Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқыту



I. Кіріспе
Шерхан . қазақтың халық жазушысы.
II. Негізгі бөлім
"Қызыл жебе" романының көркемдік ерекшелігі.
а) тақырыбы мен идеясы;
ә) Тұрар бейнесі
III.Қорытынды
Соңғы түйін...
Зерттеудің көкейкестілігі: "Қызыл жебе" Шерхан Мұртазаның Тұрар Рысқұловқа қойған ескерткіші деп жатады. Дегенмен, "Қызыл жебе" ұрпақтан-ұрпаққа қаһармандықтан мәңгілік аманаты, қоғамнан қоғамға есті ескертпе. Жалпақ әлемде ен жаны сірі жаратылыс - халық. Тұрарлардың тарих сахнасына шығуы - бойында о баста күрескерлік рухы тірі халықтық қасиеттің дәлелі. Тұрар бойындағы күрескерлігінен табиғи заңдылығын әкесі Рысқұлдан жалғастырып та кетуге болар, бірақ бұл аз, Тұрарлардағы тектіліктің түп-тамыры тым тереңде. Ол сонау Керей мен Жәнібек көтерген қара шаңырақтан, "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Абайдың ақ туы, Кенесарының ұлт-азаттық көтерлісінен бастау алады. Курстық жұмыста мәселелер төңірегінде сөз болмақ.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өзінің саналы ғұмырын құрбан еткен текті тұлғалардың бірі - Тұрар Рысқұлов туралы жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кеңестік тарих ғылымы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұрғысынан қарастырды, зерттеуге тыйым салды, ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып, тарихи шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да тарихтың бұл беттерін қайта қарастырып, әлі де болса қолданбай келген мұрағат құжаттары арқылы жаңа шынайылық көзқараспен сынай отырып, Кеңес үкіметі тұсындағы қайраткерлік өмірі мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметтері туралы тарих саласында осы кезеңге дейін толық, арнайы түрде ғылыми тұрғыдан зерттелмеген тұстарын кешенді түрде ашып көрсету тақырыбымыздың өзектілігі болып отыр.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі отандық тарихымызда ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеу нысанасына алынып қарастырылған емес. Тұрар Рысқұлов ресми ақталғаннан кейін көптеген мақалалар қайраткердің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметіне арналған және содан бері көптеген диссертациялық зерттеулер мен жинақтар жарық көрді.
Зерттеудің мақсаты: Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын тарихымызда белгісіз болып келген немесе әдейі бұрмаланған тұстарын тың деректерге сүйене отырып тарихи шындық тұрғысынан зерттеу,

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

‭ ‬Курстық жұмыстың тақырыбы:‭ ‬Ш.Мұртазаның‭ ‬Тұтқын бала‭ ‬әңгімесін оқыту
‭ ( ‬Қызыл жебе‭ ‬романы бойынша‭)
Зерттеудің көкейкестілігі:‭ ‬"Қызыл жебе‭" ‬ Шерхан Мұртазаның Тұрар Рысқұловқа қойған ескерткіші деп жатады.‭ ‬Дегенмен,‭ "‬Қызыл жебе‭" ‬ұрпақтан-ұрпаққа қаһармандықтан мәңгілік аманаты,‭ ‬қоғамнан қоғамға есті ескертпе.‭ ‬Жалпақ әлемде ен жаны сірі жаратылыс‭ ‬-‭ ‬халық.‭ ‬Тұрарлардың тарих сахнасына шығуы‭ ‬-‭ ‬бойында о баста күрескерлік рухы тірі халықтық қасиеттің дәлелі.‭ ‬Тұрар бойындағы күрескерлігінен табиғи заңдылығын әкесі Рысқұлдан жалғастырып та кетуге болар,‭ ‬бірақ бұл аз,‭ ‬Тұрарлардағы тектіліктің түп-тамыры тым тереңде.‭ ‬Ол сонау Керей мен Жәнібек көтерген қара шаңырақтан,‭ "‬Қасым ханның қасқа жолы‭"‬,‭ "‬Есім ханның ескі жолы‭"‬,‭ ‬ Абайдың ақ туы,‭ ‬ Кенесарының ұлт-азаттық көтерлісінен бастау алады.‭ ‬Курстық жұмыста мәселелер‭ ‬төңірегінде сөз болмақ.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы.‭ ‬Еліміз егемендік алып,‭ ‬тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап,‭ ‬сол жолда өзінің саналы ғұмырын құрбан еткен текті тұлғалардың бірі‭ ‬-‭ ‬Тұрар Рысқұлов туралы‭ ‬жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.‭ ‬Кеңестік тарих ғылымы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұрғысынан қарастырды,‭ ‬зерттеуге тыйым салды,‭ ‬ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып,‭ ‬тарихи шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді.‭ ‬Сондықтан да тарихтың бұл беттерін қайта қарастырып,‭ ‬әлі де болса қолданбай келген мұрағат құжаттары арқылы жаңа шынайылық көзқараспен сынай отырып,‭ ‬Кеңес үкіметі тұсындағы қайраткерлік өмірі мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметтері туралы тарих саласында осы кезеңге дейін толық,‭ ‬арнайы‭ ‬түрде ғылыми тұрғыдан зерттелмеген тұстарын кешенді түрде ашып көрсету тақырыбымыздың өзектілігі болып отыр.‭

Жұмыстың зерттелу деңгейі.‭ ‬Мемлекет және қоғам қайраткері‭ ‬Тұрар Рысқұловтың‭ ‬қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі отандық тарихымызда ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеу нысанасына алынып қарастырылған емес.‭ ‬Тұрар Рысқұлов‭ ‬ресми ақталғаннан кейін көптеген мақалалар қайраткердің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметіне арналған және содан бері көптеген диссертациялық‭ ‬зерттеулер мен жинақтар жарық көрді.

Зерттеудің мақсаты:‭ ‬Тұрар Рысқұловтың‭ ‬қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып,‭ ‬бұрын тарихымызда белгісіз болып келген немесе әдейі бұрмаланған тұстарын тың деректерге сүйене отырып тарихи шындық тұрғысынан зерттеу,‭ ‬ оның шынайы келбетімен қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету‭ – ‬зерттеу жұмысының басты‭ ‬мақсаты болып табылады.‭

Зерттеудің міндеттері:Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай‭ ‬міндеттер қойылады:

-‭ ‬Тұрар Рысқұловтың‭ ‬өмірі мен қызметі жайында құжаттар мен деректерді ғылыми айналымға енгізу‭;

-‭ ‬Қайраткердің қоғамдық,‭ ‬саяси,‭ ‬мемлекеттік‭ ‬ қызметіне қатысты барлық зерттеулерді,‭ ‬мұрағат құжаттары мен басқа да дерек көздерін жаңа заман талаптары тұрғысынан саралап,‭ ‬ол туралы баға берген еңбектерді талдап,‭ ‬қарастыру‭;

-‭ ‬Саяси көзқарасының қалыптасуына тигізген оның өскен ортасының әсерін анықтау‭;

-‭ ‬Білім алған орны мен‭ ‬қоғамдық қызметінің саяси күрестегі орыс зиялылары арасындағы арақатынасын салыстыру арқылы оның дүниетанымын,‭ ‬саяси көзқарасының өсуінің ішкі мазмұнын,‭ ‬табиғатын ашу‭;

-‭ ‬Тұрардың тұлғасы мен тұрпаты,‭ ‬ұшан-теңіз атқарған тірліктерінің таң қаларлықтай ауқымы,‭ ‬қайраткерлік қарымы,‭ ‬азаматтық алымы,‭ ‬білім-білік тереңдігі,‭ ‬түркі халықтарының тағдыршешті талайына толайым берілген адалдығы,‭ ‬елі мен жерін,‭ ‬ұлтын жанындай жақсы көретіндігін нақты мысалдармен айқындау‭;
-‭ ‬Эконимиканы,‭ ‬өнеркәсіптің күллі қырлары мен сырларын,‭ ‬тіпті тұрғын үй және коммуналдық шарушашылық,‭ ‬экспорт сынды салалардың өзгешеліктерін жілікше шағатыны‭ ‬туралы мәлімет беру‭;
-‭ ‬Т.Рысқұловтың тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргініне‭ ‬ұшырауын деректер негізінде дәйектеу.‭

Зерттеу нысанасы.‭ ‬Кеңестік қоғам дамуындағы ұлт тұлғаларының тарихтағы орнын анықтап мемлекет және қоғам қайраткері‭ ‬Т.Рысқұловтың‭ ‬ өмірі,‭ ‬қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін‭ ‬қарастыру.

Зерттеу пәні.‭ ‬Әдебиетті оқыту әдістемесі

Жұмыстың құрылымы:‭ ‬Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді.‭ ‬Зерттеу жұмысы кіріспеден,‭ ‬негізгі және қорытынды бөлімнен,‭ ‬пайдаланылған әдебиеттер тізімінен‭ ‬тұрады.‭

Жоспары:

I.‭ ‬Кіріспе

Шерхан‭ ‬-‭ ‬қазақтың халық жазушысы.

II.‭ ‬Негізгі бөлім

"Қызыл жебе‭" ‬романының көркемдік ерекшелігі.

а‭) ‬тақырыбы мен идеясы‭;

ә‭) ‬Тұрар бейнесі

III.Қорытынды

‭ ‬Соңғы түйін...

І.‭ ‬Кіріспе

‭ ‬Қазақтың халық‭ ‬жазушысы

Әлемде әр халықтың ұлттың мақтанышына айналған перзенттері болады.‭ ‬Жүздеген жыл,‭ ‬бірнеше ғасырлар өтсе де талантты,‭ ‬бір тума азаматтарын елі ешқашан ұмытқан емес.‭ ‬Неміс халық‭ ‬-‭ ‬Гетесін,‭ ‬ағылшындар‭ ‬-‭ ‬Шекспирін,‭ ‬орыстар Пушкині мен Толстойын,‭ ‬қазақтар Абай,‭ ‬Әуезов пен Момышұлын ұдайы қастерлеп ұлағатты сөздерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатыр.‭ ‬Сондай-сондай ұлы есімдердің арқасында,‭ ‬жан дүниесі басқа халықтарға да таныла бастайды.‭ ‬Бүгінде де туған елі қадірлеп,‭ ‬өзінің ұлы ұлдарының санатына жатқызатын жандар баршылық.‭ ‬Солардың бірі‭ ‬-‭ ‬Шерхан Мұртаза.‭ ‬Шерхан Мұртаза‭ ‬-‭ ‬халқымыздың осындай аяулы перзенттерін,‭ ‬оның маңайында жарқыраған халық жұлдыздарынң бірі.‭ ‬Әр жұлдыздың туар сәті,‭ ‬тұрар орны болады,‭ ‬ақ сәулесін анық түсіре,‭ ‬айқын жарқырар шағы болады.‭ ‬Дәуір тынысын дөп аңғарып,‭ ‬оның талабына қарай қаракет еткен қайраткер адамға әрі‭ ‬-‭ ‬беріден соң уақыттың өзі қызмет етеді.
Жаны‭ ‬-‭ ‬жаз,‭ ‬кеудесі‭ ‬-‭ ‬күй ширағының бергенімен берері мол екендігін біз білеміз.‭ ‬Шерхан Мұртаза Әулиеата уезі,‭ ‬қазіргі Жамбыл облысы,‭ ‬Жуалы ауданында дүниеге келген.‭ ‬Жазушы,‭ ‬аудармашы,‭ ‬қоғам қайраткері Әкесі Мұртаза‭ ‬1937‭ ‬жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті.‭ ‬Шерхан‭ ‬1941‭ ‬жылы Талапты мектебінде бірінші кластың табалдырығын аттаған кезден бастап-ақ оқумен бірге еңбекке де араласты.‭ ‬Балалық шағы соғыстың қиямет,‭ ‬қиын-қыстау кезеңіне тұспа-тұс келді.‭ ‬1950жылы Жамбыл қаласында интернат үйінде жүріп,‭ ‬Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң әуелі Мәскеу полиграфия институтында,‭ ‬үшінші курстан бастап Мәскеудің мемлкеттік Ломоносов атындағы университетінде оқып,‭ ‬журналистика факультетін‭ ‬1955‭ ‬жылы бітіріп шығады.‭ ‬Сол жылдардың өзінде-ақ ол башқұрт жазушысы Мұстай Кәрімнің бір повесін,‭ ‬Л.Лагиннің‭ "‬Хоттабыч қарт‭" ‬романын қазақшаға аударады.
1975-1994‭ ‬жылдары республикалық‭ "‬қазақ әдебиеті‭"‬,‭ "‬Социалистік Қазақстан‭" ‬газеттерінің бас редакторы,‭ ‬теледидар және радио мемлкеттік комитеті төрағасы.‭ ‬1994-1995‭ ‬жылдар Қазақстан Республикасы жоғары кеңесінің депутаты.‭ ‬Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне депутат.‭ ‬Ш.Мұртаза Абай атындағы мемлкеттік сыйлықтың лауреаты,‭ ‬орден,‭ ‬медальдармен марапатталған,‭ "‬Қазақстан халық жазушысы‭" ‬атағы берілді.‭ ‬Сексенінші жылдардың орта тұсына таманырақ Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова Түлкібас ауданына келген.‭ ‬Жұртшылықтың жанарлары жасаурап,‭ ‬жақсыдан қалған жәдігер ғой дегенді жүрекжарды ықылас-пейілдерімен білдіріп жатты.‭ ‬Шынымызды айтайық,‭ ‬сонда Сәуле әпкеміз бізге біртүрлі салқындау,‭ ‬селқостау сияқты көрінді.‭ ‬Сезімге берілмегендей,‭ ‬тым тебірене қоймағандай,‭ ‬толғанысқа түспегендей көрінген.‭ ‬Біз ғана емес,‭ ‬бірталай кісілер,‭ ‬ішінде Тұрар Рысқұловтың туыстары да баршылық,‭ ‬Сәуленің сәл-пәл суықтау қарйтындығына,‭ ‬анау-мынауға мізбақпастай мінез танытатын бірбеткейлігіне әжептәуір-ақ әбіржігендей болғантұғын.‭ ‬Бірте-бірте:‭ "‬Титімдейінен тағдырдың талқысын көріп,‭ ‬теперішін тартты ғой,‭ ‬оңай ма‭?" "‬Қаншама жылдар бойы‭ "‬халық жауының қызы‭" ‬атанды,‭ ‬қайтсін-ай‭"‬,‭ "‬Бастан кешпеген азабы жоқ қой,‭ ‬басқашалау көрінетіні содан да‭" ‬десті.‭ ‬Сөйтіп,‭ ‬үнсіз ұғынысқан,‭ ‬іштей түсініскен.‭ ‬Жазушы табиғатты жаратылыстың басқа да тірі организмі секілді өседі,‭ ‬өледі.‭ ‬Жазушы шеберлігінде қайралған қылыштай шындалады.‭ ‬Өтпейтін пышақтай мұқалып,‭ ‬сарытып болған жайлаудай өрісі бір деңгейден ұзамайтын жазғыштар көп.‭ ‬Ылғи өсу,‭ ‬бір кезеңмен екінші кезеңі биік тартып,‭ ‬асып түсіп отыратын жазушы сирек.‭ ‬Сол сиректердің бірі‭ ‬-‭ ‬Шерхан Мұртаза.

ІІ.‭ ‬Негізгі бөлім.

Қазақ прозасындағы‭ "‬Абай жолы‭"‬,‭ "‬Қан мен тер‭"‬,‭ "‬Менің атым Қожа‭"‬,‭ "‬Үркер‭"‬,‭ "‬Боран‭"‬,‭ ‬шығармаларымен қатар тұратын роман‭ ‬-‭ "‬Қызыл жебе‭"‬ романы.‭ ‬Ол‭ ‬-‭ ‬әдебиетіміздегі кесек дүние.‭ ‬Кезекігі‭ ‬-‭ ‬таңдап алған тақырыбының өтімділігіндегі емес.‭ "‬Ата даңқымен қыз өтеді,‭ ‬мата даңқымен боз өтеді,‭ ‬қағидасы өнер табиғатына жүрмейді.‭ ‬Қазіргі жалпыдай білімді дәуірде әр кезеңде болып тұратын зәру нүктені басып,‭ ‬жұрттың көңілімен шығуға деген дүниелері газеттік публицистика немесе проблемалық очерктің о жақ бұ жағында болса да,‭ ‬көркемдік талғамын күнделікті күйбеңтерлік күстендірген оқырман ауырған жеріме тиіп кеткеннің‭ ‬бәрін дәрі деп қабылдайды.‭ ‬Ал‭ "‬Қызыл жебенің‭" ‬жөні бөлек.‭ "‬Оян,‭ ‬Тұрар‭!" ‬деп басталатын осы шығармасы маған тұтаспай,‭ "‬Оян,‭ ‬қоғам‭!" ‬деп тұрғандай болып көрінеді.‭ ‬Жүректен шығып,‭ ‬жүрекке жететін жан айқай.Төмендігіміз,‭ ‬төске өрлегеніміз,‭ ‬төбеге шыққанымыз бар,‭ ‬бәріміз мезгілде осылай намысқа өртеніп,‭ ‬жанды жеп өмір сүрсек,‭ ‬өзгелерге өзегі түгілі өкшесін көрсетпеуге бейім өркөркірек елдің қай құбылысынан да қақайып тұрар едік.‭ "‬Қызыл жебені‭" ‬жұрт Шерхан Мұртазаның Тұрар Рысқұловқа қойған ескерткіші деп жатады.Солайы солай да шығар.‭ ‬Дегенмен,‭ ‬мен үшін‭ "‬Қызыл жебе‭" ‬ұрпақтан ұрпаққа қаһармандықтан мәңгілік аманаты,‭ ‬қоғамнан қаоғамға есті ескертпе.‭ ‬Жалпақ жемде ен жаны сірі жаратылыс‭ ‬-‭ ‬халық.‭ ‬Оның көретін құқайын жіпке тізіп айтқан кезде саусағыңды тістелеп отырып қаласын.‭ ‬Қоғам ешуақытта бір сыдырғы мамыражай ғұмыр кешкен емес.‭ ‬Оның формациядан екінші формацияға ауысып отырды,‭ ‬көп жағдайда қиян-кескі.‭ ‬Ал өз еркіндігі өзінде жоқ,‭ ‬басқаның бодандығында жүрген халықтар үшін ол барып тұрған қиямет‭ ‬-‭ ‬қайым.‭ ‬Тағдырының осы бір жазмышынан біздің халқымыз да қашып құтыла‭ ‬-‭ ‬алған жоқ.Большивизмнің авантюризм мен иноцидінен онсыз да царизмнің құлықкесті құлдығында жүрген халқымыз қақпатас сияқты қақпақылға түсіп,‭ ‬қамкөбек ойнап кетті.‭ ‬Мұндай шақта Тұрарлардың тарих сахнасына шығуы‭ ‬-‭ ‬табиғи заңдылық.‭ ‬Тұрарлардың тарих сахнасына шығуы,‭ ‬бойында о баста күрескерлік рухы тірі халықтың қасиеттің дәлелі.
Тұрар бойындағы күрескерлігінен табиғи заңдылығын әкесі Рысқұлдан жалғастырып та кетуге болар,‭ ‬бірақ бұл аз,‭ ‬Тұрарлардағы тектіліктің түп-тамыры тым тереңде.‭ ‬Ол сонау Керей мен Жәнібек көтерген қара шаңырақтан,‭ " ‬Қасым ханның қасқа жолы‭"‬,‭ "‬Есім ханның ескі жолы‭"‬,‭ ‬Абайдың ақ туы Кенесарының ұлт-азаттық көтерілісінен бастау алады.‭
Дала жұрағаты заманалар бойы тас қараңғыда қара аспанның қалың,‭ ‬қабатындағы қаптаған жұлдыздарға қарап жол тапқан.‭ ‬Дүниені алай-дүлей басып,‭ ‬жер ен көктің арасын көрінбей түтеген кезде жұлдызын жоғалтып алып,‭ ‬жолынан адасты не болмаса‭ "‬Құдай салды,‭ ‬біз көндікке‭" ‬мойын сұнып,‭ ‬қараңғылықты қымтанып қыбыр етпей жатып алды.
‭ ‬Дүниедегі шексіз қаныпезер,‭ ‬шексіз жұмбақ Иосиф Джугашвили мұны жақсы білді.‭ ‬Сондықтан да ол шексіз биліктің құдіретімен қазақ аспанының ішінде Тұрар Рысқұлов бар ең жарық жұлдыздарын жұлып тастады.‭ ‬Ұлы апат‭! "‬Қызыл жебе‭" ‬авторы осы ұлы апаттан,‭ ‬тарихына өкінім-наламен ғана көз салмайды,‭ ‬сол бір алмағайып заман адамдарының қайраткерінен қаратұяқтарына дейін саясат,‭ ‬ой-сана,‭ ‬іс-әрекет тұрмыс ақиқатын іздейді.‭ ‬Осыны бағыдай отырып,‭ ‬Тұрар Рысқұлов пен Шерхан Мұртазаның дүниеге,‭ ‬халыққа,‭ ‬болашаққа деген ниеті,‭ ‬ой мақсаты,‭ ‬жасайтын қорытынды мен қабылдайтын шешімі қатар өмір сүріп келе жатқандай әсерде боласыз.
Шерхан Мұртазаның‭ "‬Қызыл жебе‭" ‬романның бастауы авторлық баяндаудан басталуы.‭ ‬Романның көркемдік әлемнің күретамыры әке Рысқұлмен бала Тұрар.‭ ‬Бір қарағанда романның басталуы жай ғана хабарлау болып көрінгенмен,‭ ‬көп жайдан хабар беріп тұрғанын ғылыми тұрғыдан аңғаруға болар еді.‭ ‬Ең алдымен торға қамалған жай момын не айлакер не сотқа аң емес,‭ ‬тордағы даланың арыстаны мен жолбарысы.
Орыс пен қазақтың бір торға түсуі дегенің астарында не бар.‭ ‬Бұл заманның өз шындығы орыс пен қазақ бірнеше тапқан күреске түскен заманның шындығы.‭ ‬Яғни,‭ ‬автор сөзінде әп дегенде замана шындығы қылан беріп,‭ ‬автордың арғы ойы,‭ ‬идеясы көрініс береді.‭ ‬Арыстан Рысқұлдың мінез-құлқын бірден тану оңай емес.‭ "‬Тіпті туған баласына мейірі түскен өзінде түрі ашулы сияқты көрінеді.‭ ‬Біреудің ерелеткенін көтеретіні де,‭ ‬көтермейтіне де белгісіз.‭ ‬Жалынан сипасаң күдірие түседі‭"‬.‭ (‬Ш.М.Рысқұл‭ ‬9‭) ‬Ш.Мұртазаның‭ "‬Қызыл жебе‭" ‬романын оқи отырып,‭ ‬заманның шындығын,‭ ‬халық психологиясымен менталитетін танимыз.‭ ‬Әрі Рысқұл ой арқылы автордың өзініңде ішкі тыным иірімдері айқындалатын дауасыз.‭ ‬Сөйтіп жүргенде көрген Тұрар ғой,‭ ‬Тұрар деген атының өзіне әке байғұс бар үмітін артып еді.‭ ‬Енді соның өзін есейтіп,‭ ‬ес біліп қалғанда ажал құзғын айналдырып,‭ ‬тұзағын тамыла мойынға аяусыз тастап тұр.‭ ‬Намаз оқымас,‭ ‬ораза тұтпас Рысқұл енді сасып‭ ‬,‭ ‬амалсыз аллаға сыйынды.‭ ‬Ақ пайғамбардың сабилердің бірі Ұмай ананың есімдерін ішінен әлде неше рет атады.‭ ‬Бәйдыбек бабасына,‭ ‬домалақ атанған Нүрилә анасына сыйынды.‭ ‬Енді осыдан бала оңалып,‭ ‬құдай қуат берсе,‭ ‬Түлкібас Жуалыдағы тұрған жерге бір қайырылып,‭ ‬Қаратау қойнында,‭ ‬бала Бөген бойыда туған Бәйдыбек бабасы мен Домалақ анасының күмбезіне барып бас иіп,‭ ‬тәжім етуге ант берді.‭ (‬Ш.М.Рысқұл13‭) ‬Бұл нағыз қазақ баласының ойы.
Жазушы Ш.Мұртаза бұл шығармасын баяндау арқылы кейіпкерлердің жан дүниесі айқындалмай қоймайтындай оқиғалар игімен,‭ ‬тартыс табиғатын талдауда алғырлық танытқан.‭ ‬Кейіпкерлердің аса үлкен шеберлікпен бере білген.‭ ‬Сөзіміз дәлелді болу үшін шығарманың басты кейіпкері болып саналатын Тұрардың портреттіне назар аударып көрелік,‭ ‬Мысалы:‭ ‬Аласа төсектен салбыраған арық қолды қонқық мұрын тәуіп шал әлі ұстап отыр.‭ ‬Арықтықтан баланың шындығы шодырайып,‭ ‬шығып тұр.‭ ‬Топ толық қарулы бала енді қауқарсыз сүлде сүйек боп қалған қара торы өңі қазір боп боз.‭ ‬Көзінің айналасында көгеріс көлеңкесі түскен.‭ ‬Бұрын тампектеу мұрын енді ерекше сопайып,‭ ‬ебедейсіз көрінеді.‭ ‬Жанарында ұшқын бар екен.‭ (‬Ш.М.Рысқұл‭ ‬12‭) ‬Бұл бала Тұрардың ауырып жатқан кезі.‭ ‬Қаншама ауырып сүзектен сүзіліп жатса да,‭ ‬жанарындағы ұшқын өшпейді.
Автор баяндауында Тұрардың ағзасын сырқат етсе,‭ ‬көңілін сырқат еткісі жоқ.‭ ‬Сонымен қатар,‭ ‬Тұрардың әкесі,‭ ‬Рысқұлдың да портреті әр сәтте әр түрлі етіліп суреттелген.‭ ‬Ең алдымен біз Рысқұлдың қарапайым аңшы ретінде танимыз.‭ ‬Бұл жерде оның портретін былай суреттейді.‭ "‬Бұл өзі Шілменбет руынан шыққан қарапайым қазақ еді.‭ ‬Қара шаруа боласа да,‭ ‬рухы күшті,‭ ‬қайраты мол,‭ ‬қажырлы қазақ.‭ ‬Бұл атырапта одан өткен мерген,‭ ‬Іле алатауын одан артық білетін адам болмаған‭"‬.‭ (‬Ш.М.Рысқұл.192‭) ‬Ал енді бір суреттейтін жері‭ ‬-‭ ‬Рысқұлдың түрмеден бір рет қашып шығып жасырын жүргенде,‭ ‬түрме басшыларының баласы Тұрарды өлтіреміз деген сөздерін естіп,‭ ‬амалсыздан сол түрмеге қайтып келетін кез.‭ ‬Бұл кездегі Рысқұл кескін келбеті былайша көрінді:‭ "‬Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау,‭ ‬киім-басы жүдеу,‭ ‬ескі киіз қалпағына шөп шалам жабысып қалқан кеуделі,‭ ‬жазық жодалы,‭ ‬көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты‭"‬.‭ (‬Ш.М.Рысқұл‭ ‬68‭) ‬Бұл кезде Иран деген орыс мұжығының шөп қорасынан қашып келген сәті болатын.
Автор романынан,‭ ‬сонымен бірге,‭ ‬басшылардың,‭ ‬болыстардың портретін де көрптеп кездестіруге болады.‭ ‬Мыслаы:‭ ‬вице-гувернатор Осташкин портретіне назар аударайық,‭ ‬жазушы бұл адамның портретін өте келісімді,‭ ‬жарасымды жасаған десек,‭ ‬артық айтқандық емес.‭ ‬Мысалы:‭ "‬вице‭ ‬-‭ ‬гувернатор атан түйедей нән кісі еді.Қазандай тіккен мундир шақ келмей,‭ ‬киімді ұдайы жеке ұстауға арнайы заказбен жеткізетін.‭ ‬Қазандай басы қасқа мандай,‭ ‬маңсыз.‭ ‬Бірақ мұрны кертіктеу,‭ ‬ал игі тыш шығыңқы.‭ ‬Сақал мұрт қоймайды.‭ ‬Оның есесіне күрең қасы қою,‭ ‬қабағы жардай.‭ ‬Өз ісіне мейлінше берілген,‭ ‬үй-жайын,‭ ‬қатын-баласын мемлекет ісі дегенді ұмытып та кететін пәруана адам‭" (‬Ш.М.Рысқұл‭ ‬122‭) ‬Міне жазушы Ш.Мұртаза тарихи шындыққа қоса басшылар қауымының портреттерін сан алуан түрлі етіп бере білген
Шерхан Мұртазаның‭ "‬Қызыл жебе‭"‬,‭ "‬Жұлдыз көпір‭"‬,‭ "‬Қыл көпір‭"‬,‭ "‬Тамұқ‭" ‬роман-хамсасының‭ ‬автор шығармашылығынан алатын орны айрықша.‭ ‬Бұл-ұлттың рухын түлеткен шығарма.Роман арқылы біз алдымен Тұрар Рысқұловты таптық және таныдық.‭ ‬Ал Рысқұлов тағдыры-халық тағдыры.‭ ‬Өйткені оның өмір жолындағы басынан өткен шындықтар хылық тағдырындағы,‭ ‬тарихындағы шындықтарды елестетер еді.‭ ‬Сондықтан да Рысқұловты тану‭ ‬-‭ ‬халықты тану деген сөз.
Жазушы өз дәуірінің тамыршысы,‭ ‬өзі өмір сүрген қоғамның суреткері болғандықтан,‭ ‬қоғамда орын алып отырған әрқандай жәйттердің,‭ ‬алуан тағдырлардың оны толғандырмай тұрмайтыны ақиқат.‭ ‬Қоғамдағы байқалар байқалмас,‭ ‬сезілер сезілмес ағымдарға бағыт сілтер,‭ ‬бет берер тұлғалар болады.‭ ‬Бұл қарапайым жанның көзіне шалына бермеуі мүмкін.‭ ‬Алайда бұлар сұңғыла жазушының жанарынан қағыс қалмайды.‭ ‬Өйткені нағыз жазушы‭ ‬-‭ ‬қоғамның сүзгісі.‭ ‬Өмірден көргенін,‭ ‬қоғамнан түйгенін жазушы кейіпкерлер арқылы,‭ ‬образдар‭ ‬сомдай отырып алдымызға тартады.‭ ‬Әлбетте,‭ ‬тұтас бір құбылыстардың,‭ ‬астарлы ағыстардың бет-бағдары мен ішкі сырларын ашуда зиялы‭ ‬қауым тағдыры айрықша оңтайлы.‭ ‬Бір сөзбен айтқанда,‭ ‬зиялы‭ ‬-‭ ‬ұлттың ақыл-ойның деңгейі,‭ ‬рухының көрнісі.‭ ‬Қарапайым халық пен зиялы қауымның ара-қатынасы бірін-бірі толықтыратын,‭ ‬рухани байытатын өзара ықпалдастықтағы ерекше қатынас.‭ ‬Басқаша айтқанда,‭ ‬зиялы қауым‭ ‬-‭ ‬халық пен билік арасындағы дәнекер,‭ ‬халықтың үні,‭ ‬ойы,‭ ‬аңсары.‭
Олай болса,‭ ‬зиялы қауым өкілдерінің тұлғасы арқылы дәуір тынысын қоғам сипатын аңғартатын туындылар жазудан қазақ жазушыларының да бой тартуы мүмкін емес еді.‭ ‬Бұл ретте,‭ ‬қазақ зиялы қауымының алуан тағдырлы,‭ ‬түрлі кейіпті бейнелері сомдалған қазақ романдарының қомақты шоғырын бөліп көрсетуге болады.‭
Қазақ әдебиетінде кейіпкер бейнесін жинақтай және адам бойындағы жеке қасиеттерді айқындап,‭ ‬мінез-характерін даралау мәселесі уақыт талабына сай көп зерттеуді қажет етеді.‭ ‬Кейіпкер‭ ‬-‭ ‬көркем шығармаға жан бітіретін,‭ ‬бүкіл шығарма арқауын бір арнада өрбітуге негіз болатын басты көркемдік тұлға.‭ ‬Әдебиетте адамның көокем бейнесін жасағанда,‭ ‬жазушы оның кескін-тұлғасын,‭ ‬іс-әрекетін сол ортаның,‭ ‬дәуірдің ерекшелігін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің жеке басына тән ішкі ерекшеліктерін де анық байқалатындай етіп суреттейді.‭ ‬Адамның өмірге деген жеке көзқарасы,‭ ‬дүниетанымы‭ ‬,‭ ‬мінез барлық қырынан көркем шығармада ашылады.‭ ‬Олай болса,‭ ‬образ жасаудағы шығармашылық қадам,‭ ‬ең алдымен,‭ ‬адам мінезін,‭ ‬оның болмыс бітімін ашуға негізделеді.‭
Сәуле Тұрарқызының аудандағы үлкен орта мектепте болғанын байқағанбыз сонда.‭ ‬Кең залдың ішінде жүздеген жас өскін қатар түзеп тұрыпты.‭ ‬Салтанатты сап.‭ ‬Бәрі бірден,‭ ‬бір деммен сәлем берді.‭ ‬Мектептің басшысы сөз бастады.‭ ‬Рысқұлованы таныстырды.‭ ‬Оқушылар сол сапта тұрған күйінде алдын-ала дайындаған‭ "‬монтаждарын‭" ‬мазмұндады.‭ ‬Жаттауларын мағлұмдады.‭ ‬Музыка ойнады.‭ ‬Ән шырқалды.‭ ‬Сон соң Сәуле Тұрарқызына сөз берілді.
Сәуле әпкеміз сол суықтау көрінетін күйінде,‭ ‬салқынқанды‭ ‬кейпінде,‭ ‬әйнегінің қалыңдығы бір елідей келетін ерекшелеу көзілдірігінің орта тұсын ортаңғы саусағымен түртіп қойып,‭ ‬бүй деді:‭ "‬Балалар,‭ ‬мен сендерді жақсы түсінемін.‭ ‬Сендерге оңай емес.‭ ‬Қиналып тұрсыңдар.‭ ‬Мен қарапайым жағдайда,‭ ‬емін-еркін түрде әңгімелескенді дұрысырақ көруші едім.‭ ‬Ал қазір сендерді салтанатты сапқа тұрғызып,‭ ‬сірестіріңкіреп қойыпты.‭ ‬Әрине,‭ ‬сендер Тұрар Рысқұловты білмейсіңдер.‭ ‬Мүлде білмейсіңдер ғой,‭ ‬солай емес пе‭? ‬Тек жаттағандарыңды айтып жатырсыңдар.‭ ‬Онша түсінбей айтып тұрсыңдар.‭ ‬Бірақ бұған сендер кінәлі емессіңдер,‭ ‬балалар.
Менің ағам,‭ ‬әпкелерім бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық шарттарын анықтау
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби тұрғыда талдау
Қазақтың ұлы жазушылары
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби талдау
Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Тарихи романдарды ерекше тездікпен даму сипаты
Етістік
Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері
Пәндер