Өндірістік тәжирибені өтуі бойынша есеп беру (Жасыл Аймақ)


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Экономикалық факультет
«Қаржы» кафедрасы
Өндірістік тәжирибені өтуі бойынша есеп беру
Экономикалық факультетінің 3 курс студенті
050509-«Қаржы» мамандығы
Аты-жөні: Аймурзаева Д. М.
Қаржылық органнан тәжірибе жетекшісі:
Экономика және жоспарлау бөлімінің бастығы
Турсумбаев Нурлан Шайахметович
Университеттен тәжірибе жетекшісі:
Матайбаева Гаухар Әскерқызы
Өндірістік тәжірибені өту мерзімі
«5» шілде 2010 жылдан бастап «28» тамыз 2010 жылына дейін
Астана-2010 ж
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 «Жасыл Аймақ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының қалыптасу тарихы мен қызметтеріне сипаттама . . . 5
2 «Жасыл Аймақ» РМК жалпы құрылымы
2. 1 Кадрлар бөлімі, заң және мемлекеттік сатып алу бөлімдерінің негізгі қызметтері . . . 9
2. 2 Санитарлы-қорғаныш жасыл зонасы мен орманшылықтардың қызметтері мен шаруашылық жүргізу бағыттары . . . 12
2. 3 Экономика және жоспарлау бөлімінің қызметі . . . 13
2. 4 Қаржы және аналитикалық бөлімінің қызметтері . . . 14
3 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметіне талдау . . . 18
4 Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының салықтарын есептеу және оларға талдау жүргізу . . . 32
5 «Жасыл Аймақ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының даму перспективасы мен болашақтағы жоспарлары . . . 52
Қорытынды . . . 55
Кіріспе
Қазіргі таңда қаржылық, басқару есебінің жүйесін қалыптастыратын нақты, уақытылы берілген экономикалық ақпаратсыз шаруашылықты басқару, оны жетілдіру үшін қандай да бір тиімді шешім қабылдау, ұйымдастыру мүмкін емес.
Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін қолданады.
Өндірістік практика 2010 жылдың 5 маусымы мен 2010 жылдың 28 тамызына дейін «Жасыл Аймақ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынында өтті.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді. .
Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге және сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгелдеу және тексеру жүргізуге қатыстық.
Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадық.
Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатысты.
Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті.
Қазіргі таңда елімізде бухгалтерлік есепті одан әрі дамыту мен жетілдіру бойынша, бухгалтерлік есеп жөніндегі құқықтық актілерді дайындау мен қабылдау бойынша, халықаралық есеп стандарттарына көшу бойынша көптеген үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Бухгалтерлік есепте капиталдың айналым сатысы деп шаруашылықтың өндіріс, жабдықтау және өткізу процесін айтады.
Бұл қызметтердің қаржылық нәтижесі барлық өндірістік ресурстар, шаруашылық операциялар, өндірістік циклдің элементтері, капиталдың айналым сатылары қаншалықты есепке алынуы, тіркелуі және өлшенуі бойынша анықталады. Бұндай аса маңызды міндетті бухгалтерлік есеп орындайды.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету оның атқаратын қызметін білікті экономикалық басқаруды талап етеді. Ал ол өз кезегінде оны талдай білумен анықталады.
Талдаудың арқасында даму тенденциясы игеріледі, қызмет нәтижесінің өзгеру факторлары терең әрі жүйелі зерттеледі, жоспарлар мен басқару шешімдері негізделеді. Олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. өндірістің тиімділігін көтеру резервтері анықталады, кәсіпорын қызметінің нәтижесі бағаланады. Оны дамытудың экономикалық стратегиясы дайындалады.
Сондықтан, білікті бухгалтерлер, аудиторлар және экономикалық саланың басқа да мамандары экономикалық зерттеу әдістерін жақсы білуі керек.
Есептің мақсаты РМК «Жасыл аймақ» бухгалтерлік есептің жүргізілуін, талдау мен аудиттің жағдайын ашу болып табылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша талдау жасап, бухгалтерлік есептің жүргізілуінің заңдылығын тексеру болып табылады. РМК «Жасыл аймақ» Астана қаласының Әділет департаментімен 30. 04. 2004ж. қайта тіркелген (қайта тіркеу туралы куәлік № 275- 1901 -ЖШС) . СТН 031400061192 Астана қаласының Салық комитетінің №031400061192.
1 «Жасыл Аймақ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының қалыптасу тарихы мен қызметтеріне сипаттама
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Жасыл Аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны «Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің және басқа да оның қарамағындағы ұйымдар сұрақтары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпанындағы №198 қаулысына сәйкес құрылды.
Субъектінің кәсіпорынға қатысты республикалық мемлекеттік меншік құқығы қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атқарады.
Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті болып табылады.
Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында заңды тұлға болып табылады, банкте есеп шоты, өзінің аты жазылған фирмалық бланкісі, штампылары және басқа да ресми атрибуттары бар.
«Жасыл Аймақ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны өз қызметін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
- Астана қаласының маңына жасыл санитарлы қорғаныш аймағын құру;
- Орманды қорғау және күзету;
- Фаунаны қорғау және жаңа түрлерін іздеу;
- өндірістік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру:
- ағаштар отырғызу, өсімдіктердің түрлерін өсіру, тұқым өсіру.
Астана қаласының санитарлық қорғаныш жасыл аймағын құру Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 30 қыркүйектегі №420 тапсырмасына сәйкес, Астана қаласын дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кейінгі кещең хаттамаларымен, астананың Ақмола қаласына ауыстырылуына байланысты 1997 жылы басталған.
Астана қаласының жасыл аймағын құру бойынша жұмыстарды орындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы №958 қаулысымен бекітілген, 2008-2010 жылдарға «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес, жүзеге асырылды. Онда ағаш отырғызу жұмыстарын көбейту, елді мекендерді көгалдандыру және соңғы нәтижеде, осы бойынша, негізгі мақсаттар мен міндеттер бекітілген. Астана қаласының санитарлық қорғаныш жасыл аймағын құру бойынша жұмыстарын одан әрі дамыту жолдары белгіленген.
- 2010 жылдың соңына дейін Астана қаласының қала маңындағы аймағының оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс және шығыс бағыттарындағы 45 мың га алқапта жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Қала маңындағы аймақта ағаш егуге жарамды телімдердің 15 мың га алқабында екпе ағаштарын құру;
- 90 мың га алқаптағы екпе ағаштарына агротехникалық күтіп-баптау жұмыстарын жүргізу;
- Аязға төзімділігімен, тұзға шыдамдылығымен және ағашты-бұталы тұқымының тез өсетін түрімен танылған көшеттік материалдың түр-түрін өсіру;
- Тез өсетін ағаш тұқымын аудандастыруды жалғастыру;
- Жасыл аймақта ағаш егуге жерлер алынғанда, жер пайдаланушының шығынын төлеу;
- «Жасыл Аймақ» РМК техникалық, материалдық базасын, арнайы орман шаруашылығы техникасын және құрал-саймандарымен нығайту, алдын ала қарастырылған.
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты Астана қаласының санитарлық-қорғау жасыл аймағын құру бойынша, тәжірибелік өндірістік екпелер жөніндегі ғылыми өндірістік қызметті және ағаш бұта тұқымдарын сынау бойынша, орманды жаңғырту және ағаш өсіру саласындағы жаңа технологияларды енгізу, түрлі мақсаттағы екпелердің плантацияларын өсіру, сондай-ақ, кәсіпорынның тұрақты жер пайдаланудағы орман қоры жерлеріне орман шаруашылығын жүргізу болып табылады.
Кәсіпорын қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынадай функцияларды орындайды:
- Астана қаласының санитарлық-қорғау жасыл аймағын құру бойынша жұмыстарды орындау;
- Орманды қалпына келтіру және ағаш өсіру саласындағы орман шаруашылығы және ғылыми-өндірістік қызметті жүргізу;
- Орман қоры жерлерін өртке жерлерін өртке қарсы орналастыруға және орман өрттерін сөндіруге, орман ауруларын және зиянкестерімен күресуге қатысу;
- Өсімдік және жануарлар әлемін ресурстарын жаңғырту;
- Ағаш кесудің барлық түрлерін жүргізу және одан алынған сүректі өңдеу;
- Қосымша орман материалдарын, орманды қосымша пайдалану ресурстарын дайындау және қайта өңдеу, жеке қажеттіліктері үшін көмекші ауыл шаруашылығын дамыту;
- Кәсіпорынға бекітілген аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығы су тоғандарына заңмен белгіленген тәртіпте аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу;
- Көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін екпе заттарын сатып алу.
Орман қорының жерлерінде, санитарлық қорғаныш жасыл аймағының учаскелерінде өсімдіктердің ағаш-бұта тектес тұқымдарын өндіруге, қорғауға және сақтауға ерекше көңіл бөлінген.
Кәсіпорын бірнеше бағыттар бойынша жұмыс жасайды:
- Астана орманшылығы;
- Шортанды орманшылығы;
- Батыс орманшылығы;
- Вячеславское орманшылығы;
- Қызылжар орманшылығы;
- «Дамса» тұқымбағы;
- «Ақ қайың» тұқымбағы;
2010 жылдың соңына қарай Ерейментау және 2011 жылдары Сарыоба бағыттары бойынша жұмыс атқару жоспарланған.
Кесте 1. Бөлімдердің құрылған кезінен бастап ауданының өзгеруі
2009 жылғы көктемгі-жазғы кезеңде 40 км ұзындықтағы өртке қарсы жарылуларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. 150 км минералданған алқаптар жыртылды, соның ішінде: Қызылжар орманшылығында 90 км, Вячеслав орманшылығында 50 км, Шортанды орманшылығында 10 км. Осы алқаптарда 2009 жылы өрт қаупі мол мерзім ішінде күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.
Орман қорының жер телімдеріне барлығы 53984 га алаңда бөліп берілген және рәсімделген. 2008 жылы бөліп берілген телімдер рәсімделіп, жер-кадастрлық ісі және жерді тұрақты пайдалану құқығындағы мемлекеттік акті алынды. Орман қорының 10697 га алаңдағы телімдері ресімделу кезеңінде тұр.
Жер телімдерін бөліп беру бойынша жұмыстарға төленетін қаржы және тұрақты пайдалану құқығындағы мемлекеттік актілерді даярлау бойынша 5450, 0 мың теңге игерілді.
Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорын атауы: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Жасыл Аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын («Жасыл Аймақ» РМК) .
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Пригородный кенті, Школьная көшесі 1а.
«Жасыл аймақ» РМК мемлекеттік басқару органының мынадай өкілеттіктері бар:
- Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын анықтайды;
- Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективтік жоспарларын, оның ішінде жоспарлы қаржы көрсеткіштерін қарайды және бекітеді, оларды беру мерзімділігі мен тәртібін анықтайды;
- Тиісті есептілікті өкілетті органға олар белгіленген мерзімде бере отырып, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- Кәсіпорын Бас директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады және ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен оны аттестациядан өткізеді;
- Кәсіпорын Бас директорының ұсынысы бойынша Кәсіпорын бас директорларының орынбасарларын, бас бухгалтерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- Кәсіпорын мүлкінің мақсатқа сай пайдалануын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- Кәсіпорын еңбекақы қорын белгілейді;
- ҚР заңдарымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.
Заңды тұлға ретінде кәсіпорынның органы мемлекеттік басқару органы тағайындайтын және есеп беретін Бас директор болып табылады. Мемлекеттік басқару органы кәсіпорынның бас директорымен қатынастарды ҚР-ның еңбек туралы заңына сәйкес жеке келісім-шарт жасау арқылы іске асырады.
Бас директор кәсіпорындағы іс жағдайына меншік иесі және мемлекеттік басқару органы алдына дербес жауап береді.
Кәсіпорын өндірістік-шаруашылық қызметтерін іске асырғанда Бас директор:
- сенімхатсыз кәсіпорынның атынан әрекет етеді;
- барлық ұйымдарда кәсіпорынның мүдделерін білдіреді;
- ҚР заңдарында және мекеменің Жарғысында белгіленген шекте кәсіпорынның мүлкіне иелік етеді;
- Шарттар жасасады және басқа да мәмілелер жасасады;
- Сенімхаттар береді;
- Банктік шоттар ашады;
- Еңбек заңдарына сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, оларды көтермелеу шараларын қолданады.
- Еңбекақы қорының шегіне мемлекеттік басқару органның белгілеуімен қызметкерлердің еңбекақы қорын, штат кестесін, еңбекақы мөлшерін, мадақтау шараларын және басқа да көтермелеу шараларын бекітеді.
Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының өкілеттігі кәсіпорынның бас директоры бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарда анықталады.
2 «Жасыл Аймақ» РМК жалпы құрылымы
2. 1 Кадрлар бөлімі, заң және мемлекеттік сатып алу бөлімдерінің негізгі қызметтері
Тәжірибе өту барысында ең алдымен кадрлар бөлімімен таныстым. Бұл бөлімде бөлім бастығы, кадрлар бойынша инспектор, архивист пен аудармашы өз қызметтерін атқарады. Бөлімнің негізгі қызметі: кәсіпорынды қызметкерлер мен жұмысшылармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің жеке іс парақтары туралы ақпараттар жинау, өткен жылдардағы мәліметтерді архивте сақтау. Сонымен қатар, кәсіпорында кадрлар саясатын дайындау, маусымдық жұмысшылардың қажетті санын, кәсіпорынның тікелей өзінің штаттық саны, талап етілетін кәсіптілік, мамандылық және біліктілік қажеттіліктерімен толымдау.
Кадрларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру, қызметкерлермен еңбек шарттарын жасау, еңбек кітапшыларын жүргізу, толтыру, сақтау, жыл сайынғы төленетін еңбек және басқа түрдегі демалыстарды рәсімдеу, сыйлық беру және тәртіптік жаза үшін материалдар жасайды. Еңбек тәртібін нығайту, кадрлардың тұрақсыздығын төмендету, жұмыс уақытын жо, алту бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Сонымен қатар, аталып өткен штаттық қызметкерлермен қатар, мерзімді жұмыскерлердің де іс-құжаттары осы бөлімде сақталған. Мерзімді жұмыскерлер 1 жылдың артық мерзімде жұмыс істемейді.
Сонымен қатар, бұл бөлімде кәсіпорын қызмет ету барысында жинақталған құжаттар архивтеліп сақталады. «Жасыл аймақ» кәсіпорынның құжаттарды сақтаудың келесі мерзімдері бекітілген:
- Жылдық қаржы және салық есеп беруі - 10 жыл.
- Жұмысшылардың есеп шоттары -75 жыл
- Ұзақ мерзімді активтер құжаттары және ұзақ мерзімді міндеттемелер құжаттары - шығу мерзімі +5 жыл.
- Салық мақсатында амортизацияланған активтер құжаттары - шығу мерзімі мен тоқталу мерзімі +5 жыл
- Басқа да алғашқы құжаттар және құжаттарға қосымша - 5 жыл
Кәсіпорынның өндірістік үрдісін еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үш кезеңнен тұрады:
- Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыскерлердің саны мен біліктілігі анықталады.
- Ағымдық және болашақтағы жоспарларды орындау үшін қажетті персоналдың саны мен сапалық құрамы жоспарланады.
- Еңбек ресурстарын қалыптастыру болашақтағы кадрларға қажеттілікті қамтамасыз ету жоспарын дайындау мен жүзеге асырумен аяқталады.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі нақты жұмыскерлер санын жоспарлы қажеттілікпен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Кесте 2. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, 2009 жыл.
Өнім өндірісі жоспарлы орындау мен еңбек ресурстарын тиімді пайдалану шарттарының бірі - жұмыс уақытын ұтымды және толық пайдалану. Оны зерттеу үшін ең алдымен жұмыс уақытының жалпы қоры талданады.
Кәсіпорында жұмыс уақытының жалпы қоры жоспармен салыстырғанда 191975 адам-сағатқа кеміген, оның ішінде: жұмыскерлер санының 53 адамға кемуінен, уақыт қоры 23187500 адам-сағатқа кеміген ((567-620) *250*7) . 1 жұмыскер орындаған адам-күндер санының 25 күнге кемуінен, уақыт қоры 99225 адам-сағатқа кеміді (567*(225-250) *7) . Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы өзгеріссіз қалдығынан уақыт қоры 893025 адам-сағатқа өсті (567*225*7) .
Кесте 3. Жұмыс уақытының жалпы қорын талдау, 2009 жыл
Жалақы штаттық қызметкерлер үшін белгіленген мөлшерде төленеді. Ал мерзімді жұмысшылар жұмыс уақыты мен көлеміне байланысты есептелінеді. Соған байланысты табель толтырылып, істелінген жұмыс көлемі мен жұмыс істеген мерзімдері есептелінеді. Механизаторлар мен трактористтерге арналған бөлек табель толтырылады. Оның құрамына трактормен жұмыс істеу мерзімі мен көлемі есептелінеді, жұмыс түрлері де әр түрлі бағаланады. Осының бәрін мастерлер мен есеп беретін мастерлер толтырып қаржы және аналитикалық бөліміне келесі айдың 20-на дейін кешіктірмей тапсыруы қажет.
Заң бөлімінің қызметі кәсіпорынның қызметімен байланысты даулы мәселелер туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамаларына байланысты заңды түрде шешумен айналысады.
Бұл бөлімде бөлім басшысы, 2 заңгер және мемлекеттік сатып алу бойынша экономист жұмыс істейді. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі экономисттің қызметі кәсіпорынның қызмет ету барысында жабдықтаушылар, серіктестер, арендаторлармен келісім-шартқа отыру және осының бәрін заң жүзінде жүргізілуін қадағалау.
2009 жылы заң жұмыстары мен мемлекеттік сатып алу бөлімі тарапынан келесі жұмыстар жүргізілді:
- мемлекеттік сатып алу бойынша үш ашық конкурс өткізілді, соған сәйкес қорытындылар нәтижелері бойынша 3 шарт жасалған;
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 67 конкурс өткізілді, соған сәйкес қорытындылар нәтижелері бойынша 141 шарт жасалды;
- есеп тапсыру бойынша сотқа жататын істің саны 2 құрады;
- бөлімнің өзіндік бастамасымен кәсіпорынның әрбір орманшылығында шағымдар мен ұсыныстар үшін жәшіктер іліп өойылған.
Бүгінгі күнде келесі жұмыстар жүргізіледі:
- мемлекеттік сатып алу жоспарлары жасалуда;
- бұйрықтардың, құжаттардың жобаларын құқықтық сараптама;
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен конкурстар өткізу, конкурс қорытындылары бойынша шарт жасасу.
2. 2 Санитарлы-қорғаныш жасыл зонасы мен орманшылықтардың қызметтері мен шаруашылық жүргізу бағыттары
Астана қаласының айналасындағы «жасыл белдеуді» кеңейту бойынша, Астананың қала маңындағы аймақтарда орман өсімдіктерінің құрылуын жалғастыру, негізгі тораптардың бойында жыл сайын 5 мың га көлемінде ағаш отырғызу шаралары қабылданды. Бұл жұмыспен «Жасыл Аймақ» РМК айналысады.
Астана қаласының санитарлық қорғаныш жасыл аймағын құру бойынша жұмыстарын одан әрі дамыту бойынша Санитарлы қорғаныш жасыл аймағы айналысады. ол өз алдына мынадай бағыттарды алға қойған:
- 2010 жылдың соңына дейін Астана қаласының қала маңындағы аймағының оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс және шығыс бағыттарындағы 45 мың га алқапта жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Қала маңындағы аймақта ағаш егуге жарамды телімдердің 15 мың га алқабында екпе ағаштарын құру;
- 90 мың га алқаптағы екпе ағаштарына агротехникалық күтіп-баптау жұмыстарын жүргізу;
- Аязға төзімділігімен, тұзға шыдамдылығымен және ағашты-бұталы тұқымының тез өсетін түрімен танылған көшеттік материалдың түр-түрін өсіру;
- Тез өсетін ағаш тұқымын аудандастыруды жалғастыру;
- Жасыл аймақта ағаш егуге жерлер алынғанда, жер пайдаланушының шығынын төлеу;
- «Жасыл Аймақ» РМК техникалық, материалдық базасын, арнайы орман шаруашылығы техникасын және құрал-саймандарымен нығайту, алдын ала қарастырылған.
Бұл бөлімде: бөлім басшысы, инженерлер, агрономдар жұмыс атқарады. Осы бөлім арқылы орманшылықтар мен тұқымбақтар жұмысын одан әрі жалғастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz