Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Атырау облыстық білім беру басқармасы

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Қорғауға жіберілді

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

Ізғалиқызы А.

« » 2015 ж

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі.

Орындаған: Өтешова Бағыт 4(9) з тобының студенті

Жетекшісі: Шүйіншалиева Г. Н.

Басталуы: қыркүйек 2014ж

Аяқталуы: мамыр 2015 ж

Сақтау мерзімі: 5 жыл 524-бап

Курстық жұмыстың түскен уақыты 2015 ж

Пікір берушінің аты-жөні:

П І К І Р

Студент

Курстық жұмыс жазылды

Бөлімі:

Пәні:

Қорғайтын тақырыбы:

Бағасы:

Аннотация

Бүгінгі дүниенің күн санап тез өсуі білім беруге деген талапты күшейте түсуде. Жаңа идеялар, білім беруге жаңаша көзқарас, кәсіби біліктілік біздің бұрынғыдан да жаңа жоғары сатыға көтерілгеніміздің белгісі. Міне, мұның бәрен қол жеткізуде әр ұстаздың шығармашылығы, жұмыс істеуі ерекше болып саналады. Менің осы тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізу барысында мына сауалдар көкейіме оралды: сын тұрғысынан ойлау жобасы деген не? қайдан шықты? кім зерттеді? қалай қолданылады? Себебі бұл сұрақтар маған түсініксіз болды. Сол себептен мен бұл жобаға түсінік беріп, мағынасын ашып, философиясына терең үңілуді жөн санадым.

Бұл технологияның басты міндеті - оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту, оқу үрдісінде қолдану, қызығушылығын ояту. Ал сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі - біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру, оқуышлардың сын тұрғысынан ойлау мен жазу дағдыларын қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - оқушыларды жаңа ақпаратқа, мәліметке сыни тұрғыдан қарап, талдау жасай отырып, қабылдаушы ретінде қарастыратын педагогикалық технология. Бұл технология мынадай үш кезеңнен тұрады.

1. Қызығушылықты ояту.

2. Мағынаны тану.

3. Ой толғаныс.

Оқытудың кез келген жаңа технологиялардың бір-бірінен айырмашылығы және ұқсастықтары да болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасын бастауыш сыныптарда қолдану, оның тиімділігін айқындау, дәстүрлі сабақтардан ерекшелігін анықтау, қандай жолмен берілген сабақтың нәтижелі екендігін анықтау, мұғалімнен шеберлікті талап етеді.

Бастауыш сатыда білім алып жатқан әр жеке тұрғаның қабілетін ашу, дамыту негізінде мектептерге оқыдың жаңа технологиялары енгізілуде. Сол сеебепті мен Балқұдық орта мектебінің 3 «ә» сыныбында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отырып, зерттеу жұмысын жүргіздім. Ондағы менің алдыма қойған өзекті мәселем - ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту. Осы мақсатқа жету үшін

  • біріншіден, сыныптағы 30 оқушыны жете білу, олардың сұраныстары мен қажеттіліктерін есепке алу;
  • екіншіден, орындалатын жұмыстың мақсатын оқушыларға алдын ала айқындату;
  • үшіншіден, жазалау әдістерін қолданбау;
  • оқушының өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіншілік беру.

Сонымен, мен крстық жұмысымның тәжірибелік бөліміне баса назар аудардым.

Тәжірибе үш кезеңде Балқұдық орта мектебінің 3 «ә» сыныбында өткізілді. Тәжірибеге 30 оқушы қатысты.

1. Анықта кезеңі.

2. Оқыту кезеңі.

3. Қорытынды кезеңі.

Тәжірибенің бірінші кезеңінде - 3 сынып оқушыларының сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын анықтау көзделді. (2-кестеден қараңыз) . Оқушылардың білім сапасының деңгейіне, сөздік қорын, сөйлеу жағдыларын әр түрлі карточкалар, тапсырмалар беру, ойындар ойнату, әңгіме құрату, түрлі тақырыптарда пікір алмастыру, олармен әңгімелесу арқылы айқындадық. Нәтижесінде 3 сынып оқушыларының сөздік қоры мен сөйлеу дағдысынан төмендегідей ортақ қылықтарды байқадым:

1. Оқушылардың сөздік қоры шектеулі. Егер 9 жастағы баланың белсенді сөздік қорында 9000 сөз болуға тиіс деген бағдарламалық талап тұрғысынан келсек, біз анықтау тәжірибесін жүргізген әр сыныптағы оқушылардың тілінің даму деңгейі бұл талаптың орындалмағанын көрсетеді.

2. Кейбір оқушылар өздеріне таныс, сол әңгімелерде қолданып отырған сөздердің мағынасын дәл және толық білмейді.

3. Кейбір оқушылардың қолданған белсенді сөзді қорындағы сөздердің басым көпшілігі - зат есімдер. Осның салдарынан олардың өз беттерімен сөз тіркесін, сөйлем құрау, әңгіме жазу мүмкіншілігі шектеулі.

4. Біршама оқушылардың сөздің мағынасын түсіну, мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын есте сақтау дағдылары төмен. Мысалға, біз тәжірибе жүргізген сынып оқушыларының басым көпшілігі мәтінді бір оқып берген соң, оның тақырбы мен мазмұнын қайтадан айтып бере алмады.

5. Сыныптың басым көпшілігінің сұраққа толық жауап беру дағдысы толық қалыптаспаған. Қойылған сұрақтың біразына «иә, жоқ» деп жауап береді. Қойылған сұраққа толық жауап бермейді.

6. Әрбір сыныпта 6-7 оқушылар сөйлеген кезде өзінің дауыс қарқыны мен ырғағын сақтамайды. Күмілжіп сөйлеу, дағдырлап айқалау сияқты әдеттердің анайы екенін сезбейді.

Оқушылардың білім деңгейін айқындау барысында мынадай үш деңгейді анықтадық: жоғары, орташа, төмен (сызба № 1, 2, 3) .

Тәжірибе кжұмысының екінші кезеңінде (оқыту) ана тәлә сабағында оқушылардың тілін дамытуға арналған жұмыстар тәжірибеден өткізілді.

Тәжірибенің үшінші кезеңінде (қорытынды) оқу үрдісінің, оқушы іс-әрекетінің және іс-тәжірибенің қорытындысы талқыланып, талдау жұмысы айқындалды. Бұл кезеңде оқушылардың сөздік қорының нәтижесін тексеру үшін сөзді жұмыстары жүргізіліп, шағын шығармалар, мазмұндамалар жазылды. «Кім болғым келеді?», «Халық қамқоршысы», «Туған елім», «Төл тілім» тақырыптарын шығарма, ал «Шие», «Көгершін», «Наурыз», «Әке мен бала»тақырыптарын мазмұндама жазғызу арқылы оқушы тілінің қаншалықты деңгейде дамығандығын аңғардым. 4-5 оқушыларда грамматикалық қателер болғанменен, оқушылар түгелдей сауатты, көркем тілмен жазған. Шығарма жазу барысында теңеулер, мақалдар, бір сөзге бірнеше мағыналас сөздер, антонимдер, сөз тіркестері қолданылған.

М. Әлімбаевтің «Әнші Әміре» әңгімесін оқытқанда «Академиялық дауласу» стратегиясын пайдаландым. Онда оқушылар мәтіннің тақырыбы неге олай аталғандығы туралы өз пікірлерін дәлелдейді. Бұл стратегия арқылы оқушылардың ерін жеткізу, сауатты, мәдениетті сөйлеу, өз пікірін жеткізу, өз көзқарасын дәлелдей алу шеберліктерін байқадық.

№4 кесте.

№5 кесте.

Сонымен қатар оқушылардың оқу дағдыларының қалыптасуына, оқу қарқындары мен мәнерлеп, сауатты оқу дағдыларын тексеру мақсатында 3 «а, б» сыныптарында «минуттап оқыту» тәсілін жүзеге асыру. Минуттап оқыту барысында төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік.

№6 кесте.

Қорытынды: 3 тоқсанның қорытындысы бойынша төмендегі қателер жіберілген:

1. Мәтінді оқу барысында әр сыныпта 2 оқушыдан буындап, қатемен, сөйлем арасындағы үзілісті сақтамай оқу, сөздерді қайталап оқу сияқты кемшіліктер кездесті.

Ұсыныс: келесі тоқсанда оқу жылдамдығы төменоқушылармен жекелей жұмыстар жүргізу. Әр түрлі әдеби кітаптар оқытуға бағыт-бағдар беру.

Іс-тәжірибенің соңында оқушылардың білім деңгейін көрсетуде мынадай көрсеткішке қол жеткіздім.

Оқушылардың білім деңгейі. №7 кесте (Іс-тәжірибеден кейінгі) .

Оқышалрдың тілін дамытудың тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден кейінгі (жағдайлары жоғарыдағы деректерге сүйене отырып) салыстырмалы түрде берілді.

Қорыта келе, курстық жұмысында мынадай мәселелерге көңіл бөлінді:

  • педагогикалық, психологиялық, ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау жасау;
  • ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін басшылыққа алу;
  • сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдануда оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;
  • эксперимент жұмысы.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен өткізген сабақтарымның жетістіктеріне тоқталар болсам:

  • Оқушылар өз беттерімен ізденеді;
  • Ойын жинақтайды;
  • Жаңа ақпарат алады;
  • Қарым-қатынас жасауға үйренеді;
  • Ойды жүйелі айтады;
  • Ой бөліседі;
  • Шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Менің алдыма қойған мақсатым - сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану барысында оқушы сөздік қорының аясын кеңейту және тілін дамыту, пән бойынша үлгерім нәтижесінің, білім сапасының артуына үлес қосу.

Жаңа технология бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп, ертеңгі күні төл тілімнің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосар азаматтарды оқытып шығаруға аз да болса үлес қосқаныма қуаныштымын.

МАЗМҰНЫ

I Кіріспе бөлім

1. Оқыту процесіндегі бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-теориялық негізі.

1. 1. Педагогикалық технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымдарына сипаттама.

1. 2. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларына шолу жасау.

1. 3. Жаңа технологиялық сабақтың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы.

II. Негізгі бөлім

2. Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі.

2. 1. Сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы тіл дамытудағы озат ұстаздардың іс-тәжірибесіндегі көрінісі.

2. 2. Стратегияларды ана тілі сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың жолдары.

2. 3. Жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесі.

Қорытынды бөлім

Әдебиеттер тізімі

Тіркеме-А

Тіркеме-Ә

2

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялық қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.

Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкір те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шындап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесібай жас ұрпақты тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.

Елбасы Назарбаевтың « . . . Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» [13, 3 б] деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.

Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет -ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытуға жағдай жасау. Оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнының біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, жаңа технологиялар арқылы тіл дамыту зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Сондықтан бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынандай қайшылықтар бар екені анық байқалады:

  • Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін білім, бірлік дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаларының арасында;
  • ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;
  • оқушылардың тілін дамытуда сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімділігі және ғылыми педагогикалық тұрғыда негізделген тіл тіліміздегі әдістемелердің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.

Сол себептен, қайшылықтардың шешімін табудан менің ғылыми-зерттеу жұмысымның мәселесі ана тілі сабағында тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік және теориялық жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде қарастырылмауы зерттеу жұмысымның тақырыбын: «Ана тілі сабығында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту» деп таңдауыма себеп болды. Осы қайшылықтардың шешімін табуда мындай мақсат пен міндеттерді айқындадым.

Зерттеудің мақсаты: оқушы тілін дамытуда сын тұрғысына ойлау жобасын қолданудың тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  • сын тұрғысынан ойлау технологиясының ғылыми-теориялық негізін ашу;
  • сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың жан-жақты танып білуін қамтамасыз ететін шығармашылық жүйе жасау, әдістерін ұсыну;
  • сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденуін және тілін дамытудың тиімді жолдарын анықтау;
  • озат ұстаздардың іс-тәжірибелеріне талдау жасау.

Зерттеу болжамы:

1. Егер бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында «сын тұрғысынан ойлау» жобасымен оқытудың тиімді жолдарын қарастыра оқушының санасына, ақыл-ойына қозғау салып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға игі ықпалын тигізер еді. Сын тұрғысынан ойлау жобасын оқу тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, онда:

  • оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаң әдіс-тәсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға;
  • оқушыларды өз-бетімен ізденуге, олардың ойлау қабілеттерін арттыруға;
  • берілген оқу материалын толық меңгеруге, өз бетімен білім алуға, сөйтіп білім сапасын арттыруға және тілін дамытуға қол жеткізуге болар еді.

Зерттеу әдістері:

Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, псхологиялық, ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; бастауыш сыныптағы оқыту процесін бақылау; алдыңғы қатарлы үлгілі ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін жинақтау, талдау, салыстыру, қорыту; педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сұрыптау, диагностика жасау.

Зерттеу көздері:

Тіл туралы заң, «Қазақстан-2030» стратегиясы бүгінгі білім мен тәрбие берудің өзекті мселелері, озық технологиялық тәжірибелер негіз болып, педагогикалық, психологиялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

1. Ана тілі сабағынада оқушылардың тілін дамытуда жүргізілетін жұмыстардың өлемі, мазмұны және жүйесі теориялық түрде негізделді.

2. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың моделі жасалды, негізгі өлшемдері мен деңгейлері анықталды.

3. «Ана тілі» пәні бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасының әдістемелік жағы негізделді және ол жобаның оқушылардың тілін дамытудағы мүмкіндіктері айқындалды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні:

Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың теорилық тұжырымдарын, әдістерін, қорытындысын бастауыш мектеп іс-тәжірибесінде, жоғары оқу орындарында, студенттер курстық жұмыс, баяндама жазу барысында, ғылыми коференцияларда осы саладан білім, білік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Зерттеу базасы: Балқұдық орта мектебі 3 «ә» сынып оқушылары.

1. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1. Педагогикалық технологиясы ұғымдарына сипаттама.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өз елінің өкілдері болады» деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, ана тілінде еркін, сауатты, жүйелі сөйлеулерін дамыту, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі [9, 9 б. ] .

Бүгінгі дүниенің күн санап тез өсуі білім беруге деген талапты күшейте түсуде. Жаңа идеялар, білім беруге жаңаша көзқарас, кәсіби біліктілік біздің бұрынғыдан да жаңа жоғары сатыға көтерілгеніміздің белгісі. Міне, мұның бәріне қол жеткізуде әр ұстаздың шығармашылығы, жұмыс істеуі ерекше болып саналады. Осы жолда мен «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының маңыздылығын, ол технологияны ана тілі сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытуға үлкен үлес қосарын, ұстаздарға айтқым келеді. Осы тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізу барысында мына сауалдар көкейіме оралды: сын тұрғысынан ойлау жобасы деген не? қайдан шықты? кім зерттеді? қалай қолданылады? Бұл сұрақтар маған түсініксіз болды. Сол себепті мен бұл жобаға түсінік беріп, мағынасын ашып, философиясына терең үңілуді жөн санадым.

Сондықтан технология - оқыту технологиясы, педагогикалық технологиясын тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымдарының ара жігін анықтап, байланыстарын ашып алайық. Көптеген педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде, сөздіктерде, энциклопедияларда, ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде, ғылыми басылымдарда сан қилы анықтамалар берілуде. Бірақ олар қате анықтамалар емес. Керісінше, олар бірін-бірі толықтырып отырады.

Қ. М. Нағымжанованың «инновациялы-креативті технологиялар» атты еңбегінде: «Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Сонымен қатар ол белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістерінің жиынтығы және бірізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады» делінген. Ал түсіндірме сөздікте «Технология - бұл қандай да болсын істегі, шебердегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» деп айтылған [50, 27 б. ] .

Технология - мұғалімнің басшылығымен оқушының білімді өз бетімен игеруі, көзделген нәтиженің орындалу кепілі, нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үрдісінің жобасы және сатыланған, тәртіптелген іс-әрекеттер жүйесі.

«Технология» - грек сөзі, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» [18, 64 б. ] .

Берілген анықтамалардан «технология techne - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз - шеберлік туралы ғылым екенін білуге болады.

Технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы, түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттерінің жиынтығы. Білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы. Технологияның басты мақсаты - оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру. Жалпы технологияның өзі өз ішінде көп арналарға бөлінеді. Соның бір тармағы - оқыту технологиясына тоқталайық.

Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелік оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдармен байланысқан міндеттердің, мазмұнның, формалары мен әдістердің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушылардың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды

[28, 3 б. ] .

Қоғам даумы алға ілгерлегелі, білім беру саласында да көптеген жаңалықтар енгізілуде. Қазақстанның мектептерінің басым көпшілігі, осы жаңа технологиялар бойынша дәріс беруде. Бүгінгі таңда ғылыми әдебиеттерде елуден астам педагогикалық технологиялар қолданылып жүргендігі мәлім.

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар керек-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әр түрлі едергі жасайтыны белгілі. Сондай технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы.

Сын тұрғысына ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жинақаталған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек.

Бұл бағдарламаның мақсаты:

  • Барлық жастағы, соның ішіндегі бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым, бір пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім қабылдауға үйрету [32, 24 б. ] .

Енді, осы технологиялардың ішінде «сын тұрғысынан ойлау» жобасына шолу жасап, мағынасын ашайық. Жалпы алғанда бұл технологиялар оқу үрдісінде қолдану аясын тапқанмен, олардың әрқайсысының өздеріне тән қолдану ерекшелігі, әдіс-тәсілдері бар.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының психология-педагогикалық негізі ретінде Л. С. Выготскийдің, Ж. Пиаже, Д. Дьюидің идеялары алынған. Бұл технологияның авторы - Ч. Темпл, К. Мередит, Д. Стилл, Чарлз, А. Женни, Куртис сынды шетел әдіскерлері. Бұл жобаны насихаттаушылардың бірі - Қазақстандағы Соростың Демократиялық Білім беру орталығының атқарушы директоры С. Мирсеитов.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген. Сын тұрғысынан ойлау - оқушылардың жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

«Сыни ойлау» анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үш түрі - ол шығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сонымен сыни ойлау төрт бөліктен тұрады:

Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Егер ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойланғандық болады.

Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.

«Сыни ойлауға келсек, бұл - американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технология деуге негіз бар. Сыни ойлау деген не мағына береді? Ол ағылшын тілінің «Critical thinking» дегеннің тікелей аудармасы. Яғни бұл сынау деген сөз емес, одан да ауқымды терең. Бұл педагогикалық технология оқушылардың мәтінмен жұмыс жасауын және барлық ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте оқыту туралы
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Сын тұрғысынан оқыту
Сын тұрғысынан ойлауына арналған сабақ жоспары
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды биология пәнін оқытуда қолдану
Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
Шет тілін оқытудың маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz