Талантты және дарынды бала
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Талантты және дарынды баланың бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Мектепте талантты және дарынды балалармен жеке.дара жұмыс
жүргізудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Талантты және дарынды балаларды оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2. Талантты және дарынды балаларды оқытуға арналған қазіргі педагогикалық технологиялар . обьективті қажеттілік ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1 Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Компьютерлік оқыту технологиясы және оның
гуманистік бастаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Дарынды балалармен жұмыс көптеген мемлкеттерде ХХ ғасырдың ІІ – жартысында басталды. (АҚШ, Жапония т.б.) Бұл саладағы зерттеулерді реттеу үшін дарынды және талантты балалар бойынша халықаралық кеңес пен Европалық ассоциация құрылған. Шығармашылық психологиясы (С.Л.Рубинштейн, А.В.Брушлинский, Я.А.Понамарев) жалпы және арнайы қабілеттер (Н.С.Лейтес, Б.М.Теплов, В.А.Крутецкий) жеке ерекшеліктер мен қабілеттер психологиясы, профилактикасы, генетикалық алғы шарттары мәселелері бойынша түпкілікті зерттеулер орындаған. Ғалымдардың дарындылық жөніндегі қарама – қайшылықтары бар болғанымен, бұл феноменнің негізгі психологиялық құрылымдары (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, П.А.Рудик) арнайы жалпы дарындылықтың спецификалық ерекшеліктерінің (А.Т.Ковалев, В.А.Крутецкий) негізі белгіленді. [1]
Орта Азия мен Қазақстанда жеке тұлғаның қабілеттері сұрақтары Әл – Фарабидің, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, С.Торайғыровтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың еңбектерінде қарастырылған.
Қазіргі таңда республикалық дарындылық мәселесі бойынша математиканы оқыту процесі барысында дарынды балалардың интелектуалды мүмкіндіктерін анықтау мен дамыту негіздері бойынша (Г.С.Байтуреев, Ж.О.Умбетова); мектеп жасына дейінгі балаларды шығармашылық ерекшеліктерінің даму психологиясы мен педагогикасы (О.А.Жумадиллаевна); Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыс жүйесін басқарудың ғылыми педагогикалық негізі (У.Б.Жексенбаева); дарынды балалармен жұмысқа болашақ мұғалімдерді дайындауды ғылыми – практикалық негіздері (Л.М.Нарикбаева) бойынша және тағы басқа ғылыми зерттеулер жүргізілген.[2]
Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасында (3 – тарау, 18 – бап, 6 тармақ) «Ерекше дарынды білім алушылардың әлеуметті мүмкіндіктерін мейлінше толық дамыту үшін дарынды балаларға арнап мамандандырылыған мектептерде іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірленеді» деп берілсе, ҚРеспубликасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «шығармашыл, дарынды жастармен жұмыс істеуді түбірінен жақсартуды және оларға барынша қолдау көрсетуді ескере отырып, жоғары оқу орындарының құрылымында гуманитарлық бағыттағы лицейлер, гимназиялар, колледждер құру ісін жалғастыру» делінген. [3]
Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балалар үшін мектептерді мемлекеттік қолдау мен дамыту» бұйрығына сәйкес 1996 жылы «жас таланттарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы құрылған». Бұл

1. Асылбекова Ә. «Бала тәрбиелеудегі семьяның рөлі», 1996ж. 13-17 бет.
2. Әбілова Ә. «Баланы бейнелеу өнеріне баулудағы ата-аналар рөлі», 1996ж.
3. Баймұратова,«Алты жастағы балаларды оқыту мәселелері»1992ж.3-28 бет.
4. Давыдов В.В. «Бірінші сынып оқушысының психологиялық дамуы», 1982ж. 17-37
5. Давыдов В.В. «Возростная и педагогическая психология», 1980ж. 5-17 бет.
6. Дүйсенова Ә. «Бала мінезін тәрбиелеу», 1996ж. 3-10 бет.
7. Корчак Я. «Балаларды қалай жақсы көру керек», 1968ж.
8.Қазақстан Республикасының этникалық мәдени білім тұжырымдамасы. Алматы, 1996
9.Алдамұратов Ә. «Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы» – Алматы,
10.Шығармашылық дарындылықты дамыту бағдарламасы- Алматы: Рауан,1997. 122 б.
11.Алдамұратов Ә., Мұқанов М. “Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақ” –
12.К.Оразбекова. «Ұлтық сипаттағы тәрбие жаршысы» Қазақстан әйелдері №7, 1993,
13.Қоянбаев Ж.Б. «Семья және балалар тәрбиесі», 1972ж. 10-25
14.Құрманалина Ш.Х. «Дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар», Атамұра.
15.Талызина Н.Ф. «Педагогическая психология», 1998ж. 17-42 бет.
16.Меерович М.И., Шрагина Л.И. Технология творческого мышления. -Минск, 2003
17.Өмірзақова Г. Оқушылардың шығармашылығын дамыту. «Қазақстан мектебі», № 9
18.Смаилова 3. Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері.
19.Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Алматы, 1999.
20.Ұстаздық шеберлікке жету жолдары. Құрастырған Ж. Нұржанова -Алматы, 1991

ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Талантты және дарынды баланың бейнесі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Мектепте талантты және дарынды балалармен жеке-дара жұмыс
жүргізудің маңызы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..6
1.2 Талантты және дарынды балаларды оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .11
2. Талантты және дарынды балаларды оқытуға арналған қазіргі педагогикалық технологиялар - обьективті қажеттілік ... ... ... ... ... ... . ... 13
2.1 Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 17
2.2 Компьютерлік оқыту технологиясы және оның
гуманистік бастаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
КІРІСПЕ
Дарынды балалармен жұмыс көптеген мемлкеттерде ХХ ғасырдың ІІ - жартысында басталды. (АҚШ, Жапония т.б.) Бұл саладағы зерттеулерді реттеу үшін дарынды және талантты балалар бойынша халықаралық кеңес пен Европалық ассоциация құрылған. Шығармашылық психологиясы (С.Л.Рубинштейн, А.В.Брушлинский, Я.А.Понамарев) жалпы және арнайы қабілеттер (Н.С.Лейтес, Б.М.Теплов, В.А.Крутецкий) жеке ерекшеліктер мен қабілеттер психологиясы, профилактикасы, генетикалық алғы шарттары мәселелері бойынша түпкілікті зерттеулер орындаған. Ғалымдардың дарындылық жөніндегі қарама - қайшылықтары бар болғанымен, бұл феноменнің негізгі психологиялық құрылымдары (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, П.А.Рудик) арнайы жалпы дарындылықтың спецификалық ерекшеліктерінің (А.Т.Ковалев, В.А.Крутецкий) негізі белгіленді. [1]
Орта Азия мен Қазақстанда жеке тұлғаның қабілеттері сұрақтары Әл - Фарабидің, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, С.Торайғыровтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың еңбектерінде қарастырылған.
Қазіргі таңда республикалық дарындылық мәселесі бойынша математиканы оқыту процесі барысында дарынды балалардың интелектуалды мүмкіндіктерін анықтау мен дамыту негіздері бойынша (Г.С.Байтуреев, Ж.О.Умбетова); мектеп жасына дейінгі балаларды шығармашылық ерекшеліктерінің даму психологиясы мен педагогикасы (О.А.Жумадиллаевна); Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыс жүйесін басқарудың ғылыми педагогикалық негізі (У.Б.Жексенбаева); дарынды балалармен жұмысқа болашақ мұғалімдерді дайындауды ғылыми - практикалық негіздері (Л.М.Нарикбаева) бойынша және тағы басқа ғылыми зерттеулер жүргізілген.[2]
Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасында (3 - тарау, 18 - бап, 6 тармақ) Ерекше дарынды білім алушылардың әлеуметті мүмкіндіктерін мейлінше толық дамыту үшін дарынды балаларға арнап мамандандырылыған мектептерде іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірленеді деп берілсе, ҚРеспубликасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: шығармашыл, дарынды жастармен жұмыс істеуді түбірінен жақсартуды және оларға барынша қолдау көрсетуді ескере отырып, жоғары оқу орындарының құрылымында гуманитарлық бағыттағы лицейлер, гимназиялар, колледждер құру ісін жалғастыру делінген. [3]
Қазақстан Республикасы Президентінің Дарынды балалар үшін мектептерді мемлекеттік қолдау мен дамыту бұйрығына сәйкес 1996 жылы жас таланттарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы құрылған. Бұл кезден республикада дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, оқыту, қолдау көрсету жөнінде бағытталған жұмыс жүзеге асырылады. Қазасқатн Республикасы Үкіметінің қаулысымен (N256, 1998 жылы 24 наурыз) білім беру комитетінің тұсында дарын республикалық ғылыми - практикалық зерттеу орталығы ашылды. Оның құрылуымен дарынды балаларды іріктеумен оқыту, олардың әлеуметтік қозғалуы мен республиканың интеллектуалды негізін өсіру жөніндегі білім беру мекмелері мен басқару құрылымдарының интегративті қызметіне шынайы жағдай пайда болды. [4]
Дарын республикалық ғылыми - практикалық орталық дарынды балалармен жұмысты жетілдірудің бір қатар критерилар мен көрсеткіштері бойынша іс - әрекет нәтижелері бұл категориядағы балалармен және жастармен белгілі жұмыс жүйесінің құрылуын дәлелдейді.
1999 жылдан Қазақстан - дарындылық пен талант жөніндегі Халықаралық Кеңестің мүшесінің болуы, Елбасымыз өзінің 2004 жылғы халыққа арналған жолдауында Әлкемдік білім беру кеңстігіне толығымен кіргізу, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз деп атап көрсеткендей, жас ұрпақ бойындағы қабілет, қасиеттерін дамытып, оқыту, тәрбие үрдісінде тиімді қолдана білсек, білім беру жүйесін қажетті деңгейге көтеруге үлес қосқан болар едік. [5]
Зерттеу мақсаты: Психологтың дарынды балалармен жұмыс ерекшеліктерін теориялық дәлелдеу мен дарынды балалармен жұмыс әдістемесінің мазсұны мен әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану.
Зерттеу нысаны: Дарынды бала
Зерттеу болжамы: Дарынды балалрмен психологиялық жұмыста толық педагогикалық процесс заңдылықтарының қызмет етуін ескеру басшылыққа алынса, бұл тек оның дамуна ғана емес, сонымен қатар дарынды балаларды реабилитациялау мен әлеуметтендірудің бүкіл жүйесін жетілдіруге барлық жағдай жасалуына ықпал етеді. Себебі бұл категориядағы балалармен жұмыс игерілетіннің мазмұнына сәйкес жүйелі комплексті көзқарас тұрғысынан оның процесуалды және мазмұнды аспектілер бірлігінде жүзеге асырылады.
Зерттеу міндеттері:
* Психологтың дарынды балалармен жұмыс ерекшеліктерін анықтау, дарындылық, дарынды бала, қабілет, талант, данышпандылық ұғымдарын ашу;
* Дарынды балалармен жұмыстың моделін құру мен оны экспериментальды түрде тексеру;
* Дарынды балалармен нәтижелі жұмыстың әлеуметтік жағдайын анықтау;
* Дарынды балалармен психологтың жұмыс жүйесі мен әдістемесін құру және оны экспериментальды тексеру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін тәрбие роцесінің, тұлға мәнінің әлеуметтік шарттылығы, тән еместікке қатынасты қалыптастырудағы сананың, эмоция, сезімдер мен мотивтердің ролі жөнінде философия мен психологияның нақты қағидалары, іс - әрекет, әлеумееттену комплексті көзқарас теорияларын құрайды.
Зерттеудің жетекші идеясы: Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмысы, олардың қоғамда бейімделуі туралы жүйелі комплексті көзқарастың болуы мен толыққанды әлеуметтік орта қызмет етуінің заңдылықтары ескерілген жағдайда ғана мүмкін болатындығында жатыр.
Зерттеудің көздері: Зерттелетін тақырып бойынша зерттеушілердің, философтардың, педагогтартыдың, психологтардың зерттеулері; фундаментальды еңбектері; Қазақстан Республикасындағы дарынды балалар; білім беру мен тәрбие туралы құжаттары әлеуметтік педагогика; тұлға мен оның дарындылығының даму мәселелері жөніндегі жұмыстар; Қазақстан Республикасының дарынды балалармен жұмыс тәжірибесін қорытындылайтын материалдар; диссертанттың тәжірибе - педагоикалық жұмыстары.
Зерттеу әдістері: Ғылыми, философиялық әдебиеттерді зерттеу және талдау, эмприкалық материалдар синтезі, интерьвю, анкеталау, тестлеу, әңгімелесу, әлеуметтік - психологиядлық жұмыс. Эмприкалық деңгейдегі жетекші әдістер: әңгіме, бақылау негізіндегі мінез - құлық анализі, сауалнама, анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттер, түрлі педагогикалық жағдаяттарды талдау, іс - әрекет нәтижесін зерттеу, практикалық тапсырмалар, психологиялық жұмыстар, психологиялық тапсырмалар, әлеуметтік - педагогикалық жұмыстар, диагностика, педагогикалық, психологиялық әдістер.
І. Талантты және дарынды баланың бейнесі.

жүргізудің маңызы.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында мемлекеттік саясат негізінде Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдың дамуы мен жеке адамның дарындылығын дамыту мәселелері енгізілген.
Ертедегі Қытайда дарынды балаларды Шэнь тон, яғни киелі бала деп атаған. Расында дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол сілтеу қажет.
Жалпы педагогика-психология ғылымында дарындылық мәселесіне қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам.
И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті. Олар:
1. Ақыл - ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқлатын балалар.
2. Мектептің жекеленген пәндеріне және әр түрлі іс-әрекетіне қабілетті балалар.
3. Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар.
Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі -ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген.
Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық адам баласының даму барысында тәрбиеге байланысты дейді. Сонымен дарынды бала -ол кім?
Психологиялық педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша дарынды баланың бейнесі анықталды.
1. Интеллектуалды және ақыл-ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарлығымен, ойының ұшқырлығымен, байқағыштығымен, мәселені шешуде жан-жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болумен, есте сақтауының беріктігімен т.с.с қасиеттерімен ерекшеленеді.
2. Бейнелеу өнері бар бала -сурет салуға көп уақыт бөлінуінен, көргенін есте сақтауымен, сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.
3. Әнге қабілеті бар балалар -ән сабақтарына аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.
4. Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді. [6]
Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.
Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған.
Сонымен қатар, дарындылықтың толық күйде ашылуы үшін тек қана педагогтардан, олардың жетекшілерінен құралған емес, өзінің құрбыларынан құралған креативті орта да қажет екендігін ескерген де жөн. Дарынды бала үшін креативті ортаның пайда болуы өзіндей балалардың бірлестігі ретінде өте қажет. Бұл кезеңде баланың дарындылығы қай салада ашылғандығы маңызды емес, бала өзін жақсы сезінетін бірлестік маңызды.
Бұл міндетті шешу барысында дарынды баланың өзге балалармен өзара қарым - қатынасы да біршама мәнді болып келеді. Табиғи теңдік заңдылықтарының бірі ортаның дарынды және талантты балаға тең бағытта әсер етуін, керісінше талантты баланың ортаға тең бағытта әсерін сипаттайды. Нақ осы әр алуан ортаның өзара әсерлесуі барлық шығармашылық әлеуетінің ашылуын қамтамасыз ете отырып, таланттың бір орында қалып қоймай, әрі дамуына көмектесетін шығармашылық ойдың сыни жүйесін дамытады. Дарынды баланың өз - өзін тануы рухани сезінуді және өз-өзін жоғары бағалауды қамтиды (4-кесте). [7]
Қабілет
Жалпы қабілет
Жеке - психологиялық қабілет
Көркемдеу типі
Ойлау типі
Тікелей әсер
Шынайы сезімдер
Эмоциялар
Логикалық
құрылымдар
Абстракция
Қисынын келтіру
Қабілет
Жалпы қабілет
Жеке - психологиялық қабілет
Көркемдеу типі
Ойлау типі
Тікелей әсер
Шынайы сезімдер
Эмоциялар
Логикалық
құрылымдар
Абстракция
Қисынын келтіру
4-кесте
Дарынды балаларды анықтау және зерттеу
Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 котегориясын анықтап берді.
Бірініші категория -ой -өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.
Екінші категория -жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория - дарындылық күш -қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
Ой -өрістік қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға сектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өзқатарластарын басып озады. Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша -оларды байқамау мүмкін емес. Бала дарындылығының байқалмайтын жақтарыда кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой -өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады. Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен:
- арнайы психометриялық тест;
- баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)
- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;
- педагог тарапынан оқушының іс -әрекеті мен мінез -құлқын эксперттік бағалау;
- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;
- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау;
- арнай психодиогностикалық тренинг; [8]
Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбекетерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар -психомоторлық, интеллекутуалдық, академиялық, шығармашылық және әлекметтік дарындылық.
Дарындылықты анықтау сауалнамалары балаланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз пстхологиялық сапаларын дәлірек анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұймдастыру үшін қажет. Психоөлшеу сауалнамалары бала бойындағы қөайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Ол қабілетті балалар диогностикасы туралы қалыптасқан, яғни дарынды балаларды бір сәттік іріктеу сатысынан оларды жетілдіру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді диогностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диогностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі-теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диогностика моделін шығару болып табылады. Демек, дарынды балаларды анықтау-арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диогностикалаудың барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныптың сынып жетекшісімен және психологпен ата-ана пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.
Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер.
Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:
-арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;
-баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;
-балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;
-түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;
-белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.
I. Бірінші бөлімде, танымдық процестерге байланысты әдістемелерді қолдандым. Олар:
- Джонс креативтілік сұрақнамасы. Мұнда баланың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу қарастырылған;
- Көру арқылы есте сақтау;
- Есту арқылы есте сақтау;
- Оперативті ес әдістемесі;
- Зейінді анықтауға арналған Қызыл-қара таблицалар әдістемесі;
- Зейінді анықтауға арналған Мюнстенберг әдістемесі;
- Ақпаратты қабылдау әдістемесі;
II. Екінші бөлімде, бала қабілетін анықтауға байланысты алты тапсырма орындау және қосымша тест, тренингтер. [9]
1 - тапсырма: Жаттығулар
2 - тапсырма: Жағдайаттар
3 - тапсырма: Қанатты сөздер
4 - тапсырма: Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі
5 - тапсырма: Сөздік пайымдық қабіліттерді зерттеу;
6 - тапсырма: Бақылау
Вербальды қиял әдістемесі;
III. Үшінші бөлімде, іріктеліп шыққан баланың ата -анасына, сынып жетекшісіне психологқа арналған әдістемелер қолданылады. Олар:
1. Мұғалімдер мен ата-анаға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі;
2. Мұғалімдерге арналған Ой-өрістік портрет әдістемесі;
3. Психологпен мұғалімге арналған Оқушы сипаттамасы.
1.2 Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғарғы жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстар құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы бағдарлама аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланатын болады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Тәжірибе жасалынған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде жалпы мектептік саясат және орта буын деңгейінде кеңейтілген мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. [10]
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Аталған тақырып оқушылардың қажеттілігін түсінуге қарасты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды. [11]
Когнитивтік даму - баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.
Зияткерлік қабілеттер ойлау үдерісінің сипатына және жасына карай олардың өзгеру ықтиалдығы туралы маңызды ақпараты бар когнитивті даму теориясы шеңберінде сипатталады.[12]
Бұл модуль осының алдынғы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып тұр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қол жетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер модулімен өзара байланысты. Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі, балалардың жас шамасында бейімделген сындарды диалогты ынталандыру стратегиясы, әр жастагы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сондай-ақ, аталған модульдің өзгеге ұқсас модульдермен байланысы да бар, мысалы, әртүрлі жас шамасында өзін-өзі бағалауға жауапкершілікті зерделеуді жүзеге асыратын Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі. Сонымен қатар Қазақстанның жекелеген ауылдық өңірлерінде кездесетін жас шамасы әртүрлі сыныптарда тиімді оқыту және оқу стратегияларын іске асыру жолдарды да қарастыратын болады.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуетін олардың кәсіби өсуіне бірлескен кәсіби білім құруларына ықпал ететіндей қолдау білдірген жағдайда ғана көрсете алады деген пікірталасқа негізделеді.
Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилік түсінудің нақты тәсілі талап етіледі. Белгілі бір тағайындалған стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оньің орнына кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қажет. Осы тәсілдің шеңберіңде қоғамдастықтың бір бөлігі - көшбасшы мұғалім.
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мумкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясы сыни турғыдан бағалау, өзгерту және тәжірбие мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде езгерістердің іске асырылатына непзделеді. "Көшбасшыпық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын әр деңгей қырынан қарастыру мақсатында Бағдарламада жеке модуль ретінде белгіленген.
Осы модуль, әсіресе 3-деңгейдегі, айтылған көшбасшылық тәсілі Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жөніндегі жұмыстар қағидатына негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірбиелерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің сыни тұрғыда ойлана білу қабілетімен және Сыни тұрғыда ойлауға үйрету модулімен тығыз байланысты. [13]
2. Талантты және дарынды балаларды оқытуға арналған қазіргі педагогикалық технологиялар - обьективті қажеттілік
Қазіргі заманғы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады.
-қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесеін қиыншылықтар арасындағы;
-қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы;
-ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы;
-мұғалімнің әлеуметтік ролі және қоғамдық ақпараттық - коммуникациялық қызметарасындағы;
- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.
Білім ізгілігі-педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субьектісі болатын,үрдістің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәір өзгертетін , педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі.
Педагогикалық үрдістің негізгі мәні , мұндай жағдайда , ұлғаның дамуы мен өзін -өзі дамытуы ретінде қалыптасады , олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізігі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады. [14]
Соның ішінде ең маңыздылары;
1. Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар:
-білімділік-бағдарлық әдістен бас тарып , дамытушы тұлғалық бағдарлық әдіске көшу;
- пәндік және жекелік білімнен білім берудің үздіксіз жүйесінің барлық сатыларында терең және көп пәнаралық кіріктіруге , шоғырлануға көшу.
2. Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау ( Ойлаудың ,есте сақтаудың , назар аударудың негізгі типтері бойынша).
3. Мұғалімнің озық игілік дайындығы:
Оның оқушылармен ынтымақтастығын қалыптастыруға оқушылардың дайындығы, педагогикалық үрдістегі шығармашылық, өзін-өзі көрсетудің қажеттігі.
Қоғамдық - тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік - қызметі - білімді жинақтауда емес , бар білімді қайта қалыптастыруда.
Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға , оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде және сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті.
Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Л.Леонтевтің, П.Я.Гальпериннің, Ф.Н. Тлызинаның және т.б.зерттеулері дәлелдейді.
Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ айтсақ, жоғары білімнің Н.Чебышев пен В.П.Коган пәнаралық байланыстың тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің нақты оқу- әдістемелік механизмін ұсынады.Бұл бағыттағы инновациялық іс-әрекет мәселесі жалпы білім беру мектептерінде шешілуі қажет.
Сондықтан , әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орвй таңдап тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің нтеллектуалдық,кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің, қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,- деп көрсетеді С.В.Селевко. [15]
Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе.
Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды.Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім.
Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz