Мердігерлік шарты туралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Мердігерлік шарты кез келген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын объектісі ретінде қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілгі туындап отыр.

Кеңестік құқықтық жүйе кезінде біздің елімізде барлық шарттық қатынастар жоспарлы-әкімшілік қағидаларға негізделген болатын. Кеңестік жүйе құлап, нарықтық экономикаға көшкенімізден кейін бәрі бүтіндей өзгерді, қазіргі кезде типтік және жоспарлы реттеу күшінен қалды және қатынас субъектілерінің еркіндігі едәуір кең. Мердігерлік қатынастарының кең таралуына байланысты оларды реттеудің де күрделі механизмдерін іздестіру қажет.

Қазіргі нарықтық экономика және жойқын бәсеке жағдайында тапсырысшы немесе мердігерлік шарты бойынша мойнына алған міндеттемелерін орындай алмау жағдайлары аз кездеспейді.

Сондықтан екі тарап та мердігерлік шартын жасауға мұқият көңіл бөлуге тиіс. Өйткені, барлық сұрақтарды дер кезінде реттеп алмаса, кейде кейін пайда болған дауларды шешуі іс жүзінде мүмкін болмай қалады, ал бұл екі жақты да шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы мәселелерді қарап дұрыс шешу мәселелері қазіргі заңнамада толықтай қарастырылған.

Менің таңдаған курстық жұмысымның тақырыбы «Мердігерлік шарты және оның түрлері» деп аталады. Бұл шарт бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 616 б. 1 тармағында көрсетілгендей мердігерлік шарты бойынша бір тарап екінші тараптың тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға белгіленген мерзімге оның нәтижесін тапсырушыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырушы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.

Осы курстық жұмыстың тандап алуымның мақсаты, осы тақырып азаматтық құқықтағы ең күрделі, актуальды тақырыптардың бірі болғандықтан және қазіргі қоғамда кең таралғандықтан менде осы тақырыпты зерттеуге деген қызығушылық пайда болды. Осы курстық жұмысты жазу арқылы мен мердігерліктің еліміз экономикасындағы маңызын және қоғам үшін пайдасын ашып көрсетемін деп ойлаймын. Ал осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым: мердігерлік шартына жалпы түсінік беру, оның элементтерін анықтау, тараптардың құқықтары мен міндеттерін ашу, осы ережелерден кейін мердігерлік шартының мынадай жекелеген түрлеріне тоқталу: біріншісі, тұрмыстық мердігерлік, екіншісі, құрылыс мердігерлігі, үшіншісі жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік, төртіншісі, ғылыми-зерттеу, тәжірибие конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.

Курстық жұмыстағы зерттеудің объектісі, мердігерлік шартының субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, тараптардың құқықтық жағдайы мердігерлік шартының жалпы жағдайы және шарттың элементтері, осы шарттық қатынастардың құқықтық реттелуінің даму тарихы, қазіргі уақыттағы бұл қызмет саласын реттейтін Қазақстандық заңнаманың жалпы жағдайы болып табылады.

Нақты жұмыстың мақсаты мердігерлік шартының теориялық аспектілерін сондай-ақ, осы азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолдануын, сот тәжірибесінің анализдерін қарастыру әр түрлі нормативтік құжаттарды салыстыру, мердігерлік шартын жасау және қолдану аясында барынша танып алу.

Бұл жұмыста қарастырылатын және шешілуге тиісті сұрақтар реті мынадай болып келеді:

  1. Мердігерлік шартының элементтері
  2. Мердігелік шартының бағасы
  3. Мердігелік шартының мерзімдері
  4. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлеміне келетін болсақ, ол екі бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде мердігерліктің жалпы жағдайы, оның түсінігі және мазмұны қарастырылады.

Екінші бөлімде мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне түсінік беріліп, олардың ерекшеліктері мен маңызы зерттеледі және қазіргі кездегі еліміздегі мердігерлік қызметін реттейтін заңнаманың жалпы жағдайына зерттеу жүргізіледі.

Сонымен қоса курстық жұмысты жазу барысында пайдаланылған заң және де басқа арнайы әдебиеттерге келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (616-683-б. ) ұстанылып келеді. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің 22. 09. 1996ж. №9/7-қаулысымен бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5-өкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 30. 06. 1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күшін жойды және де осылардан басқа әдебиеттерді қолдандым.

МЕРДІГЕРЛІК ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Мердігерлік шартының элементтері

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді [1, 616-б. ]

Мердігерлік шартында ақырғы мақсат белгілі бір материалдық нәтижені алу болып табылады, нақты сол нәтиже қабылдап алынуға және оған ақы төленуі тиіс. Өтелмелі қызмет көрсету шартында материалдық нәтиженің болу-болмауы шарттың орындалуына ешбір әсерін тигізбейді, мұнда қызметтің өзі үшін ақы төленеді. Сол себепті өткізу және қабылдап алу сатылары нақты атап көрсетілмейді. Орындаушының міндеттері белгілі бір іс-әрекеттерді орындаудан тұрады, ал тапсырысшы көрсетілген қызметінің өзі үшін ақы төлейді.

Мердігерлік шарты негізінде пайда болатын міндеттеменің негізгі белгілері мыналар:

  1. Мердігерлік шарты жаңадан затты жасап шығаруға не бар затты өңдеуге немесе материалдық нәтижені тапсырысшыға берілетін басқа да жұмысты орындауға бағытталады;
  2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдістерін өз бетімен анықтайды;
  3. Мердігер өзі атқарған жұмысының нәтижесіне кепілдік бере алады;
  4. Мердігер жасаған жұмысы үшін, оның нәтижесін тапсырысшыға өткізген кезде, сыйақы алуға құқылы;
  5. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады.

Мердігерлік шартының осы бесінші белгісіне толығырақ тоқталып, қарастырайық.

Мердігердің тәуекелі дегеніміз - егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудың, тараптарың жүріс-тұрысына қатыссыз кездейсоқ мән-жайлар негізінде пайда болатын жағымсыз салдардың барлығын мердігер өз мойнына алады. Мысалы, жұмыстардың кездейсоқ қымбаттау тәуекелі мердігерге жүктеледі, егер олардың бағасы тұрлаулы сметамен анықталатын болса.

Тәукел туралы ережелер келесі жағдайларда қолданылмайды:

А) жағымсыз салдар тапсырысшының кінәсінен немесе онымен байланысты мән-жайлардың салдарынан болса;

Ә) тапсырысшы дайын жұмысты қабылдау мерзімін өткізіпалған кезде.

Мердігерлік шарты консенсуалды, ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары фотосуреттер дайындаумен байланысты мердігерліктің осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының себептенуші негізінде болуы мүмкін.

Конесенсуалды шарт дегеніміз - шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып алу, мүлікті жалға алу, т. б. )

Ақылы шарт дегеніміз - өзінің атынан көрініп тұрғандай, шарт бойынша өзінің міндетін атқарған жақ тиісті ақысын алуы қажет. Белгілі бір қызмет көрсеткен адам сол көрсеткен қызметінің ақысын алады. Ал егер бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе бірдеңе бермей затты ұсынуды міндетіне алған болса, онда мұндай шарт ақысыз шарт болып есептеледі.

Енді мердігерлік шартының элементтеріне келетін болсақ, мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.

Тапсырысшы - екінші тарапқа - мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі-бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.

Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің №123-бұйрығынан бекітілген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру және өткізу тәртібінің ережелері.

Мердігер - шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жағдайларда, Лицензиялау туралы 17. 04. 1995ж. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж. б. лицензиялануы керек [2] .

Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет. Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.

Бас мердігер қосалқы мердігердің алдында тапсырысшының міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердігердің міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

Бас мердігердің келісімімен тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшінші тұлға жұмысты орындамағаны немесе тиісінше дәрежеде орындамағаны үшін тікелей тапсырысшының алдында жауапты болады.

Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады. Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.

Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борышкерлер болып келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердігерлік шарттары жасалады.

Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін, осы жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін, сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен бірнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады.

Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге көмектесетінше қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. ЮХ. Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот тәжірибесінде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып бір жұмысты орындауға келіскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негізгі) шартты жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы мердігерлердің біреуінің қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа мердігерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сілтенген.

Келтірген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде тоқтатылғасын негізді деп тануға болады. Қосымша мердігерлер өзара келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы қорытынды жасай аламыз.

Мердігерлік шартының нысанасы - бұл мердігер мен орындаған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады.

Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды арзаңға ауыстыруы мүмкін және т. б. бұзушылықтарға жол беруі мүмкін. Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің шегіңце анықталмауы мүмкін. Мердігердің қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.

  1. Мердігелік шартының мазмұны

Ең алдымен мердігердің міндеттеріне келетін болсақ, мердігердің осы шарттың анықтамасынан туындайтын негізгі міндеті тапсырысшының тапсырмасы бойынша өз тәуекелімен өзінің немесе контрагенттің материалдарынан белгілі бір жұмысты атқару болып табылады.

Мердігер жұмысты сапалы түрде атқаруға міндетті, яғни жұмыс нәтижесін негізгі мақсаты бойынша пайдалану үшін ешқандай кедергілер (кемшіліктер) болмауы керек.

Шартта көзделген ережелерді қоса алғанда, мердігермен атқарылатын жұмыс заң актілерінде немесе оларда белгіленген тәртіпте мердігерлік шарты бойынша орындалатын жұмысқа міндетті талаптар көзделсе, сол тараптарға сай болуы керек, ал мұндай талаптар болмаса - әдетте тиісті тектес жұмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің қарамағында: соның материалдарымен, күштерімен және қаражатымен орындалады. Дегенмен, бұл норма диспозитивтік сипатта болғандықтан, жұмыс кімнің материалдарынан орындалатындығына қарай әр түрлі ережелер қолданылады. Жұмыс мердігердің материалынан атқарылған жағдайда мердігердің материал сапасы үшін жауапкершілігі сатып алу-сату шартындағы сатушының сапасы лайықсыз тауарды сатқандағы жауапкершілігіне сәйкес келеді. Ал, егер жұмыс тапсырысшы материалынан атқарылса, мердігеге мұндай материалды үнемді, есеппен пайдалану міндетті жүктеледі, ал жұмыс аяқталғаннан кейін мердігер тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге, не тапсырысшының келісімімен, мердігерде қалған пайданылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемітуге міндетті.

Мердігер өз ісінің маманы ретінде тапсырысшы берген материалдардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы туралы тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Мердігер тапсырысшы берген материалдардың кемшіліктері себепті тиісті дәрежеде орындалмаған жұмыс үшін, егер ол осы материалдарды тиісті қабылдау кезінде оның кемшіліктерді анықтауы мүмкін болмағанын дәлелдей алмаса, жауапты болады.

Ал тапсырысшының міндеттері атқарылған жұмысты қабылдаудан және мердігерге сыйақы төлеуден тұрады. Қағида бойынша, тапсырысшы сыйақыны жұмыс мердігермен толық өткізгеннен кейін төлеуге міндетті. Заңмен немесе шартпен сыйақыны төлеудің өзге де тәртібі көзделуі мүмкін. Сонымен бірге, мердігерзаң актілерінде немесе шартта көрсетілген жағдайлар мен мөлшерде аванс не кепілпұл төлеуді талап етуге құқылы.

Мердігер сыйақыны алу құқығы жұмыстың нәтижесін ұстап қалумен, сондай-ақ затты өңдеуге берілген тапсырысшыға тиесілі жабдықтарды, қолданылмаған материалдардың қалдықтарын және өзінде тапсырысшының басқа да қалып қойған мүлкін тапсырысшы тиісті сомасын төлегенше ұстап қалумен қамтамасыз етеді.

Тапсырысшы мердігерлік шартта көзделген көлем мен тәртіп бойынша жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетуге міндетті. Тапсырысшы бұл міндетті орындамаған жағдайда мердігер бос тұрыс не жұмыстың орындалу мерзімін ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған қосымша шығындарды қоса алғанда келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы. Тапсырысшы осы міндетін тиісінше орындамаған жағдайда келесі ережені көздейді: «мердігерлік шарт бойынша жұмысты орындау тапсырысшының іс-әрекетінің немесе қателіктерінің салдарынан мүмкін болған жағдайларда мердігер жұмыстын орындалған бөлігін ескере отырып, өзіне белгіленген бағаны төлетіп алу құқығын сақтайды». Бұл ережені АК-тің 628-бабымен келісілмегенін көруге болады. Ол бапқа сәйкес, жоғарыда айтылғандай, мердігер тапсырысшының жұмысты атқару әдісі туралы нұсқауларын орындаудан тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар не орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.

МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

2. 1 Тұрмыстық мердігерлік шарты

Бұл шарт мердігердің тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейді. Римдік құқықта мердігерлік шарт жұмыстарды жалдау (locatio -conductio operus) шарты болып аталды. Азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша олардың нәтижесі зат болып келмейтін жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және т. б. қызмет көрсетуі осы сипатта болады. Тұрмыстық мердігерлік қатынасында бөлшектеп сатып алу-сату шартына секілді бір тарабы болып тұтынушы қатысады.

Тұрмыстық мердігерлік шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 640-650 баптарымен реттеледі. Сонымен бірге Қазақ КСР Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы "заңы қолданылады. Тұрмыстық мердігерлік қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйектегі №9/7 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің Қаулысымен бекітілген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесімен реттеледі. Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің үлкен бөлігі оның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердігерлік қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бірқатар нормалар Азаматтық Кодекстің өзінде де бар [3] .

Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе баска да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі-бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.

Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.

Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Мердігерлік шарты
Мердігерлік шартының элементтері
Мердігерлік шарты жайлы
Мердігерлік шартын түрлері
Мердігерлік шартының теориялық аспектілерін азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолданылуын зерттеу
Құрылыс мердігерлік шартының ұғымы және элементтері
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шарты
Мердігерлік шартының жалпы сипаттамалары
Мердігерлік шарты жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz