Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І тарау. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің ғылыми.теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің лингвистикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің педагогикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің психологиялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..





Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Тақырыптың өзектілігі. Заман талабына сай оқытудың мазмұнын жаңартып, жаңа деңгейге көтеру мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Соған байланысты адамзаттың ұзақ тарихында жинақтаған оқытуға қатысты бағалы білімі мен тәжірибелерін, ашқан ғылыми жаңалықтарын пайдалана отырып, жаңа заманға сай әдіс-тәсілдерді ойлап табу – бүгінгі таңдағы басты міндет.
Ақпарат тасқыны үдей түсіп, бірін-бірі тез алмастырып, ғылыми-технологиялық үдеріс қарқындап бара жатқан қазіргі заманда жас ұрпаққа тіл білімі теориясын игерту ісі көп ізденісті талап етеді.
Қазақ тілі пәні бойынша білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды. Сонымен қатар онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескерілуге тиіс. Жас ұрпақты қазақ тілі сабақтарында теориялық біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың бойына жаңа сапалы дағдылар мен икемділіктерді дарытуда көптеген жұмыс түрлері үлкен рөл атқарады.
Ал мұндай ауқымды міндеттің үдесінен шығу оңай шаруа емес. Демек, аталған өзекті мәселе күн тәртібінен түспек емес.
Қазақ тілі сабақтарында оқушының фонетикадан теориялық біліммен қаруландыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді көптеген педагог мамандар іздестіруде. Осы тәжірибелерді негізге ала отырып, біз де өз жұмысымызда осы мәселені қарастырамыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін фонетикалық мәселелерді оқытуға бөлінетін сағат саны және фонетикалық білім, білік және дағдылар қалыптастыру жұмыстарының әдістемесіне тоқталу. Бұл мақсаттардан мынадай міндеттер туындайды:
- жоғарғы сынып оқушыларына фонетикалық мәселелерді оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздеріне тоқталу;
- жоғарғы сыныптардағы қазақ тілі пәні бойынша фонетика саласының зерттелуі, даму кезеңдерін айқындау;
- мемлекеттік бағдарлама бойынша жоғарғы сыныптарда фонетикалық мәселелерді оқытуға бөлінген сағат санын айқындау, теориялық білім игерту жолдарын ашып көрсету;
Зерттеудің дереккөздері 5-сыныптардағы қазақ тілі оқулықтары (2003, 2005), С.Мырзабековтың (2006), Ж.Аралбаевтың (1988) қазақ тілі фонетикасы туралы жарық көрген оқу құралдары, «Қазақстан мектебі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары.
Зерттеудің әдісі салыстыру, баяндау, талдау-жинақтау әдістері қолданылды.
Зерттеудің базасы. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі.
1. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А: Зият PRESS, 2006.
2. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002.
3. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. А: Ғылым, 1988.
4. Шуланбаева Ұ.Р. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі. Ф.ғ.к.дис. ... автореф. Алматы, 1994.
5. Тайлақбаев Б. Қазақ тіліндегі салдыр шұғыл дауыссыздар. Алматы, 1981.
6. Баймұханов Б. Қатаң дауыссыз дыбыстардың жасалым және түрленім жүйесі. Ф.ғ.к.дис. ... автореф. Алматы, 2005.
7. Нұсқабай М. Дауыссыз дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 4, 2005, 65-68-б.б.
8. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.
9. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962.
10. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А: Ана тілі, 1991.
11. Шамова Т.И., Давыденко Т.М. Управление оброзовательным процессом в адаптивной школе. М., 2001.
12. Беспалько В.П. «Слагаемые педагогических технологии», М-1989
13. Аяпова Ж. «Білім беру технологиясын жетілдірудің технологиялық және педагогикалық сипатары», Бастауыш мектеп №6.1999
14. Барсаева Б., Таубаева Ш. «Оқытудың қазіргі технологиялары», Бастауыш мектеп №8,1999.
15. Столяренко Л.Д. Педагогическая психология. Ростов н/Д.: Феникс, 2003.
16. Кулагина И.Ю., Колюцкий В.Н. Возрастная психология: Полный жизненный цикл развития человека. М.: ТЦ Сфера, при участии «Юрайт», 2003.
17. Шаповаленко И.В. Возрастная психология (Психология развития и возрастная психология). М.: Гардарики, 2005.
18. Першина Л.А. Возрастная психология. М.: Академический Проект, 2004.
19. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М.: Педагогическое общество России, 2004.
20. Тұрдалиева Ш.Т. Жасөспірімдер дамуындағы қарым-қатынастың маңызы // Мектептегі психология, № 3 (мамыр-маусым), 2006, 9-10-б.б.
21. Тұрманова Ж. Жасөспірімдер белсенділігі мен кәсіптік бағдары // Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту, № 2, 2006, 2-6-б.б.
22. Сүлеймен Ә. 5-сынып оқушысын пәндік оқуға бейімдеу // Мектептегі психология, № 5 (қыркүйек-қазан), 2006, 28-31-б.б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды
үйретудің жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
І тарау. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды
үйретудің ғылыми-теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1.1. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің
лингвистикалық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
1.2. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің
педагогикалық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
1.3. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің
психологиялық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...





Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
...

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Заман талабына сай оқытудың мазмұнын жаңартып,
жаңа деңгейге көтеру мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Соған
байланысты адамзаттың ұзақ тарихында жинақтаған оқытуға қатысты бағалы
білімі мен тәжірибелерін, ашқан ғылыми жаңалықтарын пайдалана отырып, жаңа
заманға сай әдіс-тәсілдерді ойлап табу – бүгінгі таңдағы басты міндет.
Ақпарат тасқыны үдей түсіп, бірін-бірі тез алмастырып, ғылыми-
технологиялық үдеріс қарқындап бара жатқан қазіргі заманда жас ұрпаққа тіл
білімі теориясын игерту ісі көп ізденісті талап етеді.
Қазақ тілі пәні бойынша білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық
құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле
жара қарауға болмайды. Сонымен қатар онда ғылым мен техниканың,
педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескерілуге тиіс. Жас ұрпақты
қазақ тілі сабақтарында теориялық біліммен ғана қаруландырып қоймай,
олардың бойына жаңа сапалы дағдылар мен икемділіктерді дарытуда көптеген
жұмыс түрлері үлкен рөл атқарады.
Ал мұндай ауқымды міндеттің үдесінен шығу оңай шаруа емес. Демек,
аталған өзекті мәселе күн тәртібінен түспек емес.
Қазақ тілі сабақтарында оқушының фонетикадан теориялық біліммен
қаруландыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді көптеген педагог мамандар
іздестіруде. Осы тәжірибелерді негізге ала отырып, біз де өз жұмысымызда
осы мәселені қарастырамыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін
фонетикалық мәселелерді оқытуға бөлінетін сағат саны және фонетикалық
білім, білік және дағдылар қалыптастыру жұмыстарының әдістемесіне тоқталу.
Бұл мақсаттардан мынадай міндеттер туындайды:
- жоғарғы сынып оқушыларына фонетикалық мәселелерді оқытудың
психологиялық-педагогикалық негіздеріне тоқталу;
- жоғарғы сыныптардағы қазақ тілі пәні бойынша фонетика саласының
зерттелуі, даму кезеңдерін айқындау;
- мемлекеттік бағдарлама бойынша жоғарғы сыныптарда фонетикалық
мәселелерді оқытуға бөлінген сағат санын айқындау, теориялық білім игерту
жолдарын ашып көрсету;
Зерттеудің дереккөздері 5-сыныптардағы қазақ тілі оқулықтары (2003,
2005), С.Мырзабековтың (2006), Ж.Аралбаевтың (1988) қазақ тілі фонетикасы
туралы жарық көрген оқу құралдары, Қазақстан мектебі, Қазақ тілі мен
әдебиеті журналдары.
Зерттеудің әдісі салыстыру, баяндау, талдау-жинақтау әдістері
қолданылды.
Зерттеудің базасы. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный
жалпы орта білім беретін мектебі.
Зерттеудің құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДАУЫСТЫ ЖӘНЕ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І. 1. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің
лингвистикалық негіздері

Тілдік қатынас әдетте екі түрлі формада болады: ауызша және жазбаша.
Жазбаша беріде, жазумен байланысты пайда болды. Ал ауызша форма ойды
білдірудің құралы, қатынас құралы тілмен ол алғаш пайда болған күннен бері
жасасып келеді. Фонетиканың негізгі зерттеу объектісі – тілдің ауызша
формасы. Бұдан жазбаша форманың фонетикаға қатысы жоқ екен деген ұғым тумау
керек. Мәтінге фонетикалық талдау оның айтылуына негізделеді.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Оның ойы, айтар пікірі белгілі бір
дыбыстық комплекстен тұратын сөздердің арқасында іске асады. Сондықтан да
тіл дыбыстарын, оларға тән түрлі заңдылықтарды білудің мәні зор.
Фонетика (гр. phone – дыбыс, phonetikos – дыбыстық) – тілдің дыбыстық
жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Атап айтқанда, фонетиканың
қарастыратын мәселелеріне мыналар жатады: тіл дыбыстарының пайда болуы,
олардың іштей жіктелуі және бір-біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық
жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия, т.б. [1, 7].
Дыбыстардың пайда болу, өзгеру сырларын білмей тұрып, лексикалық та,
грамматикалық та құбылыстарға ғылыми түсінік беру, өзімізге мектептен таныс
қатаңдану, ұяңдану сияқты өзгерістерді түсіндіру, қазіргі жазудың сырын
түсіну қиын. Фонетика тіліміздегі бірсыпыра сөздердің пайда болуын
анықтауға, тілдердің арасындағы байланысты табуға, тілдің айту, жазу
нормаларын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ана тіліндегі дыбыстардың
артикуляциясын жетік білу шет тілін дұрыс меңгеру үшін де қажет.
Акустикалық, артикуляциялық және басқа белгі-қасиеттеріне қарай тіл
дыбыстары алдымен дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа
топтастырылды. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым-белгі, ерекшеліктер
мынадай болып келеді:
1. Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы
елеусіз қалады. Ал дауыссыздар, керісінше, салдырдан
жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.
2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады
да, дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады.
3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі –
дыбыстарды жіктеудегі басты айырым-белгі.
4. Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет
болмайды.
5. Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән дауыстылардың
осы қасиетіне негізделген.
6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Орыс
тілінде, керісінше, дауыссыздардың дауыстыларға ықпалы
күшті болады [2, 13].
Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі
күнге бірізділік болмай келеді. Мұның өзі дауыстыларды оқытуда, оны танып-
білуде ала-құлалық тудырып, көп қиындық келтіріп жүр. Тіліміздегі әртүрлі
фонетикалық заңдылықтарды (сингармонизм, буын, екпін, т.б.) дұрыс меңгеру
алдымен дауысты дыбыстарды нақты білумен байланысты.
Қазақ тілінің байырғы төл сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, е, ә, о,
ө, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбыс барлығы ешқандай дау тудырмайды. Бұл
дауыстылар әсіресе, тіліміздің кешегі В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский
сипаттайтын тұсына толық сай келеді. Алайда қазіргі қалыпн таныта алмайды.
Бүгінде тіліміздің сөздік құрамы күрт дамыды. Қазақ тілінің
орфографиялық сөздігіне (1978) енген сөздердің 20 пайызға жуығы орыс
тілінен және орыс тілі арқылы шетел тілдерінен енген халықаралық сөздер.
Оларды біз орыс тіліндегідей жазып, айтып жүрміз.
Қазіргі тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шындыққа жақын.
Бұлардың біріншісіне екіншісінің қосқаны – тек э дыбысы. Қалған жағдайда
іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да
тән үлкен жаңсақтық – қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у (мысалы,
бу, су, қи, ки, т.б.) дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы,
зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі
дыбыстың ұу, үу, ыу, іу, ый, ій қосындысы екенін біле отырып, дауыстыға
жатқызып жүр [3].
Сонымен қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Олар дыбыстау
мүшелерінің қызметіне қарай үш топқа жіктеледі.
1. Тілдің қатысына қарай.
а) жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у;
ә) жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, е, и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелерімен салыстырғанда, тіл сәл
артқа тартылады (ортасы көтеріліңкірейді), жіңішкелерді айтқанда тіл сәл
ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке
сыңарларын (аә, оө, ұү, ыі) қатар айтып көруге болады.
Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жіктелуін дұрыс білмейінше,
тіліміздегі ең күшті фонетикалық заң – сингармонизді (оның ішінде тіл
үндестігін) түсіну мүмкін емес. Тілдегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке
буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.
2. Еріннің қатысына қарай:
а) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
ә) езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де,
езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік
дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингармонизмді (оның ішінде ерін
үндестігін) танып білуде мәні зор.
Көрші буындардың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып
келуі (яғни сингармонизм заңы) тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне
негізделген.
3. Жақтың қатысына қарай:
а) ашық дауыстылар: а, ә;
ә) жартылай ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е;
б) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды)
барынша төмен түседі, қысаңдарды айтқанда жоғары көтеріледі [2, 14-16].
Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың сан, сапасы жөнінде әлі
күнге бірізділік болмай жүргендігін жоғарыда айтып кеттік. Мұның өзі
дауыстыларды оқытуда, оларды танып-білуде ала-құлалық тудырып, көп қиындық
келтіріп жүр. Тіліміздегі әр түрлі фонетикалық заңдылықтарды дұрыс меңгеру
алдымен дауысты дыбыстарды нақты білумен байланысты.
Қазақ тілінің байырғы төл сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, е, о, ө,
ұ, ү, ы, і) дауысты дыбыс барлығы ешқандай дау туғызбайды. Бұл дауыстылар
әсіресе, тіліміздің кешегі В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский сипаттайтын тұсына
толық сай келеді. Қазіргі таңда тілімізде он бір, он екі дауысты бар
деушілер де кездеседі. Бұлардың біріншісіне екіншісінің қосқаны тек – э
дыбысы. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық – қазақтың байырғы сөздерінің
құрамында и, у дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы,
зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі
дыбыстың ұу, үу, ыу, іу, ый, ій қосындысы екенін біле отырып, дауыстыға
жатқызып жүр.
Орыс тіліндегі дауыстылар сан жағынан аз болғанмен, сапа жағынан аса
күрделі. Қазақ тілінің байырғы дауыстыларынан ерекшелігі – олардың дауыссыз
дыбыстарға тәуелді болып, солардың жетегінде кететіндігі, бір дауыстының
бірнеше сапаға ие болатындығы.
Ж.Аралбаевтың айтуынша: қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема
бар. Олар: а, ә, е-э, о, ө, ы, і, ұ, ү, и, у [3].
Сонымен қазіргі қазақ тілінде төл дауысты дыбыстарының жүйесі 9
дауысты дыбыстан құралады. Олар: а, ә, ы, і, е, ү, ұ, о, ө.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар құрамына қарай жалаң (монофтонг) және
құранды (дифтонг) болып екі топқа бөлінеді. Жалаң дауыстыларға а, ә, ы, і,
ұ, ү дыбыстары. Жалаң дауысты дыбыстар бастан-аяқ бірыңғай дыбысталады.
Құранды дауысты дыбыстар бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталады.
Оларға: о, ө, е дыбыстары жатады.
1. Тілдің қатысына қарай:
а) жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы.
ә) жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е.
Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелерімен салыстырғанда, тіл сәл
артқа қарай тартылады, жіңішкелерді айтқанда, тіл сәл ілгері жылжиды.
Тілдегі сөздердің бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке буынды болып келуі
тілдің қалпымен байланысты.
2. Еріннің қатысына қарай:
а) еріндік дауыстылар: ұ, ү, о, ө.
ә) езулік дауыстылар: а. ә, ы, і.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де,
езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Ерін
доғал дөңгеленіп жасалса, доғал ерін – ұ, ү, сүйір дөңгеленіп жасалса – о,
ө болып іштей екіге бөлінеді. Езу дауысты дыбыстар еріннің бейтарап қалпы
арқылы жасалады –Езумен жасалса, езу – а, ә, ы, і, емеурінмен жасалса,
емеурін дауысты – е болып іштей екіге бөлінеді. Еріндік дауыстылардың да
тіліміздің байырғы заңы сингармонизмді танып білуде маңызы зор. Көрші
буындардың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып келуі тіл мен
еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген.
3. Жақтың қызметіне қарай:
а) ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е.
ә) қысаң дауыстылар: ы, і, ұ, ү.
Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ барынша төмен түседі де,
қысаңдарды айтқанда жоғары көтеріледі. Басқаша айтқанда, ашықтарды
айтқанда, екі жақ бір-бірінен қашықтай түседі де, қысаңдарды айтқанда, бір-
біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды.
Жасалу орнына қарай дауыстылар тіл ортасы, тіл арты және құранды болып
бөлінеді. Тіл ортасы дауысты дыбыстар тілдің орта тұсы арқылы жасалады: ә,
і, ү. Тіл арты дауысты дыбыстар тілдің артқы тұсы арқылы жасалады: а, ы, ұ.
Құранды дауысты дыбыстар екінші басым сыңарының жасалым белгісіне лайық,
шартты түрде, тіл ортасы – е, ө, тіл арты – о болып жіктеледі.
Қазақ тілінде тіл алды дауысты дыбыстар жоқ.
Кірме дыбыстар. Қазақ тіліне енген кірме әріптер жеке дауысты
дыбыстардың таңбасы емес. Олар арқылы қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар мен
үнді й, у дауыссыздарының тіркесі белгіленеді. Мысалы: ми-мый, сирақ-
сыйрақ, бу-бұу, суық-сұуық, сурет-сүурет.
Дауысты фонемаларға тән басты ерекшелік, белгі-қасиеттердің, олардың
фонемалық мәнінің айқын, тұрақты көрінетін орны – бір буынды түбір. Ал көп
буынды сөздерде дыбыстардың бір-біріне азды-көпті әсері болады да,
дауыстылардың фонемалық қасиеті әлсірей түседі. Мұны еріндік дауыстылардың
тек бірінші буындарында ғана жазылуынан көруге болады: өлең, өнер, ұры,
ұзын, оқы, үкі, үсі сияқты сөздерді жазылуындай айту естіген құлаққа
ерсілеу болғанмен, мағынасын түсінуге кедергі бола алмайды.
Қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында кездесетін а фонемасы ашық,
жуан. Ал езулік қасиеті ы, і фонемаларына қарағанда әлсіздеу. Бұл фонема
сөздің барлық буындарында айтыла да, жазыла да береді. Жеке тұрып, сөз,
қосымша да болады. Сөз ішінде тек жуан дауыстылармен қатар тұрады. А –
фонемасы еріндіктерден кейін жазылып қана қоймай, айтыла да беретін бірден-
бір езулік дыбыс. Бұған оның барынша ашықтығы мүмкіндік береді.
Қазақ тілінде шын мәніндегі ашық фонемалар – а және ә. Бұлардың бір-
бірінен айырмашылығы – бріншісі жуан, екіншісі жіңішке, яғни тілдің кейін
шегінуінен, ә ілгері жылжуынан жасалады. Ал еріннің қатысы жағынан да бұл
екеуі бір-біріне жуық.
Ә фонемасының қазақ тілінде сирек кездесуініңбасты себебі оның қазақ
тіліне басқа күншығыс тілдерінен келген сөздермен байланысты болуы керек.
Проф. Н.В.Юшманов, проф. Е.Д.Поливанов т.б. мамандардың пікірі бойынша ә
фонемасы сол күншығыс тілдерінің әсерінен пайда болса керек. Бұл пікірдің
жаны бар. Бірақ қазақ тілінде сирек кездеседі деу де жазуға негізделген
біржақты пікір. Өйткені һар, һаріф сөздеріндегі һ фонемасы біздің тілімізде
нөлге айналады. Осының салдарынан һа тізбегі ә фонемасын тудырған болса
керек. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде 67 мың сөз бар десек,
соның 19 пайызы дауыстылардан басталады. Соның ішінде ә әрпінен басталатын
сөздердің саны – 870. орфографияға сәйкес ә әрпі барлығы 2,5 мыңдай сөздің
бірінші буынында кездеседі. Осының өзі-ақ оның кірме еместігін байқатады.
Е, ы, і фонемалары езулік, қысаңдығы және тілде қолданылуы жағынан бір-
біріне ұқсайды. Қалған екеуінен ы тек жуандығымен ерекшеленеді. Ал е
фонемасының алдынан әнтек й айтылады. Е, ы, і әріптері сөздің барлық
буындарында жазылады, бірақ олар ылғи да е, ы, і болып дыбыстала бермейді.
Өзен, өлең, өнер, осы, орын, ұлы, ұзын, үлкен, түйе, жүрек, әуе, дәуір
сияқты сөздердің құрамындағы е, ы, і дыбыс емес, тек әріп. Айтуда олар ө,
ү, ұ түрінде болады. Соңы ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге –у жұрнағы
жалғанады да, ы – ұ-ға, і – ү-ге айналады, жазуда бір-ақ әріппен
таңбаланады.
Қысаң ы, і фонемалары көп буынды сөздерде кейде көмескі естіледі.
Мысалы: дәргер, қатнас, тәжрибе, аңзақ. Жалғанатын қосымша дауысты
болса, немесе дауыстыдан басталса, кейбір сөздердің екінші буынындағы ы, і
мүлде түсіп қалады: халық – халқы, қалып – қалпы, ерін – ерні, ерік – еркі,
қырық – қырқы.
Еріндік о, ө фонемалары бір-бірінен тек жуан, жіңішкелігімен ғана
ажырайды. Ал жақтың қатысы жағынан бұлар қысаң дауыстыларға жуық. Еріндік о
фонемасының өзге фонемалардан ерекшелігі бұл байырғы сөздердің бірінші
буынында ғана айтылады және жазылады. Тек кірме –қор, -қой, -ғой
қосымшалары түрінде келгенде ғана екінші, үшінші буындарда айтыла да,
жазыла да береді: есепқор, сәнқой, әуесқой, еңбекқор [4].
Ө әрпі бірінші буында ғана жазылады. Тек қосымша –көй, -гөй түрінде,
екінші, үшінші буындарда айтыла да, жазыла да береді: ақылгөй, данагөй,
қаскөй. Ө фонемасы еріндік буындардан кейін айтылады. Жазуда ол е әрпімен
таңбаланады: өзен, көбелек, үзеңгі, үлкен, дөңгелек.
Еріндік ұ, ү фонемалары да бір-бірінен жуан, жіңішкелігімен ажырайды.
Жазуда ү фонемасы ы әрпімен де таңбаланады. Екінші буында ұ әрпі бұлбұл,
мазмұн, мақұл, мағлұмат сияқты сөздерде жазылады.
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер мен оқулықтарда и, у, ю, я әріптерін
дыбыстармен шатастыру кездеседі. Қазіргі қазақ мәтінінде кездесетін бұл
әріптердің дыбыстық бейнесі мынадай болады.
И әрпі: а) ый: қи, ми, жи, қиқым, қисық, тиын, жыми.
ә) ій: ки, киім, ти, тиін, би.
б) ұй: мұқит, тұңғиық, оқи, бұлти, бұрти.
в) үй: түкси, үси, өсиет, дүние, түрти, үрпи.
У әрпі: а) ұу: у, бу, су, жуан, оқу, алу, уық, уыс.
ә) үу: күлу, жүру, келу, ілу, тілу.
б) жалаң үнді дауыссыз: тау, жау, дау, дәулет, ауыл.
Ю әрпі: а) йұу: қою, жою, қараю, ою, қартаю, тою, баю, аю.
ә) йүу: үю, сүю, кею, серею, күю, түртию.
б) и әрпінен кейін тұрып: ұу: қию, жию; үу: кию, тию.
Я әрпі: йа: ая, боя, қоян, аяқ, мая, саяқ, таяқ.
Тілімізде дауыстыларға қарағанда дауыссыз дыбыстар әлдеқайда көп.
Оқулықтарда бұлардың саны 25, енді біреулері 26 болып келеді. Қазіргі
қазақ тілі оқулығында: мынадай 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й,
к, қ, л, м, н, п, р, с, т, у, һ, ф, х, ц, ш, ң , - дейді. Алайда бұларды
топтастырған кезде (қатаңдардың құрамына) 26-болып щ әрпі еніп кеткен.
Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар деушілер осы щ әрпін дыбыспен
шатастырып жүр. Дұрысы, щ дыбыс емес, ол әріп. Созылыңқы ш дыбысының
таңбасы.
Сонымен қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Қазақ тілінде
бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар бесеу: в, ф, х, ц, ч.
Дауыстың қатысына қарай қарай әдетте дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:
а) үнділер: л, м, н, ң, р, й, у;
ә) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з;
б) қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч [5, 24-26].
Қазақ тілінің төл дауысыз дыбыстарының жүйесі 17 дыбыстан құралады.
Олар: Б,Д,Ғ-Г,Ж,З,Й,Қ-К,Л,М,Н,Ң,П,Р,С,Т,У (w),Ш. Дәстүр бойынша Қ-К, Ғ-Г
дыбыстарының жасалым айырмашылықтарын ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп
есептеп келеді. Бұл жерде олардың бір дауыссыздың үндесім варианты екендігі
ескеріліп, керісінше, бір дауыссыз деп қаралып отыр(ол туралы үндесім
тарауда кең айтылады).
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жасалым қорындағы орындары барлық
нүктелерді қамтиды.
1. Жасалу орнына қарай:
а) ерін-ерінді дауыссыздар (тоғысыңқы және жуысыңқы) – 1- нүктеде
жасалады;
ә) тіл ұшы дауыссыздар (тоғысыңқы және жуысыңқы) - 2- нүктеде
жасалады.
б) тіл ортасы дауыссыздар (тоғысыңқы және жуысыңқы) – 3- нүктеде
жасалады.
в) тілшік дауыссыздар (тоғысыңқы және жуысыңқы) – 4- нүктеде жасалады.
Дауыссыз дыбыстардың басты жіктелім белгісі дауыс қатысы болып
табылады. Дауыссыздар дауыс қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып
бөлінеді. Аталған атаулар жасалым белгілердің қатарына жатпайды, олар
дыбыстың естіліміне тікелей қатысты. Алайда, дәстүрлі фонетикада олар
жасалым белгілер ретінде қалыптасып қалғандықтан, дәстүрді бұзбай, сол
күйінде қалдыруға тура келеді. Шындығында дауыс желбезегінің тербелісіне
қатысты жасалым белгілер ретінде бейтербеліңкі немесе тербеліссіз (қатаң),
жартылай тербеліңкі немесе тербеліссіз (ұяң) немесе тербелімі мол (үнді)
деген атауларды алған жөн.
Сонымен, дауыссыз дыбыстар алдымен қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа
бөлінеді. Әрбір топтағы дыбыстар іштей жасалу орны мен жасалу тәсіліне
жіктеледі .
2. Дауыстың қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:
а) қатаң дауыссыздар 4-5 нүкте арқылы жасалады, яғни дауыс желбезегі
тербелмейді (түзу сызық);
ә) ұяң дауыссыздар 5-3нүкте арқылы жасалады, яғни дауыс желбезегі
жартылай тербеледі (төменгі ирек сызық);
б) үнді дауыссыздар 5-2 нүкте арқылы жасалады, яғни дауыс желбезегі
мол тербеледі(ортаншы ирек сызық);
Сонымен дауыссыз дыбыстардың жасалымы – үш айырым белгісі (жасалу
орны, дауыс қатысы, жасалу тәсілі), айтылымы – екі айырым белгісі (ауыз бен
көмей қуысының өзара қатынасы, тоғысым-жуысым күші), естілімі – екі айырым
белгісі (тоғысым-жуысым қарқыны, үн қатысы) арқылы сипатталады.
3. жасалу немесе айтылу орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа
бөлінеді.
а) ерін (лабиаль) фонемалары: п, б, м, у.
ә) тіл (лингваль) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, к, г, қ, ғ, ң, н, л,
р, й.
б) көмей (фарингаль) фонемасы – һ.
Б, п фонемалары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге нық тиіп, тез ажырап
кетуінен жасалады. бұлардың бір-бірінен басты айырмашылығы дауыс
алғашқысында аздап қатысады да, екіншісінде қатыспайды. Бұлардың тілде
қолданылуында да кейбір ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, б фонемасы сөздің
басында, ортасында актив қолданылады да, сөз соңында кездеспейді. Соңғы
жағдайда б жазылғанмен (араб, клуб) оның айтылуы п болады. Сондықтан да бұл
сөздерге жалғанатын қосымша қатаңдардан басталады. Сөз басында п мен б
айтуда, тіпті жазуда да кейде жарысып жүреді: байым, пайым, пәтуа, бәтуа,
пейіл, бейіл, пенде, бенде.
Т, д фонемаларын айтқанда тілдің ұшы үстіңгі күрек тіске жабысып, ауа
жолын бөгейді де, тез ажырайды. Т сөздің барлық шенінде айтыла да, жазыла
да береді. Қазіргі қазақ тіліндегі т-дан басталатын сөздер – 6,5 мың. Д
фонемасы сөздің басында (2234), арасында қолданылады. Жазуда сөздің соңында
тек кірме сөздерде ғана кездеседі. Сөз басында д мен т жарысып қолданыла
береді: дерте-терте, диірмен-тиірмен, дозақ-тозақ, дүлей-түлей.
С, з фонемаларын айтқан кезде тілдің ұшы төменгі тіске тіреліп, ортасы
аздап ой түседі. Ауа осы тесік арқылы, үстіңгі күрек тістердің арасынан
сүзіліп шығады. Бұл екеуі де сөздің барлық позициясында айтылады [5].
Әрине, с әлдеқайда белсенді. Ол 5527 сөздің басында қолданылса, з – 724
сөзде. С-ның бір ерекшелігі сөз соңындағы дауыссызды жатырқамайды: ал-са,
қара-са, жар-са, жау-са. Ұяң з орыс тілінде сөз соңында жазылғанмен, с
болып айтылуы орфоэпиялық норма болып есептеледі.
Сөз ішінде с өзімен іргелес ш, ж дыбыстарының әсерінен ш болып: ашшы
(асшы), шешше (шешсе), бешшелек (бес шелек) т.б., ал з өзінен кейінгі с, ш,
ж фонемаларының с, ш, ж болып айтылады: жасса (жазса), жүссом (жүзсом),
жүжжыл (жүз жыл), жүстеңге (жүз теңге).
Ш, ж фонемаларын айтқанда күш тілдің ұшына және орта тұсына түседі
яғни тілдің ұшы тіске тіреліп, тілдің үстіңгі жағы екі жерден таңдайға
жуықтайды. Сондықтан бұлар қос фокусты дауыссыздар делінеді. Ш-ның өзімен
қатар келген қатаң с-ны өзіне ұқсатуына негізгі себеп осы ерекшелігі.
Мысалы, ашша (асша, ашса). Ш бір-ақ сөзде ұяңданады: ренжі (реніш). Бұл екі
фонема сөздің барлық деңгейінде айтылады, тек ж сөз соңында аз кездеседі:
лаж, талантараж, уәж т.б. Ш фонемасы көрші дыбыстардың әсерінен өзгермейді.
Ал көрші с ш-ның ықпалына ұшырайды: ташшол (тас жол), бешшыл (бес жыл).
Әдеби тілде айтылатын с говорларда ш-мен алмастырылады: ешек (есек), мышық
(мысық).
К, г фонемалары тілдің артқы шенінің таңдайға тіреліп, тез ажырап
кетуінен жасалады. Қатаң к дауыссыз сөздің барлық шенінде (5307 сөз)
қолданылады, ал ұяң г-ден басталатын сөздер сөз басында аз ұшырайды (667 –
негізінен кірме сөздер), ортасында актив кездеседі де, соңында мүлде
айтылмайды. К фонемасы көрші дауысты, үнді және ұяң дыбыстардың әсерінен
көбіне ұяңдап ғ болып айтылады: шелегі (шелк+і), керегі (керек+і). Қазақ
тілінің орфографиялық сөздігінде г әрпінен басталатын 421 сөз бар. Оның 361
орыс тілі арқылы енген сөздер. Қазақ тілінде бұрын сөздер г-ден
басталмаған. Тіпті гүл сөзі күл түрінде: Әйкүл, Тойкүл, Данакүл.
Қ, ғ фонемаларының айтылу жолы бірдей емес. Қатаң қ шұғылға, ұяң ғ
ызыңға жатады. Екеуінің жасалу орны жуық. Айырмасы қ-ны айтқан кезде тілдің
арты жұмсақ таңдайға нық тиіп, тез ажырайды да, ғ-да жуықтап, кішкене тіл
дірілдеп тұрады. Бұл екі фонема жуан дыбыстармен ғана айтылады. Қ фонемасы
– тіліміздегі ең актив фонема. Ол сөздің барлық позициясында тұра береді.
Қазіргі қазақ тілі лексикасының 14 пайызы (8402 сөз) осы дыбыстан
басталады. Ал ғ сөз соңында мүлдем кездеспейді, сөз басында 213 кірме
сөзде, ал сөз ортасында актив ұшырайды. Қ фонемасы к сияқты көрші
дыбыстардың әсерінен ұяңданып (ғ) айтылуға бейім тұрады: сарығыз (сары
қыз), ағала (ақ ала), ағүй (ақ үй), ағмақта (ақ мақта), ағжол (ақ жол).
Қазақ тіліндегі дауыссыздардың бәрі дерлік дауыстылардың ыңғайына қарай
жуан, жіңішке бола береді, ал қ, ғ тек жуан, к, г тек жіңішке дауыстылармен
ғана қатар тұра алады [6].
Үнді дауыссыздарда салдырдан үн басым болады да, олар дауыстылар
сияқты өзге дыбыстардың әсерінен алмасуларға ұшырамайды.
М фонемасы артикуляциясы жағынан ұяң б-мен ұқсас. Тек м-да дауыс
басым, ауа мұрын арқылы шығады. Үнді м сөздің барлық позициясында актив
қолданылады және өзге дыбыстардың ықпалынан өзгеріске түспейді. Сөз басында
2955 сөзде ұшырайды.
Н фонемасы тіл алдының үстіңгі күрек тіске (не қызыл иекке) нық тиіп,
тез ажырауынан жасалады. Тіл ұшы төменгі күрек тіскетіреледі, не сәл
жоғарырақ тұрады. Ауа мұрын арқылы шығады. Н сөздің барлық деңгейінде
ұшырайды. Бұл фонемадан басталатын (788) сөздің дені өзге тілдерден енген
сөздер. Н өзінен кейінгі п, б, м еріндіктердің әсерінен м: Жампейіс
(жанпейіс), жамбады (жанбады), қаммен (қанмен) және к, қ, ғ, г-нің әсерінен
ң: жаңға (жанға), кеңге (кенге) болып айтылады.
Ң фонемасын айтқанда тілдің арт жағы жұмсақ таңдаймен жымдасады да,
тез ажырайды, ауа мұрын жолы арқылы шығады. Ауаның шығу жолына қарай м, н,
ң мұрын жолды үнділер делінеді. Ң сөз басында мүлдем кездеспейді, ал қалған
позицияларда актив қолданылады, бірақ өзгеріске ұшырамайды.
Л фонемасын айтқанда тілдің ұш жағы үстіңгі күрек тіс пен қызыл иекке
тіреледі де, орта тұсы ой түсіп, арт жағы жұмсақ таңдайға қарай
көтеріліпкейін тарылады, тідің екі бұйрі төмен түсіп, ауаның өтуіне
мүмкүндік береді. Мұны әдетте қос бір фонема дейді.
Қазақ тілінде сөз басында л дың алдынан келетін қысаң ы, і дауыстылар
орфографиялық ерее бойынша (сөз мағынасына нұқсан келмейтін болған соң)
тұсіріліп жазылады. Мәселен: лағу,лаж, лазым, лай, лайық, лақ, лаң, лас,
лау дегендер ы дан ләм, леген, лекер і ден басталады да, өлеңжолдарында өз
алдына буын құрап тұрады. Бұл, ол, сол есімдіктері мен ал, бол, кел, қал,
қыл, сал етістіктерінің құрамындағы л айтуда, жазуда түсіріліп те қолданыла
береді: бұ, со, о, боп, кеп.
Р фонемасы тіл ұшының альвеолға жатады: ауаның қарқынымен дірілдеуінен
пайда болады. Бұл фонема сөздің ортасы мен соңында жиі кездеседі. Ал сөздің
басында тек өзге тілдерден енген сөздерде ғана кездеседі. Қазақ тілінде сөз
р дыбысынан басталмаған. Сондықтан да өзге тілдердегі р-дан басталатын
сөздердің алдынан дауысты дыбыстарды селбестіріліп (протеза жасап) айтқан.
Қазіргі кезде тіліміздегі р әрпінен басталатын бес жүздей сөз бар. Оның
дені орыс тілінен енген сөздер. Оларды айтқанда р фонемасы сақталып
айтылады.
Й фонемасын айтқанда тілдің ұшы күрек тіске, екі шеті бүйір тістерге
тиеді де, ортасы жұмсақ таңдай мен қатты таңдайды түйіскен тұсына қарай
көтеріледі. Бұл фонема сөздің ортасы мен соңында көп ұшырайды. Сөз басында
кірме сөздерде көп кездеседі [7].
У фонемасының айтылуы орыс тілінен енген дауысты у сияқты. Айырмасы у-
ды айтқанда ауа қарқындылау болады да, салдыр қатысады, буын құрамайды. Бұл
фонеманың айтылу орны сөздің ортасы мен соңы.
Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы бір жүйеге салып, зерттеу кезеңі
Құдайберген Жұбановтан басталады. Ол қазақ лингвистикасының негізін
қалаушылардың бірі еді. Қ.Жұбанов қазақ фонетикасының өзекті мәселелері
туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келді [8].
Қазақ фонетикасының белді бір даму кезеңі тағы бір жоғарғы ғылыми
сатыға көтерілу кезі – Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі
І.Кеңесбаевтың атымен байланысты. І. Кеңесбаевтың қазақ фонетикасын
сіңірегн еңбегі айрықша. Ол 1938 жылдардан бері қазақ фонетикасы жайында
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. І.Кеңесбаевтың Фонетика
еңбегінде қазақ фонетикасының өзекті мәселелері хақында арнаулы тоқтамға
келеді [9]. І.Кеңесбаев қазақ тілінің фонемалар жүйесін талдау мәселесіне
келгенде атақты кеңес лингвисі Л.В.Щербаның фонема туралы ілімін негіз-
тірек етіп, т, д, г, к, ч, ц дыбыстарын, ызыңдарға в, ф, с, ш, з, ж, ғ, х
дыбыстарын жатқызады.
Ол сөз шенінде кездесі ыңғайына қарай дауыссыз дыбыстарды үш түрге
жіктеген: 1) сөздің барлық шенінде келе беретін дауыссыздар (с, ш, т, қ, к,
м, з, ж, н, у), 2) сөз соңында кездеспейтін дауыссыздар (б, д, г, ғ, в), 3)
сөз басында кездеспейтін дауыссыздар (ң, й). Байырғы сөздердің бас
позициясында сирек кездесетін фонемаларға п, л, р жатады. Дауыссыздар
тобындағы в, х, ф, ч дыбыстарын қазақ тіліне орыс тілінен енген фонемалар
деп көрсетеді [6, 13-14].
Мектепте фонетиканы оқыту әдістемесіне өз үлесін қосқан тіл мамандары
ретінде: М.Балақаев, Г.Уәйісова, Р.Әміров, Ұ.Асылов, С.Рахметқызын атап
айтуға болады.
Дегенмен, тіл – жанды, жүйелі құбылыс. Бір жеріне тисең, оның әсері
тұла бойына түгел жайылады. Сондықтан қазақ тілінің фонетикалық
заңдылықтары зерттеліп, ғылыми тұрғыдан талданып болғанша балаларды
үйретпей тұра алмаймыз - дей келе, аталмыш дыбыстардың емлесіне тоқталады
[7, 29-31].
Рахметқызы С. қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар деп атап көрсетеді:
б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
У дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады
(бау, тау, т.б.); ендеше, у бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс қызметін
атқарады.
Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтағанда балаларға әсіресе
олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі
қажеттігін атап айтады [10, 13].

І. 2. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды
үйретудің педагогикалық негіздері

Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі
мәселелерді оқып меңгеру – ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке
дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарын жете білуді қажет етеді.
ХІХ – ХХ ғасырларда дыбыстарды оқыту жұмысы буын және тұтас сөз әдісі
бойынша жүргізілді. Бұл әдіс түптеп келгенде, жаттауға негізделген, яғни,
бұл әдіспен оқыту барысында мағынасыз сөздер мен буындар құрғақ
жаттатылатын. Осының салдарынан балаларды оқытуға бірсыпыра дағдыландыра
тұрғанымен, оқушылардың ақыл-ойын дамытып, дүниетанымын қалыптастыру
мардымды іске асырылмады.
Кеңес мектебі кезінде негізгі әдіс талдау-жинақтау болып есептеледі.
Бұл әдіс әсіресе, 30-жылдардан бері кеңес әдіскерлерінің зерттеу
еңбектерімен бірте-бірте толықтырылып, жетіліп келді.
Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?
Оқыту кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте,
байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан,
дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы
дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды
жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру
жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнына
және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне
бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Оларды даярлау үшін
білім беру саласында қазір дидактиканың мүмкіншіліктерін, жаңа идеяларды
және білім беру технологияларын сарқа пайдалану қажет болып отыр.
Дауысты және дауыссыз дыбыстар тақырыбын оқыту әдістемесінде, қазақ
тілі әдістемесінің басқа да салаларындағы сияқты, жалпы дидактикалық
принциптер қолданылады (көрнекілік, саналылық пен белсенділік, ғылымилық,
жүйелілік, тиянақтылық, жеңілден ауырға, бірізділік, теория мен практиканың
байланысы, материалды дұрыс орналастыру, алдын-ала болжау), сонымен қатар,
фонетикалық тақырыптарды, соның ішінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды
оқытудың барысынан туындайтын арнайы принциптер қолданылады.
а) Дауысты және дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ескере
отырып, олардың мәнін аша алу үшін ең басты ұстанатын мақсаты – дыбыстардың
және олардың тілдегі ерекшеліктері мен заңдылықтарын оқыту. Бұл принцип
дыбыс жүйесін талдауға біржақты қарамауға әкеледі. Сонымен қатар тек дыбыс
акустикасымен көбірек жұмыс істеу фонологиялық құрылым туралы тайыз түсінік
қалыптасуына себепкер болады.
ә) Жүйелілік принципі – фонетикалық түсініктерді бірден-екі
қалыптастырып отырудың, яғни әрбір элемент тұтастың бөлшегі ретінде беріліп
отыруды қамтамасыз етеді.
б) Функционалдық принцип – дыбыстардың практикада қолдануындағы
нормасын, ерекшеліктерін қарастырады. Дыбыстар тілдер номинативтік қызмет
және адамдар арасындағы қарым-қатынас барысында ойын жарыққа шығару
қызметін атқарады.
в) тарихилық принцип – оқылатын дыбыстардың кейбір шығу тарихымен,
зерттелуімен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесімен таныстырумен байланысты
жүргізіледі.
Бұл принципті қолдану, мысалы, қазақ тіліне кірме дыбыстарды түсіндіру
барысында қолдану тиімді болады.
Мұғалім әдістерді оқу процесін ұйымдастыру теориясын оқыту методын
басшылыққа ала отырып таңдап алады. Нақ сол әдістер оқытудың әрбір
кезеңіндегі, оның әрбір буынындағы ұйымдастыру тәртібі болып табылады және
сабақты өткізу барысын анықтаудағы негізгі басшылық болып табылады.
Педагог – ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру
технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде.
Т.И. Шамова, білім беру технологиясы – қатысушыларға камфорттық
жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру
процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы және коррекциялаудағы мұғалімдер мен
оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі десе [11, 42], В.П.
Беспалько оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы деген анықтама
береді [12, 56].
Жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай
басты төрт шартты қанағаттандыруы тиіс (В.П. Беспалько):
а) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы
қажет;
ә) оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын
оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу
сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
в) практикада оқу процесінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі уақытта педагогикалық әдебиеттерде төмендегідей білім беру
технологиялары ұсынылады:
- дамыта оқыту технологиясы Л.В. Заньков, Д.Б. Эльконин,
В.В. Давыдов;
- модульдық оқытудың технологиясы;
- ірі-блоктық оқытудың технологиясы П.М. Эрдниев;
- перспективалық – озық оқыту технологиясы С.Н. Лысенко;
- проблемалық оқыту технологиясы;
- ойындық оқыту технологиясы;
- оқу материалдарының схемалық және белгілік модельдерінің негізінде
жеделдетіліп оқытудың технологиясы;
- жекелеген оқытудың технологиясы Инге Унт;
- сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы Н. Гузик.
Оқытудың түрлі технологиялары оқушыларға фонетикалық білім беруде де
қолданылып келеді. Материалды оқушыға ұғындыру, оларды дыбыс жүйесін
меңгеруге дағдыландыру көп жағдайда ұтымды пайдаланылған технологияға
қатысты.
Қазіргі оқыту технологиялары мұғалімнің дайын білімді баяндауынан
гөрі, оқушыға толық не жартылай өз бетінше жұмыс істеугу бағытталған. Осы
жағдайды ескере отырып, біз оқыту барысындағы мұғалім мен оқушының
бірлескен оқу қызметінің негізгі түрлеріне тоқталуды жөн көрдік.
Оқушылардың танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсатындағы оқу
қызметінің қарқынын арттыру үш кезеңнен тұратын арнайы әдістемелік ұсыныс
жүйесінің негізінде ұйымдастырылуы тиіс: жаңа білім беруге дайындық, жаңа
білім беру және жаңа білімді бекіту. Бұл ұсыныстар оқытудың әдіс-
тәсілдерін құралдары мен түрлерін жетілдіру, қазіргі технологияларды
қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осының арқасында жаңа сабақ түсіндіру,
бекіту қайталау сияқты кезеңдерден тұратын кешенді сабақтар пайда бола
бастады.
Қазіргі заманғы оқыту техологияларын меңгеру өте күрделі де ұзақ
процесс. Кейде ол мұғаліммен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды
талап етеді. Сондықтан, мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы
кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Бір технологияның өзін әр мұғалім
орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау ьойынша немесе шығармашылықпен іске
асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық
компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен
бірге оқушы әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл
атқарады.
Оқыту технологияларын қолдану мұғалімнен фонетика саласы бойынша
қажетті теориялық және әдістемелік даярлықты талап ететіні сөзсіз.
Мұғалімдердің осы саладан даярлық деңгейін арттыру мақсатында жүргізілген
сауалнамалар мен әңгімелесулер нәтижесі олардың оқыту үрдісіне қазіргі
технологияларды пайдалану жөніндегі теориялық және әдістемелік білім, дағды
деңгейлерінің төмен екендігін байқатты.
Педагогикалық әдебиетті, жұмыс тәжірибесін қарастыру осы үрдісті
ұйымдастыру және басқару мыналарды қамтитын белгілі бір базаға негізделеді:
- білім беру технологияларының банкі, олардың тұжырымдамаларының
ақпараттық базасы, алгоритмдері, оқу-әдістемелік жағынан
қаматамасыз етілуі;
- технолдогияны таңдаудың өлшемдері;
- мектептің оқу-тәрбие жұмысына технология енгізудің механизмдері.
Мектептерде дамытушылық оқыту технологиясын енгізу үшін мынадый
тақырыптарды таңдап алуға болады. Білім беру технологиялары туралы түсінік,
олардың ғылыми негіздері және классификациясы, дамытып оқыту
технологиясының жалпы негіздері, дамытып оқыту жүйесіндегі сабақ,
әртүрлі сыныптарда пәндерді дамытып оқыту т.б. [13]. Фонетика
мәселелерін оқыту тақырыбы төңірегінде мұғалімдердің тәжірибе алмасу
семинары нәтижеде:
- ұсынылып отырған семинар мұғалімдердің кәсіби білімін, шеберлігін
жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде жүруге жол ашады,
дағдыландырады;
- әртүрлі жаңа технологиямен танысу мұғалімдерге іс-тәжрибесін
жинақтауға, өзіндік технологиясының қалыптасуына көмектеседі;
- семинар жаңалыққа деген біржаты көзқарастан сақтап, әр пәннің
ерекшелігіне қарай қажеттіні іріктеп, айыра білуге жол ашады.
Семинардың соңғы сабағында фонетикалық мәселелерді оқыту үрдісінде
білім технологиялары атты проблемдік іс-әрекеттік ойын өткізілгені абзал.
Ойын мынадай мақсаттарды қояды:
- фонетикалық білім беру технологиясы ұғымының теориялық
негіздерін ұғыну;
- мектепте фонетикалық ұғым қалыптастыруда қолданылатын
технологиялар туралы білімді жүйелеу;
- әртүрлі білім беру технологиясының өзара іс-әрекетін, олардың
мұғалімдер қолданатын оқыту құралдарымен, педагогикалық іс-
әрекеттің нәтижесімен байланысын анықтау.
Фонетикалық ұғымдар қалыптастыруда ұтымды педагогикалық технологияны
қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына,
белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Жоғарыда келтірілген
ғалымдардың еңбектерін және басқа еңбектерді зерттей отырып, педагогикалық
технологияларды атқаратын мақсат-міндеттеріне және олардың іс-әрекетіне
қарай жүйелеп бір кестеге келтірдік (кесте 1).

Кесте 1. Педагогикалық технологиялардың түрлері

Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас
педагогикасына көшу. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі дыбыстарының артикуляциясын оқытудың тиімді әдістері
Балабақшада сауат-ашуды түсіндірудің әдістері
Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері
Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгерту әдістемесі
Көмекші оқыту құралдары
Сөзді дыбыстық - әріптік талдауды оқытудың теориялық аспектілері
Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту маңызы
Шетел тілін оқыту әдістемесін меңгеру
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау
Пәндер