Астана қаласындағы «Баққон» кәсіпорны негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы



Кіріспе 3

1 Шағын және орта бизнес түсінігі мен оның мәні
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі 5
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі 8
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы халықаралық тәжірибелер 10

2 Астана қаласындағы «Баққон» кәсіпорны негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы
2.1 «Баққон» кәсіпорнының ұйымдық шаруашылық қызметі 14
2.2 Кәсіпорынның қаржыны басқару жағдайын талдау 15
2.3 Астана қаласы бойынша шағын және орта бизнестің ахуалын талдау 20

3 Астана қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мәселелері мен жетілдіру жолдары 25

Қорытынды 32

Қолданылған әдебиеттер 34
Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.
Соңғы жылдары Қазақстанда өз алдына жекелік, белсенділіктікті білдіре отырып өз мүлкімен жауапкершілікті артатын пайда алуға көзделген шағын кәсіпкерліктің даму қарқыны күшеюде.
Кеңес үкіметі кезінде “кәсіпкерлік не бизнес” түсінігі экономикалық лексикадан мүлдем алынып тасталынып, жағымсыз пікір тудырды. Нарықтық экономиканың дамуы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен тәрбиесіне нұсқау береді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформа, шағын кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар көрсетуде. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мағынасы, оның нарықтық экономикаға икемділік және тұрғындардың қаржылық пен өндірістік ресурстарын тартымдылыққа ықпал етеді; монополияға қарсы потенциалды өз мойнына меңгереді; ғылыми-техникалық прогресстің бірқатар бағыттарының дамуына қозғау болады; жұмыс бастылық және нарықтық шаруашылықтың басқа да проблемаларының шешімін табады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік жан-жақты бағытта өріс алуда. Шағын кәсіпкерліктің динамикасы мен экономикалық нәтижесі көп жағдайда сәйкесінше сілтемелермен анықталады: құқықтық базамен, институционалды кәсіпкерлік ортаның қалыптасуымен, кәсіпкерлік құрылымдарды мемлекеттік қолдаумен айқындалуда.
Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтық тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, шағын кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Шағын бизнес кәсіпкерлік өзінің мәнісі жөнінен нарықты экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымының негізін құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді.
Қарқынды даму үстіндегі ел экономикасы Батыс пен Шығыстың озық тәжірибесінен үлгі алғандықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кез-келген дамушы мемлекеттің тұрақты өркендеуінің негізі болып табылатын шағын және орта бизнеске баса назар аударды. Оның ішінде «Шағын бизнес мемлекеттің нарықтық экономикасының маңызды және бөлінбес бөлігі болып табылады»,- деп атап көрсетті.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты- нарықтық экономикадағы шағын кәсіпкерліктің маңызын, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасында шағын бизнестің ролін анықтау.
Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
 шағын кәсіпкерлік түсінігі мен оның ерекшеліктерін зерттеу;
 шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларын қарастыру;
 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бақылау;
 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің проблемаларын ашып, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
2. В. М. Власова, «Основы предпринимательской деятельности», Москва 1996ж.
3. Р.Елемесов, Е. Жатқанбаев, «Государство и рынок», Алматы, «Қаржы-қаражат», 1997ж.
4. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы «Инкар», «Тұлға», 1993ж.
5. К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов, «Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы, 2001ж.
6. Б.Сабырбаев «Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі», Алматы «Қазақстан» 1993ж.
7. Н. К. Мамыров, «Менеджмент и рынок: Казахстанская модель», Алматы 1998ж.
8. В.С.Автономов, Э.Голдстин «Экономика для школьников» Москва, 1995.
9. Л.Ш. Лысенкер, Э.М. Лысенкер, «Основы рыночной экономики» Алматы, «Рауан» 1997ж.
10. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»
11. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.
12. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.
13. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
14. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж. «Экономика».
15. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.
16. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
17. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
18. Балабанов И. Т. Анализ и планирование финансы хозяйствующего субъекта.- Москва.: «финансы и статистка», 1998-112 с.
19. Ефимова О.В. Анализ собственного капитала. Бухгалтерский учет №1. 1999.
20. Ковалев В.В. Модели анализа и прогнозирование источников финансирования Бухгалтерский учет №7 2000 г.
21. Павлова Л.Н. Финансы предприятий. М.; финансы. 1998.
22. Палий В.Ф., Палий В.В. финансовый учет. М; Пресс. 1999.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3

1 Шағын және орта бизнес түсінігі мен оның мәні

1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі
5
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі
8
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы халықаралық тәжірибелер
10

2 Астана қаласындағы Баққон кәсіпорны негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы

2.1 Баққон кәсіпорнының ұйымдық шаруашылық қызметі
14
2.2 Кәсіпорынның қаржыны басқару жағдайын талдау
15
2.3 Астана қаласы бойынша шағын және орта бизнестің ахуалын талдау
20

3 Астана қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мәселелері мен жетілдіру жолдары
25

Қорытынды
32

Қолданылған әдебиеттер
34

КІРІСПЕ

Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен көрінбейтін қол нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.
Соңғы жылдары Қазақстанда өз алдына жекелік, белсенділіктікті білдіре отырып өз мүлкімен жауапкершілікті артатын пайда алуға көзделген шағын кәсіпкерліктің даму қарқыны күшеюде.
Кеңес үкіметі кезінде "кәсіпкерлік не бизнес" түсінігі экономикалық лексикадан мүлдем алынып тасталынып, жағымсыз пікір тудырды. Нарықтық экономиканың дамуы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен тәрбиесіне нұсқау береді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформа, шағын кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар көрсетуде. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мағынасы, оның нарықтық экономикаға икемділік және тұрғындардың қаржылық пен өндірістік ресурстарын тартымдылыққа ықпал етеді; монополияға қарсы потенциалды өз мойнына меңгереді; ғылыми-техникалық прогресстің бірқатар бағыттарының дамуына қозғау болады; жұмыс бастылық және нарықтық шаруашылықтың басқа да проблемаларының шешімін табады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік жан-жақты бағытта өріс алуда. Шағын кәсіпкерліктің динамикасы мен экономикалық нәтижесі көп жағдайда сәйкесінше сілтемелермен анықталады: құқықтық базамен, институционалды кәсіпкерлік ортаның қалыптасуымен, кәсіпкерлік құрылымдарды мемлекеттік қолдаумен айқындалуда.
Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтық тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, шағын кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Шағын бизнес кәсіпкерлік өзінің мәнісі жөнінен нарықты экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымының негізін құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді.
Қарқынды даму үстіндегі ел экономикасы Батыс пен Шығыстың озық тәжірибесінен үлгі алғандықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кез-келген дамушы мемлекеттің тұрақты өркендеуінің негізі болып табылатын шағын және орта бизнеске баса назар аударды. Оның ішінде Шағын бизнес мемлекеттің нарықтық экономикасының маңызды және бөлінбес бөлігі болып табылады,- деп атап көрсетті.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты- нарықтық экономикадағы шағын кәсіпкерліктің маңызын, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасында шағын бизнестің ролін анықтау.
Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
+ шағын кәсіпкерлік түсінігі мен оның ерекшеліктерін зерттеу;
+ шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларын қарастыру;
+ Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бақылау;
+ Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің проблемаларын ашып, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Шағын және орта бизнес түсінігі мен оның мәні

1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі

Кәсіпкерлік феномені ерте кезден бері әлеуметтік - экономикалық ғылымның назарын аударуда. Негізінен, кәсіпкерлік қызмет пен экономикалық қызметті айыра білу керек. Біріншісі, адам әлеуметтік - экономикалық тұрпат ретінде сипатталады, ал өсімдік теру, аң аулау, мал шаруашылығы т.б. экономикалық қызмет түріне тиесілі.
Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен бекуіне себеп болған шешуші шарттар мен факторлардың бірнеше түрін қарастыруға болады:
- Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;
- Жеке тұлғалық идеялардың қалыптасуы;
- Ерікті түрде экономикалық таңдау мен бостандықпен байланысты меншіктік қызметпен шұғылдануға құқықтың қалыптасуы;
- Меншіктің мемлекеттік биліктен сәйкесінше экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;
- Өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси аспектілерінің бір-бірінен бөлінуі;
- Нарықтық экономиканың қалыптасуы және т.б.
Кәсіпкерлік пен бизнестің қалыптасуының ел экономикасына әсері төмендегі сызбадағыдай ықпал береді.
Кәсіпкерлік әр түрлі елдерде әр түрлі адамдармен 800 жылдың көлемінде әрқалай түсіндірілді. Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік терминінің бірдей түсінігінің болмауынан экономистер, социологтар, философтар мен құқықтанушылар оған түрлі анықтама беруде.
Сол анықтамалардың бірі: Кәсіпкерлік - азаматтардың, жеке табыс пен пайда игеру мақсатында өз мүлкін қоя отырып, өз атынан немесе заңдық жауапкершіліктегі заңдық тұлға ретінде іске асыратын белсенді қызметі. Кәсіпкер - заңмен тиым салынбаған кез келген шаруашылық қызметпен айналысады: саудалы-сатып алушылық, кеңестік, коммерциялық делдалдықты енгізе отырып, құнды қағаздармен операциялар және т.б. Кәсіпкер өз қызметінде пайда алу мақсатында қоғамдық игі істерді атқара отырып, жеке даралық табыстылықты қамтамасыз ету комбинациясын іске асырады. Кәсіпорын - ол өзіндік өндіріске қабілеті бар және де шаруашылық-өндірістік міндеттерді шешу үшін бағдарланған мүліктік оқшауланған шаруашылықтық бірлік.
Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мағынасы, оның нарықтық экономикаға икемділік және тұрғындардың қаржылық пен өндірістік ресурстарын тартымдылыққа ықпал етеді; монополияға қарсы потенциалды өз мойнына меңгереді; ғылыми-техникалық прогресстің бірқатар бағыттарының дамуына қозғау болады; жұмыс бастылық және нарықтық шаруашылықтың басқа да проблемаларының шешімін табады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік жан-жақты бағытта өріс алуда. Шағын кәсіпкерліктің динамикасы мен экономикалық нәтижесі көп жағдайда сәйкесінше сілтемелермен анықталады: құқықтық базамен, институционалды кәсіпкерлік ортаның қалыптасуымен, кәсіпкерлік құрылымдарды мемлекеттік қолдаумен айқындалуда.
Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтық тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, шағын кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Шағын бизнес кәсіпкерлік өзінің мәнісі жөнінен нарықты экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымының негізін құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді.
Қазіргі кезде шағын бизнесті құрудың өзекті формалары: франчайзинг және отбасылық бизнес.
Ең алғаш франчайзингтік келісім XIX ғасырда тігін машиналарды өндіретін компаниямен оның дилерлері арасында жасалған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін франчайзинг мейманхана комплексі, бөлшек сауда, фармацевтика салаларында франчайзинг принциптері кең қолданылған.
60-70 жылдарда тамақты тез дайындау технологиясы кең таралғанда (Макдональдс фирмасы) франчайзингтік қатынастардың кезекті серпілісі байқалған. 90-жылдары франчайзингтік келісімдер түрлі мемлекет өкілдерінің арасында жасалғанда, франчайзинг глобальды сипатқа ие бола бастады.
Франчайзингтік компаниялар өздерінің франчайзи-мүшелеріне фирманың атын, сауда маркасын, өнімді, жабдықты және тағы басқаны пайдалану құқығын береді. Бастап келе жатқан кәсіпкер үшін франчайзинг жаңа кәсіпорын ашуда тәуекелділікті маңызды төмендетеді.
Франчайзингтік келісім жаңа бизнеске үлкен кәсіпорынның жинақталған тәжірибесін пайдалану құқығын береді. Сондықтан, шетелде әрбір 12 - кәсіпорынның франчайзингтік болып келуі кездейсоқ жағдай емес.
Франчайзингтік қатынастардың үш типі бар:
1. Франчайзер- өнім өндіретін немесе қызмет көрсететін фирма, өзінің франчайзине өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын береді.
2. Франчайзер- өнімнің негізгі өндірушісі, өзінің франчайзине көтерме сауданы жүргізу құқығын береді.
Франчайзер- көтерме саудагер, франчайзи- фирмасына бөлшек сауданы жүргізу құқығын береді.
Франчайзингтің артықшылықтарының біріне- франчайзерден дайындық пен білім алу мүмкіндігі жатады. Франчайзер оқыту процесін ұйымдастырғанда, ол тек өндіріске қатысты сұрақтармен шектелмейді, ол сонымен қатар франчайзді бухгалтерлік есепке, тауар- материалды құндылықтарды бақылауға, еңбек ресурстарын басқаруға үйретеді. Оқу процесі бір-екі күннен бірнеше жұмаға дейін жалғасуы мүмкін. Осы мақсатта арнайы оқыту орталықтары қалыптасады. Мысалы, әлемге әйгілі Макдональдс фирмасының қарамағында Университет бар, 1961 жылдан бұл жоғарғы оқу орнын 40000 бизнесмен, менеджерлер бітіріп шыққан. Университетте жақсы жабдықталған 30 дәрісхана бар және бұл жоғарғы оқу орнында отыздан астам профессор жұмыс істейді.
Франчайзингтік қатынастардың келесі маңызды артықшылықтардың бірі - франчайзердің қаржылық көмек көрсетуі. Маркетингтік көмек франчайзер сауда маркасын және атын пайдалану құқығына негізделген. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде соңғы 5 жылдың ішінде қалыптасқан франчайзингтік фирмалардың 97%-ы әлі күнге дейін жақсы дамып отыр.
Франчайзингтің негізгі кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады: франчайзинг құны, фирма өсуінің шектелуі, франчайзерге тәуелді болуы. Кемшіліктеріне қарамастан, 1970 жылдан 1990 жылға дейін франчайзингтік фирмалар арқылы жүргізілген сауданың көлемі 10%- дан 15%- ға дейін өсті. Франчайзинг жүйесі арқылы АҚШ-та сауда көлемі 758 миллиард долларға дейін жетті, франчайзерлердің көлемі- 2177, ал франчайзи саны- 542000. АҚШ-та 374 франчайзерлердің қарамағында шетелде 35000 франчайзи бар, оның 75%-ы Канадада, Жапонияда, Шығыс Еуропада және Австралияда.
Шағын бизнес құрудың келесі формасы - жанұялық бизнес.Кез-келген жанұялық бизнес- отбасы мен бизнестің симбиозы болып келеді. Жанұялық бизнестің басты артықшылығы-бизнес жүргізуге көмектесетін туысқандық қатынастардың жақсы болуы. Жанұялық бизнесте ірі корпорацияларға қарағанда қызметкер үшін жасалынатын жұмыс жағдайы жақсырақ болып келеді. Сондықтан, АҚШ-та кәсіпорындардың 80-90% жанұялық бизнес болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Қазақстандағы кәсіпорындарға келетін болсақ, жанұялық бизнес қазіргі кезде жақсы даму үстінде. Бизнестің бұл түрін көбінесе шаруа қожалықтары құрайды.

1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі

Әлемнің дамыған елдерінде шағын және орта бизнес қоғамның орта сыныбын құрайтын экономика желісі болып табылатыны мәлім. Шетелде шағын және орта бизнес кәсіпорындары экономиканың барлық субъектілерінің 99% дерлік құрайды. Ал Қазақстанда (2006 ж. қорытындылары бойынша) шағын бизнес субъектілері бүкіл экономиканың 92% ғана құрайды. Әлемнің дамыған елдеріндегі елдің ЖІӨ-індегі ШОК үлесі 45-55% шегінде ауытқиды, Қазақстанда шағын бизнес үлесі елдің ЖІӨ-нің барлығы 15,7% құрайды. Мұнда ШОК-тің жұмыспен қамтылуы экономикалық белсенді халықтың 50-70% құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 21%-дан аспайды. ЭЫДҰ елдерінде 1000 адамға ШОК саны 50-80 кәсіпорынды, ал Қазақстанда ол 41 кәсіпорынды құрайды. Статистика мәліметтері бойынша 2001-2012 жж. елдің ЖІӨ-де шағын бизнестің үлесі елдің ЖІӨ-нің 15,7% құрап, 3 еседен артық (0,4-тен 1,5 трлн. теңгеге дейін) өсті.
ҚР-ның Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2006жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде елде тіркелген ШОК санының 221-ден 846 мың бірлікке дейін төрт еседей дерлік өсуі байқалып отыр. Бірақ бұл кезеңдегі әрекет етуші ШОК санының үлесі іс жүзінде өзгеріссіз - 76-77% деңгейінде қалды. Жұмыс істеуші ШОК саны 4 есе дерлік ұлғайып, 639 мың бірлікке жетіп, елдегі барлық шаруашылық субъектілерінің жалпы санының 91%-дан астамын құрайды. Елдегі шағын кәсіпкерліктің қарастырылып отырған кезеңдегі салалық құрылымы іс жүзінде өзгерген жоқ: 40% дейін ол автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды сатумен және жөндеумен көрсетілген; 26,3% ауыл шаруашылығында;20% дерлік өндіріс пен қызмет көрсетуде;және тек 3-4%-дан құрылыс пенөнеркәсіпте.

Кесте 1 - Қ.Р.-ның статистика агентігінің 2012 жылғы мәліметтері бойынша тіркелген кәсіпорындар саны:

2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
Республика бойынша барлығы
76743
87995
102182
116924
130779
145087
157568
Ауыл шаруашылығы, аңшылық, орман шарушылығы
6743
7403
7842
8439
8772
10005
10147
Балық аулау және балық өсіру
188
236
286
305
312
324
342
Өнеркәсіп
9787
11724
12818
14061
15174
16325
17107
Кен өндіру өнеркәсібі
489
641
689
757
861
969
1112
Өңдеу өнеркәсібі
8599
10266
11206
12370
13382
14377
15037
Электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу
699
817
923
934
931
979
958
Құрылыс
7214
8786
10581
12715
15174
18234
21670
Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу
31399
41143
48826
56200
62519
68029
72177
Қонақ үйлер мен мейрамханалар
1438
1704
1901
2073
2265
2343
2429
Көлік және байланыс
3660
4490
5175
5903
6607
7460
8092
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету
11946
7997
9834
11806
14078
16091
18982
Білім беру
714
806
908
1033
1123
1221
1301
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету
1229
1385
1603
1765
1938
2083
2215
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету
2425
2321
2408
2624
2817
2972
3106

Статистикалық тіркелім деректерінде Республика бойынша 2012 жылы қаңтар айының 1 жұлдызына дейін шағын бизнеспен айналысатын 145,1 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш 2011 жылғы қаңтар айының 1 жұлдызындағы деңгейден 10,9 пайызға жоғары. Тіркелген кәсіпорындардың 71,2 пайызға жақыны жұмыс істейтін кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 51 мыңнан астамы белсеңді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды.
Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі (40,5пайызға) саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,8%), құрылыс саласына(13,2%) және жылжымайтын мүліктермен операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,5%) тиесілі.Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2011 жылы 1 қаңтарға есептелген дерек бойынша 524,6 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2010 жылдың 1 қаңтарындағы деңгейден 8,7пайызға артты.
Шағын бизнес субъектілерінің аз саны Манғыстау (9337), Атырау (10163) және Қызылорда (12124) облыстарына тиесілі.
Шағын кәсіпорындардың географиялық бөліну тенденциясы сақталынуда. Бұл жағдай, бірінші кезекте шағын кәсіпорындар абсолютті басымдылықта тұрғындарға қызмет көрсетуге емес, мемлекеттік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге бағытталған. Сондықтан да жеке кәсіпорындардың басым көпшілігі республикамыздың өнеркәсіпті облыстарында орналасса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне бағдарланып, өнеркәсібі дамымаған базаларда керісінше төменгі көрсеткіште болады.
Шағын бизнестің салалық құрылымын қарастырсақ, онда 90 жылдардың басынан бастап, елеулі өзгерістерді байқамаймыз. Кәсіпкерлердің негізгі бөлігі сауда-делдалдық қызмет көрсетумен айналысуда.

1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы халықаралық тәжірибелер

Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі. Шағын бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:
* жаңа жұмыс орындарын құрады;
* жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;
* ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;
* арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді.
Жаңа жұмыс орындарын құру - шағын бизнес өзімен алып жүретін маңызды факторы. Тұрғындардың негізгі бөлігінің тіршілігін қамтамасыз ететін фактор болып қана қоймай, сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болатын маңызды фактор. АҚШ - нда 7 млн. шағын фирмалар 100 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.
Жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіру - шағын бизнес бұл саладағы лайықты қызметі қауіпсіз бритваны, электрондық қол сағатын, вертолеттарды, тот баспайтын құрыштарды, көшіретін аппараттарды және тағы басқалар болып табылады. Мысалға АҚШ-да шағын бизнес барлық қызметтердің 60% өндірген, барлық өнімдердің жартысын, барлық идея мен жаңа енгізілімдердің жартысына жуығын ұсынады.
Шағын кәсіпорындар тек қана жаңа жұмыс орындары мен тауарларды даярлап ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, клиенттердің айрықша қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мысалы, ескі сағаттар мен антиквариаттық тауарларды жөндеуге шағын бизнес икемдірек болады.
Кіші бизнес дамыған ірі компаниялармен бәсекеге түсіп, үлкен жетістіктерге жете алады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, фирманың іскерлік стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 6 жыл және одан да көп уақыт қажет. Шағын фирмалар үшін бұл мерзім жарты жылдан бір жылға дейін барады. Екіншіден, дәстүрлі саналатындай, технологиялық инновациялар- ірі бизнестің саласы. Бірақ статистика бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін технологиялық инновацияның радикалды 95%-ы кіші бизнес саласынан шықты. Қазіргі кезде шағын фирмаларда инновация мен ашылулар ірі фирмаларға қарағанда 24 есе көп.
Сондықтан, Европалық Қауымдастықтың экономика жеке секторының 15,7 миллион кәсіпорны- кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Шағын бизнес кәсіпорындары қоғамның дамуына үлкен үлес қоса отырып, жұмыс орнының 70%-ын қамтамасыз етті (62млн). Статистика бойынша 16 миллион адам өзіне жұмыс істей бастады, 46 миллион адам жалдамалы жұмысқа тұрды.
Көптеген мемлекеттердің ғалымдары ұзақ уақыт бойы шағын бизнеске анықтама беруге тырысқан. АҚШ Комитет Конгрессі кіші бизнеске 700-дей анықтама берген. Шағын бизнесті сипаттау үшін көптеген критерийлер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, депозиттер көлемі, пайда көлемі. Олардың кең тарағаны жұмысшылардың саны болып табылады. Германияда шағын бизнеске 1-ден 500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорынды жатқызады. Олар төрт категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін; 50-ден 99-ға дейін; 100-ден 199-ға дейін; 200-ден 499-ға дейін. Германияда жылдық айналымы 3,5-нан 11,5 миллионға дейін болатын кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға жатады. Жұмыс орындарының үштен екі бөлігін шағын кәсіпкерлік қамтамасыз етеді.

Кесте 2 - Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы


Критерилер
Ірі бизнес
Шағын бизнес
1
Өндіріс және қызмет көрсету саласы
Өнеркәсіп, отын-энергетикалық кешен, энергетика
Өндіріс, сауда, қызмет көрсету саласын қамтамасыз етуші
2
Шығарылатын өнім сипаты бойынша
Жалпылай өндіріс
Ұсақ немесе жекелеген өндіріс
3
Жаңа енгізілімдерге ыңғайлылығы
Инновациялық ашылуларға өте ыңғайлы емес
Іріге қарағанда 24 есеге жаңа енгізілімдер көп
4
Стратегияның өзгеруі
6-10 жыл
0,5-1 жыл
5
Қызмет ету аясы
Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кешендер
Ірі, сонымен қатар шағын қалаларда
6
Бәсекелік ортаны құруы
Нарықтың ауқымды үлесін қамту есебіне бәсекенің шектелуі
Бәсекелік ортаның күшейтеді
7
Ко тіркеу және қалыптастыру
Әжептәуір қаржылық шығындар және тіркеу процедурасының ұзақтылығы
Минималды алғашқы шығындар мен тіркеушілік талаптар
8
Жаңа жұмыс орындарын құру
Жұмыс орындарын құру қарқыны елеулі түрде төмен
Жұмыс орындар өте тез қарқында құрылады
9
Жұмыс күшін оңтайландыру мүмкіншілігі
Жұмысшылардың тар мамандануы есебінен болмайды
Жұмысшылардың бірін-бірі ауыстыра алушылығы нәтижесінде іске асады
10
Басқару құрылымы
Аумақты, айбынды басқару
Басқару аппаратындағы минималды жұмыскерлер саны, икемділігі
11
Басқару жүйесіндегі мүдделерді ұйқастыра білу
Құрылтайшылар мен менеджерлер мүдделерінің сәйкес келмеуінен іске аспайды
Басқару жүйесінде қарама-қайшылық кездеспейді

Жапонияда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының критерийлері заңмен анықталған: өнеркәсіпте, көлік саласында және құрылыста- 300 адамға дейін, көтерме саудада- 100, қызмет көрсету саласында- 50. Заң бойынша жарғылық капитал да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыс және көлік саласында- 770 мың доллардан аспау керек, көтерме саудада- 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында- 77 мың доллар.
Ресей заңнамасы бойынша кіші кәсіпкерлікке жататындардың жұмыскерлер саны келесідей болу керек:
өнеркәсіпте- 200 адамға дейін;
құрылыста- 100 адамға дейін;
көтерме саудада- 50 адамға дейін;
ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;
ғылым мен өндірістік емес салада- 25 адамға дейін;
бөлшек саудада- 15 адамға дейін.
Қазақстан Республикасының заңы бойынша шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың жұмысшылар саны келесідей болу керек:
+ өнеркәсіпте, құрылыс саласында және ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;
+ саудада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында- 30 адамға дейін;
+ көлік және байланыс саласында- 25 адамға дейін;
+ ғылым мен инновациялық салада- 20 адамға дейін.
Қазіргі заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады: бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар- тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарым-қатынастардың нақты формальды түрде болмауы.
Шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның шағын бизнесіне келесідей анықтама беруге болады. Бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, шектелген географиялық аймақта жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне иеленетін, негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайтын, басқару ісін осы кәсіпорынның негізін қалаушылар жүргізетін кәсіпорындар шағын бизнеске жатады. Шағын бизнес мемлекет экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарды қамтамасыз етеді. Американ Экспресс мәліметі бойынша, барлық жаңа жұмыс орындар ірі компаниялармен қамтамасыз етілмейді, олар жаңа ғана құрылған шағын фирмалармен бірге пайда болады. Мысалы, 1987 жылы жаңа жұмыс орындарының өсу темпі АҚШ-тың 7 миллион шағын фирмаларда 500 ірі компаниялардың жұмыс орындарының өсуінен 3 есе көп болған.
Кіші бизнес ірі фирмалардың және компаниялардың жақсы жұмыс істеуі үшін жағымды шарттар қалыптастырады. Мысалы, Жапонияда 50- жылдардан бастап контракт арқылы ірі фирмалардан мамандандырылған шағын фирмаларға берілген жұмыстың көлемі өте тез өскен. 1966 жылмен 1981 жылдары арасында ірі компаниялармен контракт арқылы жұмыс істейтін шағын фирмалардың үлесі 53,5 %-дан 65,5 %-ға дейін көбейген. Ал, электронды өнеркәсіпте бұл үлес 1981жылы 85,7%- ға дейін жетті.

Кесте 3 - Шағын бизнесті құру жолдары
Шағын бизнестің қалыптасуы


Жаңа ко бастамасы
Жанұялық бизнес
Франчайзингтік қарым-қатынас жүйесі
Қызмет етуші бизнесті сатып алу


Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі- коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы. Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді.

2 Астана қаласындағы Баққон кәсіпорны негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы

2.1 Баққон кәсіпорнының ұйымдық шаруашылық қызметі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арқылы еспке қою жөніндегі куәлігі негізінде 2007 жылдан бастап ашылды.
Кәсіпорынның толық атауы: Жеке кәсіпкер Баққон Сариева Г.Т
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Бараев көшесі, 11 -67.
ЖК Баққон 2007 жылдаң пайда болды . ЖКБаққон шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде құрылды, кәсіпкерліктің орташа жылдық жұмысшылар саны 50 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құны жылына орта есеппен 60 мыңдық айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Бұл жеке кәсіпкерде өзінің дербес балансы, өз атауы жазылған шеңбер мөрі, банктегі жеке шоттары және басқа да реквизиттері бар.
Кәсіпкерліктің қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтерді біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.
Коммерциялық кәсіпорын ЖК Баққон -атқаратын мақсаты қарапайым тұрғындарды әйнекпен қанағаттандыру.
Кәсіпкерліктің капиталы кірістер мен заңмен тиым салынбаған көздерден кірістер есебінен құрылады. Тіркеу кезінде жарғылық капитал қысқа мерзімді кредиторлық берешектен құрылған.
Кәсіпкерлік директоры:
Сенімхатсыз кәсіпкерлік атынан әрекет етеді;
Кәсіпкерлік өкілі болуға құқық беретін сенімхат береді;
Қызметкерлерге қатысты оларды қызметке тағайындау және босатуға бұйрық шығарады, еңбек төлемдерінің жүйесін, қосымша ақы белгілейді, сыйақы беру мәселесін шешеді, тәртіптік шаралар қолданады;
Қатысушы немесе байқау органдарының құзіретіне жатпайтын өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
Кәсіпорынның экономикалық жүйесін уақытында бюджетке төлемдерді төлеу, сатып алушылар мен тапсырушылар, есеп қойма есебі, кассалық операцияларды және тағы басқалар атқару міндеттерін орындайды. ЖК Баққон кәсіпорны әйнектерді сатумен, әйнектерді орнату,айналарды әсемдеу және жиһаздар дизайны бойынша әйнек ,айна орнатумен айналысады.
Кәсіпорынның келесідей жабдықтаушы кәсіпорындарымен жұмыс атқарады: Эксон ТОО, ЕвроГласс Астана ТОО, Астанастеклоимпорт ТОО, Рима ЧЛ, Жана Курылыс ТОО, Газета Инфо-Цес ТОО, Астанателеком ГЦТ, Краус В.Ф. ИП, Стекломир ТОО, Компания ЛАЙНЕР ТОО, Петрачева Т.И. ЧП және тағы да басқа жеке тұлғалар.

2.2 Кәсіпорынның қаржыны басқару жағдайын талдау

Кез келген бизнес түрінің нәтижесі қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларды пайдалану тиімділігінен тәуелді. Қаржы ресурстарын кәсіби басқару қазіргі сандық талдау әдістерін пайдалана отырып кәсіпорынның қаржылық - экономикалық жағдайына терең талдау жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты бүгінгі күні қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебі қаржылық талдаудың негізгі мазмұны - қаржылық тәуекел деңгейін бағалау мен капитал табыстылығының жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешенді, жүйелі оқу.
Қаржылық есеп берудің мақсаты - ақпаратты пайдаланушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, оның қызметі нәтижесі мен есепті кезең аралығында қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы,мәнді, әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Кесте 4 - Кәсіпорының капиталдарының құрамы 2010 жыл

Капитал көздері
Сомасы , мың тг

Жыл басы
Жыл аяғы
өзгеріс
Меншікті капитал
0
0
0
Заемдық капитал
0
140784
140784
Барлығы
0
140784
140784

Жиынтық капиталдағы заемдық капиталдың үлесі:
Қаржылық тәуелділік коэффициенті=Заемдық капиталЖиынтық капитал
Жыл басы мәні = 0
Жыл соңы мәні = 1
Шекті мәні = 0,5
Кәсіпорынның қаржылық тәуелділік жыл аяғында және жыл басында ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Бұл кәсіпорынның сыртқы қарыз көздеріне 100 пайыз тәуелділігін көрсетеді.

Кесте 5 - Кәсіпорының капиталдырының құрамы, 2011 жыл

Капитал көздері
Сомасы, мың тг

Жыл басы
Жыл аяғы
өзгеріс
Меншікті капитал
0
0
0
Заемдық капитал
140784
415169
274385
Барлығы
140784
565169
424385

Жиынтық капиталдағы заемдық капиталдың үлесі:
Қаржылық тәуелділік коэффициенті=Заемдық капиталЖиынтық капитал
Жыл басы мәні = 1
Жыл соңы мәні = 0,73
Шекті мәні = 0,5
Кәсіпорынның қаржылық тәуелділік деңгейі жыл аяғында жыл басымен салыстырғанда 34% -ға төмендегенін көрсетеді. Бұл кәсіпорынның сыртқы қарыз көздеріне тәуелділігін көрсетеді.

Кесте 6 - Кәсіпорының капиталдырының құрамы 2012 жыл

Капитал көздері
Сомасы , мың тг

Жыл басы
Жыл аяғы
өзгеріс
Меншікті капитал
0
0
0
Заемдық капитал
415169
358281

Барлығы
565169
508281

Жиынтық капиталдағы заемдық капиталдың үлесі:
Қаржылық тәуелділік коэффициенті=Заемдық капиталЖиынтық капитал
Жыл басы мәні = 2,9
Жыл соңы мәні = 0,86
Шекті мәні = 0,5
Кәсіпорынның қаржылық тәуелділік деңгейі жыл аяғында жыл басымен салыстырғанда 13 % -ға кемігендігін,ал алдыңғы 2008 жылмен салыстырғанда 14% -ға жоғарылағанын көрсетеді. Бұл кәсіпорынның сыртқы қарыз көздеріне тәуелділігін көрсетеді.
Сурет -1 . 2010 жыл кәсіпорынның қаржылық нәтиже есебі

Көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып, біз кәсіпорын үшін 2007 жылы табыссыз болғанын көреміз. Яғни жалпы зиян көлемі мен жалпы пайданың көлемін салыстыратын болсақ, 72 % зиян шегіп отыр.

Сурет-2. 2011 жыл кәсіпорынның қаржылық нәтиже есебі

2011 жыл кәсіпорын үшін 2007 жылмен салыстырғанда елеулі табысты болды,ал жалпы жалпы пайда мен жалпы зиян көлемін салыстырғанда кәсіпорын табысы теріс нәтиже көрсетеді. Яғни, кәсіпорын 45 % пайыз зиян шегіп отыр.

Сурет -3. 2012 жыл кәсіпорынның қаржылық нәтиже есебі

2012 жыл кәсіпорын үшін табысты болғанын көреміз. 2007 жыл, 2008 жылдармен салыстырғанда кәсіпорын оң нәтижелі көрсеткіштер көрсетіп отыр
Яғни, жалпы пайда көлемі жалпы шығын көлемінен 57 % артып отыр.

Кесте 6 - Кәсіпорынның пайда мен зиян туралы есебі 2010-2012 жж.

Көрсеткіштер
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
1 акцияға пайда
0
0
0
Салық салынғанға дейінгі пайда (зиян)
-338 856,23
-192 181,02
188 724,90

Жалпы пайда
-338 856,23
- 192 181,02
188 724,90

Жалғастырылатын қызметтен пайда
-338 856,23
-198181,02

188 724,90

Кесте 8 - Кәсіпорынның баланс активтерінің құрамы мен құрылымы, 2010 жыл

Мүлік түрлері
Жыл басы
Жыл соңы
өзгеріс, (+,-)

теңге
%
теңге
%
теңге
%
пункт
Ағымдық активтер
2231
100
681359
96,8
+679128
+205,4
+3,2
Ұзақ мерзімді активтер
0
0
22800
3,2
+22800
0
+3,2
барлығы
2231
100
704159
100
+701928
+215,6
х

Мәліметтер бойынша кәсіпорын активтерінің құны жыл ішінде 701928 теңгеге немесе 215,6 %- ға жоғарылаған. Бұл кәсіпорын қызметінің оң бағытқа өзгергенін көрсетеді. Ол өсім негізінен ағымдық құнының 679128 тг өсуінен болып отыр. Соған сәйкес кәсіпорын мүлкінің құрылымы елеулі өзгеріске ұшырады: егер жыл басында ұзақ мерзімді активтер үлесі болмаса, ал жыл соңында оның үлес салмағы 3,2 пунктке артты,тиісінше ағымдық активтер үлесі осыншаға өсіп отыр.

Кесте 9 - Кәсіпорынның баланс активтерінің құрамы мен құрылымы, 2011 жыл

Мүлік түрлері
Жыл басы
Жыл соңы
өзгеріс, (+,-)

теңге
%
теңге
%
теңге
%
пункт
Ағымдық активтер
681359
96,7
913564
97,5
232205
34
0,8
Ұзақ мерзімді активтер
22800
3,2
22800
2,5
0
1
-0,7
барлығы
704159
100
936364
100
232205
134
х

Мәліметтер бойынша кәсіпорын активтерінің құны жыл ішінде 232205 теңгеге немесе 134 %- ға жоғарылаған. Бұл кәсіпорын қызметінің оң бағытқа өзгергенін көрсетеді. Ол өсім негізінен ағымдық құнының 232205 тг өсуінен болып отыр. Соған сәйкес кәсіпорын мүлкінің құрылымы елеулі өзгеріске ұшырады: егер жыл басында ұзақ мерзімді активтер үлесі болмаса, ал жыл соңында оның үлес салмағы 0,8 пунктке артты.

Кесте 10 - Кәсіпорынның баланс активтерінің құрамы мен құрылымы, 2012 жыл

Мүлік түрлері
Жыл басы
Жыл соңы
өзгеріс, (+,-)

теңге
%
теңге
%
теңге
%
пункт
Ағымдық активтер
913564
97,5
1046917
97,8
133353
15
0,3
Ұзақ мерзімді активтер
22800
2,5
22800
2,2
0
1
0,3
барлығы
936364
100
1069717
100
133353
114
х

Мәліметтер бойынша кәсіпорын активтерінің құны жыл ішінде 133353 теңгеге немесе 114 %- ға жоғарылаған. Бұл кәсіпорын қызметінің оң бағытқа өзгергенін көрсетеді. Ол өсім негізінен ағымдық құнының 133353 тг өсуінен болып отыр. Соған сәйкес кәсіпорын мүлкінің құрылымы елеулі өзгеріске ұшырады: егер жыл басында ұзақ мерзімді активтер үлесі болмаса, ал жыл соңында оның үлес салмағы 0,3 пунктке артты,тиісінше ағымдық активтер үлесі осыншаға өсіп отыр.

Кесте 11 - Тартылған капиталдың құрамы

Заемдық қаражат көздері
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
өзгеріс(+,-) мың тг
1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
903036
903036
903036
0
2. Қысқа мерзімді несие
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астананың туристік имиджін дамыту
Шағын кәсіпкерліктің тиімді, әрі жылдам дамуы
Франциядағы шағын бизнес
Астана-финанс акционерлiк қоғамы
Кәсіпкерлік. кәсіпкерлік түрлері
Облыс орталықтарының дамуына географиялық талдау
Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
«алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» туралы жалпы сипаттамасы
Шағын қалалардың әлеуемттік - экономикалық даму жағынан артта қалуының экономикалық себептері
Қарағанды облысының тарихы
Пәндер