Капиталдың мәні, айнымалы және ауыспалы айналымы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Капиталдың мәні, айнымалы және ауыспалы айналымы, ұдайы өндіріс инвестиция

Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың мәні.

Тұрақты ж әне өзгермелі капитал.

Капиталдың пайда болуының объективті алғы шарттары тауар өндірісінің белгілі бір дәрежеге жетуі және тауар-ақша қатынастарыың дамуы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, капитал көпес және өсімкор капиталы түрінде өзінің өмір жолын ақша түрінде бастады. Әрбір жаңа капитал тауар нарығында еңбек нарығында немесе ақша нарығында болсын, тағы да ақша түрінде көрініп, тек белгілі бір процестер арқылы капиталға айналады.

Капиталға түрлі ғылыми көзқарастар әртүрлі анықтамалар береді. Олар негізінен үш бағыттан құралады:

1) заттай иемесе натуралистік конценңиясы;

2) ақшалайі немесе монетаристік концепңиясы;

3) «ақша капиталы» теориясы.

Натуралистік концепциясы тұрғысынан алғанда капитал деп өндіріс құрал-жабдықтарын немесе дайын өнімдерді айтады. Мысалы, А. Смит капиталды жинақталған еңбек, ал Д. Рикардо капитал деп өндіріс құрал-жабдықтарын айтады.

Альфред Маршаллдың теориясыида капитал деп өндірістің алғы шарттарын құрайтын заттарды, Джон Кларк капитал деп босалқы өндіргіш игіліктерді, еңбек өзара бірігіп өндірістің бастапқы негізін құрайтынын, Пол Самуэльсон капитал деп ірі фабрикалардың өндірістік жабдықтарын, қоймалардағы дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттарды қарастырады.

Мұндай көзқарастар қазіргі Батыс экономистерінде де кездеседі. Мысалы, Колумбия университетінде (АҚШ) профессоры Дьюи «Капиталға өндірісте пайдалы рөл атқаратындардын барлығы жатады» деп, яғни оған: өндіріс құрал-жабдықтарын, пайдалы қазбаларды, тұтыну заттарын, жұмыс күшін т. б. жатқызады.

Монетаристік теория тұрғысынан алғанда капитал дегеніміз процент әкелетін ақшалар. Қазіргі кездегі монетаризмді жақтаушылар капитал деп ақшаны және оны алмастырушы несие ақшаларды айтады.

Несие мен ақшаның қызметіне баса көңіл аударуға себеп Джон Кейнс теориясы болды. Дегенмен, кейбіреулері капиталды табысты алуға байланасты капиталды түсіндіреді.

«Адам капиталы» теориясы XXғ. 60 жылдарында адам факторының ҒТР жағда йында күшеюімен байланысты қалыптасты. Оны жасаған неоклассикалық теорияның өкілдері: I. Беккер, Дж. Минцер, Т. Шульц және т. б. болды. Олардың пікірінше, өндірісте өзара әрекетесетін екі фактор бар: «табиғи капитал» - оған өндіріс құрал-жабдықтары жағады, және «адам капиталы» - оған қолдаланған білім, іскерлік, өндіретін нақты табыстар енгізіледі.

Сонымен, біріншіден, капитал дегеніміз - зат емес, бірақ заттар арқылы көрініс табатын және сол заттарға ерекше қоғамдық сипат беретін, белгілі бір қоғамдық қатынастар болып табылады.

Екіншіден, барлық элементтері үнемі қозғалыста болатындар ғана капитал бола алады. Ақша үнемі қозғалыста болған жағдайда ғана капиталға айналады.

Үшіншіден: капитал дегеніміз жалдамалы жұмысшы жасаған, Өздігінен есіп, ұлғайып отыратын құн.

Жұмыс күші дегеніміз - адамның бойындағы белгілі бір тұтыну құндарын өндірерде оны өзі әрдайым іске косып отыратын күш-қайрат және рухани қабілеттердің жиынтығы. Адамның еңбекке кабілеттілігі ретінде, жұмыс күші тарихи түріне байланыссыз кандай қоғамда болса да болады. Қай уақытта және қандай жағдайда жұмыс күші тауарға айналады? Біріншіден, жұмыс күші иесінің бас бостандығы болуы керек. Нарықта жұмыс күшінің иесі сатушы ретінде сатып алушы ретіндегі-ақша иесіне қарама-қарсы тұрады. Жұмыс күшін сату-сатып алу қатынастарының сақталуы үшін, оның иесі өзінің еңбекке қабілеттілігін мәнгілікке емес, белгілі бір мезгілге ғана сатуы керек. Егер мәңгілікке сатса, -ол ерікті адамнан құлға, тауар иесінен кәдімгі тауарға айналар еді.

Екіншіден, жұмыс күші, оның иесі өндіріс құрал-жабдықтарынан және күн көру қаражатынан айырылған күнде ғана тауарға айналады. Егер оның өндіріс құрал-жабдықтары болса, ол нарықта, өзінің жұмыс күшін емес, ұсақ тауар өндірушілер - таруалар мен қолөнершілер сияқты өз еңбегімен өндірілген тауарларын сатқан болар еді.

Жүмыс күшінің - тауар ретінде екі қасиеті болады: жұмыс күшінің құны және тұтыну құны.

Жұмыс күшінің құны дегеніміз оны ұдайы өндіруге, оның үстіне қалыпты сапалы етіп, ұдайы өндіруге қажетті тіршілік заттарының құны болып табылады. Өндірістің дамуына, өндіріс құрал-жабдықтарының прогресіне байланысты жұмыс күші де өзгеріп отырады. Жұмысшының іскерлігі, шеберлігі, тәжірибесі күшейе түседі. Адамның қажеттері де артады. Өндірістің әрбір даму сатысына өзіне тән жұмыс күшінің қоғамдық қалыпты сапасы сай келеді. Жұмыс күші құнының төменгі немесе минимальды шегі жұмысшының өмір сүруі үшін, оның еңбекке қабілетгілігін сақтау үшін кажетті тіршілік заттарының құнынан кұралады.

Жұмыс күшінің тұтыну құны дегеніміз қосымша құн өндіру қабілеттілігі. Өндіріс иелерін қызықтыратыны да жұмыс күшінің дәл осы ерекше тұтыну құны.

Жұмыс күші тауардың тұтыну құны оны дәл пайдалануда, тұтыну процесінде көрінеді. Жұмыс күші тауарды тұтыну процесі дегеніміз -тауар өндіру, құн және қосымша құн өндіру процесі. Басқа тауарлардан өзгеше, жұмыс күші оны тұтыну процесінде құн өндіреді, өндіргенде, өз құнынан артық құн өндіреді. Жұмысшының, өзінің жұмыс күші құнынан артық өндірген құны қосымша құн болып табылады.

Сонымен, капиталдың әрбір бөлігі құн жасау процесіне әртүрлі қатысын, оның өсуіне (көбеюіне) әртүрлі үлес косады. Осы сипатына байлаиысты К. Маркс капиталды екі түрге бөлді: тұрақты және өзігермелі. Капиталдың, өндіріс құрал-жабдықтарына айналағын және еңбек процесінде өзінің құны мөлшерін өзгертпейтін бөлігін К. Маркс тұрақты капитал деп атады ( с-латын әрпімен белгіледі) .

Капиталдың жұмыс күшіне айналатын және өндіріс процесінде өз құнын өзгертетін (өйткені жұмыс күші өз құнының эквивалентін өндіреді жәие оған қоса қосымша құн жасайды), бөлігін К. Маркс өзгермелі капитал деп ағады (v-латын әрпімен белгіледі) .

Еңбек процесі тұрғысынан алғанда капиталдың құрамдас бөліктері бір-бірінен обьективті және субективті факторлар, өндіріс құрал-жабдықтары және жұмыс күші болып бөлінеді, ал құнның өсу процесі тұрғысынан алғанда олар тұрақты капитал және өзгермелі капитал болып бөлінеді. Тұрақты капиталдың құны, яғни пайдаланылган өндіріс құрал-жабдықтарының құны, қайтадан тек даяр өнімде ғана бейнеленеді. Ал өзгермелі капиталдың құны сатып алған жұмысшы күшінің құнына тең құн, бастапқы алдын ала жұмсалған құнды өсіру мақсатына жұмсалады. Еңбек процесінде жұмысшыы өзгермелі капиталдың мөлшеріне тең құн және қосымша құн жасайды. Қосымша құн, демек, өзгермелі капиталдың ғана қосқаны болып табылады.

Қосымша құн өндіру механизмі, оның әдістері, нормасы мен массасы

Қосымша құн өндіруді нақты мысалмен қарастырайық. Мысалы: тігін фабрикасы костюм тігеді делік. 1 костюмге кететін заттай шығын:

а) өндіріс үйлері мен ғимараттар (бір костюм тіккендегі) - 100 тенге;

б) машииа және басқа еңбек құралдары (бір костюм тіккендегі) -200 тенге;

в) шикізат (мата, жіп, электроэнергия және т. б) -300 тенге. Барлық заттай шығын-600 тенге. Еңбек шығыны-жұмысшының (бір күндік) жалақысы-200 тенге. Барлық заттай және еңбек шығыны = 800 тенге. 1 костюмді тігуге кеткен уақыт- 4 сағат. Жұмыс күні уақыты -8 сағат. Демек, бір күнде екі костюм тігеді. Енді екінші костюмді тіккенде өндіріс иесі 600 теңге заттай шығын жасайды. Себебі жұмышыны жалдаған толық бір жұмыс күніне жалақы төлеген, екінші костюм тіккенде жұмысшыға жалақы төлемеуге құқылы. Бірақ жұмысшы (тігінші) екінші костюмді де тіккенде 200 теңгеге тең құн жасайды. Костюмнің бағасы 800 теңге 600 тенге -200 теңге (екініші костюмнен түскен пайда-қосымша құи) . Екінші костюмді сатқандағы баға мен нақты шығынның айырмасы (200 тенге) қосымша құн болады (төленбеген еңбек) .

Енді жұмыс күні екі бөлікке бөлінеді: қажетті және қосымша жұмыс уақыты. Біздің мысалымызда теңгедегі: 4 сағат қажетті жұмыс уақыт, 4 сағат қосымша жұмыс жұмсалады.

Қажетті жұмыс уақыты ішінде жұмысшы өзінің жұмыс күні құнының мөлшеріне тең (біздің мысалымызда 200 теңге) құн жасайды. Осы уақытта шығарылған өнімді қосымша өнім дейміз.

Қосымша жұмыс уақытта жұмысшы тегін еңбек етіп, қосымша (200 теңге) құн өндіреді. Осы уақытта шығарылған өнімді қосымша өнім дейміз. Жұмысшының бір күн ішінде жұмсайтын еңбегі - қажетті және қосымша еңбек болып бөлінеді.

Қосымша құн өндірудің үш әдісі бар. Олар: абсолюттік, салыстырмалы және артық қосымша құн.

Абсолюттік қосымша құн - жұмыс күнінің ұзақтығын арттырып қажетті жұмыс уақытын өзгертпейі бұрынғы қалпында қалдырады да, қосымша жұмыс уақытын ұзартады. Жұмыс күнін шексіз -ұзарту мүмкін емес, себебі тәулік 24 сағаттан тұрады, осыған осыған байланысты жұмыс уақтысының екі шегі болады: төменгі және ең жоғарғы шегі.

Жұмыс уақытының төменгі шегі қажетті қосымша құн өндірудің көлемімен белгіленеді, яғни тарихи дамуға бағынышты өзгермелі шама.

Жұмыс уақытының ең жоғарғы шегі екі факторға байланысты:

1) жұмысшыға жұмыс қабілетін қайта қалпына келтіру үшін демалуға, тамақ ішуге, ұйықтауға және табиғи қажеттіліктерін өтеуге уақыт қажет;

2) жұмысшпыларға мәдени, рухани және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыру үшін уақыт қажет;

Салыстырмалы қосымша құн - қажетті жұмыс уақыттын қысқарту және қосымша жұмыс уақытын соған сәйкес тиісінше арттыру арқылы алынатын қосымша құн. Қосымша құнның бұл түрі, тіпті жұмыс күні қысқарған жағдайда да орын алады. Алайда қажетті жұмыс күнінің кысқару мөлшері, жалпы жұмыс күнінің қысқару мөлшерінен көбірек болуы шартты жағдай.

Қажетті жұмыс уақытының кемуінің негізгі жолы-еңбек өнімділігін арттыру.

Артық қосымша құн -жекелеген кәсіпорындарды ғылыми-техникалық революцияның нәтижелерін өндіріске енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру жолымен алынған қосымша құн. Артық қосымша құң қандай да бір кәсіпорындар да жоғалса, басқа кәсіпорындарда пайда болады.

Жеке өндірістің жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісі

Әлеуметтік-экономикалық формациялардың бәрінде де қоғам өмірінің негізі адамдардың өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктер өндіру болып табылады. Адамдар материалдық игіліктер өндіруді тіпті ең қысқа мерзімге де тоқтата алмайды, өйткені азық-түлік өнімдері, жеке тұтынудың басқа заттары және сол сияқты әр алуан қызмет көрсету түрінде оларға бұл игіліктер күн сайын жаңа көлемде қажет болады. Қоғамның тұтынуды тоқтата алмайтыны сияқгы, ол өнім өндіруді де тоқтата, алмайды. Демек, қоғамның өмір сүруі үшін өндірістің үздіксіз жүруі қажет.

Осы тұрақты байланыстарда жәие өзінің үздіксіз жаңарып тұруында алынып қаралатын өндіріс процесі ұдайы өндіріс процесі деп аталады. Өндіріс сияқты ұдайы өндіріс те әрдайым қоғамдық сипатта болады, өйткені адамдар материалдық игіліктерді тауып өндіргенде, табиғаттың стихиялық күштерімен күрескенде және оларды пайдалануда да жеке-дара істемейді, бұларды бірігіп істейді.

Жай ұдайы өндіріс процесінің әрқашан өзгеріссіз көлемде жаңарып отыруы. Мысалы: 80с+20v+ 20m = І20

2жыл: 80с+20v+20 m = 120

т. с. с.

1-жыл: 80с+20v+20m = 120

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс дегеніміз-өндіріс процесінің жылдан жылға ұлғайып (өсіп) ұдайы қайталанып отыруы.

10

Мысалы: 1 жыл: 80с + 20v+20т = 120

10

11

2 жыл: (80 +8) с+(20 +2) v + 22т = 132 т. c. с.

11

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізі жәй ұдайы өндіріс, ол содан барып ұлғаяды.

Ұлғаймалы ұдайы өндірісте өндірілген қосымша құн екі қорға бөлінеді: тұтыну (10, 11т. с. с. ) және қорлану (10, 11 т. с. с) қорларына.

Тұтыну қоры қоғамдағы адамдардың тұтыну қажеттілігін өтеп, өндіріске қайта оралмайды.

Қорлану қоры-қоғамдық өндірісті ұлғайтуға жұмсалады. Соның нәтижесінде қосымша құн капиталданып қорлану қорына айналады. Демек, капиталдың қорлану процесі ұлғаймалы ұдайы өндірісте пайда болады.

Капиталдың айналымы және ауыспалы айналымы

Негізгі және айналмалы капитал

Капиталдың ауыспалы айнымалы деп өндіріс факторлары құнының өндіріс пен айналыс сфераларындағы қозғалысын айтады, осының нәтижесінде ол үш сатыдан өтеді және өзара сабақтас өндіргіштік, ақшалай және тауарлық нысандарында болады.

Капиталдың ауыспалы айналымының үнемі қайталанып отыруын капиталды айналымы деп атайды.

Негізгі капитал -ғимараттар, жабдықтар және т. б жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп біртіндеп ауыстырады.

Айнымалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық, түгелімен ауыстырылады.

Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып аммортизациялық (өтелім) қорға айналуын -аммортизация (өтелім) деп атайды.

Аммортизация қоры (өтелім қоры) өндіріс процесіне табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін орнына (қалпына) келтіру үшін қажет.

Негізгі капиталдың табиғитозуы деп тұтыну құнының жойылуын айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын капиталының айналымы және қайтармалы айналымы
Негізгі және айнымалы капитал. Амортизация
Капиталдың алғашқы қорлануы және оның Қазақстандағы ерекшеліктері
Капиталды өсірудің негізгі әдістері
Капиталдың ауыспалы моделі
Кәсіпорын қорларының ауыспалы айналымы
Айналым өндірістік қорлар
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері
Өндіріс саласындағы қаржының рөлі
Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz