Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1ОҢТҮСТІК.ШЫҒЫС АЗИЯ АУМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК ПОТЕНЦИАЛЫ ... .5
1.1 Аумақтың географиялық орналасуы және тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2Оңтүстік.Шығыс Азиядағы туризмнің қазіргі даму жағдайы ... ... ... ... ... ... .7
1.3Оңтүстік.Шығыс Азияда рекреациялық туризмнің дамуы ... ... ... ... ... ... ... 11
2ОҢТҮСТІК.ШЫҒЫС АЗИЯДАҒЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Рекреациялық туризм дамуының алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Рекреациялық туризм орталықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3 Рекреациялық туризм дамуының инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3 ОҢТҮСТІК.ШЫҒЫС АЗИЯДАҒЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3.1 Рекреациялық туризм даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3.2Рекреациялық туризм болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Курстық жұмыс тақырыбыныңОңтүстік-Шығыс Азиядағы туризмнің дамуына байланысты алынған себебі, бүгінгі күні Оңтүстік-Шығыс Азияның барлық елдерінде туризм жақсы дамыған. Барлық әлемнен экзотикалық табиғаты, қасиетті жерлері, бірегей көрнекіліктері туристтерді тартады. Жергілікті айқын көрініс, азиаттық елдердің ұлттық ерекшеліктері ешкімді бей-жай қалдырмайды. Соңғы уақыттарда, азиялық елдерге тур сатып алушылар саны көбейіп, туристтер экзотикалық және бірегей әсем жерлерде бола алады.
Оңтүстік-Шығыс Азия Үндіқытай түбегі мен Малай архипелагының көптеген аралдары территориясында орналасқан. Аймақ елдері Оңтүстік және Шығыс Азиямен, Австралия және Океаниямен шекаралас болып келеді. Аймақ құрамына 11 ел кіреді: Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Лаос, Камбоджа, Индонезия, Филиппин, Бруней, Сингапур, Мьянмажәне Шығыс Тимор.
Оңтүстік-Шығыс Азия Евразияны Астралиямен жалғайды, өйткені екеуі де Тынық және Үнді мұхитының шекарасында болғандықтан, аймақ территориясын теңіз шайып жатыр, солардың ішінде ірілері Тынық мұхитындағы Оңтүстік-Қытай және Филиппин теңізі, Үнді мұхитындағы Андаман теңізі болып табылады.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен маңызды әуе және теңіз жолдары өтеді: Малакка бұғазының өзі Гибралтар бүғазы, Панама мен Суэй каналдары секілді кеме қатынасында үлкен орынға ие.
Аймақ мемлекеттерінің ішінде тек бір абсолютті монархиялы ел – Бруней, үш конституциялық ел – Тайланд, Камбоджа, Малайзия, ал қалғандары – республикалар.
Көптеген азиаттық елдерде туризмнің даму өзектілігі Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда, қосымша жұмыс орындарының құрылуына, халықты еңбекпен қамтамасыз етуде, сыртқы сауда балансын күшейтуде маңызды рөл атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы рекреациялық туризмнің даму жағдайын қарастыру.
Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталады:
– Оңтүстік-Шығыс Азия территориясының туристік потенциалын білу;
– аумақтың географиялық орналасуын, тарихын зерттеп білу;
– Оңтүстік-Шығыс Азиядағы туризмнің қазіргі даму жағдайын қарастыру;
– Оңтүстік-Шығыс Азиядағы рекреациялық туризмнің даму жағдайы мен алғышарттарын білу;
– Оңтүстік-Шығыс Азияда рекреациялық туризм орталықтарын көрсетіп, инфрақұрылымын зерттеу;
– Оңтүстік-Шығыс Азиядағы рекреациялық туризмнің даму ерекшеліктерін қарастыру;

1 Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности:оқулық. Москва, 2009. – Б. 224-225.
2 Александрова А. Ю. Международный туризм: оқулық. М., 2002. – Б. 470.
3 Балабанов И.Т. Экономика туризма:оқулық / И.Т. Балабанов, А.И.Балабанов.Финансы и статистика.М., 2010. – 176 б.
4 Ильина Е. Л., Штыхно Д. А. Маркетинг бизнес-путешествий. М.,2003. – Б. 58
5 Романов А. А. География туризма: оқулық. М.,1998. – 145 б.
6 Папирян Г. А. Международные экокономические отношения: Экономика туризма.М.,2000. – Б. 78-82.
7 Сенин В.С. Организация международного туризма:оқулық / В.С. Сенин:
Финансы и статистика. Москва, 2006. – Б. 400.
8 Қазақ Совет Энциклопедиясы,6-том,Алматы.
9 Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. Алматы, 2000. – 336 б.
10 Аверьянов Е. К. Реклама туристских маршрутов и услуг. М.,1987. Б. 124.
11 Биржаков М. Б. Введение в туризм. М., 2001.
12 Косолапов А. Б. Туристкое страноведение. Европа и Азия: оқу-тәжірибелік оқулық. Москва, 2006. – 106 б.
13 Квартальнов В. А. Иностранный туризм. М., 1993.
14 Cоколова М. В. История туризма. М., 1997. – Б. 24-27.
15 Иоронкова Л. П. История туризма. Санкт-Петербург, 1994.
16 “Газета для путешественников” 22.01.2001,Мәскеу. – Б. 4-6.
17 Журналдар “Business Travel & Expense Mene Management Report”.1992.”American Express Europe Ltd”.
18 Пасечный П. С. Туризм для всех. М.,1986. – 321 б.
19 Чудновский А. Д. Гостиничный и туристский бизнес. Оқулық.
20 Александрова А. Ю., Сединкина О.Н.Тематическиепаркимира: оқулық. Москва, 1997. – Б. 145.
21 Крофтс Альфред, Бьюкенен Перси. История Дальнего Востока. Восточноя и Юго-Восточная Азия. Москва, 2013. Б. – 456-472.
22 Д. Дж. Холл. История Юго-Восточной Азии.
23 С.С. Ожегов, Т.С. Проскурякова, Хоанг Дао Кинь. Архитектра Индокитая.
24 С. Гусарова. Билет на Мандалай. Дневник одинокого путешественника по Сиаму и Бирме. Ленинград, 2015. – 121 б.
25 Мифы и легенды народов мира. 10 том. Шығыс және Орталық Азия. – Мир книги.
26 Сергей Ковальчук. Экзотика Юго-Восточной Азии. Москва, 2010.
27 Э. О. Берзин. Юго-Восточная Азия и экспансия запада в XVII– в начале XVIII века. Москва, 1987.
28 Избранные произведения писателей Юго-Восточной Азии.
29 Оңтүстік-Шығыс Азия. https://kk.wikipedia.org/wiki/О

ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ тақырыбына
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ АУМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК ПОТЕНЦИАЛЫ ... .5
1.1 Аумақтың географиялық орналасуы және тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5
1.2 Оңтүстік-Шығыс Азиядағы туризмнің қазіргі даму жағдайы ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Оңтүстік-Шығыс Азияда рекреациялық туризмнің дамуы ... ... ... ... ... ... ... 11
2 ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯДАҒЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Рекреациялық туризм дамуының алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Рекреациялық туризм орталықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3 Рекреациялық туризм дамуының инфрақұрылымы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .28
3 ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯДАҒЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
3.1 Рекреациялық туризм даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...31
3.2 Рекреациялық туризм болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
КIРIСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының Оңтүстік-Шығыс Азиядағы туризмнің дамуына байланысты алынған себебі, бүгінгі күні Оңтүстік-Шығыс Азияның барлық елдерінде туризм жақсы дамыған. Барлық әлемнен экзотикалық табиғаты, қасиетті жерлері, бірегей көрнекіліктері туристтерді тартады. Жергілікті айқын көрініс, азиаттық елдердің ұлттық ерекшеліктері ешкімді бей-жай қалдырмайды. Соңғы уақыттарда, азиялық елдерге тур сатып алушылар саны көбейіп, туристтер экзотикалық және бірегей әсем жерлерде бола алады.
Оңтүстік-Шығыс Азия Үндіқытай түбегі мен Малай архипелагының көптеген аралдары территориясында орналасқан. Аймақ елдері Оңтүстік және Шығыс Азиямен, Австралия және Океаниямен шекаралас болып келеді. Аймақ құрамына 11 ел кіреді: Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Лаос, Камбоджа, Индонезия, Филиппин, Бруней, Сингапур, Мьянма және Шығыс Тимор.
Оңтүстік-Шығыс Азия Евразияны Астралиямен жалғайды, өйткені екеуі де Тынық және Үнді мұхитының шекарасында болғандықтан, аймақ территориясын теңіз шайып жатыр, солардың ішінде ірілері Тынық мұхитындағы Оңтүстік-Қытай және Филиппин теңізі, Үнді мұхитындағы Андаман теңізі болып табылады.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен маңызды әуе және теңіз жолдары өтеді: Малакка бұғазының өзі Гибралтар бүғазы, Панама мен Суэй каналдары секілді кеме қатынасында үлкен орынға ие.
Аймақ мемлекеттерінің ішінде тек бір абсолютті монархиялы ел - Бруней, үш конституциялық ел - Тайланд, Камбоджа, Малайзия, ал қалғандары - республикалар.
Көптеген азиаттық елдерде туризмнің даму өзектілігі Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда, қосымша жұмыс орындарының құрылуына, халықты еңбекпен қамтамасыз етуде, сыртқы сауда балансын күшейтуде маңызды рөл атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы рекреациялық туризмнің даму жағдайын қарастыру.
Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталады:
Оңтүстік-Шығыс Азия территориясының туристік потенциалын білу;
аумақтың географиялық орналасуын, тарихын зерттеп білу;
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы туризмнің қазіргі даму жағдайын қарастыру;
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы рекреациялық туризмнің даму жағдайы мен алғышарттарын білу;
Оңтүстік-Шығыс Азияда рекреациялық туризм орталықтарын көрсетіп, инфрақұрылымын зерттеу;
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы рекреациялық туризмнің даму ерекшеліктерін қарастыру;
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы рекреациялық туризмді дамыту мәселелері мен болашағына тоқталу.
Зерттеп білу нысаны болып Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризм жағдайы, орталықтары табылады.
Курстық жұмыста келесідей ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды:
- сипаттау;
- талдау;
- кестелік.
Курстық жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм саласындағы шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері, түрлі әдістемелік нұсқаулар, оқулықтар, газет-журналдар, ғаламтор желілері, халықаралық сайттар мен басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
1 ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ АУМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК ПОТЕНЦИАЛЫ
Аумақтың географиялық орналасуы және тарихы
Оңтүстік-Шығыс Азия - Қытай, Үндістан және Австралияның орталарында орналасқан континенталды аралдар тобы. Оған Үндіқытай түбегі де кіреді.
Бұл аумақтың географиялық орналасуы ертеректе және қазіргі әлемде үлкен мемлекеттер - Қытай мен Үндістан арасында - политикалық карталарға бөлінуінен, шаруашылық пен мәдениеттің даму процесстерінде, сондай-ақ, халықтың этникалық және діни құрылымға бөлінуінен байқалды. Географиялық орналасуы, елдің маңызды табиғи және адами ресурстары өткеннің отарлық басып алуын және отарлық емес Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қазіргі экспансияға себепші болды [1].
Сурет 1 Әлем картасында Оңтүстік-Шығыс Азияның орналасуы
Бұл аумақта европалық державалардың территорияларды жаулап алуы сонау Ұлы географиялық ашылулардан басталды. Магеллан-Элькано экспедицияларының (1516 жылы) қорытындысында Филиппинде испандықтар бар екен дәлелденді. XVI ғасырда Малакка түбегі мен Молуккалық аралдарда португальдық иемденулер пайда болған. XVII ғасырдан XX ғасырға дейін қазіргі Индонезия территориясының көп бөлігіне Голландия (Нидерланды) бақылау жасаған. XIX ғасыр аяғында Үндіқытай түбегінің шығыс бөлігінде Франция отарлығы үстемдік еткен (бұрынғы Француздық Үндіқытай территориясы өзіне қазіргі Вьетнам, Лаос, Камбоджа елдерін қосады).
XX ғасырдың басында Британдықтардың отарында бұл аумақтағы көптеген территориялар болды: солтүстікте Калимантан аралы, Малакка түбегі мен жақын аралдар, сондай-ақ қазіргі Мьянма елі территориясы (отардың қатарына Британдық Үнді де кірген). Осы кездерде Португалия Оңтүстік-Шығыс Азиядағы барлық өз отарлығын жоғалтқан еді [2].
1898 - 1904 жылдардағы басқыншылық соғыстың қорытындысы бойынша АҚШ Филиппинге (бұрынғы испандықтар отары) өз үстемділігін орнатты.
Тек Таиланд корольдігі ғана ресми тәуелсіздігін сақтап қалды, бірақ бұл ел де Франция мен Англияның саяси және экономикалық ықпалына түскен болатын.
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік отаршылдық жүйенің ыдырауы егеменді мемлекеттердің қалыптасуын алып келді.
Хронология:
1945 жылы - Индонезияның тәуелсіздігі жарияланды. 1949 жылдары Нидерланды осы республикаға егемендікті мойындады, ал 1962 жылы Индонезияға Жаңа Гвинея аралының батыс бөлігі - Батыс Ириан қайтарылды.
1945 жылы - Лаос мемлекетінің тәуелсіздігі жарияланды.
1945 жылы - Вьетнам Демократиялық Республикасы (ВДР) жарияланды, астанасы Хано болды. Бір уақыттарда, яғни 1946 жылы елге француздық отаршылдар араласты, оылайша 1954 жылға дейін ВДР ұлт-азаттық жолындағы күресін жүргізді. 1976 жылы елдің барлық территориясын біріктіре отыра Вьетнам Социалистік Республикасы (ВСР) құрылды.
1946 жылы - Филиппин егеменді ел болып қалыптасты.
1948 жылы - Бирма (қазіргі Мьянма) тәуелсіздігін алды.
1953 жылы - Камбоджа егемендігіне қол жеткізді (1979 жылдан бастап - Кампучия Халықтық Республикасы).
1957 жылы - Малайя тәуелсіздігін алды.
1959 жылы - Сингапур егемендікке қол жеткізді.
1963 жылы Малайя, Сингапур және бұрынғы британдық иеліктегі Сабах пен Саравак (Калимантан аралындағы) Малайзия Федерациясына бірікті (1965 жылы Сингапур Федерациядан шығып, тәуелсіз мемлекет атанды).
1975 жылы - Егеменді Шығыс Тимор республикасыжарияланды (бұрынғы португальдық отар), бір кездері территория индонезиялық әскерлермен басып алынған болатын.
1993 жылы - БҰҰ тексерісінен кейін жалпы дауыспен Кампучияда жаңа үкімет, Конституция құрылды, және ел Камбоджа Корольдігі деп аталынатын болды.
1984 жылы - Бруней сұлтанаты тәуелсіз атанды.
1967 жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы (АСЕАН) құрылды, оған Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппин елдері кірді. Кейін Ассоциация құрамына Бруней (1984 жылдан бастап), Вьетнам (1996 жылдан бастап), Лаос пен Мьянма (1997 жылдан бастап) елдері кірді.
АСЕАН экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферада аймақтық ынтымақтастықты үдету үшін, маңызды әлеуметтік-экономикалық прогресске жеткен болатын. Жетістіктері жайында әртүрлі жаңашылдықтарды енгізу: мысалы, АСЕАН Еркін Сауда Зонасы (АФТА), АСЕАН Аймақтық Форумы (АРФ), Азия-Европалық кездесу (АСЕМ), сонымен қатар, аумақтың Азия-Тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастықта (АПЕК) маңызды рөл атқаруы, АСЕАН-ның Европалық Одақпен нәтижелі сұхбаты, әртүрлі елдерден ассоциацияға кіру туралы сұранымдар және т.б. мысал бола алады [3].
1.2 Оңтүстік-Шығыс Азиядағы туризмнің қазіргі даму жағдайы
Оңтүстік-Шығыс Азия территориясы 2 туристік макроаумаққа бөлінеді: құрлықтық және аралдық.
Құрлықтық. Ұйымдастырушы туристік-рекреациялық орталық болып елдердің астаналары табылады. Көз тартып қызықтыратын мезоаумақтарға Тайланд, Малайзия, Сингапур жатады [4].
Таиландқа келетін туристерді тек табиғаты емес, мәдени-тарихи ескерткіштері де қызықтырады. Осылай деп көптеген туристік іс-шаралар хабардар етеді. Бангкокта - храмдық кешендер, патшайымдық сарайдан қалған қираған үйінділер, 16 метрлік ұйқыдағы Буданың статуясы.
Бирманың астанасы Янгонда - б.э.д. V ғасырда құрылған әлемдегі орасан зор ғибадатхана - буддисттердің қажылық ететін орны бар. Мұнда 2 мың орындық конференц-залымен үлкен жасанды үңгірді көруге болады.
Камбоджада, Пномпенде күміс ғибадатхана бар.
Малайзияға туристерді қызықтыратыны - табиғаты, таңғажайып жағажай, архитектуралық ескерткіштер. Малакка түбегінің батыс жағалауында, яғни Пинанг аралында туристерді жағажайымен қызықтыратын үлкендігі жөнінен екінші Пинанг қаласы орналасқан. Пинангта жыланды ғибадатхананы да кездестіруге болады, мұнда туристерге асыранды, есеңгіреген, т.б. жыландарды көрсетеді.
Аралдық аумақ. Сингапур - аралдық мемлекет. Бір аттас аралда, 714,3 км² (2011 жыл) жерді және 58 ұсақ аралдарды қамтып орналасқан. Халық саны 10 млн (2015 жыл) адам, жергілікті халықтың 76,8%-ын қытайлықтар, 13,9%-ын малайлықтар, 7,9%-ын Үндістан елінің өкілдері құрайды. Сонымен қатар араб, евреи, тай, армян, жапон және метистер (евроазиат) де ел халқының белгілі бір шағын тобын құрайды. Төрт тіл ресми түрде бекітілген, олар: ағылшын, қытай, малай және тамил тілдері.
Қазіргі Сингапурде кедейлер де, пақырлар да, қылмыстық та жоқ. Жалғыз сот ғимараты үнемі жабық тұрады. Аралда минимальды жалақы мөлшері - 3 мың сингапур доллары (АҚШ долларына айналдыру үшін 1,7-ге бөлу керек). Жалақы, мысалы, мұғалімдердікі - 5 мың сингапур долларына жуық.
Сингапур - бұл көк тіреген көп қабатты үйлері бар қала, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азиядағы үлкен қаржы орталығы, және бұл - әлемде үлкендігі жөнінен Роттердамскийдан кейінгі екінші теңіз порты.
Сингапур - өте таза қала. Көшеде лақтырылған темекі тұқылы үшін айыппұл - 1000 сингапур доллары шамасында. Мұнда суды су құбырының кранынан іше берсе болады. Айта кететіні, су Малайзиядан сатып алынады (аралда өздерінің сулары жоқ), су қоймаға құйылып, кейін бірнеше кезеңнен тұратын тазалаудан өтіп, минералданады да, су құбырына жөнелтіледі. Сингапурда метро бар. Сондай-ақ, әлемге әйгілі сафари де осы жерде.
Табиғи жағдайлар. Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы Үндіқытай түбегінде (жер шарындағы көлемі жөнінен үшінші) және өзінен солтүстікке қарай Тибеттің таулы өлкесіне шейін таулы аймақтарда орналасқан. Аймақтың аралдық көп бөлігі - Малай архипелагы - жер шарынд аралдар тобының үлкендері болып табылады. Архипелагтың 15 000 аралының ішінен тек 5-уінің ғана көлемі 100 мың. км2 -ден асады. Оңтүстік-Шығыс Азия жағалауларын екі мұхит суы шайып жатыр - Тынық және Үнді мұхиты. Шығыс пен оңтүстіктен Малай архипелагы тереңдегі шұңғыманы (астауша) қоршайды: Филиппиндік (10 265 м) және Явандық (7729 м).
Аймақтың құрлықтық бөлік жағалауы тілімденген, мұнда жағалардың мүйістелген және тегістелген шөгінді типтері басым көп болып келеді. Аралдық бөлігі бөлінген жағалауларды қамтиды.
Территорияның батыстан шығысқа қарай созылыңқылығы (4,5 мың км-ден жоғары), таулы рельеф, екі бөліктің бар болуы - құрлықтық және аралдық - Азияның осы бөлігінде табиғи жағдайлардың әртүрлілігін анықтайды. Үндіқытайдың солтүстігіндегі меридианалды бағытқа созылған (Аннамские, Кравань, Ассамо-бирманские және т.б.) таулар өте биік, олар оңтүстікке қарай аласарады, тізбектер айырылады, ал теңізге жақын бөлек таулы массивтер мен жоталарға ыдырап кетеді. Малай архипелагы мен Малакка түбегі рельефінде жағалық енсіз ойпаттарға өтетін таулар мен қыраттар басым болады. Мұнда жанартаулар көп, оның ішінде сөнбегендері, Индонезияның өзінде 60-қа дейін жетеді [5].
Оңтүстік-Шығыс Азия экваторлық (Малай архипелагының көп бөлігі) және субэкваторлық (құрлықтық бөлігі) климаттық белдеуде орналасқан. Жоғарғы орташа жылдық температура (+26°С) маусымдық ауытқуларды (2 - 3°С) көрсетеді. Құрғақ пен жаңбырлы маусымның ауысымын алдын-ала болжау ретінде муссондық желдерге көп назар аударылады. Филиппиндік аралдар (жер шарында бұдан басқасы жоқ өзі) тропикалық құйын - тайфундардан зардап шегеді. Жыл сайын мұнда 3 - 4 жойқын және 20-ға дейін орташа немесе баяу тайфун болып тұрады.
Құрылықтық бөліктегі үлкен өзендердің басым көпшілігі Гималай-Тибеттік тау жүйесінен бастау алады. Қалың өзен торабы жаңбыр суымен қоректенеді. Муссонды нөсерлер маусымында сумен толыққан өзендер, кенеттен таязданады, кейде тіпті жылдың құрғақ маусымында кеуіп те қалады. Аймақтағы үлкен өзендер - Меконг, Хонг, Иравади, Капуас, Соло және т.б.
Көлдер саны көп емес. Солардың арасында теңіз фаунасы сақталған Сап көлін атауға болады. Онда көптеген балық түрлері бар, құрғақ маусымда да жергілікті тұрғындар жағалау маңынан балықтарды кәрзеңкелеп жинап алады.
Табиғи ресурстар. Территория қойнауы, жер астындағы байлықтар аз зерттелген, бірақ зерттелген қорлар бай минералды ресурстардың бар екенін растайды. Аймақта тас көмір біраз болған, тек Вьетнамның солтүстігінде болмашы ғана қорлары жатыр. Индонезияның, Малайзия және Брунейдің қайраңды зонасында мұнай мен газ шығады. Мезозой кезеңінің түзілімдері түсті металлдардың бай қорларының болуына себепші болды: қалайы (Индонезияда - 1,5 млн. т, Малайзия мен Таиландта - 1,2 млн. т, Мьянмада - 0,5 млн. т), вольфрам (Мьянмадағы қор - 40 мың т, Таиландта - 25 мың т, Малайзияда - 20 мың т). Аймақ мыс, мырыш, қорғасын, молибден, никель, сурьма, алтын, кобальт сынды металдарға бай; Мьянма - күміске, Филиппин - мыс пен алтынға бай. Кенсіз пайдалы қазбалардан калий тұзы (Таиланд, Лаос), апатит (Вьетнам), бағалы тастар (сапфир, топаз, рубин) Таиландта бар. Барлық елде су ресурстарын жер суару үшін пайдаланады. Үндіқытай түбегінің (Иравады, Менам, Меконг) сулы таулы артериялары мен аралдардағы толып жатқан таулы өзендер электроэнергияны қамтамасыз етеді [6].
Орман ресурстарына өте бай. Аймақ Оңтүстік орманды белдеуде орналасқандықтан, территориясының 42%-ын орман жауып жатыр. Көптеген орманды массивтер Брунейде (87%), Камбоджада (69%), Индонезияда (60%), Лаоста (57%), ал Сингапурда жалпы орман көлемі - небәрі 7% (аймақтағы ең төменгі көрсеткіш) таралған. Аймақтағы ормандар құнды қасиеті бар (беріктік, отқа төзімділік, су жұқтырмастығы, тартымды түс) ағаштарға бай: ток, сандаловое дерево, деревья семейства бобовых, местные виды сосен, дерево сундри (мангровое), пальмы. Теңіздің жағалау зоналары мен ішкі сулардағы балық ресурстары әр елде маңызды қызмет атқарады: балық пен басқа да теңіз өнімдерін халықты тамақтандыруда кеңінен қолданады. Малай архипелагының кей аралдарында маржандар мен меруерт қабыршақтары кездеседі [7].
Халықтың орналасуы. Халық өте біркелкі орналаспаған. Максимальды тығыздық - Ява аралында, барлық Индонезия халқының 65%-ы осында тұрады. Үндіқытай тұрғындарының көпшілігі Иравады, Меконга, Менема өзендерінің алқаптарында қоныстанған, мұнда халықтың тығыздығы - 500-600 адамкм2, ал кейбір аудандарда - 2000-ға дейін жетеді. Түбектік елдердің таулы шеттерінде және көптеген шағын аралдарда халық аз қоныстанған, мұнда халықтың орташа тығыздығы - 3-5 адамкм2-ге жуық. Ал Калимантан аралының орталығы мен Жаңа Гвинея аралының батысында елсіз территориялар бар. Миллионер-қалалар ретінде сауда қызметін реттейтін портты орталықтар болып табылады. Аймақтың қала агломерациялары: Джакарта (10,2 млн. адам), Манила (9,6 млн.), Бангкок (7,0 млн.), Янгон (3,8 млн.), Хошимин (бұрынғы Сайгон, 3,5 млн.), Сингапур (5,4 млн.), Бандунг (2,8 млн.), Сурабая (2,2 млн.), Ханой (1,2 млн.) және т.б.
Еңбек ресурстары. 500 млн. адам деп есептесек, олардың 53%-ы ауыл шаруашылығымен, 16% - өнеркәсіпте, ал басқалары қызмет көрсету саласында қызмет атқарады [8].
Оңтүстік-Шығыс Азия - әлеуметтік кереғарлығына тиісті көпұлтты аймақ. Қаланың тез өсуін білікті емес жұмыс күші, адамдардың бір жерге жиналуы, қылмыстық жағдайлардың өсуі, есірткімен контрабандалық сауда, жұмыссыздық және т.б. тежеген болатын.
Транспорт. Аймақтағы жалпы транспорт біркелкі емес дамыған. Санаулы теміржолдар негізгі тауар өндіретін аймақтағы астаналарды байланыстырады. Жалпы ұзындығы - 25 339 км, ал Лаос пен Брунейде теміржол қатынастары мүлдем жоқ.
Соңғы кездерде автомобильді транспорт тез қарқынмен дамып келеді. Жалпы жиынтық 5,8 млн. жолаушылық және 2,3 млн. жүк автомобильдерін құрайды [9].
Барлық мемлекеттерде негізінен су транспорты маңызды рөл атқарады, түбектерде - өзендік, ал аралдарда - теңіздік. Транспорт кешенінде маңызды орынды Малакка бұғазы алады (оның ұзындығы - 937 км, ені - 15 км, фарватердегі тереңдігі - 12 м). Аралдар арасында тасымалдар үшін желкенді кемелер қолданылады. Жеке сауда флоттары Сингапурда (11,4 млн. бр.-реестр, т), Таиландта (2,5 млн. бр.-реестр, т), Индонезияда (2,3 млн. бр.-реестр, т.) бар. Сингапурлық порт - әлемде жүк айналымы (280 млн. т) бойынша үлкен және теңіз контейнерлерін шығаруда (14 млн. қызметтік сауда бірлігі) Роттердам мен Сянганнан кейінгі үшінші орындағы порт болып саналады. Үлкен порттар қатарына Бандар-сери-бегаван (Брунейде), Хошимин, Хайфон, Дананг (Вьетнамда), Джакарта, Сурабая (Индонезияда), Куантан, Клан, Кота-кина-балу (Малайзияда), Бангкок (Таиландта) және т.б. жатады [10].
Аймақта авиатранспорт елеулі түрде жұмыс істейді. Тұрақты рейспен 165 аэропорт қызмет атқарады. Соңғы жылдарда әлемде қызмет көрсету сапасы мен жұмыс эффективтілігі жағынан Чанги аэропорты (Сингапур) көш бастап тұр. Ол жылсайын 24 млн. авиажолаушыларды қабылдау үстінде, алдағы уақыттарда 60 млн. жолаушыны қабылдауы мүмкін. Ішкі аэропорттар арасындағы негізгі рейстерді ЮБА (Мьянма), Гаруда (Индонезия), Ройял Бруней Эйруэйз (Бруней), Сингапур Эйрлайнз (Сингапур) ұлттық авиакомпаниялары жүзеге асырады. Басты теміржол мен шосселік жолдар елдегі ішкі аумақтарымен порттарды біріктіреді, және сыртқы экономикалық қатынастарды атқарады.
Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы рекреациялық ресурстарға өте бай, олар кейбір елдердің экономикалық тұрғыда қалып бара жатқандығынан жеткіліксіз қолданылады. Туристік аудандардың дамуы үшін басты база болып мыналар табылады: бірегей әрі әдемі ландщафттар, жағалаудың курорттық зоналары, әр дәуірдің тарихи-архитектуралық жадынамасы, қазіргі өмірдің экзотикасы мен әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрлері, т.б.
Туризмнің негізгі орталығы болып Малайзия (жылсайын 6,5 млн. туристер), Сингапур (5,8 млн.), Таиланд (5,7 млн.) елдері табылады, ал көрікті туристік қалалар ретінде - Бангкокты, Сингапур (Азия в миниатюре, Азия на один миг) айта аламыз [11].
ЮНЕСКО қатарына 24 объект алынған:
- Вьетнамда (4) - ортағасырлық астанасы Хюе қаласының, Ха шығанағының, ортағасырлық Хой қаласының және т.б. архитектуралық ескерткіштері;
- Индонезияда (6) - Борободур және Прамбанан храмдары, Комодо, Лорец и Уджунг және т.б. ұлттық саябақтары;
- Камбоджада (1) - XII ғасырдағы Ангкор-Ват храмды кешені;
- Лаоста (2) - ЛуангПрабанг ескі королевалық резиденциясы;
- Малайзияда (2) - Гунун Мула және Кинабалу ұлттық саябақтары;
- Таиландта (4) - ескі астаналар Сукотан мен Аютия (XIII-XIV ғ.ғ.), Тхунгиай-Хуай-Кха-Кхаенг ұлттық саябақтары, Бан Чьянг археологиялық қазбалары;
- Филиппинде (5) - Рифы Туббатаха мұхиттық бағы, барокко дәуірінің шіркеулері, Филиппиндік Кордильердің күріш террасалары, Виган қаласының тарихи орталығы және т.б.
Аймақтағы туристік бизнес тиісті дамуын (Сингапур мен Таиландтан басқасы) алмады. Елдерде шетел туризмін жандандыру үшін әртүрлі шаралар жүзеге асырылуда (жаңа қонақүйлер салынуы, туристік маршруттардың транспорттық жүйесінің ұлғаюы және т.б.).
1.3 Оңтүстік-Шығыс Азияда рекреациялық туризмнің дамуы
Бүгінгі күні Оңтүстік-Шығыс Азияның барлық елдерінде туризм жақсы дамыған. Барлық әлемнен экзотикалық табиғаты, қасиетті жерлері, бірегей көрнекіліктері туристтерді тартады. Жергілікті айқын көрініс, азиаттық елдердің ұлттық ерекшеліктері ешкімді бей-жай қалдырмайды. Соңғы уақыттарда, азиялық елдерге тур сатып алушылар саны көбейіп, туристтер экзотикалық және бірегей әсем жерлерде бола алады.
Оңтүстік-Шығыс Азия Евразияны Астралиямен жалғайды, өйткені екеуі де Тынық және Үнді мұхитының шекарасында болғандықтан, аймақ территориясын теңіз шайып жатыр, солардың ішінде ірілері Тынық мұхитындағы Оңтүстік-Қытай және Филиппин теңізі, Үнді мұхитындағы Андаман теңізі болып табылады [12].

Бүкіл әлем бойынша Азияның бұл аймағына туристік турлар кеңінен танымал болуда. Елдің бейнесі мен экзотикасы әлемнің барлық түкпірінен туристерді тартады. Таиланд, туристік сферада дамыған ел болып табылады. Осы жердегі орындардың экзотикасы мен қалыпты төмен бағалар, яғни туристтің жақсы сервис алуын, мемлекет демалушылар үшін де, туристтер үшін де жақсы жасап қойған.
Малайзия мен Сингапур елдерін де алалауға болмайды. Егер сіз өңіңізде кереметті көргіңіз келсе, Азияның оңтүстік-шығысындағы Сингапурдан таңғажайып кереметті көруге болады. Малайзия елі Таиландпен ұқсас болып келеді, тек туристік турлар бұл аймаққа енді айналымда жүруде. Шығыс Азия - бар өзгешеліктің елі болып табылады [13].
Оңтүстік-Шығыс Азия аралдары аймағындағы елдерде өндірілген сипаттама қорытындысы бойынша, мұндағы туризм - елге шетел капиталын құятын экономиканың маңызды секторы болып табылады.
Индонезия, Филиппин, Лаос пен Таиландтың географиялық пейзажы - туризм үшін нағыз тартымды фактор. Рельеф түрі әр тарапталған: батпақ пен ойпаттардан - биік таулар мен Индонезияның қарлы шыңдарына дейін. Флора мен фаунаға өте бай. Индонезияда, мысалы, әлемдегі ең үлкен гүл (Раффлезия Арнольди) кездеседі. Жағажайлар, жанартаулар, ыстық бұлақтар - маңызы бар табиғи нысандар - туристтер арасында кеңінен қолданылады.
Бұл елдердегі көптеген мәдени көрнекіліктері ерте және кейінгі ортағасырлардағы архитектуралық құрылыстармен байланысқан. Индонезия, Филиппин, Лаос, Сингапур елдерінен бөлек мұнда әртүрлі көңіл көтеру таңдамалары ұсынылады: яғни, қытай операсы мен мюзиклдардан - қолжетімді спорт түрлері мен туристтерді қызықтыратын еліктіргіш аттракциондарға дейін.
Елдердің теңіз бен әуе жолдары қиылысында тиімді географиялық орналасуы экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады.
2 ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯДАҒЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Рекреациялық туризм дамуының алғышарттары
Рекреация - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы.
Рекреациялық туризм. Рекреациялық туризм мақсаты - адамның толыққанды демалысы және оның денсаулығын туризм арқылы қалпына келтіру болып табылады [14].
Рекреациялық туризм, әсіресе оның белсенді түрлері, адам ағзасына тиетін кері әсерін жояды немесе төмендетеді (гипокинезия, дұрыс тамақтанбау, стресс т.б.). Оған, біріншіден, бұлшық еттер қимылы септігін тигізеді. Екіншіден, денсаулыққа күнделікті қоршаған ортаның өзгеруі, табиғат, достарымен қатынас жасаудың өзі пайдалы болады. Осындай жағдайда физикалық ауыртпалық та оңай болып көрінеді. Үшіншіден, табиғаттың рекреациялық ресурстарының өзі сауықтыру эффектіне ие: таза ауа мен су, күн, қарағай орманындағы фитонцидтер және т.б. Жорық кезіндегі ауа-су әсері шынығу үшін де пайдалы. Табиғи рекреациялық ортада адам иммунитеті шынығады, адам ағзасының ауруларды туғызатын микроорганизмдерге қарсыласу қабілеті жоғары болады. Туристерді сауықтыруға және олардың толыққанды демалысына, сонымен қатар, сапалы туристік қызмет; тамақтану, жұмыс пен демалыстың жүйелі режимі, салауатты диета өз септігін тигізеді. Сөйтіп, рекреациялық туризм сауықтыру факторларының кешеніне ие деп айтуға болады [15].
Рекреациялық туристік әрекеттердің мақсаттары мен міндеттерін ескере тұра, рекреациялық туризм жүйесі ішінде төрт туристік іс-әрекет түрлерін атап шығуға болады: рекреациялық-көңіл көтеру (релаксациялық) туризм, рекреациялық-сауықтыру туризмі, рекреациялық-танымдық және рекреациялық-спорттық туризм. Рекреациялық-көңіл көтеру және рекреациялық-сауықтыру (оның ішінде реабилитациялық) туризмін нағыз рекреациялық туризмнің өзі деп айтуға болады. Бұлардың басты мақсаты - толыққанды демалыс пен туристерді сауықтыру. Рекреациялық-көңіл көтеру туризмінде туристер күнделікті ортадан аулақ болып, оң әсер тигізетін табиғи әдемі ортаға сүңгиді. Мысалы, теңіз курортына бару. Рекреациялық-сауықтыру туризмінің тікелей мақсаты - туристердің денсаулығын қалпына келтіру, сондықтан әртүрлі сауықтыру технологиялары қолданылады. Реабилитациялық туризмнің мақсаты (формасы - санаторлық курорттық демалыс) - адам денсаулығын ауруға дейінгі күйіне жеткізу [16].
Реабилитациялық туризм технологияларына табиғи ортада көлемі шектелген серуендеу, арнайы диета, шипалы минералды сулар және т.б. жатады. Сауықтыру туризм мақсаты (формасы - демалыс күнгі жорықтар) - туристердің денсаулықтарын сақтау және жақсарту. Технологиялары - табиғи ортада шектелген физикалық ауыртпалық, дене шынықтыру процедуралары және т.б.
Рекреациялық-танымдық туризм рекреациялық және танымдық туризмнің өзара әрекеттесу шекарасында орналасады. Оның екі басты мақсаты - демалу және жаңа білім алу болып табылады. Бұларға түрлі экскурсиялық шаралары жоспарланған кез келген рекреациялық туристік саяхаттар жатады. Танымдық сипатына ие экологиялық жорықтар да рекреациялық-танымдық туризм қатарында.
Рекреациялық-спорттық туризм дегеніміз - демалыс пен сауықтыру мақсатында спорт түрлерінің (тау шаңғы, жүзу, жүгіру, шаңғы жарыстары т.б.) технологиялары қолданылатын рекреациялық туристік шаралар. Осындай шараларда қатысатын туристер демалыспен бірге спорттық жетілдіру мақсатын көздейді.
Белгілі бір территориядағы рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарының жиынтығын рекреациялық потенциал деп атайды [17].
Рекреациялық потенциалды төмендегідей көрсеткіштер бойынша қарастыруға болады:
1. Табиғи және тарихи-мәдени объектілердің бірегейлік, экзотикалық деңгейі:
-- мәдени-тарихи объектілердің ақпараттық мәні;
-- объектілердің тану және тәрбиелік маңызы;
-- ЮНЕСКО тізіміне жататын, халықаралық деңгейдегі объектілер мен ескерткішердің бар болуы;
-- ұқсас объектілер арасындағы типтілігі;
-- тұрақты мекен жайына салыстырғандағы объекттің контарсттылық деңгейі;
-- объекттер мен құбылыстардың басқа жерде кездесетіндығы және қайталанбайтығын дәрежесі;
-- сұраныс орындарына қатынасты тарихи-мәдени объектілердің қол жетерлігі және осы объектілер танымал болуы;
-- мәдени кешендердің сыйымдылығы және сенімділігі;
-- объектілердің көлемі мен пішіндері және оны шолу мүмкіндігі.
2. Табиғи және тарихи-мәдени потенциал мен территорияның қол жетерлігі:
-- көлікті қол жетерлігі;
-- кеңістікті қол жетерлік;
-- уақыт бойы қол жетерлік;
-- саяси қол жетерлік;
-- әлеуметтік-экономикалық қол жетерлік;
-- қаржы қол жетерлік;
-- ақпараттық қол жетерлік;
-- формальдық қол жетерлік;
-- инфрақұрылымдық қол жетерлік.
3. Рекреациялық және туристтік инфрақұрылымның бар болуы.
-- орналастыру индустриясы;
-- азықтандыру индустриясы;
-- ойын-сауық (развлечение) индустриясы;
-- көлік тасымалдау индустриясы.
4. Территорияның рекреациялық және туристтік мүмкіндіктері және оны пайдалану дәрежесі. Рекреациялық іс-әрекетінің ресурстары және жағдайы:
-- территорияның медикалы-географиялық және физикалық-географиялық сипатты көрсеткіштері;
-- территорияның микроклиматтық ерекшеліктері;
-- территорияның мәдени-тарихи маңыздылығы;
-- территорияның рекреациялық игерілгендігі және рекреациялық игеруі;
-- рекреациялық ресурстардың сиымдылығы;
-- рекреациялық және туристтік ресурстары туралы ақпарттық құрамдастығы;
-- рекреация және туризм дамуының жинақтау, орындалу және локализдену факторлары.
5. Территорияны рекреациялық пайдалану дәстүрлері.
-- территорияның рекреациялық игерілу деңгейі;
-- территорияның әлеуметтік-мәдени өзгерістері;
-- аймақтағы рекреация мен туризм дамуының дәстүрлі және бірегей бағыттары;
-- туристік орталықтар және туризм орталықтары: олардың ерекшеліктері, мамандануы және дамуы мен қалыптасуындағы ерекшеліктері;
-- ауданның игеру кезеңі және игерулік дәрежесі;
-- территорияны рекреациялық пайдалану түрлері.
6. Жергілікті халықтың өмір сүру салт-дәстүрлері және территорияның туристтік-рекреациялық мұраны қабылдау жағдайы.
7. Табиғи-климаттық және ландшафттық жағдайы:
-- климат жағдайы;
-- орографиялық жағдайы;
-- гидрологиялық жағдайы;
-- фауналық және флоралық ресурстары;
-- ерекше қорғалатын табиғи территориялар және бірегей табиғи объектілер;
-- адамның организміне табиғи факторлардың ықпалы, олардың комфорттылығы: жергілікті жердің метеорологиялық жағдайы, ауа райының өзгермелілігі т.с.с.
-- топологиялық (жергілікті жердің бірегейлігі; табиғи орталардың байланыстылығы және табиғи мен мәдени-тарихи рекреациялық ресурстардың өзара әрекеттесу формалары), фукционалдық (саңырауқүлақ, жидек теру, балық аулау, өнеркәсіптік емес аң аулау жағдай, саяжай үшін территория бөлістіру жағдайы) және эстетикалық қасиеттері (рекреанттың психологиялы-эмоциональдық сферасына территорияның әсер ететін қабілеті).
8. Рекреация мен туризм дамуына ықпалы бар жағымды және жағымсыз факторлар:
-- ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне еңгізілген объектілердің бар болуы;
-- техногендік іс-әрекетінің саладырының және табиғаттың апаттық құбылыстардың орын алуы (авариялар, апаттар);
-- халықаралық және ішкі туризмнің инфрақұрылымдық қамтамасыздану дәрежесі;
-- жергілікті түрғындарды және еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері;
-- аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
9. Демалудың территориялық ұйымдастырудың негізгі аспектілерін өзара байланысты зерттеу:
-- демалуды ұйымдастыру формалары;
-- демалуды ұйымдастырудың перспективтік бағыттары;
-- рекреациялық инфрақұрылым және оның кеңістікті ұйымдастыруының ерекшеліктері;
-- кеңістіктің туристтік-рекреациялық диффееренциациясы;
-- территорияның экологиялық жағдайы;
-- территорияның рекреациялық және шаруашылықты маңыздылығы.
2.2 Рекреациялық туризмнің орталықтары
Малайзия
Малайзия (малайша Malaysia) - Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік Шығыс Азиядағы мемлекет. Малайзияның солтүстік жағалауы Оңтүстік Қытай, солтүстік шығыста Сулу және шығыста Сулавеси теңіздерінің суларымен шайылады. Малакка түбегінде Таиландпен, Калимантан аралында Индонезия және Брунеймен шектеседі [18].
Малайзияны Сингапурдан Джохор бұғазы ажыратуда. Шекараның жалпы ұзындығы - 2 669 км, жағалаудың ұзындығы - 4 675 км. Климаты - экваториалдық, ыстық әрі ылғал.
Жалпы сипаттама
Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Батыс аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай таулы белдеу кесіп өтсе, шығысын жағалаулық жазықтық алып жатыр. Климаты оңтүстігінде экваторлық, солтүстігінде субэкваторлық, муссондық. Орташа жылдық температурасы 25-28°С. Жауын-шашын мөлшері жылына жағалаулық өңірлерде 2000-2500 мм, таулы аймақта 4000-5000 мм. Ірі өзендері - Раужанг, Бором, Кинабатонлон. Малайзия жерінің жартысына жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік орман алып жатыр.
Малайзиядағы ормансыздану. 1990 жылы және 2010 жылдар аралығында Малайзиядағы ормандар алқабының 8,6% немесе 1920000 га алқабы жойылды. Малайзия өз тәуелсіздігін Ұлыбританиядан 1957 жылы алып, 1963 жылы өз жағдайын жақсартты. Малайзияның сол кездегі экономикасының көтерілуі ағаштар мен орман турасында, себебі сол уақыттың өзінде Майлайзия пайданы ағаштар, ормандар арқылы тапқан.
Орман көлеміне байланысты Малайзия өзімен көршілес Жаңа Гвинея іспеттес елдерден қарағанда тезірек дамыған. Қазірдің өзінде Малайзия көршілес Индонезиямен бірге биогаздарды өндіретін пальма майларының 85 пайызын өндіретінділігі анықталды және бұл Малайзиядағы ормандардың кесілуіне басты себеп болып табылады. Осы арқылы Малайзия $ 2150000000 USD финанстық пайда тапқан [19].
Халқы. 2020 жылы әлемнің ең дамыған елдері қатарына қосылуды мақсат етіп отырған 26 миллион тұрғыны бар Малайзия - көпұлтты мемлекет. Оның ішінде тұрғылықты мекендеушілер - малайлықтар мен оранг-асли 65,1%, қытайлықтар - 26%, үнділер - 7,7%. Халықтың 65 пайызы қалаландырылған аймақтарда өмір сүруде. Өмір ұзақтығының орта шеңі: ер азаматтар - 71,8 жас, әйел азаматтар - 76,3 жас. Малайзиялықтардың діні: мұсылмандар 60%-ды құрайды. Сонымен қатар елде буддистер, даосистер, христиандар тұрады.
Малайзия экономикасы. Малайзия - қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. 2011 жылы Малайзияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 5,2%-ға өсті, сөйтіп 247,7 млрд. АҚШ долл.құрады. Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 9 575 долл. құрайды (2011 ж.) және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады. ЖІӨ құрылымы келесі түрге бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Еңбекке жарамды халықтың саны - 12,7 млн.адам (2011 жылғы мәліметтер бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең үлкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі.
Малайзия - АСЕАН елдерінің ішінде өз автомобиль құрылысы бар жалғыз ел (Протон, Перодуа, Наза, Хайком, Буфори сияқты маркалар бар). Өнеркәсіп өндірісі негізінен Кланг өзенінің маңайына шоғырланған, сондай-ақ Пинанг штатында.
Туризм. Соңғы жылдары көптеген туристерді Малайзия елі қызықтырады. Малайзия аймақтағы басқа елдерден бірден-бір экзотикасымен, көне мәдениетімен және дамудың жоғарғы сатысымен ерекшеленеді.
Малайзия мемлекеті 13 штаттан тұрады. Елдің астанасы - Куала-Лумпур қаласы. Қала негізінен алғашқы қалайы табушылар лагерінің орнында бой көтерген. Малайзия елі астанасында қызықты жерлер болып 165 құстар саябағы (мұнда 5 мыңға жуық құстар мекендейді), бұғылар саябағы (мұнда кішкентай тышқан тұқымдасты бұғы өмір сүреді), көбелектер саябағы табылады.
Малайзия - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өсіп дамып келе жатқан жаңа индустриалды ел. Соңғы жылдары елде халықаралық мамандандырудың перспективалық саласы ретінде, халықаралық туризмді ынталандыру саясаты жүргізілуде. Малайзияның көптеген аудандарының өзінің қайталанбас ерекшеліктері бар және туристер үшін ол тартымды болып келеді.
Бір миллионнан астам тұрғыны бар Кедах штаты - Малайзия түбегінің солтүстік-батысында орналасқан. Штат территориясында Малайзияның күрішті тостағаны деген бар. Бұл штатта көптеген археологиялық ескерткіштер кездеседі. Кедаха жағалауынан алыс емес жерде - Лангкави аралы орын тепкен. Арал тропикалық өсімдіктермен жабылған, сондай-ақ мұнда жағажайлар да бар. Малайзия түбегінің солтүстік-батыс жағалауынан алыс емес, Лангкавиден оңтүстікке қарай 112 км жерде - Пенанг аралы орналасқан. Оны Шығыстың маржаны деп атайды. Тамаша жағажай мен әдемі пейзаж аралды танымал демалатын орынға айналдырды.
2 миллионға жуық тұрғыны бар Перак штатында (штатты көбіне күмісті штат деп атайды) қалайы рудасының ірі орындары бар. Туристер үшін Перак көптеген көрнекі орындарымен, әсіресе әк үңгір-храмдарымен тартымды. Штат территориясында курорттық орындар қатары мыналар: Ламут жағалық қалашығы, Пангкор аралы, Пангкор Лаут аралы.
Селангор штаты Малайзия түбегінің батыс жағалауында орналасқан. Бұл - елдегі халық көп орналасқан штат және ірі индустриалды орталық. Штатта Мориб курорты, Баган Лаланг, сондай-ақ Карей, Кетам, Индах, Ангса аралдары бар.
Негри Сембилан штатының (Малайзияның батыс жағалауы) басты курорттары 48 километрлік Диксон порты ауданында орналасқан.
Малакка штаты Малайзия түбегінің оңтүстік-батысында орналасқан, және көптеген мәдениеттің орталығы ретінде танымал: үнділік, қытайлық, европалық және жапондық мәдениеттер. Сондықтан, штатта тарихи көрнекіліктер - храмдар, мешіттер, мавзолейлер, шіркеулер өте көп.
Мұнда Танджунг Бидара, Танджунг Клинг және т.б. курорттар орналасқан.
Джохор штаты Малайзияның оңтүстік қақпасы болып саналады. Бұл жерден Малайзия мен Сингапурды байланыстыратын теміржол сызықтары өтеді. Штатта тарихи көрнекіліктер, 166 ұлттық парк, курорттар бар.
Сурет 2 Джохор штатындағы Legoland Malaysia тематикалық паркі [20]
Малайзияның шығыс жағалауындағы Паханг штаты елдегі көлемі жағынан ірі штат болып табылады. Мұнда биік таулық курорттар, ұлттық табиғи қорықтар, живописті көлдер бар. Штатқа қарасты Тиоман аралы беделді халықаралық курорттар категориясына жатады.
Теренгану штаты Малайзия түбегінің шығыс жағалауында орналасқан, және бұл штат - елдің текстиль өнеркәсібі орталығы. Мұнда туристтер сатып алатын безендірілген бұйымдар мен мыстан жасалған сувенирлер жасалады. Бұл штат елдегі ең көркем штаттардың бірі болып табылады. Табиғаттың кереметі ретінде биіктаулық Кунуир көлін, сондай-ақ Синайа сарқырамасын жатқызуға болады. Штаттың теңіздік акваториясында Реданг аралы акваланг және маскамен жүзуге болатын Малайзиядағы үздік орындардың бірі болып табылады [21].
Келантан штаты Таиландпен шекаралас солтүстік-шығыста орналасқан. Штатты малайзиялық мәдениеттің бесігі деп санайды. Мұнда Оңтүстік-Қытай теңізінің жағалауында алтын құмдарымен, кокосты пальмамен көмкерілген жағажайлы курорттық орындар өте көп.
Сабах штаты Шығыс Малайзияда, Борнео аралының солтүстік-шығысында орналасқан. Бұл таулы штат жабайы джунглимен, маржан рифті жағажайлы ұзын жағамен толтырылған.
Саравак штаты, аудармасы мүйізтұмсық-құс елі, Малайзия штаттарының ішінде ірісі болып табылады. Борнео аралында орналасқан бұл көпұлтты штат - бұрыш, какао, пальмалық май, ағаш пен мұнай сияқты ресурстарға бай құрғақ джунгли елі. Штатта сафари ұйымдастырылатын ұлттық саябақтар көп. Әдемі жағажайлар да кездеседі.
Лабуан штаты дамып келе жатқан порт, халықаралық қаржы орталықтарының бірі болып табылады. Штат территориясында, жағалауында батып кеткен кеме қалдықтары бар, дайвингпен айналысатындарға қызығушылық тудыратын аралдар қатары бар.
Малайзия өзінің теңіз қорықтарымен де танымал. Теңіз қорықтары - бұл шектеулі теңіз айдыны, мұнда теңіздің флорасы мен фаунасын және маржандық рифтерді, ондағы балықтар мен микроорганизмдерді сақтау мақсатындағы экожүйе ретінде танылады.
Теңіз қорықтарында болғанда белгілі ережелерді ұстану керек. Мысалы, онда суастында фотоға түсу, жүзу рұқсат етілген, бірақ, балық аулауға, маржандарды жинауға, жедел қайықтармен жарыс өткізуге тыйым салынған.
Малайзия діни туризм орталығы да болып саналады. Елдегі тұрғындардың көбісі - мұсылмандар. Куала-Лумпурдан 30 км-дей жерде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz