Автоматтандырылған тест жүйесі



Кіріспе
1. DELPHI ТУРАЛЫ ТҮСIНIК
1.1 DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.2 OBJECT PASCAL ТІЛІ
1.3 КЛИЕНТ/СЕРВЕР ЖӘНЕ КӨПЯРУСТЫ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ
1.4 DELPHI . ДЕ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.5 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ
2. БЕРІЛГЕНДЕР ҚОРЫ ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТ
2.1 БЕРІЛГЕНДЕР ҚОРЫНДА КЕСТЕНІ ҚҰРУ
2.2 АЛИАСТЫ BDE ADMINISTRATOR АРҚЫЛЫ ДАЙЫНДАУ
2.3 ФОРМАДА БЕРІЛГЕНДЕР ҚОРЫМЕН ОБЪЕКТІЛЕРДІ БАЙЛАНЫСТЫРУ.
3. ТЕСТ ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТ
3.1 АВТОМАТТЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ
3.2 ТЕСТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
3.3 ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ТЕКСЕРУДЕ ТЕСТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 ЖҮЙЕНІ ҚҰРУҒА ЖӘНЕ ЕНГІЗУГЕ КЕТКЕН ШЫҒЫН ЕСЕПТЕУЛЕРІ
4. 2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ ЕСЕПТЕУЛЕРІ
5. Бағдарламаны қолдануға байланысты эксплуатациялық шығындар есептеулері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМША
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс және Қазақстан Республикасының егемендік алуы жағдайында жастарды өмір мен еңбекке баулу мақсатымен оларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жан-жақты жақсарту қажеттігі қазіргі заманда дәлелдеуді талап етпейді.
Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.
Соңғы жылдардағы жұмыс тәжірибеміз университеттердің түлектерін информатикаға даярлауда бірқатар елеулі кемшіліктер бар екенін көрсетті, олар мыналар: түлектердің мектепте информатика курсы бойынша алған білімдерінің қазіргі талаптарға сай келмейтіндігі; информатикалық білімдерді алудағы формализм; информатикалық мәдениет пен математикалық ойлау деңгейінің төмендігі; әдістемелік білімдердің атүстүлігі; түлектің алдағы әрекетке даярлауының мұғалімдік кәсіпке, ғылым және оқу пәні ретіндегі информатикаға деген ынта-ықылас, пәндік тұрғыдан да алдағы қызметті білуге ұмтылушылық сияқты қасиеттерінің жеткілікті дәрежеде дамығандығы. Сонымен, студентті университетте оқыту кезеңінде информатика мұғалімінің кәсіптік шеберлігі негіздерінің қазіргі кезеңде мектепті дамыту міндеттерін шешу үшін қажетті деңгейіне қол жеткізілмейді. Сондай проблемаларды шешуде өзімнің үлесімді қосу мақсатында мен осы тақырыпты таңдап, аддыма оны ары қарай зерттеу жұмысын жалғастыруды жөн көрдім.
1. Владимир Гофман, Анатолий Работа сбазами данных в Delphi. Санкт-Петербург, "БХВ-Петербург", 2002 г.
2. Бойко B.B., Савинков B.M Проектирование баз данных. Москва. 1998г.
3. Бобровский C. Delphi-5. Учебник курс. Москва, 2000 г.
4. Культин H. CaMoy4.Delphi. Санкт-Перербург. 1999 г.
5. Епанешиков A.M. Программирование в среде Delphi.
6. Шумаков П.В. Delphi и создание базы данных. Москва, 1997 г.
7. Фаронов B.B. Delphi 4.0. Начинающий курс. 1999 г.
8. Гринберг Ф., Гринберг P. Самоучитель программирования на входным языке СУБД Dbase. Москва, "Мир", 1989 г.
9. Дарахвелидзе П., Марков E. Delphi — среда визального программирования — СПБ. ВНУ — Санкт-Петербург, 1996 г.
10. Рубенкинг H. Программирования delphi для "чайников". Киев, "Диалектика", 1996 г.
11. ПотоцкийВ.К. Объектно — ориентированное программирование. Ленинград, 1991 г.
12. О.Камардинов, Х.Жантелі Delphi 5-6. Шымкент, 2002 ж.

Кіріспе

Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс және Қазақстан Республикасының
егемендік алуы жағдайында жастарды өмір мен еңбекке баулу мақсатымен оларды
оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жан-жақты жақсарту қажеттігі қазіргі заманда
дәлелдеуді талап етпейді.
Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты
мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды
жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі
ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде
ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін
жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде
әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды
жетілдірумен барынша тығыз байланысты.
Соңғы жылдардағы жұмыс тәжірибеміз университеттердің түлектерін
информатикаға даярлауда бірқатар елеулі кемшіліктер бар екенін көрсетті,
олар мыналар: түлектердің мектепте информатика курсы бойынша алған
білімдерінің қазіргі талаптарға сай келмейтіндігі; информатикалық
білімдерді алудағы формализм; информатикалық мәдениет пен математикалық
ойлау деңгейінің төмендігі; әдістемелік білімдердің атүстүлігі; түлектің
алдағы әрекетке даярлауының мұғалімдік кәсіпке, ғылым және оқу пәні
ретіндегі информатикаға деген ынта-ықылас, пәндік тұрғыдан да алдағы
қызметті білуге ұмтылушылық сияқты қасиеттерінің жеткілікті дәрежеде
дамығандығы. Сонымен, студентті университетте оқыту кезеңінде информатика
мұғалімінің кәсіптік шеберлігі негіздерінің қазіргі кезеңде мектепті дамыту
міндеттерін шешу үшін қажетті деңгейіне қол жеткізілмейді. Сондай
проблемаларды шешуде өзімнің үлесімді қосу мақсатында мен осы тақырыпты
таңдап, аддыма оны ары қарай зерттеу жұмысын жалғастыруды жөн көрдім.

DELPHI ТУРАЛЫ ТҮСIНIК

1.1 DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ

Программа негізінен екі бөлімен түрады.
1. Borland Delphi программалау тілі.
2. Paradox берілгендер қоры.
Дипломдық жұмыста Delphi программалау тілін пайдалану себебім,қазіргі
таңдағы күрделі және жұмыс істеу жағынан мүмкіндігі тілдердің бірі.
Программалау тілінде негізгі жұмыстарды істейді, яғни формаларды іске
қосып және форма бетіндегі алма суреттерін шығаруға және есеп нәтижесін
беріп отыруда пайдаланды.
Paradox берілгендер қорын пайдалануымның себебі, Delphi программалау
тілімен жақсы байланысады және онымен жұмыс істеу кез-келген адамның
қолынан келеді.
Берілгендер қорын басқару жүйесі (БҚБЖ) — берілгендер қорымен жұмыс
істеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарында dBase, Paradox,
Access, FoxPro т.б. да бар. Database Desktop утилитасының құрамындағы
Paradox ең қолайлы, көп тараған программа. Paradox программаның Paradox 1,
Paradox 2, Paradox 3, Paradox4, Paradox5, Paradox6, Paradox 7 сияқты
бірнеше нұсқалары бар.
Берілгендер қорында екі өлшемді кестенің жолдары жазбалар деп, бағандары
өрістер деп аталады. Дәлірек айтқанда берілендер қорында кестедегі әрбір
жол жазба болып табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді.
Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез-келген қолданушының Paradox
программасын оқып үйренуіне қиындық жоқ десе де болады. Өйткені, Paradox
программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның
объектілері терезе түрінде ашылады.
Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды
ретімен орындау бойынша, ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң
логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған
болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тіліне программаның
жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы
оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері — Visual Basic тілі
Qbasic программалау тілі негізінде, ал Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль
(Object Pascal) тілі құрылған (visual — көзбен көру, экрандық). Олар,
әсіресе, Delphi программалау тілі — кез келген қосымшаны дайындауға болатын
жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Паскаль тілін оқып үйренуге жеңіл және MSDOS жүйесінде программа
дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де
Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді
программалауға болады. DeIphi-дің негізгі ерекшелігі — онда қосымша құруда
компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылды (Windows ортасында
пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп
айтады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге
болады.
Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау
ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер
элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге
арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі
кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component
Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған,
жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа
компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Delphi Windows жүйесінде праграммалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген
операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру,
анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын
пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және
т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы
Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi ортасында төрт терезе бар. Олар:
l) Delphi5-Projectl - Delphi5-тің негізгі терезесі;
2) Form1 — Форма;
3) Object Inspector - Объект инспекторы терезесі;
4) Unitl.pas — Редактор терезесі.
1 DeIphi-дің негізгі терезесі үш құрылымнан тұрады:
1 Мәзір.
2 Acnanamap панелі алтыға бөлінеді:
• Standard — Стандарттық;
• View — Көрсету;
• Debug — Баптау;
• Custom- Қолданушы;
• Desktop — Жұмыс столы;
• Internet — Интернет.
3. Компоненттер палитрасы төмендегідей беттерден тұрады:
• Standard — Стандартты;
• Additional - Қосымша;
• Win32 — Windows интерфейсінің 32-разряды;
• System — функциялық жүйеге кіру мүмкіндік;
• Data Access — Берілгендер қорындағы информациямен жұмыс;
• DataControl — Берілгендерді элементтермен басқаруды құру;
• dbExpress - SQL-серверіне кіру мүмкіндігі;
• DataSnap - Көп салалы берілгендер қорындағы қосымшаны құру;
• BDE — BDE арқылы берілгендерге кіру мүмкіндігі;
• ADO — ActivX берілгендер объектісін қолданып берілгендер қорына байланыс
жасау;
• InterBase — Аттас берілгендер қорына тікелей кіру мүмкіндігін қамтамасыз
етеді;
• SOAP — Аттас техногия көмегімен анықталған ортады берілгендерді
алмастыру;
• InternetExpress — Аттас қосымшаны құру үшін берілгендер қорындағы
анықталған қосымша-клиент және қосымша-сервер бір мезгілде болады;
• Internet — Интернет желісінде қосымша Web-серверін құру;
• FastNet — Инетернет желісіне кіру хаттамасын қамтамасыз ету;
• Decision Cube — Көп өлшемді талдау;
• QReport — Есепті құрастыру;
• DiaIogs — Стандартты сұхбаттық терезені құру;
• Win3.1 — Windows3.1 интерфейсі;
• SampIes — Бірге қойылатын жүйелік мысалдар;
• ActivX — ActivX компанентті;
• COM+ - Аттас объектілерді басқару;
• InterBaseAdmin — Аттас берілгендер қорына кіру мүмкіндігін
басқару;
• WebSnap — Web-серверінің қосымшасын құру;
• Server — Жалпы COM серверлер VCL бөлігі үшін;
• IndyCIients — Клиент үшін Интернет тәуелсіз тұжырымдама
компоненті;
• Indy Servers - Сервер үшін тәуелсіз тұжырымдама компоненті;
• Indy Miss — Интернеттің қосымша тәуелсіз тұжырымдама
компонентті.
2. Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма
программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық
терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен
көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып,
ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі
бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Кей жағдайларда экранда форма
көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру
жеткілікті.
3. Форманы не онда орынатылған компонентті программа құру
үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады.
Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspektor) терезесіне
енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес
объектіні (форманы не формада орнатылған форма компоненттін) бір
шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына
таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша
беті бар: Properties - қасиеттер және Events — оқиғалар. Терезе
ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның
Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет
атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар — олардың мәндері.
4. Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады:
алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі
модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде
орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес ic-әрекеттерді орындайтын
программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа

мәтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша
редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылған кезде ол форма
терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері:
- форманы жабу (жабу түймесін шерту);
- код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе
белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі)
көрінеді.

1.2 Object Pascal тілі
Object Pascal тілі Delphi бағдарламалау тілі және стандартты Pascal
тілінің объекті - ориентирленген кеңейтілуі болып келеді. Delphi жүйесі
визуалды бағдарламалау мүмкіндігін VCL визуалды компонеттердің библиотекасы
көмегімен қамтамасыз етеді.
Визуалды компоненттердің библиотекасы (Visual Component Library, VCL)
қосымшаларды тез өңдеуге арналған көптеген кластарды құрайды. Библиотеканың
элементтері Object Pascal - да жазылған, сондықтан ол интегралданған Delphi
қосымшасының өңдеу ортасымен тығыз байланысты. VCL де негізінен визуалды
емес компененттерден тұрады, және визуалды компоненттер, және де TObject
абстракті кластан бастап басқа да кластар бар. Барлық компонентер - бұлар
кластар, бірақ барлық кластар компоненттер емес.
VCL - дің барлық кластары иерархияның анықталған сатысында орналасқан
және кластың ағашын құрайды.
Object класы - барлық Object Pascal класының жалпы тегі (атасы) ол
иерархияның тамырында (түбірінде) орналасады. Бұл класс абстактілі болып
келеді және барлық ұрпақтар кластары үшін жалпы әдістер қолданылады.
Негізгі әдістерін атап өтейік:
* Create - объектіні кұру
Destroy - объектіні жою (өшіру)
Free - Create әдісімен құрылған объектіні өшіру, бұл уақытта Destroy
әдісі де шақырылады.

Бұл әдістердің көпшілігі ұрпақ класында қайта анықталады. TPersistents,
TComponent, TControl көптеген кластардың атасы болып келген. Көрсетілген
кластарға негізінде жалпы қасиеттері, әдістері және оқиғалары (события)
кіреді.
TPersistents класы ағымнан icкe қосылады және ағымға сақталатын
қасиеттері бар объектілер үшін абстракты болып келеді. Ағымның механизмі
жадымен жұмыс істеу үшін қолданылады. TObject кластың әдісіне қосымша
болатын TPersistents класы бір объектіден екінші объектіге алаңды және
қасиеттерді беруге мүмкіндігі бар Assign әдісіне ие.
TComponent класы — барлық компоненттерге негіз; өзінің атасының әдісіне
қосымша болып, оның басқа компоненттеріне ие болатын құралдарды қамтамасыз
етеді. Формаға кез келген компонентті орналастыру нәтижесінде, ол басқа
компонентке тиісті болады (негізінен формата). Компонента құру барысында,
ол оған тиісті компоненттерді автоматты түрде құрылуын қамтамасыз етеді, ал
оны жою барысын оған тиісті барлық компоненттер автоматты түрде жойылады.
TComponent класы келесі қасиеттерін белгіленген:
• Components — тиісті компоненттер тізімі
• ComponentCount тиісті компоненттердің саны
• Componentlndex -- тиісті компоненттер тізіміндегі компонент номері,
• ComponentState - ағынды компоненттің жағдайы
• Name - компоненттің аты
• Owner - компоненттің иесі
Tag - компонентпен сақталынатын бүтін мәні TComponent компонентінің
кейбір әдістері:
• Destroy Components - барлық тиісті компоненттерді жою (бұзу)
• Destroying - тиісті компоненттің жойылғаны (бұзылғаны) туралы хабар
беру FindCoraponent - Component тізімінен компонентті табу (іздеу)
Тілдің сөздігі
Сөздер келесі түрлерге бөлінеді:
• Кілттік сөздер (ключевые, заразервированные)
• Стандатты идентификаторлар
• Қолданушының идентификаторлары
Кілттік сөздер тілдің құрама бөлігі болып келеді. Редактор кодында
кілттік сөздер қалың (полужирный) шрифтпен бөлінеді, Мысалы,
And Expor ts mod
Array File nil
As Finalization not
Asm For object
Begin Function of
Case Goto or
Class If out
Const Implementation packed
Constructor In procedure
Destructor Inherited program
Dispinterfac Initialization property e
Div Inline raise
Do Interface record
Downto Is repeat
Else Label resource string
End Library set
Except Finally shl
Стандартты идентификатор келесі анықталған тілдің өңдеуші конструкциясын
көрсету үшін қызмет етеді:
• Мәліметтердің типі
• Тұрақты (Констант)
• Процедура және функция
Стандартты идентификаторлары бағдарламада кейбір стандарттармен
байланысқан.
Оларға:
Absolute Name safecall
Abstract Near stdcall
Assembler Nodefault strored
Automated Override virtual
Cdecl Packade write
Contains Pascal writeonly
Default Private
Dispid Protected
Dynamic Public
Export Published
External Read
Far Readonly
Forward Register
Implements Reintroduce
Index Requires
Message Resident
Қолданушының идентификаторы белгінің атын, тұрақты (констант), айнымалы,
процедура, функция және мәліметтер типін белгілеу үшін қолданылады. Бұл
аттар бағдарламашының (программист) өзі береді және ол келесі ережелерге
сай келу керек:
Идентификатор әріп немесе санмен (цифр) құрылады
Идентификатор барлық уақытта әріппен басталады, тек 0 – 9999
диапазонында орналасқан бүтін сан болатын белгі кірмейді,
Идентификаторда кіші және бас әріптерді қолдануға болады, компилятор
оларды бірдей қабылдайды. Арнайы символдарды пайдалануға болмағандықтан
оларды әдемілік үшін басты әріптермен жазуға болады. Мысалы, NumberLmes
немесе btnOpen.
Бағдарламада екі идентификаторлардың арасына ең кемінде бір бөлгіш
(разделитель) болуы керек.

1.3 Клиентсервер жӘне КӨпярусты мӘліметтер базасы

Көптеген қолданушысы бар үлкен мәліметтер базасы үшін клиентсервер
платформасындағы мәліметтер базасы көп қолданылады. Бұл жағдайда клиенттер
тобы үшін мәліметтер базасын қолдану арнайы компьютер - сервер арқылы
жүзеге асады. Клиент серверге тапсырма береді, іздеу операциясы немесе
мәліметтер базасы жаңалау т.б. Осы күшті (мощный) сервер, тапсырма
операцияларына оптималды әдіспен жауап беруге бейімделген, оларды орындап
және өзінің жұмысының нәтижесін хабарлап түрады.
Жұмыстың мұндай ұйымдасуы серверді қолданғанда қосымшаның орындалуының
тиімділігін жоғарылатады және мәліметтердің бүтіндігін бақылайды.
Клиентсервер мәліметтер базасында қосымша мәселе (проблема) шығады -
проектілеу қосымшасы, ол максималды түрде сервер мүмкіндіктерін пайдаланып
және минималды сетьті іске қосады және одан, яғни сетьтен тек минимум
мәлімет алып тұру керек.
Бұл жаңа сетьтегі мәліметтерді өңдеудің көп жақты жолы. Әдетте бұл әдіс
(Delphi - де) мәліметтер базасын ұйымдастыру әдісі multi -tier -көпжіпті
деп аталады. Бұл терминді жіп сөзі мәліметтерді бір ағыны ретінде
қарастырылады. Қазіргі кезде көбіне үшярусты түрі тараған:
• Компьютердің ең соңғы деңгейінде клиенттер қосымшасы орналасқан, ол
қолданушыға интерфейсті пайдалануға мүмкіндік береді.
• Екінші деңгейде сервер қосымшасы орналасқан, ол мәліметтер базасымен
қолданушы арасындағы мәліметтер алмасуын қамтамасыз етеді.
• Үшінші деңгейде мәліметтер базасының алынған (удаленный) сервері
орналасқан, ол сервер қосымшасынан мәліметтерді қабылдап, оларды
басқарады.
Бұл мәліметтер базасының қиын және майысқақ ұйымдасуы. Delphi - де
негізінен осы жүйедегі алғашқы екі деңгейін құруды
қамтамасыздандырадырылған. Сонымен қатар соңғы деңгейде қолданушының
копьютеріне Borland DataBase Engine (BDE) орнату қажет етілмейтіндігін
ескеру керек. Осымен мәліметтер базасының көпярустылығының бір қасиеті
қорытындыланады.

1.4 Delphi - де мӘліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру

Delphi - дегі мәліметтер базасының негізгі жұмысы Borland DataBase Engine
(BDE) болып табылады - Borland фирмасының мәліметтер базасының процессоры.
BDE мәліметтер базасы және қосымша арасында делдалдық қызмет атқарады. Ол
қолданушыға мәліметтер базасын нақты шешуге арналған жұмыс үшін бір тұтас
интерфейс ұсынады, Delphi қосымшасы мәліметтер базасына тікелей катынаса
алады, тек BDE - ге ғана катынасады.
Delphi қосымшасы, мәліметтер базасымен байланысу қажет болған жағдайда,
BDE - ге қатынасады және мәліметтер базасының псевдонимін және сондағы
керек таблицаны хабарлайды. BDE DLL - ге қосылатын минамикалық библиотека
ретінде іске асады. Олар, басқа библиотекалар сияқты, API - мен
(Application Program Interface -интерфейс прикладных программ) және IDAPI -
мен (Intergrate DataBase Application Program Interface) байланысқан. Бұл
қосымша қолданатын, мәліметтер жұмыс істеуге арналған процедура мен
функциялар тізімі.
BDE - псевдоним бойынша мәліметтер базасы үшін лайықты драйвер табады.

Драйвер - көмекші программа, ол анықталған түрде мәліметтер базасымен
калай жұмыс істеу керек екендігіне көмектеседі. Егер BDE - нің СУБД — ға
сәйкес өзіндік драйвері бар болса, онда BDE осы арқылы мәліметтер
базасындағы керек таблицамен байланысады және қолданушының
тапсырмасын өңдеп, қосымшаға өңдеудің нәтижесін керсетеді.
BDE - SQL мен тығыз байланыста - сұраныстардың стандартталған тілі,
SQL -- серверлер (Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase) арқылы
мәлімет алмасумен қамтамасыз етеді.
- Бұл мүмкіндік клиентсервер платформасында кең қолданылады. Delphi 5 те
мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін BDE - ден басқа ADO (Active Data
Objects) Microsoft фирмасы өңдеген процессоры бар. ADO кез — келген
мәліметтер түрінің қолданушылық интерфейсі, реляциондық және реляциондық
емес мәліметтер базаны, электрондық почтаны, жүйелік және графикалық
файлдарды қосқанда. ADO қолдану мәліметтер базасымен эффекті жұмысты
қамтамасыз етеді.

1.5 Ақпараттық жүйенің архитектурасы

Біз ақпараттық жүйенің ерекшеліктерін: заттар облысы туралы
пайдаланушылардың әртүрлі көзқарасын қолдауды белгілеп өтеміз. Қазіргі
заманда ақпараттар жүйесі бірнеше көрініс деңгейлерін қолдайды. Олардың
түрлерін ақпараттар жүйесі архиткетурасы түсінігімен қабылданған.
Абстракцияның алғашқы деңгейі негізгі қолданушылардың заттар облысы
туралы көрінісіне сәйкес келеді - оларды пайдаланушылардың локальды
көрінісі деп атайды.
Екінші деңгейді инфологиялық түсінік деп атаймыз; ол өз бетінше
пайдаланушылардың локальді көрінісін көрсетеді және ақпараттар объектісінің
барлық жиынын көре алады.
Абстракцияның концептуалды деңгейін мәліметтер базасынын администраторы
мәліметтердің логикалық ұйымдасу бейнесіне сәйкес болады. Бұл абстракция
деңгейі инфологиялық деңгейге ұқсас, бірақ оның өзгешелігі МБЖҚ - ның
әдістерін іске асыруында. Концептуалды деңгейде мәліметтер базасын сипаттау
МБЖҚ-ның осы жүйеде қолданылатын терминдер мен шектеулер арқылы
сипатталынады.
Абстракцияның әрбір деңгейінде заттық объекттің өзіндік моделі
анықталады. Бұл модельдерді сипаттау схема деп аталынады.
Қазіргі кездегі МБЖҚ архитектурасы мәліметтер базасыны сипаттауындағы
концептуалды және Ішкі тәуелсіз тапсырма болып табылады.

Берілгендер қоры туралы мӘлiмет

1. Берілгендер қорында кестені құру

БҚ, кестесі Delphi құрамына енгізілген Database Desktop (Берілгендер қоры
жұмыс столы) қосымша програмасы арқылы құралады. Ол мына амалдар арқылы
жасалады:
1. Tool - Database Desktop (Сервис-БҚ жұмыс столы қабықшасы) командасын
беру. Қабықша программасы көрінеді.
2. Терезеден File — New - Table (Файл — Жаңа - Кесте) командасын беру.
Create Table (Кесте құру) сұхбаттық терезесі шығады. Онда ашылатын
тізімнен қажетті кесте форматында таңдалып (Paradox). Алғашқы рет
Paradox_7 форматы іске қосылып, терезе өрісінде осы атау көрінеді.
3. Paradox_7 форматымен таңдап, Ok түймесін шерту (онда
пайдалануға болатынын өріс типтерін жеткілікті).
Бірінші бағанында автоматты түрде өрістің нөмірі жазылып
қойылған кесте өрісі атауын сипаттау терезесі көрінеді.
4. Екінші бағаннан бастап ретімен өріске берілетін атауды (FieldName),
өріс типін (Type), өлшемін (Size) енгізу (өлшем өріс симвоолдық типті
болса ғана енгізіледі). Өрісіті кілттік ету қажет болса, оны бесінші
бағанды (Key) көрсетілуі тиіс. Ол "*" символы арқылы белгіленеді
(жалпы, кілт Delphi-де және MS Access сияқты арнайы БҚБЖ-лерінде
кеңінен пайдаланылады).
Database Desktop арқылы Нөмірі, Шығарған завод, Маркасы, Шығарған жылы,
Түсі, Бағасы, Көліктің сипатамасы, Cypemi, Тұтынушы аты-жөні, Мекен жайы,
Сымтетігі (N, Shigargan zavody, Marcasy, Shikan jily, Tusy, Bagasy, Kolik
sipatamasy, Surety, Tutunushy aty-joni, Meken jaiy, Simtetic) құрамында
төмендегі кестені құру үшін алдымен өріс атауын сипаттау терезесін толтыру
керек. Өріс атауларын қазақ алфавиті шрифтерімен теруге болады, бірақ олар
формада дұрыс көріне берілмейді.
1. Өріс атауының ортасында нүкте (.) символы енгізілгені жөн;
2. Өрістерді сипаттау не дайындау терезесінің бірінші бағанында
автоматты түрде атаулардың реттік нөмірлері көрсетулі тұрады. Оларға
көңіл бөлмеу керек. Кезекте өріске мән енгізілген соң КҚ не сәйкес
курсорды басқару пернесінің тиіс. Kypcop келесі өріске орналастырылып
қойылады;
3. Үшінші бағанға өріс типінің (Type) енгізілуі тиіс. Ол үшін курсор
бағанда орналасқан соң Бос орын пернесін басу керек.
Тип Белгісі Мән
Alpha A Символдық жол. Ұзындығы [1..255]
аралығында.
Number N Мәні [10308,10308] аралығында
алынатын 15 мәнді цифрлық нақты сан.
Short S Мәні [-3278-67..32767] аралығында
алынатын бүтін сан.
Long Integer I Мәні [-2147483647..2147483647]
аралығында алынатын ұзындығы
4 байттық бүтін сан.
Memo M Alpha-нің мәндер аралығынан үлкен
болатын ( = 255 байттық) символдық
жол.
Money $ Соңына $ символы қойылатын ақшалық
форматты сан.
Date D Дата
Logical L Мәні ақиқат (True) не жалған (False)
болатын логикалық типті сан.
Auto increment Кестеге жол қосылған сайын мәні бірге
өсіп отыратын бүтін сан.

4. Өріс сипаталып болған соң терезенің Save As... түймесін шерту.
Құрылатын кесте атауы сүралатын Save table as... терезесі
көрінеді.
5. Терезеде кесте атаулары сақталатын ішкі бума (мысалы,
My Databases) құрып, оны ашу (егер ішкі бума бұрын құрылған болса, оны
ашу жетлкілікті). Файл атауы өрісіне кесте атын енгізу (мысал,
Rousl.db) және каталог алиасы үшін терезеде көрінген WORK: атауын
қалдырып, Сақтау түймесін шерту. Кесте құрылымы Rousl.db атауы бойынша
My Databases бумасында сақталып қойылады.
6. Терезені жабу керек.
Өрістер сипатталып болған соң кестені құру қиын емес:
1. Database Desktop терезесінің мәзірінен File — Open — Table (Файл — Ашу
- Кесте) командасын беру. Open Table терезесі көрінеді. Терезеден
MyDatabases ішкі бумасын ашып және каталог алиасы үшін
жүйе дайындаған WORK: атауын қалдырып, бума ішіндегі қажетті өріс
сипаттамалары жазылған кесте атауын (Rousl.db) таңдап, одан әрі Ашу
түймесін шерту керек. Өрістер енгізілген терезе ашылады.
2. Кестені толтыруға, берілгендерді редакциялауға мүмкіндік
беретін Table — Edit Data (Кесте — Берілгендерді
редакциялау) командасын беру (аспаптар панелінің аттас
пернесін басуда болады). Rousl атауының астына 1 саны жазылып, (+)
өрісіне курсор орналастырылып қойылады.
3. Өрістерді толтыру.
4. Терезені жабу.
Кестені қазақ алфавиті әріптерімен теру тәсілі әдеттегідей. Егер бұл
тәсіл жүрмесе, Data Desktop мәзірінен Edit — Preferences (Редакциялау –
(Ұнамды) командасын беріп, ашылған терезенің Generel (негізгі) қосымша
бетінен Change (Өзгерту) түймесін шерту керек. Change Font (Шрифті өзгерту)
терезесі көрінеді. Терезеден қажетті шрифті таңдап, Ok түймесін шертеміз.
Сосын Database Desktop жұмыс столын жауып, оны қайта қосуымыз керек. Сонда
ғана амалымыз орындалады.
Алиас құру. Берілгендер қорымен жұмыс істеу кезінде кестеге қол
жеткізетін жолды енгізу көп қиындық туғызатыны белгілі. Delphi-гe жолды тек
берілгендер қорының атауымен алмастыратын тәсіл енгізілген. Мұндай атау
бүркеншік атау не алиас (aIias) деп аталады. Арнайы құрылған БҚ бумасын
алиас түрінде қарастыру үшін Delphi құрамына енгізілген DBE утилитасы
пайдаланылады (BDE — Borland Database Engine - Borland корпорациясының
берілгендер қоры құрамы).
Жалпы, BDE — Delphi-дің құрылған қосымшамен берілгендер қоры арасында
байланыс орнату, олармен жұмыс істеу жүйесі. Ол Paradox, dBase берілгендер
қоры жүйелері үшін, ал соңғы кездегі Access, FoxPro үшін де басқару жүйесі
болып табылады. Бірақ соңғы жүйелерге қол жеткізу үшін арнайы программаны
пайдалану керек.
BDE утилитасы берілгендер қоры кестелерімен жұмыс істеу үшін драйверлер
деп аталатын арнайы программаларды пайдаланады. Оларға БҚБЖ-лерінің
атауларымен бірдей атаулар берілген, мысалы, Paradox__7, dBase_IV. Олардың
бірін таңдау үшін сәйкес БҚБЖ-сінде құрылатын кестенің өріс типтерін білу
жеткілікті. Мысалы, Paradox жүйесі үшін пайдаланылатын типтер жоғарғыдағы
кестеде көрсетілген.
BDE-де драйверлер екі түрлі жиынтықты. Біріншісі — жергілікті деп
аталатын Paradox, dbase, FoxPro, Access жүйелерімен.
Екіншісі — күрделі SQL — серверлік InterBase, т.б. жүйелерімен жұмыс
істеу үшін бірінші жиынтықтың Paradox драйверлермен жұмыс тәсілі
көрсетілген.
Delphi құрамында берілгендер қоры алиасын дайындауға арналған екіутилита
бар:
1. SQL Explorer(SQL зерттеушісі (браузері));
2. BDE Administrator (BDE басқарушысы);
3. SQL Explorer-ді пайдаланып, алиас дайындау технологиясы:
4. Database — Explore (Берілгендер қоры - Браузер) командасын беру.
SQL Explorer терезесі шығады. Терезенің сол бөлігінде көрінгені — BDE
жүйесінде тіркелген барлық берілгендер қорының тізімі (тізімінен ағымдық
қор таңдалған кезде оң жағында оның қасиеттері көрінеді).
Терезеден Object — New (Объект-Жаңа) командасын бер. New Data Alias
сұхбаттық терезесі ашылады. Алғашқы рет онда көрінетіні Paradox форматында
құрылатын STANDARD алиасы таңдап аламыз. Садан кейін Ok түймесін шертеміз.
SQL Explorer терезесінде көрінген тізімге төртбұрыш ішіне алынған жаңа
алиас кірістіріліп қойылады. Төртбұрыш - алиас үшін пайдаланылатын БК,
құрудың әлі аяқталмағандығының белгісі. 3. STANDARD1 алиас Database Desktop
терезесінің ішінде құрылған берілгендер қоры атауын My Databases деп
алмастырамыз. Ол үшін STANDARD1 атауын таңдап, Object — Rename (Объект —
Атын өзгерту) командасын беру және пернетақта арқылы My Databases атауын
енгізіп, кез келген пернені басу керек. Егер дайындалған алиас таңдалса,
тізімнен терезенің қасиеттер жазылған бөлігінде DEFAULT DRIVER (үндемелер
кездегі драйвер) қасиетіне PARADOX форматы жазулы тұруы тиіс. Оның PATH
(Жол) қасиетіне толық жолды енгізіп қоюға болады. Толық жолы PATH қатарының
оң жағын шертіп, ашылған терезеден таңдауға болады. Таңдау тәсілі Select
Directory сұхбат терезесі арқылы орындалады. Терезеде көрінген My Databases
бумасы таңдалған кезде терезенің оң жағында онда сақтаулы кестелер тізімі
көрінеді. Дайындалған кестені Database Desktop утилитасының My Databases
бумасында (Берілгендер қоры файлында) сақталған жөн. Оны іске қосу үшін
файлға баратын жолды көрсету керек (PATH).
Мысалы, My Databases-ке баратын жол: C:\ ProgramFiles\ Borland\
DatabaseDeasktop\ MyDatabases
BDE жүйесіне енгізілген алиасты BDE-де тіркеу (сақтау). Ол үшін тізімнен
My Databases атауын таңдап, Object — Apply (Объект - Қолдану) командасын
орындау керек. Алиасты өзгеру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Оның Ok
түймесін шертеміз.
SQL Explorer терезесін жабу алдын My Databases алиасының ерекшеліну
белгісін алып тастаған жөн. Алиасты формаға кестені не сұранысты шығару
үшін пайдалануға болады. Оны төменде қарастырып кетеміз.

2.2 Алиасты BDE Administrator арқылы дайындау

1.Windows терезесінен Программы — Borland Delphi 3 — BDE Administrator
командасын орындаймыз. BDE Administrator сұхбаттық терезесі көрінеді. Оның
сол жақ бетінде көрінгендер - SQL Explorer терезесінде көрінетін BDE
жүйесінде тіркелген барлық берілгендер қорының тізімі.
2.Терезеден Object — New (Объект-Жаңа) командасын бер. New Data Alias
сұхбаттық терезесі ашылады. Алғашқы рет онда көрінетіні Paradox форматында
құрылатын STANDARD алиасы таңдап аламыз. Садан кейін Ok түймесін шертеміз.
BDE Administrator терезесінде көрінген тізімге төртбұрыш ішіне алынған жаңа
алиас кірістіріліп қойылады. Төртбұрыш алиас үшін пайдаланылатын БК,
құрудың әлі аяқталмағандығының белгісі.
3. STANDARD1 алиас Database Desktop терезесінің ішінде құрылған
берілгендер қоры атауын My Databases деп алмастырамыз. Ол үшін STANDARD1
атауын таңдап, Object — Rename (Объект — Атын өзгерту) командасын беру және
пернетақта арқылы My Databases атауын енгізіп, кез келген пернені басу
керек. Егер дайындалған алиас таңдалса, тізімнен терезенің қасиеттер
жазылған бөлігінде DEFAULT DRIVER (үндемелер кездегі драйвер) қасиетіне
PARADOX форматы жазулы тұруы тиіс. Оның PATH (Жол) қасиетіне толық жолды
енгізіп қоюға болады. Толық жолы PATH қатарының оң жағын шертіп, ашылған
терезеден таңдауға болады. Таңдау тәсілі Select Directory сұхбат терезесі
арқылы орындалады. Терезеде көрінген My Databases бумасы таңдалған кезде
терезенің оң жағында онда сақтаулы кестелер тізімі көрінеді. Дайындалған
кестені Database Desktop утилитасының My Databases бумасында (Берілгендер
қоры файлында) сақталған жөн. Оны іске қосу үшін файлға баратын жолды
көрсету керек (PATH).
Мысалы, My Databases-ке баратын жол:
C:\ProgramFiles\Borland\DatabaseDea sktop\MyDatabases
4.BDE жүйесіне енгізілген алиасты BDE-де тіркеу (сақтау). Ол үшін
тізімнен My Databases атауын таңдап, Object — Apply (Объект - Қолдану)
командасын орындау керек. Алиасты өзгеру сұралатын сұхбаттық терезе
көрінеді. Оның Ok түймесін шертеміз.
5. BDE Administrator терезесін жабу алдын My Databases алиасының
ерекшеліну белгісін алып тастаған жөн. Алиасты формаға кестені не сұранысты
шығару үшін пайдалануға болады. Оны төменде қарастырып кетеміз.
Database Desktop утилитасында сақтаулы кестені экранға шығару үшін оның
терезесін ашу керек. Ол мыны амал арқылы орындалады: File — Open — Table
(Файл — Ашу - Кесте). Open Table (Кестені ашу) терезесі көрінеді. Терезенің
My Databases бумысын ашып, әдеттегідей, онда жазылған кесте атауын таңдау
керек. Одан кейін Ашу түймесін шерту жеткілікті.
Database Desktop утилитасында сақталған кестені редакциялау қажет болса,
кестені ашып, жөнделетін өріске курсорды орналастыру керек. Одан кейін
Table-Edit Data, беріп, өрісті редакциялап шығу қиын емес.
Кестеге жаңа жазу қосу үшін кестені ашып, курсорды соңғы жазудың бірінші
өрісіне орналастыру және Table — Edit Data комндасын орындау керек. Одан
кейін кестеге жаңа жазуларды әдеттегідей енгізіп, кестені жабу жіткілікті.
Кестені жаратудың екінші бір түрі бар. Ол программа бойынша жарату.
Database Desktop утилитасы арқылы дайындалған бос кестені программа
арқылы (динамикалық түрде) дайындауға болады. Мысалы, Paradox типті My
Databases алиасында Нөмірі, Шығарған завод, Маркасы, Шығарған жылы, Түсі,
Бағасы атаулы алты өрістен түратын Rous5.db кестенің өріс тақырыптарын
дайындау тәсілі мына амалдар арқылы орындалады.
1. Жаңа проект ашып, формада Tablel, Buttonl компоненттерін орнату.
2. Код терезесінде Buttonl компонентінің OnClick оқиғасын өңдеуіш
процедурасын құру керек.
Procedure Tforml.ButtonlCIick(Sender:TObject)
Begin
With Table do Begin
DatabaseName: = 'My Databases';
TableType:=ttParadox;
TableName: = 'Rous5.db';
With FieldDefs do
Begin
With AddFieldDef do
Begin
Name: = 'Шығарған завод';
DataType:=ftString;
Size:=20; End;
With AddFieldDef do Begin
Name: = 'MapKacbi'; DataType:=ftString; Size:=20; End;
With AddFieldDef do Begin
Name: = 'Tyci';
DataType:=ftString;
Size:=20;
End;
End;
CreateTable;
End;
End;
мұндағы Create Table (Кесте құру) - TTable компонентінің кесте құру
әдісі. Ол таңдалған құрылым бойынша бос кесте құрады (әдісті Paradox не
dBase форматында ғана пайдалану мүмкін); Table — берілгендер қоры кестесіне
қол жеткізу компоненті. Программада пайдаланылған қасиеттер: DatabaseName —
алиас атауын анықтау; TableType — кесте типі; TableName — кесте атауы;
FieIdDefs — кесте өрістерін массив ретінде сипаттау;
AddFieIdDef - өріс қосу;
Процедура өрістер string типті етіп сипатталды.
1) Программада Create Table әдісі барлық қасиеттерді орындап, Add әдісін
енгізген соң ғана жазылады.
2) TableType қасиеттерінің мүмкін болатын мәндерін анықтауға арналған
TTabIeType типінің сипаттамасы DBTabIes модулінде сақталған. Ол модульдің
Uses бөліміне кірістіріліп қойылуы тиіс (оның автоматты түрде кірістірілуі
де мүмкін).
3) Процедураны іске қосып, көрінген форманың Button 1 түймесін шерту.
Кесте алиас түрінде сақталған берілгендер қорына жазылып қойылады. Оны
ашып, толтыру тәсілін жоғарыда айтып кеткенбіз.

2.3 Формада берілгендер қорымен объектілерді
байланыстыру.

Формада Database Desktop утилитасында құрылған кестеге қол жеткізу
компоненттер панелінің Data Access (Берілгендерге кіру) қосымша бетіне
енгізілген Table, DataSource және Data Controls (Берілгендерді басқару)
қосымша бетіне енгізілген DBGrid компоненттері арқылы орындалуы мүмкін.
Формаға орнатылған төмендегі компоненттердің негізгі іс-әрекеттері.
TTabIe (Кесте)-кез келген БҚ кестесіне қол жеткізу;
TDataSource (Берілгендер көзі) - DataSet (Берілгендер жиынтығы) қасиеті
арқылы нақты кестемен байланыс орнату;
TDBGrid (Берілгендер кестесі)- DataSource қасиетіне DataSource
берілгендер көзін меншіктеп, терезесіне нақты берілгендерді (кестені не
сұранысты) енгізу. Ол үшін алдымен Tablel, DataSourcel компонентеріне
ретімен төмендегі кестеде көрсетілгендей, қажетті қасиеттерді меншіктеп
алса болғаны.
Осы амалдарды орындау төмендегі жолдарды іске асыру қажет.
1. Жаңа проект ашу.
2. Формаға Tablel, DataSourcel, DBGridl компоненттерін енгізу.
3. Төмендегі кестеде жазалған ретімен компоненттер қасиеттерін орнату:
Компонент Қасиет Мән
Table 1 Name Table 1
DatabaseName My Database ▼
TableName Rousl.db ▼
Active True
DataSourcel Name DataSourcel
DataSet Table 1
DBGridl Name DBGridl
DataSource DataSourcel
Font Times Kaz, 10

Мұндағы Tablel компонентінің DatabaseName, TableName қасиеттерінің
мәндері мәндер тізімдерінен (▼) таңдалу тиіс (DatabaseName қасиетінің мәні
— кесте сақталған берілгендер қоры атауы (алиасы). Оның орнына БҚ-на
баратын жолды енгізген де мүмкін).
DBGridl компонентінің DataSource (Берілгендер көзі) қасиетіне DataSourcel
мәні меншіктелген кезде, Tablel объектісінің Active қасиетіне True мәні
меншіктелуіне байланысты, DBGrid компоненті терезесінің ішіне Rousl.db
кестесі енгізіліп қойылады.
Жалпы, Active қасиеті арқылы берілгендер Rousl.db жиынтығы ашылады және
жабылады. БК, - мен жұмыс істейтін қосымшасының құрамына бір Table және бір
DataSource компоненттерінің болуы қажет. Олар формада орнатылған соң
қасиеттеріне мәндер жоғарыда кестеде көрсетілген ретпен меншіктелуі тиіс.
DataSourcel компоненті өзінің DataSet (Берілгендер жиынтығы) қасиеті
арқылы нақты кестемен байланысады. Ол — Tablel және DBGridl компоненттерін
келістіруші де.
Delphi-де TDataSet класы берілгендер қоры объектілерінің негізгілерінің
бірі. Ол кестені ашуға пайдаланылады, яғни, Table компаненті — TDataSet
класының мүрагері DataSet DataSource компонентінің қасиеті ретінде
пайдалануы да мүмкін.
Сұранысты формаға түсіру. Delphi-де сұраныс құрудың көп пайдаланатын
тәсілі — формаға орнатылған Query, Table, DataSource, DBGrid компаненттерін
пайдалану. Құрылған сұраныс DBGrid терезесіне енгізіледі.
Database Desktop-та құрылған Rousl.db кестесінен + + + және онан кейінгі
жылдары туылған адамдардың тізімінен тұратын сұраныс құру керек.
1. Жаңа проект ашып, формасына TabIel, DataSOurcel, Queryl, DBGridl
компоненттерін орнату.
2. Ретімен компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:
Компонент Қасиет Мән
Table 1 DatabaseName My Databases
TableName Rousl.db
DataSourcel Name DataSourcel
DataSet Queryl
Queryl DatabaseName MY Databases
SQL [Tstring]
DBGridl DataSource DataSourcel
Form 1 Font Times Kaz, 10

3. Tstring типі SQL қасиеті Tquery компонентінің ең қажетті бөлімі.
Жоғарыда кестеде көрінген көп нүкте енгізілген Tstring қатары шертілген
кезде String List editor (редактордың жолдық парағы) терезесі көрінеді.
Терезеге SQL тілінде орындалатын сұрыныстың командалық мәтіні (оператор)
енгізілуі тиіс. Берілген мысалдың орындалуын қанағаттандыру үшін
енгізілетін сұраныс:
SELECT* FROM Rourl.db WHERE Sigargan
jiIy=01.01.01
(erep Sigargan jily String типімен сипатталған болса, 01.01.01 санын
тырнақшаларға не дәйекшелерге алып жазу керек).
4. Терезеге операторды енгізген соң, оның OK түймесін шерту. Forml
терезесі қайта көрінеді.
5. Query1 компонентін қайта таңдап, оның Active қасиетіне True мәнін
меншіктеу. Сұраныс DBGrid1 компоненті терезесіне енгізліп қойылады
Сұраныс енгізілген DBGrid1 терезесін тазалау үшін Query1 компонентінің
Active қасиетіне False мәнін меншіктесе болғаны.
Сұранысты сақтау тәсілі DBGrid компонентінің терезесіне енгізілген
кестені сақтау тәсілі сияқты.
Сұраныс құру үшін SQL Builder (Сұраныс құрастырушы) программасын
пайдалану ыңғайлы және оны мына амалдар арқылы орындауға болады:
1. Жаңа проект ашып, Forml терезесіне DataSource1, Query1 компоненттерін
орнату.
2. Компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:
Компонент Қасиет Мән
DataSourcel DataSet Query 1
Name DataSource 1
Queryl DatabaseName My Databases

3. Query 1 компонентін оң түймемен шертіп, көрінген контексті мәзірден
SQL Buelder қатарын таңдау.
Сұраныс құрастырушы программасы іске қосылып, терезесі экранға шығады.
Алғашқы терезе бос болып, оның жоғарғы қатарындағы Database өрісіне алиас
атауы жазылғаны көрінеді. Table өрісінен қажетті кесте атауын таңдау.
Төртбұрыш ішіне алынған кесте (кесте жөнінде мәлімет) терезенің жоғарғы
қабатына енгізіліп қойылады.
4. Кесте өрістерін таңдау. Ол үшін көрінген белгілегіштердің жоғарғысын
таңдау жеткілікті.
5. Criteria (Іріктеу шарттары) қосымша бетін ашып, төменгі панельдің сол
жақ өрісіне керекті кесте және өріс атауын, орта (Compare) өрісіне =
операторын, сол жақ өрісіне керекті мәліметті енгізуіміз. Егер кесте құруда
сәйкес өріс символдық типі етіп (A) белгіленген болса, санды тырнақшаларға
алып енгізу керек.
6 Query-Run командасын беру. Қажетті сұраныс Query ResuIts терезесінде
көрінеді. Ол DBGrid компоненті терезесіне енгізілген сұраныспен бірдей.
Есепті формаға түсіру. Мысалы, My Databases бумасында (алиасында) сақтаулы
қарапайым Rousl.db кестесін форматты түрде басып шығу керек.
1. Жаңа проект ашып, форманың жоғарғы қатарына Tablel, Buttonl
компоненттерін орнату. Tablel компонентінің қасиетерін беру:
DataBaseName — My Databases; TableName — Rousl.db; Active — true.
2. QuickReport бетінің Tablel компонентінің астына QuickRepl компонентін
орнатып, оны барынша созу. Оның 1-жолына QRSubDetaill компонентін
орнатып, қасиеттеріне мәндерін меншіктеу:
Қасиет Мән
Font Times Kaz, 10
Bands HasHeader True
DataSet Tablel

QRSubDetaiIl компоненті терезесінің бірінші, екінші қатарлары
ерекшеленіп, GroupHeader, SubDetaile сөздері жазылып қойылады.
3. Бірінші жолға QRLabell, компонентін орнатып, оның Font қасиетіне Times
Kaz, 12 мәндерін меншіктеу, Caption қасиетіне B u p a ж сөзін енгізу.
4. Екінші жолға QRDBText1, QRDBText2, QRDBText3 компоненттерін орнатып,
олардың DataSet қасиетіне ретімен Tablel атауын, DataField қасиетіне
сәйкес өріс атауларын ++ меншіктеу.
QuickRep терезесінің оң түймесін шертіп, ашылған мәзірдің Preview (Көріп
шығу) қатары арқылы дайындалған есепті арнайы терезеде көріп шығуға болады.

5. Buttonl түймесін екі рет шертіп, код терезесінде процедура құру:
Procudure Tforml.ButtonlClick(Sender: TObject);

Begin

QuickRepl.Preview;
QuickRepl.Print;
End;
6. Іске қосу командасын берін, көрінген форманың Buttonl түймесін шерту.
7. Алдымен тақырып аты енгізілген көріп шығу терезесі көрініп, одан әрі
есіп басылып шығады.
Тест туралы мӘлiмет
3.1 Автоматтық оқыту жүйесі

Қазіргі кездегі жоғары мектеп педагогикасы алдында тұрған басты мәселе -
қатаң шектелген мерзім аралығында жаппай білім алу және маман сапасына
қойылатын талаптардың жоғарлауы жағдайларында, үздіксіз өсіп отырған оқу
және ғылыми информацияларды студенттердіқ игеруі қажеттілігі мен мүмкіндігі
арасындағы қарама-қайшылықты жою.
Осыдан ондаған жылдар бұрын, бұл мәселенің шешілуі автоматтандырылған
оқыту жүйелеріне (АОЖ) жүктелген болатын. АОЖ қолданылуы оқыту процесінің,
әсіресе, техникалық құралдарды пайдаланудың жаңа әдістері мен түрлеріне
алып келеді деп күтілген еді.
Алайда, АОЖ пайдаланудың алғашқы нәтижелерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тестілеу білімді бақылау және бағалау құралы ретінде
Бағалау жүйесінің айырмашылықтары
Сессия қорытындысын автоматтандыру туралы
Автоматтандырылған оқыту жүйесі
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Радиоэлектронды бақылауыш модулі
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Тестілеуге арналған ақпараттық жүйелер
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАУ МЕН ӨҢДІРІС ЖҮЙЕЛЕРІ
«Төрелік» ақпараттық жүйесін сот қызметкерлері пайдалануға арналған электрондық кітапша құру
Пәндер