Қаржы рыногы және қор биржасы
1. Қаржы рыногы туралы ұғым.
2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары.
4. Қор биржасы.

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын рыноктық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы рыногы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін рыноктық қатынастардың жиынтығы. Ол рыноктық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады, тауар және басқа рыноктармен: табиғи ресурстар, жұмыс күші, тұрғын үй және басқа қозғалмайтын, жер, алтын сақтық рыноктарымен етене байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай - ақ кредит рыногы түрінде де іс - әрекет етеді. Қаржы рыногы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін рыноктық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.
Содан болар, экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын рыноктық
экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен
бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын-
соңды болған емес.
Қаржы рыногы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде
бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы
қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін рыноктық
қатынастардың жиынтығы. Ол рыноктық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі
болып табылады, тауар және басқа рыноктармен: табиғи ресурстар, жұмыс
күші, тұрғын үй және басқа қозғалмайтын, жер, алтын сақтық рыноктарымен
етене байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы
ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді
пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың
айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай - ақ
кредит рыногы түрінде де іс - әрекет етеді. Қаржы рыногы экономиканың түрлі
шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр
түрлі нысанда реттейтін рыноктық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін
неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.
Содан болар, экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада
қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып
кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-
бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік
практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі
меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы
қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.
Ақша рыногы дегеніміз қолма - қол ақша ғана емес, қолма - қолсыз
төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.
Кредит рыногы несиелер бойынша банктердің кредит операцияларымен
байланысты: бұған коммерциялық кредит те жатады.
Ақша мен кредит рыноктары, әдеттегідей, айналым активтерінің
қозғалысына қызмет етеді.
Капитал рыногында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орта және ұзақ
мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
20.1 сызба. Қаржы рыногы мен бағалы
қағаздарының өзара байланысы
Қаржы рыногында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты
тауарлар – ақша және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.
Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын
экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын
алады. Ол қор құндылықтарының: корпоративтік бағалы қағаздардың –акциялар
мен облигациялардың айналысымен байланысты болатын қор рыногын және
мемлекеттің бағалы қағаздар рыногын кіріктіреді. “Қор рыногы” термині
бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін
мекеменің – қор биржасының атымен байланысты. Функционалдық тұрғыдан қаржы
рыногы- бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің
уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз
ететін нарықтық қатынастардың жүйесі.Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген
экономикалық, әсіресе инвестициялық үдерістерді тәртіпке (ретке) келтіріп,
олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қаржы
құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.
Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс
істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:
1) реттелінген тауар рыногының болуы, яғни кез келген түрлердегі
және арналымдағы тауарлар мен қызметтер көрсету бойынша сұраным мен
ұсынымның теңгерімділігі;
2) Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған
қолма - қол және қолма - қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
3) кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни
кредит ресурстарын еркін рынокқа орналастыру; кредит ресурстарының
қозғалысы Ұлттық банктің пайыздың есептік мөлшерлемесін, коммерциялық
банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша рыногында операциялар
жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны
қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы рыногының жұмыс
істеуінің объективті алғышарты болып табылады.
Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар
жатады:
1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық
өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық
нысандары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, соның ішінде мемлекеттік
сектордың да кең дербестігі;
2) қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы:
инвестицияларды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар
арасында ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы;
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға
және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
4) бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды
тоқтату республикалық, сондай - ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары
облигациялар мен басқа міндеттемелердің мемлекеттік қарыздарды шығару
арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы рыногының маңызы бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды
қайта бөлу жолымен ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал етумен ғана айқындалып
қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл - әміршіл экономикаға тән "сатылас"
әдістің орнына "деңгейлес" қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге
мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте
байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен
объектілерге жедел аудару есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілердің,
салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады. Сөйтіп
қаржы рыногы қаржының қосалқы категориясы ретінде қайта бөлгіштік қосалқы
функция орындайды, ал сонымен бірге экономикалық агенттерді дамыту және
ұдайы өндірісті ұлғайту мақсаттарында олар қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілмейтіндігіне қарағанда қаржы рыногы ұдайыөндірістік функция орындауы
тиіс.
Қаржы рыногы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің
нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық
жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.
Қаржы рыногының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын
жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокта еркін жүретін
бағалы қағаздар шығаруы және олардың бағасы сұраныммен және қамтамасыз
етумен анықталады.
Экономикалық реформа үдерісінде қаржы рыногының қалыптасып, жұмыс
істеуі экономиканың дағдарысы тудыратын және оның инфляциясымен
қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді. Бұл рынок
әзірше экономикалық табысты жұмыс істеп жатқан көптеген компанияларын
қамтымайды. Бірқатар компаниялар ресми мойындалған акциялар шығарған
акционерлер болып табылады. Бірақ олар акцияларымен қаржы рыногына
шықпайды. Акциялардың пакеттері оларды ұстаушылардың қолында болады,
ұстаушылар дивиденттерден алған табыстармен қанағаттанады, ал
компаниялардың өндірістік қажеттіліктерін қаржыландыру ішкі --------
бөлінбеген табыс, амортизациялық аударымдар, кредиторлық берешектер
есебінен жүргізіледі.
Отандық қор рыногы басым бағыттарының бірі тартымды қаржы
құралдарының (тетіктерін) көлемді тізбесін қалыптастыру болып табылады. Бұл
бағыттың негізгі міндеті жаңа қаржы құралдарының пайда болып,
қалыптастыруына жағдай жасайды, мұның өзі инвесторларда жұмсалымдарды
әртараптандыру жолымен кредиттік тәуекелдерді қайта бөлу мүмкінлігі, ал
эмитентердің кәсіпорындарында банк кредитінің арзан баламасы болып келетін
қарызалулардың жаңа көзінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды – олар қысқа
мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі
өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға
ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар
үшін жылжымайтын дүние- мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы
қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.
Қаржы рыногының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің
төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады.
Сондықтан қаржы рыногын дамытудың міндеті инвестициялаудың ұжымдық
нысандары арқылы халықтың (кәсіби емес инвесторлардың) жинақ ақшаларын
тартудың механизмдерін жетілдіру болып табылады.
Қаржы рыногының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси
тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің
экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не
ол, не бұл кәсіпорындарының рентабелділігіне қатысты ұзақ мерзімді
болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы
қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.
Қаржы рыногының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды
–экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын
шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда
соңғы уақытқа дейін қаржы рыногының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл
жалпы экономикалық әлуетті тежейді.
Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда,
депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді кіріктіретін ұлттық
қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең
алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл
жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі
кезіндегі сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.

Бағалы қағаздар – мүліктік құқықты немесе олардың иелерінің осындай
құжаттар шығарған ұйымдарға қарыздық қатысын куәландыратын ақшалай құжаттар
болып табылады.
Бұл анықтамада мүліктік құқық бағалы қағаздарды кеңінен түсінуді
қажет етеді.
1) Олардың иелерінің белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъектінің
капиталына қатысын және бұл қатысудан табыстың бір бөлігін алуын растайтын
құжаттар ретінде;
2) Оларда тұлғаланған мүмкіндік құқықтарды іске асыру және
еиленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын құжаттар
ретінде; Бұлай баяндауда бағалы қағаздар ұғымы бірқатар есеп – қисап –
шаруашылық операцияларын: чектерді, консаменттерді, варранттарды қамтиды.
3) Қарыз қатынастары мемлекеттік, сондай-ақ корпоративтік бағалы
қағаздар ретінде де тұлғаланады.
Жоғарыда баяндалғандардан туындағанындай, бағалы қағаздар рыногы –
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа
шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып
алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген
экономикалық, әсіресе инвестициялық үдерістерді реттеп, олардың
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор
құрылымдарының – бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан
алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оңын өзінің
оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар рыногы болуы тиіс.
Алайда бағалы қағаздар рыногында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып
табылады, өйткені бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы, табысқа құқық
беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар рыногының
оқшаулануы тап олардың осы қасиетімен айқындалады және рынок бағалы
қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай
беруімен сипатталады.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің
өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және
алудың жолын жеңілдетеді. Ол рыноктық экономикадағы көптеген стихиялы түрде
өтіп жатқан үдерістердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі
жұмсалымдарды инвестициялау үдерісіне қатысты.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың
рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы
қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары
сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың
иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық (номиналдық құн –
бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы),
эмиссиялық және рыноктық бағасы (бағамы) болады. Қайталама рынок екі
бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – мәмілелер сауда -
саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын
эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы
және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздар айналысының
бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда - саттықты
ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның
қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы.
Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда
операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың
офистарында дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған рынокта
операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырылмаған рынокта
операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.
Бұдан басқа қаржы рыноктарын басқа критерийлер бойынша ажыратады:
бағалы қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар, және т.б.
рыногы; эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы,
мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы; аумақтық критерийі бойынша: ұлттық,
халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді
және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың рыногы; мәмілелердің түрлері бойынша:
кассалық, форвардтық т.б.; салалық критерийі бойынша.
Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған
емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын
ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар
рыногында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр
түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін
жасай алады.
Қазақстанда қор рыногының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы
негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла
бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың
жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім
ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан
өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік
капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991-1993 жылдары 200
акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық
банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110
миллиард сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80 %-ды құрады.
Алайда акционерлік қоғамдардың, брокерлік және қор биржаларының әрі
қарай дамуын рыноктық қатынастардың және құқықтық базаның, сонымен бірге
бағалы қағаздардың жұмыс істеу ережесінің қанағаттанғысыз дәрежесі тежеді.
Рыноктық қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан
Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы құрылған 1995
жыдан басталады. 1995 жыдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан
"таза" қор биржасы – Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады.
1995 жылдың 21 сәуірінде "Бағалы қағаздар және қор биржасы" туралы
Қазақстан Республкасының заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар
рыногын құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында
Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы
әзірленді. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ
облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар"
әзірленіп, бекітілді. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының
Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылдады, олар: "Бағалы
қағаздар рыногы туралы", "Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу
туралы", "Қазақстан Республикасындағы инвестицияық қорлар туралы" заңдар.
1997 жылдың ортасынан бастап "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі"
Жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және
басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу болды. Қазақстанның
қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда
қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2001 жылдың маусымында
Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері
Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.
Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы
өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің
бағалы қағаздар рыногына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму
үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар
соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының
қабылдануы қор рыногында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту
қажеттігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы "Акционерлік қоғамдар туралы"
Қазақстан Республикасының заңы (2003 жылғы мамырдың 13-і) қабылданғаннан
кейін қаржы рыногының қызмет ететін сферасы болып отырған бағалы қағаздар
рыногының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.
Бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы алты жылдай уақытты алды және
қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:
Бастапқы рынок
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) рыногы:
бастапқы орналастыру секторы;
сатып алу-сату секторы.
Корпорациялық облигациялар рыногы
Акциялар рыногы:
МЕБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы
Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы:
МБҚ-ны сатып алу-сату секторы;
МБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы
Қайталама рынок
Қор биржасы
Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы
Басқадай сауда-саттықты ұйымдастырушы.
Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір
ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын
айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда
бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада
да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция
сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай - ақ бағалы қағаздар белгілі бір
қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға
құқық береді.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңға сәйкес Қазақстанда
эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылады, олар мемлекеттік және мемлекеттік
емес болып бөлінеді.
Бағалы қағаздар рынок шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау
және айырбастау үдерісіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады.
Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере
отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық
байлықты басқаруды жеңілдетеді.
Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық
келісімшарттарға негізделеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивидендтер немесе пайыздар
түрінде табыстар төлеу, сондай - ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай
немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.
Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы
қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық
нысаны – қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді.
Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең
алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың қызметтің құжатсыз нысанына көшуді
қажет етеді.
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға
акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне
заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы
қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк
кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат
(өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.
Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың
объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар,
фьючерлік өзара шарттар және басқалары).
Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа
рыноктарда ақшалай есеп - қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік
тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және
басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді:
мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының
нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік
бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен
міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдарының
борышқорлық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы
институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып
кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен
акциялары қызмет етеді.
1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға
жатпайды (өйткені ол – кредиттік ақшалардың түрі). Бірақ басқа жағынан,
ақша сатып алу - сату процестеріне тартылғандықтан векселді шартты түрде
бағалы қағаздарға жатқызуға болады. Вексель – қарызалушы кредиторға беретін
және кредиторға қарызалушыдан белгіленген мерзімде векселде көрсетілген
соманы талап етуіне даусыз құқық беретін, заңмен қатаң түрде белгіленген
нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны
ғана емес, сондай - ақ бұл коммерциялық кредиттің нысаны: өнім немесе
қызметтер үшін векселмен есептесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт
ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал
бұл мәміле жөніндегі әріптес векселде көрсетілген сомада және мезгілге оған
коммерциялық кредит береді дегенді білдіреді.
Егер бағалы қағаздар кейін салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып
шектеулі мезгілге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұлар
облигациялар, банк сертификаттары, векселдер және басқалары. Иеленушілік
бағалы қағаздар тиісті активтерге меншік құқығын береді. Бұлар акциялар,
варранттар, коносаменттер және басқалары.
Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізігі
және туынды болып бөлінеді.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңда туынды бағалы қағаздар осы
қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы
қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар,
форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс
құқықтыры және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен
облигациялар жатады.
Туынды бағалы қағаздар рынокта айналыста жүрген корпорациялық бағалы
қағаздардың тізбесін аяқтайды.
Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы
және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына,
қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті рынокқа шығу мүмкіндігін алуға
байланысты.
Сөйтіп, бағалы қағаздар – бұл шаруашылық қызметте пайдалануға
арналған құжаттардың үлкен саналуандығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән
ортақ белгімен оларды тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін ұсынудың
қажеттігімен біріктіріледі.
Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы
бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.
Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға
тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда
аталған адамға тиесілі болады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында айналыста мемлекеттік,
корпоративтік және басқа (фьючерстер, опциондар, варранттар, коносаменттер
және т.б.) бағалы қағаздар жүр.
Бағалы қағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін
акциялар ерекше орын алады.
Акция – акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен
санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам
таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу
құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың
акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады.
Алғашқы екі түр сөздің тура мағынасында акциялар болып табылмайды. Бұл
жұмыскерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз
кәсіпорнының немесе басқа кәсіпорындардың мүлкіне қатысудың өзгеше нысаны.
Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының жұмыскерлері арасында
таратылды және оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәліктер болып табылды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын іске асыру
барысында жұмыскерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүлкіндегі үлесін
анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылды. Мұндай акциялар
айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа жұмыскердің оларды сатуға, беруге
немесе қандай болсада сатуға құқығы болмады. Қызметкердің жұмыстан босанған
жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде
сатып ала алмайды.
Кәсіпорындардың акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар шығарды. Бұл
акциялар 1988 жылдан бастап басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті
қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің арасында таратыла бастады. Бұл
тәрізді акциялар іс жүзінде облигациялар болып табылады және меншіктің
акционерлік нысанының дамуына қарай акционерлік қоғамдардың акцияларымен
ауыстырылды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бағдарламасын
орындау барысында шығарылған акциялардың республика заңнамасымен
белгіленген бір бөлігі шетелдік тұлғаларды қоса (қаржы- шаруашылық қызмет
жөніндегі шектесушілер мен басқа әріптестерге) қызығушы заңи немесе жеке
тұлғаларға нақтылы құны немесе биржа бағамы бойынша сатылды. Акциялардың
бұл бөлігі өзінің дәл мәнісінде акционерлік қоғамдардың акцияларына
жақындайды.
Меншіктің акционерлік нысаны акционерлік қоғамдардың акцияларын
шығару арқылы өзінің артықшылықтарын білдіреді. Акционерлік қоғам жай
акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар
құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылады.
Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға
тиеселі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы
өкілі арқылы акция куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде
акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу
құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам
таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
Артықшылықты акциялардың меншік иелері – акционерлердің жай
акциялардың меншік иелері акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында
белгіленіп , алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер
алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір
бөлігіне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның
жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс.
Акциялар атаулы, сондай - ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін.
Атаулы акциялар алыс - берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу
кітабында тіркелетін акциялар. Ұсынушыға арналған акция – оны нақтылы
иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі заңды құқықтарын
қуаттайтын акция түрі. Атаулы акциялардан өзгеше түрде ұсынушыға арналған
акциялар жаңа иеленушіні тіркеуді қажет етпей - ақ бағалы қағаздар
рыногында еркін сатып алу - сатуға мүмкіндік береді.
Облигация – ұстаушысына (иесіне) оның белгіленген құнының тіркелген
пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі
қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық
міндеттеме; жалған капитал нысандарының бірі. Облигация өзінің ұстаушысына
облигацияның нақтылы құнының онда көрсетілген сыйақыны (мүддені) не өзге
мүліктік құқықты алуына құқық береді. Облигацияның нақтылы құны – облигация
құнының ол шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша
пайызбен көрсетілетін сыйақы есептелетін ақшалай тұлғасы, сондай - ақ
облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома. Облигациялар,
сөйтіп, олардың иелері (кредиторлар) мен бұл құжаттарды шығарған мекемелер,
ұйымдар (дебиторлар) арасындағы қарыз қатынастарын растайды.
Облигациялар атаулы, сондай – ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз
(мақсатты), еркін айналатын немесе айналысы шектеулі болып шығарылуы
мүмкін. Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін меншікті
қаражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебінен сатып алады.
Облигациялардың мынандай түрлері болады:
агенттік облигация;
ипотекалық облигация;
қамтамасыз етілген облигация;
ішкімемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары;
мемлекеттік емес облигациялар;
кәсіпорындардың облигациялары.
Агенттік облигация – қаржы агенттігі шығаратын облигация.
Ипотекалық облигация – жылжымайтын мүліктермен қамсыздандыру шартымен
шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен
(ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай - ақ тізбесі
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін өзге де
жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген облгация және тұрақты пайыз
әкелетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз.
Қамтамасыз етілген облигация – эмитент міндеттемелерін орындау
эмитент мүлкінің кепілімен, кепілдік берумен және Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етілген
облигация.
Ішкімемлеккеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған
қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын
банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі және жергілікті қарыздардың
облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы (мүдде)
есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде
төленеді.
Кәіпорындардың облигациялары олардың жарғыларына және қолданыстағы
заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.
Бағалы қағаздар құрамында мемлекет тарапынан, халықтан және заңи
тұлғалардан алынған қарыз фактісін куәландыратын мемлекеттік бағалы
қағаздар (МБҚ) ерекше болып келеді. Олар әр түрлі нысандарда шығарылады:
қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық боналар, қазынашылық векселдер,
облигациялар және басқалар. Олардың арасындағы айырмашылық іс - әрекет ету
мезгіліне, табыстарды төлеу мен өтеу шарттарына, айналымдылықтың сипатына,
ұстаушыларына байланыстығында. Қазақстан Республикасында қазынашылық
векселдер мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (МКМ) нысанына түрленген,
олардың мәні "Мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш" тарауында (17.2
бөлімде) қаралған.
Қазынашылық міндеттемелер ерікті негізде халық арасында таратылатын
мемлекеттік бағалы қағаздың түрі, ол иелерінің ақшаны бюджетке аударғанын
куәландырады және осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген
табыс алуына құқық береді.
Боналар – мемлекеттік қазынашылық, муниципалдық органдар, мекемелер,
фирмалар шығаратын және ұстаушылары сатып алу және төлем құралдары ретінде
пайдаланылатын борышқорлық міндеттемелер.
Бүгінде айналыста мына бағалы қағаздар жүр: Ұлттық банктің қысқа
мерзімді ноталары, қаржы министрлігінің бағалы қағаздары (МЕККАМ, МОИКАМ,
МУИКАМ, МЕОКАМ, МЕУКАМ, МАОКО және басқалары), муниципалдық бағалы
қағаздар.
Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 1 жылға дейін айналыс
мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Олар ақша - кредит
саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел
реттеу үшін пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан бері шығарылып келеді.
Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың инвесторлар
үшін тартымды түрі мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді
(МЕККАМ) сатып алу-сату операциясы болып табылады, ол МЕККАМ-ды сатып алу-
сату келісімшартымен ресімделеді. Айналыс мерзімі – 3, 6, 9, 12 ай.
МЕККАМ-ды Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады, қолданыстағы
заңнамаға сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздарының қайталама рыногында еркін
айналыста болады.
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық міндетемелер (МЕОКАМ)
Қазақстан Республикасының эмиссиялық мемлекетік бағалы қағаздары болып
табылады, республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады және бағалы қағаздар
рыногында еркін айналыста болады. Олардың айналыс мерзімі – 1 жылдан
жоғары, 5 жылға дейін қоса алғанда.
Қазынашылық валюталық міндеттемелер ұстаушыларға өтеу кезінде олардың
атаулы құнын алуға және төленетін атаулы құнға пайызбен сыйақы (мүдде)
алуға құқық береді.
Республикалық бюджетің тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланылатын
қаржы құралдарын түрлендіру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында
айналым мерзімі бір жыл және бір жылдан астам мемлекеттік индекстелген
қазынашылық міндеттемелер де шығарылды, оларды республикалық бюджеттің
ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы
министрлігі (эмитент ретінде) шығарады және Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар рыногында
еркін айналыста болады.
2005 жылы айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі 458,2
миллиард теңгені құрап, 29,5 %-ға қысқарды, Ұлттық банк ноталарының көлемі
58,7 %-ға 161,0 миллиард теңгеге дейін қысқарды, Қаржы министрлігінің
облигациялары 18,0%-ға 297,2 миллиард теңгеге дейін өсті.
Ұлттық банк ноталарының тиімді табыстылығы бір жылда жылдық
3,9%-дан жылдық 2,24 %-ға төмендеді. МЕОКАМ-ның – қаржы министрлігінің ең
көп тараған облигацияларының тиімді табыстылығы жылдық 6,65%-дан 5,58%-ға
дейін төмендеді. Ұлттық банк ақша рыногын реттеудің негізгі құралдары
ретіндегі меншікті депозиттерінің ролін арттыруға тырыса отырып ноталардың
шығарылымын қысқартты. Қаржы министрлігінің өз кезегінде жылдың көп
бөлігінде бөджеттің ағымдағы профицитінің салдарынан облигациялар шығаруға
мүмкіншілігі де, тіпті қажеттігі де болмады.
Ұлттық валюта номиналдандырылған айналыстағы
мемлекеттік бағалы қағаздардың құрылымы
(мезгілдің соңына)
2004 ж 2005ж
МБҚ, барлығы, млн. теңге 650171 458222
Соның ішінде ҚР Ұлттық Көлемі 389605 161000
банкінің қысқа мерзімді
ноталары
Тиімді 3,9 2,24
табыстылығы,%
ҚР Барлығы, млн. теңге 251810 297222
қаржы
министір-
лігінің
БҚ
МЕККАМ Көлемі 21185 34000
Тиімді 4,88 2,94
табыстылығы,%
МОИКАМ Көлемі 1939 720
Тиімді 4,73 4,14
табыстылығы,%
МУИКАМ Көлемі 215 215
Тиімді 4,16 4,16
табыстылығы,%
МЕОКАМ Көлемі 143210 163987
Тиімді 6,65 5,58
табыстылығы,%
МЕУКАМ Көлемі 62110 62110
Тиімді 6,08 6,08
табыстылығы,%
МЕУЖКАМ Көлемі 22190 36190
Тиімді 0 0
табыстылығы,%
МАОКО Көлемі 961 ...
Муниципалдық БҚ, барлығы, 8755 ...
млн. теңге
ҚРҰБ-ның қысқа мерзімді ноталары айналыс мерзімі
7 күннен 1 жылға дейін
МЕККАМ – Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер,
айналыс мерзімі 3,6,9,12 ай
МОИКАМ – Мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндет-
темелер, айналыс мерзімі 1 жылдан жоғары 5 жылға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz