Салауатты өмір салты туралы



Кіріспе
1.Салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысты теориялық мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1. Салауатты өмір салты ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру маңызы ... ... ... ... ... .13
2. Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың практикалық жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру білімдерді беру әдіснамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2. Салауатты өмір сүру салтының әдіснамасын жүргізу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3. Студенттердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға дайындығын зерттеу және нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Өзектілігі: Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі.
Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді. Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық тұрақтылығын зерттей оытрып нозологияға дейінгі күйді анықтау. Адамдардың денсаулық деңгейін жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік күйін сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланды. Оқушылардың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен оларды салауатты өмір салтына үйрету қажет. салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 57%-ы, әйелдердің 34%-ы, жастардың 40%-ы, шылым тартса, ересек адамдардың 65%-ы үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 17,5%-ы нашакорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-на себеп болып отыр.Сол себептен зерттеуіміздің өзектілігі анықталып отыр.
1. Адылханов А.С. Как быть здоровым. Алматы, 1997.
2. 3. Амосов Н.М. Раздумье о здоровье. Москва, Физкультура и спорт, 1987.
3. Адылханов А.С., Брусенко З.Г., Сейдуманов С.Т. Шымырлылықшынығудан. Мектепоқушыларынаарналғанвалеологияжөніндегібағдарлама, Алматы, 1998.
4. Денісаудыңжанысау. //Денсаулық, №11, 1992, Б.32.
5. Денсаулығыңдысақтайбіл. Алматы, Жалын, 1991,Б.320.
6. Салауатты өмір салты мен эстетикалық құндылықтардың қалыптасуындағы спорттың мәні. // Қазақстан кәсіпкері. – 2010. №8.- 28 -29 бб.
7. Оқушыларды халық даналығы негізінде салауатты өмір салтына тәрбиелеу // «Қоғамдық даму, ғылымның және білімнің мәселелері». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті – Шымкент, 2003 - 3-25 бб.
8. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат.- Алматы: Қайнар, 1991.
9. Е Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы.-Алматы: Санат , 2000ж.
10. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030». Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы.- 1998- 56-57 бб 2. Әлімжанова Г.Ерғазиева К.Салауатты өмір салтын ұстау // Бастауыш мектеп.-2004.№2-17-19бб
11. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану – денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасы. Валеология, Алматы, №1.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысты теориялық мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1. Салауатты өмір салты ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру маңызы ... ... ... ... ... .13
2. Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың практикалық жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру білімдерді беру әдіснамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2. Салауатты өмір сүру салтының әдіснамасын жүргізу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3. Студенттердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға дайындығын зерттеу және нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өзектілігі: Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады атты жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі.
Бұны Елбасы жолдауындағы Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған деген жолдарынан байқауымызға болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді. Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық тұрақтылығын зерттей оытрып нозологияға дейінгі күйді анықтау. Адамдардың денсаулық деңгейін жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік күйін сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланды. Оқушылардың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен оларды салауатты өмір салтына үйрету қажет. салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 57%-ы, әйелдердің 34%-ы, жастардың 40%-ы, шылым тартса, ересек адамдардың 65%-ы үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 17,5%-ы нашакорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-на себеп болып отыр.Сол себептен зерттеуіміздің өзектілігі анықталып отыр.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады атты жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі.
Бұны Елбасы жолдауындағы Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған деген жолдарынан байқауымызға болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді. Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық тұрақтылығын зерттей оытрып нозологияға дейінгі күйді анықтау. Адамдардың денсаулық деңгейін жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік күйін сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланды. Оқушылардың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен оларды салауатты өмір салтына үйрету қажет. салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 57%-ы, әйелдердің 34%-ы, жастардың 40%-ы, шылым тартса, ересек адамдардың 65%-ы үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 17,5%-ы нашакорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-на себеп болып отыр.Сол себептен зерттеуіміздің өзектілігі анықталып отыр.
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру. Адамдардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын және оған әр түрлі табиғи процестерді, әлеуметтік, психологиялық факторларды зерттей отырып, денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған әдістерді жасау.
Зерттеудің міндеті:
- Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық мәселелерін анықтау.
- Оқыту процесінде оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтау.
- Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру және қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: дені сау адам, дені сау ұжым, адамның және ұжымның денсаулығы.
Зерттеу пәні: медицина, педагогика, гигиена, биология, экология, психология, анатомия, физиология, психология, педагогика.
Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
Зерттеудің мақсаты: денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру. Адамдардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын және оған әр түрлі табиғи процестерді, әлеуметтік, психологиялық факторларды зерттей отырып, денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған әдістерді жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық мәселелерін анықтау.
- Оқыту процесінде оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтау.
- Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру және қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: дені сау адам, дені сау ұжым, адамның және ұжымның денсаулығы.
Зерттеу пәні: Салауатты өмір салтың қалыптастырудың міндеттері
Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардын 50-60% өмір тіршілігіне, 20% -тұқым қулаушылыққа, 20% - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10% - дәрігерлік көмектің денгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты - салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді.
Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салды.
Салауатты өмір тіршілігі - денсаулықты сақтаудын және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай білімгерлердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді оқушылардың спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстау жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы және болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін педагогика ғылымының мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтарорын алып отырғанын байқадық. Қарама-қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты Болашақ педагогтарды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің ғылыми педагогикалық шарттары деп таңдауымызға себепші болды.

Салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеудің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, Әлеуметтік-этикалық трактаттар атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Ол дененің саламаттылығы ұғымын енгізе отырып, әр адамның тәрбиесінде мынадай үш қасиет болу қажет деп есептейді: дене күші, рухани және ақыл-ой, олар өзара үйлесімді дамыған жағдайда ғана жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға болатынын дәріптейді. Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тілеуқабылұлы т.б. салауаттылық мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған. Кейінгі жылдары жастардың тәрбиесіне байланысты бірқатар құжаттар, заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің мазмұны, ұстанымдары, мақсаты мен міндеттері қайта қарастырылып, оларды түбегейлі жаңалау қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы мақсат - ұрпақты қазақ халқының жауынгерлік тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, басқа ұлттардың өкілдерімен жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар қазіргі таңда қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі болып саналады. Соңғы уақытта қоғамымызда зор саяси және әлеметтік өзгерістер жүріп жатыр. Осыған байланысты адамдардың тұрмыс тіршілігінің, сана-сезімі мен әдет-ғұрпының да өзгерістерге ұшырайтыны заңды құбылыс. Яғыни, бұл болашақта біздің ұрпағымыз жаңа өмір салты бойынша өмір сүреді деген сұрақтар төңірегінде қазірден бастап ойланып, оның теориялық негізін жасауымыз, жастарымызды сол бағытта тәрбиелеуге назар аударуымыз керек.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: 1. Салауатты өмір салты мен эстетикалық құндылықтар ұғымдарының мәні айқындалып, олардың өзара байланысы ғылыми тұрғыда негізделіп және бұл бағытта әлем өркениеттеріндегі озық идеялар жүйеленді.
2. Жеткіншектер кезеңі сипатталып, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың қажеттілігі ғылыми тұрғыда айқындалды.
3. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың моделі даярланып, оның компоненттері мен өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.
4. Эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салтының бүгінгі таңдағы ұлттық тәрбиедегі рөлі айқындалып, оқу-тәрбие үрдісінде іске асырудың мазмұны жасалынып және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыста тексерілді.

Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектерді салауатты өмір сүру салтына деген дұрыс көзқарасы қалыптасқан, денсаулығы мықты, жаны, тәні мен ісі әсем, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға ретінде қалыптастыру мүмкіндігі туады:
- жеткіншектер салауатты өмір салты ұғымын дұрыс терең түсініп, оның әлеуметтік-қоғамдық мәнін дұрыс бағалай алса;
- адамзат дамуының тарихи эволюциясында ұлы ғұламалар мен ағартушылар, қоғам қайраткерлері мұралары мен қазіргі заман ғалымдарының еңбектеріндегі салауаттылық пен эстетикалық құндылықтар ұғымы жүйеге келтіріліп, тағылымдық мүмкіндіктеріне қарай жіктелінсе;
- жеткіншектердің дұрыс салауатты өмір сүру үшін эстетикалық құндылықтардың мәні мен қажеттілігін мектептің оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнында кеңірек насихатталып, жүзеге асырылса;
- жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында оқу-тәрбие үрдісінің тәрбиелік іс-шаралар мүмкіндіктері арқылы эстетикалық құндылықтар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен жүйесі анықталып, іске асырылса, онда оқушылардың ішкі дүниетанымы өзгеріп, салауатты өмір салтын терең түсініп, сақтай білетін тұлғаны тәрбиелеуге болады.

1.1. Салауатты өмір салты ұғымы
Салауатты өмір сүру салты дегеніміз - био-әлеуметтік категория Салауатты өмір сүру салты - интегратифті түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты - шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.
Салауатты өмір сүру салтын сақтау әр азаматтың ойы мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім 1. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі - балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін оқу орындарында валеология пәні енгізілген.
Салауатты сөзінің негізгі мағынасы - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.
Өмір сүру салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.
Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты бір келкі болады.
Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ген арқылы беріліп отыруы мүмкін. Осыған байланысты салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:
1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
3. Салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі - экономикалық категория. Адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.
Салауатты өмір сүру сапасы - әлеуметтік категория - үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру стилі - әлеуметтік психологиялық категория - адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу .
Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквопотенциалды болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды - дәстүрлер арқылы қалыптасады. Тағыда тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.

1.2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары
Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы деген екен ұлы ғұлама, Әбу Насыр әл-Фараби. Қазақ - текті халық. Ұлттық тәрбие деген тіркестің өзі - қазақ халқы үшін қасиетті ұғым. Өйткені нағыз қазақ ол - тек қазақтың салт-дәстүрімен сусындаған, осы ұлттың тәрбиесімен жетіліп, туған тілімен санасы оянған азамат. Қазақ халқының бойында Жер жүзінде теңдесі жоқ адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, қонақжайлылық сияқты адами қасиеттер бар. Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек дейді. Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені елеусіз қалдырсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын ортағасырлық бабамыз ғұлама әл-Фараби анықтап айтып кеткен. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр. Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді. Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. Мағжан Жұмабаев бір сөзінде: Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі... - депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Бала тәрбиесі әсіресе, мектептен тыс уақыттағы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мән-мағынасы өте зор болып келеді.
Салауаттану -- тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады. Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама -- қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты -- салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады. Салауаттанудың рөлі -- адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы қалай денсаулықты сақтаудың ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден -- дені сау адам, екіншіден -- оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден -- аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден -- сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады. Салауаттанудың зерттеу пәні -- адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді.
Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті -- денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді. Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді. Денсаулық қатерінің негізгі факторлары -- қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық, нашақорлық, т.б.) кең таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың негізгі бағыттары мыналар:
- жеке және қоғамдық гигиена;
- дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
- организмді жаратылыс-табиғи факторлармен
- су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;
- күн тәртібін тиімді пайдалану;
- дұрыс және уақтылы тамақтану;
- жұкпа аурулардың алдын алу;
- тән ауруларынан сақтандыру;
- жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;
- зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру;
- жыныс гигиенасы;
- психопрофилактика және психогигиена;
- кикілжің және денсаулық;
- экология және денсаулық.

1.3. Салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру маңызы
Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алуға.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:

- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;

- Екіншіден, салауатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс - шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене - қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
Олардың мінез - құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени - гигиеналық мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару.
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік - психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым - қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі - жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік - патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.
Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл - ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі - жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз - адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.

II. Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың практикалық жағдайлары
Қазіргі таңда оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру мен денсаулығын қалыптастыру өзекті жалпы педагогикалық проблема болып отыр.Бәрімізге мәлім, бүгінгі таңдағы кең таралған түрі мектеп ауруларының басты себебі - авторитарлық - репродуктивтік тұрғыда ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі. Осы заманға мектеп жүйесі жас ерекшелігі физиологиясы мен психологиясының ғылыми негіздері мен гигиена, валеология талаптарына сай емес. Мысалы, 1-сыныпта мектепке үйрену және негізгі мектепке өтуде көпшілік балалар үшін ауыр және бұл жағдай олардың функционалдық мүмкіндіктерінің төмендеуіне әкеп соғады. Нәтижесінде үйрену тәсілдерінің таусылуы, үнемі шаршап, қажудың пайда болуы оқушылардың ауруларын көбейтеді. Баланың сабақ кезінде бір орнында тапжылмай ұзақ отыруы, оның үнемі стресс жағдайында болуы баланың психикалық саулығына көптеген зиянын тигізеді.
Жас ұрпақтың денсаулығының маңызды көрсеткіші оның дене дамуы мен денесінің жұмысқа жарамдылығы болып табылады. Осы саладағы кемшіліктің басты себептерінің бірі - оқушылардың жалпы қимыл белсенділігінің төмендеуі.
Біріншіден,оқушылар оқу әрекетімен шамадан тыс шұғылданады. Екіншіден, кейбір мектептерде валеология, дене шынықтыру сабақтары тиісті дәрежеде өткізілмейді. Үшіншіден, баланың өз бетімен дене жаттығуларын жасауға мектепте жағдай жасалынбаған. Келесі атап көрсетерлік көрсеткіш - мектеп оқушыларының психикалық саулығы. Бүгінгі таңда нерв-психикалықауытқушылық орта есеппен 15-20 пайызы оқушыларда кездеседі. Бұл ауытқушылықтар, әсіресе, 1-сынып оқушыларында мектепке үйрену кезінде, 5-сыныптан орта буынға ауысу барысында және жоғарғы сыныпоқушыларында оқу жүктемесінің көлемінің артуына байланысты пайда болады.
Мектеп жағдайында оқушылар мен мұғалімдер арасындағы дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынас оқушылардың денсаулығына позитивтік ықпал етеді. Сонымен қатар,оқушылардың психологиялық көңіл-күйлерінің тұрақтылығы мұғалімдердің оларға бағытталған қарым-қатынас тәсілдеріне тәуелді. әр мұғалімнің педагогикалық қателігі жүйке жүйесіәлсіз, нервтік - психикалық және жүрек ауруларынан зардап шегетін, сондай-ақ кейбір қызу темпераментті ұл балаларға негативтік әсер етуі мүмкін. Сондықтан да күнделікті мектеп өміріндегі мектеп басшылары мен мұғалімдер және оқушылар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынас тәсілдері мектеп субьектілері денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Мектеп субьектілерінің денсаулық проблемасын шешуде кешенді қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Ол мектеп жағдайында дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.
Мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру үшін 1999 жылдан бастап валеология сабағы өтіледі. Ол жылдары қолда еш оқулық, әдістемелік құралдар болмады. Сонда да валеология сабағын өткізуде оқытудың белсенді әдістерін: сюжетті ойындар, жұптасқан, топтық жұмыстар, ойды дамыту, шығармашылық жұмыстар, реферат жазу, пікірталас технологиясын кеңінен пайдаланды. Сонымен бірге оқушылар валеологияданалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары
Салауатты өмір сүру сапасы
Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру
Салауатты өмір сүру салты
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Салауатты өмір салтының негіздері
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Пәндер