Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі туралы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері
1. 1 Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің даму тарихы . . . 5
1. 2 Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері . . . 8
1. 3 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылымы . . . 12
2 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
2. 1 Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің дамуын талдау . . . 19
2. 2 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметтері . . . 25
2. 3 Зейнетақы активтері, меншікті капиталы . . . 29
3 Зейнетақы жүйесінің мәселелері мен шешу жолдары
3. 1 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің проблемалары . . . 35
3. 2 ҚР-ның зейнетақы жүйесінің даму басымдықтары мен перспективалары . . . 37
Қорытынды . . . 42
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 44
Кіріспе
Зейнетақы - азаматтарға белгілі жасқа толғанда, мүгетектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да ретерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Қонституциясы негізінде және ҚР-ның «ҚР-нда зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады. Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын аударып, өз зейнетақысын жеке өзі жинайды. Сөйтіп зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.
Қазақстанның жүргізген зейнетақы жүйесінің қалыптасу белестері алдын-ала қорытынды шығару, болашағын және қазақстандық үлгіні бұдан әрі дамытудың мүмкіндікті жолдарын анықтау үшін құқық пен негіздеме береді.
Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі 1997 жылы еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын мақұлдаған сәттен бастап өз жұмысын бастады. Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот алады, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланады. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылардың зейнетақы жасына жеткеніне қарай олар зейнет төлемдерін салымшыларға қайтарады. Бір айта кететін жайт, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі чилилік жүйенің көшірмесін айнытпай көшіріп алды деп санауға болмайды: қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті ол бірегей жинақтаушы зейнетақы қоры болып саналады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың қызмет атқарып келе жатқан көп деңгейлі үлгісі Қазақстанның бүкіл халқына есептелген. Зейнетақы төлем көздері (мемлекеттік бюджет және/немесе зейнетақы жинақ ақшалары) анықтайтын санаттар бойынша халықтың бунақтары зейнетақы жүйесіне тартылған қазақстандықтардың жас ерекшеліктеріне негізделген.
Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім зейнетақы жүйесінің теориялық жүйесін қамтиды. Ол өз кезегінде: Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің даму тарихы; зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылымын қамтиды.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы талданылады. Бұл бөлімде Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің дамуы, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметтері, зейнетақы активтері, меншікті капиталы талданады.
Үшінші бөлімде зейнетақы жүйесінің мәселелері мен шешу жолдары қарастырылады. Оның ішіне: Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің проблемалары, ҚР-ның зейнетақы жүйесінің даму басымдықтары мен перспективалары кіреді.
Зейнетақы жинақ ақшаның сенімді сақталуын және зейнетақы жүйесінің тұтастай қызмет етуін қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама базасы ерекше назарға тұрарлық. Сонымен мемлекет инфляция деңгейін есепке ала отырып, барлық зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақ ақшаларының сақталуына кепілдік беру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдады. Бұл кепілдік жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдарға арналып, заңды бекітілген талаптар мен шектеулерге негізделеді: олардың қызметтерін міндетті лицензиялау; олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін пруденциалды нормативтерді, нормалар мен лимиттерді белгілеу; аффилиировандық субъектілермен мәмілелер бойынша шек қою; меншікті және зейнетақы активтерінің дифференцировандық есебі; кастодион-банктегі зейнетақы активтерін міндетті сақтандыру. Қазақстанға арналған жаңа зейнетақы жүйесінің қызмет еткен он жылдық уақыт ішінде бірде-бір мемлекеттік кепілдік төлемінді қажеттілік пайда болмаған фактісі ескерілді.
1 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері
- Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің даму тарихы
Зейнетақы - азаматтарға белгілі жасқа толғанда, мүгетектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да ретерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Қонституциясы негізінде және ҚР-ның «ҚР-нда зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады. Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын аударып, өз зейнетақысын жеке өзі жинайды. Сөйтіп зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемлекеттік емсе жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.
Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қалыптасқан тарихына тоқталайық. Қазіргі қалыптасқан еліміздің зейнетақы жүйесінің тарихы 1997 жылдан басталады. Үкімет еліміздің зейнетақы жүйесін реформалау туралы Концепциясын қарап, «Қазақстан Республикасынданың зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңын бекітті. Жаңадан бекітілген заң бойынша бұрынғы ынтымақтық зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу болды.
Өткен ғасырдың соңғы жылдарында зейнетақы жүйесінде көптеген қиын мәселелер туындады. Осыған ең басты себептердің бірі - нарықтық экономикаға көшу болып табылады. Екінші жағынан қарағанда, әлеуметтік-демографиялық факторлар да өз септігін тигізді. Салиқалы зейнетақы жүйесі жүрген кезде мынадай жағдайлар орнады: жоғарғы инфляция қарқыны мен жұмыссыздық, бюджеттің жеткіліксіздігінің нәтижесінде үлкен шығындарға тап болу және тағы басқа мәселелерді жатқызуға болады. Осыдан, салиқалы зейнетақы жүйесінің тиімсіз екендігін көруге болады.
Жұмыссыздықтың көбеюі мен толық емес және формальды емес жұмыспен қамтылған халықтың көбеюі негативті еңбек нарығына алып соқтырды. Осының бәрі зейнетақы жүйесін реформалауға алып келді.
Зейнетақы жүйесінің негізі ретінде Чили моделі қарастырылды. Чилидің зейнетақы жүйесі реттеу механизмінен тұрмайды, онда тек жинақтау зейнетақы қорына жұмысшылардың индивидуалды өз шоттарын ашып және жарналарды капитализациялауға негізделген. Әрбір, жинақтаушы зейнетақы үлгісіне түскен, жеке шотын ашады. Сол шотта орнатылған және бекітілген зейнетақы жарналары жұмыс істейді. Осы қаражат жиналып, жеке зейнетақы қорларында инвестицияланады, ал салымшы зейнетке толған жаста зейнетақының қайнар көзіне айналады. Чили моделі Аргентина, Перу және Колумбия мемлекеттері де қолдануда.
Зейнетақы жүйесін жекешелендіру туралы Чилидің еңбек министрі Хосе Пиньер өз үлесін қосты.
Неге біз Чили моделін таңдадық? Өткен ғасырдың соңына қарай еліміз халықтың қартаюына тап болды. Яғни, өмір сүру деңгейі жоғарылап, туу деңгейі төмендеді. Сонымен қатар, миграциялық жағдайлар да әсерін тигізді. Жастар жаңа өмір, жаңа жер іздеп басқа елдерге көшір кетті, ал қарт адамдардың баратын жері де, ақшасы да болмады. Салиқалы зейнетақы жүйесі кезінде мұндай жағдай үлкен қиындықтарға алып келді. Барлық жүк жұмысшыларға тартылды.
Осындай реформа әлеуметтік жағдайын ғана емес, Қазақстанның экономикалық жағдайын дамытады деген шешіммен жасалынды. Зейнетақы жарнасынан түскен қаражат инвестиция көзіне айналады, бірінші кезекте, қор нарығынан ішкі экономикаға.
Сондықтан Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып осындай зейнетақы жүйесін қабылдады.
Керекті зейнетақы шығындарын дұрыс қаржыландырмау салдарына демографиялық жағдайлар үлкен септігін тигізді. Бұл басқа мемлекеттердегідей, елдың көп бөлігінде қарт адамдардың болуынан туындаған мәселе. Мысалы, Германия мен Франциядағы әлсі экономикалық жағдайлар мен демографиялық жағдайлар зейнетақы жасы мен зейнетақы жарналарын көбейтуге алып келді.
Қазақстанда да осындай жағдай болды. Мысалы, 1980 жылы 100 зейнетақы жарналарын төлейтін жұмысшыға 30 шақты зейнеткерлер келсе, 1997 жылы осы сан 73-ке артты. Осыдан бастап, еліміз жаңа, тиімді зейнетақы жүйесін таңдауға шешім қабылдады.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең алғашқы болып жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Жүргізілген зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты: экономикалық қаржы тұрақтылығы және әділдік жүйесі болып табылады. Сонымен қатар, зейнетақы жүйесі біраз проблемаларды шешуге негізделген болатын. Мысалы, әлеуметтік алқымдалуды жеңілдету, уақыт өте келе бюджетті зейнетақы ауыртпалығынан босату, азаматтардың көп жұмыс істеп, жалақы табуына итермелейді. Зейнетақы реформасының нәтижесінде болашақ зейнеатқы сақталып және көбеюі керек, ал экономика тағы бір инвестицияланған инвестор зейнетақы қорына тап болады.
Қазіргі таңда зейнетақымен қамсыздандыру үш деңгейден (пиллар) тұрады, өзімен бірге салиқалы және жинақтаушы жүйеден тұрады.
Бірінші деңгей - бұл ынтымақтық немесе салиқалы зейнетақы жүйесі, КСРО одағы ыдырағаннан қалған бері қалған жүйе. Бұл жүйеде негізгі төлемші - мемлекет болып саналады. Мемлекеттік бюджетке түскен жұмысшылардың салықтары мен басқа түсімдерден зейнетақы төленді. Зейнетақының ақысы еңбек дәрежесіне байланысты төленді. Қазіргі уақытта осы деңгей арқылы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 6 айдан кем емес жұмыс стажы болған адмдарға төленеді.
Салиқалы жүйемен қатар жинақтау жүйесі де даму үстінде. Екінші деңгей - бұл міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, яғни ай сайынғы алынған жалақыдан 10% мөлшерінде Қазақстан азаматтарынан, елімізде тұрып жатқан шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарынан алынып отырады.
Үшінші деңгей - жинақтаушы жүйе, ерікті және ерікті маманданған зейнетақы жарналарынан құралған.
Қазақ моделі мынадай ұстанымдарға негізделген:
- салымшылар мен алымшылар өзінің жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таңдауға құқығы бар;
- міндетті түрде жұмыспен қамтылған халықтың қатарында болуы керек;
- шектелген зейнетақы және басқа да әлеуметтік қамсыздандыру;
- әрбір салымшының жекеленген зейнетақы жинағының есебі болады;
- зейнетақымен қамсыздандыруға құқылы адамдар әлеуметтік-жекеше коды болуы;
- зейнетақы жарналарын есептеу және жинақталған жеке зейнетақы есебін қалыптастыру;
- жинақталған зейнетақы есебінің сақталғанына кепілдік беру;
- жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті түрде өзінің салымшысына немесе алымшысына өзінің зейнетақы жинағы туралы мәлімет беріп тұруы керек;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының жұмысына қатысатындарды мемлекеттің бақылауына орнауы (жинақтаушы зейнетақы қорлары, банк-кастодиан және ұйымдар, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруларды жүзеге асырушылар) ;
- жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруларды жүзеге асырушыларға қатысы жоқ банк-кастодианда ақша мен құнды қағаздарды сақтау;
- зейнетақы активтерін орналастыруды қадағалайтын банк-кастодианның болуы;
- жеке және зейнетақы активтерін жинақтаушы қорда дифференциалдау;
- Сонымен қатар, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу процесінде мемлекет азаматтардың алдында мынадай міндеттерді өз мойнына алады: зейнетақы реформасына дейінгі еңбек стажы болған, сонымен бірге, жасы келген зейнеткерлерге зейнетақыны Мемлекеттік орталықтан, яғни инфляция деңгейіне байланысты төлеуге кепілдік береді.
1. 2 Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері
Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы өз күшіне енді (заңға сілтеме)
Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады :
- ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру) ;
Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеуметтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген.
- жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қоры) (Зейнетақымен қамтамасыздандыру бөліміне сілтеме/Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру) .
Зейнетақы жасы фиксациялы болады: еркектерге 63 жастан және әйелдерге 58 жастан .
Ең кіші зейнетақы жыл сайын заңды түрде бекітіледі. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы алатындар саны Республикада 1645, 1мыңға жуық. Зейнетақының ең кіші мөлшері 2005 жылдың санағы бойынша 6200 теңгені құрады. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2005 жылға 9142 мың теңгені құрады. 2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік өзгерістерінің әрі - қарай тереңдетілу Бағдарламасына сәйкес, 2005 жылдың 1 маусымынан бастап, ортақ жүйеден зейнетақы деңгейін көтеруге мүмкіндік берген сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы - жас буынға әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуге тартылған зейнетақыны төлеу мемлекеттік негізін енгізілді.
2005 жылғы 1 шілдесінен негізгі зейнетақыны төлеу есебімен зейнетақы төлемдерірінің ең кіші мөлшері 9 200 теңгені құрады, негізгі зейнетақыны төлеу есебімен орта зейнетақының мөлшері 12142 теңгені құрады.
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8%. инфляцияның деңгейінің озығына тиісті көтерілген.
Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымындағы мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы өз күшіне енді
Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады:
- ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру) (Зейнетақымен қамтамасыздандыру / Зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлеу бөліміне сілтеме;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру) .
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл - ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату.
Зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының Заңнамалары.
- 1997 жылдың 20 маусымындағы « Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы » Қазақстан Республикасының Заңы;
- 2001 жылдың 25 наурызындағы «Зейнетақыны тағайындау мен төлеу, еммлекеттік базалық зейнетақыны төлеу, мемлекеттік әлеуметтік төлемдер мен Орталықтан мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру тәртиібі туралы Құрылымды бекіту туралы» ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің № 17-п Бұйрығы;
- Міндетті зейнетақы төлемдері есебінен құрылатын зейнетақы жинағынан төленетін зейнетақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін ерікті кәсіби зейнетақы салымдарын құру ережесі;
- Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлік есепьерінің әдісі;
- Қазақстан Республикасы зейнетақы қорларының тізімі.
Реформадан қазіргі кезеңге дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері мыналар:
- зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеуі;
- зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарға жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқықтық қамтамасыз ету;
- азаматтарға арналған, белгіленген зейнетақының ең кіші мөлшерімен қамтамасыз ету жөнінде тікелей мемлекеттік кепілдік;
- зейнетақы жинағының құрылуы үшін, жұмысқа қабілетті әрбір азамат қатысуының міндеттілігі;
- азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы қаржы салымдарының сақталу тиімділігі;
- жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтарға азаматтардың мұрагерлігіне құқықтарын қамтамасыз ету;
- әр азаматтың қосымша ерікті зейнетақы қамтамасыздығына құқығы;
- азаматтардың зейнетақы жинақтарының қаржы салымдары арқылы экономикаға үлесі.
Жұмыспен қамтушы жұмысшының атынан, жұмысшы таңдаған зейнетақы қорына жұмысшының айлық табысынан 10-пайыздық міндетті зейнетақы салымдарын аударуды жүзеге асырады. Кейіннен, болашақ зейнетақы салымдарын төлеу мөлшері, салымшылардың есебінен ғана емес, алынған инвестициялық табыстарының есебінен де жүзеге асады.
Салымшы зейнетақы қамтамасыздығы келісім - шартының бір ғана тарапы бола алады және міндетті зейнетақы салымдарының есебінен зейнетақы жинағын бір ғана жинақтаушы қорында ие бола алады.
Салымшы жылына екі рет өзінің зейнетақы жинағын, жинақтаушы бір қордан екінші қорға ауыстыруға құқығы бар. Қолданыстағы заңға сәйкес әрбір азамат өзінің игілігіне ерікті зейнетақы салымдарын жасауға құқылы, онысымен зейнетақы қамтамысздығының қосымша дәрежесін қалыптастырады. Сонымен қатар ерікті салымдардың салымшылары, алушының пайдасына жеке және заңды тұлға бола алады.
Еңбектері денсаулыққа зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыздандару мақсатында, өндіріс орындарындағы өте қауіпті еңбек жағдайларында еңбек етушілерге ерікті мамандандырылған зейнетақы салымдары заңмен ескерілген.
Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталық Зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйелеріндегі өткізілген өзгерістер барысында, оның бөлімдерінің ең маңыздысы - зейнетақыны төлеу Мемлекеттік орталығы құрылды (Орталық) . Орталық зейнетақы жинақтаушы қорында маңызды рөл атқарады, ең бастысы ақпараттық жүйелерді іске асырады. Орталық, міндетті зейнетақы салымдарының адамдыфициялық есебін жүзеге асырады, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын аударады және бюджет қаржысының есебінен зейнетақы қамтамасыздығына құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдерін жүргізеді.
“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының және жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға қоныс аударған жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алу құқықтары бар. Шетелге қоныс аударған азаматтардың жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртібі “Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы” (бұдан әрі - Ереже) республика Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі №661 қаулысымен белгіленген. Ережеге сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын алу төмендегіше жүзеге асырылады:
1) міндетті зейнетақы жарналары есебінен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
2) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен адамдар.
Егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен алушы кәмелетке толмаған болса, ата-аналары (асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаныштары), зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгедей белгіленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адамның нотариалды куәландырылған және заңдастырылған туу туралы куәлігінің көшірмесін, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгедей белгіленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адам туралы мәліметтер бар құжаттардың нотариалды куәландырылған және заңдастырылған көшірмелерін, жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін деректемелері төлемдерді тағайындауға арналған өтініште көрсетілетін алушының банктік шотына аударады. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару жөніндегі банктік қызмет көрсетуге ақы төлеу жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен жүргізіледі.
Республика Үкіметінің “Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы” 2001 жылғы 24 сәуірдегі №545 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасында құжаттарға апостиль қою өкілеттіктері бар мемлекеттік органдар мыналар болып табылады: Әділет министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті, Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті, Қаржы министрлігі, Бас прокуратура, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Гаага конвенциясының қатысушылары болып табылатын елдердің шетел азаматтары жинақтаушы зейнетақы қорына жинақталған зейнетақы қаражатын алу мақсатында өзі тұратын елдеріндегі жеке басын нотариатта куәландырған құжаттарының көшірмелерімен өтініш білдірген жағдайда сол мемлекеттің тиісті органының апостиль штампын қоюын талап ету қажет. Гаага конвенциясының қатысушылары болып табылмайтын елдердің шетел азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелерімен өтініш білдірген жағдайда аталған құжатты заңдастыруды талап етуі қажет.
Шетел азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерінің түпнұсқасын растау қосымша талап етілмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz