Желі туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. 1. Локальды есептеуіш желісін жобалау . . . 4
1. 2. Желі архитектірасын таңдау . . . 8
1. 3. Желіні құру технологиясы . . . 10
2. 1. Желіні жүргізу кезеңдері . . . 11
2. 2. Жергілікті желі үшін кабельдерді тестілеу . . . 12
2. 3. Желі құрылғыларын жалғау, монтаждау . . . 14
3. 1. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату және баптау . . . 15
3. 2. Жүйелік операциялық жүйелерді орнату және баптау . . . 16
3. 3. Желілік қосымшаларды орнату . . . 18
4. 1. Адрестеу құрылымы мен принциптері . . . 21
4. 2. Желідегі IP адрестеу . . . 22
4. 3. DNS адрестерді орнату . . . 24
5. 1. Fast Ethernet, Tokeng Ring, FDDI желілік технологиясы . . . 25
5. 2. Желілік модемдер. OSI эталондық модельі . . . 26
5. 3. Желі стандарттары. IEEE стандарттау моделі . . . 27
6. 1. Сымсыз желілер. Wi - Fi сымсыз желісі стандарттары . . . 28
6. 2. Сымсыз адаптерлерді қондыру және келтіру . . . 30
6. 3. Сымсыз желіде жұмыс істеу принциптері . . . 31
7. 1. Интернет қызметтері . . . 32
7. 2. Провайдер компониялардын қызметтері . . . 34
7. 3. Браузерлер . . . 35
8. 1. Интернеттің іздеу жүйелері . . . 36
8. 2. Интернетте ақпарат іздеудін тиімді жолдары . . . 36
8. 3. Ақпарат алмасу жолдары . . . 37
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 42
КІРІСПЕ
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына - ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түр де іске асырылатын шара болып саналуы тиіс. Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе - ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жа
саған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын. Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 180
00 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі «ханшалардан» күнделікті «күніңізге» айналып барады.
1. 1. Локальды есептеуіш желісін жобалау
Желі деп берілген топ копмьютерлерінің арасывнда ақапарат алмасуды жүзеге асыра алатын, арнайы құрал арқылы қослыған компьютерлер тобын атаймыз.
Кез келген мекемеде жаңадан желі құрған кезде келесі факторларға назар аударған жөн.
- Желінің қажетті өлшемі (болашақтағы кеңейтілуді ескере) .
- Желінің қажетті құрылымы, иерархиясы және құрамдас бөліктері (мекеме бөлімдері бойынша, сонымен қатар, қабаттар мен бөлмелер бойынша) .
- Ақпараттық ағындардың негізгі бағыттары мен қарқындылығы.
- Жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен бағалары (компьютерлер, адаптерлер, кабельдер, репитерлер, концентраторлар, коммутаторлар) .
- Кабельдік жүйенің бөлмелер мен бөлме аралық төселуі және оның бүтінділігі.
- Желінің қауіпсіз және тоқтаусыз жұмыс істеуіне жауапты қызметті ұйымдастыру.
- Мүмкін желі өлшемі, жылдамдығы, рұқсат беру құқығы, бағасы, ақпарат ауысуы бойынша программалық құралдарға қажеттіліктер.
- Глобалды немесе локалды желілерге қосылуға қажеттілігі.
5-нұсқа
![]()
ЛЕЖ жоғары оқу мекемесінің 5-қабатты ғимаратында орнатылады, жеке қабаттар мен жұмыс бөлмелерінің жоспарлануы бірдей. Төсеулер арасында қабаттың биіктігі 3, 5 метр, ал қабатаралық төсеулердің қалындығы 50 см.
Дәліздер мен жұмыс бөлмелерінде пайдаланушыларды орналастыру үшін бос кеңістігінің биіктігі 40 см болатын алдамшы еден қарастырылған. Алдамшы еденнің шетінде әр түрлі кабельдерді төсеу үшін қолданылатын лотоктарға арналған жеткілікті бос орын бар. Ғимарат қабырғалары және бөлмелерді бір-бірінен бөлетін ішкі іргелі емес қалқалары (некапитальные перегородки) қарапайым кірпіштен жасалған және балшық қабатымен сыланған, қабаттың қалындығы 1 см құрайды. Ғимараттың құрылыс жобасында төбелер мен қабырғалар ішінде кабельді төсеу үшін қолданылатын қосымша арналар қарастырылмаған.
2 қабат - ректорат, қызметтер және бөлімдер
3 қабат - кітапхана + есептеуіш орталық
1, 4, 5 қабаттар - оқу аудиториялары
SQL қорының орташа ақпарат ағынын есептеу
Ағынды келесі формуламен есептейміз:
мұнда
- ақпарат ағыны, бит/с;
a 1 +. . a n -1-ші сұраудың жол саны, шт;
b 1 +. . b n - 2-ші сұраудың жол саны, шт;
d 1 - символ түрде жолдың ұзындығы
k - Коэффициент, k = 1, 3
с - бір сағат ішіндегі сұраныстар
r - бір символдың көлемі, бит
k 2 - сағатты секундқа айналдыру коэффициенті, k 2 = 3600
Бірінші сұраныстың орташа ақпарат ағынын есептеу:
бит/с
бит/с
Екінші сұраныстың орташа ақпарат ағынын есептеу:
бит/с
бит/с
SQL қорымен жұмыс істейтін бір жұмыс станциясының сұрауынын жалпы орташа ақпараттық ағыны мынаған тең: 138, 6 бит/с+72, 1 бит/с = 210, 7 бит/с
SQL қорымен жұмыс істейтін бір жұмыс станциясының жауабының жалпы орташа ақпараттық ағыны мынаған тең: 38 бит/с+249, 6 бит/с = 287, 6 бит/с.
Жалпы бір жұмыс станциясымен SQLқоры арасындағы сурау/жауаптың жалпы ақпарат ағыны келесі түрде болады: 210, 7 бит/с+287, 6 бит/с = 498, 3 бит/с.
Файлдармен алмасудың орташа ағынын есептеу:
Мәтіннің әрбір парағы орташа есеппен 30-дан 500кбайтқа дейін алады, ол мәтіннің күрделігіне және беріліп жатқан ақпараттың форматына байланысты. Қазіргі уақытта мәтінді жіберу үшін Word пен Excel қолданылады. Ақпараттың орташа ағынын келесі формуламен есептейміз:
Мұнда А - қарапайым ағын кбит/с
a - парақ саны, шт;
b - парақтың көлемі, кБайт;
k 1 -кБайт-тан кБит-қа түрлендіру коэффициенті, k 1 = 8
k 2 - сағатты секундқа айналдыру коэффициенті, k 1 = 3600
8 - жұмыс күнінің ұзақтылығы
Ақпарат ағынының гистограммасын құру .
Гистограмманы құрудың бірінші сатысында желідегі 8 сағат жұмыс күніндегі жалпы орташа ағынды есептеу керек.
1. Бір жұмыс станциясымен және сервердің dbf-қорының арасындағы орташа ақпарат ағыны мынаған тең:
40МБайт - 34, 1кбит/с+34, 1кбит/с=68, 2кбит/с;
100Мбайт - 54, 6кбит/с+54, 6кбит/с=109, 2кбит/с
180Мбайт - 75кбит/с+75кбит/с=150кбит/с
dbf-қорының жалпы орташа соммалық ағынын есептейміз:
мұнда ΣП1 -dbf-қорының орташа ақпарат ағыны, кбит/с;
a 1-3 - dbf-базы в 40МБайтты dbf-қордың ағыны, 100Мбайтты және 180МБайтты, сәйкесінше, кбит/с;
b 1-3 - әрбір қордың пайдаланушының саны
2. . Барлық жұмыс станцияларындағы және SQL қорындағы жалпы орташа ақпарат ағыны мынаған тең: Σ П2=498, 3•7 = 3, 5 кбит/с
3. Файлдармен ауысудың орташа ағынын есептеу ΣП3=7, 28кбит/с.
4. Желі администраторының орташа ақпарат ағыны Σ П4=54, 9 кбит/с
Яғни желінің барлық жалпы соммалық ақпарат ағыны мынаған тең
ΣП=ΣП1+ΣП2+ΣП3+ΣП4=
=1132кбит/с+3, 5кБит/с+7, 28кбит/с+54, 9кбит/с=1197, 69кбит/с=ΣС
ΣС - желі трафигінің соммасы.
Желінің орташа ағынының негізінде, жоғарыда келтірілген Файлдармен алмасудың орташа ағыны SQL мен dbf қорының негізінде ақпараттық ағындар гистограммасын құрамыз (графического материалдың 1-ші беті) Ақпараттық ағынның мәтінмен ауысудың және SQL қорының аз мөлшеріне байланысты шартты түрде көрсетілген.
Бір жұмыс күніндегі желідегі ағын қайталанушы қасиетке ие болғандықтан ағындар гистограммасының 1 сағат жұмысын көрсетеміз.
1. 2. Желі архитектірасын таңдау
Желі - бұл мәліметтерді жіберу және өңдеу құрылғылармен құрылған объектілердің жиынтығы. Стандарттау бойынша халықаралық ұйым, есептеуіш желіні бірінен кейін бірі бит жүйесіне келетін тәуелсіз құрылғылармен өзара байланысқан ақпарат жіберуді анықтады. Желі әдетте қолданушының өзімен жүргізіледі және кейбір аумақты алады да, аумақтық белгісі боынша келесідей бөлінеді:
- Локальдық есептеуіш желі (ЛЕЖ) немесе Local Area Network (LAN), бір немесе бірнеше жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан. ЛЕЖ әдетте қандай да бір ұйымның шекарасында орналастырылады, сондықтан оларды корпоративті деп атайды.
- Бөлініп тармақталған компьютерлік желілер әртүрлі ғимараттарда, қалаларда және мемлекеттерде орналасқан, глобальды немесе Wide Area Network (WAN) аумақтық, аралас және глобальды болады. Осыған байланысты глобальды желілер төрт негізгі түрде болады: қалалық, аумақтық, халықаралық және транснациональды. Мысал ретінде өте үлкен масштабтабөліп тармақталған желілерді атап өтсек: Internet, EUNET, Relcom, FIDO.
Ортақ жағдайда желінің құрамына келесі элементтер кіреді:
- желілік компьютерлер (желілік адаптермен қамтамасыз етілген) ;
- байланыс каналдары (кабельдік, спутниктік, телефондық, цифрлық, волоконды-оптикалық, радиоканальды және т. б. ) ;
- сигналдардың әртүрлі жағдайда қайта құрылуы;
- желілік жабдықтар.
Желіні екі түсініктеме ажыратады: коммуникациялық желі және ақпараттық желі. (сурет 1. 1) .
Коммуникациялық желі мәліметтерді жіберу үшін арналған, және де ол мәліметтерді қайта құруға байланысты есептерді орындайды. Компьютерлік желілер физикалық қосылу жағдайды қолданудың түрлерімен ажыратылады.
Ақпараттық желі ақпараттарды сақтауға арналған және ақпараттық жүйелерден тұрады. Компьютерлік желілердің қорында ақпараттық желілердің тобы құрылуы мүмкін:
Ақпараттық жүйе деп ақпараттарды жіберуші немесе тұтынушы жүйе деп түсіну керек.
Сурет 1. 1 Ақпараттық және коммуникациялық желілер
Компьютерлік желі ақпараттық жүйеден және байланыс каналдардан тұрады. Ақпараттық жүйе деп ақпаратты сақтауды, өңдеуді және жіберуді қамтамасыз ететін объект деп түсіну керек. Ақпараттық жүйенің құрамына: компьютерлер, программалар, қолданушылар және мәліметтерді өңдеу мен жіберу процессіне арналған басқа да құраушылар жатады. Кейін ақпараттық жүйелер қолданушының есептерін шығаруға арналған жұмыс станциясы (client) деп аталынады. Желідегі жұмыс станциясы жай дербес компьютерден айырмашылығы, желілік карталардың (желілік адаптер) болуы және мәліметтерді жіберуге арналған каналдар мен желілік бағдарламаның қамтамасыз етілуі.
Байланыс каналы деп сигналдар берілетін жол немесе жағдай деп түсіну қажет. Сигналдарды жіберетін жағдайларды абоненттік немесе физикалық канал деп атайды.
Байланыс каналдар (data link) желілік жабдықтар мен физикалық жағдайдың байланысы арқылы байланыс линиялары бойынша құрылады. Физикалық құралдың байланысы өрілген булар, коаксальды кабельдер, оптикалық каналдар немесе эфир негізінде құрылған. Ақпараттық жүйелер арақатынасының арасында коммуникациялық желілер мен коммутациялық түйіндер арқылы логикалық каналдар орнатылады.
Логикалық канал - бұл мәліметерді бір жүйеден екіншіге жіберу жолы. Логикалық канал бір немесе бірнеше физикалық каналдардың сапар желісі бойынша салынады. Логикалық каналды физикалық канал және коммутациялық түйіндер арқылы салынған сапар желісі сияқты сипатауға болады.
Желіде ақпарат объекттердің арасында ауысу процедурасы бойынша мәліметтердің блоктарымен беріледі. Бұл процедуралар мәліметтерді жіберу протоколдары деп аталады.
Протокол - бұл форматты және бір немесе бірнеше құрылғылардың арасында ақпаратпен айырбас процеураны орнататын ережелердің жиынтығы.
Желіні орнату трафик деп аталатын параметрмен сипатталады. Трафик - бұл мәліметтерді жіберу желісіндегі хабарламаның ағыны.
Желіні сипатттаудағы заттық әсер рұқсат әдісін көрсетеді. Рұқсат әдісі - бұл әдіс қандай жұмыс станциясы байланыс каналдың келесі болып қолданылатынын және қалай байланыс каналына (кабельге) рұқсатты басқару керектігін анықтайды.
Желіде барлық жұмыс станциялар топология деп аталатын структура бойынша өзінің арасында байланыс каналдармен физикалық қосылған. Топология - бұл қандай жұмыс станциялар өзара байланыса алатындығын көрсететін желіде физикалық қосылуды суреттейді. Топологияның түрін жұмыс станцияларды пайдалану сенімділігі мен өнімділігі, жұмысқа қабілеттілігі және файлдық сервермен айналысу уақыты анықтайды. Желідегі топологияға байланысты сол немесе басқа да рұқсат әдісі қолданылады.
Желідегі негізгі элементтердің құрамы оның архитектурасына байланысты. Архитектура - бұл желідегі жұмыс станцияларын өзара әрекеттесу функцияларын және құрылымын, өзара байланысын анықтайтын концепция. Ол желінің техникалық және программалық құралдағы логикалық, функционалды және физикалық ұйымын алдын ала ескереді. Архитектура желідегі элементтердің апараттық және программалық құрылу мен жұмыс жасау принципін анықтайды.
Негізінде архитектураның үш түрін белгілейді: терминал - негізгі компьютер архитектурасы, клиент - сервер архитектурасы және бір рангті архитектура.
Қазіргі кездегі желілерді әртүрлі белгілері бойынша классификациялауға болады: компьютердің қашығымен, топологиясымен, тағайындауымен, ұсынатын қызметтін тізімімен, басқару принципімен, коммутация әдісімен, қол жеткізу әдісімен, жіберу ортаның түрімен, мәліметтерді жіберу жылдамдығымен және т. б.
1. 3. Желіні құру технологиясы
OSI моделінің каналдық деңгейінің протоколы жүйелер ортасының табиғатын сипаттайды және деректерді жіберу алдындағы дайындау жұмыстарын жүргізеді. Ол кірістегі мәліметтерді қабылдайды, оларға талдау жасайды, қажет жағдайларда желілік деңгейдің сәйкес протоколына жібереді. Каналдық деңгейдің протоколына Ethernet, FDDI, Token Ring жатады. Ethernet каналдық деңгейдің көп тараған протоколы. Бұл протокол 70 ж-да құрылған. Осы уақытқа дейін көп өзгерістер кіріп, желінің талаптарына сай келуде. Қазіргі Ethernet желілері 10, 100, 1000 Мбит/сек жылдамдықпен жұмыс жасайды. Көп жылдар бойы желілікті есептеу желілерде Ethernet-тің екі стандарты болды: 1) PIX Ethernet - 1980 жылы жарияланған. Шина топологиясында 10Мбит/сек жылдамдықты коаксиалды кабельде анықталған. Сонымен бірге бұл стандарт «жуан Ethernet» Thick Net 10 Base 5. 1982 жылы жарияланған PIX Ethernet стандартында желілік орта ретінде RG 58 коаксиалды кабелін пайдалану мүмкін болады. Бұл стандарт жіңішке Ethernet, Thin Net немесе 10 Base 27 деп аталады.
Желілк орта дегеніміз - пьютерлерді желіге біріктіру технологиясы. Ethernet-тің екінші стандарты 1985 жылы жарияланған IEEE 802. 3 стандарты. Бұл стандартқа коаксиалды кабельдің екі типінен басқа экрандалмаған бұралған жұптың 10 Base Т спецификасы кіргізілген. Ethernet протоколының екінші стандарты да негізінен мына компоненттерден тұрады:
- Физикалық деңгейдің спецификасы.
- Кадрдың форматы.
- CSMA/CD ортасына қол жеткізуді басқару механизмі.
Ethernet стандартының физикалық деңгейінің спецификасына кабелдің типтері желіні құру топологиясы кабелдің ең үлкен ұзындығы және қайталаушының саны жатады. Бұл талаптарды орындау сенімді Ethernet желісін құруға мүмкіндік береді. Ethernet желісінің коаксиалды кабелдегі 10 Base 5 және 10 Base Т спецификалары шина топологиясын қажет етеді. Екіден көп компьютерлер жалғайтын кабелдің сегменті магистралды сегмент деп аталады. Коаксиалды кабелдегі стандарт қазіргі кезде көп қолданылмайды, себебі ол кабелді тарту бұралған коаксиалды кабелдің ақпарат жіберу жылдамдығы 10Мбит/сек. Бұралған жұпты Ethernet Ethernet желісінің физикалық деңгейінің басқа да спецификациясында жұлдыз топологиясы қолданады. Бұл топологияда әрбір компьютер концентратор және кабель сегменті арқылы жалғанады. Қазіргі ең көп таралған кабелдің түрі экрандалмаған бұралған жұп. Бұл кабелді тарту жеңіл. Ақпаратты беру жылдамдығы 10, 100, 1000 Мбит/сек. Ethernet желісінің 10 Base Т спецификациясында компьютерлер қайталаушы концентратормен ұзындығы 100 метр болатын кабель сегментімен. Ethernet желісінің 100 Base FX спецификасындай оптикалық талшықты кабель қолданылады. Мұнда ақпаратты жібері жылдамдығы 100 Мбит/сек. Бұл спецификадағы кабелдің ұзындығы 412 метрден артпайды. Қазіргі кезде Ethernet-тің жаңа түрі Gigabit Ethernet қолданылады. Мұнда ақпаратты жіберу жылдамдығы 1000 Мбит/сек-қа дейін.
2. 1. Желіні жүргізу кезеңдері
Желіні жүргізу кезеңдері екі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - желілерді қосу процесіндегі әрекеттестікте мынадай мәселелерді шешу енеді:
1) Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордан Қосылу шартының жобасы мен сәйкес ресімделген қосылуға типтік техникалық шарттарды алу.
Қосатын оператор, техникалық мүмкіндікке байланысты, егер қосылу бір нөмірлеу аумағында жүргізілетін болса, отыз күннен аспайтын мерзімде және нөмірлеудің түрлі аумағында бір уақытта қосылған жағдайда, алпыс күннен аспайтын мерзімде қосылуды орындау үшін қажетті нақты әрекеттерді көрсетумен, техникалық шарттар береді және қосылудың стандартты нүктесіне (қосудың) қосудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қосу мақсатында телефон кәрізіне кәбілді төсеуге сауалнама жасаған кезде, кәбіл (телефон) кәрізінің иесі, техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық шарттарында кәбілді төсеу үшін кедергілерді жоюда қандай іс-шаралар орындау қажет екенін көрсетеді;
2) қосылатын оператормен (желі иесімен) қосылуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;
3) қосылатын оператормен (желі иесімен) қосылуға және (немесе) техникалық шарттарды орындауға жобаны іске асыру;
Орындалған техникалық шарттар актісіне қол қойған сәтінен бастап, екіжақты келісім бойынша, қосатын және қосылатын байланыс операторлары (желі иесі) үш күннен аспайтын мерзімде Қосылу Шартына қол қояды.
Басым байланыс операторының қосу шартын жасасудан бас тартуына жол берілмейді;
4) желілерді тестілік режимде қосу.
Бірінші кезеңнің аяқталуы орындалған техникалық шарттар актісіне, табысты тестілеу негізінде желіні қосуға дайындығы туралы актісіне, сондай-ақ Қосылу шартына қол қою болып табылады.
Екінші кезең - желілерді қосуды жүзеге асырғаннан кейін мынадай мәселелерді шешу енетін, телекоммуникация қызметтерін ұсыну процесіндегі өзара әрекеттестік:
5) қызметтерді ұсыну кезіндегі өзара әрекеттестік;
6) трафикті өткізуді ұйымдастыру;
7) ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
8) ұсынылған қызметтерге және кіріс, шығыс және транзиттік трафикті босатуға өзара есеп айырысуды жүргізу.
2. 2. Жергілікті желі үшін кабельдерді тестілеу
Қазір компьютерлік желілердің басым бөлігі өткізгіш немесе кабельді жалғау үшін қолданылады. Олар компьютерлер арасындағы сигналдарды беру ортасы ретінде жұмыс істейді.
Көпшілік желілерден кабельдің үш негізгі түрі ғана қолданылады:
- коаксиалды кабель (coaxial cable) ;
- бұралған жұп (twisted pair) ;
- экрандалмаған (unshielded) ;
- экрандалған (shielded) ;
- оптикалық талшықты (fiber optic) .
- Коаксиалдық кабель.
Коаксиалды кабель кабельдің көп тараған түрі. Бұл екі түрлі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, ол қымбат емес, жеңіл, иілгіш және қолдануға қолайлы. Екіншіден, коаксиалдық кабельдің кең тараған атағы оны орнату кезіндегі қауіпсіздігімен қарапайымдылығына әкелді.
Коаксиалды кабель мыс жіптен, оны қоршаған ортасынан оқшаулау, металды орау мен сыртқы қап түріндегі экранннан тұрады. (№1 сурет) Егер кабель металдық ораудан басқа фольга қабаты бар болса, онда ол қос экрандалған кабель деп аталады. Күшті кедергілер болса төрт есе экрандалған кабельді пайдалануға болады. Ол қос қабат фольгамен қос қабат мысты ораудан тұрады.
Кабельдердің кейбір типтерін мыс торлар - экран (shield) жауып тұрады. Ол кабель бойынша беріліп жатқан мәліметтерді кедергілер немесе шуыл деп аталатын сыртқы электромагниттік сигналдарды жою арқылы қорғайды. Осылайша, экран кедергілерге мәліметтерді бұзуға жол бермейді.
Электрлік сигналдар жіп бойынша беріледі. Жіп - бұл бір өткізгіш (тұтас) немесе өткізгіштердің орамы. Тұтас жіп қалайыдан дайындалады.
Жіп оны металдық ораудан бөлетін оқшаулы қабатпен қоршалған. Орау жерлендіру (заземление) рөлін атқарады және жіпті электрлік шуылдардан (noise) және қиылысқан кедергілерден (crosstalk) қорғайды. Қиылысқан кедергілер - бұл көрші өткізгіштердегі сигналдардан туындаған электрлік туралау (наводка) .
Сурет 1. Коаксиалды кабельдің құрылымы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz