Фитопатогендік микроағзалар және олардың анатгонисттері


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Микроағзалар немесе микробтар биосферада және адамның шаруашылық қызметінде төтенше маңызды рөл атқарады. Табиғатта белгілі 10 мыңнан астам микроағзалардан адам бірнеше жүздеген түрлерін адам пайдаланады және бұл сан барған сай-ын өсіп барады. Микроағзалар жасушаларындағы биохимиялық үдерістердің көптеген генетикалық реттелуі анықталған кезде соңғы жылдары оларды пайдалану да сапалық кенет өзгеріс болды. Олардың көпшілігінен ағзалық заттардың - аминқышқылдар, нәруыздар, антибиотиктер, витаминдер, нуклеин қышқылдары, ферменттердің және т. б. ондаған түрлері өндірілді. Олар сан алуан өнеркәсіптерде және медицинада кеңінен қолданылуда. Микробиологиялық өнеркәсіп өндіріс технологиясы үшін маңызды түзушілерге қатаң талап қояды. Бұл талаптар: жоғары жылдамдықта өсу, арзан төсеміктерді тіршілік әрекеті үшін пайдалану және бейтаныс микроағзаларды жұқтырмау тұрақтылығы. Мұндай өнеркәсіптің ғылыми негізі - жаңа, алдын ала белгілі қасиеттері бар микроағзалар жасап шыгара алу. Микроағзаларды сұрыптаудың бірқатар ерекшеліктері бар. Олар: 1) сұрыптаушыда жұмысқа керекті шексіз көп материал болады;
2) мутациялық үдеріс тиімдірек пайдаланылады, өйткені микроағзалар геномы гаплоидты, сондықтан кез келген мутацияларды бірінші ұрпақтан-ақ айқындауға мүмкіншілік болады; 3) бактериялардың генетикалық жаралымының қарапайымдылығы. Микроағзаларды сұрыптау әдістерін таңдау осы ерекшеліктермен анықталды. Өнеркәсіп үшін жоғары өнімді себінділер қажет. Олар сұрыптаудың сан алуан әдістерімен, соның ішінде табиғи микроағзалар арасында сұрыптаумен жасалады. Жоғары өнімді себінділер таңдап алудан бұрын сұрыпталады. Ішінара әр алуан генетикалық ре-комбинация әдістері: конъюгация, трансдукция, трансформация және басқа өдістер кеңінен қолданылады. Мысалы, конъюгация көмірсутекті және мұнайды кәдеге асыра алатын Pseudomanas putida себіндісін жасауға мүмкіншілік береді. Трансдукция, трансформация және амплификация әдістері жиі қолданылады. Микроағзалардың көпшілігінде биосинтездің, антибиотиктердің гендері немесе оларды реттеушілер хромосомада емес, плазмидада болады. Сондықтан амплификация жолымен бұл плазмидалар санының артуынан антибиотиктердің шығуы едәуір жоғарылауға мүмкіндік жасайды.
Микроағзалар сұрыптаудағы маңызды кезең мутацияның сәулеленуі болып табылады. Бактерияның тап осы гені бойынша мутацияның бөліну мүмкшшілік өсімдіктерге және жануарларға қарағанда едәуір жоғары, микроағзалардың ұрпағы сан миллион болғандықтан әжептеуір оңай және мұны шапшаң істеуге болады.
Микроағзалар сұрыптаудағы маңызды амал протопластарды не-месе будандастыруларды, сан алуан бактериялар себінділерін қосу жолымен қайтадан құрамалар алу болып табылады. Протопластарды қосу генетикалық материалдарды және табиғи жағдайларда шағылыстырылмайтын микроағзалардың бірігуіне мүмкіншілік жасайды. Адамзат іс-әрекетінің көптеген салаларындағы микроағзалардың рөліне баға беру оңай емес. Әсіресе көптеген микроағзаларды құнды өнімдерді ендіру үшін өнеркәсіптік өндірістің, мұнай өнімдерінің қалдықтарына пайдаланады. Сонымен бірге қоршаған ортаны ластанудан қорғау жұмыстарына микроағзаларды қолданады. Микроағзалардың мұндай қасиеттеріне байланысты, оларды зерттеу әдістері мен тәсілдерін жетілдіру аса маңызды және қажетті ізденіс. Бұл тәсілдерді меңгеру биология маманы үшін қажетті кәсіби жағды болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты : микроағзалардың түрлік құрамын анықтаудың дәстүрлі әдістерін зерттеу.
Басты міндеттері :
-Микроорганизмдердің морфологиялық және культуралдық қасиеттерін зерттеу;
- Сапрофиттік микроағзалардың антагонисттік қасиеттерін анықтау әдістерін зерттеу;
- Антагонист-штамдардың ферментативті белсенділігін анықтау;
- Өсу Хитиназды белсенділікті анықтау;
- Фосфомоноэстеразды белсенділікті анықтау қарқындылығын анықтау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: м икроағзалардың түрлік құрамын анықтауда пайдаланылатын дәстүрлі әдістер жергілікті экожүйедегі экологиялық мәселе тудырып отырған микроағзаларды талдау барысында зерттелді.
Жұмыстың практикалық маңызы : зерттеу жұмыстары университетте бекітілген ғылыми тақырып көлемінде Шымкент қаласы дендрофлорасының фитопатогендерінің түрлік құрамын анықтауда пайдаланылды.
1. ФИТОПАТОГЕНДІК МИКРОАҒЗАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АНАТГОНИСТТЕРІ
1. 1 Ауру тудыратын микроағзаларға қарсы нысандарды анықтау
Өсімдіктерді топырақтағы және аэрогенді инфекциялардан, зиянкестерден қорғау тәсілдерінің бірі оларды фунгицидтермен, инсектицидтермен өңдеу және вегетация процесінде егістіктерді өңдеу арқылы ағаш тектес өсімдіктердің ауру қоздырғыштарын жоюға болады [1-3] . Мәселен, статистикалық мәліметтер бойынша 2008 жылы көрші Ресейде 6, 3 мың тонна фунгицидтер қолданылды, бұл 2007 жылға қарағанда 2, 03 мың тоннаға артық. Ассортимент құрамына 110 түрлі фунгицид кірді, олардың ішінде ең көп қолданылатын 16 түрі бар (пестицидтердің жалпы шығынының 68%), 4, 16 мың тонна улағыш заттар қолданылды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1, 3 мың тоннаға артық. 90 түрлі препараттың ішінде ең көп қолданылатын 14 түр бар (жалпы шығынның 63%) . Олар - «Дивиденд стар», «Виал ТТ», «Максим», «Винцит Форте», «Кинто Дуо», «ТМТД» және т. б. Алехин және т. б. 2009-2010 жылдары қолданылған фунгицидтердің шығыны іс жүзінде өзгеріссіз болды және ол 6 мың тоннаны құрады, ассортиментінде 109 түр бар, оның ішінде ең көп қолданылатын 18 түр; улағыштар сәйкесінше 4, 5 мың т, 93 және 15 болды [4] . 2011 жылы қолданылған фунгицидтердің шығыны 7, 2 мың тоннаға дейін артты, ал улағыштар 3, 9 мың тоннаға дейін төмендеген [5] . 2008, 2009 және 2010 жылдары 6422, 6251 және 5515 мың тонна тұқымдар уландырғыштармен өңделген [6] . Фунгицидтердің тиімділігі орта есеппен Ресей бойынша 83-98%-ды, уландырғыштар - 72-87%-ды құрайды [7] . Дегенмен, өсімдіктерді қорғаудың химиялық тәсілдерінің кең қолданысы қоршаған ортаны ластап қана қоймай, сонымен қатар өнімнің сапасын төмендетеді, өсімдіктердің өсуі мен топырақтардың өздігінен тазару қарқындылығын арттырады, өсімдік ауруларының қоздырғыштарының фунгицидтерге төзімді түрлері санының артуына жағдай жасайды, топырақтың фитотоксинділігін жоғарылатады [8] . Сол себептен, әлем деңгейінде дендрофлораның экологиялық жағдайының күрт нашарлауы себебінен биологиялық әдістерді қолдану қарқыны өсуде. Алайда, көптеген елдерде ағаш тектес өсімдіктердің зиянкестерден, аурулар есебінен тіршілігін тоқтату деңгейі 20-30% құрайды. Мәселен, АҚШ елінде ағаш тектес өсімдіктердің 160 түрлі фитопатогендер, 250 түрлі вирустар, 8000 түрлі зиянкестер мен кенелер әсерінен жылдық шығынын 20 млрд. долларды құрайды екен.
Бұл тәсілдерді әртүрлі мақсаттарға арналған биопрепараттарды қолдана отырып, түрлі этиологиялы аурулардан өсімдіктерді қорғаудың комплексті микробиологиялық жүйесін жасау арқылы алмастыру ұсынылып отыр. Мұндай биопрепараттардың негізі - ауру қоздырғыш антагонист-микробтардың жоғары белсенді штаммдары болып табылады. Препараттардың басты артықшылығы, агрофитоценоздан фитопатогенді микроағзалардың белгілі бір түрін жоя алады, жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді және экологиялық қауіпсіз ауылшаруашылық өнімдерін алуға мүмкіндік береді [9] .
Әлемдік масштабта биопрепараттарды сату нарығының қазіргі жағдайы жылына 500 млн. долл. бағалануда, олардың ішінде микробиопрепараттар - 280 млн. долл. бағалануда. Биопрепараттар өндірісінің көшбасшысы (240 түрлі, негізгі 72 биоагенттер неізінде, олардың ішінде 36 фунгицидті және бактерицидті белсенділігі бар) АҚШ, ол пестицидтер нарығына - 45% (120 млн. долл), Еуро Одақ (ЕО) елдеріне - 35% (65 млн. долл. ), барлық қалған елдерге - 20% [135-137] өнім шығарады. Биоагенттер мен биопрепараттарды зерттеу жұмыстары және оларды қолдану технологиялары АҚШ, ЕО елдерінде, Бразилияда, Үндістанда, Тайландта, Қытайда, Мексика мен Египетте белсенді жүргізілуде [138-145] . Биологияландыру деңгейі АҚШ-та 1, 5-2, 0%, Швецияда 9-10% аралығында ауытқуда [10] . АҚШ пен Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде ауылшаруашылығына арналған егістіктердің ауқымды бөлігінде химиялық пестицидтерді қолданудан толығымен бас тартатын немесе биотәсілдерге басымдылық берілетін бағдарламалар іске асырылуда [11] .
Табиғи ортада қалыптасқан дендрофлора қауымдастығы барлық тіршілік иелерінен құралған ірі ценотикалық құрылымның бөлігі болып саналады. Оның қызметі мен құрылысы ондағы қарым-қатынастық заңдылықтар аясында іске асады. Табиғи ортадағы қауымдастық ашық жүйе. Оған даму, өзгеру, өздігінен реттелу, жаңару және күрделену сияқты белгілі заңдылықтар тән. Дендрофлораның экожүйедегі маңызын өте зор, өйткені, ағаш тектес өсімдіктер ауа мен топырақты техногендік көздерден түсетін түрлі уытты заттардан тазартатын табиғи сүзгі болып табылады. Олардың экожүйеге келтіретін пайдалы қызметін келесі реттікте атап айтуға болады: ластанған ауаны механикалық қоспалардан тазарту; ауаны оттегімен байыту, көмірқышқыл, күкүртті газдарынан тазарту; микроклимат түзу; ауаға пайдалы фитонцидтерді бөліп шығару. Осы орайда, дендрофлораның маңызды екенін айта келе, қазіргі таңда урбаноэкожүйенің қала экожүйесінде маңызды санитарлық рөл атқаратынында атап айтқан жөн. Себебі, бұл үрдістерге құрылыс, көгалдандыру, топырақ бетін жаңарту, жаңа өсімдік түрлерін ендіру сияқты бағдарлы факторлар тікелей әсер етеді. Оның салдарынан дендрофлорадағы қарым-қатынас пен даму үрдістері жоспарлы іс-шараларға және тікелей техногендік факторларға байланысты өзгеріп отырады [12] . Бұл жағдай жылдан жылға үдемелі қарқынмен артып келе жатқан үрдіс. Өйткені, қалалар мен ірі елді мекендер адамзат қауымдастығының қазіргі кездегі басты тіршілік ортасына айналған. Осыған байланысты, қаладағы тіршілік ортасының экологиялық мәселелерін зерттеу қазіргі заманда өзекті мәселеге айналып отыр [13] . Оның үстіне, дендрофлораның экологиялық жағдайы ғылыми негізделіп және тиімді ұйымдастырылу арқылы атқарылатын іс-шараларға мұқтаж болып табылады [14] .
Қала көшелерінде жинақталатын уытты газдар мен механикалық қоспалар жан-жаққа таралу кезінде, жол жағалай өсетін ағаш, бұта және шөптесін өсімдіктерде сүзіліп таралады (50-60% дейін сіңіреді) . Мысалы үшін, атмосфералық ауа олардың 5-20%, топырақ - 5-10%, ал су көздері 5% шамасында ғана сіңіреді [15] . Оның нәтижесінде тұрғын аулаларға түсетін ауа біршама тазарып үлгереді. Зерттеу нәтижелері бойынша, ағаш өсімдіктері бар аумақтардағы ауаның құрамында уытты газдар мен қоспалардың концентрациялары 2-3 есе аз болатындығы дәлелденген. Сонымен қатар, ағаш дарақтары улы газдардың жоғары атмосфераның биік қабаттарына қарай сирей таралуына ауа қозғалысының турбуленттілігін арттыру арқылы ықпалын тигізеді. Өсімдіктер күкүрті газдарды лептесіктері арқылы сіңіріп сульфаттарға айналдырып отырады. Ауа құрамынан ағаш тектес өсімдіктер ең көп мөлшерде көмірқышқыл газын сіңіреді. Бұл газ өсімдіктер үшін органикалық затты түзуге қажетті материал болып табылады. Дендрофлораның тағы бір маңызды қызметі - қаладағы микроклиматты реттеу. Ағаштар жасыл желектерімен ғимараттарды тікелей түсетін күн радиациясынан қорғап, үй қабырғаларының шектен тыс ысуын болдырмайды. Өсімдіктер атмосфераға оттегі бөліп шығарады, тыныс алу кезінде және транспирация үрдісі арқылы ауаны ылғалдындырып отырады. Сонымен қатар, көптеген өсімдіктер құрамынан қоршаған ортаға зиянды микрофлораны жоятын фитонцидтер бөлініп шығарылады. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде қаладағы дендрофлораның адам ағзасына зиянды шудың 50-70% сіңіретіні анықталған [16] . Сонымен қатар, дендрофлора тіршілігінің әсері адам өміріне пайдалы эмоционалдық және эстетикалық жағдай жасайды.
Әлем деңгейінде дендрофлораның өзекті мәселелерінің бірі болып ағаш тектес өсімдіктердің түрлі ауруларға ұшырауы саналады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ағаш тектес өсімдіктер инфекциясыз болмайды, олардың айырмашылығы тек инфекцияның ауырлығында және өсімдік ауруы қоздырғыштарының түрлік құрамында [17] .
Мұндай жағдайда әлемдік ауылшаруашылық өндірісі экологизацияға бағытталады [18] . Көптеген ғалымдардың зерттеулеріне сүйенер болсақ, қазіргі таңда өсімдік шаруашылығында биологиялық деңгейі кейбір нақты елдерде (АҚШ) 1, 5-2, 0 %-дан (Швецияда) 9, 0-10, 0%-ға дейінгі аралықта болып отыр. Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде ауылшаруашылығына арналған егістіктердің белгілі бір бөлігінде өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттардан толығымен бас тартылған немесе артықшылығы басым биологиялық әдістер қолданылатын бағдарламалар іске асырылуда [19] . Кейбір зерттеушілердің пікірінше, ТМД елдері өсімдіктерді қоғаудың биологиялық саласында дамыған елдердің қатарынан кейін қалған [20] . Сондықтан, қазіргі таңда аридті климат жағдайында дендрофлораны қорғау мақсатында әрбір ағаштектес өсімдіктің урбаноэкожүйе үшін алатын орны ерекше. Сол себепті, біздің жұмысымыздың мүддесі Оңтүстік Қазақстан облысы дендрофлорасының экологиялық жағдайын зерттеу болып табылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі өндірісі жақсы дамыған және тұрғындар саны бойынша ірі аумақтардың бірі болып саналады. Дендрофлораның даму тарихы оның индустриалды даму үрдісімен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі қалалар мен ірі елді мекендерде орныққан ағаш тектес өсімдіктер қауымдастығының негізі өткен ғасырдың басында қалыптасқан болатын. Одан кейінгі инфрақұрылымның даму кезеңдерінде оның көлемі мен түрлік құрамы айтарлықтай артып, жергілікті климатқа бейімді және эстетикалық көркі жоғары түрлерден құралған қауымдастыққа айналды. Алайда, бұл уақыт аралығы облыс экожүйесіндегі техногендік жүктеменіңде артуымен сипатталады. Осыған байланысты, өсімдіктердің тіршілік ортасының өзгеруі, түр аралық бәсекелестік пен фитосантарлық ықпалдардың дендрофлораның экологиялық жағдайына әсері осы уақытқа дейін зерттелмей келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы дендрофлорасын дамыту мәселесіне арналған алғашқы флористикалық зерттеулердің нәтижелері 50-ші жылдары жарық көрген [21] . Бұл еңбекте дендрофлора қауымдастығын 75 ағаш тектес өсімдіктер мен мәдени жеміс ағаштарының түрлері ғана құрайтыны көрсетілген. Одан кейінгі өткен уақыт ішінде дендрофлораның дамуына оңтүстік өңірінде жүргізілген біршама ғылыми-зерттеу жұмыстары айтарлықтай ықпал етті. Сол жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайына бейімді, дендрофлора, орман шаруашылығы және егістік алқаптардағы қорғаныс жолақтарында пайдалануға тиімді ағаш тектес өсімдіктердің тізімі белгіленді. Одан кейінгі белгілі ғылыми еңбек 90-шы жылдары жүргізілген. Бұл зерттеулерде жергілікті флораның түрлік құрамы экологиялық топтарға бөлу арқылы жіктеліп сарапталған [22] . Келесі, 2000-2002 жылдары, жүргізілген флористикалық зерттеулерде, Оңтүстік Қазақстанның өсімдіктер әлемінің кадастры мен Қызыл Кітабы түзіліп, ОҚО сирек кездесетін жабайы және жойылып бара жатқан өсімдіктерінің тізімі анықталды [24] . Ал облысымыздағы Шымкент қаласы урбанофлорасының даму мәселесіне арналған соңғы еңбек 2004 жылы жарық көрген [23] . Бұл ізденіс жұмыстарында урбанофлора қауымдастығын құрайтын өсімдіктердің конспектісі дайындалып, олардың абиотикалық факторлардың әсеріне индикаторлық реакциялары зерттелген. Аталған еңбектер жергілікті жабайы флораның көптеген түрлерінің халық шаруашылы мен декоративтік флорада, оның ішінде дендрофлорада пайдалану мүмкіншіліктерін анықтауға септігін тигізді. Оның нәтижесінде, 60-шы жылдардан бастап, интродукциялау жұмыстарының серпіні күшейе бастады. Бұл үрдістің ең жоғары көрсеткіші қаладағы мемлекеттік дендрологиялық бақтың ұйымдастырылуынан кейінгі уақыт ішінде жүрді. Қала дендрофлорасына әлемнің төрт тарапынан әкелініп жерсіндірілген жаңа ағаш түрлері ендірілді. Одан кейінгі уақыт, жерсіндірілген өсімдік түрлерінің көпшілігінің жергілікті климаттық жағдайға жақсы бейімделе алғанын көрсетті. Интродукцияланған түрлердің біршамасы тұқым арқылы өздігінен көбеюге қабілетті болып табылды. Қазіргі кездегі облыс дендрофлорасын төрт жүзге жуық ағаш, бұта және лиана тектес өсімдік түрлері құрайды. Олардың 247-сі интродукциялық түрлерге тиесілі [25] .
Оңтүстік өңірінің индустриалді даму тарихына жүргізілген ретроспективті талдау, жоғарыда келтірілген дендрофлораның қалыптасуы кезеңдерінің бұл үрдістің ең қарқынды сәттерінде іске асқанын көрсетеді. Өткен ғасырдың 40-70 -шы жылдары Шымкент қаласында химия, мұнай-химия, полиметалл, машина құрылысы, фармацевтика өндіріс салаларына қарасты ірі өндіріс орындары іске қосыла бастады. Бұл кезеңде қорғасын, прессавтомат, фосфор, гидролиз, цемент және шина зауыттары жұмыс атқарды. Ірі өндіріс орындарының іске қосылуы қаланың өсуіне және оны жасылдандыру жұмыстарының қарқындауына себеп болды. Дендрофлорадағы интродукциялық жұмыстардың алдыңғы екпіні осы үрдістермен қатар іске асты. Дегенмен, бұл кезең ірі өндіріс орындарының қызметінің нәтижесінде қоршаған ортаға түсетін экотоксиканттардың үлесі күрт жоғарылауымен ерекшеленді. Кеңес өкіметінің бұл кезеңдегі даму стратегиясында өндіріс өнімдерінің көлемін арттыру басты мақсат болғандықтан, экожүйедегі тепе-теңдікті сақтау және қоршаған ортадағы қайтымсыз өзгерістердің туындауын болжау мен жоспарлау сияқты экологиялық іс-шаралар қоғам назарынан тыс қалып қойды. Оның салдарынан, Шымкент қаласы экожүйесінің 1970-1990 жылдар аралығындағы даму кезеңі техногендік жүктеменің ұдайы артуымен сипатталады. Оңтүстік Қазақстан гидрометеорологиялық орталығы (ОҚГО) мен облыстың табиғатты қорғау және ресурстарды тиімді пайдалану басқармасының ресми деректері бойынша, бұл кездегі 110 ірі мекемеден атмосфераға түсетін уытты қоспалардың жылдық мөлшері 119 мың тоннаны құрап отырған. Бұл облыс көлеміне шаққандағы жалпы көрсеткіштің 90% құрайды. Зиянды қоспаларды шығаратын көздердің үлесін сараптау, бұл көлемнің 37, 0% ғана автокөліктердің (бұл кезде қалада тіркелген автокөліктер саны 62 мың), ал 63, 0% стационарлық мекемелердің үлесіне тиесілі екенін көрсетті. Бұл зиянды тасталымдар, ОҚГО мәліметтері бойынша, азоттың қостотығынан, көміртегі тотығынан, формальдегиттен және тағы басқа уытты қоспалардан құралған.
Бұл кезде облыстың көптеген елді мекендерінде ағаш тектес өсімдіктердің қауымдастықтары жергілікті түр - майда жапырақты қарағаш пен қуаңшылыққа бейімді интродукциялық түрлерді пайдалану арқылы құралды. Қазіргі кездегі қала көшелері мен саябақтарындағы ағаштардан құралған жасыл желектердің тең жартысынан артығы осы кезеңде түзілген. Ол үрдістің жоспарлы және қарқынды екпінмен іске асуына Шымкент мемлекеттік дендрологиялық бағының көп ықпалы тиді. Негізі 70-ші жылдардың соңында қаланған бұл дендрологиялық бақта 600 жуық ағаш түрлерімен сұрыптары өсірілген болатын. Олар жерсіндіру, көбейту питомниктерінде жан-жақты зерттеуден өткізілгеннен кейін қала дендрофлорасына ендірілген. Оның нәтижесінде қала дендрофлорасы соңғы 30 жылмен салыстырғанда көптеген, эстетикалық көркі жоғары, интродукциялық түрлермен толықтырылды. Олардың ішінде үйеңкі, шаған және емен сияқты туыстардың өкілдері жақсы жерсініп жергілікті флора қауымдастығындағы бәсекелестікке төзімділік көрсетіп, қауымдастықтың басым түрлерінің қатарынан орын алды.
Еліміздің Кеңес өкіметінен кейінгі даму кезеңі көптеген экономикалық және экологиялық өзгерістермен сипатталады. Соңғы жиырма жыл ішінде облысымыздың ірі қалаларында урбанизация үрдісі қарқынды жүрді. Облыстың статистикалық департаментінің 2008 жылғы ресми деректері бойынша 253 өндіріс орындары, 75 автожанармай және 112 техникалық қызмет көрсету бекеттері, 3 жылу энергетикалық орталықтары жұмыс атқарады. Ал, қалада тіркелген автокөліктердің саны 250 мыңнан астам. Аталған нысандардың іс-әрекеттері қала экожүйесіне түсетін техногендік жүктеменің едәуір артуына ықпал жасады. Бұл жағдайдың салдарынан топырақ пен атмосфералық ауа құрамына түсетін аса уытты экотоксиканттардың үлесі күрт жоғарылап келеді. Соңғы және оның алдындағы он жылдықтардағы ресми көрсеткіштерді салыстырмалы түрде сараптау, қала атмосферасының құрамында уытты газдардың концентрациялары артып келе жатқанын көрсетеді. ОҚО табиғатты қорғау және тиімді пайдалану басқармасының деректері бойынша, 2001-2004 жылдар аралығында жыл сайын атмосфераға түсетін уытты газдардың мөлшері 130 мың тоннаны құрап отырған. Оның 98 мың тоннасы, яғни 75%, автокөліктерге тиесілі болып табылған. Бұл, өткен он жылдықпен салыстырғанда, автокөліктердің ауа әуітін ластайтын басты техногендік көзге айналғанын көрсетеді.
Дендрофлораның түрлік құрамы мен экологиялық жағдайы. Облыс экожүйесінде тіршілік ететін өсімдіктер қауымдастығы өте мол таксондық құрылым болып табылады. С. М. Сихымбаеваның мәліметтері бойынша [26] Шымкент қаласының урбанофлорасын 87 тұқымдастың 333 туысына жататын 664 түр құрайды. Бұл қауымдастық ағаш тектес және шөптесін өсімдіктердің бәрін қамтиды. Автордың зерттеулерінде урбанофлорадағы туыстары мен түрлерінің саны бойынша ең ірі тұқымдастар болып Poaceae , Fabaceae , Asteraceae , Rosaceae , Brassicaceae , Apiaceae , Boraginaceae және Lamiaceae табылған. Бірақ, бұл қауымдастықтағы көптеген тұқымдастар мен туыстардың үлесі тек бір немесе екі түрлермен шектеледі. Жалпы құрылымдағы басым және түрлер саны аз тұқымдастарды салыстырмалы түрде қарастырғанда, соңғылардың үлесі басым екендігі айқын көрінеді. Мұндай қатынас экологиялық өзгеріске ұшыраған флораның жағдайын сипаттайтын дерек болып саналады. Бұл тұжырымның сенімділігі облыс дендрофлорасына қатысты күмән тудырмайды. Өйткені, жергілікті флорамен салыстырғанда ол айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz