Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ұлттық валютаның қызметі
Кіріспе 3
1 Ақшаның пайда болу тарихы мен нарықтық экономикалық айырбастың теориялық аспектілері
1.1 Ақшаның шығу тарихы, мәні 5
1.2 Нарықтық экономикалық айырбас 9
1.3 Ақша айырбасы мен ақшаның қызметтері 14
2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ұлттық валютаның қызметі
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының қызметі 18
2.2 Қазақстан Республикасның ақша жүйесі мен ақша массасы 22
2.3 Қазақстан Республикасының ақша.несие саясаты 27
3 Қазақстан Республикасындағы ақша қатынастарының дам уы
28
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер 34

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталануы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасын жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір туарға нық бекітілмеген еді. Біртіңндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.
Ақшаның оьъективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналыссыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ло айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін аплтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауалардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілшігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары,

1. Алматы «Экономика» - 2000 ж.;
2. Сейітқасымов Ғ. С. Ақша несие Банктер
3. Алматы «Экономика» - 2001 ж.;
4. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие
5. Алматы 2004 ж.;
6. Сахариев С.С, Сахариева А. С Әлем экономкасы ІІ-бөлім
7. Алматы «Дәнекер» - 2003 ж.;
8. Егемен Қазақстан 2003 ж., 12 қараша, 2-3 бет;
9. Арқа жары 2003 ж., 20қараша, 1-2 бет;
10. Егемен Қазақстан 2001 ж., 11 желтоқсан, 2бет;
11. Орталық Қазақстан 2001ж., 23 тамыз, 3 бет;
12. Егемен Қазақстан 2001 ж., 17 қаңтар, 2 бет;
13. Түркістан 1999 ж., 5-11 мамыр, 1-2 бет.
14. Көшенова Б. Ақша Несие Банктер Валюта қатынастары

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ақшаның пайда болу тарихы мен нарықтық экономикалық айырбастың
теориялық аспектілері
1.1 Ақшаның шығу тарихы, мәні 5
1.2 Нарықтық экономикалық айырбас 9
1.3 Ақша айырбасы мен ақшаның қызметтері 14
2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ұлттық валютаның қызметі
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының қызметі 18
2.2 Қазақстан Республикасның ақша жүйесі мен ақша массасы 22
2.3 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты 27
3 Қазақстан Республикасындағы ақша қатынастарының дам уы 28
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер 34
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін
жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын
тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы
ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген
зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз
сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны
дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие
емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті
тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша
айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп
шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталануы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар
– барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола
бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасын жалпы
құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір туарға нық
бекітілмеген еді. Біртіңндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір
тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның
жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама
айрықша тауар.
Ақшаның оьъективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына
сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және ізбасары. Тауар
мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналыссыз тауар айналысының
да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ло айрықша тауар
ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін аплтынға
жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауалардың құнын бейнелеуі, оның ең
бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи
сапалығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілшігі және тозбайтындығы;
екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге
кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу пролцесіндегі адамдар арасындағы қатынасты
бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның
экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің
біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнның дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық
бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екінші тауарларды сатумен
байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен
өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
1 Ақшаның пайда болу тарихы мен нарықтық экономикалық айырбастың теориялық
аспектілері
1.1 Ақшаның шығу тарихы, мәні
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір шама жоғары дамуы
нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның
жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек
өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғы шарттарын туғызады.

бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі – зат, оны
тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның
пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бырақ кез-келген зат
тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбнкпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып
алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға
кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес,
өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтаңда әрбір тауар Қажетті тұтыну
құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас
құны ретінде көрінеді.
Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз
бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша. Нақты және абстракты еңбектің, жеке
және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар
табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі
формаларын туғызды. Айырбас – бұл бір тауар өндірушіден, екінші біруіне
жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын
(мал=бидай=балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, формасына және
тағайындалуынабайланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі
тауарлардың бір біріне өлшеуіне ортақ негіз болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде
жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек
қоғамдық еңбек қана тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бұл тауарды
екінші бір таурға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің
шығындалғандығын, яғни екі тауардыңда құнының барлығын көрсетеді. Осыған
байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып,
нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті
немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнның(1 мал=1
қап бидайға)ұғымы туындайды.
Айырбас құны – бұл тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте
айырбасталу қабілетін білдіреді.
Натурал шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының
қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар
өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте
құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тааурдың тұтыну құны
болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айыпбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса
жнткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші
үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.

құны жасырын түрде болады және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және бір-біріне
ауысады.

кездейсоқ айырбасталынуы барысында, құнның алғашқы формасы - өндіргіш
күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формалары
қолданылады ( 1 балта = 1құмыра ).

шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айрбасталатын тауар –
барлық басқа тауарлардың бір-біріменөзара айырбасталу құралы бола бастады.
Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық
формасына жасырын түрде өту басталды. Яғни айырбас құнның екінші формасы
қалыптаса бастады. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Еңбек
бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны
мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне бір тауар басқа да көптеген балама-
тауарлардың айырбасында жүрген. Тауарлар айырбасының дамуы құнның үшінші
формасы – бұл құнның жалпылама формасы қалыптаса бастады. Біртіндеп жалпы
құндық эквивалент ролін белгілі тауарлар көптеп атқара бастады және осы
тауарлар ақша деп аталынды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны
туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының
нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя
батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы
айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақашалрда “өгіз” деген атау
ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус”
(мал) сөзінен шыққан. “Рупа”(мал)сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы
“рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға
ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды.
Сонымен қатар ақша ретінде сонау Ежелгі Спарта кезеңдерінде басқада
металдарды да пайдалына бастады. Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын
пайдаланылды.
Металл ақшалардың артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады
және т.б. Металл ақшалардың кең таралуына ақша есебінің салмақтық жүйесі
нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте
бастады, өйткені лолар жалпы сапаға ие болды
Құнның жалпы балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға
тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақшалай формасы
қалыптасты. Құның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Ол тауар
рөлін бағалы металлдар: алтын және күміс атқарды. Сонымен ақша дегеніміз –
бұл барлық тауарлардың құнын бейнелейтін, жалпыға балама ретінде
пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді. Әрине металлдар бұған дейінгі ақша
формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл
ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шынжыр,
және т.б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы
“драхма” “ бір уыс шеге”деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық,
құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік,
білезік түрінде пайдаланылды.
Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола
бастады. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг,
ливр (жарты фунт), марка (жарты фует) салмақ бірліктері атауымен аталады.
Ақша объективті қажетті тауарлар өндірісі және айналысының болуына
сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып
табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз
тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала
береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама ролі тарихта алтынға
бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл,
оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша
табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және
таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ,
оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары
болады.
Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы
қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамын келген экономикалық категория
болып табылады.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш
қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:
жалпыға тікелей айырбасталу формасысы;
айырбас құнның дербес формасы;
еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану) формасы.
Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиетті,
ақшаның кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын
сипаттайды Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек
қоғамдық жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған.
Себебі, ол уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және т.б. сату
мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері,
ақшаның бұл қасиетінің қамтитын ауқымы біршама кеңейе түскен.
Ақшаның айырбас құнның дербес формасыретінде пайдалану тауарларды
сатумен тікелей байланысты емес. Бұл формасынба ақша, несие беру, қарыз
өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және
өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда Ұлттық банктің
несиелік ресурстарын коммерсиялық банктерге сатуы барысында және т.б.
жағдайларда қолданылады.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауар өндіруге жұмсалатын еңбектің ақша
көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі
туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы
аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін
орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама
немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей
эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды
жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер алтынның
жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент
ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды
дейді.
Жекелеген елдердің ішінде алтынның айналысы жоқ. Төлем айналысы
жоқ.Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – қағаз және
несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақта алтын дүниежүзілік ақша болып қалып
отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз ақшалар (толық
бағалы) және құндық белгілері (толық бағалы емес) ақшалар. Нағыз ақшалар –
бұл наминалдық оны байындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл
ақшаларды білдіреді.
Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл
ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып
табылады.
Алғашқы монеталар VII ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі
Лидия мемлекетінде пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері
айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл
елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отаралрымен
бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша
қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері
себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі,
сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі . Өздерінің тұрақтылығы
арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған:
алтын өндірісін тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да
айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын
ынталандырмады.
Сонымен, алтын айналдысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана
болып, соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан
шыға бастайды [1].
Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты
құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетін ақшаларды білдіреді.
Оған мыналар жатады:
құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан
жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері
екіге бөлінеді: қағаз ақшаларға және несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта
олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде
пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті
мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне
байланысты болды.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері
болған:
металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің
нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын
төмендетуі барысында бүлінуі;
бағалы металлдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте
қымбатқа түсуі;
эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың
құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақщаларды шығаруы;
қате бюдждет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың
шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы.. Ұлыбритан
отары болған солтүстік Америкада, 1762 жылы.. Австрияда және 1769 жылы..
Ресейде пайда болды. Бірініші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар
барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер
түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да
1961 жылы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5
рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен
Ресейдегі 1991-1992 жж.. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында
қазынамен шығарылатын және металлға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мелекет
белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне
байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз
және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артықартық қағаз ақшалардың шығарылуы, эминентке деген
сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлемқұралы қызметін атқаруымен
де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша айналымын
икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының
дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер
және несиелік карточкалар.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық
міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексель.
Вексельдің түрлері ҚР-дағы вексель айналысы туралы ҚР заңында
мынадай түсініктемелер берілген:
Жай вексель (соло) – вексельдің ұстаушыға вексельде көрсетілген
соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы
вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын
вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір
уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір
тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен
негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор
болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа
біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре берді. Аудару туралы
қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр
индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде
қарастырады [2].
Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің вексельді мынадай түрлерге
бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден
туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет
тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет
борышқор болып саналады.
Достық вексель – кейіннен банктен оларды есепке алу мақсатында бір-
біріне беріледі.
Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені
білдіреді.
Вексельдің мынадай өзіне тән қасиетттері бар:
дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі;
дауыссыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін
тиісті шара қолданылғанға дейіегі қарыздың міндетті түрге төленуге
тиістігі;
айналымдылық, яғни баақа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы
(индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданғанға дейін және одан кейін
де вексель айналысы дамып келеді.
Вексель айналысын бірінші болып қолданушылардың қатарына Казкомерцбанк
тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық
жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы
астық вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде
клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқы астық
сатумен айналысатын Астық акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы
вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында
төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде Қазақстан
темір жолы ҰК-ның 200 млн теңге бағалаған вексельдерін өтеді.
Мұндағы домицилиант - вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын,
Вексельде делдал ретінде қатысатын банк.
Банкнота (ағыл. сөзінде bank-note аударғанда банк билеті) –
орталық банктың айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның
вексельден мынадай айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме
болса, ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және
оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк
шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиетте банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және
жай.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген
Орталық банктің билеті.
Олар металлға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық
активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық
банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ
олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған,
сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының
мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады:
1.2 Нарықтық экономикалық айырбас
Әлемдік нарықтағы валюта бағамы осы мемлекеттің валютасына сұраныс пен
ұсынысқа несие %-ы, ішкі және сыртқы нарықтағы өнім бағасына, несие көлемі,
сияқты формуламен анықталады: Валюта бағамын модельдеу – сатушы елдердің
жалпы немесе антагонистік көзқарастарына негізделеді.
Түрлі елдердегі өндірістік және техникалық функцияға және саудалық
институционалдық және басқа да бөгеттер де еске алмай тек қана
экспортталған мен импортталған өнімнің бағасының әсерімен ғана шектелеміз.
Тауарлардың айналымының циклдарын қарастырайық:
• Шетелдерде сату мақсатында ішкі нарықта тауарды сатып алу;
• Ол тауарларды шетелде сату;
• Ішкі нарықта сату мақсатында шетелден тауарларды сатып алу;
• Ол тауарларды ішкі нарықта сату.
Келесі белгілеулерді енгізейік:
РХ – оның сыртқы нарығындағы бағасы;
ПУ – ішкі нарығындағы ақшалай түрде у V-де сатылатын импортталған
тауар бағасы;
П1У – сыртқы нарығындағы бағасы;
Λ – шетел валютасының бағамы (мысалы: $ - теңгеге).
Мысалы: РХ РУ
және бұл шамалар сату және сатып алу V байланысты. Олардың қарапайым
сызықтық тәуелділік былай көрсетілген.
РХР+ах; П1ХР1-а1 ; ПУП-by ;
П1УП1+b1 .
Мұндағы: а, а1, b, b1 ұсыныстың өзгерісіне нарықтың жауап беру
қабілеттілігін немесе сұраныс икемділігін бейнелейтін теріс емес
параметрлер: мысалы: сатып алу көлемінің артуы, тауардың қымбат болуына
әкеледі, ал сатудың көбеюі, оның көлемін төмендет.
Р,П параметрлері ішкі нарықтың, Р1, П1 сыртқы нарықтың
бағаларына сәйкес келеді:
Іргелес сауда қызметінен түскен пайданы оптималдау моделін
қарастырайық:
П(х, у, Λ)ХН(ΛР1Х-РХ)+УН(ПУ- ΛП1У) ( 1)
мұндағы ХН , УН – сәйкесінше экспортпен импорттың табиғи көлемі:
ХН (экспорт) УН (импорт)
Бірінші мақсат функциясы тауарларды сатудан түскен жиынтық пайданы
көрсетеді: яғни, сату түсімі. (сату түсімі – ішкі және сыртқы нарықтағы
тауарларды сатып алу шығындары)
Сонымен П(х, у, Λ) max
мұндағы:
П(х, у, Λ) + ; (2)
Дәлелдеу керек:
П(х, у, Λ) + ;
(4)
0
Х* -1) (5)
У* -1) (6)
Х*0 , У*0 шарты келесі шектеуге икемді.
(7)
яғни экпортталатын тауар үшін оның табыстылығы және экпорт пен импорт
бойынша оң операцияларды қамтамасыз ету үшін қатынас валюта
бағамына артпау керек. Ал импортталатын тауар үшін одан кіші болмау
керек.
1.3 Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы
дамуы
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негіщгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердіңформасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мынаоар жатады:
Құн өлшемі және баға масштабы;
Айналыс (айырбас) құралы;
төлем құралы;
Қорлану және қор жинау құралы;
Дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді.Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады, Барлық тауарлар қоғамдық
еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар
өлшей алады.
Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның
барлық тааурлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны
анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн
өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған,
құнды құрай алатын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар
атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған
құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауарлар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Толық
құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретіндегі қабылданған және тауарлар
бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі
ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында һзара айырмашылық бар. Құн
өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметі болып табылады.
Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның
бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы
ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін
нарықтық бағаға айналады. Баға масштабы заңдық сипатқа ие бола отырып,
мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасынкөрсету үшін қызмет
етеді
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976–1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын
бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға
масштабы негізінде орындалады
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен белгіленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында
жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері
атқарады. Несие ақшалар тауарлардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды
көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.Мұндай ақшалардың меншік құны
болмайтындықтан да, олардың толық бағалы емес ақшалар деп аталады.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз
ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан
ажырауына алып келеді.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Ақша айналыс құралы қызметінде ақша
тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Таур айналысы мынадай
процестерді қамтиды: туар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып
алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай
түрде беруге болады: Т ( тауар ) – А ( ақша ) – Т ( тауар ).
Ақша айналысының таур айналысынан айырмашылығы ақша тауарды біртіндеп
айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның
айналыс құралы ретіедегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл
қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар
атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мынала:
Тауар мен ақшаның қарама- қарсы қозғалысы;
Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша
белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты емес
деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуымен түсіндіріледі [4].
Сонымен ақша, ақша айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың
саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы
негізінде анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі – несие таур
мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса көп
болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша азболады. Ал егер
айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның
құнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақша қор жинау құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына
байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі
әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың
жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп
сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
құралы ретінде мынадай ерекше қозғалыс формасына ие: Т (міндеттеме),
келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).Ақшаның төлем құралы
қызметін мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылықтар бар.
Ақша айналыс құралы ретіндегі делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы
қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды,
яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің
аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық
кредиторға қарыз аоушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.
Ақша тәлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп
қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:
тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер,
банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық
міндеттемелер;
сақтандыру міндеттемелері;
әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және
несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алудың қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды,
себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға
жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асады:
Көсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (дипозиттік)
шоттардағы, сол сияқты банктердегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат
қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке
қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,
сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда
болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы,
жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байланыстың
материалдануқұралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде
дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда
қолданылады. Халықаралық сатып алатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар
елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін
қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға
ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші
бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша
бірлігі формаыснда қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.
Маркс өз еңбегінде: Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы
формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына
өтеді - деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретіндегі
алтынның қызмет етуі сипатталады.
Алтын монеат стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және
алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар)
көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.

2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының қызметі
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық
валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет
енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық
валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта
елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің -
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15
қарашадағы жарлығынан басталды.
Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын)
мынадай номиналдардан тұрды:
• 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар;
• 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар;
• 1, 3, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz