Ислами тәрбие беру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1 Ислами тәрбие ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Ислами тәрбие ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Ислами тәрбиенің басты ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Құрандағы бала тәрбиесіне қатысты ойлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2 Исламдағы бала тәрбиесін жүргізудің практикалық жағдайлары ... ... ... ... ... .17
2.1 Бала тәрбиесі туралы ғалымдар тұжырымдамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Исламдық тәрбиенің жанұядағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 Ислам тәрбиесі туралы ата.аналардың ой.пікірлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Зерттеудің өзектілігі: «Тәрбие» - арабтың сөзі. «Көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінің алғы сөзінде адамның басқа жаратылыстарындан бөлек екенін, тәрбиені қажетсінетінін былай деп білдірген екен:
«Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, зағип, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы – туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінеки, адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды.»[6,4]
Демек, баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан-жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп қалыптастыру. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор. Ал, Исламдағы тәрбие негіздерімен танысуға руханият дамып келе жатқан бүгінгі күні толық мүмкіндік туып отыр. Исламда бала тәрбиесі жігіттің өзіне қалыңдық таңдау сәтінен-ақ басталады. Өйткені, болашақ ананың ары бар, ақылы бар, ұятты, көргенді болуы ұрпақ тәрбиесіне өз әсерін тигізбей қоймайды.
«Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз.»[1]
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлттық тәрбие беруде діннің маңызы зор екенін баса айта отырып,ел тұтқасы болған жастарды төл дініміз болған адамгершілікпен имандылыққа үндейтін асыл дініміз Исламмен сусындатып,Исламдағы тәрбиені бойларына сіңіруге баса назар аудару керек екенін айтты.Ендігі кезекте, бүкіл халық болып сол игі бастамаларды бірігіп жүзеге асыруымыз керек.
«Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдармалары оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың,тәрбиеленушілердің патриоттық,азаматтық,интернационалдық,жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.»[2]
Балаға көңіл аудару, өскенде жаны ізгілікке толы мұсылман, қоғамға пайдалы азамат етіп қалыптастыру – үлкен сауапты істің бірі. Сондықтан сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) ата-аналарға: «Балаға бір мәрте көңіл бөліп, тәрбие беру – бір мөлшер көлемінде садақа бергеннен де жақсы»,

1. «Қазақстан 2050 стратегиясы» 2014ж
2. «ҚР-ның Білім Беру туралы заңы»
3. Налибаева Г.Р Бала тәрбиесіндегі қос жауапкершілік міндеті/
Білімдегі жаңалықтар. №1,2012 (37)
4. Көлбаева К.Е Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ/
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.№4,2015 (43)
5. Пшкеева Ә Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі/
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.№3,2015 (42)
6. Құдайменді Бағашар. Исламдағы бала тәрбиесі
Алматы: Көкжиек-Б, 2010жыл
7. Ата әс-Сынбати. Ислам және жастар
Алматы: Көкжиек-Б, 2012жыл
8. Сәбит Ибадуллаев. Ел болам десең, бесігіңді түзе!
Алматы: Ғибрат, 2008жыл
9. Рамазан Айваллы. Хазреті Мұхаммед алейhиссаламның өмірі
Алматы 2015,588бет, Түркістан кітап үйі
10. Ақытұлы Ғазез. Құран кәрімдегі ғылыми негіздер
Алматы: Тоғанай, 2007жыл
11. Ш.А.Әділбаева. Исламда отбасы
Алматы: Дәуір, 2013жыл
12. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі
Алматы: Санат, 1995жыл
13. С.Б.Исмуратов. Дулатовские чтения,ІІІтом
Қостанай: Шапак, 2011жыл

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1 Ислами тәрбие ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Ислами тәрбие ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Ислами тәрбиенің басты ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Құрандағы бала тәрбиесіне қатысты ойлар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 14
2 Исламдағы бала тәрбиесін жүргізудің практикалық жағдайлары ... ... ... ... ... .17
2.1 Бала тәрбиесі туралы ғалымдар тұжырымдамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Исламдық тәрбиенің жанұядағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3 Ислам тәрбиесі туралы ата-аналардың ой-пікірлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Тәрбие - арабтың сөзі. Көктету, өсіру, жетілдіру деген мағынаны білдіреді. Мағжан Жұмабаев Педагогика атты еңбегінің алғы сөзінде адамның басқа жаратылыстарындан бөлек екенін, тәрбиені қажетсінетінін былай деп білдірген екен:
Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, зағип, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы - туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінеки, адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды.[6,4]
Демек, баланы тәрбиелеудегі мақсат - оны жан-жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп қалыптастыру. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор. Ал, Исламдағы тәрбие негіздерімен танысуға руханият дамып келе жатқан бүгінгі күні толық мүмкіндік туып отыр. Исламда бала тәрбиесі жігіттің өзіне қалыңдық таңдау сәтінен-ақ басталады. Өйткені, болашақ ананың ары бар, ақылы бар, ұятты, көргенді болуы ұрпақ тәрбиесіне өз әсерін тигізбей қоймайды.
Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол - біздің дәстүріміз.[1]
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлттық тәрбие беруде діннің маңызы зор екенін баса айта отырып, ел тұтқасы болған жастарды төл дініміз болған адамгершілікпен имандылыққа үндейтін асыл дініміз Исламмен сусындатып, Исламдағы тәрбиені бойларына сіңіруге баса назар аудару керек екенін айтты. Ендігі кезекте, бүкіл халық болып сол игі бастамаларды бірігіп жүзеге асыруымыз керек.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдармалары оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.[2]
Балаға көңіл аудару, өскенде жаны ізгілікке толы мұсылман, қоғамға пайдалы азамат етіп қалыптастыру - үлкен сауапты істің бірі. Сондықтан сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) ата-аналарға: Балаға бір мәрте көңіл бөліп, тәрбие беру - бір мөлшер көлемінде садақа бергеннен де жақсы, Кімде-кім жылаған баланы жұбатса, Аллаһ тағала жаннатта оған қалағанынша сый-сияпат береді - деп, балаға көңіл бөлудің сауап жағынан да артықшылығын ұқтырған.
Шығыс халықтарында айтылатын Бала қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат деген нақыл сөздің мәні терең. Өйткені, тәрбиелі ұрпақ - ата-ананың мақтанышы, елдің ертеңі. Кез келген халықтың болашағы, оның өміршеңдігі рухани қайнардан сусындаған, ұлттық рухы кемел, жақсы тәрбиеленген ұрпақтың қолында. Егер ұлт өз болашағын аманат етіп тапсыратын текті, саналы ұрпақ өсіре алмаса, оның келешегі бұлыңғыр тартпақ. Сөз жоқ, ұрпақ тәрбиесіне, ұлттың келешегіне ата-ана жауапты. Сондай-ақ баланың тар ойлы, жетесіз болып өсуіне, парықсыз қылық танытуына тәрбиешінің кінәланғаны тегін емес. Тіпті Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін деген Иран елінің мәтелі де осыдан туған. Сол себепті ұрпағының өзінен оза туғанын қалаған мұсылман халықтары бала тәрбесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Халқымыздың бір ерекшелігі - тәрбиеге үлкен мән беруінде. Өйткені, бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, ертегі, аңыздары, мақал мәтелдері, жыр-термелері, ойын сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары барлығы да айналып келіп тәрбиеге тірелген.[6,6]
Халқымыздың бір ерекшелігі - тәрбиеге үлкен мән беруінде. Өйткені, бүкіл салт - санасы, әдет - ғұрпы, ертегі, аңыздары, мақал - мәтелдері, жыр - термелері, ойын - сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары барлығы да айналып келіп тәрбиеге тірелген.
Бірақ, өкініштісі, соңғы жылдары қазақ қоғамында да ұлттық тәрбие жүйесі қағажу көріп, тәрбиелік ырғағы бұзылып, бала тәрбиесінің тым нашарлап кеткені белгілі. Оған есірткі мен анашаға тәуелділер, ішкілік пен темекіге әуестер, жасөспірімдер арасында бұзақылықтар мен қылмыстың өршіп кетуі т.б. дәлел. Себептер де аз емес. Көбіне іскерге қоймадағы жүгі, саудагерге сатқан малы, шенеунікке шен-шекпенінің қымбат болуы, үй ішіндегі күйбең тіршіліктен шешенің қолының бір босамауы, жұмысбастылықтан әкенің уақыт таппауы т.б. Қазіргі уақытта теледидардағы кино мен мультфильмдердің көбі атыс-шабыс, төбелес, қирату, ұру, сындыру, күш көрсетуге негізделген. Ал бұлардың санасы әлі қалыптаса қоймаған балаға зиянды екені айтпаса да түсінікті.
Біз бүгін осы олқылықтың орнын сәлде болса толтыру мақсатында курстық жұмысымды Исламдағы бала тәрбиесі деп алып отырмын.
Зерттеудің қарама-қайшылығы: Қазіргі таңда телеарналардан беріліп жатқан мағынасыз шетелдік бағдарламалар мен фильмдер баланың өсіп жетілуіне теріс әсерін тигізері хақ. Сол себепті телеарналардан шетелдік бағдарламалардың мөлшерін азайтып, ислами бағыттағы арналарды көбейту керек. Бала тәрбиесінде басты ұстаным ретінде ислами тәрбиені қойсақ кана, рухани жетілген, саналы жас ұрпақ дамиды.
Зерттеу мақсаты: Исламдағы бала тәрбиесін ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу
Зерттеу міндеттері:
* Ғұлама - ғалымдар пікірлерін зерттей отырып, исламдағы тәрбие мәнін анықтау;
* Ислами бала тәрбиесін ұйымдастыру жолдары;
* Ислами негізде бала тәрбиесін жүргізуге қатысты нұсқаулар беру.
Зерттеу объектісі: Исламдағы бала тәрбиесі
Зерттеу пәні: Исламдағы бала тәрбиесі мәселелерін зерттеу
Зерттеу болжамдамасы: Егер кәсіптік білім беру жүйесінде бала тәрбиесін ислами тұрғыда саналы түрде жүргізер болсақ, кез келген өсіп келе жатқан жас буын жан-жақты білімді, иманды, ибалы болар еді. Сонда ғана болашағымыз бай, кемеңгер ел боламыз.
Зерттеу әдістері:
* Ислам тәрбиесі мәнін ғалым - ғұламалар еңбектері негізінде анықтау;
* Ата - аналар арасында ислам тәрбиесіне қатысты сауалнамалар жүргізу;
* Ислами негізде бала тәрбиесін жүргізудің әдістемелік жүйесін жасақтау.
1 Ислами тәрбие ерекшеліктері
1.1 Ислами тәрбие ұғымы
Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестіруге болады.
1. Раба - ярбу; көбейту, арттыру мағынасына келеді. Құранда Рум сүресі 39- аятында осы мағынада қолданылған.
2. Раба - ярби; пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.
3. Раба - яруббу; реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді. Раб сөзі тәрбиелеуші реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады.
Раб сөзі негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан да Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ, бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар еткен, Аллаһ тағала үшін қолданылады. Тәрбиенің білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім-білімдерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиеден мақсат жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа, адамзатқа пайдалы өнеге болатын үлгілі адам тәрбиелеу. Тәрбие сөзі тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында да қолданылады. Мысалға жақсы менезді адам үшін тәрбиелі, жаман мінезді адам үшін тәрбиесіз деп қолданылады. Тәрбие сөзінің әдеп сөзімен байланыстылығы да бар. Әдепті адам деген кезде тәрбиелі адам, әдепсіз адам деген кезде тәрбиесіз адам ойға келеді.
Тәрбие негізінде өз алдына мақсат емес себеп болып есептеледі. Кейбір ата-аналар балаларын, өмір мектебіне дайындау үшін тәрбиелейді. Кейбірі білімдар болуы үшін тәрбиелейді. Ал енді біреулері еліне, халқына қызмет ететін азамат болсын деп тәрбиелейді. Тәрбиенің осы сияқты мақсаттары көптеп кездеседі. Адамдар әртүрлі дәуірлерде заманның талабына сай тәрбиені алуан түрлі мақсаттарда қолданып келген. Сондықтан да Заман түлкі болса, тазы болып қу деген сөзді негізгі қағидаға айналдырып, осыны бер перде тұтқан.[14]
Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала. Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.
Исламда тәрбие ислам дінінің негізін құрады. Жалғыз жаратушысына ықыласпен құлшылық, жаратылысқа Аллаһ үшін қызмет ету бұл діннің негізгі ерекшелігі болды. Барлық жамандықтар тәрбиесіздікті білдірсе, жақсылықтартардың барлығы тәрбие рұхы ретінде сипатталады. Ислам үлкендерге құрмет, кішкентайларға мейірімділік, сөздердің дұрыстығы мен істердің адалдығын, жалпы жан-жақты дұрыстықты әмір етеді. [9,5]
Балаларды тәрбиелеу, оларды өз еркіне қоймау әке-шеше алдындағы ең бірінші міндет. Сондықтан да исламда әуелі Аллаһтың бірлігі, Мухаммед пайғамбардың хақ пайғамбар екендігін айта келе барлық жақсы нәрселерге үгіттеу, жаман нәрселерден тиым салу бұл қасиетті діннің негізін құрады. Өйткені бала әке-шешенің үгіт насихаты арқасында жақсы немесе жаман мінездер қалыптаса бастайды.
Ислам ғалымдары тәрбиені екіге бөліп қарастырған. Жалпы және жеке тәрбие. Жеке тәрбие бұл Аллаһ тағала тарапынан пайғмбарлар арқылы адамдарға үйретілген сенімдер әдемі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Пайғамбарлар дәрігер іспетті адамдардың сырқаттарын айта отырып жақсылықтар игіліктер арқылы емдейді. Ал жалпы тәрбие болса әлемнің ең кішкентай бөлшегінен бастап ең үлкен болмысына дейін құдірет иесінің қолы мен тәрбиеленіп жатқандығын айтады. Жалпы тәрбиеде мәжбүрлілік болса жеке тәрбиеде қалау мен ерік бар. Жалпы тәрбие туралы Құранда ясин сүресінің ең соңғы аяттарында былай делінеді. "Егер ол бір нәрсені қаласа, бол дейді сол сәтте болады. Бүкіл нәрсе оның қол астында. Өмірді де өлімді де жаратқан сол. Еш бір нәрсе оның бақылауының сыртында қалмайды. Бірақ пайғамбарлар арқылы болатын тәрбиеде таңдау құқығы бар.[7,90]
Тәрбие ұғымын Мухаммед пайғамбардың міндеті жағынан алып қарайтын болсақ теблиғ-жеткізуші, муршид- жол көрсетуші деген мағынаға келеді. Теблиғ және муршид сөздері тәлім-тәрбие мағынасын өз ішіне қамтиды. Мухаммед пайғамбардың Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім деген сөзімен тәрбиенің мақсатын көркем мінезге қол жеткізу, қасиеттілікке ие болу деп айтсақ қателеспейміз. Ислам тәрбиесінің мақсаты адамдарды дүние және ахиретте бақыттылыққа жеткізу, қысқаша айтатын болсақ жақсы мұсылман өсіру болып табылады.
Аллаһтың құлы болған адам баласы пайғамбарды мойындап одан әмір мен тиымды, жақсы мен жаманды, бұрыс пен дұрысты үйренеді. Әмірлерді орындап, тиымдардан аулақ тұрса, әр қашан бақыттылыққа жетеді.Адамдардың ең бақыттысы болып есептеледі. Әр ғасыр сайын пайғамбарымыздың жолын көрсететін адамдар келіп, олар да халықты жақсылыққа, хидаятқа, туралыққа шақырған. Мұндай адамдарға өз тілімізбен үәлилер деп айтамыз. Үәли деген сөз дос дегенді білдіреді. Құран Кәримде Аллаһ тағала былай дейді: Аллаһ иман еткендердің досы. Оларды қараңғылықтан нұрға шығарады. Аяттың жалғасында Аллаһқа иман етпегендердің досы шайтан, ол өзінің достарын жарықтан қараңғылыққа апаратындығын, от ішінде қалатындығын айтады. [7,98]
Адамнан адам тәлім алады,ағаштан ағаш сәнін алады демекші, кез - келген жағдайда да, адам басқа бір адамнан үлгі алары анық. Адамдардың да түр - түрі бар, олай дейтін себебіміз, адамның пікірі басқа, ниеті басқа; бір адам жақсылыққа нұсқаушы болса, енді бірі басқа болып келеді. Жаман адам болмайды, ең нашар деген адамның бойында да өзге үйренерлік ерекше қасиеттері болады. Соны адам тани білу керек, шатастырмауы керек.
1.2 Тәрбиенің басты ұстанымдары
Жанұя құрумен бірге ата-аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершіліктері де аса зор. Балалық шақ және жасөспірімдік кезең адам өміріндегі сенім, мінез құлық сияқты басты ұстанымдардың қалыптасатын кезеңі. Адамның тұлғалық жағынан қалытасуы отбасынан бастау алады. Жанұя тұлғаның шынығып, қалыптасатын шеберхана десе де болады. Тұлғалық қасиеттер жанұя жағдайында бірте-бірте қаланады. Содан кейін осы қалыптасқан қасиеттер, әдетте, ешқандай өзгерістерге ұшырамайды да, мызғымас тұлғалық тұтастыққа айналады.
Сәбиге туған кезден бастап жақсы тәрбие беру керек. Оның тыныш, мамыражай жағдайда өскені жөн. Оған қатты дауыс көрсетіп ұрсуға, жекуге, қорқытуға болмайды. Сондай-ақ айқай-шу, төбелес сияқты жағымсыз көріністер көрсетілмеуі тиіс. Мұндай әрекеттер баланың жүйкесіне теріс әсер етіп, оның ақыл-есінің кемуіне әкеп соғуы ықтимал.
Бала тәрбиесі ата - ананың өздерін - өздері тәрбиелеулерінен басталады. Өйткені балаға бір нәрсені айтып, үйреткенмен оны ата-ананың өздері орындамайтын болса, бұдан балаға еш тәрбие жоқ. Өзін - өзі тәрбиелей алмайтын адам басқа адамды тәрбиелей алмайды. Тіпті, ондай әрекет жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.
Кейде арнайы педагогикалық - тәрбиелік дайындықтан өтпесе де кейбір жанұяларда тәрбиеленген балалар өте тәрбиелі әрі білімді болып шығып жатады. Балаларының сондай дәрежеге қалай жеткендігін олардың ата-аналарынан сұраудың қажеті де жоқ. Сондай үйлерге қонаққа барғанда оны өзіңіз-ақ аңғарасыз. Әкесі - ықыласты әрі діні берік азамат, ал анасы - өте жұмсақ әрң жанашыр әйел екендігі көрінеді. Мұндай үйлердің ізгілік пен жақсы амалдың ордасы екендігі байқалады. Ондай жанұяда жалғандық пен жасандылық болмайды. Үлкен-кіші демей бірін-бірі сыйлап, құрмет тұтады, бір-бірін тыңдайды. Мұндай отбасында тәрбиеленген бала туралы Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі, Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер дейді қазақ.[8,91]
Қазіргі заманда кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстары туралы шағымданып психологтардн ақыл-кеңес сұрап жатады. Алайда көп жағдайда сондай келеңсіздіктердің себебі өздерінде екенін түсінбейді. Өйткені олардың өздері де сондай түрлі қателіктерге ұрынып, жүйке жүйелері бұзылған жандар. Өздерінің сол қате-кемшіліктерін түсінбегендіктен де олар сәбилерінің неліктен сондай болып шыққанына кейін қайран қалады.
Сәбидің дамуындағы ең маңызды кезең оның өмірінің алғашқы онжылдығы болып саналады. Педагог-психологтардың айтуларынша баланың ақылдылық, интеллектуалдық қабілетінің 80пайызы алғашқы жеті-сегіз жылда ашылып, жетіледі. Сондай-ақ, адамдық тұлғасының жан-жақты және үйлесімді қалыптасуы да осы кезеңде жүреді.
Қандай да бір жемістің піскендегі пішінінің қандай болатындығын алғашқы кезеңінде байқауға болады. Сәби де сол сияқты. Ол өзінің талабы мен сезімдерін жылаумен, күлумен білдіреді. Сәбидің бойында талай тілектер мен сезімдер: ізгілік пен зұлымдық, үрей мен үміт, сүйіспеншілік пен жеккөрушілік, шынайылық пен аманшылдық, жеке тұлғалық және көпшілдік, белсенділік және салғырттық сияқты қасиеттердің ұрықтары болады. Ата-аналардың ықпалы оның осы қасиеттерінің кейбірін көбейтіп, кейбірін азайтады.[5,17]
Әсіресе, алғашқы екі жылдағы тәрбиенің маңызы өте зор. Себебі бұл сенімділік, шынайылық сезімдерінің іргетасы қаланатын кезеңі. Сондықтан да осы кезеңде нәрестеге тұрақты әрі үйлесімді сүйіспеншілікпен, үлкен мейірім-шапағатпен қарау керек. Мәселе нәрестені кім бағып жатқанында емес, сүйіспеншіліктің тұрақты болуында. Тәжірибелер көрсеткеніндей, тез ауысып, өзгеріп тұратын орталарда өскен балалардың бойында уақыт өте келе қоршаған ортаға деген сенімсіздік, бұйығылық пайда болады. Мысалы, Филиппин елінде жүргізілген тәжірибелерде балалық шағында сүйіспеншілік пен ыстық ықыластың құшағында болған балалар есейген кезінде аса сабырлы, байыпты әрі ұстамды болып қалыптасқан. Сондықтан да санасыздау болып көрінетін алғашқы сәбилік кезеңнің шын мәнінде баланың санасының қалыптасуындағы рөлінің ерекше екендігін ескеру керек.
Сонымен, бала тәрбиесінің басты ұстанымдарын былайша бөлуге болады:
1. Жаңа туылған нәрестеге мейлінше сүйіспеншілікпен, мейірім-шапағатпен, ыстық ықыласпен қарау керек. Алғашқы кезеңде мұның барлығын оның анасы береді. Алйда мейірімнің өзі мөлшерімен берілуі тиіс. Шектен тыс өбектеу, еркелету нәрестенің өзімшіл болып өсуіне әкеліп соқтырады.
2. Өзін-өзі ұстай білу, сабырлылық сезімін қалыптастыру. Қалауын орындату талабы нәрестенің бойында алғашқы кезеңнің өзінде-ақ пайда болады. Бірақ оның ырқына көне беруге болмайды. Анасы оның еріксіз дәрет жіберіп қоюына, жылауына, қайта-қайта тамақ сұрауына шектеу қойып, ұстамдылық қалыптастыруы тиіс. Өсе келе оған әңгімелесу мен үлкендермен қарым-қатынаста ұстамды, әдепті болуға үйрету керек. Бала өзінің қалауынан шектелуінің нақты, шынайы негізінен хабардар болуы қажет.
Әсіресе, балаға жалған сөйлемеген жөн. Қандай жағдайда да ата-ананың баласына өтірік айтпауы қажет. Бұл туралы мынадай хадис бар. Абдулла ибн Амир былай дейді: Бір күні үйімізде Алланың елшісі отырғанда анам: Бері кел, бірдеңе беремін, - деп мені шақырып алды. Сонда Алланың елшісі Оған не бермекші едің? - деп сұрады. Анам: Бір түйір құрма бермекші едім, - деді. Сонда Алланың елшісі Егер ештеңе бермегеніңде саған бір өтірік жазылар еді,деді. (Әбу Дәуіт риуаяты)
3. Ата-ананың жақсы үлгі болуы. Алғашқы кезеңде нәресте айналасындағы адамдарға еліктейді. Ал 5-7 жастан бастап жаман мен жақсыны ұғына бастайды. Осы уақытта оған жақсы достар керек. Ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол, қызың өссе қызы жақсымен көрші бол деп қазақ тегін айтпаған.
4. Жақсы білім беру. Жалпы бала тәрбиесінде ислам дінінің қайнар бұлақтары - Құран мен пайғамбардың сүннетіне сүйіну керек. Осы негіз бойынша Жаратушының алдында жанұя үшін әкенің жауапкершілігі үлкен екендігін айтка кеткен жөн.
Егер ата-ана нағыз шынайы мұсылман етіп тәрбиелей алса, олардың баласы Қияметте жәннат қақпасының алдында отырып: Әке-шешем кірмесе мен де кірмеймін, деп отырады. Ізгі ұрпақ тәрбиелегені үшін ата-анаға осы дүниеде де, ақыретте де үлкен құрмет, шексіз кошемет бар. Бірде қажылық кезінде бір әйел Пайғамбарға қолындағы нәрестесін көтеріп: Мынаған да қажылық жазыла ма? - деп сұрайды. Сонда Алланың елшісі оған: Иә, ол үшін саған да үлкен сауап бар, - деп жауап берген.[9,93]
Жалпы баланың тәрбиесіне әсер ететін төрт фактор бар:
1. Отбасы
2. Сыртқы орта (көше)
3. Мектеп
4. Қоғам және жалпы қоғамдық мәдениет
Демек, бала тәрбиесі ата-ананың, мектептің, қала берді, жалпы мұсылман қоғамының ортақ ісі. Жаратушы Хақ Тағала мұсылмандардың ізгі істе әрдайым тізе қосып, бірге қимылдауына үндейді.
Сонымен қатар баланы үлде бүлдеге, жырғалшыл, мамыражай тұрмысқа үйретпеу керек. Қарапайым тіршілікке, қанағатшылдыққа баулу керек. Өйткені шектен тыс рақатшылықтың ортада өсу ұрпақтың ортада өсу ұрпақтың әлжуаз, аурушаң немесе керенау-кердең болып шығуына апарып соқтырады.[8,105]
Ата-ананың есейген балаларын ерте жастан еңбек етуге үйретіп, өзінің құрдасындай тұтып, кей істерде ақылдасып, кеңесіп отырғаны жөн. Сонда ғана бала өз бетімен тірлік жасауға үйреніп, алда кездесетін қиындықтардан оңай жол таба алады. Халық нақылында Алтыға дейін бала деп көр, алтыдан кейін құлыңдай көр, он алтыда досыңдай көр делінеді.
1.3 Құрандағы бала тәрбиесіне қатысты ойлар
Құран сөзі тау суындай сарқырап ағып жан мен тән, ар мен жүректі кірден арылтып, адамзатқа бақыт әкелді. Құран арқылы әйел заты теңдікке қол жеткіссе, әке перзентін қыз, ұл деп бөле жармай, бірдей әкелік сезіммен қарайтын болды. Кешегі қызын тірідей көмген әкелер, енді құмырсқаға да аяныш сезіммен қарайтын заманға қол жеткізді. Бір-бірімен қырық-пышақтасып қырқысқан ру, тайпалар Құран арқылы арасынан қыл өтпейтін дос атанып, аға- бауырлық қарым-қатынас орнықты. Күні кеше ата-анасына қарсы балалар Құранның атқан орайлы таңынан кейін, оларға қарсы шықпақ түгіл үһ деп те наразылық білдірмейтін ибалы дәрежеге жетті. Әсіресе анаға ерекше ізет көрсетіліп Жаннат аналардың аяқтарының астында деген мәртебелі баға беріліп ардақталды. Міне Құран бұдан он төрт ғасыр бұрын, зұлыматтың қара түнегін сейілтіп адамзат әлемін көкжиектен көтерілген күндей нұр шұғылаға бөледі.[10,56]
Мұсылмандардың бастапқыда таңқаларлық табысқа қол жеткізулері тәрбиенің арқасында деп айтуымызға болады. Исламның адамзатқа әкелген тәрбие системасының, сенімі қуатты мұсылмандар тарапынан кемшіліксіз орындалуы арқылы олар жан жақты табыстарға қол жеткізген. Бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Исламға илаһи тәрбие(құдайдық) системасы деп сипат беруге болады.
Қасиетті Құранда: Егер сенсеңдер, әрине жоғарысыңдар(үстінсіңдер) аятын ислам тәрбиесін өмірде іс-әрекеттерің мен көрсетіп нағыз мұсылман болсаңдар, міндетті түрде жеңіске жетіп, дүниеуи жарыстарда да басқалардан жоғары мәртебеге жетесіңдер деген мағынада түсінуіміз керек.
Құран, адамзат қараңғылыққа көмілген заманда, қапастан құтқарып нұрға бөлеген, нұрмен рақымға толы кітап. Құранда Аллаһ тағала былай дейді: Ол сендерді қараңғылықтан жарыққа шығару үшін құлына ап-ашық аяттар түсірді. Сөзсіз Аллаһ сендерге тым мейірімді, аса рақымды. Біз мұсылмандарға Құраннан шипа мен рақым түсіреміз. Бұл залымдардың зиянын ғана арттырады.
Құран - тарихтағы өзіне дейінгі адамдардың қолымен бұрмаланған өзге илаһи кітаптарға ұқсамаған жалғыз уаһилік кітап. Осы жағынан Құран өзге кітап пен діндерді бағалауда жалғыз құқылы кітап. Оның нақты мәнісі-Тәурат, Інжіл, Зәбур және Құранның бір бастаудан келуінде. Себеп, тәурат пен Інжіл ғасырлар бойы адамдардың бұрмалауына ұшырап, Құранның әлгі күнге дейін бір әрпі де өзгертілмей сақталуында. Кей бір ислам ғалымдары бұл кітапта шүбә жоқ деген. Құран аятындағы кітап сөзіне түсіндірме жаасаған кезде кітапты екіге бөліп қарастырады. Үлкен және кіші кітап. Үлкен кітап бұл алып әлем болса, кіші кітап Құран делінеді. Құран жоқтан жаратылған жеті қат әлем атты алып кітаптың аудармашысы. Ұлы жаратушы әлемді өзінің ұлылығымен құдіреттілігін таныту үшін жааратқан. Қасиетті хадисте Аллаһ тағала Мен бір құпия қазына едім, мені танып білсін деп әлемді жараттым дейді. Өйткені әр бір кәміл құдірет және әдемілік өзінің кәмілділігі және әдемілігін көруді әрі көрсетуді қалайды. Сондықтан да әлем кітабын адамзатқа арнайы ұсынып, сол кітабы арқылы адамдар мен тілдеседі. Ендеше адам баласы алып кітапты оқып оның тылсым сырын ақтарып негізгі мақсатты табуы шарт. Адам ақылы шектеулі. Сондықтан да сансыз болмыстың құпия сырын адамзат ұлы жаратушысының пайғамбары арқылы жіберген кітап кілітімен ғана аша алады. Құрранның түсу кезеңін зерттейтін болсақ, ол адамзаттың сан ғасырлар бойы санасы дамып кәмілдік деңгейге жеткен кезде түскен.[10,24]
Ол осыдан он бес ғасыр бұрын түссе де, қазір де қияметке дейін де адамзаттың барлық мәселелерін шешуге жетіп артылады. Құранда Аллаһ тағала Болашақта дәлелдерімізді ғаламзат және жаратылыстарында көрсетеміз. Сол кезде олар оның (құранның) ақиқат екендіігіне анық көздері жетеді. Бұл аяттан, келешекте адамзаттың күллі болммысымен құран арасындағы тылсым байланысты түгел зерттеп ақыр соңында, Құранның Ұлы жаратушысының кітабы екендігіне нағыз ақыл иелерінің көздері жетеді деген мағына шығады.
Егер де сол кезеңнің қоғамдық ахуалына қарайтын болсақ шын мәнінде Құран сияқты бір жол көрсетушінің түсуі де аса қажет екендігі көрінеді. Адам баласы бұл дүниеге не үшін келген дегген сұраққа Құран былай жауап береді. Адамзат жеті қат алып сарайдың аса қадірлі қонағы. Бүкіл әлем тек адамға арналып жаратылған. Адамзат дүниеге Ұлы жаратушысының жарлығын орындап, ғаламзат сарайын тамашалай жүріп, оған ғибадат етіп Мухаммед пайғамбардың адамның жақсысы адамдарға пайдалырағы дегеніндей ізгілік жасап халыққа пайдасын тигізіп, кейінгі ұрпаққа өшпестей жақсы із қалдырып, жасаған жақсылығының қарсылығына алдағы ахирет әлемімен мәңгілік бақыт мекенін сатып алуға келген. Егер де ахирет әлеммен ондағы мәңгілік өмір болмаса, бұл өмірмен жаратылыстың еш мән мағынасы қалмас еді. Адам бұл дүниеге текке келіп құр кеткен болар еді. Алайда әлемнің жаратылыс мақсаты - адам. Әлем - алып ағааш, адам соның жемісі мен мәнісі.
Құран әрі адамзаттың тәрбиешісі. Құранның басты мақсаты адам болмысының жан тәнін кірден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, жаннатқа лайық ету. Негізінде құраннан тәлім-тәрбие алған адам рухының бұл дүниесі де жаннатқа ұқсас. Өйткені адамның жандүниесі мен болмысын тәрбиелеуде ең кәміл әдісті адамды жоқтан жаратқан Аллаһ тағала ғана біледі. Құран күллі адамзаттың заттық әрі руухани қажеттіліктеріне сай, кең ауқымға ие қасиетті дара кітап. Құран адам өміріне немқұрайлықпен қарамай, оның қажеттіліктерін қамтыған кітап. Адам баласы дүрбелең өмірдегі бөгеттермен асулардан соның көмегімен өтіп, дерттің дауасын, рұхтың азығын Құраннан ғана табады.[9,14]
Құран әлем мәдениетінің ең үлкен байлығы, бүкіл мұсылмандардың қасиетті кітабы. Араб тілінде қирағат-оқу деген мағынаны білдіретін Құран жүз он төрт сүреден тұрады.
Құран адамдарды татулыққа, ізгілікке, теңдікке шақырады. Адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтардан тиым салады. Құран адамгершілікті, сүйіспеншілікті, көркем мінез, рухани және мағынауи пәктікті, адал еңбек етумен жақсы өмір сүруді әмір етеді. Құранның тәрбиесіне қарай отырып адамның рухани кәмілденуіне қаншалықты маңызы бар екендігін көруге болады.
Құран адамдарға сабырлы болуды әмір етеді. Сабыр қанағат адамдардың ең жоғары қасиеттерінен болып табылады. Сабыр, Құрандағы ең көп айтылған тақырыптардан. Эй, Мухаммед, қиыншылықтарға сабыр ет. Расында Аллаһ тағала жақсылық істеушілердің еңбегін жоймайды.
Шын мәнінде сабырлы адам оның түбінде сары алтын табады, бүкіл қиыншылықтарға шыдап дұрыс жолды таңдай алады. Құран адамдардағы ең үлкен сипаттардан болған шыншылдық туралы сөз қозғайды. Шыншылдық сенімділікті әкеледі. Ал отбасымен қоғам тек сенімділік пен ғана жалғасады. Құранда: Әй Мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдар мен бірге болыңдар деп айтылады. [10,80]
Құран адамды достыққа татулыққа шақырады. Оған мына аятпен белгі береді. Мүминдер бір-біріне бауыр. Бұл аят қоғамда татулықты орналастыру және әр түрлі ұлтаралық келіспеушіліктерді шешуде үлкен маңызға ие. Жікке бөліну бақталастық пен қырсықтық-мүминдерді өз іштерінде алауыздыққа, араздыққа, кекшілдікпен дұшпандыққа ұшырататын негізгі себептер. Мұндай жәйттер, ақиқатқа, даналыққа және ең жоғары адамгершілік- исламға оғаш. Ол әрі жеке және қоғамдық өмірінің сондай-ақ рухани өмірдің таразысымен өлшенсе жағымсыз, зиянды зұлымдық болып саналады. Бұл адамзат тіршілігі үшін нағыз-у. Ислам адамдардың бойындағы дұшпандық, жек көрушілік сезімін төмендегідей тәрбиелеуді ұсынады. Егер қастық жасағың келсе, ішіңдегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz