Нарық жағдайында астық өндірісінің экономикалық тиімділігі


Мазмұны
Кіріспе
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін индустрияландыру мақсатында мемлекеттің іс-қимылы екі негізгі міндетті шешуге бағытталған. Оның біріншісі - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншісі - экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту және экспортты әртараптандыру .
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Ауылды көтерудің негізгі факторларының бірі агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және динамикалық түрде дамуы» деп ерекше көңіл бөлінген болатын.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Мемлекет қолдауының арқасында экономиканың аграрлық секторы динамикалық дамуда. Бұл әсіресе астық саласында байқалады. Егістік алқаптары кеңейіп, өнімділік өсіп, ішкі нарықтағы бағалар тұрақталды.
Астық саласындағы оң шешімдермен қатар шешілмей қалған мәселелер де қалуда. Бидайдың дара дақыл егісіне айналуы, өнімділіктің жоғары әлуетті тұқымдардың жоқтығы егіншілік деңгейіне теріс әсер етеді.
Ел басы аграрияларға республикамызды әлемдік астық экспортшылары бестігіне кіргізу міндетін қойып отыр. Осы тапсырманы орындау астық ты 20 миллион тоннаға дейін өндіруді талап етеді. Өткен жылы бұл іс диқандарымыздың қолынан келетінін көрсетті. Егістік алқаптарын кеңейтумен қатар, өнімділік өсуіне үміт арту керек.
Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтарыәр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін. Қоймада орналастыру, егін жинағаннан кейінгі өңдеу әдістері, сақтау ережелері мен тәсілдері, мақсатты пайдалану т. б. түскен астық топтарының сапасына байланысты өзгереді. Астық егін алқабында қалыптастырылады және көптеген факторларға-сорттық ерекшеліктеріне, өсімдіктердің даму жағдайларымен дәннің қалыптасуына, егін жинау ерекшеліктеріне, егін жинағаннан кейінгі алғашқы кезеңде, астықтың сақталу жағдайларына, астық қабылдау кәсіпорындарына оны жеткізу жағдайларына тәуелді болып табылады.
Қабылдау мекемелеріне түсетін әр түрлі дақылдардың астық массасы құрамы бойынша біркелкі болмайды және түрлі-түрлі құрауыштардың жиынтығын құрайды.
Негізгі құрауыш - астық тобы деп аталған дақылдардың (бидай, арпа ж. б. )
Дәндері немесе тұқымы. Астық массамының әрбір дәнінің өзіне тән морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары болады. Олар аналық өсімдіктер мен масақта әркелкі орналасады, толысу кезеңі де әр мезгілде жүреді.
Астықты экспорттаудан перспективті бағыттарының бірі Қытай болып табылады. Бірақ осы жобаның практикалық тұрғыдан іске асырылуы шекарадағы астық терминалының жоқтығынан тоқталып тұр. Бірінші кезеңде «Достық» стансасында астықты бір мезгілді сақтаудың қуаты 60 мың тоннаға дейінгі бекетті салу керек. Астықты әлемнің ең сыйымды азық-түліктік рыногына жеткізу қазақстандық экспорттың дамуында жаңа кезеңнің бастамасы болуы мүмкін.
Астықты Қазақстаннан экспорттау үлкен қашықтыққа тасымалдаумен түйіндес. Сондықтан көлік шығыстары экспорт бағасында айтарлықтай үлесті құрайды және теңіз маршруттарға тура шыға алатын елдермен салыстырғанда, біздің астығымызды бәсекеге төмен қабілетті қылады. Кейбір елдердің тәжірибелері бойынша, бізге де экспорттық субсидиялар мәселесін қарастырған жөн. Экономистердің пікірінше, бюджеттен жұмсалған қаражат қат-қабат өтеледі. Экспортты кеңейту сұранымды кобейтеді және астық өндірісі дамуының негізгі себебі болады. Техника мен жанар-жағар май жеткізілімі өсіп, астық саласына инвестициялау көбейіп, салық қоры кеңееді.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы нарық жағдайында астық өндірісінің өңдеу мен сақтаудың табыстылығын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1 Нарық жағдайында астық өндірісін сақтау мен өңдеудің табыстылығын анықтау;
2 «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС мысалында шаруашылық қызметін талдау;
3 «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС дамуы және өнім сапасын арттыру арқылы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын зерттеу.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.
1 Нарық жағдайында астық өндірісінің экономикалық тиімділігі
1. 1 Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс - бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Біз білетіндей, кәсіпорын табыстары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:
- негізгі қызметтен алынған табыс;
- өзге де табыстар.
Негізні қызметтен алынған табыс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат кірістерін қамтиды.
Өзге табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.
Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді.
- Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек кәсіпорын әлі табыс алған жоқ. Бұл мәселе кәсіпорынның өндіріс барысына салынған, алайда әлі бітпеген капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың сәйкес келмеуінен туындайды.
- Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда кәсіпорынның балансында табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорынның өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
- Кәсіпорын өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда кәсіпорын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
- Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы - бухгалтерлік есепте табыс көрсетілген кәсіпорын банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз активке салумен сипатталады. Нәтижесінде кәсіпорынның өтімділігі жойылады да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
- Кәсіпорынның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда кәсіпорынның табысы емес, қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де кездеседі.
- Кәсіпорын нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды есептік табысты көрсетеді. Мысалға, кәсіпорын қандай да бір өндірістік активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында кәсіпорын зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер ішінде ай сайын табыс көрсетіледі.
- Кәсіпорынның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы «гудвилл» немесе «фирманың құны» деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни кәсіпорынды бөлшектеп сатқан жағдайда оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға болады.
Табыспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: «бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі - тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі - капиталдың «жұмыс істеуінің» нәтижесі деп қарастырылады.
Табыстың осындай екі түрлі тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін маңызды:
- салықтарды есептеу үшін;
- кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
- тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.
Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады.
Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, «табыс» ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Табыс деп тауарды өткізу, қызметтер көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады. Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері кәсіпорынның пайдасын арттырады.
Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулығында «табыс» ұғымы келесідей түрде анықталады. «Табыс дегеніміз - қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді».
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.
Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.
Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.
Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның өзіне байланысты болса, кейбіреулері кәсіпорынның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс «кәсіпорындардың басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.
Табыс - меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.
Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.
Тағы да айта кететін жағдай - табыс кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады. Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.
Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.
Сонымен, кәсіпорынның табысы - оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:
- акционерлік меншікті арттыру;
- табысты арттыру;
- басқарушылық сыйақыларды арттыру;
- әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі мақсаты - кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Кәсіпорынның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.
Кәсіпорын мақсаттарын бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Табысты арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру - ұзақ мерзімді мақсат болып табылады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі табысқа да, келешектегі табысқа да мүдделі.
1. 2 Астық өңдеу және сақтаудың технологиясы
Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтарыәр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін. Қоймада орналастыру, егін жинағаннан кейінгі өңдеу әдістері, сақтау ережелері мен тәсілдері, мақсатты пайдалану т. б. түскен астық топтарының сапасына байланысты өзгереді. Астық егін алқабында қалыптастырылады және көптеген факторларға-сорттық ерекшеліктеріне, өсімдіктердің даму жағдайларымен дәннің қалыптасуына, егін жинау ерекшеліктеріне, егін жинағаннан кейінгі алғашқы кезеңде, астықтың сақталу жағдайларына, астық қабылдау кәсіпорындарына оны жеткізу жағдайларына тәуелді болып табылады.
Қабылдау мекемелеріне түсетін әр түрлі дақылдардың астық массасы құрамы бойынша біркелкі болмайды және түрлі-түрлі құрауыштардың жиынтығын құрайды.
Негізгі құрауыш - астық тобы деп аталған дақылдардың (бидай, арпа ж. б. )
Дәндері немесе тұқымы. Астық массамының әрбір дәнінің өзіне тән морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары болады. Олар аналық өсімдіктер мен масақта әркелкі орналасады, толысу кезеңі де әр мезгілде жүреді.
Егін жинағанда астық массасында уатылған дәндер, басқа дақылдар мен арамшөптердің тұқымдары, қылтықтары, құм, шаң т. б. да ұшырасады. Астық массасында әрқашанда микроорганизмдер де болады. Жекелеген дәндер, тұқымдар мен астық массасының қоспалары пішіні мен көлемі бойынша біркелкі болмайды және қоймаға олар тығыз орналаспайды. Қатты құрауыштардың арасында ауамен толтырылған саңылаулар болады, ал олар сақтаудағы астық массасының барлық құрауыштарына әсер етеді. Залалданған астық массасында зиянкестер ( жәндіктер, кенелер) болуы ықтимал.
Барлық астық топтары, дақылына қарамай, мынадый физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді: сусымалдығыымен, өздігінен сұрапталынуымен, қуыстылығымен, газдар мен булардың сорбциясы және десорбциясы, жылулық-физикалық және масса алмасу қаситтерімен. Астық массасының қасиеттерін ескермей астық сақтау, өндірістік үлкен шығындарға ұрындырады.
Астық және астық массасының горизонталь жазықтыққа бұрыш жасай орналасқан бетте жылжуын олардың сусымалдығы деп атайды. Астық массасы жақсы сусысалылығымен ерекшеленеді, ал мұны конвейер, нория т. б. құралдармен орын ауыстырғанда, шанақтар мен силостарға астықты тиегенде және түсіргенде пайдаланады. Астықт массасының сусымалылығы элекваторда, ұн, жарма, құрама жем зауыттарында шанақтармен силостардың ең төменгі иілу бұрышын (еңкіштігін) анықтайды, оны астық қоймаларының беріктігін т. б. есептегенде ескереді.
Әдетте астық массасының сусымалығын үйкеліс және табиғи көлбеу бұрышын өлшеу жолымен анықталатын, сыртқы және ішкі үйкеліс коэффициенттерімен сипаттайды.
Үйкеліс бұрышы деп астық массасының белгілі бір жазықтық бетінен жылжи бастайтын ең төменгі бұрышты айтады.
Табиғи көлбеу бұрышы деп астық массасының горизонталь жазықтыққа, мәселен, қоқойма еденіне еркін түсу нәтижесінде пайда болатын конус диаметрі мен табанының арасындағы бұрышты айтады. Астық массасының сусымалылығына көп факторлар әсер етеді: түйіршікті құрамы мен түйіршіліктілік сипаттамасы, дән бетінің күйім мен сипаттамаы, ( пішіні, көдемі, ылғалдылығы, қоспалардың мөлшері және олардың құрамы, дән ағатын құбырдың материалы, пішіні мен оның бетінің күйі) .
Пішіні шар тәріздзі жылтыр бетті дәндерден тұратын астық топтары (тары, май, бұршақ, ас бұршақ) барынша сусымалы. Бұл пішіннен ауытқығанда астықтың сусымалылығы баяулайды. Ұзынша келген, жұқа, әжімді қабықшалары немесе гүл қауыздары бар дәндердің (астық массасының) сусымалылығы шамалы. Жеңіл және ұсақ, немесе беттері кедір-бұдырлы қоспалар астық массасының сусымалылығын төмендетеді. Астық массасы ылғалдылығының жоғарылауы оның сусымалылығынын азайтады және табиғи көлбеу бұрышын арттырады. Сақтаудағы астық массасының артық тығыздалуы да сусымалылықты төмендетеді және астық күйінің жанама көрсеткіші қызметін атқарады.
1-кестеде әр түрлі астық массасының табиғи көлбеу бұрыштарының мөлшері жөніндегі деректер келтірілген.
Кесте 1- Астық массаларының табиғи көлбеу бұрышы
Қозғалысқа ұшырағанда (желпігенде) астық массасының жеңіл қарауыштары (жеңіл қоспалар, ұсақ және семген дәндер т. б. ) жоғарғы, ал ауырлары төменгі қабаттарға жылжиды, басқаша айтқанда астық топтарының біркелкі құрамы бұзылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz