Қоғамдағы тәрбие


МАЗМҰНЫКІРІСПЕ . . . 3І. ҚОҒАМДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ1. 1 Қоғамдағы тәрбиенің түрлері, оның міндеттері мен әсері . . . 51. 2 Қоғамда тәрбиені ұйымдастыру . . . 91. 3 Қоғамдағы тәрбиенің мақсаты . . . 14ІІ. ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ2. 1 Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің әдістері . . . 162. 2 Қазіргі қоғамдағы тәрбие тәсілдерінің түрлері . . . 162. 3 Iс-әрекет ұйымдастыру әдістерi . . . 21ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30КІРІСПЕТақырыптың өзектілігіПедагогикалық басшылық барша адамдарға өте қажет. Бірақ мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы тәрбие мәселелері әрдайым көкейтесті болып қалуда, себебі бұл дәуірде адамның барша негізгі қасиет-сапалары қаланады және дамиды. Кей¬де бұл пән бірнеше өзара байланысқан салаларға бөлініп қарастырылады: отбасы педагогикасы, мектепке дейінгі педа¬гогика және бастауыш мектеп педагогикасы.Педагогика мұғалiмдердi белгiлi жас тобындағы балалар¬ды тәрбиелеу ерекшелiктерi жөнiндегi кәсiби бiлiмдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу, тәрбие үдерісін жобалауға және iске асыруға, оның тиiмдiлiгiн бағалауға үйретедi. Тәрбие үдерісін ұдайы жетiлдiрiп оты¬ру қажет, себебi адамдардың өмiр жағдайлары өзгермелi, ақпараттар көлемi ұлғаюда, адамға қойылған талаптар жыл сайын күрделене түсуде. Қоғамның мұндай талаптарына пе¬дагогтар өсiп келе жатқан әулиеттi оқыту, тәрбиелеу және оған бiлiм берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап бе¬редi.Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерiстердің iзiмен асығу қажеттiгi пайда болып отыр. Педагогиканың iркiлiс, кешеуiлде¬уi адамдардың даму дағдарысына алып келедi, яғни ғылыми¬ техникалық прогрестің баяулауына соқтырады. Сондықтан да педагогика қалаған дерек көздерiнен жаңа бiлiмдердi терiп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепшi көздер - адамдардың өмiр салтында, дәстүрлерiнде, халықтық тәлім-тәрбиеде бекiген көп ғасырлық тәрбие тәжiрибесi, iс¬-қызметтерi; философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық еңбектер; әлемде және елiмiзде жүріп жатқан тәрбие тәжірибесі; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеулер деректерi; жаңа идеялар, жаңарған бағдар¬бағыттар, жылдам өзгерiстерге келiп тұрған бүгiнгi дүниедегi тәрбиенің тиiмдi соңғы технологиялары.Тәрбие тәжірибесі өз бастауларын адамзат өркениетiнің бiрiншi қадамдарымен байланыстырады. Тәрбие жөнiндегi ғылым геометрия, астрономия және басқа ғылым салалары¬нан көп кейiн қалыптасқан.Қазақ халқының да тәлiм-тәрбиелiк жүйесi ұланғайыр да мәуелi. Бұл салада халқымыздың тәлiм-тәрбиелiк қорына елеулi үлес қосқан арыстарымыз Абай, Ы. Алтынсарин, С. Торайғырұлы және т. б. Олардың тәлiм-тәрбиелiк өсиеттерi талай зерттеулерге арқау болған.Бүгінгі алған тақырыбымыздың зерттеу мақсаты:- Тәрбие ұғымының түсінігіне сипаттама беру;- Тәрбиенің түрлерін анықтап, мағынасына тоқталу;- Тәрбиенің әдістері, әдістерінің түрлерін саралау;- Тәрбиенің ұйымдастыру жолына анықтама беру.Зерттеу міндеттері:- тақырыбымыз арқылы тәрбиенің бағыттарын анықтау;- тәрбие берудің әдістері мен жолдарын іс жүзінде жүргізу;- тәрбие берудің әдістері мен жолдарын дамытуға арналған жұмыс түрлерінің тиімді әдістерін ұсыну.Зерттеу кезеңдері:- курстық жұмыстың тақырыбына байланысты әдебиеттер жинақтау;- әдебиеттерді негізге ала отырып, тақырыптық жоспар жасау;- құрылған жоспар бойынша теориялық бөлімді жазу;- курстық жұмыстың өзекті мәселелерін әдістемелік тәсілдермен анықтау.Зерттеу болжамы:Осы тақырыбымыз барысында тәрбие беруді тәжірибе жүзінде қолданған әдістерді сапалы жүргізсе, бүгінгі күнгі тәрбиеленушілерге тиетін пайдасы мол болмақ. Педагогикалық оқытудың жалпы және негізгі жүйесі - оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу. Бұл орайда, бүгінгі алған тақырыбымыз арқылы жаттықтыру - тартымды тәрбие болады. Себебі тақырыбымыз арқылы оқушылардың тәрбиесін дамытуда тақырыбымыздың алатын орны ерекше. Бүгінгі жұмысымыз екі тараудан тұрады: бірінші тарауда тәрбиенің түрлері, оның міндеттері және мақсаттарына тоқталар болсақ, екінші тарауда тәрбиенің әдістері жайлы айтатын боламын.І. ҚОҒАМДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ1. 1 Қоғамдағы тәрбиенің мақсатыТәрбие мақсаты - тәрбие қызметi бағытталған соңғы нәтиже. Мақсат - бұл барлық күш-қуаттың қосылуымен орын¬далатын болашақ. Қалаған тәрбие - мейлi ол кiшкене бiр елен¬бес iс болсын, мейлi кең көлемдегi мемлекеттiк бағдарлама болсын - қай жағдайда да нақты мақсатты көздейдi; бағытсыз тәрбие болмайды. Тәрбиенің мазмұны, ұйымдасуы, формала¬ры мен әдістерi - бәрi мақсатқа тәуелдi келедi. Осыдан, тәрбие мақсаты, мәселесі педагогикадағы аса маңыздылардың бiрi. Өздерiнің iс-әрекетiнде мектеп және тәрбиешiлер неге ұмтылуы тиiс, қандай нәтижелердi қолға кiргiзуi керек - бұл сұрақтар оқу-тәрбие аймағында қай уақытта да өзектiлiгiн жойған емес. Тәрбие мақсаттары жалпы және жеке-дара болып бөлiнедi. Бiрiншi жағдайдағы мақсаттың көздегенi барша адамдарға тән қасиет-сапаларды қалыптастыру, екiншiде - дара адам тәрбиесiн көздейдi. Өрелі педагогика жалпы және жеке-дара мақсаттардың бiрлiгi мен бiрiгiмiн қолдап-қуаттайды.Мақсат тәрбиенің жалпы ұмтылыс бағытын бiлдiредi. Тәжірибелік iске асыруда ол нақты мiндеттер жүйесi түрінде көрiнедi. Мақсат пен мiндеттер өзара бүтiн мен бөлiктің, жүйе және оның элементтерi сипатындағы қатынаста болады. Сондықтан, тәрбие мақсатының мәнi - бұл тәрбие арқылы шешiлетiн мiндеттер жүйесi деген анықтамамен де ашылуы мүмкін. Тәрбие мiндеттерi, әдетте, өте көп болады. Олар нақты және жалпы түрге жiктеледi. Дегенмен, өз алдына жекеленген тәрбиелiк жүйе шеңберiнде мақсат бiреу. Бiр орында, белгiлi бiр уақыт аралығында тәрбиенің әрқилы мақсаттарды көздеуi мүмкін емес. Мақсат - тәрбиелiк жүйенің сипатын айқындаушы элемент. Осы мақсаттарға және оларға жету құрал, шаралары¬на байланысты бiр жүйе екiншi бiреулерiнен ажырайды.Қазіргі заманда тәрбие мақсаттарының және оларды iске асырушы тәрбиелiк жүйелердің көп түрлілiгi қабылданған. Бұл жүйелердің әрқайсысы өз мақсатымен танылып, ал сол мақсатты iс жүзiнде орындау белгiлi шарттар мен жабдықтарды қажет етедi. Мақсаттар арасындағы өзгешелiктер де шексiз: адамның кейбiр сапаларындағы еленбес өзгерiстерден онда болып қалатын түбегейлi тұлғалық ауысуларға дейiн. Мақсат көп түрлілiгi тәрбиенің өте күрделi болатындығының және бiр айғағы.Тәрбие мақсаттарының мән-мағынасы неде? Олардың басты ұмтылысы қоғам қабылдаған тәрбиелiк мұраттарға жету. Бiздің бүгiнгi қоғамымыздағы мұрат - бұл кемелденген, жан-жақты және үйлесiмдi дамыған адам. Ескеретiн жәйт, мақсаттар идеялдық, әлi санадағы болжамдарға негiзделiп, белгiленгенiмен, олар шындықты, нақты тұрмыстық қажеттiктен тәжірибелік iске айналады. Сондықтан, олардың қалыптасуына шынайы себептер мен олардың орындалу мүмкіндiктерi өз таңбасын салады. Мақсаттардың жалпы бағыт-бағдарының айқындалуына келесi жағдаяттар өз ықпалын тигiзедi: ағза жетiлуiндегi физиологиялық заңдылықтар, адамдардың психикалық дамуы, философиялық және педагогикалық ойлардың жетiстiгi, қоғамдық мәдениет деңгейi. Педагогикалық жүйе мүмкіндiктерi аталғандардың қолдану шеңберiн анықтап отырады.Тәрбиенің мемлекеттiк жүйесiнде мақсатты белгiлеушi бас¬ты жағдаят - бұл идеология, мемлекет саясаты. Әлемде, мейлi ең демократияшыл болсын, соның өзiнде қалыптасқан қоғамдық қатынастарды нығайтуға бағытталмаған, саясат пен идеологиядан ажыраған мектеп тәрбиесi мақсаттарын ұстанған бiрде-бiр мемлекет болмайды. Мемлекеттiк емес оқу-тәрбие мекемелерiнде мақсат жеке тапсырыс берушiлердің талапта¬рымен реттеледi, жалпы бағыт-бағдары да солар арқылы бел¬гiленедi. Бiрақ, бұлай болғанның өзiнде де тәрбиенің ұлттық ерекшелiктерi мен салт-дәстүрлерi сақталады.Соңғы дәуiрдегi әлемдiк педагогикада тәрбиенің саясат¬тан, идеологиядан тәуелсiздiк идеясы бой тiктеп келедi. Осы¬дан, тәрбиенің мақсаты жалпы адамзаттық өмiр заңдарына, қажеттерiне, құқықтары мен еркiндiгiне орай белгiленуi шарт. Бұл көзқарастан, адам мақсатқа жетудің құралы емес, тұлғаның өзi - сол мақсат.Педагогика тарихы -тәрбие мақсаттарының пайда болуы, жасауы, және жойылуының ұзақ та шырғаланды тiзбегi. Осы¬дан, тәрбие мақсаттарының түбегейлi тұрақты болмайты¬нын түсiнемiз, сондай-ақ, формальды дерексiзденген, барша кезеңдер мен халықтардың бәрiне бiрдей қолданымға түсетiн мақсаттардың да болуы мүмкін емес. Тәрбие мақсаттары қозғалысты, өзгермелi, нақты тарихи сипатқа ие. Тәрбие мақсаттары жол-жөнекей, кездейсоқ, өзінен- өзi немесе жеке адамдардың тiлек-ниетiмен пайда болмайды. Қоғамдық даму тарихының айғақтағанындай, тәрбие мақсаттары бiрнеше өте маңызды себептермен орайлас. Тәрбие мақсаттарын таңдауда және оларды белгiлеу мен iске қосуда табиғаттың, қоғамның, адамның шынайы даму заңдылықтарын арқау ету мiндеттi.Тәрбие мақсаттарын таңдауға ықпал жасайтын жағдаяттар қандай болуы мүмкін? Жоғарыда ескерiлген саясат, мемле¬кет идеологиясы сияқты танымал шарттарға қосымша аса маңызды болып келетiндерi қоғам қажеттiктерi. Тәрбие мақсаты әрдайым өсiп келе жатқан әулеттi қоғамдық, өндiрiстiк, отбасылық қызметтердi орындауға дайындық болған қоғам қажеттiгiне орайлас белгiленедi. Қоғам қажеттiгi өндiрiс тәсiлдерi, яғни өндiрiс күштерiнің даму деңгейi және өндiрiстiк қатынастардың сипатына тәуелдi. Сондықтан, тәрбие мақсаты негiзiнен қоғам дамуындағы жетiстiк деңгейге сай болып, сол деңгеймен белгiленiп, өндiрiс тәсiлдерiнің өзгеруiмен ауы¬сып барады. Тәрбиенің мақсаты мен сипаты әрдайым белгiлi қоғамдық-экономикалық сатыға тән болған өндiрiс күштерiнің даму деңгейiне және экономикалық өндiрiс қатынастарының типiне сәйкес болады.Өндiрiс тәсiлдерiнен басқа тәрбие мақсатына ықпал жа¬саушы жағдаяттар да баршылық. Олардың арасында ғылыми-техникалық және әлеуметтiк даму қарқыны, қоғамның экономикалық мүмкіндiктерi, педагогикалық теория мен тәжірибенің даму деңгейi, оқу-тәрбие мекемелерi, тәрбиешiлерi және мұғалiмдерiнің мүмкіндiктерi, т. б. - тәрбиеге өз әсер ¬ықпалын тигiзiп отырады.Ұлы ойшылдардың тәрбие мақсаттары төңірегiндегi күрестері ежелгi дүниеден басталған. Ежелгi ойшылдар тәрбие мақсаты қайырымдылық болуы тиiс деген¬дi қолдаған, бiрақ ненi қайырымдылыққа санау қажет - бұл бойынша пiкiр қайшылығы бар. Платон - ақыл, ерiк және сезiм тәрбиелеудi басты назарына алған. Аристотель болса: ерлiк пен шыдамдылық, қанағатшылдық пен әдiлдiк, жоғары пара¬сатты және моральдық тазалық тәрбиесiн дәрiптеген.Я. А. Коменский - тәрбиенің күшiне шексiз сенген, өзiнің “Аналық мектебi” шығармасына эпиграф етiп, Цицеронның келесi сөздерiн алған: “Бүкiл мемлекеттің негiзi - жастардың дұрыс тәрбиесiнен”. Ұлы ғұламаның пiкiрi бойынша әрқандай тәрбие үш мақсатқа орай белгiленуi тиiс. Олар - өзiн және қоршаған дүниенi тану (ақыл тәрбиесi), өзiн-өзi басқара бiлу (инабаттық тәрбиесi) және Аллаға ұмтылыс (дiни тәрбие) . Ағылшын философы және педагогы Дж. Локк пайымдауынша, тәрбиенің басты мақсаты - өз iстерiн “даналық және парасат¬пен жүргізе алатын” адам - джентельмен. Бұл джентельмен, сонымен бiрге, iскер де ынталы, өте ақылды және тәжірибелік бiлiмдермен қаныққан азамат деңгейiнде тәрбиеленуi қажет. Француз материалистi К. Гельвеций тәрбие негiзiне “бiртұтас мақсат” алынғаны дұрыс деп бiлдi. Бұл мақсат қоғам игiлiгiне, яғни қауымның көптеген мүшелерiнің - азаматтардың бақыты мен жоғары қанағатына бағытталуы тиiс. Ал тәрбиешiнің мiн¬детi - “сол азаматтардың жүрегiн iзгiлiкке, ал олардың ақылын шындыққа бұра, ашып, нәтижеде - оларды парасатты да сезiмтал адам сипатында тәрбиелеу. Сонымен, елжандылар қалыптастыру, азаматтар санасында жеке бас жақсылығы мен бүкiл ұлт игiлiгiн мықтап бiрiктiру.Ж. Ж. Руссо тәрбие мақсаттарын жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан пайдалану қажеттiгiн баса айтқан. Адам дүниеге әлсiз әрi қорғансыз келетiндiктен оған тәрбие қажет. Осыдан тәрбиенің мiндетi - адамды жасау. “Мен өз тәрбиемдегi баланы, өмiр сүру кәсiбiне үйреткiм келедi; менің қолымнан шыққан бала - сот та, сарбаз да, молда да болмайды: ол ең алдымен адам болады. Адам қандай болуы қажет болса, ол сол дәрежеге көтерiле алады, қажет болған жағдайда, қаншама тағдыр-тәлкегiне түссе де, ол барлық уақытта өзiнің адамгершiлiк деңгейiнен жарқырап көрiне бередi”.И. Песталоцци, швейцар педагог-демократы, тәрбиенің түбегейлi мақсаты - табиғаттан берiлген адам қабiлеттерiн және дарынын дамыту, оларды ұдайы жетiлдiрiп бару және сонымен “адам күштерi мен қабiлеттерiнің үйлесiмдi дамуын” қамтамасыз ету.Тәрбиеге немiс философы И. Кант үлкен сенiм артып, оның мақсаты - баланы ертеңгi күнге дайындау деп бiлген: “Балаларды бүгiнгi күнге емес, болашаққа, мүмкін болар, адамзат қауымының шуақты күндерi үшiн тәрбиелеу қажет”. Кант iзбасары немiс педагогы Ф. Рейн бұл мақсатты нақтылай келiп: “Тәрбиешi өз әлпешiндегi баладан шынайы жақсы адам, татымды болғанның бәрiн зейінiмен қабылдап, өз халқы үшiн пайда келтiре алатын, ақкөңіл де адал, дiни сенiмi мол нағыз азамат қалыптастыруы мiндеттi”- деген.Немiс педагогы И. Гербарт тәрбиенің мақсаты - адамның жан-жақты қалыптасуына бағытталған көп тарап¬ты қызығуларын дамыту, - деп бiлдi. Тәрбие мұраты (идеал) -қайырымды адам. Осы мақсатты мәңгі де бұлжымайтын сипатта бағалай отырып, Гербарт қалыптасқан қатынастарға икемшiл, белгiленген құқықтық тәртiптi сыйлайтын адамдарды тәрбиелеудi көзде ұстады.Қазақтың ұлы ғұлама-ағартушысы А. Байтұрсынұлы жеке адамды тәрбиелеу мақсатын қоғамдық мұраттармен бай¬ланыстыруды дәрiптеген: “Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жүрт iсi түзелмейдi … Ай мен күндей, әмбеге бiрдей бiлiм - көп ортасындағы мүлiк, онан сыбаға ала алғандар алып жатыр, ала алмағандар, құр қалып жатыр…”.Орыс социал-демократтары тәрбие мақсаттары жөнiнде өз пайымдарын әлемге паш еттi. Бұлардың арасында ХIХ ғасырдың 40-жылдары В. Г. Белинский басыбайлылық және патша құрылымымен күрескерлердi тәрбиелеу жөнiнде жаз¬ды. А. И. Герцен тәрбиенің мақсаты - еркiн, iскер, инабатты, жан-жақты дамыған, қоғамдық қатыгездiкпен күреске дайын тұлғаны дайындау деп түсiнген. Н. Г. Чернышевский тәрбие алдына iзгiлiктi мақсат қойды: қоғамшыл, жоғары мұратты, тура да адал, жеке бас қамын қоғам талаптарымен үйлестiре бiлген белгiлi дәрежедегi ұнамды өзімшілдігі бар адамды дайындау.Тәрбиелi адам - бұл ең алдымен инабатты, iзгiлiктi адам. Бұл тұрғыдан К. Д. Ушинский: “Тәрбиенің басты мiндетi адамгер¬шiлiк ықпал жасау. Бұл ықпал жалпы ақыл дамуынан да, бiлiм қорын жинақтаудан да маңыздылау” - деп тұжырымдаған.Жоғарыда келтiрiлген мысалдардан тәрбие мақсатының жалғыз болмағанын, әлi де болмайтынын байқаймыз. Тәрбие мақсаты -тәрбиелi адам, ол қандай болуы тиiс деген шексiз даулы мәселелер тоғысында дүниеге келедi. Жүйелi тәрбие мақсаты бастауыш мектептің қабырғасынан орындала бас¬тайды. Тәрбиенің қандай сипатта болатыны, оны тәрбиешi қалай түсiнедi және бағыттайды, ол балалар түсiнiгi мен қабылдауына қалайынша ендiрiледi - тәрбие нәтижесiн айқындаушы сұрақтар. Осы сұрақтардың ұтымды шешiлуiне бiздің қоғамымыздың ертеңгi азаматтарының кейiп-келбетi тәуелдi келедi.Тәрбиенің бұлжымас мақсаттарының арасында арман тектес, тәрбиенің ең жоғарғы мұраты - дүниеге келген әрбiр адамды жан-жақты және үйлесiмдi дамумен қамтамасыз ету. Бұдан тұлғаның барша тараптарын - дене, ақыл, еңбек ептiлiктерi мен дағдыларын және с. с. бiрдей қалыптастыру қажеттiгiн түсiнемiз. Сондай-ақ, бұл сапалардың бәрi үйлесiмдi қостасып, дамудағы барша адам қасиет сапаларының бiрде¬бiреуiнің кешеуілдемеуiн қамтамасыз етуi қажет. Бұл пiкiр Қайта тiктелу дәуiрiнің философтары мен педагог гуманистерiнің еңбектерiнде нақтыланған, бiрақ бұл мақсат түп тамыры ежелгi философиялық iлiмдерден бастау алады. Әрқилы замандар¬да жан-жақты үйлесiмдi даму түсiнiгi әрқандай мән-мағынаны аңдататын болған.Сонымен, жетiлген, жан-жақты және үйлесiмдi дамыған адам - тәрбиенің ең жоғары мұраты. Бұл мақсат адамзаттың ең алдағы даналарының ойынан туындаған. Олардың адамға және тәрбиенің жойқын қуатына деген сенiмiнен пайда болған. Әлбетте, бұл өте алыстағы да, жоғары да мақсат. Осы мақсаттың социалистiк қоғамда да, басқа да әлеуметтiк дүниеде толық көлемде орындалмағанын ескерiп, одан бас тарту керектiгiн немесе, тым болмаса, оны қарапайымдастырып, тарылту қажеттiгiн айтады. Ал ендi осы ұлы мұрат - мақсатқа балама болатындай не бар?Тәрбие мақсаттарын орындауда, яғни жан-жақты және үйлесiмдi дамыған тұлғаны қалыптастыруда - кезiккен қиыншылықтар мен қателiктер жалпы бiлiм берушi мектептің мiндеттерiн бiршама тарылтып, оларды қайта қарастыру және нақтылауды талап еттi, бiрақ мақсаттың өзiн ауыстыруға бара алмады. Жан-жақты және үйлесiмдi тәрбие орнына ақылға сай балама табылмады. Ол бұрынғыдай мұрат күйiнде сақталады, жiберiлген қателiктердi ескерумен бүгiнгi жаңа мектеп осы мұратқа жету жолында өз қызметiн жаңадан бастайды. Бұл үшiн тек саналы ұйым мен бүкiл қоғамның қолдауы ғана қажет.Бүгiнгi күнгi орта жалпы бiлiм берушi мектептің басты мақсаты - тұлғаның ақыл-ой, адамгершiлiк, көңіл-күй және дене дамуына жәрдем берiп, баланың жас ерекшелiктерi¬не орай даралығының гүлдене түсуi үшiн әрқилы жағдайлар және шарттармен қамтамасыз ету. Тұлғаны дамыту талабы - мектептің жалпы мақсатына: оқушыларда саналы азаматтық көзқарас баулу; өмiрге, еңбекке, әлеуметтiк шығармашылыққа дайындау, демократиялық өзiндiк басқарым мен ел және өркениет тағдырына жауапкерлi болу сынды “адамилық си¬пат” қосу. Дұрыс бағыттағы тәрбиеде мақсаттар бiрiздiлiгi мен жалғасы сақталуы тиiс. Әрқандай ел, соның iшiнде Қазақстан да өзiнің тарихи қалыптасқан ұлттық жүйедегi тәрбиесiне ие. Оны қандай да басқасымен ауыстыру мағынасыз. Ал жетiлдi¬ру, дұрыс қорытындылар мен қуаттау әбден керек, тұлға және қоғам алдынан шыққан жаңа мақсаттар мен құндылықтарға сәйкестендiрiп, жүйенi дамыта түсу парыз.Сонымен, жаңаланған мектеп адамзат даналары белгiлеген жан-жақты және үйлесiмдi адам дамыту мақсатын жалғастыра түседi. Бiрақ ол мақсат бұл күнде орынды ауқымда және iскер¬лiкпен белгiленуде, яғни бүгiнгi мектептің мiндетi - тұлғаның ақыл, адамгершiлiк, көңіл-күй және дене дамуына жәрдемдесу, оның шығармашылық мүмкіндiктерiнің ашылуына қолдау көрсету, iзгiлiк қатынастарын қалыптастыру, жас ерекшелiктерiн ескере отырып, баланың даралық қабiлеттерiнің өркендеуiне жағдайлар жасау.1. 2 Қоғамдағы тәрбиенің түрлері, оның міндеттеріТәрбие мақсаттарының жүйесi келесi үлкен мiндеттер тобын қамтиды. Бұлар - ақыл-ес (интеллектуалды), дене, еңбек және политехникалық, адамгершiлiк, эстетикалық (көңіл-күй) тәрбиесi. Қазіргі замандағы қоғамның өмiрi мен дамуы маңызды жеке мiндеттер қатарында оқушылардың экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбиесiн өз алдына тартып отыр. Аталған мiндеттер ауқымы өте кең болғандықтан, олар педагогикалық теория мен тәжірибенің жеке мәселелер тобы¬на айналып, өз алдына қарастыруды талап етуде.Ақыл-ес тәрбиесi оқушының зердесін, танымдық мүмкіндiктерiн, бейiмдiлiгi және дарынын тәрбиелеуге бағдарланған. Оның басты мiндетi - оқушыларды ғылым не¬гiздерiне байланысты бiлiмдер жүйесiмен қаруландырып, оларда дүниетаным бастауларын қалыптастыру. Дүниетаным - бұл табиғат, қоғам, адами құндылықтар, еңбек, өмiр мәнi және танымға орайластырылған көзқарастар жүйесi. Қаланған дүниетаным әр оқушыға қоғам және табиғат өмiрi құбылыстарын тереңнен түсiнуге, бұл құбылыстарды саналы деректеп, оған болған өз қатынасын қалыптастыруға, яғни өз өмiрiн саналы құрып, еңбек етуге және игерген бiлiмдерiн iскерлiкпен табиғи байланысқа келтiруге негiз салуы тиiс.Саналы игерiлген бiлiмдер жүйесi парасатты ойлау, ес, зейiн, қиял, ақыл қабiлеттерiнің дамуына ықпал жасап, бейiмдiлiк¬терi мен дарынына жол ашады. Ақыл тәрбиесiнің мiндеттерi төмендегiдей:- ғылыми бiлiмдердің белгiленген көлемiн игеру;- дүниетаным қалыптастыру;- ақыл қуат қабiлеттерi мен дарынын өрiстету;- танымдық қызығуларды ояту;- тұлғаның табиғаттан берiлген мүмкіндiктерiн ашып, дамыту;- танымдық белсендiлiк қалыптастыру;-ұдайы өз бiлiмдерiн толықтырып бару және жалпы бiлiмдiк дайындық деңгейiн жетiлдiру қажеттiктерiн дамыту;- оқушыларды танымдық iс-әрекет әдістерiмен қарулан¬дыру;-ойлау тәсiлдерi мен шығармашылық қызмет тәжiрибесiн қалыптастыру.Мектептің аса маңызы мiндеттерiнің бiрi болған ақыл тәрбиесiнің қажеттiгi ешбiр күмән келтiрмейдi, бiрақ оның мазмұны жеке тұлға дамытуға бағдарланбай, бұрынғыша - қалыптасқан желiмен бiлiм, ептiлiк және дағдылар тобын игерудi ғана көздейдi. Бiлiмдендiру аймағында кей уақыттары оның аса маңызды болған бiрлiктерi -әрқилы форма және түрдегi iс-әрекеттер және қоршаған
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz