Еңбек нарығы туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе
3
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 1 Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі
3:
Кіріспе: 1. 1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау
3: 5
Кіріспе: 1. 2 Еңбек ақының түрлері, еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйелері
3: 9
Кіріспе: 1. 3 Еңбек нарығы және еңбек биржасы
3: 11
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 2 ҚР халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағдайын талдау
3:
Кіріспе: 2. 1 Қазақстан Республикасының еңбек нарығын талдау
3: 13
Кіріспе: 2. 2 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейін талдау
3: 16
Кіріспе: 2. 3 Қазақстандағы кедейшілік көрсеткіштері
3: 19
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 3 ҚР - дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру жолдары
3:
Кіріспе: 3. 1 ҚР - дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру
3: 26
Кіріспе: 3. 2 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді дамыту
3: 29
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Қорытынды
3: 32
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер
3: 34

Кіріспе

Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы бүгінгі күнгі ең маңызды мәселе болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек нарығы, жұмыс күші нарығы, еңбек ресурстар нарығы басқару жүйесін жетілдіру қажет.

Осыған байланысты еңбекке жарамды жастағы халықты жұмыспен қамту және оны экономика салаларында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Еңбекпен қамтудың негізгісі еңбек ресурстарының өсуіне байланысты экономикалық белсенді халық санының да өскендігін байқауға болады.

Нарықтық экономикаға өту нәтижесінде халықты жұмыспен қамту құрылымы да айтарлықтай өзгерді. Республика бойынша материалды өндіріс сферасында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын төмендеуде. Ал өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын азайғанмен, еңбек ресурстарының жалпы санына шаққандағы пайыздық үлесі біршама өскендігін көрсетеді. Материалдық өндіріс сферасының ең басты бөлігін ауыл шаруашылығы саласы алып отыр. Олай болса халықты жұмыспен қамту саясатын ең алдымен ауыл шаруашылығын көтеруден бастау қажет.

Жұмыс істейтіндердің көбі халыққа білім беру саласы, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеуметтік қамтамасыздандыру салаларында жұмыс істейтіндер, коммуналдық шаруашылығы, тұрғын-үй және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету салалары кейінгі орында. Бұл аталған салалардың барлығы өсу тенденциясына ие болып отыр.

Осы аталған мәселелерді шешу еңбек нарығының негізгі элементтерінің бірі болып табылатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне тікелей байланысты.

Азаматтарды жұмыспен қамтудың төмендеуінің негізгі факторларының бірі болып республикадағы ірі кәсіпорындардың, ұйымдардың жұмыс істеуінің тұрақсыздығы мен тоқтап тұрулары, қаржылық дағдарыс жағдайлары қосымша жұмыс орындарын ашуға теріс әсерлерін тигізеді. Бос жұмыс орындары мен қызмет орындарының жетіспеушілігі әсіресе ауылдық жерлерде қатты сезіледі.

Ресми түрде тіркелмеген жұмыссыздардың саны мен өздігінше жұмыспен қамтылғандардың саны “көлеңкелі” экономика мен жеке шаруашылықтарда басым болып отыр. Оларды есепке алудың дұрыс жолға қойылмағандығынан жұмыспен қамтылғандар туралы мәліметтер дәл болмайды. Ресми түрде еңбек табысы жоқ жұмысшылардың басым көпшілігінің “көлеңкелі” табысы немесе жасырын жұмыс орындары бар. Х алықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру:

  • біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;
  • екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады;
  • үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.

Еңбек нарығының экономикадағы рөлін, яғни еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама - қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси - экономикалық және әлеуметтік қатынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету.

Астана қаласының ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамаларында еңбекті жүзеге асыру үшін шетелдік мамандарды жұмылдыруда белгіленген бір қатар шектеулер қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылдың 20 қаңтардағы №55 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін жұмылдыруға жұмыс берушілерге рұқсат беру тәртібі және шарттары, үлесін анықтау ережесіне сәйкес аймаққа шетелдік жұмыс күшін әкелу жыл сайын үкіметпен бекітілген үлеспен шектелген. Халықты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы заңнамалармен белгіленген шет елдік жұмыс күшін әкелудегі бұл шектеулер, қазақстандық мамандарға өз еңбек құқықтарын іске асыруда тең болуға, сондай-ақ шетелдік мамандар қажеттілігін қатаң анықтауға мүмкіндік туғызады.

1 Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі

1. 1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау

Еркін рынок теориясы («либерализм» мектебі) өкілдері - А. Смит мен Д. Рикардоның есептеуінше, жалақы негізін қалыптастырудың принципіне «өмір сүру қажеттілік деңгейі» алуды ұсынған. Себебі бұл «деңгейлік» жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне қажетті болды.

Д. Рикардоның ойынша, «өмір сүру қажеттілік деңгейі» «еңбек бағасының табиғи рыногы» болып табылады. Еркін рынокты жақтаушылардың бірі - Жан Батист Сәй (1767 - 1823 ж. ж. ) «Саяси экономия тұрақты» (1803 ж. ) еңбегінде «өндірістің үш факторы» теориясын ұсынады. Бұған еңбек, капитал, жерді жатқызады. Осы факторлардың қызметін қолданғаны (пайдаланғаны) үшін жалақы, пайда, рента төлем ретінде жүзеге асады.

Рыноктың экономиканы реттеу теориясынынң негізін салушы «кейнстік» мектебі, Дж. Кейнс «Еңбекпен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегінде (1936 ж. ) жалақыны реттеудің принципін өндіріс көлемі және тұрғындардың еңбекпен қамтуын тәуелді екендігін ұсынды. Рынок жағдайында жалданып жұмыс істейтін адам еңбегі К. Маркстың пайымдауынша, жұмыс күші «құнының» принципімен төленеді. Неміс социалисі Фердинанд Лассаль (1825 - 1864 ж. ж), бөлуді тепе - теңдік принципін ұсынды: тең еңбек өніміне әркімнің тең құқықтығы, яғни бұрындары кездескен барлық бөлу принципі оның ойынша, бар мүліктің тепе - теңсіздігіне алып барады. Бұл принципін сынға алынды. Өмір игіліктерін тепе - тең бөлу принципі К. Маркстың ойынша, қоғамдағы деградацияға алып келуі мүмкін. Сондықтан да бұл жағдайда адал жұмыскер де және өз жұмысына немқұрайды (жалқау, самарқау) қарайтын адам да өз еңбегіне сый - сияпатты тең алуы әбден мүмкін. Оның ойынша, өмірлік игіліктерді бөлудің бірден - бір мүмкін принципі «еңбегі бойынша», бөлу болмақ. Аталған принциптің өзіндік кемшілігі бар және әлеуметтік әділеттілік критериіне толық жауап бермейді. «Еңбегі бойынша» бөлу тұрғындар табыс деңгейінің теңсіздігіне алып келеді. Бұл теңсіздік былай түсіндіріледі: адамдар өзінің күш - қайратымен және қабілеттілігмен, отбасы жағдайымен және еңбеккке қатынасымен ерекшеленеді. Еңбектің сандық (ұзақтығы мен интенсивтігі) және оның сапалық (күрделілігі және басқада еңбек жағдайлары) әртүрлілігі, теңсіздігі болады. Бұл принциптің артықшылығы сонда, әрбір адамның еңбек нәтижесінде мүдделілігін қамтамасыз етеді. Өзінің біліктілігін көтеруге мүдделілік ол жеке адамның ғана емес, кәсіпорын, тіпті қоғамның мүддесіне жауап береді [1] .

Еңбек нарығы жұмыс күшінің ұсынысы мен оны жалдаумен, яғни сату-сатып алумен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесін білдіреді. Еңбек нарығында өзара екі жақ әсер етеді: жұмыс күшінің иелері - сатушылар және жұмыс берушілер - сатып алушылар. Мұнда еңбекті құндық бағалау жүзеге асады, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың айырбасы мен құрылымы қалыптасады. Ерекше атап өтетін нәрсе, мұнда сату - сатып алу объектісі жай тауар емес, ерекше тауар - адамның жұмыс күші, оның еңбекке деген қабілеті. Ол адамның табиғаты және арнайы білімі мен тәжірибе арқылы жинақталатын қасиеттерін сипаттайды, ал олар адамды белгілі бір еңбекті, нақты іс - әрекетті жүзеге асыруға қабілетті етеді. Нақты айтар болсақ, бұл тауар айырбасталатын нарық еңбек нарығы емес, «жұмыс күші нарығы» түсінігінің синонимі ретінде экономикалық әдебиеттерде жиі қолданылады.

Еңбек нарығы - бұл ерекше тауар - адамның жұмыс күші немесе еңбекке қабілеті айырбасталатын тауар нарығының ерекше түрі. Экономикалық категория ретінде жұмыс күші, бір жағынан жұмыс күшінің иесі - сатушы мен екінші жағынан, жұмыс беруші - жұмыс күшін сатып алушы араларындағы қатынастарды сипаттайды.

Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек нарығы өндірістік ресурстардың басқа нарықтары-капитал нарығы, тауарлар нарығы, инвестиция нарығы, ақша нарығы, т. б. секілді ішкі жүйе болып табылады және нарық жүйесінің ажырамас бөлігіне айналады; ол ондағы процестерден, оның даму беталысы мен бағыттарынан бөлектенбейді. Еңбек нарығының жағдайы басқа нарықтардың жағдайымен, олардың жіктелу деңгейімен, барлық экономикалық жүйенің даму деңгейі мен тығыз байланысты. Еңбек нарығының шегі жұмыс күшіне жиынтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы көлеміне тәуелді, яғни еңбек парығы субъектілерінің құрамына жұмыс іздеп жүргендер де, еңбек ақысы бар жұмыспен қамтылғандарда кіреді. Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс күшінің бағасына-жалақы мөлшеріне кері тәуелді. Басқа жағдайлар тұрақты болғанда, жалақы өскен сайын тепе-теңдікті сақтау мақсатында кәсіпкер еңбекке сұранысты қысқартып, ал жалақы төмендегенде сұранысты арттыруы тиіс.

Еңбек ұсынысы, төмендесе еңбек ұсынысы азаяды. П. Самуэльсонның пікірінше қоғамдағы жиынтық еңбек ұсынысы келесі фактормен анықталады:

- халықтың жалпы санымен;

- жалпы тұрғындар ішіндегі өзін - өзі жұмыспен қамтығандардың үлесімен;

- апта ішінде және жыл бойы жұмысшылармен атқарылатын сағаттардың орташа санымен;

- еңбектің санымен, сапасымен және біліктілігімен [14, 605б] .

Экономикалық әдебиетте еңбек нарығының көлемі тек жұмыссыздармен шектеледі деген пайымдаулар аз емес.

Бұл еңбек нарығының шекарасын тарылтып оны жұмыс орындарын іздеумен шектейді, осыған байланысты еңбек ақы жұмыс орнының тұрақтылығы, біліктіліктің артуы және еңбекшілерді қайта даярлау, әлеуметтік әріптестік секілді сұрақтар одан тыс қалады. Сондықтан еңбек нарығының қызмет етуі жұмыстан босау, қайта даярлау және еңбекпен қамтамасыз етумен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік - еңбектік қатынастардың субъектілері араларындағы келіссөздер, сауда арқылы жұмыс күшінің әртүрлі сапаларын қайта бағалауды жүзеге асыру қабілетінен көрінеді.

Егер келесідей жағдайлар сақталынатын болса, еңбек нарығы тиімді қызмет ететін болады:

  • жұмысшылар мен жұмыс берушілердің жеке және экономикалық еркіндігі, оның экономикалық негізі меншік нысандарының көптүрлілігі болып табылады;
  • жұмыс күшінің саны мен сапасы, жұмысшыларды жұмысқа алу және шығару туралы шешім қабылдауда жұмыс берушінің дербес құқығы;
  • жұмыс күшін сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынастардың басты реттегіші болып табылатын жалақының өсуіне шектеулердің болмауы;
  • кәсіби мобильділікке әкелетін жұмыс күшінің еркін қозғалысы, яғни жекелеген мамандықтарға қоғамдық қажеттіліктердің өзгеруімен байланысты біліктілікті өзгерту; көшіп - қону мобильділігі, яғни жұмыс орнын, тұрғылықты жерін ауыстыру, негізгі қызмет шеңберінен тыс еңбек ету сферасын ұлғайту.

Еңбек нарығының классикалық анықтамасы бойынша, бұл нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет етеді, олардың әрқайсысының нарыққа енуі еркін, бірақ олардың ешқайсысы бағаға елеулі әсер ете алмайды. Алайда қазіргі рыноктық жағдайдағы рыноктар жетілмеген рыноктар ретінде қызмет етеді. Мұнда біріншіден, кәсіподақтар монопольды сатушы болса, екіншіден, фирмалар мен кәсіпорындар жалдамалы жұмысшыларға өз шарттарын қоя отырып, өз монополиясын қарсы қояды. Осыған қарамастан кәсіподақтар да, ірі фирмалар да еңбек нарығына аутсайдерлер мен шетелдіктердің, жұмыс беруші - бәсекелестердің енуін шектеу саясатын жүргізеді.

Осыған орай қазіргі еңбек нарығы өзін-өзі реттеу сипатынан айырылып, белсенді мемлекеттік реттеу объектісіне айналған жұмыс күшінің ұсынысымен сұранысы көп жағдайда жоспарланады және оқыту мен қайта даярлау жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі, ал еңбек бағасы шарттармен ұжымдық келісімдер негізінде анықталады және келісімге келетін жақтардың экономикалық күштеріне тәуелді. Бұл еңбек нарығында үш субъектінің: жалдамалы жұмысшылардың, жұмыс беруші - фирмалардың және мемлекеттің әрекет ететіндігін білдіреді.

Еңбек нарығындағы мемлекеттің рөлі жалпы ұлттық экономиканы реттеудегі секілді біртекті емес. Біріншіден, мемлекеттің белсенді араласуы нарықтық механизмді бұзады және еңбектің мобильділігі мен еңбек етуге ынтаның төмендеуі секілді теріс салдарды өсіреді, мысалы, кепілдендірілген жалақы инфляциялық процестердің өсуіне әкеледі. Екіншіден, мемлекет жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысын қалыптастыру процесіне араласа отырып, жалдамалы жұмысшыларға жұмыс түрлері мен жұмыс күнінің ұзақтығын таңдау нұсқаларын ұсынады, бос уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл соңғы нәтижеде еңбек өнімділігіне қолайлы әсер етеді, Сонымен бірге кадр саясатын анықтау және жүзеге асыруда жұмыс берушілерге де үлкен еркіндік ұсынады. [ 7, 92 - 94 б]

Еңбек нарығында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағынан оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек еңбек нарығы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату, сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.

Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталады, табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапаттау ретінде көрінеді. Бұл даусыз шындықты барлық зерттеушілер мойындады.

Қазақстан тәжірибесіне келсек, Ресеймен салыстырғанда, еңбек нарығын қалыптастыруда біраз алда болса керек. Жұмыс күшінің жылжымалдылығы жоғары, әр түрлі кадрлар дайындауда жеке меншіктегі оқу орындары кәдімгідей үлкен роль атқарады. Ал әлеуметтік объектілерге келсек, Қазақстанда пәтер-үй мен коммуналдық шаруашылық саласында реформа жасалғанына біраз жыл болып қалды. Сонымен қатар зейнет жүйесіндегі реформа, жалпы экономикалық реформа, Ресейге қарағанда жақсы нәтиже беріп отыр. Сондықтан екі елдегі еңбек нарығының ұқсастығынан гөрі айырмашылықтары уақыт өткен сайын көбейіп жатыр.

Нарықтың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа қолданылатын критерийлер бойынша нарықты әр түрлі сегменттерге бөлуге болады. Мысалы, еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек нарығын үш секторға бөледі:

- бірінші сектор. Бұл секторда еңбеккерлер тұрақты және толық уақыт жұмыс істейді, олардың жалақысы жоғары болып келеді. Қызметкерлердің шеберлігін арттыруға, өндірісті басқаруға қатысуына жағдай жасалынады. Жұмыс орнында озық технология қолданылады, кәсіподақ рөлі күшті болып келеді;

- екінші секторда адам жартылай жұмыспен қамтылады, маусымдық жұмыс тараған, жұмыс орындары қарапайым және мәртебесі төмен, еңбек ақы мардымсыз, әлеуметтік қорғау жүйесі жете дамымаған, кәсіподақ орын теппеген;

- үшінші сектор жұмыссыздарды біріктіреді. Мемлекеттің еңбек нарығына ықпал жасау дәрежесіне қарай екі сегментті айыруға болады;

- мемлекет жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындары реттейтін нарық. Сан тұрғысынан оған ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс іздеп жүргендер және кәсіптік бейімделуге дайындауға және қайта дайындауға құштар жұмыссыздар жатады. Осы контингент жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастырады;

- бақылаудан тыс қалған жұмыс күші нарығы. Бұған жұмысқа орналасумен айналысатын ресми органдарының бақылауынан тыс қалған жұмыс күшінің ұсынысының бір бөлегі және бос жұмыс пен оқу орындары жатады. Олар жұмысқа жұмыс берушілермен тікелей түйісу арқылы орналасады. [5, 45-50 б]

Еңбек нарығының өзгеше сегменті ретінде жасырын еңбек нарығын атауға болады. Бұл нарыққа ресми секторда жұмыс істеп жатқан адамдар жатады, бірақ олар толық жұмыс уақытын әр себеппен пайдаланбайды.

Жұмыспен қамту жеке тұлғалардың олардың жеке және қоғамдық сұраныстарын қанағаттандыруымен байланысты, оларға еңбекақы немесе еңбек табыстарын әкелетін, заңға қайшы келетін іс-әрекеттері сондай-ақ осыған байланысты пайда болатын еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңестіру дәрежесінің сипаты ретіндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Жұмыспен қамтудың формаларын зерттеу осынау аса күрделі әлеуметтік-экономикалық категорияның мазмұнын толығырақ ашуға мүмкіндік береді. Тек осы проблемалардың барлық аспектілеріне жан-жақты зерттеудің негізінде ғана жұмыспен қамту саясатының басымдылықтарын таңдап оларды жүзеге асырудың пәрменді стратегиясын құруға болады. [8, 45-50 б]

1. 2 Еңбек ақының түрлері, еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйелері

Еңбек ақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбек ақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығармауға тиіс.

Еңбек ақы бұл - жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, сомына және шығарға қажетті өнім көлеміне сәкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбек ақы бюджетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болады. Былайша айтуға болады - еңбек ақы кәсіпорын қызметкерлері жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кететін шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбек ақыны мұндай факторлар анықтайды:
Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметтердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
- Жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;

- Оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;

- Оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны;

Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.

Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбек ақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзіндік еңбек өнімділігінің өсуі еңбек ақының өсуіндей шапшаң болады.

Жұмыс күшінің біліктілеу және еңбектің түрі. Мысалы: күрделі, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектері және т. б. жоғары бағаланады.

Қажетті өнімнің әлеументтік дәрежесі. Қазіргі қоғамда қажетті өнімнің барлығы жұмыскерге жеке еңбек ақы түрінде берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеументтенеді және әр түрлі салық, есептеп беру арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына кетеді.
Кәсіпорында жалақы саясаты әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі принциптерін еске алу керек:

- Әділдігі, яғни тек еңбекке тең жалақы;

- Істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек біліктілігінің деңгейі;

- Зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;

- Еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адамдығы үшін ынталандыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
Қазақстан өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін көтеру резервтері
Еңбек нарығы қызметінің теориялық негіздері
Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныстың жалпы сипаттамасы
Сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі
Еңбек нарығы әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын фактор ретінде
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының бүгінгі таңдағы қалыптасу жағдайы
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz