Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Кәсіпкерлік қызмет сипаттамасы

1. 1 Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні және нысандары

1. 2 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы

1. 3 Кеңес беру кәсіпкерлігінің мәні

2 «Отырар аудит» ЖШС кеңес беру кәсіпкерлік түрін жүзеге асыру жағдайы

2. 1 «Отырар аудит» ЖШС ұйымдық шаруашылық жағдайы

2. 2 «Отырар аудит» ЖШС экономикалық қызметтері

2. 3 Серіктестіктің қаржылық жағдайын талдау

3 Қазақстан Республикасындағы кеңес беру кәсіпкерлігінің негізгі мәселелері мен тиімділігін арттыру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. “Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон еңгізді. Бұл ұғымға ол нарықты тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған. Кәсіпкерлік-бұл адамның зерттеу және сегменттеу қызметі, жаңа ізденіске бағытталады және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15, 7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01. 10. 1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1, 2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 - наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.

Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

  • Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол - шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
  • Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
  • Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.

Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.

Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.

Курстық жұмысымның басты мақсаты «Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыру бағыттары» деген тақырыпты ашу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Кеңес беру кәсіпкерлігінің қызметін сипаттау;

- «Отырар аудит» ЖШС кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайын талдау

- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері мен тиімділігін арттыру жолдарын зерттеу.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

1 Кәсіпкерлік қызмет сипаттамасы

  1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні және нысандары

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді (1680-1734 ) . Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды. Француз экономисті Жан-Батисг Сейн (1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді. Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.

Әйгілі ағылшын экономисті Адам Смит (1723-1790) кәсіпкерді жекеше қызмет атқаратын жеке меншікке және оның қызметін кәсіпкерлердің жеке қызығушылығымен байланыстырды. Бұл негізді кәсіпкер өзі жоспарлау өндірісті өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөліуі тиіс болды.

Ағылшын экономисті Давид Ричардо (1772-1823) кәсіпкерді қарапайым капиталист ретінде қарастырды.

Кәсіпкерлікке бағалы жаңа бағаны ХІХ ғ. соңында ағылшын экономисті Аллон Маршал берді (1824-1924) . Бұдан соң толық кәсіпкерлік мінездемені өз жұмысында американ экономисті Йозеф Шумпетер берді.

Кәсіпкерліктің отандық теориямен тәжіребиеден келесідей маңызды принциптері бар.

1. Қызметтің еркіндік негізінде еркін таңдалады.

2. Кәсіпкерлік қызметке оның қаржысы мен мүлкіне заңды және заңсыз тұлғаларды тарту.

3. Қызмет бағдарламасын өз еркінен құру, тұтынушылармен қызметті ұсынатын товарларды дайындайтын, өндіретін өндірушілерді өз еркімен құру және т. б.

4. Жұмыскерлерді еркін қабылдау.

5. Маталарды техникалық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану оларды тарту.

6. Заңға сәйкес экономикалық қызметтердің кәсіпкер мен еркін сезінуі оны жүзеге асыруы.

Кәсіпкерліктің маңызды функциялары болып табылатындар мыналар:

1. Новаторлық функция техниканың ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асуы, тәжірбиелі конструкторлық өндеулер, жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.

2. Ұйымдастырылған функция өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен тәсілдерді еңгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік жүйенің негізгі элементтерін енгізу.

3. Шарауашылық функциясы еңбек материалды қаржылық интелектуалдық және оқылықтың ресурстарды тиімді пайдалану.

4. Элементтік функция қоғамға қажетті элементтің заңдар талабына сәйкес товарлар мен қызметтерді ұсыну.

5. Тұлғалық функция кәсіпкердің жеке мақсатын іске асыру мақсатында, өз қызметінен қанағат алу барысында өз-өзін жүзеке асыру.

Кәсіпкерлік қызмет теориясы экономикалық пәндер қатарына жатады. Кеңінен қолданылатын кәсіптік теория пәні көбіне адамдардың қызметін үйретумен байланысты болады. Кәсіптік қызмет теориясының пәні - кәсіпкерлердің іс-әрекетін негізін, яғни өндіріске қажетті ресурстарды таңдауда, айырбастауда, бөлуде, түрлі товарлар мен қызметтерді пайдалануда анықталады.

Кәсіпкерлік қызметің әдістемесі болып, зерттеу әдісі, яғни жүйелі құрылымдық анализдің маңызды элементтері, тарихи және логикалық жолдары, қарсылық принциптері, анализ және синтез және т. б. жатады.

Кәсіпкерлік қызмет теориясының методологиялық базасы деп диалектикалық зерттеу тәсілі болып табылатын жүйелі құрылымының анализдің элементі, тарихи және логикалық бағыттары, анализ және синтез, абстракциялық тәсіл және басқаларды жатқызамыз.

Жүйелік бағыт дегеніміз - кәсіпкерлік қызмет топтарының кешендік мінездемелік негізгі бөлімшелерің білдіреді.

Логикалық бағыт дегеніміз - кәсіпкердің қызметіндегі негізгі іс шаралардың анықталуын көрсетеді. Кәсіпкерлік идеяның тууынан, оны жүзеге асыруға дейінгі аралықтағы процесс.

Абстракциялық тәсіл -өмір сүрмейтін әрекеттермен құбылыстардың пайда болуынан тыс, екі жақтың процесінен бас тарту, яғни тұрақты байланыстардың, құбылыстың ішкі мақсаттарын алуда пайда болды.

Кәсіпкер - бұл тәуекелден орықпайтын, жауапкершілікті мойына алатын, инновациялық және инициативалық қызметтерді іске асыра отырып, нарықта бәсекеге түсетін субъектіні айтамыз.

Кәсіпкерлік қызмет процесінде бірнеше субъектлер қатысады.

1. Кәсіпкерлер

2. Тұтынушылар

3. Жалданушы жұмысшылар

4. Бизнес бойынша серіктер

5. Мемлекет

Кәсіпкерліктің негізгі қызығушылығы тұтынушыларға көп мөлшерде товарлар мен қызметтерді ұсына отырып, жоғарғы денгейде максималды пайда табу жатады.

Тұтынушы бизнес товардың қанша көлемде шығарылуын, қызметтердің қай денгейде ұсынылуын, қанша көлемде және қандай сапада, қандай бағамен сатылуын, қандай орындарда орналасуын шешетін бизнес түрі болып табылады.

Бизнесті енгізуде келесідей формалар түрін көрсетуге болады. 1) Жаңа бизнес - бұл бизнес түрі жеке кәсіпкерге тікелей, яғни, оның жұмыс істеуін кәсіпкердің өзі жауапкершілікті мойына алады. Мұндағы басты ерекшелік меншік иесі бизнестегі еркіндікпен бақылауға қақылы. Ал оның кемшілігі болып -меншік иесі басқалар үшін де болған қателіктерге өзі жауап береді.

Адамдарды біріктіру, яғни, ұйым - бұл қызмет түрінде екі не одан да көп қатысушылар бірлескен қызметті атқару мақсатында ұйымдасады. Ұйымды ұйымдастыру үшін ең бірінші қажеттілік болып, алғашқы капитал саналады. Шығындар мен кірістер, қатысушылар арасында теңдей бөлікке түседі.

Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

  1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
  2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.
  3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
  4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей -тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді) . Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлік - бұл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік - экономикалық шарттардағы инновациялық өндірістік форма болып табылады. Қазақстандағы жаңа экономикалық жүйенің құрылуы шағын кәсіпкерлік қызметінің, соның шағын, орта және ірі (корпоративті) кәсіпорындар қызметіндегі өндірістік - коммерциялық масштаб байынша олардың өзара әсер ету қарым - қатынасындағы бір жақты реттеуін көрсетеді. Шағын кәсіпкерлік іскерлік өмірдегі негізгі құрал болып саналады. Тұтынушылар мен өндіріс тауары бола отырып, шағын кәсіпорындар нарық тербелісіндегі көптеген өзгерістерге әсер ететін көптеген факторлардың бірі болады. Шағын кәсіпкерлік негізгі рөлді аймақтық экономикада алады. Аймақтар әкімшілдік - территориалдық, әлеуметтік - экономикалық дамуды көрсететін меншік элементтерінің өзара қарым - қатынасы арқылы жүретін басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Сондықтан да, шағын бизнестің және аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуы, біріншіден еңбек, материалдық техника, табиғи, қаржылық және ақпараттық ресурстарын қолдануға, екіншіден аймақтық экономиканы басқару жүйесіндегі ұлттық экономиканың ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарын бағдарлауға байланысты. Аймақтық басқару жүйесі шаруашылық субъектілерінің өзара қарым - қатынас орнатуына, сондай-ақ нарықтың жеке, корпоративті қатысушыларына экономикалық және әлеуметтік нәтижелермен қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен колдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.

Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіштері тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының жинақтарынан, сондай - ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады.

Қазақстанда меншікті құралдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бірақ олар қаржыландырудың барлық қажеттіліктерін жаба алмайды. Бұл жағдайда қаржыландырудың альтернативті көзі болып банк несиелері және мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың арнайы жүргізілетін

Қазіргі таңда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін факторлардың бірі. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық - несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын кәсіпкерліктің жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік - қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі.

Қазіргі кездегі шағын бизнестің өркендей түсуіне байланысты оның даму сферасы ұлғайып келеді. Осыған байланысты ол жан - жақты талдауды талап етеді. Бұл бөлімде Қазақстандағы шағын бизнестің жүргізілуі жөнінде талдау жасалады.

Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бергі өмір жолында оның экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір факторлардың бірі - бұл шағын бизнес, ал шағын бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттің экономикалық саясаты жағынан заңнамалық тұрғыдан жүргізіледі. Қазақстанда бұл сектордың экономикалық және әлеуметтік секторға әсер етуі шетелдердегідей, соның ішінде Батыс Еуропа, Америка және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегідей, біздің елімізде де іскерлік өмірде дамыған динамикалық бөлімдерінің біріне айналды.

Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды кұқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жэне қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:

- мемлекеттік кәсіпорын;

- серіктестік (толық жауапкершілікті, аралас және жауапкершілігі шектеулі жауапкершілікті) ;

- акционерлік қоғам, бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызметке атысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі "серіктестік" деп аталады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.

Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері:

- басқару істеріне қатысуға;

- серіктестік кызметі жөнінде мағлұматтар алуға;

- оның құжаттарымен танысуына;

- несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған пайданы бөлісуге;

- тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар.

Серіктестік шаруашылық, иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар:

- негізгі өндірістік құрал-жабдықтар (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар) ;

- айналым құралдары (шикізат, материал, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар) ;

- ақша қаражаты;

- басқа да құндылықтар кіреді. Серіктестіктің мүшелері:

- құрылтайшылар атынан талап етілген құжаттарды дайындап беруге;

-алдын-ала белгіленген жарналар мен салымдарды толық және уақытында төлеулеріне;

- коммерциялық құпияларды сақтауға;

-құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті.

Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді:

1. Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез келген қатысушы өзінің барлщқ мүлкімен жауап береді.

2. Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі. Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді. Егер толық серіктестікке оны ұйым-
дастырушылардың бәрі жеке адам ретінде кіретін болса, белгілі бір жауапкершілікті жағдайға кезіккенде (мәселен банкротқа ұшырағанда), өмірге қажетті күнделікті заттарды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда: көлік, саяжай, жиьаз, қылқалам туындысы, зергерлік
бұйымдар, басқа да құнды мүліктерді есепке алады.

Әдетте толық серіктестікті заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды. Аралас (командитті) серіктестікте бір немесе бірнеше кағысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастықка қосқан үлесі (салымы) бойынша шектеледі.

Бүкіл мүліктерімен тәуекелге барып отырған қатысушы қоғамдастықтың ішкі мүшесі немесе толық серіктестіктер, ал тек қана қосқан үлестерінің мөлшер шамасына сәйкес тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командиттер деп аталады.

Мәселен, "Джонсон-Джонсон" командитті серіктестік. Командитті серіктестіктерді ұжым басқарады және ол өкілетті қызмет атқарады. Қоғамдастық сыртқы қатысушылардың қосқан үлестеріне сәйкес акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды акционерлік командиттер, ал қоғамның өзін акционерпік командит деп атайды.

Салық тұрғысынан қарағанда, командитті серіктестік - жауапкершілігі шектеулі қоғам. Мүндай құрылым жауапкершілігі шектеулі командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы - салық төлеу тұрғысынан қарағанда, ол - серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алсақ, жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық. Әдетте олардың капиталы да көп болмайды.

Біздің елімізде командиттік серіктестіктің аралас түрі әлі дами қойған жоқ. Алайда белгілі бір жағдайда оған деген қажеттіліктің тууы әбден мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бағдарламаны жекелеген азаматтар береді, ал оған сенім білдіріп, мақұлдайтын кәсіпорындар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершілікпен алынса, ал кәсіпорын толық мүшелік құқымен кіреді. Міне бұл жағдайда:

-біріншіден, кәсіпорындар банк несиесінің кепілі бола алады;

-екіншіден, кәсіпорынның бақылауымен оған жеке адам билік етеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - алдын-ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің (жеке және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады.

Шетелдік фирмаларда (қазір біздің елімізде жиі кездесетін) "Лимитед" (қысқаша Ltd) "шектеулі серіктестік" деген ұғымды білдіреді. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда кампаньондар арасында өзара берік байланыс қалыптасады. Бұл отбасылық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер қоғамдастықтың бар мүлкі бір адамның билігінде болса, онда ол "бір адамның қоғамы" болғаны.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда:

- кәсіпорынның аты;

- мекен-жайы;

- негізгі қызмет бағыттары;

- қызмет түрлері;

- капитал мөлшері;

- қоғам мүшелерінің үлестері көрсетіледі.

Айта кететін бір жәй - серіктестіктерді ұйымдастырушылардың ақша қаражаттарынан басқа кұнды материалдық заттар түрінде заттық үлестері, мәселен, автокөлік, жылжымайтын мүліктер болуы да мүмкін.

Қоғамдастық мүшелерінің құқығы жылына бір немесе екі рет өткізілетін жалпы жиналасында анықталады да, ал одан әрі ол тереңдетіліп, дамып отырады.

Жалпы жиналыстың маңызды шешімдер қабылдауға құқығы бар, атап айтқанда:

- жылдық балансты бекітеді;

- кірісті белгілі бір мақсатты көздеп, орынды пайдаланады;

- шығындарды неғұрлым аз жұмсау жолдарын айқындайды;

- қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлауды көздейді, оған әр түрлі мәселелер бойынша міндеттер
жүктейді.

Қоғамдастық жұмысын бақылауды бақылау комиссиясы, экономикасы дамыған елдерде бақылау кеңесі іске асырады, оның мүшелерін жалпы жиналыста тағайындайды.

Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акцио-нерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы кәсіпкерлік ісі
Қазіргі кітап шығару ісінің ерекшеліктері: проблемасы және келешегі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрі
Баспа бизнесін жоспарлау ерекшеліктері
Кәсіпкерліктің қазақстандағы түрлері
Сақтандыру нарығының құрылымы
Нарықтық экономиканы құрудағы ұсақ бизнестiң ролi
Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
Сақтандыру туралы ақпарат
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz