Сақтандыру нарығы жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Сақтандырудың теориялық негіздері
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні және даму эволюциясы ... ... ... ... ..5
1.2. Сақтандыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы, оны мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

2. Қазақстанда сақтандыру нарығының қазіргі жағдайын талдау
2.1. Сақтандыру нарығын дағдарыс жағдайында бағалау ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2.«Сентранс Иншуранс»СК» АҚ қаржы жағдайы және оның сақтандыру нарығындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3 Қазақстанда сақтандыру нарығының дамыту перспективалары ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастардың күрделі және тез өзгермелі тұсында барлық экономикалық субъектілер мен жеке тұлғалар өзінің барлық назарын экономиканың аса күрделі мәселелері мен қатаң бәсеке жағдайына аса көңіл аударады. Осы мәселелер тұрғысынан алғанда тәуекелділік пен қатаң бәсекелестікке төтеп беруде және оның алдын алуда елімізде қарқынды дамып келе жатырған сақтандыру қызметі аса маңызды рөл атқаратыны артық айтқандық емес. Сақтандыру қызметі тек жоғарыда айтылған жағдайлар тұрғысынан қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамның инвестициялық қуаттылығын көтеруге және ұлттық байлықты көбейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақтытта біздің елімізде сақтандыру, қайта сақтандыру және шетелдік сақтандыру ұйымдарымен бірлескен жоғары білікті компаниялар сақтандыру нарығында тұрақты қызмет орната бастады.
Егемендік алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасының жалпы экономикасында, соның ішінде сақтандыру қызметі саласында да көптеген өзгерістер мен реформалар болып жатыр. Атап айтатын болсақ, елімізде 2000 жылдың 18 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы» Заңы және азаматтардың сақтандыру мүдделерін қорғайтын ҚР Азаматтық Кодексінің негізгі құқықтық базалары қабылданды.
Жалпы сақтандыру қызметі қаржы категориясының құрылымдық бөлігі бола отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру қатынастарын қамтиды. Сондықтан, сақтандыру бұл – мүмкін болатын қауіп-қатердің орнын толтыру немесе жанұя табыстарының жоғалтуларын қалпына келтіру үшін арналған мақсатты сақтандыру жарналарының есебінен құрылған қайта бөлу қатынастарының жиынтығы болып саналады.
Сақтандыру қатынастары арқылы қаржылық ресурстар жоспарланады, шоғырландырылады, ұйымдастырылады, реттеледі, бағаланады және бақыланады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңына сәйкес (26.07.07) жылдағы толықтырулар мен өзгертулерді қоса) сақтандыру қызметі дегенiмiз - сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұнын аша отырып, сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы мен оның даму болашағын талдау. Қазақстан сақтандыру нарығының жағдайына кешенді талдау жүргізіп, оның қызмет ету ерекшеліктерін анықтау. Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру. Қазіргі заманғы ұлттық
1. Құлпыбаев С. және т.б Қаржы: оқулық.- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 784 бет.
2. Баймагамбетова З.А. Страхование. – Астана: КазАТУ, 2010.
3. Найманбаев С.М. Сақтандыру құқығы: Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2007.
4. Страховой сектор // Текущее состояние страхового рынка Республики Казахстан и перспективы его развития.— 2013.
5. Қазақстан Республикасының сақтандыру секторының 2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі ағымдағы жағдайы // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті. www.afn.kz
6. Рыбкин Е. Автоматизация кредитования: Предпосылки, возможности, решения// Банковские технологии.- 2005. - 49-54 бет.
7. Хамитов Н.Н. Банк ісі.- Алматы: Экономика, 2006.
8. Ауесбаев, А.Т. Актуальные проблемы экономики и финансов Републики Казахстан –Алматы: Қаз. Ун-ті, 2004 – 181 бет.
9. «Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы (06.03.1996; 11.07.1997 жылғы өзгерістер мен қосымшалар есебімен) - 29 бет
10. «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ мәліметтері. www.cic.kz
11. «ISKER NEWS» іскерлік ақпараттар орталығы. http://iskernews.kz/
12. Қазақстан Республикасының сақтандыру секторының 2013 жылдың 1 қаңтарындағы ағымдағы жағдайы // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті. www.nationalbank.kz

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Сақтандырудың теориялық негіздері
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні және даму
эволюциясы ... ... ... ... ..5
1.2. Сақтандыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы, оны
мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .13

2. Қазақстанда сақтандыру нарығының қазіргі жағдайын талдау
2.1. Сақтандыру нарығын дағдарыс жағдайында
бағалау ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2.Сентранс ИншурансСК АҚ қаржы жағдайы және оның сақтандыру
нарығындағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3 Қазақстанда сақтандыру нарығының дамыту
перспективалары ... ... ... 26

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 29

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .31

Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастардың күрделі және
тез өзгермелі тұсында барлық экономикалық субъектілер мен жеке тұлғалар
өзінің барлық назарын экономиканың аса күрделі мәселелері мен қатаң бәсеке
жағдайына аса көңіл аударады. Осы мәселелер тұрғысынан алғанда тәуекелділік
пен қатаң бәсекелестікке төтеп беруде және оның алдын алуда елімізде
қарқынды дамып келе жатырған сақтандыру қызметі аса маңызды рөл атқаратыны
артық айтқандық емес. Сақтандыру қызметі тек жоғарыда айтылған жағдайлар
тұрғысынан қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамның
инвестициялық қуаттылығын көтеруге және ұлттық байлықты көбейтуге мүмкіндік
береді.
Қазіргі уақтытта біздің елімізде сақтандыру, қайта сақтандыру және
шетелдік сақтандыру ұйымдарымен бірлескен жоғары білікті компаниялар
сақтандыру нарығында тұрақты қызмет орната бастады.
Егемендік алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасының жалпы
экономикасында, соның ішінде сақтандыру қызметі саласында да көптеген
өзгерістер мен реформалар болып жатыр. Атап айтатын болсақ, елімізде 2000
жылдың 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы
Заңы және азаматтардың сақтандыру мүдделерін қорғайтын ҚР Азаматтық
Кодексінің негізгі құқықтық базалары қабылданды.
Жалпы сақтандыру қызметі қаржы категориясының құрылымдық бөлігі бола
отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру қатынастарын қамтиды. Сондықтан,
сақтандыру бұл – мүмкін болатын қауіп-қатердің орнын толтыру немесе жанұя
табыстарының жоғалтуларын қалпына келтіру үшін арналған мақсатты сақтандыру
жарналарының есебінен құрылған қайта бөлу қатынастарының жиынтығы болып
саналады.
Сақтандыру қатынастары арқылы қаржылық ресурстар жоспарланады,
шоғырландырылады, ұйымдастырылады, реттеледі, бағаланады және бақыланады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңына сәйкес
(26.07.07) жылдағы толықтырулар мен өзгертулерді қоса) сақтандыру қызметі
дегенiмiз - сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын
сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы
немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды
мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың
экономикалық мәні мен мазмұнын аша отырып, сақтандыру нарығының қазіргі
жағдайы мен оның даму болашағын талдау. Қазақстан сақтандыру нарығының
жағдайына кешенді талдау жүргізіп, оның қызмет ету ерекшеліктерін анықтау.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың
және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы
бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын
қалыптастыру. Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі
рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-
кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында
сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі.
Курстық жұмыстың мәселелері:
• Сақтандырудың экономикалық мәнін ашу және оның экономикалық категория
ретіндегі маңыздылығын талдау;
• Сақтандыру түрлерін бөліп нақтылау;
• Қазақстанда сақтандыру нарығының қазіргі жағдайын қарастыру;
• Сақтандыру компанияларының қалыптасуы мен дамуы, олардың қаржыларын
басқарудағы қаржылық менеджменттін рөлін талдау;
• Қазақстандағы сақтандыру нарығының мәселелерімен танысу
сол мәселереді болдырмау жөнінде іс - шараларды қарастыру.

1. Сақтандырудың теориялық негіздері
1. Сақтандырудың экономикалық мәні және даму эволюциясы

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандырудың мақсаты: қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз
ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үдерістерді қоғамдық және ұжымдық
қорғау болып табылады. Адам мүлікке ие болғанннан бастап, оның сақталуына,
апатқа ұшырауынан қауіп қатер төне бастады. Сондықтан өз мүліктерін сақтау
үшін адамдар тәуекелді ықтымақты және өзара бөлу жолдарын іздестірді.
Адамдар мүлікті сақтау үшін алуан түрлі қорлар құрыла бастады.
Ең алғашқы сақтандыру бастамасы ежелгі Гректер мен Вавилондар да пайда
болды. Ең алғашқы сақтандыру полисі 1584 жылы Триполь және Марсель қала
арасындағы жүкті сақтауды қамтамасыз ететін 5% мөлшерінде алынып отырды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп қатерлі сипаты. Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымдары өз
активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері арқылы сақтандыру
шартында белгіленген сақтандыру жағдайы кездейсоқ оқиғалар туындаған кезде
және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға
байланысты қатынастарды шешеді. Сақтандырудың экономикалық мәні - барлық
қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанда көмек
көрсетілетіндігінде. Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның
қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық,
бақылау функциялары сай келеді. Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі
қайта бөлу ретінде көрінеді. Сақтандыру кезінде қоғамдық өндіріс үдерісінде
белгілі бір қауіптің болуымен байланысты ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар
пайда болады. Бөлу функциясы алдын алу функциясы, мысалы, алдын алу
шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға
бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті
түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі. Бақылау функциясы сақтық
төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды
қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында
көрінеді. Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың
екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдәстері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни,
бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды. Сақтық әдісі қорларды
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды
алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі
сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының
қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады. Сақтық
қатынастарының бірінші бөлігінде - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс
пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші
бөлікте - мүліктік және жеке басты сақтандыруда тек сақтық әдісі
пайдаланылады [1].
Сақтандырудың мақсаты - қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін
қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып
келеді:
1. қатынастардың ықтималдық сипаты;
2. қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда -
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі,
жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше
белгілері бар:
- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты,
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы,
- оның іс – қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отыруы,
- сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы.
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы
барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған
кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және
пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша
сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категориялардың қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және
бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешілігі қайта бөлу ретінде
көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын
қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға
бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың
тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық
қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты
болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы
бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана
отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша
қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар
байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше оқиғаларды
ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты
жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық
резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорынның ,
ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша
қаражаттар жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен
инфрақұрылымның обьектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе – теңдікті
қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген
зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымындағы
қорларды - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын
жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын
қорғаудың бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс - әрекеті
халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысты.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және
олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың

баламалығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл –
ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші
субьектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып
табылады. Бұл - жалпы, сақтандыру мен өмірді сақтандыру және
шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі
медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру теориясында жекелей бағалау әдісі, орташа шама
әдісі, проценттер әдісі бар.
Орташа шама әдісі шағын топқа бөлшектенеді, сөйтіп қатердің
белгілері бойынша мөлшерді анықтау үшін қолданылады, мысалы,
сақтандыру обьектісінің баланстық құнын, өндірістік қуатын,
технологиялық циклдың түрін және т.б.
Проценттер әдісі шикізаттар мен тағы басқалардың материалдарының
жаңа түрлерін, өнеркәсіптегі жаңа өндірісжағдайымен сол секілді
оның технологиясының өзгерістерінде, жаңа көлік жүйесін игеруде,
құрлықтағы, судағы, әуәдегі жол қатынастарының жоғары өткізіп жіберу
әрі тасымалдық мүмкіндігі бар жерлерде қолданылады.
Нарықтық экономикада сақтандыру қатердің мөлшерімен тығыз
байланысты. Қатерді туралау, тарату мен бөлу техникалық тәсілден құрылады,
яғни бұдан іс жүзінде барлық сақтандыру кешенін өткізу ұйымдастырылады.
Қатердің пайда болуы адамдардың еркі мен оқиғаның кездейсоқтығына тәуелді
емес. Бұл күтпеген апат пен бақытсыздық оқиғасына қатысты болады. Адамзат
қатерге тиімді бақылау қойып және де оның қажет емес әсер ықпалын ең аз
мөлшерге дейін жеткізгенде ғана сол тиісті ғылыми білімге, сол дәрежеге
қол жеткізеді. Қатерді бағалау үшін нақты хабар (мәлімет) қолда болуы
қажет.
Теория мен практика жүзінде экологиялық, көліктік, саяси және арнайы
қатерлер деп бөлінеді.
Экологиялық қатер табиғи ортаның ластануымен байланысты, яғни нақты
бір сақтандыру мүддесіне әкеп соғады. Көлік қатерлері автомобиль
көліктерін, өзен, теңіз бен әуе кемелерін сақтандыруға келтіреді, сол
секілді өзен, теңіз, әуә, автомобиль, әрі теміржол көліктерімен тасылатын
жүктерді сақтандырылуына әкеледі.
Саяси (жазалау) қатерлер егемен мемлекет пен оның азаматттарына
қатысты шет ел мемлекеттері тарапынан жасалатын құқыққа қарсы әрекеттеріне,
шараларымен акцияларына байланысты. Бұл қатерлер сақтандырушының зор
жауапкершілігінің ішіне кіреді.
Арнайы қатерлер деп – бұл ерекше құнды жүктерді тасымалдауды
сақтандыру, мысалы, алтын, күміс және басқа қымбат заттар, металдар және
олардан істелген бұйымдар, өнер шығармалары, қолда бар ақшалар т.б. Осы
қатердің мазмұны сақтандыру шартындағы ерекше жағдайда атап көрсетіледі
және де сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне енгізіледі. Сақтандырушы
құрылған сақтандыру қорынан сақтандыру оқиғасы пайда болған кездегі
зардапқа өтем беруге сақтандыру шарты әрекет етіп тұрған бүкіл кезең бойына
қаржы беруге дайын болуға тиіс. Міне, осылайша теориялық тұрғыдан
сақтандырушы сақтандыру ісін жүзеге асырумен байланысты тек бір ғана өзгеше
қатердің қауіп – қатеріне ұшырайды.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қоладнылады, олар: бюджеттік жіне сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын,
яғни бүкіл қоғамдың қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады, жарналардың мөлшері және
оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс,
үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс
пайдаланылады.
Сақтандырудың экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері,
сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету мен сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшылықты
төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкін емес жайттардан сақтануға арналған қоғамның резерв қорлары
жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің
ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан
қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден
бір бөлігі. Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі
коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен
өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі
өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуде түрленеді және мұндай қызметтер
көрсетудің еркін нарығында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы
сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге
сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді
жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен
зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары
белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін
пайдаланылады. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша
табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі тиіс. Өз кегезінде, бұл
табыстардың бір бөлігін тапсытыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін
көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған
ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі
жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардың қашқысы келетін
тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы
өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде
ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну
процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау
мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен
көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі
мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың
негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі обьективті түрде шектеулі болып
табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану
елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының
негізгі салаларының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық
орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс
технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты. Сақтандыру
табыс түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды
инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі болып
табылады [1].

1.2. Сақтандыру түрлері

Республика нарықтық өзгерістердің кеңейіп, тереңдеуі сақтандырудың
рісін кеңейтіп, ықпалын да арттыруда. Әдетте, мемлекет халықтың әлеуметтік
жағдайын көтеруде, техногендік, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуді, сақтандыру системасын ұтымды пайдаланады. Тұрақты әрі
сапалы түрде сақтық беру жүйесінің болуы әрбір дамыған экономиканың айқын
белгісі, бұған дәләе іздесек, дүние жұзінің көптеген елінде кездестіруге
болады.
Сақтандыру жүйесінің жағдайы тұрғындар мен шаруашылық субьектілердің
сақтық мәдениетке және олардың сақтануға деген нық сенім дәрежесіне тәуелді
болады. Қазақстанның Сақтандыру жүйесін орнықтыруда белгілі бір табыстарға
қол жеткізілді десек те, қоғамға сақтандырудың рөлі және оның нарықтық
экономикадағы орны мен даму өзгерістері туралы хабарламаларды әрдайым
жеткізіп тұру қажет.
Сақтандыру белгілі бір қауіптен туатын қаржылық проблемаларды жоюға
арналғанын түсіну, жан – дүниеге кәдімгідей тыныштық береді. Бұл өз
автокөлігін, үйін, т.б.с.с. мүліктерін сақтандырған иелер үшін қалай
маңызды болса, дәл солай өнеркәсіп, сауда үшін де қажеттілігі өте актуалды
мәселе. Шынында да, көптеген түрлі қауіптер туындайтын жағдайда, адам
өзінің ақшасын кәсіпкерлікке неліктен жұмсауға тиіс? Ал егер адамдар түрлі
кәсіпкерлікке қаржы жұмсамаса, бұл жұмыс орындарының қысқаруына, тұтыну
тауарлары өндірістің азаюына, импорт көлемінің көбеюіне, халықтың жалпы
тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мінеки. Осы әсерде,
сақтандыру кәсіпкердің кәсіпкерлік іс - әрекеттеріндегі қауіптерінің
қомақты бір бөлігін сақтандырушыға жүктейді. Мұны түсінуге сондай – ақ
сақтандырудың көптеген міндетті түрлерін енгізуге итермелейді. Мысалы, бұл
транспорт иелерінің А:Қ:Ж: , нотариустармен аудиторларды сақтандыру, ал
2005 ж. 1 шілдесінен бастап жұмыс беруші жұмысшыны еңбек міндеттеттемелерін
атқарудағы өміріне зияндылық туғызатын жағдайдан азаматтық құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру енгізілді.
Сақтандырудың тағы бір жағымды жағы, ол кәсіпкерлердің белсенділігі
мен іскерлігін ынталандырып, едәуір өсуіне ықпал жасайды. Бұл өз тарапынан
өндірісті дамытуға капитал жұмсау арқылы асырылады, ал басқа жағдайда болса
бұл қаржының келешектегі болжамды бір шығынды жабу үшін өтімді резерв
ретінде сақтауға тура келеді. Сонымен қатар, орташа және ірі фирмалар
төтенше жағдайға арналған қаржы резервтерін жасауы мүмкін, әрине ол қаржыны
дер кезінде тез алу мүмкіндігі, әрі оны сақтау барысында есептелетін
пайыздық ставканың төмендеуі қажет. Сақтандыру компаниялары мінеки осы
жеңілдіктерді қамтамасыз ете алады.
Сақтандыру компанияларында шоғырланған сақтық қорының арқасында, әрбір
кәсіпкер, өз қожалығында жеке резервтік қор жасауынан гөрі, одан әлдеқайда
келі қаржы жинап, өз кәсібін қажетті деңгейде сақтықпен қорғай алады. Әрине
бұл жерде, сақтық алуға жұмсалатын жарнаны, кәсіпкерлікке болатын белгілі
бір шығын деп есептеу керек. Сонымен қатар, кәсіпкер өзінің іскерлігін
төмендетпей, сақтандыру компаниясымен жасалған серіктестік келісім
арқасында, төніп қалады –ау деген қауіп – қатерге алаңдамай жұмыс
жүргізуіне мүмкіндік береді. Қысқаша айтқанда, кәсіпкер өндіріс басқару,
жүргізу барысында жан дүниесі бір қалыпта тыныштықта жұмыс істейді.
Сақтық қажеттілігі, шығын ала жүретін қаржы келеңсіздігімен
байланысты. Осы орайда сақтандыру компанияларының кәсіпорынның шығынын
болжып, бақылауға деген қызығушылығы әбденорынды. Бұны жоққа шығарудың
қажеті де жоқ, өйткені мекеменің шығынын болжап, бақылаудан бас тартса,
онда ол сақтандыру компаниясы өзінің сақтық беру кәсібін де тоқтатуна
мәжбүр болады.
Сақтандыру компаниялары өзінің қарамағындағы орасан зор ақша сомаларын
шоғырландырған. Бұл қаржының жиналуы, сақтық жарнаманың төлену күні мен
сақтық талап бойынша төлем жасайтын құн арасындағы мерзім кезінде орын
алады. Мысалы, сақтық жарнамасы қаңтар айында түсірілсе, ол сақтық талап
сол жылдың желтоқсан айына дейін де, тіпті одан кейін де түспеуі мүмкін.
Сақтандырушы ол ақшаны, заңды пайдаланушы ретінде, кез – келген сақтық
төлемдеріне жұмсай алады. Сақтандыру компаниясы ұзақ мерзім бойы жиналған
барлық ақшалардың жарнама төлемақыларын қожалық етеді. Аталған мол ақша
мыңдаған жеке заңды тұлғалар салған сақтық жарнама төлемдерінен жиналатынын
атап өткен жөн.
Сақтандыру жүйесі экономиканың бір саласы болып орын алуы, амалсыз
жиналған қорлардың пайда болуына себепкер болады. Мысалы, өз үйін
сақтандырып отырған кісіде акция, меншікке мүлік сатып алуға, не несиеге
беруге артық ақшасы болмауы мүмкін ғой. Сондай кезде оның сақтық жарнама
ретінде берген ақшасы басқа мыңдаған адамдардың сондай төлемдеріне қосылып
мол қаржының басын құрайды, ол қаржыны сақтандыру компаниясы тиімді
инвестициялық салымдарға аударуына байланысты.
Егер кісінің меншігіндегі мүлкіне зақым келген жағдайда не өмірі мен
денсаулығына тиетін зиянды алдын алу мақсатында, олар сол зиянға байланысты
шығынды орнын толтыру үшін, мемлекетке сенбей, өздері алдын – ала әрекет
жасауы керек.
Мемлекеттік бюджетке мұндай шығындарды жоспарланбаған, онда тек оқу
–ағарту, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, денсаулық сақтау т.б. топтар
құрылған. Бүгінде сақтандырудың бірнеше түрі қалыптасқан.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру – азаматтарды еңбек ету қабілетін
жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, асыраушысынан айрылуына байланысты
кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекетұйымдастыратын, бақылайтын және
кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың
мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі.
ҚР- ң 2003 ж. 25 сәуіріндегі №405 -2 Міндетті әлеуметтік сақтандыру
туралы заңына сәйкес 2005ж. 1 қаңтарынан бастап Республикада Міндетті
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілді. Аталған Заң ҚР –ның
халықты әлеуметтік қорғау Концепцияда жүйені реформалаудың ең басты
ерекшеліктерінің бірі - әлеуметтік тәуекелділікке ұшыраған жағдайда
әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу болып табылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу әлеуметтік қорғаудың екінші
деңгейі болып табылады және ол әлеуметтік тәуеклділік жағдайына тап болған,
нақтырақ айтқанда, жұмыс істеу қабілетінен айрылған, асыраушысынан және
жұмысынан айрылған жасанда сектор жұмыскерлерінқосымша әлеуметтік қорғау
жүйесін құруға бағытталған. Сонымен қатар, әлеуметтік кепілдіктер мен еңбек
заңымын алған жұмыскерлерді қорғау, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік
аурудың әлеуметтік - экономикалық зардаптарының ауыртпалығын азайту үшін
негіз қалыптастыру мақсатында болашақта жұмыскерлердің еңбектік міндетін
орындау барысында өмірі мен денсаулығына келтірілген зардаптары үшін жұмыс
берушінің жауапкершілікке шақыратын міндетті сақтандырудың үшінші деңгейін
енгізу қарастырылған.
Заңға сәйкес әлеуметтік төқлемдер тағайындау құқығын өмір сүруде
тәуекел етушілер, яғни еңбек қабілетін жоғалтқандар, асыраушысынан және
жұмысынан айырылғандарқатарына жатқызған уақытта әлеуметтік аударым
жүргізілген жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесін басқаруға бірқатар мемлекеттік органдар
қатысады. Атап айтқанда, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын жарнамаларды
бақылау міндеті ҚР Қаржы Министрлігіне, оның ішінде жергілікті жерлердегі
салық органдарына жүктеледі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының
активтерін сақтау және есептеуді, инвестиция мәселесін ҚР –ң Ұлттық Банкі
жүзеге асырады, міндетті әлеуметтік аударымдарды аккумулиралаумен
Мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорының өзі айналысады.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру, медициналық
сақтандыру, көлік құралдарын, мүлікті, т.б. сақтандыру жатады.
Медициналық сақтандыру сақтандырушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына сәйкес медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін
жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануына
не жойылуы, соның ішінде айдап не ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген
зиянды ішінара не толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады [1].

1.3 Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы, оны
мемлекеттік реттеу
Сақтандыру нарығы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып
алу сату объектісі ерекше тауар сақтық қызмет болып табылады және оған
деген ұсыным мен сұраныш қалыптасады. Сақтық келісімшарттарын жасауға және
сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптарының өзара іс –
қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың әлеуметтік
тұрғыдан маңызды, қарқынды дамушы секторларының бірі болып табылады.
Сақтандыру жүйесі түрлі жағдайлардан туындаушы тәуекелдерге қарсы тұрудың
тиімді құралын қалыптастырады.
Сақтандыру бұл Қазақстан экономикасындағы дамып келе жатқан салалардың
бірі болып отыр. Сақтандыру ісі қоғамның әлеуметтік-экономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық әдістермен басқару
мен реттеудің құралы болып табылады.
Сақтандыру нарығын реттеу құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей
(әкімгершілік) реттеу құралдарына құқықтақ нормалар мен оны орындауды
қамсыздандыратын мемлекеттік органдар жатады. Экономикалық реттеу
құралдарына елдің қаржы-несиелік жүйесі жатады, ал мемлекеттік экономикалық
реттеудің ақырғы тасымалдаушыларына, оның құралдарына қаржы-несие жүйесінің
нақты аясы, буыны және элементі жатады.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы
өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады [2].
Енді сақтандыру нарығының қатысушылары жайлы қысқаша айта кететін
болсақ, “Сақтандыру қызметі туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының
сақтандыру нарығының қатысушылары:
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
- сақтандыру брокері;
- сақтандыру агенті;
- сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
- актуарий;
- уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
- өзара сақтандыру қоғамы;
- сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де
жеке және заңды тұлғалар.
Қазіргі күні Қазақстандағы сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу
бағатында келесідей шаралар жүзеге асырылған:
1. Сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғауды
күшейту.
- әлеуметтік аннуитеттік сақтандыруды кепілдендірілген сақтандыру
сыныбына қосу;
- сақтандыру қоржынын беру процедурасын енгізу.
2. Өмірді сақтандыруды дамыту.
- өмірді сақтандыру келісім-шарттарын сақтандырылушының сақтандырушының
инвестициялары мен пайдасына қатысуымен жасасу тәртібін енгізу.
3. Консолидацияланған бақылау.
- сақтандыру топтары мен холдингтерін реттеу мен бақылаудың негіздерін
бекіту.
4. Сақтандыру делдалдығы.
- 2012 жылдан бастап сақтандыру агентіне қолма-қол ақша алуға тиым
салынған;
- сақтандыру агентіне қойылатын кәсіптік талаптар, оларды есепке алу
және оқыту тәртіптері белгіленді;
- сақтандыру агентінің әкімгершілік жауапкершілігі белгіленген.
5. Сақтандыру сатистикасының толыққанды базасы құрылды.
– 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылға дейінгі барлық міндетті
және ерікті сақтандыру түрлері енгізілді.
6. Тәуелсіз актуарийлер институтының құрылуы.
- штаттық актуарийдің жүргізген міндеттемелерді есептеу мен сақтандыру
тарифтерін есептеудің дұрыстығын тәуелсіз бағалау.
7. Сақтандыру нарығының қатысушыларының кәсіби бірлестіктері.
- ішкі құжаттардың тізімі мен негізгі қызметтері белгіленген
8. Санкциялар.
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын консервациялау режимі
ензілді.
9. Өкілетті органның уәкілі.
- сақтандыру ұйымына бақылау функцияларын жүзеге асыру мақсатында
өкілетті органның уәкілін жіберу мүмкіндігі қарастырылды.
Сақтандырудың қоғамдық өмірдегі рөлінің маңызды аспектісі – бұл
сақтандыру саласының ірі ақпарат иегері ретіндегі рөлі болып табылады. Бұл
сақтандырушылардың маңызды тауар өнімі болуы мүмкінp[3].
Сақтандыру секторы бірнеше сапада көрінеді, атап айтқанда:
1. Ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен оның пропорцияларын қамтамасыз
етуші нарықтық тұрақтандырғыш;
2. Өмір сүру қызметінің қауіпсіздігін арттыру құралы;
3. Азаматтарды әлеуметтік қорғау тетігі;
4. Ұлттық экономикаға ірі инвестиция көзі;
5. Ірі ақпараттық ресурстарының иесі.
Сақтандыру рөлінің келесі бір аспектісі – бұл сақтандыру ұйымдарының
жұмыс беруші ретіндегі рөлі. Сақтандыру компанияларының қызметі жаңа жұмыс
орындарын және штаттық мамандарды құру арқылы, әсіресе штаттан тыс
сақтандыру агенттерін құру арқылы жұмыспен қамтуды ынталандырады. Осылайша,
сақтандыру ісінің дамуы сақтандырудың кейбір түрлерінің көмегімен ғана
емес, делдалдықпен қоса алғандағы сақтандыру жүйесіне жұмысқа жалдау
үдерісінде еңбек нарығын тұрақтандыруға ықпал етеді. Дегенмен, қазіргі күні
агенттік желі құру үшін нақты базаны 40-45 жастан асқан адамдар құрайды.
Көптеген сақтандыру агенттерінің кәсіби деңгейі төмен және агенттердің
ерікті сақтандыру өнімдерін сатуға деген нақты қызығушылығы жоқ.
Сақтандырушылардың шектеулі мүмкіндіктерімен қоса аталған себептер және
құқықтық және нормативтік базаны жетілдіру қажеттілігі сақтандыру нарығының
динамикасының әрі қарай дамуына кедергі келтіріп отыр. Сақтандырушылар мен
сақтанушыларға салық салумен байланысты мәселелер де баршылық. Отандық
сақтандыру индустриясының мүмкіндіктері дамыған елдердің сәйкес
көрсеткіштерімен салыстыруға әлі де келмейді.
Сақтандыру нарығының ұйымдастырушылық және экономикалық даму
мәселелеріне және оны мемлекеттік реттеу бағыттарына қатысты келесідей
ұсыныстар жасауға болады:
1. Сақтандыру секторында отандық сақтандыру қызмет көрсету нарығының
аясын ұлғайту бойынша шаралар жүргізу;
2. Сақтандыру нарығының қызмет етуінің қаржылық жағын реттеуге баса назар
аудару;
3. Сақтандыру компанияларын кадрлық қамтамасыз етуге қолдау көрсету [4].

2. Қазақстанда сақтандыру нарығының қазіргі жағдайын талдау
1. Сақтандыру нарығын дағдарыс жағдайында бағалау

Қазіргі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне
карамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша
қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауырпалығы мүмкіндігі
объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
камтамасыз етеді.
Сақтандыру жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың мәселелеріне тікелей қатысты.

Кесте 1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы
Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы 1.09.20131.09.2014
Сақтандыру ұйымдарының саны 35 34
Өмірді сақтандыру бойынша 7 7
Сақтандыру брокерлерінің саны 12 14
Актуарийлер саны 72 71
Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры АҚ 31 30
қатысушылары болатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының саны

Дерек көзі: www.afn.kz

Сонымен, сақтандыру салалары бойынша жиналған сақтандыру сыйақыларының
көлемі былайша көрініс алады.

Кесте 2.Сақтандыру сыйақыларының түсімі, млн.теңге
Сақтандыру салалары 1.09.13 1.09.14 Өсімі,
бойынша сақтандыру %-бен
сыйақыларының келіп
түсуі
Сомасы Үлесі, Сомасы Үлесі, %
%
Сақтандыру салалары 184 041,1 100,0 163 567,7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру нарығы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Қазақстандағы сақтандыру нарығы
Еуроодақта сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің мемлекетаралық жүйесінің қалыптастыру кезеңдері
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігі
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау
Пәндер