаттық және докторлық ғылым дәреже беретін ғылыми кеңес мүшесі, Ташкент ғылыми кеңестің мүшесі т. б.

Ол жергілікті халық тарихын, ұлттық дәстүрін, тілін, мәдениеті мен әдебиетін үйренуді өзінің борышы деп біліп, бүкіл отбасымен қазақ театрына барып, ұлттық өнерден сусындай бастады. Сол кездері ер жетіп қалған Григорий де мұндай мәдени демалыстардан қалыс қалмайтын. Кейін ол Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түскенде осы бағытынан танбады.

Шынында да, Г. А. Умановтың студенттік өмірі тек ізденіспен өтті. Оқуда озат болумен қатар, факультеттің, тіпті, университеттің қоғамдық жұмысына да белсене араласты. Үнемі білсем деген талпыныста жүретін оған кезінде тарих ғылымының докторы, атақты академик Серікбай Бейсенбаев, белгілі тарихшы ғалым Есмұқан Бехмахановтар дәріс беріп, ұстаздық етті. Білімдері терең, парасатты да мәдениетті ғалымдардан ғибрат алудың өзі де Григорий Абрамович үшін тәнті болған жас сол кезде-ақ »үлкен ғалым боламын» деген арманды көкірегіне мықтап түйген еді.

Университетті 1954 жылы бітірген ол еңбек жолын Алматы медицина училищесінің тарих пәнінің мұғалімі болудан бастады. Кейін Алматыдағы еңбек колонналары мектептерінде мұғалім және директор болып еңбек етті. Міне, осы кезден бастап ол қиын балалар тәрбиесін зерттеумен айналысты. Ұзақ жылғы еңбек, мол тәжірибе көп кешікпей өз жемісін берді. Ол 1960 жылдардың басында »СССР-де кәмелетке жетпеген балалардың қылмыс жасау себептері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбек кейін монографиялық кітап болып шықты. Негізі әр ғылымның өзіндік зерттеу ерекшелігі бар. Оның еңбектеріндегі ерекшелік - теорияның тәжірибемен тікелей байланысы. Мысалы, 1968 жылы »Жеке оқушылар-мен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мәселелері», 1969 жылы жарық көрген »Кәсіптік-техникалық училищелердегі тәрбие жұмысының жүйесі» атты монографиялары соның айқын айғағы. Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының, әсіресе, училищелердің озат тәжірибесін жинақтаған бұл дүниелерді оқушылар оқулық ретінде пайдаланып келді. Ал, 1970 жылы Г. Уманов »Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім дамытудың педагогикалық проблемалары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ол көп кешікпей үлкен кітап болып шықты. Мұны педагог ғалымдар, сол кездегі көрнекті педагог Р. Г. Лемберг Қазақстан педагогикасына қосылған үлкен үлес деп бағалады.

Ол өзінің »Бала бақыты» атты кітабында баланы жасынан еңбекке үйретудің тәрбиелік жүйесін жасаған. Тәрбие ісінде орынсыз ағаттықтар жіберуден сақтан-дырады. Сондай-ақ, ол Москвадан орыс тілінде шыққан »Мы и наши дети» атты еңбегін В. Сухомлинскийдің »Балаға жүрек жылуы» атты кітабы негізінде жазғанын автор мақтаныш тұтады.

Г. А. Уманов зерттеулерінің тағы бір ерекшелігі барлық проблеманы кез келген обьектісін жергілікті халықтың топырағынан іздейді. өзінің өскен ортасының табиғатын, ғылыми-техникалық прогресін мәдениеті, оқу-тәрбие ісін, әдебиетін, тарихын өз зерттеулерінің берік компоненттері етіп ала білді. Соңғы оншақты жылдар ішінде жазған »СССР-де оқушыларға кәсіптік бағдар беру» Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың педагогикалық проблемалары, »Жеке оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жүйесі», «Қиын балалар-мен жүргізілетін тәрбиенің маңызды мәселелері» атты еңбектерінде және Қазақстандағы оқу-ағарту, тәрбие мәселелеріне арналған теориялық танымды мақала-ларында екжей-тегжейлі баяндалған.

Сондай-ақ Г. Уманов - қазақ әдебиетінің даму тарихымен де айналысқан ғалым. Ол, тарих, әдебиет және педагогиканы біртұтас деп қарайды. Оған көптеген педагогиканың зерттеулері дәлел. Мысалы, »Бала бақыты» атты кітаптары тәрбиенің түйінді мәселелерін шешуде қазақ балаларының жүріс-тұрысы, қазақ отбасының күй-жайы, дәстүрі, халық педагогикасының мұралары жан-жақты талданып жазылған.

Сондай-ақ, Уманов өте қайрымды да парасатты, зиялы ғалым. Олай дейтініміз, оның жетекшілігімен 100-ден астам адам педагогика ғылымының кандидаты және докторы дәрежесіне ие болды. Ол толып жатқан диссертацияның оппоненті болып сөйледі. Қыруар кітаптар мен монографияларға, әдістемелік оқу құралдарына, оқулықтарға беташар жазып, батасын берді. Ол лекция оқуда да еңбек тәрбиесінің майталмен маманы. Бүгінгі Қазақстан педагогикасының көш бастаушыларының бірі. Оның педагогика саласындағы жүзеге асырылған істері айтарлықтай.

Умановтың бастамасымен Абай атындағы педагогикалық институттың барлық факультеттеріне «Мектеп күнін немесе үзіліссіз педагогикалық тәжірибе» енгізілген болатын. Оның мақсаты педагогикалық практиканың мерзімін ұзарту, яғни студенттер бірінші курстан бастап әр жылы 35-40 сағаттан педагогикалық тәжірибеден өтеді. Көп ұзамай бұл бастама Алматы қаласының барлық педагогикалық оқу орындарында қолдау тапса, ал 1989-90 оқу жылында бұл тәжірибе республиканың барлық педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие жоспарына енгізіліп, жүзеге асырылды.

Соңғы кездері ғалымды еліміздегі оқу-ағарту ісін қайта құру, ондағы басты проблема жаңа адамды дамыту, қалыптастыру және тәрбиелеу қатты толғандыратын болды. Ізденіс тағы да іс жүзінде көрініс тапты. Оның бірі - ғалымның бастамасымен Алматы қаласындағы 36, 65, 31 мектептердің жанынан ғылыми оқу-әдістемелік комплекс құрылуы. Комплекс үш бағытта: (Оқушылардың танымдық іс-қимылын белсендендіру», »Оқушыларды идеялық-адамгершілік рухта тәрбиелеу», үшіншіден, »Қиын балалар тәрбиесін жетілдіруде» жүйелі жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл іске бүкіл кафедра мүшелері жұмылдырылды. Мұндағы ең түпкі мақсат-қайта құру негізінде жоғары оқу орындарының қызметін мектепке жақындату, оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру еді. Бұл ісі өзінің жалғасын табуда.

С. Т. Қожахметовтың әлеуметтік педагогикалық көзқарасы

http://48.astana-bilim.kz/files/sites/1383501615557969/files/images/Foto-ujim/8.jpg

Сұлтанбек Тәңірбергенұлы Қожахметов (1912-1945жж) Көкшетау облысы, Қарабұлак ауданы, Явлин губерниясында қарапайым қазақ отбасында дүниеге келген. 1934 жылы ашаршылықтың ауыр жолдарында ата-анасынан айырылады. Ата-анасынан ерте айырылған Сұлтанбек Қожахметов 13 жасында совет мектебінде оқуға қабылданып, одан кейін оқу, білім жолында Петропавловск қаласындағы педагогикалық техникумға түсіп, оны ойдағыдай аяқтап, оқытушы болып қызмет аткарған. Ары қарай Қарағанды қалалық ағарту бөлімінде жұмыс істеп, 1932 жылы ағарту бөлімінің жолдамасымен Москва педагогикалық институтына түседі Одан кейін 1937 жылы сол институттың ас- пирантурасын ойдағдай аяқтайды. Бұл жылдары өзінің белсенділік, білімділік қабілетін таныта жүріп, ВЛКСМ Жоғары Комитетінің жолдауымен әртүрлі коғамдық жұмыстар атқарды.

1937 жылы Москвадан аспирантураны аяқтап келіп, С. М. Киров атындағы Қазак Мемлекеттік Университетің педагогика және психология кафедрасының доценті әрі менгерушісі болады. Ол университетте педагогикадан, психологиядан және педагогика тарихынан дәріс оқыды. 1938 жылдан 1940 жылдар аралығында Абай атындағы Алматы Педагогикалык институтында кызмет аткара жүріп, Қазақ ССР Халық Ағарту Комиссариатының мектептер жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында педагогикалық бөлімнің менгерушісі болып қызмет істейді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі
Қазақ халқының ұлы ағартушылары
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
К. Д. Ушинский – орыстың ұлы классик-педагогы
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Ұлттық педагогикалық ойлар
Мектептің педагогикалық кеңесі
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір мәселелері
ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАҒА ҚОСҚАН ҮЙЛЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz