Өндірістік кәсіпкерлік туралы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Өндірістік кәсіпкерлік сипаттамасы, мәні мен мақсаты
1. 1 Кәсіпкерліктің қызметі түсінігі мен экономикалық мәні . . . 5
1. 2 Өндірістік кәсіпкерлік - нарықтық экономикадағы оның рөлі . . . 8
2 «АКА» ЖШС негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы
2. 1 «АКА» ЖШС ұйымдық шаруашылық қызметі . . . 12
2. 2 Серіктестіктің қаржылық көрсеткіштерін талдау . . . 16
3 Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кәсіпкерліктің тиімділігін арттыру жолдары
- «АКА» ЖШС қазіргі және болашақтағы орны мен өндірісін тиімді жүзеге асыру жолдары . . . 28
- Аграрлық өндірісте кәсіпкерлікті жетілдіру жолдары . . . 31
Қорытынды . . . 38
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе
Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
- Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол - шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
- Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
- Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды.
Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды кұқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді.
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
2. Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге, шикізат материалдар, энергия тағы басқа жабдық - тұтынушылармен ара қатынасты орнату.
Курстық жұмыстың мақсаты - өндірістік кәсіпкерліктің тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Өндірістік кәсіпкерлік сипаттамасы, мәні мен мақсатын баяндау;
- «АКА» ЖШС негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайын талдау;
- Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кәсіпкерліктің тиімділігін арттыру жолдарын зерттеу.
Курстық жұмыстың объектісі - мемлекеттің кәсіпкерлік жағдайы мен «АКА» ЖШС кәсіпкерлікті жүргізу жағдайы.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.
1 Өндірістік кәсіпкерлік сипаттамасы, мәні мен мақсаты
- Кәсіпкерліктің қызметі түсінігі мен экономикалық мәні
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі - Ричард Контильон (1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады. Оларды мына түрге бөлуге болады:
1. Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.
2. Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар, келісімшарт міндеттемелерімен, ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғам, холдингтер және осыған тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.
Кәсіпкерлік барлық дүниежүзіндегі өмір сүріп келе жатқан адам баласына тән, іскерлік белсенділігі, қабілеті. Өйткені, адамдар өмір сүру үшін қызмет етуі керек. Сол арқылы өзінің өмір сүруіне керекті мәселелерді азық-түлік басқа да керекті заттарды қамтамасыз ете алады. Кәсіпкерлік қызметінің дамуы дүниежүзінде орта ғасырдан басталған. Оған себеп болған факторлар: қоғамда көпестер, саудагерлер, қол өнеркәсібіндегі қызметкерлер пайда бола бастады. Былайша айтқанда, жай қарапайым жұмысшылардан басқа қоғамда білікті жұмыскерлер тобының бөлінуі. Олардың алғашқы дамуына себепкер болған, сол өздері жұмыс істейтін кәсіпорындарда, жұмыс істей бастағанынан бастап, құрал жабдықтарға иелік ете бастауы. Дүние жүзіндегі кейбір мемлекеттерде XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік қоғамдар құрылып, оларда акциялық капиталдар пайда бола бастады. 1554-жылы Англия мемлекетінде сауда компаниясы құрылды. 1660 жылы Индия мемлекетінде Ост - Индия компаниясы жұмыс істей бастады. Ал, XVII ғасырдың аяғында кейбір мемлекеттерде акционерлік банктер іске қосылып капиталдарын өндіріске қосты.
Кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар «меншік иесі» деген түсінік алды.
Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:
1 - бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі - Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады».
2 - бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
3 - бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.
4 - бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.
Кәсіпкерліктің отандық теориямен тәжіребиеден келесідей маңызды принциптері бар.
1. Қызметтің еркіндік негізінде еркін таңдалады.
2. Кәсіпкерлік қызметке оның қаржысы мен мүлкіне заңды және заңсыз тұлғаларды тарту.
3. Қызмет бағдарламасын өз еркінен құру, тұтынушылармен қызметті ұсынатын товарларды дайындайтын, өндіретін өндірушілерді өз еркімен құру және т. б.
4. Жұмыскерлерді еркін қабылдау.
5. Маталарды техникалық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану оларды тарту.
6. Заңға сәйкес экономикалық қызметтердің кәсіпкер мен еркін сезінуі оны жүзеге асыруы.
Кәсіпкерліктің маңызды функциялары болып табылатындар мыналар:
1. Новаторлық функция техниканың ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асуы, тәжірбиелі конструкторлық өндеулер, жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.
2. Ұйымдастырылған функция өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен тәсілдерді енгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік жүйенің негізгі элементтерін енгізу.
3. Шаруашылық функциясы еңбек материалды қаржылық интелектуалдық және оқылықтың ресурстарды тиімді пайдалану.
4. Элементтік функция қоғамға қажетті элементтің заңдар талабына сәйкес товарлар мен қызметтерді ұсыну.
5. Тұлғалық функция кәсіпкердің жеке мақсатын іске асыру мақсатында, өз қызметінен қанағат алу барысында өз-өзін жүзеге асыру.
Кәсіпкерлік қызмет теориясы экономикалық пәндер қатарына жатады. Кеңінен қолданылатын кәсіптік теория пәні көбіне адамдардың қызметін үйретумен байланысты болады. Кәсіптік қызмет теориясының пәні - кәсіпкерлердің іс-әрекетін негізін, яғни өндіріске қажетті ресурстарды таңдауда, айырбастауда, бөлуде, түрлі товарлар мен қызметтерді пайдалануда анықталады.
Кәсіпкерлік қызмет:
- өндірістік;
- коммерциялық;
- қаржылық;
- кеңестер беру болып бөлінеді.
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар.
Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:
- өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;
- ақпараттарды өңдеу және жинау;
- рухани құндылықтарды игеру;
- тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.
Бұлардың негізгі қолдану өрістері:
- өндірістік кәсіпорын және мекемелер;
- коммерциялық сауда мекемелері;
- тауар-қор биржалары;
- банктер мен халықтар.
Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.
Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.
1. 2 Өндірістік кәсіпкерлік - нарықтық экономикадағы оның рөлі
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
2. Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге, шикізат материалдар, энергия тағы басқа жабдық - тұтынушылармен ара қатынасты орнату.
3. Келесі кезек өндіріс факторлары.
а) Негізгі өндірістік қорлар: ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал-жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу.
б) Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары жөндеу жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері, полуфабрикаттар, келешекке керекті шығындарды жабу көзі.
4. Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз - бірінші кезеңдегі тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады.
5. Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы немесе құлақтандыру арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы, тәжірибелілігі, жеке қасиеттері т. б. ескерілуі керек.
6. Қажетті информация - ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу.
7. Қаржы қаржыларының керек мөлшерін анықтау.
8. Бастапқы капитал:
1) жиналған қор;
2) несиеге ақша алу;
9. Өндірістік істің қорытындысы.
Сатудан түскен түсімнен өндірістік және коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы жалпы пайда болады. Жалпы пайда - жалпы түсім алудағы өндірістік және комерциялық шығындар. Жалпы пайда-бұл салық төлегенге дейінгі пайда.
10. Барлық салықтарды, айыптар мен баждарды төленгеннен кейін қалған пайда - таза пайда деп аталады.
11. Кәсіпкерліктің финанс жағдайын бағалау үшін рентабельдік деңгейін шығарады.
Рентабельдік деңгей = таза пайда / шығындар + төлемдер х100%.
Венчурлік бизнес деген болады. Бұл-инновациялық кәсіпкерлік, яғни тәуекелдік бизнес. Ол технологиялық жаңалықтардың бір түрі. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысын коммерцияландыруға, әсіресе ғылым сыйымдылығы көп өндіріс салаларында, бірінші кезекте жоғарғы технологиялық өндірістерде қолданылады, онда тәуекелдік, тиімділікке кепілдік болмауы мүмкін.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.
Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.
Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.
Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т. б. себептер тікелей ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел - бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекел - қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т. б.
Инвестициялық тәуекел - бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
Нарықтық тәуекел - бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.
Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.
Тәуекелді талдаудың схемасы:
- Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
- Айқындалған факторларды талдау.
- Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:
а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;
б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.
- Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
- Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
- Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.
Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.
- Материалдық зиян - бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
- Еңбек зияны - жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.
- Қаржылық зиян - бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т. б.
- Уақытты жою - бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.
- Арнайы зиян түрлері - бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.
- Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т. б.
Нарықтық экономиканың басты принципі - тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік - бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1) Бір сала ішіндегі бәсекелестік - бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2) Салааралық бәсекелестік - бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қорытындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Қазіргі өндірістерді индустриалды-интеграциялау кезеңіндегі кәсіпкерлік жұмыстар көп жақты құбылыс, оның мазмұнын түсінуде әртүрлі көзқарастардың қалыптасқаны орынды. Бірқатар зерттеушілер өз көзқарастарын былайша дәлелдейді. Еңбек нарығы сұраныс пен ұсынысты білдіретін болса да, сатып алушылар мен сатушылардың арасында кеңістік байланыс болуын түсіндіреді. Бұл, айтылғандар, экономикалық географиялық түсінік. Ал, екіншілері - кәсіпкерлікті тиісті механизімдермен, мөлшерлермен (нормалармен), институттармен кәсіпкерлердің жұмыс күшін жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін экономикалық қатынастар жүйесі деп те түсіндіреді.
Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:
- өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;
- ақпараттарды өңдеу және жинау;
- рухани құндылықтарды игеру;
- тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.
2 «АКА» ЖШС негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы
2. 1 «АКА» ЖШС ұйымдық шаруашылық қызметі
Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданының Луговое ауылында орналасқан “ АКА ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1988 жылдың қараша айының бесінші жұлдызында қалыптасып, өзінің қызметін 1999 жылдың 4 ақпанында бастаған. Жаукпкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жерінің ерекшелігі бар. Ол Республикалық маңызы бар “ Алматы-Екатеринбург ” тас жолының бойында орналасқан. Сонымен қатар Темір жолдың бойындағы “ Тастақ ” станциясына жақын орналасқан.1999 жылы кәсіпорын ең алғаш қызметін көктемгі егін егу науқанына дайындықпен, сонымен қатар тоқтап тұрған өніріс орындарын жандандырумен бастады. Серіктестікте егінді егу мен оны жинап алуға жететін техника мен оны өңдеуді жүзеге асыратын мүмкіншілігі бар. Кәсіпорын еншісінде бұрынғы савхозды жекешелендіруден кейінгі қалған мүлкі мен техникасы, сонымен қатар құрылтайшысының өзі қосқан ( интелектуалды салымдары қоспағанда ) мүлкі мен серіктестік қызметін ұйымдастыру үшін ақша қаражаты болып табылады.
Осы жылдың көктемінде алғашқы рет жер өңдеп егін егілді. Алғашқы жылда атқарылған айтарлықтай жұмыстар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz