Құқықтық тәрбие жайлы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері . . . 7Құқықтық тәрбие ұғымы . . . 7Құқықтық тәрбие берудің мақсаты, мазмұны . . . 8Құққықтық тәрбие берудегі мектептің рөлі . . . 12
- Тұлғаны құқықтық жағынан тәрбиелеудің практикалық жағдайы . . . 17Оқыту үдерісінде құқықтық тәрбие беру . . . 17Тұлғаға құқықтық тәрбие берудің сыныптан, мектептен
тыс түрлері . . . 23
Қорытынды . . . 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 27
Кiрiспе
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тікелей тірек болатын барша құқықтық негізді қайта құру қажеттігі туды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп бекітілген. Өркениет пен мәдениеттiң маңызды құбылысы ретiнде құқық мемлекеттiң жағымсыз iс-әрекеттерiне заңды түрде тосқауыл қоя отырып, адамның табиғи тарихи еркiндiгi мен бостандығының жанашыры, гаранты рөлiн атқарып отырады. Сөйтiп, адамға оның жан-жақты еркiн дамуына, қысылмай ыңғайлы өмiр сүруiне кепiл болады.
Осы тұрғыдан алғанда, құқық - қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы әрі қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал ретінде адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтан қоғамның дамуы әрбір адамның өз құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерінің болуы арқылы көрініс табатын болса, ол мектеп қабырғасынан бастап қалыптасқан құқықтық тәрбиеге тікелей байланысты.
Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында (0-18 жас аралығында) 5 млн. жуық бала өмір сүреді, оның 508 мыңы мектеп жасына дейінгі, ал 3 млн. жуығы. мектеп жасындағы балалар. Соның ішінде, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар туралы алынған мәліметтер бойынша 2005-2007 оқу жылдарында тұлғаның аралығында құқық бұзушылық 5, 9 пайызға дейін жоғарлағанын, ал 2007-2009 оқу жылында 17, 8 пайызға төмендегенін көрсетеді. Бұл Республикада балалық шақ мәселесімен айналысатын 9 министрлік пен ведомство мен 16 балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жұмысына және 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекітілуіне, құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу іс - шараларының жиі өткізілуіне, әр мектепке мектеп инспекторларының бөлінуіне тікелей байланысты. Соған қарамастан қазіргі қоғамдағы жеткіншектер арасында нашақорлықтың, зорлықтың, ұрлықтың, бұзақылықтың орын алуы және заңдарды бұзушылық, адам құқықтарын қорғаудың механизмінің болмауы, адамның өз құқықтарын қорғау тәсілдерін білмеуі құқықтық тәрбиелеуге қатысты жаңа бағытты қалыптастыруды талап етеді.
Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған тәрбие мен отбасының жағдайы арқылы тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жететінін ескеру қажет. Тәрбие - бүгінде ұлттардың бірігіп нығаюының бөлінбейтін механизмі ретінде әлемдік өркениет пен мәдениеттің дамуында әрбір халықтың өзінің тарихи тағдырын, өзінің орны мен рөлін саналы түсінуіне әкелетін құбылыс. ХХI ғасырдың басында жаһандануға байланысты ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі қоғамымыздың қазiргi әлеуметтiк-тарихи даму кезеңiнде, бiлiм беру жүйесiн реформалау үдерісiнде отбасы мен жалпы бiлiм беретін мектепте туындаған тәрбиелеу үдерісінің педагогикалық ерекшелiктерiнің маңызы өсiп отыр.
Тарихқа көз жіберсек, құқық, қазақ халқының тұрмысындағы құқықтық мәдениет, құқықтық қарым-қатынас нормалары туралы құнды пікірлерді Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, А. Яссауи, М. Қашқари, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Есім хан, Қасым хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Тәуке хан өнегелерінен; одан кейінгі кездегі Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов сынды ағартушылар еңбектерінен көреміз. Бертін келе, тұлғаға құқықтық тәрбие беруде, азаматттық ұстанымдарды қалыптастыруда қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің озық тәжірибелерін пайдалануды Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, К. Қожахметова, Ә. Табылдиев, Қ. Бөлеев және т. б. еңбектерінде қарастырады.
Зерттеліп отырған мәселенің теориялық негізі шетел ғалымдары Э. Дрюкгейм, М. Вебер, Т. Парсонс және т. б; ТМД ғалымдары Г. П. Давыдов, Н. М. Кейзеров, И. Ф. Рябко және т. б. ; Қазақстан ғалымдары М. Т. Баймаханов, Д. О. Сартаев, Г. С. Сапарғалиев, Е. К. Нұрпейісов, Л. А. Байсерке, В. В. Трифонов, Л. К. Керімов, К. Б. Бегалиев, В. Г. Баженов, Э. И. Шыныбекова және т. б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылады.
Зерттеу мәселесі бағытындағы ғылыми еңбектерді талдау барысында соңғы жылдары құқықтық тәрбие басқа да контексте қарастырылатыны айқындалды. Әсіресе, қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылық, оқушылардың оған бейімділігі, оны жеңетін фактор ретінде жаңа құқықтық ойлауды қалыптастыру және т. б. тұрғыдан зерттелінуде: Отандық ғалымдар, атап айтқанда Н. Н. Өсеров, С. И. Қорықбаев, Р. Ә. Орсаева, Д. Б. Бұғыбай, Г. С. Джусупова, Л. Қ. Ерінбетова, С. Б. Бейсебаева, А. Б. Сманова, А. О. Бейсембаева; Ресей ғалымдары А. Н. Бабенко, Н. И. Матузов, А. В. Малько, В. Н. Кудрявцева, В. В. Латаева, Ю. П. Козюбра және т. б.
Дегенмен, қазіргі мектепті ізгілендіру барысында тұлғаға құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздерін жасау терең зерттелініп шешімін таппай отырған мәселе болып отыр. Бүгінгі күннің әлеуметтік-мәдени жағдайына байланысты тұлғаның мінез-құлқы мен жүріс-тұрысындағы адам затына кайшы, ұлттық менталитетімізде жоқ қылықтар мен теріс әрекеттердің тұрмыста кездесіп қалуы, тұлғаға құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын анықтаудың қажеттілігін туғызады.
Сонымен, зерттеу мәселесi бойынша ғылыми - теориялық әдебиеттердi жан-жақты талдау, мектептегі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәжірибелерді саралау нәтижелері құқықтық тәрбие мен осы бағыттағы әртүрлі зерттеулердiң болғанына қарамастан, құқықтық тәрбиеге байланысты шешімдерін таппаған жекелеген мәселелер көрініс беретіндігін анықтайды. Құқықтық тәртіпті қатайтуға деген заңдылықтарды орындау мен жүзеге асыру бұл үдерістердің теориялық және ғылыми - әдістемесінің әлі де жетік еместігі, мектеп оқушыларының тұлғалық дамуындағы және жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі келеңсіздіктер, құқықтық білім мен тәрбиенің төмендігі арасындағы; мектепте құқықтық білім мен тәрбие беру жүйесінің педагогикалық шарттарының толық меңгерілмеуі мен мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру бағдарламасының жүйеленбеуі арасындағы қарама-қайшылықтардың орын алуы негіз болып отыр. Осы қарама - қайшылықтарды шешуге байланысты қоғам талаптарына сай жалпы білім беретін мектептегі тұлғаға құқықтық тәрбие берудің тиімді жолдары мен шарттарын белгілеу біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Тұлғаны құқықтық жағынан тәрбиелеу » деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу обьектісі: жалпы білім беретін мектептегі құқықтық тәрбие беру үдерісі.
Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектеп жеткіншектеріне құқықтық тәрбие беру үдерісін зерттеу.
Зерттеудің мақсаты: жалпы бiлiм беретін мектептегi тұлғаға құқықтық тәрбие берудің теориялық мәселелерін және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, тұлғаға құқықтық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық мәселесі зерделеніп, оның теориялық - әдістемелік негізі жасалса, онда жалпы білім беретін мектептегі тұлғаның құқықтық тәрбиесі туралы теориялық білімдері кеңейіп, сана-сезімі мол, еркін, белсенді, тәртіп бұзушылыққа ымырасыздықпен қарайтын жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Зерттеудің міндеттері:
- құқықтық тәрбие мен мәдениеттің психологиялық, педагогикалық теорияларын анықтау;
- құқықтық тәрбие беру негізіндегі озат педагогикалық тәжірибелерді анықтау;
- тәжірибе негізінде құқықтық білімдерді меңгертіп, тұлғаға құқықтық тәрбие берудің теориялық мәселелерін және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын зеріттеу.
Зерттеудің жетекші идеясы: жалпы орта білім беретін мектептегі оқу тәрбие үдерісінде тұлғалық - бағдарлық тұрғыдан тұлғаға құқықтық тәрбие беру қазіргі қоғам талаптарына сай тұлғаның әлеуметтік -құқықтық мәдениетін қалыптастырады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: таным, тұлға, іс-әрекет, тұлғалық - бағдарлық, тұтас педагогикалық процесс, ынтымақтастық теориялары, құқық туралы философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстыру, оқу-әдістемелік құжаттарды саралау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, оқу-тәрбие үдерісін бақылау, қорытындылау.
Зерттеу көздері ретінде Қазақстан Республикасының Ата заңы (2008), «Білім туралы» Заңы (2007), «Бала құқықтары туралы Конвенция» (1989), «Мәдени мұра» бағдарламасы (2003), «Мәдени мұра стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасы (2000), Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде тәрбиенің кешенді бағдарламасы (2000), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004), «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» (2004), Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары: «Қазақстан 2030» стратегиясы (1998ж. ), «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» (19 наурыз, 2004ж. ), «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» (2005ж. ), «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» (1 наурыз, 2006ж. ), «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (28 ақпан, 2007ж. ), зерттеу мәселесіне бойынша отандық және шетел ғалымдарының (философтар, психологтар, педагогтар) еңбектері, жалпы білім беретін мектептердегі озық тәжірибелер және автордың жеке педагогикалық іс-тәжірибесі алынды.
Зерттеу әдістері: педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, бақылау, тәжірибелік жұмыстыр.
1 құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері
- Құқықтық тәрбие ұғымы
Тұлғаны жан - жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі - құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкер -шілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату про -цесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез - құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс.
Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқын -дауда А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский “қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мақтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез - құлықтарына қалыптастырады” [1] деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағайы боп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары - ең алдымен өздерінің ата - аналары.
А. С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім - тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе. [2]
Балалардың ата - аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдікті самсатып қояды. Ал, жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол - бала көргенін істеп, ішімдікке бой ұрады.
Ата-аналар және тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жанжал, төбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды.
Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді.
Ондай балалар қоғамдық жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты өткізуді білмейді. Шындығында келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқара қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.
Тұлғаға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптасудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана - қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты.
Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Ол үшін, Қазақстан Республикасының Ата Заңының “Адам және азамат” деп аталған ІІ бөліміне енгізілген тәуелсіз еліміздің азаматтарының құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1-бапта “Менің Отаным - Қазақстан Републикасы. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы” деген жолдардан бастап, 1995 жылы 30- тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заңның - Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс - тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршлік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді.
- Құқықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциясында - Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 - бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп баян етілген [3] .
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі - азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі - адам құқығының мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі - білім беру ұжымдары десек қателеспейміз.
«Адам құқығы мен бостандығы көп қырлы, күрделі құбылыс ретінде қоғамдық санада жан - жақты жоспарлы түрде бейнеленеді. Адам бостандықтары, оның құқықтары мен міндеттері әрбір тарихи кезеңге сәйкес өзіндік сипатқа ие болып отырды. Қазіргі кезеңдегі адам құқығы біртіндеп қалыптасты: алдымен құқықтар мен бостандықтар, содан кейін пайда болған жаңа құқықтар (эволюциялық және революциялық жолдармен) қоғам тарапынан танылды.
«Адам құқығы туралы айтқан кезде бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз», - дейді М. Новицкий» [4] .
Заңгер ғалымдарымыз: «Адам құқығы - адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс-әрекеттің (мінез-құлықтың) өлшемі (шамасы) » - деп анықтама берген [5] . Адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген, ажырамайтын, табиғи ретінде танылады және ең жоғары әлеуметтік құндылық болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мемлекет функцияларының бірі.
Тұлға мен мемлекеттің қарым - қатынасы құқытық мемлекет пен азаматтық қоғам концепциясына сәйкес дамуда. Мемлекет пен адам құқығының арасындағы өзара байланыстылығы және өзара негізділігі құқықтық мемлекеттің басты мақсаты адам және азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығынан көруге болады.
Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді. Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез - құлқын реттейтін қағидалардың әсерімен, яғни күшімен орнатылады. Құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны, ал құқытық нормалар негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну - жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үйлестіруді талап етеді.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі - қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз - адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», - деп көрсетілген [6] . Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл - құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән қауіпті дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субъектілердің бірі - оқу орындары болып табылады. Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т. б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді.
Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде - өскелең ұрпаққа құқытық тәрбие беру, оның мақсат - міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан - жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. «Құқықтық тәрбие мақсаты - оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет - қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», - деп анықталған [7] .
Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де көптеген экономикалық - материалдық, құқықтық - нормативтік базаны нығайтуды, құқытық тәрбиені шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа технологияларды тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім жаңа заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі формаларын біліп, жаңа технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу - олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
«Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтық тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
Сөздік-ақпараттық топқа: лекция, әңгіме, әңгімелеу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару әдістері жатады.
Бұл әдістердің тиімділігі нақты материалды тұлғаға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты. Осының нәтижесінде оқушылардың ұғымы дамиды, әр түрлі іс-әрекетіне қызығушылығы артады.
Ұқтыру, машықтандыру тобына кіретін әдістер: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.
Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіншілік туғызады.
Ынталандару және тежелу әдістер тобы: ынталандыру әдістері (сенім, жағымды баға, мадақтау, мадақтаудың түрлері: алғыс айту, әр түрлі сыйлықтар, шарапаттар т. б. ) ; тежелу әдістері (жазалаудың бірнеше түрлері: ұялту, сөгіс, ескерту) » [8] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz