Лингвомәдениет


МАЗМҰНЫ:
Кіріспе 3
І тарау. Лингвомәдениет туралы теориялық түсінік 5
- тіл мен мәдениеттің байланысы, өзара әсері 5
- Лингвомәдениеттанудың негізгі зерттеу нысаны - лингвомәдени бірліктер 13
ІІ тарау. Әйел қолөнеріне байланысты атаулардың лингвомәдени сипаты 24
- Әйел қолөнеріне байланысты атауларды зерттеудің лингвомәдени аспектісі 24
- Әйел қолөнерінің қазақтың дәстүрлі мәдениетімен сабақтастығының тілдік дәйектері (тері, жүн, шиден жасалған бұйымдар) 27
- Әйел қолөнеріне байланысты атаулардың лексика-семантикалық, тақырыптық топтарының этномәдени мазмұны 31
- Әйел қолөнеріне байланысты атаулардың ономасиологиялық негіздері 34
Қорытынды 54
Пайдаланылған әдебиеттер 55
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мәдениет ұғымы өте кең. Мәдениет сөзі әртүрлі түсінікте қолданылып жүр. Күнделікті қолданыста мәдениет сөзін адам қасиетін бағалауыштық сипатта жұмсайды, яғни, мәдениетті адам дегенде әдепті, салиқалы, адамгершілік қасиеттерімен көрінетін кісі туралы ой туады. Мәдениет сөзіне кейбір мәліметтерге сүйенсек, екі жүз елуден астам анықтама берілген екен. Бұл ұғым соңғы кездері жан-жақты зерттеу нысанына айналуына әлемдегі әрбір ұлттың өзіндік мәдениетін дүниежүзі өркениетінде алатын орнын айқындау себеп болып отыр.
Мәдениет көптеген пәндермен де байланысты да. Мысалы, қазақ мәдениеті дегенде, оның өткен мәдениетін тарихпен, этнография, философия әдебиет, психологиямен байланыстырады. Өзге ұлтты өз мәдениетімізбен таныстыруда тілдің маңызы зор. Тіл құралдары арқылы көптеген ұлттар сол елдің мәдениеті, тұрмыс-тіршілігімен етене жақын танысады.
“XXI ғасыр гуманитарлық ғылымдар ғасыры болмақ” - деп, Д. Лихачев айтып өткендей осы ғасырда гуманитарлық ғылымдар қатары толысып, жан-жақты зерттеулер аясына айналуда. Осындай құбылыс тіл ғылымы саласында да болып жатыр. Сөзімізге дәлел келтірер болсақ, лингвистика мен мәдениеттанудың қосылған ынтымақтастығы нәтижесінде - лингвомәдениеттану пайда болды.
Лингвистикалық мәдениеттану негізінен лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің шектескен нүктесінде пайда бола отырып, халық мәдениетінің тілге әсер етуін жан-жақты зерттейтін ғылым.
Еліміз егеменділік алып, оның ұлттық тілі мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қоғамда да тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңеріп жаңарып келе жатқандай күрделі де кешенді үрдіс байқалады. Осымен байланысты рухани мәдени мұрамызды ежелден келе жатқан рухани тәжірибе негізінде қорытып, тарихи қызметін саралап, қайта бағалауға бағытталған кең арналы да терең зерттеулердің қажеттілігі туып отыр.
Лингвомәдениеттанудың ең өзекті мәселесіне адам (тіл мен мәдениетті тұтынушы ретінде қарастырылады) жатады: сол мәдениеттің өкілі ретінде көрсететін оның фондық білімі, мінезқұлық нормасы, бұл оның гуманистік сипаты туралы айтуына мүмкіндік береді. Сондықтан да тіліміздегі әйел қолөнеріне байланысты атаулардың лингвомәдени сипатын айқындау зерттеу жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Дипломдық жұмысты жазу барысында тіліміздегі әйел қолөнеріне байланысты атаулардың тілдік-мәдени сипатын айқындауды мақсат еттік. Осы мақсатқа жету жолында төмендегіше міндеттерді орындадық:
- Тіл мен мәдениет мәселесі тұжырымдамаларын талдау, жүйелеу.
- Лингвомәдениеттанудың ғылыми негіздерін ашу.
- Лингвомәдениеттану нысандарына жүйелі талдау ұстанымдарын жасау.
- Тіліміздегі әйел қолөнеріне байланысты атауларға тілдік талдау жасау және сол арқылы ұлттық болмысымызды айқындау.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу жұмысында талдау, сипаттама жасау, салыстыру және басқа зерттеулердегі лингвистикалық ой-пікірлерді, тұжырымдарды қорыту әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылған.
І тарау. ЛИНГВОМӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІК
1. 1. тіл мен мәдениеттің байланысы, өзара әсері
Тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы мәселесі қазіргі ғылымда көптен бері қарастырылып, әртүрлі бағытта зерттелуде.
В. Гумбольдттың еңбектерінде осы мәселені шешуге талпыныс жасалған. Оның концепциясының негізгі мынандай:
- материалды және рухани мәдениет тілден көрініс табады;
- барлық мәдениет ұлттық болып келеді, оның ұлттық сипаты тілде әлемді ерекше көру арқылы көрініс тапқан; тілдің әрбір халыққа тән ішкі формасы бар;
- тілдің ішкі формасы дегеніміз - бұл «халықтың рухы» мен оның мәдениетінің көрінісі;
- тіл - адам мен оны қоршаған ортаны байланыстырушы [1, 34] .
Тіпті, қандай да бір тілді игерген екі адам бірбірін үнемі дұрыс түсіне бермейді, бұған себеп - сол екі адам мәдениетінің өзгешелігі.
Тіл өте күрделі құбылыс. Тіл - адамдар арасындағы байланыстырушы құрал; тіл - жер шарында өмір сүріп жатқан халықтар тілдері семьясының бір мүшесі (мысалы, Алтай тілдік семьясы; Үнді тілдік семьясы және т. б. ) ; тіл - адамдар арасын байланыстырушы белгілер жүйесі; тіл - бұл стиль (мысалы, роман тілі, автор тілі т. б. ) ; ақпарат пен бағдарламалауды сипаттайтын және оны компьютерде өңдейтін тілдерде бар (мысалы, бағдарламалау тілдері - алгол, бейсик т. с. с. ) .
ХХ ғасырдың соңында тілдің осындай жеті мағынасына тағы бір мағына қосылды: яғни, мәдениет тілі, ойымызды В. А. Маслованың сөзімен толықтырған жөн болар: «язык как продукт культуры, как ее важная составная часть и условие существования, как фактор формирования культурных кодов».
Тілдің ең маңызды қызметіне оның мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі жатады. Сондықтан да, тұлға, ұлттық мінезқұлық, этникалық қоғам, ұлт пен ұлысты қалыптастыруда тілдің маңызы зор. Материалды мәдениеттің қандай да бір нысандарын атау үшін әртүрлі тілдерде арнайы терминдер қолданылады (мысалы, тамақ, сусындар) . Осындай терминдердің болуы осы мәдениетке тән ерекше әдетғұрып, құндылықтар жүйесінің ерекшелігінен хабар береді.
Құндылық ретінде мәдениет феноменіне деген қызығушылық қазіргі уақытта әртүрлі жағдайда анықталып жүр. Академик В. И. Вернадский айтпақшы, қазіргі заманғы өркениет қоршаған ортаны өзгертіп ноосфераға айналдыруда. Осындай процес те мәдениет шығармашылық өмір құрылымы, қоғамдық жаңашылдықтың қайнар көзі ретінде бағаланады [2] .
Қоғамдық ғылымдар саласында мәдениетті зерттеудің ұзақ тарихы бар. Көне Қытайда мәдениет термині вень - білімнің барлық саласында қолданылатын. Антикалық танымда мәдениет түсінігі пайдейей мен , яғни білімділікпен ұштастырылатын еді. Рим философы Цицерон (б. з. д. 106-43 ж. ж. ) философияны жан мен рух мәдениетімен қатар қойған. Платонның анықтамасы бойынша мәдениет барлық адамның өз мәнін өзгертуге басшылық ету деген сөз. ХІХ ғасырдың соңында американдық мәдениеттанушылар Альфред Кребер мен Слайд Клехон мәдениет мәселесіне арналған өзара зерттеулерінде осы түсінікке аса қызығушылық танытқан. Осы саладағы көптеген зерттеулерге қарамастан мәдениет түсінігіне бірегей түсініктеме берілмей келеді.
Әдетте мәдениет сөзімен қоғам дамуының тарихи нақты деңгейін адам өмірі және қызметін ұйымдастыру түрі мен формаларынан көрінетін адамның шығармашылық күші мен мүмкіндігін түсіндіреді.
“Мәдениет (латын тілінен шыққан cultura - өсіру, өңдеу) - адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылық қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т. б. жасау) және затсыздандыру (мәдени мұраны меңгеру) процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады” [3] .
Қазіргі кездегі мәдениет теориясында бір зерттеушілер мәдениетке төрт жүзден астам анықтама берілген десе (В. В. Воробьев), келесі бір топ зерттеушілер оның санын мыңға дейін жеткізеді [Гуревич, Драч] . Осыған байланысты мынаны айта кеткен жөн, әр зерттеуші мәдениет феноменін әрбір қырынан қарастырып, мәдениеттің мәнін, оның даму болашағы туралы қарама-қайшы көзқарасын білдіріп жатады. Кейбір зерттеушілер мәдениетті адамзаттың ең бағалы тарихи жетістігі деп санаса, енді біреулері осы түсінікке мүлдем қарама-қарсы пікір айтады. Кейбіреулері мәдени процесс мүмкіндігіне тек күмәнданып қана қоймай, оны тіптен жоққа шығарады.
Көптеген ғалымдардың лингвистикалық және лингводидактикалық зерттеулерінде мәдениет адамзаттың өндірістік, қоғамдық және санасына қатысты жетістіктер жиынтығы ретінде анықталады. Адам қызметінің әртүрлілігіне байланысты материалды (еңбек құралы, баспана, тұрмыс бұйымдары, киім, транспорт құралдары т. б. ) және рухани мәдениет (таным, өнегелілік, тәрбие мен ағартушылық, құқық, философия, өнер, әдебиет, тіл, мифология, дін, т. б. ) деп екіге бөлінеді. Осылай бөліну шартты, өйткені, өмірде бұл құбылыстар бір жағынан рухани негіз болса, екінші жақтан - мәдениеттің руханилығы материалды салада іске асып, оған сүйенеді, оны түсіндіреді, яғни, рухани мәдениет пен материалды мәдениет арасында тығыз байланыс бар.
Тіл ғылымында, әдістемешілер философтардың ізінше адам қолымен жасаған мәдениет пен табиғат жаратқан мәдениет туралы түсініктен шыққан анықтамалар өте құнды деп қолдайды. Осы мағынада қолданылатын “мәдениет” - түсінігі адам қызметінің тәсілі мен өнім жиынтығы болып табылады. Осыған байланысты, әдетте халық мәдениеті жалпы мағынада оның өмірге көзқарасы, оның идеологиясының жиынтығымен түсіндіріледі.
Мәдениет сияқты күрделі құбылысқа бірегей, көлемді әрі бәрі мойындайтын анықтама беру мүмкін еместігіне көз жеткіземіз. Сонымен қатар, біздің жұмысымыздың аясында мәдениет түсінігіне берілген анықтамалардың бәрін талдай алмаймыз. Мәдениет туралы түсінікті толықтай анықтайтын кейбір көзқарастарды ерекше көрсету жеткілікті деп санаймыз.
Біріншіден, “мәдениет” адам өмірінің кез-келген әлеуметтік белгілі бір, рухани және материалды тұстарын қамтитын термин ретінде қолданылуы мүмкін. Бұған Э. Бенвенистің түсінігі дәлел бола алады: “Мәдениет - биологиялық қызметті орындаудан басқа адам өміріне мән мен мағына беретін адамзат дүниесі, қарым-қатынас пен құндылық кодексі не біріктірілген күрделі көріністер кешені” [3] .
Екіншіден, мәдениет “ұлттық рух өзіне қандайда бір шамада көрсететін өркениет сияқты” анықталуы мүмкін, яғни өркениет әрқашан ұлттық сипатқа ие. Бұл ой, өркениет анықтамасында да бар: “өркениет - белгілі бір қоғамдық-саяси формацияның қоғами, мәдени даму жағынан көтерілген сатысы”.
Біздің жұмысымызда ұлттық таным тереңдігін, халық тіршілігінің рухани және материалды шартын терең тану үшін “мәдениет” пен “өркениет” түсініктерін зерттеу қажет. Осы түсініктердің қарым-қатынасын зерттеген ғалымдар көп, олар егер мәдениет - бұл жалпы адамзаттық түсінік болса, онда өркениет - мәдениеттердің көп түрлілігін өзіне тоғыстырған уақытша құбылыс дейді. “Адам іс-әрекетінің рухани және материалды жағын, олардың нәтижелерін жинастырған мәдениетке қарағанда, өркениет көбіне тек материалды мәдениетті білдіреді”, - деген көзқарас өте дұрыс айтылған.
Платонның түсінігінше, олардың негізгі айырмашылығы мынада, өркениет өткенде де, осы кезде де, келешекте де бірдей өмір сүре беретін жабық рухани қоғамды білдіреді, ал мәдениет дегеніміз - уақыт, кеңістікте қатаң шектелген өркениеттің рухани нақты құндылықтарының даму нәтижесі, яғни мәдениет тек нақты бір дәуірде ғана өмір сүреді.
“Мәдениет” түсінігіне (лингвомәдениеттану тұрғысынан) В. В. Воробьевтің берген көзқарасы дәлелді: “мәдениет - бұл адамзат өмірін ұйымдастырушы, қоғамдық құбылыстардың ерекше қыры, бұл қоғам дамуының деңгейі, ұлттық тұлғаға, бәрінен бұрын оның рухани әлеміне назар салу; материалды және рухани құндылықтарды өндіру саласында тұлғаның шығармашылық іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығы; материалды және рухани құндылықтарды бөлу мен пайдалану тәсілі; адамзат дамуына ықпал ететін қоғамдық өзара қатынасты ұйымдастыру саласындағы жетістік” [3] .
“Мәдениет” түсінігін біздің зерттеуімізге біршама сәйкес келетін кейбір өзге де көзқарастар тұрғысынан да қарастыруға болады. Ғалымдар этнопсихолингвистика тұрғысынан мәдениетке мынандай анықтама береді: “это поведение, объективно наблюдаемые действия в отношении к социальным и физическим предметам, общие для всех членов данного человеческого коллектива”; “ это особая форма закрепления и передачи последующим поколениям достижений развития”; “ это форма общения между людьми, которая возможна лишь в такой группе, в которой люди общаются, культура имеет, во-первых, коммуникативную и, во-вторых, символическую природу”, “ это система сознания, связанная определенной этнической системой” [4] .
Сонымен, мәдениет - өте күрделі көп деңгейлі, жүйе, оны берілу түріне қарай келесі түрде бөлу өте орынды. Әлемдік мәдениет - біздің ғаламшарда тіршілік ететін әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениеттері жетістіктерінің нәтижесі. Ол бұқаралық мәдениеттен ерекшеленуі тиіс. Бұқаралық мәдениет материалды әлем мен адамзат құндылығы және қарым-қатынасы ұлттық көріністен тыс суреттейді.
Ұлттық мәдениет қандай да бір қоғамдағы әртүрлі таптардың әлеуметтік қатпар мен топтар мәдениетінің нәтижесі болып табылады. Ұлттық мәдениеттің өзгешелігі мен бірегейлігі сол халық өмірі мен қоғамдық іс-әрекеттерінің барлық салаларынан көрінеді. Ұлттық мәдениетте көрініс тапқан тіл лингвомәдениеттанудың, сонымен қатар біздің зерттеуіміздің нысанасы болады.
Е. И. Пассовтың ойынша мәдениетті тұрмыстың барлық саласында халық (адамзат) жасап, жинақтаған рухани, өнегелілік құндылықтарының жиынтығы (жүйесі) ретінде қарастыру танымдық мақсатқа жету үшін аса қажет. Е. И. Пассов құндылықты барлық халықтарға, халық тобына, жеке халыққа тән құндылық және ескірген, тарих қойнауына кеткен құндылық, сонымен қатар, қандай да бір ұлтқа жатқызуға негіз болатын, ол болмаған жағдайда бірегейлік сезім болмайды қазіргі кезде де мойындалмайтын құндылық деп ажыратады. Осындай мәдени құндылықтар - факт, зат құбылысы мен өзге түсініктер ретінде ерекше сипатқа ие. Олар тілдегі жай сөз емес, мәдени бояуы бар тіл бірлігі. Олар яғни, мәдени құндылықтар мен олардың атауы ұлттық-тілдік мәдениетті құрайды. Оның өзгешелігі, бірегейлігі қоғам өмірінің рухани, сондай-ақ материалды мәдениет саласында да көрінеді [2] .
Тіл мен мәдениет мәселесі жалпы адамзаттық, ұлттық және әлеуметтік-таптық құбылыс ретінде мәдениеттің әртүрлі сипаты тұрғысынан шешіледі. Тіл ұлттық мәдениеттің бір бөлігі, бірақ ол қоғамның барлық табы әлеуметтік тобына қызмет көрсете отырып, әртүрлі таптардың мәдениетінен ерекшелігі қондырма категория құрамына енбейді. Осыған байланысты, мәдениетті көп қырлы зерттеу көптеген зерттеулердің талпынысын біріктіруді қажет етеді, бұл мәдениет түсінігіне бір көзқарас болған жағдайда ғана іске асады.
Лингвомәдениеттану біртұтас ғылыми пән ретінде пайда болуына дейін лингвисттер, мәдениеттанушылар мен әдістемешілер тіл мен мәдениеттің өзара әсерін қарастырған.
Олардың ішінде лингвистикалық қатынасымдылық гипотезасын ұсынған неміс ғалымы В. Д. Гумбольдт тіл, мәдениет және адам арасындағы ашық байланыс болатынын дәлелдеген ғалымдардың алғашқыларының бірі еді.
ХХ ғасырдың басында В. Ф. Гумбольдттің идеясын әрі қарай дамыта отырып, Э. Сепир мен Б. Л. Уорф тіл зор рухани күштің іс-әрекеті ретінде ұлт мәдениетін анықтайды деп тұжырым жасаған.
Лингвомәдениеттанулық аспектіде тіл мен мәдениет мәселесін қарастыра отырып Г. О. Винокурдың көзқарасын ескере кету орынды “язык есть условие и продукт человеческой культуры, и поэтому всякое изучение языка неизбежно имеет своим предметом саму культуру . . . Но общие законы, которым подчинено культурное развитие человечества, проявляются в разных концах земного шара, среди разных человеческих коллективов, в зависимости от местных условий, настолько разновременно и своеобразно, что конкретная история каждой отдельной культуры так же мало похожа на все остальные и созданный данной культурой язык ” [5] .
Ю. Е. Прохоров феноменология тұрғысынан сөйлесім қатынасының ұлттық әлеуметтік-мәдени стереотипіне арналған зерттеу жұмыстарында тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мен өзара әсері мәселесін зерттеуге тереңдей түседі. Өзге тілді үйрену процесінде сол тілді ана тілі санайтын ел мәдениетінің көрініс табуы қандай да бір дәрежеде төмендегілермен байланысты болады, біріншіден, тіл мен мәдениеттің өзара байланысының жалпы ұстанымын әдістеме түрінде іске асыру, екіншіден, нақты бір этнос өкілдерінің сөйлеу қарым-қатынастарындағы ұлттық-мәдени сипатты есепке алу, үшіншіден, оқушының коммуникативті компетенциясын қамтамасыз ету үшін сол мәдениет элементтерін сұрыптау мәселесі, яғни үйреніп жүрген тілді ана тілі санайтын адаммен, осыған сәйкес соның мәдениетімен қарам-қатынасқа түсу. Бұл жұмыста тілдік бірліктер жалпы білім құрылымында қарастырылады.
В. В. Воробьев барлық ғылым салаларында антропологиялық беделге ие, жалпы тұжырымдарға сай лингвомәдениеттану бағытының негізін салды. Лингвомәдениеттанудың теориялық негізі ретінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысының болашағын қарастыра отырып В. В. Воробьев былай дейді: “тіл - ұлт (ұлттық тұлға) - мәдениет”, міне осы лингвомәдениеттанудың негізгі үштігі, осы үштік арқылы ғылымның лингвомәдениеттану саласындағы маңызды мәселелер шешілуі мүмкін [4] .
Тіл мен мәдениеттің арақатынасын қарастырсақ, олар бірбірімен етене байланысты екендігіне көз жеткіземіз:
- тіл мен мәдениет - бұлар адамның көзқарасын білдіретін сана формасы;
- тіл мен мәдениет бірбірімен диалогта өмір сүреді (өйткені, тіл мен мәдениеттің субъектісіне тұлға (индивид) жатады, тұлғалар арасын байланыстырушы құралға тіл жатады, ал тіл өз кезегінде ұрпақтан ұрпаққа мәдениетті тасымалдаушы қүрал болып табылады, болмаса, тіл мен мәдениет арасында «диалог» немесе ақпарат алмасу бар) ;
- тіл мен мәдениеттің субъектісі - тұлға;
- тіл мен мәдениеттің ортақ белгісі бар, ол - нормативтілік;
- тіл мен мәдениеттің ең маңызды қасиетіне тарихилық жатады.
Жоғарыдағы айтылғандарды былай қорытындылауға болады: тіл мен мәдениет адамның тілдік қабілетін қалыптастыру мен қоғамдық адамды қалыптастыру сияқты коммуникативтік процестерде бірбірімен байланысты.
Ортақ белгілермен қатар тіл мен мәдениеттің бірбірінен айырмашылықтары да бар:
- Байланыстырушы құрал ретінде тілді қоғамдық өмірдің әртүрлі қабаты қолдана алады. Бірақ, қоғамда ерекше қабат бар, ол - маңызды әлеуметтік және мәдени қызметті атқаратын жоғарғы қабат немесе элита;
- мәдениет өзінше жеке әрекет ете алмайтын белгілер жүйесі;
- тіл мен мәдениет әртүрлі белгілер жүйесі болып табылады;
Жоғарыда айтылған айырмашылықтарды ескере отырып мынандай қорытынды шығаруға болады: мәдениет тілге толық сәйкес келмейді, яғни, ол тек тілге құрылымы жағынан ғана ұқсас келеді.
Тіл - мәдениеттің «айнасы», оның бойынан тек адамды қоршаған орта, оның өмірлік жағдайы ғана емес, сонымен қатар халықтың қоғамдық санасезімі, менталитеті, ұлттық мінезі, өмір сүру мәнері, әдетғұрпы, адамгершілігі, құндылықтар жүйесі мен дүниені тануы да көрініс табады. Тілді айнаға теңеу орынды, өйткені, шынымен де оның бойынан бізді қоршаған орта көрініп тұрады. Әрбір сөздің астарында шынайы өмірдің қандай да бір заты немесе құбылыс жатады. Тіл бәрін яғни, географияны, климат, тарих пен адамның өмір сүру жағдайын бейнелейді.
Тілдегі әлем көрінісі - бұл осы тілде сөйлейтін халықтың ұжымдық шығармашылығы, сондайақ, әрбір жаңа ұрпақ ана тілімен қоса ұлттық мінез, дүниетаным, адамгершілік тағы да басқа белгілері бар «мәдениет жиынтығын» алады.
Тіл мен мәдениет мәселесін қарастыруда жоғарыда айтылған мәселелерді былай қорытыныдылауға болады:
Біріншіден, тіл мен мәдениеттің қарым-қатынасы екі түрлі, бір жағынан тіл рухани мәдениеттің бір сыңары, екінші жағынан тіл мәдениеттің көрінісі, оны таныстырушы құрал. Әрбір халықтың ұлттық мәдениетінің көрінісін сол халық тілінде сөйлейтін адамның сөзінен байқауға болады.
Екіншіден, тіл мен мәдениетті адамсыз елестету мүмкін емес. Тіл мен мәдениттің қарым-қатынасында адамның маңызы зор.
- . Лингвомәдениеттанудың негізгі зерттеу нысаны - лингвомәдени бірліктер
«Лингвомәдениет» және «лингвомәдениеттану» терминдері мен оған қатысты мәселелер бұрыннан бергі ғылыми дәстүрге ие болғанмен, ғылыми ой дамуының әрбір кезеңінде жаңадан өзекті болып отырады. Тіл қай дәуірде болмасын этностың мінезқұлқын анық сипаттайтын құрал болып табылады. Этникалық тәжірибе қалыптасу мен дүниені қабылдау процесіндегі тілдің іргетасты рөлін көрсетуде философ, тілші Вильгелм фон Гумбольдттың тұрғаны белгілі, оның тұжырымдамасында тіл мен мәдениеттің байланысы мойындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz