Ластаушы заттардың трансшекаралық тасымалдау мәселелері



Кіріспе
А) Негізгі ластаушы заттар
Негізгі
б)Трансшекаралық сипаттағы мәселелер
в) Ластаушы заттарды жою міндеттемесі
д) трансшекаралық сипаттағы экологиялық қателерді алдын алу және жою
е)Алыс қашықтыққа шекаралық ластану Конвенциясы
Қорытынды
Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді); пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.; ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін); әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті; қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары ...
1 Үпішев Е М – Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
2 Есқараев О К – Қазақстан Республикасының табиғатын қорғау шаралары

“Астана медицина университеті” АҚ

“Гигиена және жалпы экология ”

кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Ластаушы заттардың трансшекаралық тасымалдау мәселелері.

Орындаған:

Тексерген:

Астана 2015

Жоспар:

Кіріспе

А) Негізгі ластаушы заттар

Негізгі

б)Трансшекаралық сипаттағы мәселелер

в) Ластаушы заттарды жою міндеттемесі

д) трансшекаралық сипаттағы экологиялық қателерді алдын алу және жою

е)Алыс қашықтыққа шекаралық ластану Конвенциясы

Қорытынды

Кіріспе:
Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе
бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын,
санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы
заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың
оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе –
теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әр
түрлі белгілері бойынша жіктеледі: шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды
(антропогенді); пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауыл
шаруашылық, транспорттық және т.б.; ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры),
объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе),
трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін); әсер ететін
ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті; қоршаған ортаның
элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам
бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары ...
Тұрақты органикалық ластаушы заттарды жою міндеттемесін орындауға
арналған семинар басталды
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде БҰҰ Даму бағдарламасы мен
Ғаламдық экологиялық қордың Тұрақты органикалық ластаушылар туралы
Стокгольм конвенциясының міндеттемелерін Қазақстан Республикасының
орындауына бастапқы көмек жобасы бойынша жұмыс бабындағы екі күндік
таныстыру семинары басталды, деп хабарлайды Қазақ ақпарат агенттігі.
Семинарға қатысқан Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Еңлік Нұрғалиеваның
айтуынша, тұрақты органикалық ластаушылардың бүгінгі таңда айналадағы орта
үшін аса зиянды 12 түрі бар. Олардың жан-жануарлар мен өсімдіктерге, адам
ағзасына тигізетін кері әсері мол. Өкінішке орай, бұлардың барлық түрі де
Қазақстанның аймақтарында, әсіресе ауылдық жерлерде көптеп кездеседі. Алдын
ала жасалған болжамды деректер бойынша, Республикадағы мұндай тұрақты
органикалық ластаушылардың көлемі 1 миллион 200 тоннаға жуық. Оны жою үлкен
қаржы мен ауқымды жұмысты қажет ететіндіктен толық мүмкін емес. Осыған
байланысты, Қазақстан 2001 жылы қабылданған тұрақты органикалық ластаушылар
жөніндегі Стокгольм конвенциясына қосылған болатын. Конвенцияның бірқатар
міндеттемелерін орындау үшін Қазақстанға жарты миллион АҚШ доллары бөлінді.
Қазір, осы жобаның аясында халықаралық сарапшылар келіп, қазақстандық
әріптестерімен тұрақты органикалық ластаушыларды жою бағытындағы жұмыстар
қалай жүргізілуі тиіс, оның қандай түрінің қаншалық зияны бар деген
мәселелерді талдап, міндеттемені орындау жоспарын әзірлеуде. Ал, жобаны
жүзеге асыру кейін Стокгольм конвенциясын Қазақстанның да бекітуіне себепші
болады. Өйткені, біздің ел аталған конвенцияға қосылып, міндеттемесін
алғанымен, оны әлі толық бекіткен жоқ.

Бактериологиялық және химиялық ластану

Бактериологиялық ластану. Бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупiн
Арал теңiзiндегi Возрождение аралындағы биологиялық полигонның қызметi
төндiредi. Кейбiр биологиялық агенттердiң қоршаған орта объектiлерiнде
және жануарлардың организмiнде ұзақ уақыт сақталатынын ескере отырып,
олардың республика мен басқа да шектес мемлекеттер аумағына таралуының
нақты қатерi бар. Возрождение аралында оба, күйiк және туляремия сияқты өте
қауiптi жұқпалы аурулардың табиғи-ошақ аймақтары болуы мүмкiн.
Бактериологиялық ластанудың алдын алу үшiн Возрождение аралының аумағындағы
қоршаған орта объектiлерi мен фаунаның тұрақты эпидемиологиялық және
эпизоотологиялық мониторингiн жүргiзу қажет. Осы мақсатта 2004 жылы
жұқпалы ауруларды қозғыштардың ұзақ сақталуы мүмкiндiгi тұрғысынан
Возрождение аралының әртүрлi белiгiне бағалау жүргiзудi, арал аумағының
қазақстандық бөлiгiн зерттеудi, оң нәтижелер табылған жағдайда Возрождение
аралындағы биологиялық полигон қызметiнiң зардаптарын жоюды аяқтау қажет.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және обаға қарсы мемлекеттiк ұйымдар
республика аумағындағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштары
штаммдарының қозғалысына тоқсан сайынғы мониторинг жүргiзедi. Барлық
облыстардан бөлiнген барлық штаммдар аса қауiптi жұқпалы аурулар
қозғыштарының депозитарийi болып табылатын Қазақ карантиндiк және зооноздық
жұқпалы аурулар ғылыми орталығына ғана келiп түседi, онда қатаң есепке алу
қамтамасыз етiлген және режим бойынша барлық талаптар сақталған. Қазiргi
уақытта АҚШ-пен бiрлесiп мақсаты аса қауiптi жұқпалы аурулардың
қоздырғыштарынан халықты қорғау және елдiң биологиялық қауiпсiздiгiн құру
болып табылатын "Қазақстан Республикасындағы белсендi эпидемиологиялық
мониторингтiң ықпалдасқан жүйесiн құру" бағдарламасы бойынша жұмыстар
басталды. Химиялық ластану. Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше
қауiптi тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрi - ТОЛ) тудырады. 2001
жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты органикалық
ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды. Тұрақты органикалық
ластағыштар - уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын,
биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл
топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi
бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық
экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды
көздерiнен алыс қашықтықта шөгедi. Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын
уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн бұзады. Аз мөлшерiнiң
өзiнде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi
және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты қатер төндiруi мүмкiн.

Қазақстандағы ТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды. Өсiмдiктердi
қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау
жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда. Өнеркәсiптiк
ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында
құралады және пайдаланылады.
ТОЛ-дың табиғи ортаны ластауының объективтi бағалауы жоқ, өйткенi
мониторингтiң қазiргi жүйесi топырақтағы және тамақ өнiмдерiндегi
пестицидтердiң қалдық санын ғана айқындайды.
Табиғи ортаға қауiптi әсерiн және генетикалық деңгейде қайтымсыз
процестерге әкелiп соқтыру мүмкiндiгiн ескере отырып, 2005-2006 жылдар
барысында ТОЛ-ды бақылаудың, мониторингiнiң және басқарудың бағдарламасын
әзiрлеу қажет.

Радиоактивтi ластану

Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi
нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа
бөлiнедi: жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi
кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен
төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң
бөлшектелген жабдығы); ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған
аумақтар; мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары;
ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен
радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi
алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын
кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған
жерлерде шоғырланған қалдықтар бар.
Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн
табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын
алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар
үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.
Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50
мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн
аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып,жойылды.
Халықтың радиоактивтi улануын және қоршаған ортаның ластану қаупiнiң алдын
алу үшiн: радиоактивтi ластану көздерiн түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау
және 2005 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң халықтың денсаулығына терiс
әсерiн зерттеудi қамтитын бағдарлама әзiрлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған
алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезiнде шектеу
шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерiнiң радиоактивтi ластануына
бақылау жүргiзу және Мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн және
өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау
бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң жоғары құрамы бар
гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупi туралы
халықты уақытылы хабардар ету жөнiнде шаралар әзiрлеу; 2005 жылға қарай
Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi үйiндiлерiн түгендеу және олардың
қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн айқындау жөнiндегi жұмысты
аяқтау қажет. Проблеманың кешендi шешiлуi радиоактивтi қалдықтарды ұқсату
мен көму жөнiнде мамандандырылған ұйым құруды көзделуi тиiс. Аталған iс-
шараларды жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның
радиоактивтiк ластануын төмендету болмақ.

Әуе бассейнiнiң ластануы

Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы,
қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен
байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердiң нақтылығы халық
денсаулығының нашарлауына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ластаушы заттардың трансшекаралық ауысуы туралы түсінік
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Трансшекара
Жаһандық экологиялық проблемалар туралы
Қазақстандағы ауаның ластануының экологиялық проблемалары
Өзеннің ластану деңгейі
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқаруды талдау
Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Пәндер