Оқыту түрлері және құрылымы



1 Оқыту түрлері және оның құрылымы
1.1 Оқыту туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Оқыту түрлері және олардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Оқыту процесінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 Дидактика тарихындағы оқыту түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Дидактика тарихы және оқыту түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Түсіндірмелі . иллюстрациялы оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Бағдарламалы оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Проблемалық оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР
Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс – әрекеті, оқушылардың танымдық іс – әрекетін арнайы ұйымдастыру. Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге пайдалануда. Мұғалім сабағын шәкірттеріне ұғымды ету үшін оқу деректерін қалай реттеп, қандай жол, әдіс қолдана білу керектігін білуі керек.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы жолдауында: «Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет.» - деп айтып, оқытуға баса назар аударуды талап еткен.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр оқытушы, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Педагогика пәні
Оқыту түрлері және құрылымы

Орындаған: ІІ-курс студенті
Мұханбетқадырова Ш.С.
Тексерген: Байжанова З.Т.

Курстық жоба қорғауға жіберілді
_____________________________

Астана - 2015
C.Сейфуллин атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кәсіптік білім беру кафедрасы
Педагогика пәні
Курстық жобаға
СЫН - ПІКІР
Студент: Мұханбетқадырова Ш.С. 201-кәсіптік білім беру тобы
Жұмыстың тақырыбы: Оқыту түрлері және құрылымы
Жұмыс мазмұнының берілген тапсырмаға сәйкестігі
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _______________________
Кемшіліктер:___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ __________________________________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ______________________________________________________________________________
Курстық жобаны тексеру күні______________________
Алғашқы бағасы _________________________________
Қорғауды өткізу күні_____________________________
Қорғағаннан кейінгі баға _________________________

Жетекші қолы____________

МАЗМҰНЫ
Кіріспе

1 Оқыту түрлері және оның құрылымы
1.1 Оқыту туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Оқыту түрлері және олардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Оқыту процесінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 Дидактика тарихындағы оқыту түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Дидактика тарихы және оқыту түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Түсіндірмелі - иллюстрациялы оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.3 Бағдарламалы оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Проблемалық оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

МАЗМҰНЫ
Кіріспе

1 Оқыту және оның құрылымы
1.1 Оқыту туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Оқыту құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 Оқыту түрлері
2.1 Оқыту түрлері және оларға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.2 Дистанциялық оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Проблемалық оқытудың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... .
2.4 Проблемалық оқытудың тиімді жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс - әрекеті, оқушылардың танымдық іс - әрекетін арнайы ұйымдастыру. Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге пайдалануда. Мұғалім сабағын шәкірттеріне ұғымды ету үшін оқу деректерін қалай реттеп, қандай жол, әдіс қолдана білу керектігін білуі керек.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты 2014 жылғы жолдауында: Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. - деп айтып, оқытуға баса назар аударуды талап еткен.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр оқытушы, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, жалпы оқыту өміріне енуде.
Қазіргі кезде оқытудың көптеген түрлері бар. Сол оқыту түрлерінің мәнін түсіндіріп, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу мақсатында біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын : Оқыту түрлері мен құрылымы деп алдық.
Курстық жұмыстың пәні : Педагогика.
Курстық жұмыстың обьектісі : Оқыту түрлері және оның құрылымы.
Курстық жұмыстың мақсаты : Оқытудың түрлерін және оның құрылымын жан - жақты қарастыру. Оларды қолдана отырып, оқушыға сапалы және нәтижелі білім беру.
Курстық жұмыстың міндеттері :
oo Оқыту түрлерін анықтау;
oo Оқыту түрлеріне сипаттама беру;
oo Оқыту түрлерінің жас ұрпаққа білім берудегі маңыздылығын ашып көрсету;
oo Оқыту түрлерін талдау;
oo Оқыту құрылымын анықтау;
oo Оқыту құрылымының қорытушы бірлігін анықтау;
oo Оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен әр - түрлі жолдар арқылы қаруландыру;
oo Оқушыны дүние тануда түрлі тәсілдер арқылы бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды меңгерту арқылы әрі қарай дамыта түсу.
Болжамдама: Егер де оқыту түрлері болмаса , онда білім беру жүйесі бір сарында дамымай, жетілмей, кейбір адамдар тіпті білім ала алмай қалған болар еді. Өйткені, оқыту түрлері әр түрлі тәсіл арқылы білімді оқушыға жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, көзі көрмейтін адамдарды арнайы жасалған алфавиттер арқылы оқытпаса, олар әріптердің қалай жазылатынын білмес еді, сол себепті оларды оқытудың өзіндік түрі бар; ой - санасы жетілмей қалған балаларды өз қатарластарымен оқытса, оның білім деңгейі нашарлай түсер еді, сол себепті ой - санасы жетілмей, артта қалып қойған балаларды оқытудың түрінің де өз ерекшелігі бар; ал дарынды оқушыларды өз қатарластарымен оқытатын болса, олардың дарындылығы бірте - бірте төмендеп, жойылып кетер еді, сол себепті дарынды балаларға арналған оқыту түрінің болғаны да тиімді.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
oo Тарихи - педагогикалық кітаптарды, ғылыми газет - журналдарды талдау, қорыту және жүйелеу;
oo Интервью жүргізу;
oo Анкеталық сұрақтар жасау;
oo Зерттеу нәтижесін қорытындылау.
Бірінші бөлімде, оқытудың түрлері мен оның құрылымына жалпы түсінік беріліп, оқытудың түрлеріне жан - жақты сипаттама көрсетілген. Оқытудың маңызы, процестері, негізі, міндеттері, мазмұны көрсетілген.
Екінші бөлімде, дидактика тарихы жайлы қарастырылған. Дидактика тарихындағы ең негізгі 3 оқыту түрі жайлы жалпы мағлұмат беріліп, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне басты назар аударылған.

1 Оқыту түрлері және оның құрылымы
0.1 Оқыту туралы түсінік

Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:
1. екі жақты сипаты;
2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
3. оқыту жағынан басқаруы;
4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;
5. бүтіндік пен бірлік;
6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.
Оқыту - оқушыны бiлiмдендiру, тəрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған iс -əрекет.
Оқыту мазмұны - өкiмет арнайы таңдап анықтаған белгiлi салада жұмыс iстеу үшiн қажеттi адамзат тəжiрибесiнiң бөлшегi. Ол - оқытудың нəтижесi болатын бiлiм, бiлiк, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту процесi - бiлiмдi, бiлiктiлiк пен дағдыны меңгертетiн, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабiлеттерiн тəрбиелеп дамытатын iс-əрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезiмi, адамгер-шiлiк қасиеттерi, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттерi қалыптасып дамиды.
Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, əдiс тəсiлдерi мазмұны мен мiндеттерi қоғам талабынан туындап, ұдайы өсiп, жаңарады.
Оқыту - таным процесi. Танымның ерекшелiгi оқушыда бiлiмге деген қызығушылығы ұдайы өсiп арта түседi.
Оқытудың мiндетi - оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) жəне адам дамуының негiзгi заңдылық-тарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгiлi болған, зерттелiп дəлелденген жаңалық-тарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды əрi қарай дамыта түседi. Оқытуда ғылым негiздерiн оқып үйренудiң өзi, ғылым тарихымен, оның əдiстерiмен танысу, ұлы ғалымдардың өмiрi мен қызметi жайлы ақпарат алады.
Оқыту - даму негiзi. Педагогикалық процесс өзiне тəн негiзгi екi белгiнi: организмнiң өзiндiк дамуына жүйелi түрдегi көмек жəне жеке бастың жан-жақты жетiлуiн түйiстiредi.
Баланың өзiндiк дамуына əсер ететiн негiзгi фактор-дың бiрi - өзара қарым-қатынас жасау iс-əрекетi. Сөйтiп, оқыту процесi - мұғалiмнiң баламен үнемi рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етедi. Оқыту процесiнде бала тек мұғалiмнiң əсерiн қабылдаушы ғана емес, оның оқу iс-қимылы мен өзiнiң психикалық процестерiн басқару, ұйымдастыра бiлуi (iс-əрекетiн бiлуi, бағалауы, өзiн-өзi басқаруы) оқытудағы субъектi екенiн айқындайды. Оқыту процесiнде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тəсiлдерiн қолдануға жəне дербес шығармашылық əрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту - баланың рухани жағынан жетiлуiн қамтамасыз етедi; оқыту - бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады. Л. С. Выготскийдiң баланың дамуынан iлгерi жүретiн, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегi күнгi дамуына емес, ертеңгi күнгi дамуына қарау керек деп ескертедi, осыған орай, бала дамуының ''екi зонасы'' болатынын айтады. ''Бiрiншi зона'' - бала дамуының қазiргi қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалiмнiң оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (''екiншi зонаға'') жеткiзуге мiндеттi екендiгiн айтады.
Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегi оқу мен оның өздiгiнен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабiлетiнiң дамуына оқу процесiнде қолайлы жағдай туады. Бiлiм мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.
Оқыту - екi жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалiм-нiң өзара бiрлесiп жасайтын əрекетiнен тұратын күрделi процесс. өйткенi, оқыту - мұғалiмнiң бiлiм берудегi негiзгi iс-əрекетi болса, оқу - баланың өзiнiң танымдық, практикалық əрекетi. Сөйтiп, оқушының таным əрекетi мұғалiмнiң басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалiм оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелi қамтамасыз етуi үшiн оқыту процесiн жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы бiлiмдi қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертiлген жолмен мұғалiмнiң жəне арнайы жазылған оқу құралдарының көмегiне сүйене отыра меңгередi. Сөйтiп, оқыту процесi оқушылардың жас ерекшелiк-терiнiң сəйкестiгiн ескере отырып, таным қызметiнiң формасы мен əдiстерiн соған орай өзгертiп отырады.
Оқыту - бұл күрделi процесс. Ол тұлғаға бiлiм беру, тəрбиелеу жəне ақыл-ойы мен творчестволық қабiлетiн, демек бiлiктiлiгi мен дағдысын дамыту негiзiнде жүзеге асырылады. Мұның мəнiсi, жеке тұлғаға бiртұтас (комп-лекстi) ықпал жасауды көздейдi. Осы негiзде, оқыту процесiнiң бiрiншi қызметi - оқушыларға бiлiм беру. Бiлiм беру, бiрiншiден, ғылым негiздерiне сай оқушыларды нақты фактiлермен, қағида жəне түсiнiктер-мен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екiншiден солардың негiзiнде, айналасындағы əртүрлi құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Екiншi қызметi - тəрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық бiлiмдер жүйесiмен қарулан-дырып, жеке тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырып дамыту. Сонымен бiрге оқыту барысында тəрбиенiң мақсат, мiндеттерi жəне мазмұны мен тəсiлдерi анықталады. Оқытуда тəрбие мен оқытудың байланысы бiржақты қарастырылмайды, керiсiнше бiртұтастық принципке негiзделiп, бiрлiкте қолданылады. Демек, тұлғаға бiлiм бере отырып, оны тəрбиелеймiз, тəрбиелей отыра бiлiм беремiз. Сөйтiп, тəрбие процесi дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етедi, соның негiзiнде тұлғаның танымдық қызметi мен оқуға деген қызығу-шылығы артады. Үшiншi қызметi - дамыту. Оқыту барысында оқушы-ларға бiлiм беру, оларды тəрбиелеу негiзiнде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезiмi, шығармашылық қабiлетi т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерiнiң дамуына, бiлiктiлiктерi шыңдалып, қабiлеттерiнiң артуына оң əсер етедi. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есi, қиялы секiлдi психикалық процестерi де қарастырылады). Даму қызметiнiң ерекшелiгi сол, ол өз алдына жеке өмiр сүрмейдi, керiсiнше оқытудың бiлiм беру мен тəрбие-леу қызметiнiң жалғасы боп есептеледi. Сондықтан, даму-дың қарқынды, жан- жақты əрi, терең болуы бiлiм беру мен тəрбиенiң қандай дəрежеде iске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың бiлiм беру мен тəрбиелеу қызметiнiң негiзi болып саналса, даму өз алдына олардың қызметiнiң нəтижелi болуына қолайлы ықпал етедi.
Дидактикада ''Жетiлдiре оқыту'' процесi 1960 жылдар-дан басталды. Осы негiзде Л. В. Занков, Н. А. Менчин-ская, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, М. А. Данилов, М. Н. Скаткин еңбектерiнде, оның жолдарын шешу үшiн əртүрлi принциптердi ұсынды. Солардың iшiнде Л. В. Занковтың оқу процесi арқылы бiлiм берудi қарқынды, ұйымдастыру, оқушылардың оқуды саналы меңгеруiн қамтамасыз ету ережесiн ұсынылды. Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуынада оңтайлы əсер етедi.

1.2. Оқыту түрлері және олардың сипаттамасы

Оқыту түрлеріне: міндетті оқыту; ашық оқыту; оқыту тәжірибесі; енгізілген оқыту; дистанциялық оқыту; инклюзивті оқыту; контекстік оқыту; политехникалық оқыту; проблемалық оқыту; бағдарламалы оқыту; дамыта оқыту; интеграциялық оқыту; т.б. жатады.
* Міндетті оқыту - ағартушы саясаттың ұстанымы, осыған сәйкес заңнама тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы тиіс. Барлығына жалпы және ақысыз білім - бірнеше жүзжылдықтар бойындағы халық массасы негізгі демократиялық міндеттерінің бірі.
* Ашық оқыту - бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілі. Ашық оқытуға сынып-сабақтық жүйеден және берілген мөлшерлер негізінде үлгерімді бағалаудан бас тарту, оқу кеңістігінің ашық, икемді ұйымдастырылуы, оқу топтарының жылжымалы құрамы, сонымен бірге оқу жұмысының түрлері мен тәсілдерін баланың еркін таңдауы тән.[[][1]]
* Оқыту тәжірибесі - табиғи тәжірибенің әр түрлілігі, ол психикалық құбыластардың (зерттеу мәнін құрайтын) шақырылумен қатар, оның тәжірибе жағдайларында қалыптасқанымен ерекшелінеді. Оқыту тәжірибесі психологияда тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік деген қасиетінің диагностикасын жасауында қолданылады.
* Енгізілген оқыту - тәжірибелі нәтижеге жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылатын және жоспарланатын оқу әрекеті, ал бұл үшін қажетті білімдер жолшыбай игеріледі.
* Дистанциялық оқыту - бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген колледж немесе университеттің бағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім технологиясы. Бұл мақсатты іске асыруы қазіргі заман ақпаратты технологиялардың бай жиынтығымен қамтамасы етіледі: оқулықтар және тағы басқа басылымдар, оқытылатын материалдарды компьютер телекоммуникациялар арқылы жіберу, видеосуреттер, компьютер телекоммуникациялар арқылы өткізілетін пікірталастар мен семинарлар, оқу бағдарламаларының ұлттық және аймақтық теледидардан және радиодан жүргізуі, кабельді теледидар және дауыс поштасы, екі жақты видеоконференциялары, және т.б. дистанциялық оқыту оқушыларға оқытудың орны мен уақытын, негізгі қызметін үзбей, оның ішінде алыс аудандарда тұратын адамдарға оқыту мүмкіндігін, пәндерді таңдау еркіндігін, ғылымның, білім мен мәдениеттің көрнекті өкілдерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
* Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбындатобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.
* Контекстік оқыту - болашақ кәсіби еңбектің пәндік және әлеуметтік мазмұны байланысқан және бұл арқылы студенттің оқу қызметін маманның кәсіби қызметіне аударудың шарттары қамтамасыз етілетін оқыту. Контекстік оқыту кәсіби оқытудың негізгі қарама-қайшылығын, яғни маман қызметі сапа жағынан өзге оқу қызметінің құралдарымен қамтамасыз етілу қажеттілігін, өтеуге мүмкіндік жасайды. Бұл қарама-қайшылық контекстік оқыту студенттер қызметі қозғалысының динамикалық моделін іске асыру арқылы өтіледі: өзіндік оқу қызметінен (мысалы лекция формасында) квази кәсіби (ойын формалары) және оқу-кәсіби (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, өндіріси к тәжірибе және т.б.) арқылы өзіндік кәсіби қызметке. А.А. Вербицкиймен жасалынады.
* Политехникалық оқыту - оқушылардың қазіргі заман өндірісінің жалпы ғылыми ұстанымдарын игеруге, өндірістің техникалық құралдарымен жұмыс істеудің тәжірибелік әдістері мен дағдыларын үйренуге және дамуына қарай қазіргі заман техникасы мен технологиясын білу қабілеттілігін қалыптасуына бағытталған оқыту. Қазіргі уақытта политехникалық оқыту техникалық кәсіптердің мамандарын дайындайтын арнайы оқу орындарында қамтамасыз етіледі.
* Проблемдік оқыту - оқытылушылардың іздену қызметіне, олардың шынайы өмірлік және оқу қарама-қайшылықтарды айқындау мен шешуге негізделген белсенді дамыта оқыту. Проблемдік оқыту іргетасы мәселені (теориялық және тәжірибелік мүддедегі күрделі танымдық мақсатты) қозғау мен негіздеу болып табылады. Егер мәселе оқытушыларды қызықтырса, сонда проблемдік жағдай туындайды. Оқу үрдісінде мәселеліктің үш деңгейі болуы мүмкін: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену және зерттеу деңгейлері.
* Бағдарламалы оқыту - алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен оқыту машиналары арқылы іске асырылады. Бағдарламалы оқыту барысында оқытылатын адамның материалы мен қызметі өлшемдерге (дозаларға) және қадамдарға (оқыту кезеңдері) мүшеленеді; әр қадамды орындауы бақыланады, материалдың келесі өлшемін меңгеруге ауысуы өткенді игеру сапасына байланысты болады. Бағдарламалы оқыту Б.Ф. Скиннер, Н. Краудер, атамекен психологтары мен педагогтары - А.И. Берг, В.П. Беспалько, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин ЮА. Самарин, Т.А. Ильина құрастырған.
* Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады.
* Интеграциялық оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Интеграциялық оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбындатобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.

1.3. Оқыту процесінің құрылымы

Оқыту процесі - тәлім - тәрбиелік қарым - қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Оқыту процесін ұйымдастыратын - педагог. Оқыту процесі - бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Оқыту процесініңүш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Оқыту процесінің педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер - мазмұн - әдістер - құралдар - түрлер.
Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру - қабылдауға арналған іс - әрекеттері. Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтынматериалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс - әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы : дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.
Оқыту процесінің психологиялық құрылымы : танымдық процестер( қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық ( оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат ( көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш - қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).
Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат - міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым - қатынастары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде : мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу - бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Шет тілі сабағының түрлері
Оқыту түрлерін анықтау
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Сабақта жаңа білімді игеру
Педагогика пәні бойынша СЕМИНАР САБАҒЫ
Пәндер