Қаныш Сатпаев геология ғылымының ең алғашқы педагог - мұғалімдерінің бірі



Кіріспе

Қазақ ғылыми академиясының тұңғыш президенті геология ғылымының 20-ғасырдағы аса көрнекті оқымысты академик Қаныш Сатпаевымыз ең алғашқы педагог-мұғалімдерінің бірі.
Семейдегі педагогикалық техникумды тәмамдағаннан кейін 1918-1919 жылдары Семей қаласындағы қазақ мұғалімдеріне арналған 2 жылдық педагогикалық курстарға жаратылыстану пәнінен сабақ берді. 1919-1920 жылдары Семей губерниясындағы Павлодар уезіне қараған Ақ келін болысындағы ата жұрты №4 ауылда мұғалімдік қызмет атқарады.
Мұғалім болып қызмет істеген кездегі оқулықтарға тапшылықты өз басынан кешіргендіктен, 1919-1924 жылдар аралығында тұңғыш «алгебра» оқулығын құрастырыпты.
Ұлы ұстазымыз Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысымен 1924 жылы Қ.И.Сатпаев құрастырған осы «алгебра» оқулығы комиссариатының тиісті комиссияларында баспаға қабылданып, авторға аванс берілген көрінеді.
Енді кітаптың жарық көріп, ел қолына жетуі ғана қалған секілді еді.
Қ.Имантайұлы қазақ тілінің үлкен қамқоршысы екенін «ер Едіге» эпосын қазақ тіліне мұқият түсіріп бергендігімен дәлелдесе, математикалық және ғылыми-техникалық терминология жасаудағы ең алғашқы ірі авторларының бірі екендігін осы аталып отырған оқулық арқылы біліп отырмыз. Бұл кітаптың құндылығы қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Б.М.Қасанов ғылыми тұрғыдан дәлелдеп отыр. Көлемі 1642 беттен тұратын осы қолжазба болашақ ғалымның 20 жасында жазған тұңғыш ғылыми еңбек екен. Бұл кітап А.П.Киселевтің алгебрасы негізінде жазылған. Бірақ бұл жалаң аударма емес. Қаныш аға аудармамен қатар осы негіздей қазақ мектептеріндегі оқушылардың білімі мен талап деңгейін ескере отырып, шөп, мал түрлерін санауға, сол кезеңдегі сауда-саттық ұғымдарына байланыстырып көптеген жаңа мазмұнды оқу бағдарламасына сәйкес есептерді құрастырған. Қолжазбаның соңында 220 математикалық терминдердің қазақша байланысын енгізген. Қолжазбаның ішінде араб графикасымен жазылған 592 бет, латын графикасымен жазылған 1440 бет, 30-35 баспа табақ болавтын математикалық қолжазбалары Қазақстан Республикалық мемлекеттің орташа мұражай қорында сақталған.
Б.Қосановтың айтуынша Қ.И.Сәтпаевтың қазақ тіліндегі тұңғыш «алгебра» оқулығының қолжазбасын Қазақстан халық ағарту комиссариатына 1924 жылы тапсырған һәм қолжазба Комиссариаттың

Кіріспе

Қазақ ғылыми академиясының тұңғыш президенті геология ғылымының 20-
ғасырдағы аса көрнекті оқымысты академик Қаныш Сатпаевымыз ең алғашқы
педагог-мұғалімдерінің бірі.
Семейдегі педагогикалық техникумды тәмамдағаннан кейін 1918-1919
жылдары Семей қаласындағы қазақ мұғалімдеріне арналған 2 жылдық
педагогикалық курстарға жаратылыстану пәнінен сабақ берді. 1919-1920
жылдары Семей губерниясындағы Павлодар уезіне қараған Ақ келін болысындағы
ата жұрты №4 ауылда мұғалімдік қызмет атқарады.
Мұғалім болып қызмет істеген кездегі оқулықтарға тапшылықты өз басынан
кешіргендіктен, 1919-1924 жылдар аралығында тұңғыш алгебра оқулығын
құрастырыпты.
Ұлы ұстазымыз Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысымен 1924 жылы Қ.И.Сатпаев
құрастырған осы алгебра оқулығы комиссариатының тиісті комиссияларында
баспаға қабылданып, авторға аванс берілген көрінеді.
Енді кітаптың жарық көріп, ел қолына жетуі ғана қалған секілді еді.
Қ.Имантайұлы қазақ тілінің үлкен қамқоршысы екенін ер Едіге эпосын
қазақ тіліне мұқият түсіріп бергендігімен дәлелдесе, математикалық және
ғылыми-техникалық терминология жасаудағы ең алғашқы ірі авторларының бірі
екендігін осы аталып отырған оқулық арқылы біліп отырмыз. Бұл кітаптың
құндылығы қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің
оқытушысы Б.М.Қасанов ғылыми тұрғыдан дәлелдеп отыр. Көлемі 1642 беттен
тұратын осы қолжазба болашақ ғалымның 20 жасында жазған тұңғыш ғылыми еңбек
екен. Бұл кітап А.П.Киселевтің алгебрасы негізінде жазылған. Бірақ бұл
жалаң аударма емес. Қаныш аға аудармамен қатар осы негіздей қазақ
мектептеріндегі оқушылардың білімі мен талап деңгейін ескере отырып, шөп,
мал түрлерін санауға, сол кезеңдегі сауда-саттық ұғымдарына байланыстырып
көптеген жаңа мазмұнды оқу бағдарламасына сәйкес есептерді құрастырған.
Қолжазбаның соңында 220 математикалық терминдердің қазақша байланысын
енгізген. Қолжазбаның ішінде араб графикасымен жазылған 592 бет, латын
графикасымен жазылған 1440 бет, 30-35 баспа табақ болавтын математикалық
қолжазбалары Қазақстан Республикалық мемлекеттің орташа мұражай қорында
сақталған.
Б.Қосановтың айтуынша Қ.И.Сәтпаевтың қазақ тіліндегі тұңғыш алгебра
оқулығының қолжазбасын Қазақстан халық ағарту комиссариатына 1924 жылы
тапсырған һәм қолжазба Комиссариаттың ғылыми-әдеби кеңесінде
математикалық оқулығы ретінде мақұлданып, баспаға ұсынылғандығы жайындағы
құжаттар сақталған екен. Қаныш Сәтпаев ұсынған алгебралық жазбалардың
белгілейтін шрифтер мен матрицалардың болмауына байланысты алгебраны
басып шығару сөзбайламға түскен көрінеді. 1927 жылы оқулықтың Мәскеудегі
Центриздатқа жіберілген жөніндегі қағаздар айқын екен. Бірақ,
Центриздат пен Қазиздат арасындағы түсініспеушіліктердің салдарымен
кітаптың басылуы құрдымға кетеді.
Автор ретінде Сәтпаев заңды алаңдаушылық білдіріп, бұл баспаларға
бірнеше нәтиже шыға қоймапты. Қазақстан жазуының 1929 жылы латын алфавитіне
ауысуына байланысты Қ.И.Сәтпаев оқулықтағы формулаларын бастан аяқ латын
әріптерімен түзеп шығып 1928 жылы наурыздың 3 күні латыншаға көшіріп,
қайтадан баспаға өткізеді. Осыған байланысты қолжазбаның тағы бір
құндылығын аша түседі. Қаныш аға қазақша оқулыққа тұңғыш рет халықаралық
емес тілін яғни теңдеу өрнектерін латын әріптерімен белгілеуге ұсынды.
Сонан бері ешқандай өзгеріссіз күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Мәне
осындай Қаныш ағаның кемеңгерлігі, данышпандылығы, жан-жақты ғылыми иесі
екенін тағы да дәлелдей түскендей. Бірақ бұл оқулық 30 жылдардан бастап
Кеңестер Одағында бірыңғай ортақ оқулықтарға көші басталып кетеді де,
Қ.И.Сәтпаевтың Алгебра оқулығын баспадан шығару ісі аяқсыз қалады. Оған
қоса Қаныш ағаның Томск қаласындағы индустриялық институтты бітіріп,
қазақтың тұңғыш кен инженер–геологы болып шыққан 1926 жылдан бастап,
Жезқазған кен орнымен айналысып, басқа да жұмыстардан қол үзіп кетуіне
де үлкен себеп болды. Аталған оқулықтың сапасы төмендігінен емес, ақауы мен
кемшіліктері көп болғандықтан емес, жоғарыда баяндалған, бодандықтың
бунағымен туған жағдайларға байланысты жарық көрмей, қолжазба күйінде қалып
қойғаны айқындалады. Ал, оқулық қазақ баласының табиғатына сай, қазақтың
топырағында туған туынды.
Қ.И.Сәтпаевтың Алгебрасы жарық көрмесе де оның еңбегін атап, оның
қолжазбасындағы терминологиясын пайдаланғандықтан жаңа құрастырушылар ашық
көрсетіп, атап кету лазым еді. Бірақ бұл да бұйырмапты. Кеңестік дәуірдегі
ең үздік болып есептеліп келген А.П.Киселевтің оқулығынан Сәтпаевтың
дайындаған нұсқасы мазмұны жағынан да, сапа жағынан да көп артық деп
бүгінгі оқымыстылар жоғары баға беріп отыр. Ол кезең үшін ғана емес,
қазіргі күні үшін де бұл оқулық сапасын жойған жоқ. Бұл оқулықты дайындау
барысында тек орыс тіліндегі үздік оқулықтардан басқа Тодгенттер, Маракия,
Бертрон және т.б батыс елдері профессорларының оқулықтарының пайдалы
жақтарын таңдап алған. Қай авторды негізге алса да, оқулықтың қазақ
баласына арналғандығын білгір аға есінен еш шығармапты. Теріс сандардың
борыш ал оң сандарды мүлік деп қарастырған. Қаныш Сәтпаев шығыс
ғұламаларының математикалық еңбек таныс деген ойға жетелейді.
Қ.И.Сәтпаев көптеген математика терминдеріне қазақша атаулар ұсынған.
Онда қазіргі қолданылып жүрген көптеген терминдер де кездеседі. Оның өзі,
сол терминдердің негізгі авторы Қ.И Сәтпаев екеніне күмән келтірмейді.
Сондай-ақ әдістемелік, талдамалық амал іздеу жолдарындағы күнделікті және
математикалық ғылыми тілімізді байыта түсірсек үлкен бір құрал тіліміздің
қолдану өрісін кеңейтеміз деп жүргенде бұл оқулықтың пайдасын ұшан-теңіз.
Осы аталып отырған қолжазбаға өз қолымен жазған Алғы сөзінің
қолжазбаға айта кетейік.
Академик Қ.И. Сәтпаевтың қазақ орта мектептеріне Алгебра оқулығына
алғы сөз.
1. Оқушылардың алдына тартылып отырған өзі кітап 1914 жылы жазыла
бастады. Одан бері түрлі таластар арқылы созылып келіп, 1924
жылдың ішінде аяқталып отыр. Жазылған кезінде пәннің өз жүйесі
мен әдістемелік тәсілдерінің қиыншылық үстіне, керекті
терминдерді тауып алу да ауыр жұмыс болды. Қай пәнде болсын
әсіресе есеп пәндерінде әрбір ұғымның сөз баламасы мен атын әрі
ықшам, әрі дәл түрінде таба білу аса керекті және ауыр жүр,
мұның үстіне қазіргі Қазақстан баспасөзінің қолданып отырған
пән тілін көпшілік тілімен аластатпасақ деген ережесін еске
алсақ, пән ұғымдарына дәл үйлесетін және көпшілік тілінің ішінен
орын алатын керекті пән сөздерін табудың қиыншылығы айырықша
қабаттаспақшы.
Кітаптің ішіне кірген пән сөздерінің бәрі де Орынбордағы білім кеңесінің
талқысына салынып, сыннан өтіп шықты.
Сөйтсе де алынған терминдердің бәрі де тиісті ұғымдарға дәл үйлесті деп
кесіп айтуға болмайды. Өйткені, тұңғыш нәрсенің іші мен тысы шу дегеннен
мүлтіксіз, мінсіз және көрнекті болып тумайтыны мәлім. Қашанда тұңғыш
нәрсенің ең ауыр міндеті кейінгі бұның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ – ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қ. Сәтпаевтың өмiрi
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан Өндірісінің дамуына қосқан үлесі
ҚАНЫШ СӘТПАЕВ ҚАЗАҚ КСР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қаныш Сәтпаев - алғашқы геолог
Халықтың Қанышы
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жерді зерттейтін ғылым - Геология
Пәндер