ҚР лизингтің мәселелері мен дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Лизингтің шығу тегі, пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтер..7
1.3 Кәсіпорында лизингті пайдалану қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2 «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АО ЛИЗИНГТІК ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы туралы, тарихы, бәсекелік жағдайын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 «Қазагроқаржы» АҚ 2013 жылға арналған несиелендіру және лизинг шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 ҚР лизингтің даму жолдары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

3 ҚР ЛИЗИНГТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУЫ
3.1. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
3.2.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... .39
3.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операцияларға байланысты туындаған проблемалар мен оларды шешудің жолдары ... ... ... .40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
Елдің басты бөлімі болып халық шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар қаржысы болып табылады. Өндірісте барлық экономикалық қатынастар шоғырланған олардың негізінде ақшалай қатынастар, яғни, қаржылық, ақшалай, және т.б. Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығудың басты шарты болып халық шаруашылығының құрылымды қайта құрылуы болып табылады. Ал ол өз алдына инвестициялардың өтуі мен олар тиімді пайдаланумен байланысты.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы басты бағыт – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақтандыру және олардың тиімділігін арттыру.
Елдің қаржылық жүйесінің басты звеносы болып халық шаруашылығы саласында кәсіпорынның қаржысы болып табылады. Оларға несиелік, қаржылық және тағы басқа қатынастар жатады.
Бәрімізге белгілі Қазақстан нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады. Осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді. Осы жағдайларда негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады.
Қалыптасқан жағдайда ауылшаруашылық машиналары паркін жаңартуды алдын ала құру және жағдайды тұрақтандыру үшін техникалық сервистің тиімді жұмыс істейтін жүйесін қалыптастыру қажет және де, бірінші кезекте, мемлекет шектеулі ресурстарды ауыл шаруашылығын қолдауға, бағыттауға шамасы келетіндей, сол сияқты қалған техникалық мүмкіншілікті максималды пайдалану үшін жағдай жасау. Мәселені шешудің мүмкін бір жолы: лизингтік компаниялар желісін құру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Экономика Министрлігінің айтуынша, өндірістік тоқырауды шешуге қаржылық лизинг көмектеседі деп есептейді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын лизингтік қаржыландыру». Лизинг экономика өмірінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;
1. Экономика предприятия (фирмы) : учебник / Рос. экон. акад. им. Г.В.Плеханова ; под ред. О. И. Волкова, под ред. О. В. Девяткина. - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : Инфра-М, 2005
2. Финансовый менеджмент : учебник / Гос. ун-т управления ; под ред. А. М. Ковалевой. - М. : Инфра-М,
3. Банковское дело [Текст] : к изучению дисциплины / Н.Д.Белостоцкая, Н.И.Валенцева, Т.А.Ершова и др; Ред. О.И.Лаврушин.
4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, 12 маусым 2001 ж. №209-11.
5. "Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік ессп бас шоттар жоспарын пайдалану бойынша нүсқау". Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі комиссиясымсн 18 қараша 1996 ж. № 6 қаулымен бекітілген.
6. "Методические рекомендации о порядке выдачи доверенности на получение ТМЗ и отпуска их по доверенности" Бухгалтерлік есеп жөніндегі комиссиясымен 18 қараша 1998 ж. № 46 бүйрығымен бекітілген.
7. Абдиманапов А.Н. "Учетная политика предприятия (рекомендацтия)". Бухгалтерлік есеп және аудит. № 2, 1998.
8. "Аудит предприятия". Москва, 1995. Издательство "Дело".
9. Міржақыпова. Банктегі бухгалтерлік есеп Алматы. 2003 ж.
10. Безруких "Бухгалтерский учет". М., "Бухгалтерский учет", 1999.
11. Бирюков, В. В. Классификация видов и форм лизинговых операций [Текст] / В.В. Бирюков. - // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы:Экономика сер.=Вестник Карагандинского университета:Сер.Экономика . - 2005. - №2(38). - С. С.121-129
12. Қазақстан республикасының азаматтық кодексі : жалпы және ерекше бөлімдері. - Алматы : Юрист, 2003. - 309 б.
13. Міржақыпова, Седен Тоқтамұратқызы. Банктегі бухгалтерлік есеп : оқулық / С. Т. Міржақыпова ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Т. Рыскулов атындағы ҚЭУ. - Алматы : Экономика, 2004
14. Хамитов, Нұрғали Нығметұлы. Банк ісі : лекциялар курсы / Н. Н.Хамитов. - Алматы : Экономика, 2006

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. лизингті пайдаланудың теориялық АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Лизингтің шығу тегі, пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтер..7
1.3 Кәсіпорында лизингті пайдалану қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ..14

2 ҚАЗАГРОҚАРЖЫ ао лизингтік жағдайын талдау
2.1 ҚазАгроҚаржы акционерлік қоғамы туралы, тарихы, бәсекелік жағдайын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Қазагроқаржы АҚ 2013 жылға арналған несиелендіру және лизинг шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3 ҚР лизингтің даму жолдары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

3 ҚР ЛИЗИНГТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУЫ
3.1. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
3.2.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
3.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операцияларға байланысты туындаған проблемалар мен оларды шешудің жолдары ... ... ... .40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45

Кіріспе

Елдің басты бөлімі болып халық шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар қаржысы болып табылады. Өндірісте барлық экономикалық қатынастар шоғырланған олардың негізінде ақшалай қатынастар, яғни, қаржылық, ақшалай, және т.б. Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығудың басты шарты болып халық шаруашылығының құрылымды қайта құрылуы болып табылады. Ал ол өз алдына инвестициялардың өтуі мен олар тиімді пайдаланумен байланысты.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы басты бағыт - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақтандыру және олардың тиімділігін арттыру.
Елдің қаржылық жүйесінің басты звеносы болып халық шаруашылығы саласында кәсіпорынның қаржысы болып табылады. Оларға несиелік, қаржылық және тағы басқа қатынастар жатады.
Бәрімізге белгілі Қазақстан нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады. Осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді. Осы жағдайларда негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады.
Қалыптасқан жағдайда ауылшаруашылық машиналары паркін жаңартуды алдын ала құру және жағдайды тұрақтандыру үшін техникалық сервистің тиімді жұмыс істейтін жүйесін қалыптастыру қажет және де, бірінші кезекте, мемлекет шектеулі ресурстарды ауыл шаруашылығын қолдауға, бағыттауға шамасы келетіндей, сол сияқты қалған техникалық мүмкіншілікті максималды пайдалану үшін жағдай жасау. Мәселені шешудің мүмкін бір жолы: лизингтік компаниялар желісін құру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Экономика Министрлігінің айтуынша, өндірістік тоқырауды шешуге қаржылық лизинг көмектеседі деп есептейді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын лизингтік қаржыландыру. Лизинг экономика өмірінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина - техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық - техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;
2. Лизинг - ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:
а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;
б) лизинг - лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.
3. Лизинг - экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:
а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;
б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.
Бірінші бөлімде, лизингті пайдаланудың теориялық аспектілері, яғни лизингтің шығу тегі, пайда болуы, лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтері, кәсіпорында лизингті пайдалану қағидаларына жеке - жеке тоқталамыз.
Екінші бөлімде, ҚазАгроҚаржы ао лизингті пайдалану мен даму жағдайына талдау жасалады. Яғни ҚазАгроҚаржы акционерлік қоғамы туралы, тарихы, бәсекелік жағдайын бағалау жүргізіледі, бағдарламалары талданады, 2012 жылға арналған несиелендіру және лизинг шарттары қарастырылады.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы лизинг мәселелері мен дамуын қарастырамыз.

1. лизингті пайдаланудың теориялық АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Лизингтің пайда болуы мен даму тарихы

Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда "жалға беру" беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтің идеясы жас емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизингтік келісім-шарттар б.э.д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б.э.д. 384 383 - 322 ж.ж.) "Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности" атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.
Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер жасалынды: венециандықтар сол уақытта өте қымбат болған якорларды саудагерлер мен сауда қайықтарын жалға берді. Жүзі аяқталғаннан соң якорлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді. Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales).
1572 жылы Ұлыбританияда тек қана нақты лизингті қолдануға рұқсат беретін заң актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы уақытта келісім-шарт жасасқан жақтардың мүліктің нақты иесі кім екені жасырылды, ол несие берушілерді адастыру мақсатында жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін қолданылды.
1930 жылдары Генри Форд өз автокөліктерін өткізу мақсатында жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік бизнестің бастамашысы ретінде Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынушы сауда агенті болды.
Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада 1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар, т.б.. АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа "лизинг" терминінің енгізілуін (ағыл. lease - жалға беру) "Белл" телефон компаниясының операцияларымен байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.
Сан-Францискода белгілі болған "United States Leasing Corporation" американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд.$, ал 80 жылдары олар110 млрд.$-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік мәміле бойынша серіктестіктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық лизингке айналды.
АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметтерінің кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компаниялар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модификациясы экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар "қаржы-лизингтік қоғамдар" деген атқа ие болды.
Батыс Еуропада алғашқы алғашқы қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж.ж. пайда болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, т.қ. салықтық заңнамада лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді.
Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания "Локафранс" 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжымайтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең болды. Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары "Локафранс", "Слибай", "Локабай", "Софимобай", "Слиминико", т.б..
Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар "Ассима" ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік компаниялардың лизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.
60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.
Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі "АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония" мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды. Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан "қызметтер пакетіне" дейін ұлғайтты.
КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 "бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары" КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.
1991 жылдың маусым айында халықаралық кеңес - неміс лизингтік компания "Евролизинг"құрылып, ал желтоқсан айынан бастап өз қызметін жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып, кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан - Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы " Насиональ де Пари Банкісі", ал неміс жағынан - Батыс Германияның ірі лизингтік компания - "Митфинанц ГмбХ" болды.

1.2 Лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтері

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг - бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Банктердің лизингтік операциясы несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Қаржылық лизинг - бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:
- лизинг беруші(жалға беруші);
- лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады.
Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг - бұл инвестициялық қызметтің бір түрі; онда:
- лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;
- лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.
Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.
Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:
- қайтарылатын лизинг - лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарып ала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;
- банк лизингі - лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;
- толық лизинг - лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады;
- таза лизинг - лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.
Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резидентті емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісімшарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері;лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинг нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.
Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісте пайдаланады: не өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.
Әлемдік тәжірибеде "лизинг" термині ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды жалға беру негізінде, әртүрлі мәмілелерді белгілеу үшін қолданылады.
Аренда келісім-шарты жасалу мерзіміне байланысты арендалық операциялардың үш түрі бар:
Қысқа мерзімді аренда (рентинг) - бір күннен бір жылға дейін;
Орта мерзімді аренда (хайринг) - бір жылдан үш жылға дейін;
Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) - үш жылдан жиырма жылға дейін.
Әрбір күрделі экономикалық ұғымдар секілді лизингте де бірнеше анықтамалар бар. Ең біріншіден, лизинг - бұл ағылшын сөзі to lease - уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді.
1.Лизинг - бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде, беруге міндетті болады және оны кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.
2.Лизинг дегеніміз аренда келісім-шарты. Ол жалға беруші өз иелігіндегі жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық құраларды, өндірістік, сауда және қойма мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы қосатын, жалданушының ақша нарығындағы тартылған қаражаттардың құнын жабатын, банктің пайдасын есепке алатын және мүліктің амортизациясын ескеретін, анықталған арендалық төлем негізінде беруді білдіреді.
Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алатын және оған ұзақ мерзім периодына беретін, мамандырылған (лизингтік) компанияның делдалдық қызметі арқылы негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде де қарастыруға болады. Яғни, лизингтік компания нақты түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан лизингті кейде "несие - аренда" деп атайды.
Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға иелік ету құқығы сатушыдан сатып алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады.
Лизингтің жіктелуі және түрлері.
Мүліктік өтімділік дәрежесіне байланысты лизинг түрлері:
1. Толық өтемділігі бар лизинг, бұл кезде бір келісім шарттың әрекеті барысында лизинг берушіге жалға алынған мүлкі үшін құнының толық төленуі орын алады;
2. Толық емес өтемділігі бар лизинг, яғни бір келісімшарттың әрекеті барысында лизинг берушіге жалға алынған мүлкі үшін құнының бір бөлігі төленуі.
Амортизация талаптарына байланысты лизинг:
1.Амортизациясы толық лизинг және сәйкесінше лизинг объектісі құнының толық төленуі;
2. Амортизациясы толық емес лизинг, яғни сәйкесінше лизинг объектісі құнының бөліктеп төленуі.
Әртүрлі мүлік түрлері бойынша қолданылатын амортизацияны есептеу әдістеріне қарай лизингті былайша жіктейміз:
1. Амортизациясы бір қалыпты лизинг;
2. Жылдамдатылған амортизациясы бар лизинг;
3. Арнаулы және еркін амортизациясы бар лизинг.
Лизингке берілетін мүлікке қызмет көрсету көлеміне қарй лизингтің түрлері:
1. Таза лизинг, яғни лизинг беруші өз мойнына берілетін мүлік жөніндегі барлық қызметті алған кездегі лизинг;
2. Толық қызметтер жиыны бар лизинг, бұл кезде лизинг берушіге мүлікке қызмет көрсетудің барлық функциялары жүктелген;
3. Толық емес қызметтер жиыны бар лизинг, бұл кезде лизинг берушілерге тек кейбір функциялар жүктелген.
Соңғы жағдайда мүлікке қызмет көрсету жөніндегі қызметтер лизинг беруші, лизинг алушы, өндіруші және басқа да арнаулы ұйымдары арасында бөлінеді.
Лизинг операциялары жүргізілетін нарық секторына байланысты лизинг былай жіктелінеді:
1. Ішкі лизинг, онда лизинг мәмілесінің барлық қатысушылары бір мемлекеттен болады;
2. Сыртқы лизинг, яғни бір немесе барлық тараптар әр елдер өкілдері болған жағдайда.
Сыртқы лизинг, өз кезегінде, экспорттық, импорттық және транзиттік лизинг болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, импорттық лизингте - лизинг беруші, ал транзиттік лизинг кезінде мүлікті өндіруші, лизинг алушы мен лизинг беруші әр елдерде орналасады.
Салықтық және басқа да жеңілдіктерге қатысы бойынша лизинг былай ажыратылады:
1. Амортизациялық және салықтық жеңілдіктері бар лизинг;
2. Кедендік жеңілдіктері бар лизинг;
3. Салық және басқа да жеңілдіктері жоқ лизинг.
Лизинг төлемдерінің сипаты жағынан лизингтің түрлері келесідей:
1. Ақша төлемі бар лизинг, яғни барлық төлемдер ақшалай нысанда жүргізіледі;
2. Өтем төлемдері бар лизинг, бұл жерде төлемдер осы машиналар, станоктарда жасалған тауарды жеткізу нысанында немесе кездеспе қызмет көрсету нысанында жүргізу орын алады;
3. Аралас төлемі бар лизинг, яғни жоғарыда аталған төлеу нысандарының кейбір элементтері біріктірілетін лизинг.
Лизинг мәмілесінде опционның бар болуы дәрежесіне қарай лизинг төмендегідей жіктеледі:
1. Опционсыз;
2. Опционды.
Базистік жыл барысында келісім шартты бұзу мүмкіндігіне қарай лизинг түрлері:
1. Келісімді бұзу құқысыз;
2. Келісімді бұзу құқығы бар.
Ал келісімді бұзу құқығы бар лизинг өз кезегінде былай ажыратылады:
1. Кез келген уақытта;
2. Белгілі талаптарды сақтау кезінде;
3. Келісімде келісілген талаптардың сақталмауы.
Соңғы уақытта көптеген авторлар лизинг операцияларының негізгі түрлері ретінде жедел және қаржылық лизингті қарастырады. Ал кейбір авторлар болса, мысалы В. Перов лизинг операцияларының бірнеше түрлерін көрсетеді. Олар:
1. Қаржылық, капиталды немесе тура лизинг;
2. Жедел немесе қызмет лизинг;
3. Қайтармалы лизинг.
Ал басқа авторлар лизинг операцияларының негізгі типтері ретінде мыналарды қарастырады:
1. Қаржылық лизинг;
2. Жедел лизинг;
3. Қайтармалы лизинг;
4. Леверидж лизинг.
Жедел лизинг - бұл жал төлемдері арқылы жабдық құнының тек бөлігі ғана амортизацияланатын қысқа және орта мерзімді мәміле. Жедел лизинг арқылы әкелінетін жабдықтар жалгер балансында көрсетілмейді.
Жедел лизингке келесі белгілер тән:
1. Лизинг беруші өзінің барлық шығынын тек бір лизинг алушы есебінен өтеуден бас тартады;
2. Лизинг келісім шарты 2-5 жылға жасалады, яғни ол жабдықтың физикалық тозу мерзімінен аз және де лизинг алушы оны кез келген уақытта бұзуы мүмкін;
3. Объектінің жоғалу немесе бұзылу тәуекелі негізінен лизинг берушінің мойнында;
4. Лизинг төлемдерінің мөлшерлемесі қаржы лизингке қарағанда жоғары болып келеді;
5. Ең танымал машиналар мен жабдықтар түрі лизинг объектісі болады.
Жедел лизинг бойынша лизинг компаниясы жабдықты, жалгерді білмей тұрып, ертерек алады. Сондықтан да лизинг компаниялары инвестициялық тауарлар нарығының конъюктурасын білу керек.
Қаржылық лизинг - жалгер жабдықты толық мерзім бойы немесе мүліктің өмірлік циклінің көп бөлігін пайдаланады.Жалгердің мойнында техникалық жабдықтау, салық төлеу мен сақтандыру жөніндегі жауапкершілік жатыр.
Жедел және қаржылық лизинг лизинг компанияларының негізгі типтері болғандықтан оларды келесі сызбада қарастырайық.

Кесте 1. Жедел және қаржы лизингтерінің негізгі айырмашылықтары
Жедел лизинг
Қаржы лизинг
Мәмілелердің қысқа және орта сипаты.
Мәмілелердің орта және ұзақ сипаты
Жылдың бірінші мерзімінде жабдықтың бөлік амортизациясы. Келісім аяқталғаннан кейін жабдықты қайта жалға бере алады.
Бірінші мерзімде жабдық құнының толық немесе көп бөлігінің амортизациясы.
Лизинг келісімі бойынша лизинг беруші жөндеу.
Келісім лизинг берушінің тех. қарастырмайды.
Келісімді кез келген уақытта бұзуға болады.
Келісімді негізгі уақыт ішінде бұзуға болмайды.
Өндіруші компаниялар, олардың еншілес лизингтік компанияларымен және сауда компанияларымен ұсынылады.
Банктер мен олардың еншілес лизинг компанияларымен ұсынылады.
Инвестициялауға ұқсас.
Күрделі жұмсалымдарды ұзақ мерзімді несиелеуге ұқсас.

Қаржылық лизинг келесі белгілермен сипатталады:
1. Үшінші тараптың қатысуы(өндіруші немесе жеткізуші);
2. Жылдың негізгі мерзімі барысында келісімшартты бұза алмауы;
3. Лизингтік келісімнің ұзақ мерзімі ( объектінің қызмет ету мерзіміне жақын);
4. Қаржылық лизинг кезіндегі мәміле объектісінің жоғарғы құны.
Келісім бекіткеннен кейін лизинг алушы:
1. Қалдық құны бойынша мәміле объектісін сатып ала алады;
2. Жаңа келісім шартқа жеңілдік құны бойынша отыра алады;
3. Лизинг компаниясына объектті қайтара алады.
Капиталды лизинг - сатып алу-сату келісімінің кейбір белгілері тән мәміле. Бұл мәмілелерде жалгер балансында негізгі қор категориясында тұрады.
Тура қаржы лизингі - лизинг беруші өндіруші немесе сауда фирмасы болмайтын қарыз құралдарын тартуынсыз лизинг мәмілесі.
Левериджлизинг- қарыз құралдарын тарту негізінде жасалатын лизинг мәмілесі.Ол мына талаптарға сай келу керек.
# Мәміле қатысушыларының саны кем дегенде үш - лизинг беруші, жалгер, ұзақ мерзімде қарызгер;
# Қарызгер жабдық құнының бөлігін қаржыландырады;
# Қарызгердің несие бойынша борыш және пайыз мөлшерінде жал төлемдерін талап ету құқы бар.
Топтық лизинг. Лизинг беруші жалға берілетін жабдықты иелену үшін тартылған құралдарды пайдаланатын қаржы лизингінің түрі болып табылады.
Жабдықтың жалпы бағасында таратылған құралдардың үлесі 60-80 процент. Бұл жерде лизинг берушінің ролін қатысушылар атқарады. Бұл лизинг түрі үлкен ауқымды объектілерді, оның ішінде самолеттер, темір жол жабдықтары және т.б. жалға берілгенде қолданылады.
Сату типтес лизинг. Лизинг беруші рөлін өндіруші немесе сауда компаниясы атқаратын капиталды немесе тура қаржы лизингке ұқсас лизинг мәмілесі.
Шартты сату лизинг. Жабдықты өткізуді ынталандыру мақсатында өндірушілермен ұсынылатын лизинг нысаны.
Вендор лизинг немесе Сатушы лизингі ірі, қымбат, күрделі жабдық шығаратын ірі өнеркәсіптік компаниялар арасында кең таралған.
Сублизинг - жабдыққа меншіктенушіні оны лизинг компаниясына сатып, сонымен бірге одан жабдықты жалға алады. Бұл мәміле нәтижесінде сатушы лизинг алушы болып табылады. Объект меншіктенушінің ақша - қаражаттарына деген қажеттілік жоғары болған жағдайда бұл лизингтің түрін көбінесе пайдаланып, өз қаржы жағдайын жақсарта алады.
Ұсталған жабдық лизинг дамушы елдер фирмалармен қатынастарда кең тараған мәміле түрі. Өнеркәсіптік фирмалар мен сауда фирмаларын ұсынылатын лизингтік төлемдері жабдықты қалдық бойынша және негізінен 1 жылдан 4 жыл мерзімге есептелінетін лизинг түрі. Бұл өндірістің негізгі құралдарын сатып алудың ең арзан және тиімді әдісі. Германияда бұл лизингтің түрін қайталама лизинг дейді. ҚХР-да ұсталған жабдық лизингі кеңінен таралған. Одан басқа халықаралық практикада лизингтің мына түрлері кездеседі:
1. Қозғалмайтын мүлік лизинг;
2. Бас лизинг;
3. Жаңаратын (револьверлік, ротациялық) лизинг;
4. Толық төлемі бар лизинг;
5. Таза лизинг;
6. Толық қызмет жиынтығы бар лизинг;
7. Ылғал лизинг;
8. Лизинг;
9. Салық жеңілдіктерімен байланысты лизинг;
10. Самурай лизинг;
11. Сегун лизинг;
12. Жергілікті лизинг;
13. Халықаралық лизинг;
14. Жанама шетелдік лизинг.

1.3 Кәсіпорында лизингті пайдалану қағидалары

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады.Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Лизинг қызметтерінің қазіргі нарығы лизингтік контрактілердің және осы операцияларды реттейтін заңды нормалардың көп түрлерімен сипатталады.
Әлемдік тәжірибе компаниядағы лизингтік келісімдердің көп нұсқауларын жасап шығарды.Олар бір-бірінен нақты шекаралармен шектелмеген, бір түрдің белгілері екінші келісім шартта кездесуі мүмкін және де белгілі лизинг түрінің талаптарын сәл ғана өзгерткеннің өзінде, жаңа типін ала аламыз. Сондықтан да осы уақытқа дейін нақты жіктелу берілмеген, яғни осы кезге дейін компаниядағы лизингтік келісімдер түрлерінің толық тізбесі жасалмаған.
Сонымен, көптеген жүктеулерді талдай отырып, мәні мен мағынасын зерттей отырып, төмендегідей лизингтік белгілерін анықтауға болады:
1. Мәміле қатысушылардың саны мен құрамы;
2. Мәміле объектісі;
3. Мәміле мерзімі;
4. Мәміле масштабы мен сомасы;
5. Қарыз және қосымша құралдарды тарту дәрежесі;
6. Мүліктің өтімділік дәрежесі;
7. Амортизацияны есептеу әдістері;
8. Қызмет көрсету көлемі;
9. Операция өткізіліп жатқан нарық секторы;
10. Салықтың өзге де жеңілдіктерге қатысы;
11. Лизингтік төлемдердің сипаты;
12. Лизингтік мәміледе опционның болуы;
13. Базистік жыл ішінде келісімді бұзу шарттары мен мүмкіндігі;
14. Мүлікті бухгалтерлік есептеу әдісі.
Компанияның лизинг мәмілесіндегі функцияларына байланысты субъекттер мына сипаттан шығуы мүмкін;
1. Мүлік сатушы;
2. Лизинг беруші;
3. Лизинг алушы;
4. Несиелер;
5. Гарант және т.б.
Машиналар мен құрал жабдықтарды шығарушы кәсіпорындар немесе сауда фирмалары мен компаниялары, сонымен бірге жабдықтаушы - өткізуші ұйымдар мүлікті сатушы бола алады. Ал, лизинг беруші меншік нысанына байланыссыз лизингтік қызметпен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады.
Осыған орай, лизинг берушілердің төрт негізгі типін анықтауға болады:
1. Тәуелсіз лизингтік компаниялары;
2. Банктермен байланысты фирмалар және банктердің әдістері;
3. Құрал-жабдықтарды шығарушы фирмалардың лизингтік фирмалары;
4. Инвестициялау үшін қажетті қаржы ресурстары бар өзге де лизинг берушілер, мысалы, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары.
Лизинг алушы кез келген меншік нысанындағы өндірістік және сауда кәсіпорындары, коммерциялық емес ұйымдар мен халық болуы мүмкін.Лизинг алушы қандай заңды немесе жеке тұлға екеніне және лизинг объектісі қандай мақсаттарға пайдаланатындығына байланысты кәсіпкерлік лизинг және тұтынушылық лизинг болып бөлінеді.Кәсіпкерлік лизинг коммерциялық ұйымдармен байланысты. Көптеген елдердің заң актілерінде, соның ішінде Қазақстан Республикасының да заң актілерінде лизинг тек қана кәсіпкерлік қызметпен ғана байланысты.
Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңында былай делінеді: ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар, инвентарь, транспорт құралдары, жер учаскелері және де басқа да пайдаланылмайтын заттар лизинг объектісі бола алады.
Лизинг объектісі ретінде кез келген көп және ұзақ пайдаланатын тауар, соның ішінде жұмыс күші де қарастырылады.
Келісім шартта мәміле мерзімін көрсету әдісі бойынша лизинг былайша жіктеледі:
1. Нақты мерзімді көрсетумен;
2. Шекті мерзімді көрсетумен(амортизациялық кезеңге %-пен);
Шекті мерзімді минималды мерзім ретінде немесе құрал-жабдықтар мен машиналар амортизациясымен максималды не минималды шек шеңберіндегі кезең ретінде қойылуы мүмкін.
Ауқымымен сомасына қарай лизингтік мәмілелердің түрлері келесідей:
1. Кіші ауқым
2. Орта ауқымды
3. Ірі ауқымды
Лизинг берушінің қосымша құралдарды тарту дәрежесіне қарай қосымша құралдарды тарту мен лизинг және оларды тартусыз лизинг. Ал, лизинг берушінің пайдаланылған өзіндік және қарыз құралдардың ара қатынасына қарай лизинг:
1. Тек өзіндік құралдарды пайдаланумен;
2. Өзіндік және арыз құралдарын пайдаланумен;
3. Тек қарыз құралдарын(шетел несиелері).
Қазіргі кезде лизинг компанияларының ресурстарының 75% банктік несие алып жатыр. Ал мемлекет, өз кезегінде, лизингтік компаниялардың қарыз құралдарын пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Сөйтіп тәжірибе көрсеткендей, лизинг компаниялары қызметінің көлемі мен тиімділігі банк қорларына қол жетерлікке тікелей байланысты. Бірақта қарыз қорларын пайдаланудың да шегі болады. Мысалы, банк несиесінің қымбаттау лизинг компанияларының рентабельділігін төмендетеді, өйткені бұл рентабельдік лизинг төлемдер сомасы мен берешектің өтеу жөніндегі төлемдер сомасы арасындағы қатынасқа тәуелді болып келеді.

2 ҚАЗАГРОҚАРЖЫ ао лизингті пайдалану мен даму жағдайын талдау

2.1 ҚазАгроҚаржы акционерлік қоғамы туралы, тарихы, бәсекелік жағдайын бағалау

ҚазАгроҚаржы акционерлік қоғамы 1999 жылы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы № 1777 қаулысына сәйкес құрылған.
Қызмет түрлері:
- АӨК лизингілік қызметі;
- АӨК субъектілерін несиелендіру және оларға қаржылық қызмет көрсету;
- АӨК дамытуға бағытталған республикалық бюджеттілік және басқа да бағдарламаларды іске асыруға қатысу.
Миссиясы:
Бизнес жүргізудің жоғары стандарттары, тұрақтылығы мен сенімділігі негізінде техникалық және технологиялық жаңарту бойынша қол жетерлік қаржы қызметтерін көрсету арқылы бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған АӨК қалыптастыру жөніндегі мемлекет саясатын іске асыру.
1999 жыл - ҚазАгроҚаржы АҚ құру туралы Республика Үкіметінің қаулысы.
2000 жыл - шетелдік ауыл шаруашылығы техникасының лизингісі бойынша алғашқы тәжірибе.
2003-2005 жыл - Алғашқы машина-трактор бекеттерін құру. Компанияның ауқымды Ауыл жылы Мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысуы, қайта өңдеу секторын қаржыландыра бастауы. ҚазАгроҚаржы АҚ желісі бойынша АӨК дамытуға 27,2 млрд. теңге қаржы жұмсалды.
2006 жыл - ҚазАгроҚаржы АҚ жаңадан құрылған ҚазАгро ұлттық басқарушы холдингі АҚ құрылымына енді, компания Қаржы агенттігі мәртебесін алды.
2007 жыл - Тауарлы-сүт фермалары үшін асыл тұқымды мал лизингісінің енгізілуі, өнеркәсіптік типтегі жоғары технологиялы жылыжайлар құру бойынша жобалардың іске асырыла басталуы.
2008 жыл - Қарқынды жеміс бақтарын құру, балықты қайта өңдеу зауыттарын тұрғызу.
2012 жыл - Ірі инвестициялық жобалардың басталған жылы.
2011 жыл - Алғашқы рет асыл тұқымды репродукторлар үшін іріктеліп алынған малдар лизингісі жүзеге асырылды. Компания ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту сілкіністі бағдарламаның қатысушысы болды.
2012 жыл - ҚазАгроҚаржы АҚ Индустриаландыру картасындағы агроөнеркәсіптік жобалардың негізгі қаржы операторы болып табылады. Ықтимал инвестиция көлемі - 64,3 млрд. теңге.
Коммерциялық лизингілік компаниялармен салыстырғанда, лизингілік қызмет көрсету нарығында Компанияның келесі бәсекелік артықшылығы бар:
oo Компания қызметін жыл сайын бюджет қаражаттары есебінен капиталдандыру арқылы мемлекеттің қолдау жасауы;
oo Филиалдардың тарамдалған желісі және ҚР аумағын 100 пайызды қамтуы;
oo Ауыл шаруашылығы техникаларының, арнаулы техникалар мен жабдықтардың ірі өндірушілерімен және жеткізушілерімен қалыпқа келтірілген байланысы;
oo АӨК субъектілері үшін сатып алынатын техника мен жабдықтардың кең ауқымды спектры;
oo Сатып алынатын техникаға кепілдікті және ұйымдастырылған сервистік көрсетілетін қызмет.

Кесте 2. Салыстырмалы қаржыландыру шарттары:
Лизингтік компаниялар
Лизинг мерзімі
Аванс мөлшері
Объектінің құнынан % қамтамасыз ету
Пайыздық мөлшерлеме
ҚазАгроҚаржы АҚ
8 жылға дейін
10-20%
Сатып алынатын техника. Қосымша кепілдік
4-11%
Астана Қаржы АҚ
Шетелдік техника
6 жыл
15%
Сатып алынатын техника.
10-13%

ТМД елдерінің техникасы
4 жылға дейін
20%
Сатып алынатын техника.
20%-дан жоғары
БТА ORIX Лизинг АҚ
5 жыл
30% жоғары
Сатып алынатын техника. Қосымша кепілдік
17-23%
Темір Лизинг АҚ
3 жыл
40%
Сатып алынатын техника.
23-26%
Астық лизингілік компаниясы АҚ
3 жылдан жоғары
15-25%
Жер телімі (800габірл.)
Банк мөлшерлемесі +0,5%
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ
3-5 жыл
Жоқ
Сатып алынатын техника.
10%

Агроөнеркәсіп кешенінде лизингілік қызмет көрсету нарығындағы "ҚазАгроҚаржы"АҚ үлесі

ҚазАгроҚаржы, қазіргі заманға сай ауыл шаруашылық техникалары мен әр түрлі өндіріске қажетті жабдықтарды сатып алуда қазақстандық ірі жер иеленушілерге қолдау жасауға бағдарланған белгілі отандық лизингілік компания, Мінсіз деген Халықтық Сапа Белгісіне ие болған. Компанияның он жыл ішіндегі қызметінің нәтижесі Қазақстанның Ұлттық тұтынушылар лигасымен аталып өткен. Өтіп кеткен Жалпыұлттық отандық тауар және қызмет көрсету өндірушілерінің көрме-жәрмеңкесінің қортындысы бойынша мараптатталған болатын. Естеріңізге сала кетейік, көрме отандық тауар өндірушілерге қолдау жасау мақсатында Астана қаласында Нұр Отан ХДП қамқорлығымен өткен еді. Бір алаңда өзінің тауарлары мен көрсететін қызметтерімен бірге еліміздің барлық аймақтарының отандық кәсіпорындары жұрттың назарына ұсынылған болатын. Бұл ретте, отандық Тұтынушылар лигасының қойған талап сүзгішінен қаржы институттарының ішінен кезінде Үкімет арқылы тозығына жеткен техника паркін жаңартуда республиканың шаруалары мен фермерлеріне қол ұшын беру мақсатында құрылған ҚазАгроҚаржы АҚ ғана өткен еді. Алайда, 10 жылдай атқарып келе жатқан жұмысы ішінде ҚазАгроҚаржы өзінің қызмет өрісін едәуір кеңейтті.
Бүгінгі таңда компания лизинг және несиелендіру сияқты құралдар арқылы қайта өңдеу саласын қаржыландыруда, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оның экспорттық әлеуетін дамыту жолында еңбек ететін ең перспективалық бағыттарға озық технологияларды енгізуде. Мұның ақырғы мысалы - инвестициялық, жалпы алғанда, ауылдағы инфрақұрылымдық жобалармен атқаратын жұмысы. Компанияның күшімен ҚазАгро Ұлттық басқарушы холдинг АҚ қамқорлығы арқылы ірі тауарлы сүт фермаларының, жылыжай кешендерінің, көкөніс және жеміс сақтау қоймаларының желілері құрылуда, жерді өңдеу және суарудың озық технологиялары енгізілуде.
ҚазАгроҚаржы АҚ қызметін 2 мыңнан астам шаруашылық пайдаланып қалды. 4 мыңнан астам шарт жасалып, 14 мыңға жуық әр түрлі ауыл шаруашылыққа қажетті техникалар сатып алынды. Жалпы отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 130 жарым миллиард теңге инвестиция жұмсалды.
Лигада хабарланғандай, Қазақстан тауарлары мен қызметтері нарығындағы ең жақсы өндіруші-компаниялардың МІНСІЗ деп аталған Халықтық Сапа Белгісі мүсіншесін қолға табыстау рәсімі Астана қаласында 4 шілдеде өтеді.
Қазақстанда беларустық ауыл шаруашылық техникаларының бірлескен құрастыру өндірісін құру
2012 жылдың наурыз айында Қазақстанға Беларусь өндірісінің ауыл шаруашылық техникаларын жеткізу мәселелері мен беларустық ауыл шаруашылық техникаларының бірлескен құрастыру өндірісін құру мәселелерін талқыға салу үшін ҚазАгро Ұлттық холдингі акционерлік қоғамының өкілдері Беларусь Республикасындағы ауыл шаруашылық техникаларын өндіретін компаниялармен кездесу ұйымдастырған болатын.
Беларусь ауыл шаруашылық техникасы қазақстандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілері арасында үлкен сұраныста екенін Қаз Агро атап көрсеткен-ді. Биылғы жылы Беларус маркалы ауыл шаруашылық техникасын құрастыру бойынша жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Ұлттық холдингтің еншілес компаниясы - ҚазАгроҚаржы АҚ ұсынылатын техника сапасына сай болып, әрі кепілді және сервистік қызмет көрсетілген жағдайда, оларды сатып алып, кейін лизингілік негізде орналастыру мақсатында беларустық ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтарын өндірушілермен ынтымақтастық жасау мүмкіндігін қарастыруға дайын.
Беларусь тарапынан жұмыс тобының мүшелері ауыл шаруашылық техникасын жеткізу бойынша және бірлескен кәсіпорындар құру бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруға үлкен қызығушылықтарын білдірді.
Қазіргі кезде Қазақстан аумағындағы Агромашхолдинг АҚ негізінде Гомсельмаш РБК беларустық кәсіпорын өндірісінің Есіл астық жинау комбайндарын құрастыру жұмысы жүріп жатыр. 2008 жылы 56 комбайн жиналған болатын.
2008 жылғы желтоқсан айында беларустық МТЗ РБК кәсіпорыны мен қазақстандық СемАЗ ЖШС кәсіпорыны қазақстандық кәсіпорын негізінде Беларус-82.1 тракторларын құрастыру жұмысын ұйымдастыру туралы уәделескен болатын (биылғы жылғы жоспарланып отырған трактор саны 1000 бірлік).
Сонымен қатар СемАЗ ЖШС-де МАЗ тіркемесін құрастыру жұмысын ұйымдастыру ісі жоспарлануда. Бірінші жиынын ағымдағы жылдың сәуір айында шығару жоспарланған.
2012 жылдың басында-ақ ҚазАгроҚаржы АҚ отандық ауыл шаруашылық машина жасау өндірісіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығы және лизингтік төлемдер мен олардың түрлері
Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы
Лизинг жайлы
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Халықаралық лизингтiк қатынастар
Лизингтік операцияларды ұйымдастыру
Лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шарты
Лизинг операцияларының техникасы
Лизингтің мағынасын зерттеу және оның шетел тәжірибесіндегі ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында лизинг шартын құқықтық реттеу
Пәндер