Ұлттық педагогикалық ойлар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Қазақ ұлттық педагогтары және олардың ой-пікірлері

1. 1 Қазақ ұлттық педагогтары . . . 8

1. 2 Қазақ ұлттық педагогтарының еңбектері . . . 14

1. 3 Ұлттық педагогикалық ой-пікілердің қазіргі күңгі маңызы . . . 18

2 Ұлттық педагогикалық ойларды оқу процесінде қолдану тәсілдері

2. 1 Кәсіптік білім беру процесінде ұлттық педагогикалық ойларға сүйену әдістемесі . . . 20

2. 2 Студенттердің ұлттық педагогикалық ойларға қатынасын анықтау тәжірибесі . . . 22

2. 3 Тәжирибе нәтижелері . . . 24

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 27

Қосымша

2

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: «Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Өйткені, олар - «ертенімізді жасайтын бүгініміз». Елдің қуаты мен қозғаушы күші де осы жастар. Сондықтанда жастардың сапалы білім, саналы тәлім - тәрбие алып, саламатты болып өсуі -мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі». [1]

Ұлт көшбасшысы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздерге, жастарға үлкен сенім арта отырып, жастардың жағдайын жасауға баса назар аударады. Ел президентінің жыл сайынғы жолдауларының басым бағыттарының жастармен тікелей байланыста болуы, кез-келген мемлекеттік маңызы бар стратегиялар мен мақалаларында өскелең ұрпақты тілге тиек етуі - сонын айқын дәлелі.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін, бұл аса маңызды» - деп жазылған. [1]

Президентіміз жастардың болашағына сенім білдіре отырып, олардың қазіргі заманға сай білім алуына ерекше назар аударады. Н. Ә. Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер ашуы, «Болашақ» бағдарламасын құруы, мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуі - сонын айқын дәлелі.

Білім беру саласындағы мемлекеттік стандартың саяси принциптері: «Әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі; білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы; адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту; білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы; білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы» ҚР-нын «Білім беру» Заңында көрсетілген. [2]

Қазіргі заманға сай жан-жақты дамыған ізгілікті адам қалыптастырудың мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының болуы-жастардың әлемдік деңгейде білім алуына, білімін жетілдіруіне және рухани жағынан дамуында жаңа мүмкіндіктер ашуда.

Кез-келген адамға дұрыс тәрбие, білім беру үшін, оны ана тілінде оқыту

3

керек. Өз ана тілінде білім алып, халқының тәлім-тәжірибесін бойына сіңіре алмаған адам, биік шыңдарды бағындырып, жетістіктерге жете алмайды. Жастарға қазіргі заманға сай білім алу үшін, өзге елдердің білім берудегі тәжірибесін меңгерумен қатар, өз халқының педагогикалық мұрасын игеру қажет.

Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің маңыздылығын жоймаған, керісінше әрбір кезеңдердегі өзгерістерге байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық оқыту тәрбие жүйесінің арасынан іздестіруіміз қажет.

Осы уақытқа дейінгі жасалған зерттеулердің нәтижесі, ұлттық педагогиканың адам тәрбиесіндегі озық идеяларының адамзат тәрбиесіндегі өзінің маңыздылығын жоғалтпағанын көрсетеді. Қазақ халқының ұлы педагогтары (А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатұлы, Х. Досмұхаммедов т. б. ) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәжірибесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп негіздеген.

Зерттеудің нысаны: Қазақ ұлттық педагогтарының ой-пікірлері.

Зерттеу пәні - Қазақ ұлттық ғұламаларының педагогикалық ой-пікірлерінің маңызын зерттеу

Зерттеудің мақсаты: Кәсіптік білім беруде ұлттық педагогикалық ой-пікірлердің қолдану ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, қазақ ұлттық ғұламаларының ой - пікірлерінің мәнін аша отырып, қазіргі кәсіптік білім беру жүйесінде қолданатын болсақ, онда студенттерді тұлға ретінде қалыптастыру мүмкіншілігі артады. Себебі, қазіргі күнгі педагогикалық іс - әрекеттің нәтижелілігін арттыруда маңызы зор.

Зерттеудің міндеттері:

- Қазақ ұлттық педагогтарының идеяларының мәнін ашу

- Қазақ ұлттық ғұламаларының еңбектерімен танысу

- Қазақ ұлттық ғұламаларының педагогикалық мұраларының бүгінгі кәсіптік білім беру жүйесін ұйымдастырудағы маңызын ашу.

Зерттеудің ғылыми және тәжірибелік жаңалығы: Ұлттық педагогикалық ой-пікірлерді қарастыра отырып, оның кәсіби білім берудегі нұсқаулығын қолдану бойынша ұсыну.

Зерттеудің әдістері: Теориялық әдістер: педагогикалық әдебиеттерге шолу, педагогикалық газет-журналдарды қарау. Эмпирикалық әдістер: құжаттарды талдау, анкете алу, математикалық-статистикалық, нәтижелерін шығару.

Зерттеу базасы: С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық

университетінің студенттері.

4

1 Қазақ ұлттық педагогтары және олардың ой-пікірлері

1. 1 Қазақ ұлттық педагогтары

Қазақ халқының ұлы ағартушы - педагогтары, ойшылдары мен қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов өз еңбектері арқылы қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуына теориялық алғышарттар жасады. Олар бүкіл қазақ халқына ұлттық тәрбие беру, ол үшін қазақтың ұлттық мектебін жасау, ол мектептегі ұлттық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижесін негіздеді. [3]

Қазақ ұлттық педагогтары өз халқының болашағын ойлап, оның мектебінің ұлттық болуы, қазақ тілінің тазалығын, мектептегі білім мазмұнының қазақ халқының ұлттық мәнімен, оның ұлттық рухымен бірлікте болуын дәлелдеді. Сол себептенде ұлттық педагогтар өмірімен танысудың маңызы ерекше, -деп ойлаймын.

Біздің зерттеу жұмысымызда ұлттық педагогтар ғұмырымен танысу, оларды оқып-білу аса қажет деп ойлаймын. Ахмет Байтұрсынұлы - әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, педагог, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері. «Ел бүгіншіл, менікі-ертең үшін» деген сөздерінен Ахмет Байцтұрсынұлының ұлт қамын ойлаған, кемеңгер, қоғам қайраткері екенін байқауға болады. Халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Ал , революциядан бұрын жазған еңбектердің басым көпшілігінің негізгі идеясы ағартушылық, демократтық, прогрестік биік нысана бағыттарында болды. [3]

Ахмет Байтұрсынұлы біздің азаматтық, рухани дамуымыздағы маңызды, мәнді кезеңдер шындығын аша білді, бірқыдыру ойларының, пікірлерлерінің дәл қазіргі уақытқа өзіндік маңызын жоймағанын көре аламыз.

Жүсіпбек Аймауытов - педагогика, психология саласында құнды ғылыми - зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар мен оқу-құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. Ж. Аймауытов «Тәрбие» атты мақаласында тәрбие ғылымын зерттеу қажеттігін «Бұл күнге дейін тәрбие ғылымы - кейінгі басқышта жүрген ғылым» екенін ескерткен.

Жеке тұлғаның қалыптасуына, әлеуметтік тәрбиесінің әсер ықпалына зор маңыз береді. Ол жеке тұлға қоғам байлығы дегенді баса көрсетіп, оның еңбегі мен тәрбиесін ерекше айтады. « Білім беру жүйесін жетілдіру мен білікті ұрпақ даярлау мен қалыптастыру, оның ұлттық тәлім-тәрбие ісін дұрыс жолға қою-басты міндет болып қала бермек»- деп атап көрсетті. [3]

Адамға білім беруде ең алдымен білім емес, тәрбие беру қажеттігін

негіздей келе, тәрбиеге ерекше назар аударуы, бұл идеяның сол кезде ғана емес, осы уақытта да өз мәнін жоймауы - Жүсіпбек Аймауытов ой-

5

пікірлерінін құндылығын көрсетеді.

М. Жұмабаев орыс, батыс педагог - психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр - С. Қ. ) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”. [4]

Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдер жоқтың қасы екендігі баршамызға белгілі. М. Жұмабаевтың жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзуі, педагогика оқулығын қазақ тілінде жазуы және бұл оқулықтың қазақ халқының ұлттық ерекшелігіне, тәлім-тәрбиесіне негіздеп жазылуы-ұлттық педагогикаға қосылған зор үлес болды.

Оқу құралының бiрiншi бөлiмi педагогиканың жалпы мәселесiне арналған. Оның пiкiрiнше тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек. Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын. М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты төлтума оқулығында «Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс» дейді. [4]

«Баланы келешек заманына лайық қылып шығару» - деу арқылы

6

М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Ұлттық тәрбиенің маңызына көңіл бөле отырып, тәрбиеші мен тәрбиеленуші дамып, қалыптасуында қазақ халқының тәрбие беру ерекшеліктеріне баса назар аударады.

Халық жүрегіне ерекше қымбат тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатұлы. Жақаңның бар ғұмыры халқымен тығыз байланысты, Үйез орталықтарында оқи жүріп, елдің әлеуметтік өмірінен азды-көпті хабардар болған көзі ашық жігіт ауыл тірлігімен томаға тұйық қала алмады. Әр түрлі салаға ой жүгіртіп, әлденелерге алаң болды. Сондағы оны ең мазалаған нәрсе, ауыл балаларына жүйелеп сабақ берерлік оқулықтар жоқ: әсіресе есеп шығартатын, әртүрлі мәтін оқытып жаттықтыратын оқу құралдары жетпейді, соларды өзіміз-ақ құрастыруымызға болар еді-ау деген ой мазалайды.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты.

- деп «Оян қазақ» өленінде жазды. [5]

Сол заманда болып жатқан оқиғаларды күйінішпен жырлап, өз өлеңдеріне қосу арқылы, болып жатқан оқиғаларға бейжай қарамай қазақ халқын ұйқысынан оятып, іс-әрекет жасауға, білім алуға, бос уақыт өткізбеуге шақырады.

Адамзат тарихында қилы - қиямет оқиғалармен, дүбірлі даму үрдісімен ерекше орын алған ХХ ғасырдың басы қашаннан еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін де сындарлы кезең болғаны белгілі. Осындай талма тұста, шешуші сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстарымыздың қатарында Міржақып Дулатовтың есімі бұл күнде зор ілтипатпен аталады. [5]

Ерте оянып, ерте есейген өр мінезді Міржақып қашанда күрес шебінің алдында болды. Жалынды сөзімен де, тындырымды ісімен де, жеке басының жүріс - тұрысымен де ол өзінен кейінгі жастарға әсер етіп, оларды халық ісіне алаңсыз берілуге үндеді. Оның публицистикалық толғауларынан шағын өлеңдеріне дейін, «Бақытсыз Жамал» романынан газет-журналдардағы шағын мақаласына дейін халық мүддесіне арналды. Сонымен қатар ол жастарды тәрбиелеу жөнінде көп ойланып, көп еңбектенді, халықтың пайдалы әдет-ғұрпын сақтауға, елін, жерін сүйетін тәрбие беруге күш салды. Жазушылық, қоғамдық қызметке педагогтік міндетті қосарлап көтеруі де Міржақыптың халқын беріле сүйетіндігінің айғағы.

Халел Досмұхамедов (24. 04. 1883-1939) -Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан

салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам

7

қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. Әдебиет тілінің қаруы - баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген - адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел - сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды - дейді. [5]

Қазіргі Қазақстандағы тіл ахуалы, яғни, қазақ тілінің қолданылу аясының щектеулігі, қазақша сөйлейтіндердің аздығы - Халел Досмұхаммедов ой-пікірінің дұрыстығын растайды. Мемлекетімізде қос тілдің пайдаланылуы, яғни, орыс тілінің басымдығы, кең тарауы, қазақша білмей, тек орысша сөйлейтіндердің көп болуы-біздің қазақ тіліміздің қоданылу аясын шектейді. Өз елімізде тұрып, кез-келген жерде, кез-келген уақытта қазақша сөйлей алмайтынымыз жанымызды қынжылтады.

Өзінің әйгілі «Қазақ халық әдебиеті” атты зерттеуінде Х. Досмұхамедов халық әдебиетін қырық алты түрге жіктей отырып, соның бір үлгісіне, жанрлық түрге “Билік сөз” деп шешендік сөздерді жатқызады. “Әртүрлі сот істері кезіндегі билердің тамаша үкім сөздері, екі жақтың ұтымды даулары мен тапқыр жауаптары, әдетте, ұйқасты мәтел не өлең түрінде айтылады. Поэзияның бұл түрі билік сөз (замечательные приговоры судей биев) деп аталады»-дейді. [5] .

Қоғамдық істерге белсене араласып, ұлт қамы үшін газет-журналдарда өзекті тақырыптағы мақалаларын жариялап, тарих, әдебиет, тіл білімі саласында ғылыми еңбектерін жазуы, Алашорда үкіметінің басқару ісіне араласауы, сонымен қоса ұлттық тұрмыс-тіршілік, кәсіпкерлік мәселелеріне көңіл бөлуі, -Халел Досмұхаммедовтың нағыз ұлтжанды азамат екендігін көрсетеді.

Қорытындылай келе, қазақ ұлттық педагогтары тәрбиеленушілерге ұлттық тәрбие беруде ұлттық сананы, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастырудың рөлі мен маңызына ерекше мән берді. Қазақ ұлттық педагогтары қазақ халқының тарихында ереше із қалдырған, еңбектері өлшеусіз тұлғалар.

1. 2 Қазақ ұлттық педагогтары еңбектері

Ұлттық педагогтарымыздың еңбектерімен танысып, оның мәнін түсіну, ондағы тәрбиеге қатысты ойларын ұлттық тәрбие беруде қолдану педагогикалық іс-әрекет нәтижелілігін арттыратындықтан, оларға жеке - жеке тоқталып өтуіміз қажет, -деп ойлаймын. А. Байтұрсынұлының творчестволыққа бет бұруы оның ұстаздық қызметке араласкан кезеңінен басталады. Туған әдебиеттің тұнығынан сусындау, сондай-ақ, орыс әдебиетінен алған әсер-тағылымы да жас ұстазды өнер соқпағына әкелген.

8

Ахметтің әдеби мұрасы сан салалы, әрі қомақты. Алайда оның

творчестволық қалыптасуында айрықша мәнге ие екі жинағын атау ләзім. Оның бірі -1909 жылы Петербургте жарық көрген «Қырық мысал» да, екіншісі - «Маса» 1911 жинағы.

«Қырық мысал» Ахмет Байтұрсынұлын халыққа аудармашы ақын ретінде танытқан тұңғыш жинағы. Кітапқа оның орыстың әйгілі мысалшы ақыны И. А. Крыловтан аударған қырық мысалы енген. Жинақтың «Қырық мысал» аталуының мәнісі де осында.

Аудармашы орыс ақынының шығармаларынан суреттелетін құбылыстар мен жағдаяттары қазақ тіршілігіне неғұрлым жақындау келетінін, әрі ұғымға жеңіл үлгілерін таңдап, іріктеп алған. Крылов мысалдарының негізгі мазмұнын сақтай отырып, оны қазақ оқырманының ерекшелігіне лайықтап еркін аударуды Ахмет негізгі принципі еткен. Әрбір аударма соңына мысалдың негізгі идеясын неғұрлым айқындай түсу үшін ол өз тарапынан бірер шумақ қосып, өзінше түйіндеп отырған. Мәселен, «Шымшық пен көгершін» мысалының аудармасын алып қарайық. Абайсызда торға шырмалған шымшықты көрген жас көгершін оған көмектесу орнына:

Талтүсте торды көрмей соқыр ма едің,

Есалаң, ақылың жоқ, күшік, - деді,

деп оны табалайды, мұнымен қоймай,

Мысалы мені алдап еш уақытта

Top түгіл түсіре алмассың онан зорға, -

деп өзін мақтап, астамшылық көрсетеді. Осылай күліп, табалап тұрып, аңдаусызда өзі де тұзаққа түсіп қалады. [6]

Өзінің мысалдары арқылы халыққа астарлап, өз ойын жеткізуге тырысады. Бұл мысалдың мағынасы қазақ халқының «Күлме-досқа, келер-басқа» деген мақалына саяды. Яғни, бүгін біреудің басында болған жағдай, ертең сенің басынан өтуі мүмкін. Сол себептеңде, сүрінгенге күлмей, қайта қол үшін беру керектігі жайлы ой салады. Мысалдарының негізгі ерекшелігі оның тәлім-тәрбиелік сипатында болуында. Сол уақыттағы жағдайларды өз мысалдарында жан-жануарлардың диалогы ретінде көрсету арқылы, қателіктен сабақ алуға шақырады.

1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» - Ахмет Байтұрсынұлының төл өлеңдерінің топтамасы. Қазіргі өлшеммен қарағанда, көлемі шағындау бұл кітаптың XX ғасыр басындағы қазақтың қоғамдық өміріндегі үлкен әлеуметтік мәселелерді батыл көтеріп, өз дәуірі үшін елеулі мәнге ие болғаны, қазақ қауымы ортасында салиқалы ой туғызғаны белгілі. [6]

Жинақтың мақсаты оның «Маса» аталуынан да танылады. Ақын кіріспе өлеңінде масаны ызыңымен елді енжарлығынан, жалқаулығы мен ұйқысынан оятуға септігі тиетін бейне етіп алады. Осы жинақ арқылы қоғамдағы болып жатқан жағдайларға қатысты өз ойларын айтып, мәселердің шешу жолдарын қарастырады. Қазақ халқына қатысты ой-пікірлерін айтып, өткір сынайды.

9

Кітаптағы өлеңдердің тақырыптық-идеялық мазмұнынан автордың

ағартушылық көзқарасы да жақсы танылады. Халық тағдырына жаны күйіп, оны ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға жетелеуге күш салған азаматтың үні естіледі. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген», «Жұртыма», т. б. өлеңдері - бұған дәлел.

«Қазақ салты» өлеңінде ақын қазақ қауымының әртүрлі өкілдерінің мақсаты мен өмір-тіршілігін сын көзімен саралай келіп, «ұмтылып талап ойлап талпынбаған» елінің енжар, жайбасар халіне күйініш білдіреді. Елінің бұл халіне оқыған азамат ретінде өзін де кінәлі санай отырып өлең аяғын:

Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған,

Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.

Байға-мал, оқығанға шен мақсат боп,

Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан, -

деп азаматтық үлкен қиналыспен бітіреді.

Ақаңның майданға алғаш жыры шығып, әдебиет, саясат жолында жол бастаған күндері бәріміздің де есімізде. Кешегі күні оқушы болып, соның тәрбиесінде жүрген күндерімізді көз алдымызға елестетеді. Ақаның қазақ оқушысының ойы мен пікірін тәрбиелеген заманынан бір ай ұзағамыз жоқ. Кешегі күндерге шейін бәріміз де жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы үкіметтік әр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға сіңірген пікірі әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді.

«Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр. Ақаңның бұл істеген қызметі- қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш- мәңгілік ескерткіш. [6]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz