Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі


Жоспары:
Кіріспе:
1. Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің түсінігі……… . . . 3
1. 1. Англо- саксондық жүйені талқылау . . . 5
1. 2. Соттық прецедент түсінігі . . . 6
1. 3. Әкімшілік прецедент түсінігі. . 8
Қорытынды11
Қолданылған әдебиеттер. . 13
1. Кіріспе. Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің түсінігі. Егер де қоғамда маңызды экономикалық және саяси өзгерістер болып жатса, оның құқықтық жүйесі де өзгеріссіз қалмайды. Өйткені қоғамның экономикалық және саяси жүйесі құқықтың қатысынсыз өмір сүруі мүмкін емес. Кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның дамуының заңдылықтарын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін көсетеді. Әр бір мемлекеттің басқа мемлекеттің құқықтық жүйелерімен ұқсастықтары және өзіндік ерекшеліктері бар жеке құқықтық жүйесі болады.
Құқықтық жүйе дегеніміз - белгілі бір елдегі, қоғамдық қатынастарды реттейтін бір-бірімен тығыз байланысқан құқықтық құрылымдардың және сол елдің құқығының дамуының деңгейін сипаттайтын элементтердің жиынтығы.
Құқықтық жүйе құрылымы төмендегідей құрамдас бөліктерден:
- Құқық;
- Заңнама;
- Үстем құқықтық идеология;
Құқықтық жүйе келесі элементтерден құрылады:
1. позитивті құқық, яғни заңдарда немесе басқа да нормативтік актілерде бекітілген мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі;
2. құқықтық идеология - қоғамдағы құқықтық көзқарастар, идеялар, түсініктер жиынтығы.
3. құқықтық сана - жеке адамдардың және әлеуметтік бірлестіктердің мемлекетте әрекет еттетін және қоғам қалайтын құқыққа қатынасы;
4. сот тәжірибесі.
Құқық заңдық практика, үстем құқықтық идеологиядан басқа қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөліктеріне құқықшығармашылықты, құқықтық қатынасты, құқықтық мекемелерді, заңдылықты жатқызуға болады. Құқықтық жүйе түсінігі нақты қоғам өмірінің заңды аймақтарын кешенді бағалауды білдіреді.
Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1; 4 статьяларының негізінде құрылады Бұл стаьяларда заң шығарудың, құқықтық тәжірибенің және үстемдік ететін құқықтық сананың демократиялық, гуманистік сипаты, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің құрылымының ерекшеліктері көрсетіледі. Егемендік алғаннан кейін ҚР әр түрлі факторларды ескере отырып өзінің жаңа ұлттық құқықтық жүйесін құрайды.
Жалпы ҚР-ң құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін көрсете отырып, оның роман-германдық құқықтық жүйеге жатқызуға болады. Ең алдымен, Республикамызда құқықтың негізгі қайнар көзі - нормативтік-құқықтық акт. Конституцияның 4-статьясында «ҚР-да қолданылатын құқық Конституциясының, оған сәйкес келетін заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген. ҚР-ң құқықтық жүйесі құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсінуге негізделеді. Адамның табиғи құқығы мен бостандығын мойындау, конституция деңгейінде бекіту және ерекше мән беру - ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі болып табылады. Сот органдарының заң шығаруға құқығы жоқ. Олар тек заңды қолданады және құқықтық нормаларға түсінік береді.
ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі - Конституцияның жоғарлылығы. Бұл принцип мелмекеттің Конституцияға бағыныштылығын білдіреді, яғни, барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың жұмысы Конституцияға негзделуі керек. ҚР-ң негізгі заңы, барлық нормативтік құқықтық актілердің негізі. Республикада қабылданған заңдар мен өзге актілердің Конституцияға сәйкестігін Конституциялық Кеңес қабылдайды. ҚР-да құқықтың жеке салаларына жататын мемлекет заңдары бірыңғай жүйеге келтірілген. Қорытындылай келе, ҚР-ң ұлттық құқықтық жүйесінің роман-германдық құқықтық жүйеге сәйкес келетін көптеген белгілері бар. Олар:
1. құқықтың негізгі қайнар көзі - нормативтік-құқықтық акт;
2. заңдардың жүйеленуі;
3. Конституцияның тікелей қолданылуы;
4. құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсіну және тағы басқалары.
1. 1. Анго-саксондық жалпы құқық өзіндік ерекшелігі бар құқықтық отбасы. Онда заңдық реттеу жалпы айтқанда заңдық практикаға, «сот құқығыны», нақтырақ айтсақ прецеденттерге негізделеді. Прецедент - соттың белгілі бір мәселе бойынша қабылдаған шешімін осыған ұқсас өзге істерді қарағанда міндетті түрде қолдану. Англо - саксондық құқықтық отбасында үрдістік іс жүргізушілік ережелерге басым назар аударылады. Ол заңдық маңызды мәселелерді шешу әдістерінің ашық жүйесін сипаттайды. Англо- саксондық жүйені көбінесе барлық құқықтық жүйенің ортақ құқығы деп айтады. Басқа жүйелерден ең басты айырмашылығы қайнар көзі ретінде соттық прецедент табылды.
Англо - саксондық құқықтық отбасына Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия және отыз алты құқықтық жүйе кіреді.
Англо - саксондық құқықтық отбасына тән белгілер:
- Құқықтың негізгі қайнар көзі - прецедент, прецедент сот және әкімшілік деп ажыратылады.
- Прецеденттер жеке сипатта болады, яғни нақты бір іске байланыста қабылданады.
- Құқық қалыптастыруда «құқық шығармашылықта» жетекші рөл соттарға беріледі, соған байланысты соттар мемлекеттік органдар жүйесінде ерекше орын иеленеді.
- Іс жүргізушілік құқық басым, ол материалдық құқықты анықтайды.
- Құқықтық кодификацияланған салалары болмайды.
- Көпшілік және жеке құқыққа бөлінбейді.
- Статустық құқық «заңнама» және әдет - ғұрып құқықтың қосымша қайнар көзі ретінде танылады.
- Заңдық доктрина прагматистік, қолданбалы сипатта болады.
Англосаксондық құқықтықтық отбасысы төрт басты кезеңді өтті:
1) 1066 г. (Англияның нормандықтарды жаулап алуы) дейін -барлығы үшін ортақ құқықтың болмауы, сол кездегі қайнар көз болып әрбір аудандарға, жерлерге тиісті әдет ғұрып, сал дәстүр болды.
2) 1066 - 1485 гг. (Англияның нормандықтардан кейінгі Тюдоров әулетінің билігіне дейін) - елдің орталықтандырылуы, жергілікті жерлерде ортық құқықтардың пайда бола бастауы және оларды корольдық соттарға жіберіп отырған.
3) 1485 - 1832 гг. - ортақ құқықтың пайда болуы, мемлекеттік істерді, соттық істерді мемлекеттің және корольдың атынан лорд- канцлер жүргізіп отқан.
4) 1832 г. - Англиядағы соттық реформалардың қабылдануы, реформалардың нәтижесінде судья істерді әділдік, ортақ құқық арқылы шеше алды.
1. 2. Соттық прецедент. Coт прецеденті - соған ұқсас істерді шешу кезінде не міндетті күші болмайтын заңды түсіндіруде үлгі қызметін атқаратын сол немесе төменгі сатыдағы соттар үшін міндетті болып табылатын нақты іс бойынша шешім.
Соттың үлгі боларлық өнегесі оның міндеттілігін мойындайтын елдерде, құқық кезі болып табылады.
Соттық прецедент рим құқығынан шықты. Преторлар әрекеттегі цивильдік құқықты өзгертуге не жоюға мүмкіндігі жоқ болған кезде (ол туралы ойлаудың өзі күнә болған кезде) кең әкімшілік-соттық өкілеттілігін пайдаланып өздерінің эдиктілерін шығарған, олар кейінірек сондай істерді шешуге үлгі болған. Соттардың функциясын іс жүзіне асыруда, преторлар формулалар құрып әрекеттегі заңдардағы ақтаңдақтардың орнын толтырады. Эдиктер мен форму-лалардағы ережелер, әдеттегідей, ағымдағы құқықтық тәжірибемен қабылданады, преторлық эдиктің біреуінен екіншісіне өтеді. Ал преторлық шағым формулалары құқықтың кейінгі барлық істерді осы категория бойынша шешудің үлгісіне айналды
Англо-саксон (немесе англо-американдық) үлгісі құқықтың прецедентті жүйесі бар елдерге тән (Ұлыбритания, АҚШ) . Бұл елдерде, тұлға және мемлекеттік органдардың құқықтық теңдік принципі басым, яғни басқару саласындағы барлық даулар «жалпы құқық соттарына» соттылы. Англия, М. А. Лозин-Лозинский пікірінше, - бұл «әкімшілік өкімдерге қарсы азаматтардың құқықтық дауын сот бойынша шешу институтының отаны», мұнда, үкімет тәуелсіз соттың алдында жауапкер түрінде қарастырыла алады.
Қазіргі кезде классикалық англо-американдық үлгі өзгерістерге ұшырауда, өйткені жалпы құқықтағы соттар процесі баяулығына, формализмдігіне, қымбатқа түсуіне байланысты азаматтар үшін қиындық туғызып отыр. Ф. Ридли осы мәселе төңірегінде былай деп жазады: мұнда басқарудың заңсыз актілерін даулаудың жаңа түрлері пайда болып отыр, атап айтқанда: парламент депутаттарына жүгіну артып, қаржы, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік, ауыл шаруашылығы, еңбек қатынастары бойынша мамандандырылған әкімшілік соттар құрылуда, әкімшілік істер бойынша Парламенттік уәкілдің уәкілеттілігі кеңейіп, білім, медицина, полиция саласында квазисоттық органдар дамуда.
Британдық әкімшілік құқық доктринасының жалпы соттарға жалпы ведомствалық бағыныстылық идеясынан бас тартуы квазисоттықпен қатар кейбір әкімшілік-соттық инстанциялардың құрылуын тудырды. ХХ ғ басында әкімшілік -құқықтық дауларды шешудің британдық жүйесін сипаттай отыра, орыс ғалымы П. Г. Виноградов былай деп жазды: «Тәуелсіз сот билігі мұнда, қылмыстық және азаматтық сот төрелігіндегі сияқты бюрократтыққа жол бермейді, ол әкімшілік дауларды шешудің бітістірушісі» .
Ұлыбританияның әкімшілік-іс жүргізу құқығының бірқатар ерекшеліктері бар. Олар: парламенттің үстемдігі, әкімшілік және сот арасындағы уәкілеттіліктің бөлінуі, министрліктердің жауапкершілігі, құқық үстемдігі, әкімшілік процесте бейресми процедуралардың қолданылуы.
Ұлыбританияның жоғарғы мемлекеттік органы ретінде парламент заңдарды қабылдайды, елдің құқығын, оның ішінде әкімшілік құқықты қалыптастырады. Қолда бар фактілерді пайдалана отырып әкімшілік шешімдер шығарып, заң шеңберінде әрекет етеді. Сонымен қатар, Ұлыбританияның министріктері және ведомствалары заңды тұлғалар болып табылады, оларға да сотта талап қойылады. Соттар, әкімшілік тарапынан жәбір көрушінің шағымын қарастыру барысында, американдық құқықтағы сияқты, басты назарды құқық мәселесіне аударады. Ол әкімшілік іс әрекетінің құқық нормасына қайшы келмегенін, өкілеттілігін асыра пайдаланбағанын, билікті теріс пайдаланбағанын бақылайды. М. А. Суворовтың пайымдауынша, заң шеңберінде іс әрекет ететін соттардың заңды үстемдігі қамтамасыз етіледі .
1. 3. Әкімшілік прецедент - бір ретті үлгілердің мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік органдардың іс әрекетінің орындалуы, әкімшілік прецедентке сүйенуі.
Ағылшын конституциялық құқығын зерттеуші ірі ғалым А. Дайси пайымдауынша, құқық үстемдігі, әкімшіліктің билікті теріс пайдалануына жол бермеуімен, ел азаматтарының барлығының заңға және соттарға бағынуымен, соттардың азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауымен айқындалады.
Ағылшындардың ойынша, әкімшілік құқықтың басты міндеті-тиімді әкімшілік билікті тудыру қажеттігі және осы биліктен жекелеген тұлғаларды, қоғамды қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Осы құқықтық нормаларға сәйкес әкімшілік биліктің шегі, оның субъектілері және қызметінің процедуралары бекітілуі тиіс.
Мемлекеттік мекемелердің нормативті актілерді қабылдау процедуралары баяу формализмденген. Бейресми процедуралар, әсіресе кеңестер өткізу және қоғам өкілдері құрамында бар тәуелсіз кеңесу комитеттерін құру кең тараған. Әдетте нормативті актілерді қабылдау барысында мүдделі тұлғалар мен ұйымдар өкілдерімен ұзақ келіссөздер жүргізіліп, кездесулер мен кеңестер өткізіледі. Тек жекелеген жағдайларда ғана заң, әкімшілікті шығарылатын актілерді жариялап, мүдделі тұлғалардың пікірін тыңдауға, істі ашық түрде қарауға міндеттейді. Орталық және жергілікті органдардың қызметін, норма шығармашылығын парламент және соттар бақылайды.
Әрбір мүдделі тұлғаның әкімшіліктің іс әрекетін сотта даулауға құқығы бар. Соттар шағымды екі жағдайда қабылдайды: 1) егер де әкімшілік заңмен қарастырылған өкілеттілігін асыра пайдаланылса, 2) егер де мекеме өз өкілеттілігі ауқымында іс әрекет еткенімен, құқық нормаларын дұрыс қолданбаса. Олар әкімшіліктің барлық заңсыз әрекеттерінің күшін жоя алады. Талқылау барысында, фактілер түріндегі әкімшіліктің қорытындыларымен қатар, әрбір нақты жағдайларда құқық нормаларын қолдануының дұрыстығы да ескеріледі.
Британ соттарының қызметінде әділетті процедура қағидаты іргелі қағидат болып табылады. Оның екі негізгі ережесі бар:өз ісін ешкім таразылай алмайды және ешкімді де ісін толық қарастырмай соттауға болмайды. Бірінші ережеге сәйкес соттар әділетсіз әкімшілік шешімдердің күшін жояды. Екінші ереже мекемелерде істі әділетті қарастыруды, тыңдауды талап етеді. Мүдделі тұлғалар хабардар етіліп, тыңдалуы тиіс.
Америка Құрама Штаттарындағы әкімшілік-құқықтық даулардың теориялық сипаттамасын беруде, ең алдымен алғашқы әкімшілік юрисдикция доктринасына соқпай кетуге болмайды. Бұл доктрина бойынша, әкімшілік орган өз саласына байланысты мәселелерге келгенде ғана соттардан басымырақ болады. Дегенмен де, құқықтық мәселелерді шешу тес соттың басымдығына кіреді.
АҚШ заңнамасы әкімшілік мекемелердің уәкілеттілігін және іс әрекет тәртібін, соттардың әкімшілікке бақылау жасауын реттейді. Олар толық түрде әкімшілік қызметтің барлық түрін: әкімшілік норма шығармашылығын, әкімшілік квазисоттық қызметті, соттардың әкімшілікке бақылау жасауын реттейді. Әкімшілік мекемелердің барлық іс әрекеті, заңмен қарастырылған ескертпеден басқа жағдайларда әкімшілік құқық нормаларына бағынады. Тергеу жүргізуден және мәлімет жинаудан, нормативті немесе жеке актілердің жобасын дайындаудан, ашық мәжілісте оны қарастырудан, ол бойынша шешім қабылдаудан, осы шешімді жариялаудан бастап, жоғарғы органдарда және сотта оны даулауға, әкімшілік іс бойынша соттардың қарастыру және қаулы шығаруына дейін әкімшілік процесс кезеңдерінің барлығы реттелген. Мұнда басты назар жеке және заңды тұлғалар құқықтарының іс жүргізу кепілдіктеріне аударылады. Американ ғалымы Э. Фройнд осыған байланысты былай деп атап өтеді, «әкімшілік құқық-бұл әкімшілік шығарған құқық емес, әкімшілікті бақылайтын құқық» .
1946 жылдан бастап АҚШ-та «Жалпы әкімшілік процедуралар туралы» федералды заң қолданылып, штаттарда әкімшілік процедуралар қосымша аймақтық заңдармен реттелген. 1946 жылғы заң әкімшілік-құқық шығармашылық қызметін реттеуге бағытталған. Заңда эталондық процедуралар тізімі берілген. Ол бойынша, реттеуші ведомства нормативті актілерді қабылдау немесе өзгерту барысында қабылданатын құжаттар, өз қызметінің ережелері, тиісті істер бойынша сот шешімі туралы халықты хабардар етіп, нормативтерге енгізілетін барлық өзгертулерді «Федералдық регистрде» жариялауы тиіс.
АҚШ -тың әкімшілік, реттеуші ведомстваларының басқа да мемлекеттік мекемелеріне қарағанда, заңдарға түсініктеме беретін, толықтыратын нормативті актілерді (ұйғарымдарды) қабылдау құқығымен қатар, олардың орындалуын бақылау құқығы бар.
Профессор Н. А. Крашенников ойынша, Федерация органдары және оның субъектілері арасындағы қайшылықтарға, заңшығарушы және атқарушы биліктердің мүдделерінің тоғысуына байланысты АҚШ әкімшілік жүйесінде көптеген тәуелсіз ведомствалар жүйесі (агенттіктер) қалыптасты. Олар, норма шығармашылығы және квазисоттық уәкілеттіліктері берілген әкімшілік мекемелер құқығына ие бола отырып, министрліктерден оқшауланған және өз алдына дербес түрде .
АҚШ әкімшілік әділеті азаматтық және конституциялық процестермен тығыз байланысты. Жалпы юрисдикциялық соттарда әкімшілік-құқықтық дауларды қарастыру және тиісті өкілеттілігі бар түрлі квазисоттық органдарды құру оның ерекшелігі болып табылады. 1957 ж Азаматтық құқық туралы Заңға сәйкес, атқарушы билік шеңберінде азаматтық құқықтар бойынша ерекше Комиссия құрылған, оның мүшелерін Сенаттың келісімімен президент тағайындайды. Комиссия, дауыс беру барысында нәсілі, терісінің түсі, діні, жасына және басқа да жағдаяттарға байланысты саяси құқықтарына қысым жасалғандығы туралы азаматтардың арыздарын қарастыруға міндетті. Сонымен қатар, әкімшіліктің нормативті актілерін, федералды үкімет заңын және саясатын бағалауға міндетті. Кемсітуге жол бермеу үшін Комиссия квазисоттық тыңдаулар өткізуге міндетті және үйлестіру өкілдігіне ие.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz