Көркем шығарманың кейбір түрлерін бастауыш сыныпта оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Атырау облыстық білім беру басқармасы

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Қорғауға жіберілді

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

Ізғалиқызы А.

« » 2015 ж

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Көркем шығарманың кейбір түрлерін бастауыш сыныпта оқыту

Орындаған: Табынтаева Мейіргүл 4(9) б тобының студенті

Жетекшісі: Шүйіншалиева Г. Н.

Басталуы: қыркүйек 2014ж

Аяқталуы: мамыр 2015 ж

Сақтау мерзімі: 5 жыл 524-бап

Курстық жұмыстың түскен уақыты

2015 жыл

Пікір берушінің аты - жөні

ПІКІР

Студент

Курстық жұмыс жазылды

Бөлімі

Пәні

Қорғайтын тақырыбы:

Бағасы

Аннотация

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - «Көркем шығармалардың кейбір түрлерін бастауыш сыныпта оқыту»

Жоспар көркем шығарманың маңызы мен мақсатына тоқталдым, және бүгінгі күннің талабына сай жаңаша оқыту тәсілдерін қолданып сабақ үлгілерін құрдым. 1. Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы біраз көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп, оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын қалыптастырады.

Бастауыш сыныпта оқытылатын көркем шығарма түрлері:

Бүгінде біз, теориялық білімімізді практикамен ұштастырып, мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмастық. Бастауыш сыныпқа сабақ оңай сияқты болғанымен, шын мәнінде, сабақ жоспарын құру, сабақ беру оңай емес екен. Дей тұрғанмен де, алған курстық жұмысымның тақырыбы бойынша ерте қамданып, көркем шығарманың әр түрінен сабақ бердім және кейбір түрлерінен сағат жетпей қалған жағдайда өзімше жоспарладым.

Сол сабақ жоспарларымның үлгісі:

Мен, алдыма оқушыларды «оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауға дамытамын» деген міндет қойып, мүмкіндігінше алған тақырыбым бойынша жазған жоспарларымды осы бағытқа негіздедім.

Көркем шығармалардың қай түрін оқыту болмасын тәрбиелік маңызы өте зор. Оқушыларды тәрбиелей отырып, оқуға көбірек көңіл бөлінеді.

Оқушылар бұндай сабақтарда салыстыру арқылы заттар мен құбылыстардың ұқсастықтарын және айырмашылықтарын тануға үйренеді. Әңгіме құрастырады, сұрақ қоя білуге дағдыланады, ізденеді, топтасып жұмыс істейді, топ түгел сабаққа қатысады, қызығушылығы артады. Әр түрлі әдістерді игеру барысында оқушылар қарым-қатынас белсенділігін танытты. Әсіресе, бірге жасаған істерін нәтижесін көру оларды жоғары эмоциялық жағдайда әкелді. Бір-біріне сенімділікпен, түсінушілікпен қарауға дағдыланды.

Сонымен көркем шығарманы оқытуда нені ескеру керек?

-Көлемді шығармаларды оқушылар тұтас оқымайды.

-Көлемі шағын шығармалардың тұтас оқығаны тиімді.

-Мұғалім шығарманы өзі оқып көрсеткені дұрыс.

-СТО жобасын тиімді қолдануды.

-Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс жасауды.

-Көбірек ізденуді.

Жоспар

I Кіріспе

Көркем шығармаларды оқытудың маңызы мен мақсаты

II Негізгі бөлім

  1. Көркем шығармаларды оқытуға қойылатын талаптар, ерекшеліктері
  2. Жаңаша оқыту - бүгінгі күннің талабы
  3. СТО бағдарламасын ана тілі сабағында қолдану тәжірибемнен. (сабақ үлгілері)

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

ʻʻСабақ беру үйреншікті жай шеберлік

емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер ʼʼ

Ж. Аймауытов

Зерттеудің көкейкестілігі:

Мұғалім оқытудың неғұрлым дұрыс әдістемесін пайдаланып, тиімді жолдарын іздестірсе, бала соғұрлым тез дамиді, яғни білімді тез арада меңгереді. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші-бастауыш мектеп мұғалімдері.

Біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбиелеу және даму процестерін тығыз ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге, қоғамның белсенді азаматы болуға баулиДЫ.

Зерттеудің мақсаты:

Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш мектептердегі оқу сабақтарының мақсаты:

-оқушылардың дұрыс түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптыру және жетілдіру;

-оқушылардың көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту;

-оқушылардың шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну-сүйіну т. б. ) қамтамасыз ету;

-оқушыларға мәтіндердің сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, олардың ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл айдару;

-оқушыларды шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

-оқушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді, түсінікті жаза білу) дамыту;

-оқушыларды өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

-балалардың бойында оларды жас өспірім мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек ету, адамгершілік, бір-бірін сыйлаушылық, адалдық пен шыншылдық, кішіпейілділік, ізгілік пен имандылық қасиеттерін дарыту;

-сүйікті Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;

-бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру;

-оқушылардың сынып сайын алған білімдері мен оқу дағдыларын, біліктерін жетілдіру, тілін онан сайын дамыта түсу; сыни тұрғыдан пікір айтуға үйрету;

-халқымыздың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып (әдеби шығармалар, кинофильмдер т. б. ), балалардың сана-сезімін Отанды сүю, бейбітшілік мен халықтар достығы рухында қалыптастыру;

-саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрену;

-еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу;

Зерттеудің объектісі:

Болашақ мұғалім болғандықтан кәсіби педагогикалық дайындықтан өту кезеңі - педагогикалық практикада өтетін мектеп - № Оның 1-4 сыныптары.

Бастауыш мектептегі оқуды өмірмен байланыстыру, білімді жүйелі саналы да берік меңгеру, балалардың белсенділігін арттыру т. с. с. дидактикалық принциптерге сүйенеді.

Бастауыш мектептегі оқудың негізгі принциптері оны өмірмен байланыстыру болып табылады. Оқу сабақтарында балалардың алған мағлұматтарының шындық екенін дәлелдеу, тәжірибеден көрсету мақсаты көзделеді.

Оқу сабақтарының міндеті-балаларда дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.

Оқушыларды саналы оқуға үйрену, білімді саналы меңгеру, балалардың белсенділігін арттыру-оқу сабақтарындағы ең басты талап. Балалар бұл сабақтарда оқығандарына жақсы түсініп, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен сезім күйін айыра білуге, өзгерістер мен құбылыстарды дұрыс бағалай алуға үйренеді.

II Негізгі бөлім

  1. Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы біраз көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл -күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп, оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарас қалыптастырады.

Бастауыш сыныпта оқытылатын көркем шығарма түрлері:

Енді осы көркем шығарманың кейбір түрлеріне тоқталып өтсем деймін.

Ертегілерді оқыту

Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден -ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халық ауыздан-ауызға тарап, бізгне жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жжақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.

Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейімділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді.

Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажет:

  1. Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде қайғырып, бірде қуанып, қиыл көгіне көтеріледі, көңілденеді, қиалдау оларды армандауға үйретеді.
  2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретудеде ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетінмінездеме әдетте бір - екі айқын белгілерді көрсетсе де анық түсінікті болып келеді.
  3. Қара сөзбен жазылған ертгеілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп, қысқаша айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.
  4. Ертегі оқушыларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы.

Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер болатынын анықтау т. б. осындай жұмыстарды II-III сынып оқушылары орындай алады. Ал IV сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.

  1. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.
  2. Кейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.
  3. Ертегінің композициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету жұмыстары да үнемі іске асырылып отырғаны жөн.
  4. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондақтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.

Жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқу. Оқулықтарда жұмбақ, мақал-мәтелдердің көпшілігі мәтіндердің аяғында беріледі, сонымен қатар, бастауыш мектепке арналған жұмбақ, мақал-мәтелдер жинағы жоқ болғандықтан, авторлар оқушылардың тілін ұштаудағы бұл материалдардың орасан зор маңызын еске алып, оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген. Бұл материалдар бір мезгілде, бір кезеңде оқылмайды. Мұғалім қандай да болмасын бір мәтінмен жұмыс жасау барысында ол жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің ішінен өтіп отырған материалының мазмұнын сай келетіндерін іріктеп пайдаланады. Немесе олардың кейбіреулерін үйге оқуға, не жаттауға тапсырады. Мысалы,

Мақал-мәтелдер мен жұмбақ бір жағынан балалардың өмірге көзқарасын, ой-өрісін кеңейтсе, екінші жағынан тілін дамытып, сөздік қорын байытады.

А. Байтұрсынов бастауыш мектеп балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта келіп, оның қысқа да дәл және халықтың тамаша байырғы тілімен қандай да болмасын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.

Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол. Мұндай сабақ ұйымдастыруда оларды белгілі бір тақырыпқа арнап, іріктеп топтап алады.

Мақал-мәтелдер - тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.

«Мақал-мәтелдер-халықтың моральдық кодексі, тәрбие теориясы, атаның артындағы ізбасарына қалдырған өнегелі өсиеті. Адамға өткен дәуір- бәрі сабақ. Заманалар тәжірибесінен сұрыпталған тұжырымдар кейінгі ұрпаққа кітап сөзіндей аса қымбат болғаны да, болатыны да осыдан» - дейді қазақтың халық ақыны, ұзақ жыл «Балдырған» журналаның ба редакторы болған М. Әлімбаев.

Жұмбақтар бойынша жұмыс, негізінен, оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай, іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдайда жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделетіні айтылады. Мысалы, «іздесем, ізі жоқ, бауыздасам қаны жоқ» жұмбағын шешу керек делік. Бұл нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай бағыт берілмеген жағдайда балаларға қиындық түседі.

Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп табу барысында өз-өзінен ашылады. Мысалы, жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында өзен, көлде болатын нәрселер іздестіріледі. Балалар бірден суда болатын балық, бақа-шаян сияқтыларды айтады. Олардың ізі болмағанымен қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады.

Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап арқылы метафоралық бейне ашылады. Жұмбақта қандай іс жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? (қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі) т. с. с. Немесе «Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп» жұмбағының құрамындағы сөздердің да әуелі тура мағынасы талданады: кез-келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтындығы, салған іздің сөйлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы арқылы бұл жұмбақталып отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керек айтылып, олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар екні ойластырылады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса «Оқу құралдарының ішінде қайсыларында жол бар?» деген сияқты сұрақ арқылы дәптер мен кітапта жол болатыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол-жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш салатыны айқындалады. Жұмбақталған қарындаштың белгілерін балалар өздері табады. Жұмбақтағы «салған із» дегеннің жазған жазу екенін де айтады. Осы сияқты, екі-үш жұмбақтың шешуі талданып көрсетілгеннен кейін, балалар өздері де заттың белгілерін жұмбақтап айтуға тырысады.

Мысалдарды оқыту.

Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар:

а) аллегориямен айтылатыны.

ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны.

б) оның оқылу ерекшелігі. Осыдан келіп, мынадай методикалық сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны ашу керек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа жауап беру үшін, мысалдың сипатын, мазмұнын, оны балалардың қалай қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.

Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер? дегендей, сұрақ қою қателік болар еді. Өйткені жұмысты мұндай әдіспен жүргізу-оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерлерін жояды. Сондықтан балалардың одан алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру керек. Ал мысалда суреттелгендер балаларға шындық, болмыс жөнінде қате түсінік береді, өйткені қарға, түлкі сөйлемейді ғой деген сияқтылардан қауіптенудің қажеті жоқ. Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды. Мысалы, балалар тіпті IV сыныптың өзінде де қылыштасу, атысу ойындарын шындық сияқты ойнайды. Олар таяқтың қылыш, найза еместігін әрине жақсы біледі, бірақ өздерінше шын найза, қылыш деп есептейді. Немесе қыз балалардың кейбіреулері әлі де қуыршақпен ойнайды, оның сөйлемейтінін біле тұра, шын кісі деп есептеп, онымен сөйлесіп отырады. Сол сияқты мысалдағы оқиғаны да бастауыш сынып оқушылары шындықта болатындай көріп қабылдайды.

Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды: мысалдарды оқығанда көңіл қоятын жай-оқушыларға оның мазмұнын қабылдату және ондағы кейіпкердің іс-әрекетін талдау.

Мысалдағы аллегорияны ашу жұмысын IV сыныпта мынадай тәсілмен іске асыруға болады. Мұнда мысалда суреттелген оқиғаға ұқсас оқиға іздестіріледі. Айталық И. А. Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалы оқылғаннан кейін біреудің қолындағы нәрсесін алдап алу өмірде кездесе ме, ондай әрекет жақсы ма, жаман ба . . . дегендей сұрау қою арқылы, ондағы негізгі ойды түсінуге жеңілдік жасалады. Кейбір жағдайларда мысалда суреттелген оқиғаға өмірде болатын ұқсас оқиға табу жұмысы мысал оқылмас бұрын, алдын ала дайындық әңгіменің барысында жүргізіледі.

Мысалдың екінші ерекшелігі - онда белгілі бір үгіт, түрде мәтіннің басында немесе аяғында беріледі. Мысалы, «Қарма мен түлкі» мысалынан шығатын қорытынды мәтіннің басында берілген:

Жұрт біледі, күледі,

Сұрқия тілдің жаманын,

Қошеметшілердің амалын,

Соннда да солар қайда жоқ,

Ептеп айтса, ересің,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта көркем шығарманы оқыту әдістерін диагностикалау критерийлерін тұжырымдау
Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Бастауыш сыныптағы сын жұмыстар оларды жүргізу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz