Телеарна бағдарлама атаулары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І тарау. Телеарна бағдарлама атаулары және көнерген сөздер . 7
1.1. Қолданыстан шыққан сөздер атау ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2. Сөздердің түпкі мағынасы «заманына» қарай қолданыста 12

ІІ тарау. Телеарна бағдарлама атаулары . ұлттық.мәдени ақпарат көзі 15
2.1. Әлеуметтік тақырыптағы бағдарламалар атауы 17
2.2. Мәдени бағдарламалар атауы. 19
2.3. Шет тілінен енген сөздер атау ретінде қолданыста 21

Қорытынды.24
Пайдаланылған әдебиеттер.25
Тіл – адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған білім – тәжірбиесінің қазыналы сарайы. Тілдің лексикалық байлығын құрайтын әр сөз сол қазыналы сарайдың қымбат мүлкі іспетті. Олай болатын себебі әр сөз ұғымдар, заттар мен құбылыстар туралы адам баласының таным процесінде қол жеткізген нәтижесінің тілдегі көрінісі. Тілдік таңбаға ие болып, тіл бірлігі болып табылатын сөзбен белгілену арқылы ғана адамның дүниені тану кезіндегі ашқан жаңалығы, тапқан тың мәліметі, жаңа ақпаратты жеке адамның ғана емес, көпшілік қауымның бір ұлттың немесе жалпы адамзаттың игілігіне айнала алады. Бұл тұрғыдан келгенде – сөз ақпарат көзі әрі сол ақпаратты жеткізудің, таратудың аса маңызды құралы болып табылады. Сол себептен де көнеріп мағынасы көмескілене бастаған әр сөздің мағыналарын анықтаудың маңызы зор. Сөз мағыналарынан көрініс тапқан сан түрлі ақпараттарды анықтау арқылы қоғамымыздың, ұлтымыздың, оның тілінің әр кезеңдегі дамуы мен ұлттық дүниетанымымыздың өзіндік ерекшеліктерін де терең тани түсу мүмкіндігіне ие боламыз. Дәлірек айтқанда, сөз жеке тұрғанда да ақпарат көзі. Біз жекелеген сөздердің мағынасы арқылы да ақпарат таратамыз немесе ақпарат ала аламыз. Лексикалық мағынасы бар әр сөз белгілі бір зат, құбылыс, іс-әрекет жөнінде ақпарат береді. Мысалы, қоғамдық көліктер мен көпшілік мекемелердің көбінің есіктерінде «кіру» және «шығу» деген бір сөз жазулы тұрады. Ондаған адамдар есікке кептелмей, осы жазуға қарап қай есіктен шығу немесе кіру керек екендігін біледі. Дүкеннің, мұражайдың немесе банктің есігінде «ашық», «жабық» деген сөз жазылған шағын ғана тақтайша ілулі тұрса, соған қарап, сол сәтте онда кіруге болатынын немесе болмайтынын ұғынамыз. Яғни бұл мысалдардан жеке тұрған сөздер де ақпарат беріп тұрғанын көре аламыз.
Зерттеуге алған тақырыбымыз – «Телебағдарлама атаулары – ұлттық-мәдени ақпарат көзі». Жоғарыдағыдай мысалдарды зерттеуге алған
1. Әлімбек Г. Сөз және ақпарат. Алматы: «Атлас баспасы – 2001», 2006.
2. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. Алматы, 2004.
3. Абдрахманова Ж.М. Тіл мен дүниетаным сабақтастығы. Ф.ғ.к. дис. ... авторефераты. Алматы, 2004.
4. Көшімова Б.Ә. Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі. Ф.ғ.к. дис. ... авторефераты. Алматы, 2001.
5. Тектіғұлова Ж. Қ.Жұбанов және қазақ тілі тарихи грамматикасының проблемалары. Ф.ғ.к. дис. ... авторефераты. Алматы, 1994.
6. Айқын газеті. 17, 24 қаңтар, 2008ж.
7. Караван газеті жинағы.
8. Приуралье газеті жинағы
9. Лурия А.Р. Язык и сознание. – Москва, 1979.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І тарау. Телеарна бағдарлама атаулары және көнерген сөздер . 7
1.1. Қолданыстан шыққан сөздер атау ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2. Сөздердің түпкі мағынасы заманына қарай қолданыста 12

ІІ тарау. Телеарна бағдарлама атаулары – ұлттық-мәдени ақпарат көзі 15
2.1. Әлеуметтік тақырыптағы бағдарламалар атауы 17
2.2. Мәдени бағдарламалар атауы. 19
2.3. Шет тілінен енген сөздер атау ретінде қолданыста 21

Қорытынды.24
Пайдаланылған әдебиеттер.25

Кіріспе

Тіл – адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған білім – тәжірбиесінің
қазыналы сарайы. Тілдің лексикалық байлығын құрайтын әр сөз сол қазыналы
сарайдың қымбат мүлкі іспетті. Олай болатын себебі әр сөз ұғымдар, заттар
мен құбылыстар туралы адам баласының таным процесінде қол жеткізген
нәтижесінің тілдегі көрінісі. Тілдік таңбаға ие болып, тіл бірлігі болып
табылатын сөзбен белгілену арқылы ғана адамның дүниені тану кезіндегі
ашқан жаңалығы, тапқан тың мәліметі, жаңа ақпаратты жеке адамның ғана емес,
көпшілік қауымның бір ұлттың немесе жалпы адамзаттың игілігіне айнала
алады. Бұл тұрғыдан келгенде – сөз ақпарат көзі әрі сол ақпаратты
жеткізудің, таратудың аса маңызды құралы болып табылады. Сол себептен де
көнеріп мағынасы көмескілене бастаған әр сөздің мағыналарын анықтаудың
маңызы зор. Сөз мағыналарынан көрініс тапқан сан түрлі ақпараттарды анықтау
арқылы қоғамымыздың, ұлтымыздың, оның тілінің әр кезеңдегі дамуы мен ұлттық
дүниетанымымыздың өзіндік ерекшеліктерін де терең тани түсу мүмкіндігіне
ие боламыз. Дәлірек айтқанда, сөз жеке тұрғанда да ақпарат көзі. Біз
жекелеген сөздердің мағынасы арқылы да ақпарат таратамыз немесе ақпарат ала
аламыз. Лексикалық мағынасы бар әр сөз белгілі бір зат, құбылыс, іс-әрекет
жөнінде ақпарат береді. Мысалы, қоғамдық көліктер мен көпшілік мекемелердің
көбінің есіктерінде кіру және шығу деген бір сөз жазулы тұрады. Ондаған
адамдар есікке кептелмей, осы жазуға қарап қай есіктен шығу немесе кіру
керек екендігін біледі. Дүкеннің, мұражайдың немесе банктің есігінде
ашық, жабық деген сөз жазылған шағын ғана тақтайша ілулі тұрса, соған
қарап, сол сәтте онда кіруге болатынын немесе болмайтынын ұғынамыз. Яғни
бұл мысалдардан жеке тұрған сөздер де ақпарат беріп тұрғанын көре аламыз.
Зерттеуге алған тақырыбымыз – Телебағдарлама атаулары – ұлттық-мәдени
ақпарат көзі. Жоғарыдағыдай мысалдарды зерттеуге алған тақырыбымыздан
көптеп кездестіруге болады. Алайда ешқандай контекссіз мағынасы арқылы
қажетті ақпарат ала алсақ та, бүгінгі күнде кеңінен қолданылатын сөздер.
Бір ескерте кететін жайт, қазақша бағдарлама атаулары қазір қандай деңгейде
және барлығына бірдей түсінікті ме?
Қазіргі ақпарат ғасырында электронды ақпарат құралдарының ішінде
теледидардың орны айрықша. Әр минутын бағалайтын, газет-журнал оқып отыруға
уақыты жете бермейтін қалың жұртшылық көбінесе телеарналар арқылы ақпарат
алуға көп ден қояды. Бүгінгі уақытта жұртшылықтың басым бөлігінің
теледидардан ақпарат алатыны да құпия емес.Алайда бұл орайда мәселенің
мына қырына да назар аударудың қажет екендігі сөзсіз.
Қазіргі заман – ақпарат заманы. Ал ақпарат алуда ешбір арна (канал)
тілмен теңесе алмақ емес. Ақпараттар ағыны сөз тасқыны - әсіресе
экономикалық, қоғамдық – саяси өмірдегі бетбұрыс, елдік, еркіндік, тілдің
тыныс алуымен, түбегейлі өзгеріспен байланысты реформация кезінде болып
отыратын қоғамдық құбылыс, - деп жазады тілші – ғалым Н.Уәлиұлы [1, 69].

Ғалымның қазіргі ақпарат заманындағы тілдің ролін айрықша атап көрсетуі
өте орынды. Оның ақпарат ағыны сөз тасқынын туғызады деген пікірі де еш
талас туғызбайды.
Атқаратын қызметі жағынан, қолданылу ерекшелігі, ол атаулардың
семантикалық жағынан бірыңғайлылығына, ортақтығына, яғни атаулардың белгілі
бір ұғымдар мен түсініктерді білдіруге қатысына қарай қолымызда бар
материалдарды түрлі тақырыптар төңірегінде топтастыра отырып зерттеуді жөн
көрдік.
Ғылыми жұмыстың зерттеудегі негізгі нысаны – Қазақстан
телеарналарындағы қазақша бағдарлама атаулары.
Бұл мәселе жалпы тіл білімінде өте аз зерттелген. Ал қазақ тіл білімнде
сөз арасында айтылған жекелеген ой – пікірлер болмаса, арнайы зерттеу
нысаны ретінде әлі қарастырыла қоймаған. Сондықтан негізгі мақсатымыз –
бағдарлама атауларын жинап, тізімдеп қана қоймай, мазмұнына, тілдік нормаға
сай немесе еместігін саралау, ақпараттың мағынасын ашу.
Ғылыми жұмысқа қатысты материалдарды жинау барысында қазақша
атаулардың небір шетел сөздердің шаңында қалғанын көріп қынжылсақ, кейбір
атаулар – көнерген сөздер қатарынан болып шықты. Бұл жағдайда көбіне
бағдарлама атауларының авторына қатысты екендігі айдан анық. Алайда
көптеген жағдайда берілетін ақпараттың атауы емес, мазмұны мен мәтініне
басты назар аударып, берілген уақытта әйтеуір өздерін жарнамалап
үлгеретіндердің қатары күннен-күнге көбеймесе, азаяр емес. Бірақ айтар
ойымыз бен талқылар мәселеміз бұл емес. Бастысы кез келген ақпарат атауының
(мейлі музыкалық бағдарлама, мейлі жаңалықтар қызметі) мәні мен маңызы
болуы шарт.
Ғылыми жұмыс екі тараудан, алты тараушадан тұрады. Зерттеу жұмысымыздың
бірінші тарауында телеарна бағдарлама атауларының ұлттық сипатын қозғай
келіп, ұлттық бояуы бар атауларды бөліп қарастырдық. Оның ішінде
қолданыстан шыққан сөздердің атау ретінде қайта тілімізге оралған атаулар
және сөздердің түпкі мағынасы заманына қарай ауысып айтылуы. Ақпарат алуда
ұлттық сипаттағы атаулардың рөлі ерекше. Алайда телеарна атауларының жалпы
саны 107 болса, соның ұлттық сипаттағы бағдарлама атаулары 18-і ғана. Осы
сараптаудан-ақ тіліміздің қаншалықты деңгейде ұлықтап жүргенімізді білу
қиын емес. Ал екінші тарауда заманауи атауларды жинақтап, берілетін
ақпараттың атауына да, затына да мән бере отырып, зерттедік. Яғни бұл
тарауда бағдарлама атауларын жәй қарастырмай, өз ішінен мағынасына қарай
әлеуметтік, мәдени бағдарлама атаулары және шет тілінен енген сөздер
қолданыста деп бөліп қарастырдық. Жалпы бұл тарау бойынша бағдарлама атауы
99 болса, соның ішінде әлеуметтік мәселелерді қамтитыны 53, мәдениет
жөнінде бағдарлама атаулары 31 және қалғандары шет тілінен енген атаулар.
Бұл бағдарлама атауларының да өзіндік мәні бар. Алайда атаулардың түпкі
жағына үңілсек, шет тілден енген сөздер ана тіліміздің сөздік қорының
азаюына әкеліп соғады. Бұдан шығатын тағы бір мәселе – қолданыстағы
атауларды тілімізге енгізу арқылы тіл тазалығын бұзуы. Соңғы кезде
тілімізге енген kz секілді сәнге айналған сөздер жеткілікті. Осы
секілді не мән, не мағына жоқ сөздерді әдеби тілдің нормасына нұқсан
келтіретін, тіл мәдениетінің сақталуына зиянын тигізетін сөздер ретінде
олардың қолданысын мүлде құптамайтын, тілді орынсыз шұбарлайтын сөздер
ретінде қарайтын тіліші ғалымдар да жоқ емес. Алайда тілдің сөздік
құрамындағы олардың алатын орны анықталған деу қиын. Бізде сөз арасында
айтылған пікірлер болмаса, арнайы зерттеліп, қазақ тілінің лексикалық
құрамынан олардың алатын орны, үлесі, жалпы сан мөлшері көрсетілмеген.
Сондықтан бүгінгі қарастырып, зерттеп, зерделеген басты тақырыбымыз –
телебағдарлама атауларының мағынасы.

І тарау. Телеарна бағдарлама атаулары және көнерген сөздер

Ақпаратты түрлі жолмен алуға немесе таратуға болады. Алайда ғалымдар
қай кезеңде де адам тілінің қарам – қатынастың аса маңызды құралы екендігін
жан – жақты дәлелдеп келеді. Сол тіл бірлігі болып саналатын сөз мағынасы
арқылы ақпарат тарату мәселесіне жеке көңіл аудару, арнайы қарастыру жағы
әлі де қолға алынбай келеді.
Сөз арқылы біз ақпарат аламыз және ақпарат таратамыз, яғни қарым-
қатынас барысында сөз арқылы ақпарат алмасамыз. Сөздің бұл қасиеті тіл
білімінде арнайы қарастырыла қоймағанымен, отандық тіл білімінде де, шет ел
ғалымдары арасында да оған назар аударғандар болды. Мысалы, нейролингвист
А.Р.Лурия Сөз тек ойлау құралы ғана емес, сондай-ақ қарым – қатынас
құралы да болып табылады. Кез келген қарым – қатынас – басқаша айтқанда,
ақпарат тарату – сөздің белгілі бір нәрсені көрсетіп қана қоймай, міндетті
түрде сол нәрсе туралы мәліметтерді жинақтауын, талдап қорытуын талап
етеді - деп атап көрсете отырып, бұл пікірін дәлелдейтін бірнеше деректер
келтіреді.
Ғалымның сөздің ойлау мен қарым-қатынастың құралы екендігін атап
көрсете отырып, оны психологиялық, психолингвистикалық, нейролингвистикалық
тұрғыдан дәлелдеуі бұл саладағы тың ғылыми нәтижелер қатарына енеді. Сөз
табиғатин таза лингвистикалық тұрғыдан ғана емес, оны ми қызметімен, ойлау
категориясымен, адам санасымен тығыз байланыста зерттеу ғалымның өзі
негізін салған нейролингвистиканың әдісі болып табылады. Ал енді қарым –
қатынасты ақпарат тарату дегеніне келсек, бұл процестің мазмұны мен мәні
айқындала түседі деген ойдамыз.
Ғалым көрсетілген еңбегінде сөздің қарым-қатынас құралы екендігі
туралы ойын қайта-қайта негіздеп айта отырып, өз пікірін жан-жақты
тұжырымдайды. Мысалы жоғарыдағы біз дәйексөз ретінде келтіріп отырған ойын
қайталай келіп, ол ойын былайша түйіндейді: белгілерді дерексіздендіре
(абстракциялау) әр зат жөнінде жалпы мәлімет бере отыра, сөз ойлаудың және
қарым – қатынастың құралы болып қалыптасады [1,40 - 41].
Соның ішінде атаудың ұлттық сипатқа ие болуы да маңызды. Енді біз
талдайтын мәселе төмендегідей:
- ақпарат алуда ақпарат атауы (телебағдарлама атауы) қаншалықты
маңызды?
- Телебағдарлама атауларының ұлттық сипаты қандай деңгейде?
Ұлттық сипатты беруде атаулардың мәні зор екендігі айқын. Ал сол
атаулардың мағынасын жан-жақты қарастырып, тереңірек зерттеу кезек
күттірмейтін мәселе. Өзге елдердің кейбір жекелеген тілші-ғалымдарының
еңбектерінде сөз мағынасы, атаулар сөз болғаны болмаса, бұл мәселе жалпы
тіл білімінде өте аз зерттелген. Ал қазақ тіл білімінде сөз арасында
айтылған жекелеген ой-пікірлер болмаса, арнайы зерттеу нысаны ретінде әлі
қарастырыла қоймаған.
Соңғы жылдары тіл білімінде когнитивтік бағыттағы зерттеулерде әлемнің
тілдік бейнесі (языковая картина мира) деген термин жиі қолданылып жүр. Осы
бүкіл әлемнің тілдік бейнесі әр ұлттың тілінен өзінше көрініс табады. Ұлт
өзінің өмір сүру ортасы мен тұрмыс-салт ерекшеліктеріне сәйкес әлем
бейнесін сомдайды. Бұл ретте қазақ тілінің оның тұрмыс-тіршілігімен тікелей
байланыстылығы жөніндегі ұлтымыздың аса көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың
өткен ғасырдың 20-жылдары (1922 жылы) айтқан мына пікірі айрықша назар
аудартады: Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі
айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сайран даласы, біресе
желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере
көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр.
Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінен
қазақ тілінен бай, оралымды терең тіл жоқ. Ұлт өмірінің барлық қырының
оның тілінен көрініс табатынын мағжан ақындық интуициямен, ұлт жанын жақсы
түсінетін елжандылықты, жұртын сүйе білген үлкен перзенттік жүрекпен әрі
аса білімдарлықпен дәл басып айта білген.
Адамзат баласының болашақ үшін қоғамдық, мәдени-
әлеуметтік,экономикалық т.б. күресі, сан ғасырлық тарихы, рухани
жаңғырулары ұрпақтан-ұрпаққа сол ұлттың тілінде сақталуы арқылы жетеді. Ана
тілінің өміршеңдік қызметінің қуаты мен құдіреті негізінде жаңа ұрпақ
ұлтымыздың көне тарихы мен мәдениетін дұрыс танып білуге бастау алады. Осы
бастаулар кешенді тіл ғылымының көкжиегінде ұлттық мәдениеттің көзі ретінде
тағылымдық мәні зор ұлттық тілдің өн бойынан табылады. Осымен байланысты
тіл табиғатының қыр-сыры өзге ғылым салаларымен (филология, мәдениеттану,
антропология,психология, мифология, этнография) т.б. тығыз қарым-қатынастың
негізінде танылып, зерделеніп отыр. Өйткені, ұлттық тілдің болмысын шынайы
тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры
сол тілде сөйлеуші этностың ғасырлар бойы тарихымен, тұрмыс – салтымен,
мәдениетімен, дәстүрлі ментелитетімен тікелей байланысты екені сөзсіз [3,
3].
Тілді табиғатын ұлттың тарихымен, таным түсінігімен байланыста тани
түсудің қажеттілігінің мәнін тіл білімінде соның ішінде қазақ тіл білімінің
де ұлттық танымға негізделген жаңа үрдісті зерттеулері көрсетіп отыр.
Мұндай үрдісті зерттеулері көрсетіп отыр. Мұндай бағыттағы жұмыстардың
жүргізілуі ұлттық болмыс пен тұрмыс-тіршілігіне, танымына қатысты
ерекшелікті сипаттап, сайып келгенде, тіл мен ұлттың тығыз бірлікте екенін
дәйектейді.
Әлемдік лингвистикалық ой-тұжырымдарда этнос тілінің ұлттық
мәдениетпен тығыз байланыстылығы, ұлт мәдениеттің сол этностың тілінде
сақталып, дамып, болашақ ұрпаққа жеткізілетіндігі туралы идея атақты ғалым
В.фон Гумбольдтың Тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады
деген белгілі концепциясынан бастау алады [5, 4].
Тіл мен мәдениет тақырыбына ерекше назар аударған ғалымдардың ішінде
отандық ғалымдарымыздың да есімдерін атауға болады. Бұл бағыттағы
зерттеулердің Қазақстандық ғалымдардың назарынан да тыс қалмағандығын
байқауға болады. Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Б.Шалабай, Б.Момынова,
Т.Әзімжанова, К.Еңсебаева, Б.Мұратбек, т.б. зерттеулері аталмыш тақырыпқа
негіз болған. Академик Ә.Қайдар: Тілде халықтың бүкіл тыныс – тіршілігі,
оның шын мәніндегі (табиғи) болмысы мен дүниетанымы сақталған дейді [3,
8].
Ұлттық тіл ұғымы сонымен қатар ұлттық психологияман де тығыз
байланысты. Ол да көркемдік мән үшін аса маңызды компонент. Ал көркемдік
мән ұғымына келер болсақ, әдебиеттанушы М.Б.Храпченка өз еңбегінде
көркемдік мәнге тән 4 түрлі белгіні көрсетеді:
1) дүниенің мәндік қасиетін, сипатын бейнелеу және топтастыру,
адамның рухани өмірінің қиындықтарын ашу;
2) шығармашылықтың объектісі болып табылатын барлық нәрселерге
эмоциональдық қатынаста бейнелеуі;
3) идеалдық жетілгендіктің, өмір, табиғат сұлулығының көрінуі,
эстетикалық маңызды заттық дүниені құру;
4) шығармашылық образдылыққа тән және сонымен байланысты
эстетикалық әсер теу күші бар оқырманға, көрерменге,
тыңдарманға бағытталған ішкі ұстаным [5, 14].
Жоғарыдағы дәйексөздерді неге келтірдік? Себебі ұлт дүниетанымын
білдіретін тілдің қызметін көрсетіп анықтау өзекті мәселелердің қатарында
саналады. Тіл – ұлт мәдениетінің айнасы. Сондықтан тіл тек қатынас құралы
ғана емес, ұлт пен ұлттың арасындағы мәдени қатынас жасаудың да негізгі
көзі болып табылады. Біздің де қазақ тілінің осы қызметін, сол қызметті
атқара алудағы мүмкіндіктерін ашып көрсету мәселесіне көңіл бөлінді. Осы
тұрғыдан келгенде, қазақ халқының ұолданушытілі ретінде қазақ тілі де қазақ
ұлтының мәдени құндылықтарын өз тілдік бірліктері арқылы өзге ұлт
өкілдеріне жеткізуге, қарым-қатынас негізінде ұғындыруға негіз болатын
тілдердің қатарына жатады. Былайша айтқанда, мәдени қарым – қатынастың
ұйытқысы бола алады.
Ұлттық сипатымызды айқындайтын телебағдарлама атаулары соған дәлел.
Мәселен, Алтын бесік бағдарламасы атауының өзі көпшілік көрерменді атымен
– ақ қызықтырары сөзсіз. Қазақта бесік киелі, әр жас сәбиге тиесілі нәрсе
деп есептелсе, алтын - қымбат, маржанмен пара-пар бағалы әшекей саналады.
. Тілімізде Тәрбие басы – талбесік деген қанатты сөз де бар. Мынадай
жағдайда Алтын бесіктің жөні тіптен ерекше. Бұл атаудың өзінен белгілі
бір ақпарат ала аламыз. Мәселен, орыс тілінде телебағдарлама Золотая
колыбель деп аталса, көпшілік үшін ол соншалықты керемет нәрсе болмауы
мүмкін. Ал қазақ тілінде бұл бұрыннан келе жатқан өзіндік тарихы бар, салт
– дәстүріміздің бір түрі. Бұл атаудан-ақ берілетін ақпараттың жақсы,
тарихпен сабақтасатынын білу қиын емс. Телебағдарламаның Алтын бесік
деген атауымен жерлестеріміздің нені айтқысы келгенін бірден аңғаруға
болады. Өлкеміздің тарихи тұлғаларын ұлықтап қана қоймай, өмірі мен өнері
туралы сыр шертетін бұл телебағдарлама осындай тұлғаларды дүниеге әкелген
Ақжайық өңірін Алтын бесікке теңеген екен. Яғни берілетін ақпараттың да
атаудың аясында екені атынан белгілі.

1.1. Қолданыстан шыққан сөздер атау ретінде

Шығармашылық образдылыққа тән және сонымен байланысты эстетикалық әсер
теу күші бар оқырманға, көрерменге, тыңдарманға бағытталған ішкі ұстаным –
бұл берілетін ақпарат, яғни телебағдарлама атауларының тілге жеңіл,
жүрекке жылы болуы. Қолданыстан шыққан сөздерді жоғарыда аталғандай, басты
принцип санайтындар атау ретінде қояды. Себебі тың мәлімет ашқандай әсер
берері анық, екіншіден, берер мағынасы да көп. Қазіргі таңда қолданыста
болмағанымен, телебағдарлама атауы ретінде отандық телевидениеде кездесетін
атаулар саны – 8. Бұлар Жәдігер, Жебе, Аллажар, Әй, керім, Мұра,
Ғибрат, т.б. Яғни аталмыш атаулар өз дәуірінде маңыздылығы зор болғаны
баршамызға аян, бірақ бүгінгі күнде ешқандай мән үстемейді деп айта
алмаймыз, сонда да қолданыста сирек кездесетіндер. Жәдігер деп сонау
патша заманы немесе ел билеушісі хан болған кезде құнды дүниені осылай
атап, ол жәдігер дүние екінің бірінде болмайтынын ескерсек, бүгінде
телебағдарлама атауы. Жәдігер бұрынғы түсінік бойынша мағына үстеп те,
атау ретінде аталады. Ақпарат беруде де сондай құнды деректер мен заттарды
бейнетаспадан көрсету арқылы, көрермен мен тыңдарманды сөзсіз өзіне тартары
ақиқат. Ал Жебе -
садақтың оғы, өз заманындағы батырлардың қаруы. Көздеген міндетіне жетуде
жебені пайдаланған және дәл атқан жеріне тигізген. Қазіргі кезде садақ пен
жебенің заманы өткен шақта қайдағы жебе деп әрбір тыңдармен ойланары хақ.
Алайда ауыспалы мағынада жебені сөздің жебесіне алмастырған. Яғни
талданатын тақырыпты көздей отырып, жетер межені жебеге теңейді.
Телебағдарлама атауы ретінде болса да сөздеріміз қолданысқа оралып жатса
неге қуанбасқа. Бірақ ақпарат алмасуда тыңдарман, көрермендеріміздің
түсінбей жататынын мойындауымыз қажет. Тіл – қарым – қатынас құралы
болғандықтан, ұлтқа түсінікті,соның ішінде ұлттық бағытта болғаны жақсы.
Әй, керім – балаларға арналған бағдарлама. Бұндағы басым болып
тұрған тірек сөз керім, яғни ең жақсысы деген мағынада қолданылып тұр.
Бұл балаларға арналған бағдарлама қазіргі кезде архаизмдерді жаңғыртуда
алатын орны зор. Телебағдарлама атауы ретінде балаларды ең жақсыға теңеген
нағыз атау осы.
Жалпы тіліміздегі Алла, Тәңір, Құдай, Жаратушы, Құдірет сөздерінің
мағыналары бар. Қааазақ тіліне араб – парсы тілінен енген сөздердің
мағыналарын түсіндірген еңбегінде Е.Бекмұхамбетов АЛЛА сөзінің мағынасын
мифологиялық діни түсінік бойынша бүкіл дүниені, адамзатты, жан – жануарды
жаратушы - деп түсіндіреді [1, 143]. Ендеше Аллажар атауының да өзіндік
мағынасын түбірінен-ақ түсінуге болады. Сипаттамалы анықтамаларды да
қарасақ, ұғымның ортақтығын, мағынаның бір екендігіне көз жеткізуге болады.

Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз, һәм
басқа адамдардың ойларын біле аламыз. Сол секілді атау арқылы берілетін
ақпаратты біле аламыз. Сондықтан телебағдарлама атаулары әрі түсінікті, әрі
ұлттық бояуға қанық болуы шарт.

1.2. Сөздердің түпкі мағынасы заманына қарай қолданыста

Ертедегі ұшан – теңіз әдеби мұрамыз бен сөйлеу тілімізде кездесетін
бұл күнде не мүлде түсініксіз немесе мән – мағынасы өзгеше түсінілетін бір
алуан сөздердің сырын ашу үшін олардың өздерін сөйлеттік Бұл сөздер өз
табиғатын таныту үшін ғана сөйлеп қана қоймайды, халқымыздың өткендегі
тарих көшінен де хабар береді, - дейді тілші – ғалым Рабиға Сыздықова.
Яғни атауларды қолдануда жаңа мағына үстеп, көне сөздерді жаңарттық.
Мысалы, Ой дода, Намыс дода, Алдаспан, Аламан айтыс, Көкпар,
Бітімгер, Төртеу түгел болса..., Тіл тірегі, Жеті өнер т.б. Барлығы
– 10.
Ғылыми жұмысымыздың бұл тараушасына жатқызылған сөздердің түпкі
мағынасы заманына қарай қолданыста. Әрине, тыңдарман тілдегі сөздердің
этномәдени, ғылыми, тағы да басқа мәнін бір тілде сөйлеушілердің бәрі
бірдей біліп, олардың мағыналардағы ақпараттарды біркелкі қабылдай алмайды.
Мәселен, Ой дода, Намыс дода атауларындағы дода сөзінің мағынасын
бүгінде жұрттың бәрі жақсы түсінеді деу қиын. Негізгі мағынасы: 1) ат
үстінде көкпарға таласып, көкпар тартысы болса, бүгінде 2) ауыспалы
мағынасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парасат Телеарна қызметкерлерінің деректер қорын жобалау
Қазақ телевизиясының алғышшартары
Телебағдарламадағы журналистің позициясы
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
Қызылорда облысы және Жамбыл облыстық аймақтық арналары Qyzylorda телеарнасы, Zhambyl арнасы
«Әл - Жазира» телеарнасының хабар беру ерекшелігі
Отандық телеарнадағы шетел экспанциясы
ҚAЗAҚСТAН ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕAРНAСЫНДAҒЫ РЕКРЕAТИВТІК БAҒДAРЛAМAЛAРДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі
Пәндер