Конституциялық құқық негіздері жайлы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды мемелекеттік медицина университеті.

«Болашақ» академиясы «Заң пәндері» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Конституциялық құқық негіздері.

Орындаған: Кайырбеков К. О

Қабылдаған:

Қарағанды 2015

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

Конституциялық құқық

Конституциялық құқықтың қайнар көздері, бастаулары.

  1. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Конституция, яки Ата Заң - қатардағы көп заңның бірі ғана емес. Қазақ мемлекеттігінің анық айғағы. Құрандай қастерлей алмасақ, тәуелсіздігімізді мансұқ етіп, елдігімізді күресінге тастағанмен бірдей.

Бүгінде 16 жыл толып отырған еліміздің Ата заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған жер шарына, адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен юридистикалық құжат. Бұл Конституцияның өзгешелігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз дамуының мемлекеттік тұғырын, басқару тәсілін, билік тармақтарын бекітіп, «байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құрылғанын» жария етті.

Конституцияның асқан құндылығы бірінші рет адам жеке тұлға, құқықтық қатынас субьектісі, мемлекеттің құрылтайшысы есебінде қаралуында. Күлтегіннің, « аспан мен көктің арасын тіреген » еркін түріктерінен кейін қазақ баласы мыңдаған жылдар « ханның қарашысы », « патшаның боданы » жұмысшы немесе шаруа табының мүшесі, партия, комсомол жауынгері есебінде қарастырылды.

Жеке өз атынан мемлекет тұлғасы, тең дауысты азамат болып сөйлеу осы біздің кейінгі 10-15 жыл бағымызға бұйырыпты, бұл Ата заң бекңткен еркіндік, онда « адам оның өмірі, құқы мен бостандығы мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы » деп көрсетілген еді.

1958 жылға дейін колхоз жерінен кетуге болмайтынын, паспорт берілмейтін құлдық тәртіп болғаны кейінгі жастарға белгісіз. Шет елге біреу барып келсе бір жылға жұмақта жүріп келгендей болып жүретін жағдайды тез ұмыттық. Бүгін қазақтың қара баласы Оксфорд, Кембридж, Сорбина үйіндей шарлап жүр. Қазақ баласының өз қатарынан кем емес, айға ұшады, сыртқа шығады, тең жүреді. Осы еркіндік біріншіден дербестігіміз, екіншіден дара Президентіміз, үшіншіден Конституциямыздың арқасы екенін осы жұрт білсе керек. Ата заңымызда «Республика өзін демоератиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды »- делінген.

Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы.

Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы - басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін және мемлекет пен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқықтық жағдайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды.

Конституциялық құқық тәсілдері дегеніміз - ол конституциялық - құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға және оған қатысушыларға құқықтық әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Конституциялық құқық тәсілдері

Құқық беру әдісі

Рұқсат ету әдісі

Міндеттеу әдісі

Тыйым салу әдісі

1) құқық беру әдісі , яғни конституциялық - құқықтық қатынастарға қатысушыларға құқықтар беру;

2) рұқсат ету әдісі, яғни субъектіге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету,

3) міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міндеттер бекіту;

4) тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.

Конституциялық - құқықтық нормалар - мемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері. Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық - құқықтық нормалар:

- реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәні мен байланысы өзінің мазмұнымен;

- баяндалған деректерінен. Олардың ең маңыздылары Конституцияда - мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;

- құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

Конституциялық құқық нормасының құрылымы

Гипотеза: Норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі

Дизпозиция : Құқық субъектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөлігі

Санкция: Ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде конституциялық - құқықтық нормалар құрылымында тек жекелеген жағдайларда ғана кездесед.

Конституциялық - құқық нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойынша құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:

- құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;

- міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс әрекетін осы нормалар талаптарымен үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;

- тыйым салатын нормалар өз ұйғарымында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуды қамтиды.

Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз - конституциялық - құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік - құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердің түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:

- 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.

- Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және т. б. заңдар.

- Заңдар - конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», т. б. заңдар жатады.

- Конституциялық - құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;

- Қазақстан Президентінің конституциялы құқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары сотының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық - құқықтық нормалары қамтылған қаулылары;

- Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т. б. шешімдері.

Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады) . Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады) . Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады) . Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады) .

Конституция сөзі латынның «constitutio» - бекіту, орнату деген сөзді білдіреді. Алғашқы конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789 жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде кез келген мемлекетте өз конституциясы бар.

Қазақстан өз басынан 4 конституцияны өткерді (1937, 1978, 1993, 1995ж. ж. ) . Конституция - бұл ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар нормалардың жиынтығы.

Конституция - бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, ең жоғарғы заңды күшке ие қоғамның әлеуметтік, экономикалың, қоғамдық, саяси және рухани ізгілік өмірінің маңызды қағидалары мен институттарын бекітетін қоғамның және мемлекеттің негізгі заңы.

Оның белгілері:

1. ең жоғарғы заңдық күші болады.

2. ол тұрақты болады.

3. ерекше заңдық мазмұны.

4. оның Республиканың бүкіл аумағына тікелей және тура қолданылады.

Конституциялық құқық ғылымында конституцияны әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады.

1. Мемлекеттік құрлыс нысанына қарай конституцияны біртұтас және федерациялық.

2. Мемлекеттің саяси режимінің сипатына қарай демократиялық және демократиялық емес.

3. Қолданылу ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша конституция.

4. Нысанына қарай жазбаша және ауызша. Жазбаша (Қ. Р. ), ауызша (Ұлыбритания) .

5. Оған өзгерістер мен түзетулер еңгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлінеді. Қатаң конституцияны сайлаушылар қауымы тікелей референдумда не арнаулы құрылтай жиналыстарында қабылдананды. Олқы конституция әдетте Парламенттер қабылдайды, ал оларға өзгерістер мен түзетулерді еңгізу жай заңдарға тәріздес. тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен заң шығарушы орган еңгізеді.

6. Конституциялар федералдық және оның құрамына кіретін субъектілердің конституциясы болып та бөлінеді.

Конституциялық құқықта конституцияның нысаны атты ұғым кездеседі. Конституциялық нысан деп оның объективті өмір сүруінің әр түрлерін айтамыз. Ол 3 элементтен тұрады: а) заңды; б) ішкі нысаны; в) сыртқы нысаны. ҚР Конституциясы заңды күші бойынша жазбаша болып табылады. Конституцияның ішкі нысаны - оның құрлымдық мазмұны, яғни құрлымдық бөлімдерге бөлу. Бұл преамбула, тарау, баптар, баптың бөліктері, бап бөліктерінің тарияғынан тұрады. ҚР Конституциясы преамбуладан, тоғыз тараудан, 98 баптан тұрады. Конституцияның сыртқы нысаны ерекше атаудан, тілден және стилін білдіреді. ҚР ата заңы конституция деп аталады. Ол заңды тілмен жазылған. Оның мәтіндік мазмұны ресми іскерлік стилде жазылған.

Конституциялық құқықтық мәртебені әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады:

1) Субъектісіне байланысты: а) адамның конституциялық мәртебесі. б) ҚР азаматының. в) шетел азаматының. г) азаматтығы жоқ тұлғалардың мәртебесі.

2) Құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің көлеміне байланысты: а) негізгі. б) толық. в) шектеулі мәртебе.

Конституциялық құқықтық мәртебенің мазмұны:

1) Конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер.

2) Азаматтық. .

3) Конституциялық құқық қаблеттілік.

4) Конституциялық құқықтар мен бостандықтарын іске асырудың кепілдіктері.

Конституциялық құқықтың қайнар көздері, бастаулары.

Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықның қайнар көзі ретінде сипатталады:

1. ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық зандардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

2. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық катынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған зандар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

4. ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларның бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік кауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.

5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.

6. Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудын, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.

7. ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры - онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй зандары, Презеденттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық зандарының өзіндік ерекшелігі - олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық зандарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтың негіздері
Қазақстанның Конституциясы
Құқық түсінігі және қоғамдағы рөлі
Конституциялық құқық. Құқықтық норма
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Шетелдердегі адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесінің негіздері
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны
Мамандықтың пәндер каталогы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz