Үстірт мемлекеттік қорығының жұптұяқтылары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Тұрашева К. С.
Үстірт мемлекеттік қорығының жұптұяқтылары
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В060700-«Биология»
Астана 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қорғауға жіберілсін:
Жалпы биология және геномика
кафедрасының меңгерушісі
Р. І. Берсімбай
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Үстірт мемлекеттік қорығының жұптұяқтылары
Мамандығы: 5В060700-«Биология»
Орындаған: К. С. Тұрашева
Ғылыми жетекші,
б. ғ. к., доцент м. а. Ж. М. Қарағойшин
Астана 2015
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Факультет: Жаратылыстану ғылымдары
Мамандығы: 5В060700-«Биология»
Кафедра: Жалпы биология және геномика
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
«___»20__ж .
Дипломдық жұмысты (жобасын) орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент - Тұрашева Кәмшат Селбайқызы
4-курс Бг-41 тобы 5В060700-«Биология» оқу формасы күндізгі
1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы «Үстірт мемлекеттік қорығының жұптұяқтылары»
ректордың бұйрығымен бекітілді «28» қараша 2014 ж. № 1182-п
2. Студент аяқтаған жұмыстың тапсыру мерзімі «15» мамыр 2015 ж.
3. Жұмысқа алынған мағлұматтар (заңдар, әдебиет көздері, зертханалық -өндірістік мағлұматтар)
1. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. 4 басылым, қайта өңделген және толықтырылған. 1 том; 2 бөлім: Омыртқалылар (авторлар ұжымы) - Алматы, «Нұр-Принт», 2008. - 316 бет.
2. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №175 Заңы «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» 31 және 50 баптары.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы №1330 Қаулысы Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереже "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы".
4. Дипломдық жұмысты орындауға жататын сұрақтар тізімі
1. Үстірт қорығында кездесетін жұптұяқтылардың түрлерін анықтау.
2. Үстірт қорығын мекендейтін сүтқоректілерге әсер ететін экологиялық факторларды анықтау
3. Қорғау, сақтау және тиімді пайдалану шараларын жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау.
5. Графикалық материалдың тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т. б. )
Сурет - 9, кесте - 7.
6. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Иващенко А. А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары - Алматы, 2006.
2. Бекенов А., Есжанов Б., Махмұтов С. Қазақстан сүтқоректілері, - Алматы: Ғылым, 1995. .
3. Мелдебеков А. М., Бекенов А. Б. Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлары. - Алматы, 2008.
4. Слудский А. А. Джейран // Копытные звери. - М., 1977. - С. 28-61.
7. Жұмыс бойынша кеңестер (оларға жататын жұмыстың тарауларын көрсету)
8. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау графигі
Қыркүйек, 2014
Ақпан, 2015
Тапсырманы беру мерзімі «___ » 2014 ж.
Ғылыми жетекші:
Жалпы биология және геномика
кафедрасының б. ғ. к., доцент м. а. Ж. М. Карагойшин
Тапсырманы қабылдаған студент К. С. Тұрашева
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы өзінше бағалы саналатын олар адамзат игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері - шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Көрік келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алыптары сиреп, құрып кетуге айналған жан-жануарлар мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік ортасы болып табылады, сондай-ақ медициналық және басқа да ғылыми зерттеулер үшін генетикалық қор, ‹‹тірі лаборатория›› іспеттес. Биологиялық және ландшафттық орасан мол алуантүрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім тапқан бұл жерлер рухани және дене күш қуатының қайнар көзі ретінде адамға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының ‹‹Ерекше қорғауға алынған табиғат территориялар туралы›› заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 10 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып жұмыс істеуде. Қорықтар, қорықшалар, ұлттық парк және табиғат ескерткіштері алқаптары мемлекет территориясының 2, 8%-ін алып жатыр. Барлық 10 қорық ғылыми және табиғат қорғау мекемесі мәртебесіне және республикада ерекше қорғауға алынған жоғары дәрежелі табиғи территория болып саналады. Олар дәл сол өңірге тән бірегей табиғат кешендерін қаз қалпында сақтау мақсатына қызмет етеді. Бұлардың ішінде біз қарастыратын қорық ─ Маңғыстау облысындағы Үстірт табиғи қорығы. Ол 1984 жылдың 12 шілдесінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №294 қаулысымен ұйымдастырылды.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223, 342 гектар аумақты алып жатыр. Өзінің құқықтық қорғау режиміне сәйкес, қорықтық және күзетілетін өңірлерге бөлінеді. Үстірт қорығы Қарақия ауданының шығыс бетінде, Батыс Үстірт жонының Қараған босаға, Көкесем, Кендірлі, Елшібек сияқты ұшпа шыңдары мен жарқабақты таулары және Қарынжарық құмымен Сақсорқа құмын жағалай орналасқан.
Қорық аумағында биік тау да, жазық та, тік құлама жарлар мен шыңдар да, тақтайдай тегіс айдын сорлар, сарқырап аққан бұлақтар, ғажайып тылсым сырларға толы үңгірлер мен араңдар да кездеседі.
Үстірт қорығының негізгі ашылу мақсаты ─ Қазақстан шөл зонасының эталондарының бірі ретінде Оңтүстік - Батыс Үстірттің сирек кездесетін жануарлары мен алуан түрлі өсімдіктер дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтай отырып, тамаша табиғатын қорғау, өсімдіктер мен жан-жануарлардың табиғи түрде өсіп - өнуіне қажет жағдай жасау, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу, табиғатты қорғау шараларының негіздерін әзірлеу және оны іс жүзіне асыру болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ СРО Министрлер Кеңесі қаулысымен заңды түрде ұйымдастырылды, ол Маңғыстау облысының оңтүстігінде Ералы ауданында орналасқан. Көлемі ─ 223300 га. . Қорықтың негізгі орталығы ─ Кендірлісор соры, оның көлемі 50 мың га. Жел және су әселерінен ерекше қорғандар, еш жерде болмайтын ескерткіштер пайда болған. Аймақтың ауа райы өте қатаң. Қатаң ауа райына қарамай, қорықтың жануарлар әлемі бай және алуан түрлі. Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша, мұнда сүтқоректілердің 50-ден астам түрі тіршілік етеді. Сирек кездесетін сүтқоректілер беті жабысқақ сордан басқа, барлық биотоптарда кездеседі. Үстірт қорығы биологиялық алуантүрлілігінің ғажайып әлемі ежелден әртүрлі мамандықтағы ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Бұл қорық ғылыми зерттеулердің ұзақтығы және нәтижелілігі жағынан Қазақстанда алдыңғы орында. Көптеген ғылыми көпшілік мақалалар жарық көрген. Соңғы жылдары қорық өзінің территориясын, материалдық - техникалық базасын бекітіп қана қойған жоқ, бүкіл әлемдік экологиялық саяхатшылар мен ғалымдар арасында танымалдылығын одан әрі арттырып, белсенді жұмыстар жүргізілуде. Болашақта барлық биологиялық және табиғи- ландшафты нысандарға инвентеризация жүргізу өсімдіктер мен жануарларға мониторингтік бақылау жасау тұрақты шараға айналуда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Үстірт табиғи қорығының физикалық-географиялық ерекшелігін, онда кездесетін жұптұяқтылардың түрлерін анықтау, қазіргі кездегі жағдайына талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Үстірт қорығында кездесетін жұптұяқтылардың түрлерін анықтау.
2. Үстірт қорығын мекендейтін сүтқоректілерге әсер ететін экологиялық факторларды анықтау
3. Қорғау, сақтау және тиімді пайдалану шараларын жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау.
1 Әдебиеттерге шолу
1. 1 Үстірт табиғи қорығының тарихы
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылдың 12 шілдесінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №294 қаулысымен ұйымдастырылды.
Қорық аумағы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының шығыс бетінде, ал әкімшілік ғимараты Жаңаөзен қаласында орналасқан. Қорықтың қорғалатын аумағы Жаңаөзен қаласынан 150-160 шақырым жерде, жер көлемі 223 342 гектар. Қорық аумағы Батыс Үстірт жонының Қараған Босаға, Көкесем, Кендірлі, Елшібек сияқты ұшпа шыңдары мен жарқабақты тауларын жағалай орналасқан. Қорық аумағында биік тау да, жазық та, тік құлама жарлар мен шыңдар да, тақтайдай тегіс айдын сорлар, сарқырап аққан бұлақтар, ғажайып тылсым сырларға толы үңгірлер мен араңдар да кездеседі.
56000 га. жерді алып жатқан Кендірлі соры оған жалғасып жатқан төбелі- адырлы Қарынжарық құмымен бірге Қарынжарық ойпатын түзеді.
Үстірт қорығының негізгі ашылу мақсаты ─ Қазақстан шөл зонасының эталондарының бірі ретінде Оңтүстік - Батыс Үстірттің сирек кездесетін жануарлары мен алуан түрлі өсімдіктер дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтай отырып, тамаша табиғатын қорғау, өсімдіктер мен жан-жануарлардың табиғи түрде өсіп өнуіне қажетті жағдай жасау, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу, табиғатты қорғау шараларының негіздерін әзірлеу және оны іс жүзіне асыру болып табылады.
Қорық аумағында табиғи - тарихи ескерткіштер көп кездеседі. Географиялық орналасуына, геологиялық құрылымына қарай ерекше жаратылған Қарамая тауы мен Көкесем шатқалдары - басқа еш жерде қайталанбайтын құбылыстар.
Қарамая - түсіне және орналасу пішініне қарай аталған, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан тау жоталарының атауы. Зерттеушілердің пікірінше ежелгі мұхит түбіндегі вулкандық жарылыстардың әсерінен түзілген. Тау жыныстары мен топырақ жамылғысының айналасынан өзгешелігі - бұл пікірді растай түседі.
Алуан түсті Көкесем шатқалдары - қорық аумағындағы тұщы су көздері бар, табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары - тау табиғатын ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы су бұлағы және шың басында Көкесем құдығы бар. Суының дәмділігіне байланысты «Ойда талақ, қырда Көкесем» деп айтылатын аңыз ауыз екі тілде ұмытылмай келеді.
Тарихи ескерткіштерден - Балуанияз, Көкесем қорымы және әлі зерттелмеген Табан - Ата деп аталып жүрген ескі қорым тіркелген.
Балуанияз - Х1Х ғ. Маңғыстау адайлары мен түркмен тайпалары, Хиуалықтардың арасындағы соғыстарда ерекше көзге түскен, Балықшы руының батыр атағын алған тұлға. Ескі атаулары Қалмақ үйген, Қараоба (Қалмақ үйген Қараоба болуы да мүмкін) деп аталатын төбенің басына жерленген. Қазір бұл төбе батыр атымен аталады.
Көкесем қорымы - Көкесем құдығынан шығысқа қарай 1км жердегі төбе басында орналасқан. Х ғ. ескерткіштерінен басталатын 200 - ге тарта нысандар тіркелген. Мемлекеттік қорғауға алынған, зерттеуді қажет етеді.
2007 жылы қорық аумағының үш жерінен (Мәмекқазған, Кендірлі, Өнере) кордондар салынды.
1. 2 Үстірт қорығының физикалық-географиялық жағдайына сипаттама
Үстірт ─ батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы, шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырауы аралығын алып жатқан дөңесті аймақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 550-600 км-ге созылған, ені 300-400 км. Ауданы 200 мың км 2 . Үстірттің орташа биіктігі 150-200 м, оңтүстік-батысындағы ең биік жері 341 м (Мұзбел жоны) . Тұран ойпатында орналасқан, геологиялық құрылымы ұқсас. Үстірттің солтүстіктегі бөлігі мен шығыс бойлықтың 56 0 - қа дейінгі батыс бөлігі Қазақстан аумағына кіреді (Маңғыстау облысы), қалғаны Өзбекстан жерінде. Үстірт төңірегіндегі жазықтан тік жарлы кемер бойынша көтерілген және үсті жалпақ, жазық дөң күйінде. Үстірт жазығында аласа жондар және оларды бір-бірінен бөліп жатқан ойыс, ойпаттар кездеседі. Үстірттің орталығы бөлігінде Қарабауыр жоны бар. Ең ойыс жерлерін сор басқан, мысалы, солтүстігіндегі Қаратүлей, Жауынқұдық, Асмантай-Матай, Қосбұлақ ойыстарында, оңтүстігіндегі Ассеке-Аудан ойысында сор басқан ойпаттар көп. Орталық шығыс, оңтүстігінде әктас, гипстің суда еруінен пайда болған ұзындығы 5-25, тереңдігі 1-2 м үңгірлер (Балаұйық үңгірі), қазаншұңқырлар кездеседі. Тұран ойпатының батыс бөлігін құрылымдық-денудациялық Үстірт алып жатыр. Маңғыстаудың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы ерте плиоценнің соңынан басталды. Тұран плитасының неотектоникалық қозғалысының әсерінен көтерілуінің нәтижесінде Маңғыстау тұғырлы жазыққа айналды. Таулы бөліктерінің қазіргі бедерінің қалыптасуы плиоценнің соңында жекелеген денудациялық үрдістердің әсерінен жүрді, бұл кезеңге дейін Маңғыстау мен Үстірттің кемерлері түзілген. Ерте төрттік дәуірде оңтүстік Маңғыстаудың ірі тұйық ағынсыз ойыстары пайда болып, онда көлдік режим сақталды. Уақыт өте келе көл түбіне шөккен шөгінді тау жыныстары жел әрекетінен өңделді. Төрттік дәуірдің соңындағы екі хвалын трангрессиясының әсерінен бүкіл Каспий жағалауында жер бедерінің екі аккумулятивтік және абразиялық пішіндерін қалыптастырды. 22 метр абсолют биіктіктің белгісінде жаңа Каспий теңіз абразиялы жағалауы бойлай созылып жатыр. Маңғыстау үстіртінде аридті континентті климат жағдайы жоғарғы плиоценнен бастап сақталғандықтан содан бері ежелгі өзен торларының іздері жоқ болғанымен Ақтау, Қаратау тауларының беткейлері мен Қарақия, Өзен, Қарынжарық ойыстарында уақытша ағынсулардың әсерінен түзілген ескі арналармен жайылма үсті текшелерінің іздері байқалады. Тұран жазығының оңтүстік-батыс бөлігін қарақұм алып жатыр, Қарақұм түрік тілінде қара түсті құм немесе құмды жер мағынасын білдіреді. Жер бедерінің ерекшелігіне сай екі үлкен бөлікке бөлінеді. Солтүстік шағын бөлігін Зангуз қарақұмы немесе Зангуз үстірті биіктігі 60-80 метрге жететін тік беткейлі кемер арқылы сорлы унгуза ойысына ұласады. Ол тектоникалық қозғалысының әсерінен өзгеріске ұшырап шөлдік континентті климат жағдайында өңделген ежелгі құрғап қалған өзен арнасы болып саналады Өзен аңғарының барлық морфологиялық элементтері жақсы сақталған Амударияның Каспийге құйған ескі арнасы Узбой қарақұмның солтүстік батыс шеті арқылы өтеді. Унгуздың оңтүстігіндегі орталық, оңтүстік шығыс және оңтүстік қарақұм орналасқан зангуз қарақұмына қарағанда аласа болғандықтан орталық Қарақұмды - ойпатты Қарақұм деп атайды. Оның оңтүстігімен оңтүстік шығысы біртіндеп көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік шығыс қарақұм зангуз қарақұмына қарағанда теңіз деңгейінен биік. Екеуінде беті тегіс әрі біртіндеп батысқа қарай аласарады. Оңтүстік-шығыс қарақұмында ежелгі өзен арнасы кемф узбойы бар. Оның көп бөлігін қазір қарақұм каналы алып жатыр. Зангуз үстіртінің беткі қабатын плеоценде мен плеоценде аққан плео Амударияның құмды және құмды - сазды шөгінділері жауып жатыр. Қарақұмның оңтүстік бөлігінің беткі қабаты Теджен, Мургаб өзендерінің сағасында шөккен алювиальды шөгінділерден тұрады. Ең басым бөлігін қарақұм шөлі жел әрекетінен түзілген құм жолдары алып жатыр. Ол оңтүстігінде аласа белесті - белді сусымалы құмдарда ұласады [5] .
Олардың аралығындағы кеңістікте тегіс сазды тақырлар кездеседі. Құмның басым бөлігі өсімдіктермен бекіген. Сусымалы құлаш құм жолдары барқандардың негізгі бөлігі оңтүстік шығыс Қарақұмда тараған [1] .
Географиялық координаты: С - 43 0 23 / 50. 5048 " 54 0 35 / 00. 802 "; О - 42 0 34 / 13. 7283 " 54 0 10 / 51. 7198 "; Ш - 43 0 06 / 02. 4614 " 55 0 00 / 14. 5116 " ; Б- 42 0 41 / 28. 7882 " 54 0 09 / 41. 1603 " .
Климаты. Құрлық шетінен шалғайлығы және жайыла жазылған жер бетінің тегістігі аймақта тым континенттік климатты қалыптастырған. Ол өзінің жауын -шашын тапшылығымен, мол булануымен, тұрақты желімен, температурасының жыл бойында және тәулік ішінде күрт өзгеріп тұратындығымен ерекшеленеді. Ауа массасының бағыты және түйдектеле көшуі климаттық қалыптасуында ерекше рөл атқарады. Желі - өте жиі, оның жылдық орташа жылдамдығы 4-5 м/сек. Ақпан, наурыз айларында жел аса қатты болады. (5-7, 4 м/сек: кейбір жылдары - 15м/сек дейін) ; оңтүстікте негізінен жел шығыстан, солтүстік -шығыстан және солтүстік - батыстан соғады. Солтүстіктен суықтың кеулеуі және оңтүстіктен жылудың шарпуы термикалық жағдайдың түрленуіне ықпал жасайды. Ең төменгі температура қаңтар - ақпан айларында орта есеппен солтүстікте минус 14, 0-15, 5 градус, оңтүстікте минус 8-10, 2 градус болады. Ал абсолютті минимум тиісінше - 43 және 34 градусқа жетеді. Ең ыстық айдың орташа айлық температурасы солтүстікте 25 градус, оңтүстікте 28, 6 градустан кем түспейді, ал абсолюттік максимумы 40-45 градус шамасында. Бұл ыстық аймақтың өзінде кейбір жылдар жаз мүлдем ыстық қапырық әрі құрғақ болатын кездері болады, ал жел өзі аздаған ылғал мен самалды кейде бұл өңірден қайта қуып әкетеді, барлық көкті күйдіріп, ащы құрғақ үгілме ұнтаққа айналдырады. Мұндай кездерде бір тамшы судың өзіне зар болып қалатындықтан Маңғыстаудағы ылғалды, су тамшылап тұратын құз тастарды ел ырзалықпен шықты, тамшалы деп атайды. Байқап отырғандарыңыздай, температураның жылдық ауытқуы өте жоғары, ол солтүстіктен оңтүстікке 43-тен 28 градусқа дейін кемиді. Атмосфералық ылғал көбінесе жауын түрінде түседі. Оның жылдық орташа мөлшері аса көп емес солтүстікте солтүстіктен оңтүстікке қарай 250 мм-ден оңтүстікке 130 мм-ге дейін азаяды. Кейбір ылғалды не құрғақшылық жылдары көпжылдық орташаның жалпы мөлшерден ауытқуы 1, 4-1, 8 есеге жетеді. Аз ғана уақытта түсетін қарқынды ылғал (бір жылғының 20-30%) солтүстік пен солтүстік шығыста - 30-35см, ал оңтүстікте 8-10 см жұқа қар жамылғысына айналады. Қиыр оңтүстікте және оңтүстік батыста әдетте үнемі қар жатпайды. Қар жамылғысындағы судың ең жоғарғы қоры оңтүстіктегі 15-20 мм-ден солтүстік шығыстағы 80-100 мм-ге дейін өзгертеді [2] . Үстірт қорығында метеорологиялық бақылаулар жүргізуге материалдық база жоқ, штат бойынша маман да қарастырылмаған. Ауа райының ықтимал мәліметтері Маңғыстау гидрометеорологиялық обсерваториясының Аққұдық метеостанциясынан алынып келеді. Метеостанция қорық аумағының батыс бөлігінің орталығында, Қарынжарық құмды массивінің ішінде орналасқан. Мұндағы мәліметтер қорық аумағының ауа райының дәл көрсеткіші бола алмайды, себебі қорықтың шығыс бөлігі таулы аймақтарға жатады.
2005-2007 жылдардағы ауаның орташа температурасы 15, 7 0 С. Ауаның жылы кезең (сәуірден қазанға дейін) 214 күнге, қыстың ұзақтығы 80 күнге созылды. Ең суық кезең қаңтар, ақпан айларында, абсолюттік минимум -24, 8 0 С, жазғы максимум +42, 3 0 С шілде айында тіркелді. Амплитуда 67, 1 0 С. Жауын шашынның орташа жылдық мөлшері 114мм, ауаның ылғалдылығы 48, 9 0 С.
Жер бедері. Геологиялық құрылымы және беткі жамылғысының құрамы бойынша қорық аумағы екі геоморфологиялық ауданның: Маңғыстау жазығы және Үстірт жонының түйіскен жерінде орналасқан. Қорықтың жер бедері аласа жалдар мен ойыстар кезектесіп келетін толқынды жазықтық. Негізінен құрғақ алаптар мен тақырлар, жұмырлана біткен сүйір төбешіктер мен төрткүлдер тәрізді мезо-микрорельеф түрлері анық байқалады. Абсолютті биіктіктері 100-120 метрден 180-300 метрге дейін ауытқып отырады. Ең биік нүкте Көкесем құдығының маңында - 341 м.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz