Діни тәрбие


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

1 Діни тәрбиенің тұлға дамуына әсері

1. 1 Діни тәрбие ұғымы . . . 7

1. 2 Ислам тәрбиесіндегі жетекші идея . . . 9

1. 3 Мухаммед Пайғамбардың ислам тәрбиесіндегі орны . . . 11

2 Діни тәрбиені жүзеге асыру тәжірибесі

2. 1 Тұлға үшін қажетті діни сауаттылық мазмұны . . . 16

2. 2 Діни сауаттылықты көтеру жолдары . . . 18

2. 3 Студенттердің діни сауаттылықтарын қалыптастыру ерекшелігі . . . 22

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі:

«Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол - біздің дәстүріміз. » [1]

Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұлттық тәрбие беруде діннің маңызы зор екенін баса айта отырып, ел тұтқасы болған жастарды төл дініміз болған адамгершілікпен имандылыққа үндейтін асыл дініміз Исламмен сусындатып, Исламдағы тәрбиені бойларына сіңіруге баса назар аудару керек екенін айтты. Ендігі кезекте, бүкіл халық болып сол игі бастамаларды бірігіп жүзеге асыруымыз керек.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2050” Стратегиялық бағдарламасында: “Жастарды қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек”, -[1] деп ерекше мән беріп тоқталған болатын.

Бұлай екпін түсіріп айтуының өзі қазіргі еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан тәуелсіздікке жетіп отырған тәуелсіз мемлекеттігіміздің тұрақтылығын сақтап, оны болашаққа аманат етуді көздейді. Міне, осы тұрғыдан келсек, мемлекеттік дәрежедегі мәселе білім беру саласында, ұлттық тәрбие беруде діни тәрбиенің маңызы ерекше.

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдармалары оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған. » [2]

Қазақстан Республикасының білім беру заңнамасында айтылып өткендей, тәрбие беру мәселесінде білім беру ұйымдары аса маңызды рөлге ие болады және тәрбиеленушілердің болашағына жол серік болатын ақ пен қараны ажырата алатындай жағдайда болуы үшін білім бере отырып, дұрыс тәрбие беру көзделген.

Зерттеу обьектісі ‒ діни тәрбие мазмұны;

Зерттеудің мақсаты ‒ қазіргі білім беру жағдайларындағы тұлға дамуының діни тәрбиелік рөлін анықтау;

Зерттеудің пәні ‒ діни тәрбиенің тұлға дамуына әсерін зерттеу;

Зерттеу міндеттері:

  • діни тәрбиенің мәнін ашу;
  • діни сауаттылықты көтерудің жолдарын анықтау;
  • бүгінгі кәсіптік білім беру жүйесін ұйымдастыруда студенттердің діни сауаттылығын қалыптастыру маңызын ашу;

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, діни тәрбиенің қоғамдағы рөлін аша отырып, қазіргі кәсіптік білім беруде жүйелі қолданатын болса, онда студенттердің тұлға ретінде қалыптасуына ерекше мүмкіншіліктерпайда болады, себебібұл оларды тұлға ретінде үйлесімді қалыптастыруды жүзеге асырады.

Зерттеудің ғылыми және тәжірибелік жаңалығы: Діни тәрбиенің тұлға дамуындағы әсерін қарастыра отырып, кәсіптік білім беруде діни тәрбие мүмкіндіктерін пайдалануға қатысты әдістемелік нұсқаулар беріледі;

Зерттеу әдістері:

  • философиялық әлеуметтану және тарихи-педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу;
  • педагогикалық бағдар;
  • анкеталау әдісі;

Зерттеу базасы: С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық

университетіндегі оқу - тәрбие жүйесі.

1 ДІНИ ТӘРБИЕНІҢ ТҰЛҒА ДАМУЫНА ӘСЕРІ

  1. Діни тәрбие ұғымы

Діни тәрбие - адамның ішкі жан-дүниесін тазартып, рухани кемелдікке жеткізіп, ізгілікті адам қалыптастыруға бағытталған тәрбие. [3]

Бұл анықтамада діни тәрбиені тәрбиеленушінің тұлға ретінде қалыптасуына қажетті құндылықтарды өң бойына сіңіруіне қажетті құрал ретінде қарастырып қоймай адамның материалдық, қоғамдық практикасының жоғарғы нәтижесі екенін көрсетеді.

Адамгершілік - мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез- құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамтуға жалпы адамзаттың құрамдас бөлігі екені белгілі, ал діни тәрбие осы адамзаттың асыл құндылығын тұтас қамтыған тәрбие болып табылады.

Діни тәрбие - адамзат баласының қалыптасуына, өмір сүруімен толыққанды бақытты өмір сүруіне кепіл шырағдан секілді. Сондықтан, адамзат дамуында бірге жасасып келеді. [4]

Анықтамада айтылып отырған негізгі ой адамның толыққанды тұлға ретінде қалыптасуына, болашақта да баянды өмір сүруіне бір кепіл боларлық жарық нұр деп тұжырымдаған. Сонымен қатар, адамның даралығын, ерекшеліктерін, сезімін және өзіндік баға беруін қалыптастыруда діни тәрбиенің маңыздылығын көрсетіп тұр. Дін - тәрбие құралы, көркем мінез қалыптастырудың ғажайып мектебі. Сол мектептен нәр алмағандар көп жақсылықтан құр қалары даусыз. Өз дінінің қадір -қасиетін сезбеген, елінің тарихына бейхабар жанның ұлт мүддесіне жаны ашымасы белгілі. Оның кейбір көріністерін күнделікті өмірімізде көріп те жүрміз. Әлемдегі әйгілі ұлы тұлғалар аса сүйіспеншілікпен Ислам туралы көп пікір айтқан. Олардың бәрі Исламның экстремистік - террористік ағым емес, адамзат өркениетінің бөлінбес бір бөлігі, адамгершілікке негізделген ғажайып пәк қоғам, ғылым - білімнің қайнар көзі ретінде қарастырады. Бізде ел сөзіне еріп, қолда бар нығыметті жоғалтып алмай тұрғанда болашақ ұрпаққа ислами құндылықты сіңірумен қатар, бойларына діни тәрбиенің нәрін құюымыз керек.

Діни тәрбие - жан - дүниені тәрбиелеу арқылы рухани сауаттылыққа жетудің, мінез-құлқын түзеудің бірден-бір құралы. [5]

Әл-Фарабидің пікірінше тәрбиенің мақсаты адамның бүкіл күш және қабілеттерін дамыта өсіру және мінез-құлықты кемеліне жеткізе отырып ахлақ тәрбиесімен діни тәрбиені ұштастыру. Мінез ол адамның өзіндік бағыт- бағдарының, жан дүниесі ерекшеліктерінің тұрлаулы белгісі. Тәрбиелі мінез адам бойына инабаттылық қасиеттердің бар екенін көрсетеді. Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейміз. Ал сол толық мінезді адам болу, яғни мінездің тұрақтылығы адамның алған діни және адамгершілік тәрбиесінен туындайды.

Қорытындылай келе, діни тәрбие менің ойымша әрбір ақыл иесін өз қалауымен дүниеде және ахиретте нағыз бақытқа жеткізетін, рухани кемелдікке көтеріп, дүниені шынайы танып білуге мүмкіндік беретін ең жоғарғы құндылықты тәрбие.

Біздің мақсат жастарды діни тәрбие арқылы толыққанды жетілген санасы кең, толыққанды азамат етіп тәрбиелеу. Діни тәрбие беру адам дамуының рухани үйлесімдіктерін түсінуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой мен іс-әрекеттерін ізгілік мұраттарға бағыттап, діни көзқарастарын қалыптастыратынын есте ұстауымыз керек. Діни тәрбиені ұлттық тәрбиемен қатар сіңіріп, жастардың бойындағы отансүйгіштікпен дінде құнды саналатын асыл қасиеттерді сан ғасыр бойы атадан балаға жеткен, тек біздің ұлтымызға тән дархан қасиеттермен толтыра отырып, салт-дәстүрімізбен ұштастыра білуіміз керек. Ұлттық және діни құндылықтар бір-біріне қарама-қарсы болуы мүмкін емес. Олардың мақсаты ортақ, айналып келгенде адамдық тәрбиеге салады. Екеуі де қоғамның рухани саулығы, адамгершілік ізгі қасиеттердің қалыптасуына, ақылдың тиянақтылығына негіз болады. Діни тәрбие және білім беру жүйесінде діни құбылыстарды, теорияларды антропологиялық тұрғыдан түсіндіру мәселесі - жастар арасында діни танымның дұрыс түсіндірілуіне және тез қабылдануына алып келеді. Себебі, біз қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, адам - барлық танымдардың орталығы, объектісі. Діни сананы құқықтық, моральдық механизмдер арқылы түзу бағыттасақ, қоғамда ешқандай алауыздық пен мемлекеттігіміздің тұтастығын бұзатын залалды ойлар мен оқиғалар орын алмайды. Сонымен қатар, қаншама ақын, жазушылардың, ғұлама- ғалымдардың нақыл сөз, қанатты сөздерін қарап отырсақ адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек екені айтылады. Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Кез-келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты - елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Ал, діни тәрбие сол қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыра алады деп есептеймін.

Ахлақ тәрбиесі дін тәрбиесімен тығыз байланысты деп ойлаймын. Ахлақи әдеттерге адамның тұлғасын қалыптастыратын жақсы қатынас, жылы жүзділік, жылы сөйлесу, басқалармен ынтымақтасу, мұқтаж адамдарға қол ұшын беру, қайратты болу және тағы басқа қасиеттер жатады. Ал, тағылымы терең таза дініміз Исламда да осындай ізгі қасиеттер кең насихатталған. Ахлақи тәрбиемен діни тәрбие тығыз байланысты дүние. Мысалы, ахлақи қасиеттер болып табылатын кішіпейілділік, адамдардың қатынастарын жақсарту, басқалардың істеріне жәрдемдесу, адамдармен жақсы қатынас жасау және олардың қиындықтарын шешуге көмектесу пайғамбар (с. ғ. с. ) мен оның үмбетінің (ғ. с. ) өмірлік жолында ислам дінінің бір бөлігі әрі діни ахкамдар ретінде таныстырылды. Пайғамбар (с. ғ. с. ) былай дейді: «Күндерді өткізіп, мұсылмандардың істеріне назар аудармайтын адам мұсылман емес». Осылайша, егер тәлім-тәрбие элементтері илаһи ой-пікір және дұрыс іс-әрекетпен қатар жүретін болса, сөзсіз жасөспірім осындай кеңістікте рухани тұрғыдан дамып, ахлақи қасиеттерге ұмтылатын болады. Ахлақи тәрбие ресми дінді сынға ала отырып, адамдардың жоғары қасиеттерінің дамуына тікелей әсер етеді. Егер адам баласы Құдайды сүйсе ол барлық адамдарды да сүйеді, өйткені бүкіл адам бір әкенің баласы секілді бір-біріне аға-іні. Бұл пікірге толықтай келісер едім. Хакім Абай:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және сүй хақ жолы деп әділетті.

дегендей адам ең әуелі Алланы танып, сол арқылы өзге адамдарға сүйіспеншілік таныта алады.

1. 2 Ислам тәрбиесіндегі жетекші идея

Ислам діні бейбітшілік пен сүйіспеншілік діні. Аты айтып тұрғандай «Ислам» сөзі «бейбітшілік» деген мағынаны білдіреді. Ал, шариғат терминологиясында «ислам» - толық мойынсұну, Аллахтан басқаға табынбай парыздарын орындау болып табылады. Мың жылдан астам уақыт бойына ата-бабаларымыз осы Ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап, мұсылман атанып келеді. Рухани тазалықтың, ар-ұятпен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі шарт. Сондықтан да имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп білген жөн. Ислам діні адамның тән тазалығымен қатар ішкі жан дүниесін де таза ұстауға көмектеседі, қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді. Ислам - қайырымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т. б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады. Тағылымы мол төл дініміз адамзатты ауызбіршілікке, адалдыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке шақырып, имандылыққа үндейді.

Ислам діні тәрбиеге өте мән берген. Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестіруге болады:

1. Раба - ярбу: көбейту, арттыру мағынасына келеді. Құранда Рум сүресі 39- аятында осы мағынада қолданылған.

2. Раба- ярби: пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.

3. Раба- яруббу: реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді. [6]

«Раб» сөзі тәрбиелеуші реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Құранда ең көп айтылатын «Аллаһ» сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында «раб» сөзі тұрады. «Раб» сөзі негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан да, Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ, бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни, алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар еткен, Аллаһ тағала үшін қолданылады. Тәрбиені білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады.

Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім-білімдерін үйретуі. Тәрбиеден мақсат жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа, адамзатқа пайдалы өнеге болатын үлгілі адам тәрбиелеу. [8]

Бұл пікірдің негізгі айтқысы келіп отырған ойы тәрбие - адамзат баласының пайда болып, қалыптасып, осы күнге жеткенге дейінгі ғасырлар бойы жинақталған мол өнегемен өшпес мұрасы.

Тәрбие сөзі тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында да қолданылады. Мысалға жақсы мінезді адам үшін «тәрбиелі», жаман мінезді адам үшін «тәрбиесіз» деп қолданылады. Тәрбие сөзінің «әдеп» сөзімен байланыстылығы да бар. Әдепті адам деген кезде тәрбиелі адам, әдепсіз адам деген кезде тәрбиесіз адам ойға келеді. Ислам тәрбиесінің мақсаты адамдарды дүние және ахиретте бақыттылыққа жеткізу, қысқаша айтатын болсақ «жақсы мұсылман өсіру» болып табылады. Кез-келген Ислам ғалымдарын алсақ та барлық адам құндылығының ішінде тәрбиені ең бірінші орынға қоя отырып, адам баласы белгігі бір кезеңде емес әр заманда да тәрбиеленіп, шыңдалып отыру керек екені айтылады.

Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: «Тәрбие - біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі», - сөзінен белгілі.

Яғни, адам тәрбиелі бола отырып, қоғамда, өзі өмір сүріп отырған ортада алған тәрбиесі арқасында алға қойған асқақ армандарына жете алатыны секілді, тәрбие шеңберінен шыққан бір ісі арқылы өміріне балта шауып, өксіп, өкінішпен өмір сүруі мүмкін. Кейде сол тәрбие арқылы шешімі жоқ деген тығырықтанда құтылса, бақыт, қуаныш, шаттық ұғымдарды кей жандар осы ұғым аясынан іздейді.

Ибн Сина: «тәрбие - қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау» деп анықтама берген. [ 6]

Яғни, тәрбие адам дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейін жүретін процесс. Ізгілікті, адамгершілігі мол, иманды, адал адам тәрбиелеу мәселесі бір күнде емес ұзақ уақыт аралығын қажет ететіндіктен адамзат баласы өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеп, дамытып тұлға ретінде қалыптастыру керек.

М. Жұмабаев: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн. »

Мағжан ағамыздың тағылымы мол бұл сөзінде ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің жоғары екенін, «заманың түлкі болса, таз болып қу» демекші балаға өзінің ата-анасынан алған тәрбиесінен бірнеше есе асырып тәрбие бере отырып, сол заманға сәйкес озық тәрбие беру қажет екендінін айтқан.

Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамындағы ең өзекті мәселе діни танымды дұрыс қалыптастыру, дін мен дәстүр тұтастығын көздің қарашығындай сақтау. Діни танымды дұрыс қалыптастыру ең бірінші, отбасы институтынан бастау алып, ақыл арқылы діни білім негізінде дамып, тұрақталады. Ал екінші дін мен дәстүр мәселесіне келетін болсақ, ата-бабаларымыздан бері ұрпақтан ұрпаққа аманат болып келе жатқан қазақи дәстүрді ислам дінімен сабақтастыру, ислами тәрбиені жастарымызға тәрбие беруде бірден-бір құндылықпен дұрыс бағыт екенін біле отырып ұрпақты асыл дініміздің шырынымен сусындата алсақ, ислами тәрбиемен сусындаған жастар - халқымыздың мәдениетінің сақталуының кепілі болатыны айдан анық.

Қорытындылай келе, Ислам тәрбиесіндегі жетекші идея адамды адамгершілік пен имандылыққа үндей отырып, бір-бірімен қатынаста жұмсақтық пен адал болуға шақырады. Ислами тәрбиенің тұлға дамуындағы рөлі ерекше екенін және асыл дініміздің тәрбиенің қайнар көзімен сарқылмас бұлағы екенін ұғына аламыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі: « . . . халық Алласына, Тәңіріне сеніп, ертеңгі күнін ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниеде мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе, » - деген екен. Менде елбасының сара ойын қолдай отырып, имандылықпен адамгершілік орын алған ортада, осындай құнды қасиеттер ту тіккен мемлекеттің туы жығылып, рухы ешқашанда құламақ емес. Біз сонда ғана Мәңгілік ел атымен тарихымызды тасқа жазып кетеміз және болашақтың тұтқасын ұстайтын жастар өр жігермен асыл рухты болары сөзсіз.

  1. Мухаммед Пайғамбардың ислам тәрбиесіндегі орны

Пайғамбарлар - Алла Тағаланың халық арасынан таңдап алып, адамдардың өзiне жiберген елшiлерi. Әрине, пайғамбарлар күнәден, кемшiлiктен және олқылықтардан таза екендiгi айқындалған жандар. Олардың әр басқан қадамы мен iзi бүкiл адамзат үшiн жоғары қасиеттiң, аса жағымды мiнез-құлықтың үлгi- өнегесi. Пайғамбарлар - адамзатқа Алла Тағаланың дiнiн жеткiзу арқылы оларды жаман iстерден сақтандырып, жақсы iстер iстеуге шақыру үшiн жiберiлген. Алла Тағала бұл жөнiнде былай дедi: «Расында әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық қылыңдар, бұзықтықтан аулақ болыңдар» дейтiн елшi жiбердiк». Мұхаммед Алла Тағала тарапынан адамдарға Исламды жеткiзу арқылы бұрынғы дiндердi аяқтаған ең даңқты Пайғамбар.

Сүйікті пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) 571 жылдың 20-сәуірі, дүйсенбі күні Меккеде дүниеге келді. Жаратылысымен үлгі болған теңдессіз тұлғаның өнегелі өміріне көз жіберетін болсақ, қаншама қиыншылықпен қуғында болсада даңқты тұлға өң бойымен барша адамзатқа тура жолмен ақиқатты көрсетіп кетті. Хазіреті Мұхаммед Мұстафа саллаллаһу алейхи уә сәлләмды тілге тиек еткенде Қасиетті Құрандағы: «(Мұхаммед (с. ғ. с. ) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік» («Әнбия» сүресі, 107-аят) ; «Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп қана жібердік» («Сәбә» сүресі, 28-аят) [9] аяттарға жүгінетініміз заңдылық.

Өйткені, ол кісі өз бақытынан бұрын үмбетінің бақытын аялап, екі дүниенің игілігі мен жақсылықтарына жетулері үшін ақтық демі таусылғанша адам баласын қараңғылықтан жарыққа жетелеумен болды. Осы жолда кездескен сансыз қиындықтарға, басқасын былай қойғанда, жақындарынан көрген теперіштерге, қарсылықтар мен қысастықтарға қарамастан Аллаһ тағала алдындағы ұлы міндеттерін мінсіз орындауға бар күш-жігерін жұмсады. Аллаһ тағаланың барша құлдарына ұнатқан діні - Исламның жалынды жаршысы болды.

«Мен мынаны мойындаймын: Мұхаммед - ғажап бір күш. Жаратушы мұндай кісіні екінші рет жарата қоймас. Ей, Мұхаммед, сенің замандасың бола алмағаныма қатты өкінемін. Өзің таратқан мына кітап сенікі емес. Ол Құдайдікі. Бұл кітаптың Аллаһтан екенін мойындамау - ғылымды түгелдей жоққа шығарғанмен бірдей күлкілі нәрсе. Адамзат баласы сен секілді ғажап адамды бір- ақ рет көрді, ендігәрі көре алмас. Мен сенің алдыңда құрметпен бас ием» деп германның саяси қайраткері Пренс Отто Вон Бисмарк ардақты пайғамбарымыз (с. а. с) туралы құнды да шынайы ой қосса, «Оны (Мұхаммед) ұлы тұлға деп айту жеткіліксіз. Ол - шын мәнінде Аллаһтың елшісі, қасиетті Пайғамбар» деп неміс философы, социологы, марксизмнің негізін қалаушы, тарихшы Карл Маркс пайғамбарымызға деген зор құрметімен таңданысын шебер білдірген. [10]

Демек, осынау өң бойында кемшілік болмаған, талай отты шығармаларға арқау болған, адамзаттың асыл тәжі, сансыз жүректерді иман нұрымен шомылдырып ислам дінінде болмаған ғалым, зерттеушілердің де таңдайларын қақтырған пайғамбардың ғұмыры өнегемен тәрбиеге толы екені һақ. Адамзатқа үлгі болған пайғамбардың Ислам тәрбиесіндегі орынын қарастырып көрсек:

Тәрбие ұғымын Мухаммед (с. а. с) пайғамбардың міндеті жағынан алып қарайтын болсақ «тәблиғ»- жеткізуші, «муршид»- жол көрсетуші деген мағынаға келеді. Тәблиғ және муршид сөздері тәлім-тәрбие мағынасын өз ішіне қамтиды. Мухаммед пайғамбардың «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деген сөзімен тәрбиенің мақсатын көркем мінезге қол жеткізу, қасиеттілікке ие болу деп айтсақ қателеспейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдер мектебі педагогикасының тарихы
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Ислами тәрбие
Тәрбие және оның даму тарихы
Исламдағы бала тәрбиесінің маңыздылығы
И. Г Песталоццидің, Ф. А. В Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжрибесі
Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
Діни экстремизм - тәрбие сағаты
Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz