Споралылар типі және оның биологиясы мен экологиясы


Курстық жұмыс
Тақырыбы: Споралылар типі және оның биологиясы мен экологиясы
Жоспар:
I Кіріспе - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 3-5
II Негізгі бөлім - - - - - - - - - - - - - - - -
1. Споралылар типі - - - - - - - 5 - 6
1. 1. Грегариналар класы - - - - - 7 - 9
1. 2. Кокцидиятәрізділер класы - - - - 10-16
1. 3. Құрттардың көбеюі мен дамуы - - - - - - - - - 17-19
1. 4. Жұғу түрлері мен аурудың белгілері - - - - - - - 20-21
1. 5. Күресу шаралары - - - - - - - - - - - - - - 22
III - Қорытынды - - - - - - - - - - - - - - - - 23
Пайдаланған әдебиеттер - - - - - - - - - - - 24
Кіріспе
Споралылар типі
Споралылар - тек қана паразиттік жолмен тіршілік ететін, көбінде пішіні амеба тәріздес (гр. амойбе - өзгеру) бір жасушалы қарапайым жәндік. Қозғалыс қызметін атқаратын органоиды жоқ. Талшық тек кейде жыныс жасушасында ғана болады. Бұларда асқорыту вакуолі де болмайды. Асты бүкіл денесі арқылы сіңіреді. Жиырылғыш вакуольдері де жоқ. Даму айналымы өте күрделі. Көпшілігі тіршілік айналымының соңында тығыз қорғаныш қабықшалы бар ұсақ ұрық - спора түзеді. Спора паразиттердің таралуына себепші болады.
Спора арқылы көбейетін біржасушалы жәндік құртамыш әсіресе ішек, бауыр, бүйрек және өзге мүшелерде өмір сүрелі. Паразиттік жолмен тіршілік ететін құртамыш кокцидоз ауруына душар етеді. Бұл аурумен үйқоян, тауық, сиыр, балық, тіпті адам да ауырады. Кокцидозға тап болмау үшін үй хайуанаттары мен малдарды дұрыс күту қажет. Ал адамдар гигиеналық тазалықты сақтай білуге міндетті. Адам үшін қауіпті аурудың бірі - безгек ауруы. Оның қоздырушысы безгек паразиті - қантұрғын. Қантұрғын қан плазмасындағы даму айналымында адам қанының қызыл түйіршігінде, енді бір кезеңінде безгек масасының денесінде өмір сүрелі. Безгекпен ауырған адамның дене қызуы 40С-ге дейін көтеріліп, жиі-жиі қалтырау салдарынан адам есінен танады. Бұл - қантұрғынның жасуша ішінде көбейіп, қайта улы зат бөлуі. Қантұрғынның бір қан түйіршіктен екіншісіне ауысуы 2 - 3 тәулікке созылады. Қантұрғынның даму айналымы тек ағзалар (адам және маса) денесінде, сыртқы ортаға қатыссыз сүрелі. Сондықтан пайда болған ұсақ ұрықтан (спора) тығыз қабықшасыз жасуша - спорозоит түзіледі. Қантұрғын - қанның қызыл түйіршігінде тіршілік ететін жасушаішілік паразит.
Саркоталшықтылар типі ең көпе қарапайымдар - саркодина және талшықтылар типінің біріктірілуінен пайда болды. Денесінің алдыңғы бөлімінде бір, төрт, одан да көп талшыктары болатын жәндіктер талшықтылар тобына жатады. Олар теңізді тұтысу су қоймаларында өмір сүрелі. Дене пішіні алуан түрлі. Олардың басым бөлігі паразиттер. Өсімдік текті, денесінде хроматофоры болатын талшықтылар да бар. Олар жәндік емес, өсімдіктер. Нағыз жәндіктерде хроматофор болмайды. Кірпікшілер типіне жататын жәндіктердің денесі кірпікшелермен қаталдан. Бұларда екі ядро, қорытылған затты шығаратын қылаулатқыш болады. Споралылар типі нағыз паразиттерден тұрады. Споралылар спора арқылы таралып, спорозоит арқылы келесі ұрпағын жалғастырды .
Споралылар - буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жынысты клеткаларында - микрогаметаларында - талшығы болады.
Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көпке бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны шизогония процесі деп атайды, нәтижесінде мерозоиттар деп аталатын жас особьтар шығады. Жынысты жолы - гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталынып ооцистаға айналады. Осыдан спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішінде, спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробластар - бұлардан майда спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде орналасады. Споралылардың тіршілік циклі спорозоиттардың түзілуімен аяқталады. Зиготаның бірінші бөлінуі - мейоз. Сонымен, споралылар талшықтылар сияқты зиготалы редукциясы бар организмдер.
Споралылар типі екі класқа бөлінеді: Грегариналар - Gregarinina және кокцидиятәрізділер - Coccidiomorpha. Әр класс бірнеше отрядқа ажырайды.
Грегариналар класы
Грегариналар класының (GREGARININA) - өкілдері омыртқасыз жануарлардың паразиттері, әсіресе олар насекомдарда көп кездеседі. Бір ядролы сопақша келген денесінің ұзындығы 10-15 мкм-нан бірнеше миллиметрге дейін жетеді. Бұл класс жыныс процесінің ерекше түрімен сипатталады, яғни екі особь (гамонттар) қосылып бір қабықпен қапталатын сизигийге айналады. Қабықтың астында гамета жасаланып (гаметогония) оалрдың копуляциясы жүреді. Тіршілік циклінің көп бөлімінде дене қуысының немесе ішіктің клетка сырты паразитті, сирек жыныс бездерінің паразиті. Көпшілік григариналарда шизогония болмайды ( Eugregarinida - нағыз григариналар) кейбіреулерінде шизогония жүреді. Цитоплазмасы екіге бөлінеді: эктоплазма және эндоплазмаға. Эктоплазмасында ұзына бойы және көлденең жатқан фибриллалары (мионем жіпшелері) кездеседі. Сол фибриллалардың қысқаруы нәтижесіңце грегариналар өз еркімен қозғалады. Басқалары алға карай сырғуы арқылы жылжиды немесе мүлде жылжымай бір жерге жабысып тұрады. Бұл класқа нағыз грегариналар отряды жатады.
Нағыз грегариналар
Нағыз грегариналар отрядының (Eugregarinida) - өкілдері буынаяқтылардың ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Мөлшері 16 мм, ал кішілері 10−15 мкм болады. Ішек григариналарының денесі ұзынша, құрт тәрізді. Дене қуысының григариналары сопақтау, сыртын қалың қабықша - пелликула қаптап тұрады. Оның астында денесін бойлап эктоплазма жатады, ол плазмалык перделер түзеп, грегаринанын. бір клеткалы денесін үш бөлікке бөліп тұрады. Бірінші - эпимерит, бұнда жіңішке ілмешектері не қармақшалары болады, солар арқылы грегарина ішек клеткаларына бекініп тұрады. Екінші - протомерит, цитоплазмаға толған, ядросыз бөлік. Үшінші - дейтомерит, ядро орналасқан үлкенірек болып келген бөлік. Осындай үш бөлімді құрылысты грегариналарды Серһаlіnа деген отряд тармағына жатқызады. Басқаларының денесі бөлімдерге бөлінбей, денелері құрт тәрізді не шар тәрізді жануарлардың дене қуыстарында тіршілік етеді. Бұларды Асерһаlinа отряд тармағына жатқызады.
Көпшілік григариналардың пелликуласыныңастында жататын эктоплазмасы күрделі құрылысты: оның шетінде сақиналы немесеұзын салалы талшықтар жүйесі бар мөлдір қабаты орналасады да денесін қысқартып және ұзартып жиырылтып тұрады. Жартылай сұйық эндоплазмада парагликоген түйіршіктері өте мол, себебі көпшілік грегариналардың зат алмасуы анаэробты ортада жүргендіктен көмірсу көп мөлшерде жұмсалады.
Ауыз тесігі мен қылаулатқышы және жиырылғыш вакуолі (барлық споралылар сияқты) болмайды. Қоректенуі мен тыныс алуы бүкіл денесімен жүреді. Грегариналардың қозғалысы әртүрлі, көпшілігі мүлде қозмалмайды, ал кейбіреулері мионема арқылы жиырылады. Бірталай ішек григариналары дене пішінін өзгертпей баяу сырғып, алға қарай қозғалады. Кейінгі зерттеулердің нәтижесінде мұндай қозғалыс пелликула қырларының тербеліп тұруының әсерінен екендігі анықталды, ал бұрын сілемей шығуына байланысты айтылып келген.
Тіршілік циклы мен көбеюі: белгілі бір мөлшерге жеткен ересек грегариналар жұпталып қосылады да сизигий жасалынады. Кейде грегариналар өте ерте, өсу кезеңдерінде жұпталады. Содан кейін екеуінің де денесі жұмырланып, тығыз қабықпен қапталады. Цистаның ішінде грегариналар қосылмайды. Грегариналар жынысты жолмен көбейеді. Екі грегарина бір-біріне, яғни біреуінің протомериті екіншісінің дейтомеритіне жабысып, сизигия түзейді. Содан кейін әрқайсысының денесі жұмырланып, екеуінің төңірегінде қалың қабықша бөлініп шығады. Екі грегаринаның ядросы митоз жолымен бірнеше рет бөлініп, көптеген ядролар түзіледі. Бұл ядролар дененің шет жағына қарай жылжып, цитоплазмамен қапталынып, гаметаларға айналады. Алдыңғы грегаринадан макрогаметалар пайда болады, оны примит деп атайды, артқы грегаринадан микрогаметалар - ол сателлит. Гаметалар қосылып зигота құрайды. Әрбір зигота қалың қабықшаға оранып ооцистаға айналады. Ооцистаның ішінде спорогония процесі өтеді. Ядро бөлініп 8 ядроға бастама береді. Бастапқы екі бөліну мейоз жолымен жүреді, 8 ядро түзілгеннен кейін, әрбір ядро цитоплазмамен қапталынып, ооцистаның ішінде 8 спорозоиттар пайда болады. Спорогония процесі осылай бітіп, ооциста жаңа иелерге өтуге қабілетті. Ооцисталары бар цисталар иесінің нәжісімен бірге сыртқа шығарылады немесе сыртқы ортаға иесі өлгеннен кейін шығады. Әрі қарай даму үшін ооцистаны бір жануар жұтуы керек. Жануардың ішіне түскеннен кейін, ооцистаның қабығы жарылып, спорозоиттар ішекке түседі. Ішекте өзінің алдыңғы сүйір ұшымен ішек клеткасына енеді да, өсе бастайды. Эпителиалды клеткадан тысқары жатқан спорозоиттың бір бөлігі ұзарып, эпимерит жасайды. Перде пайда болады да грегаринана протомерит және дейтомеритке бөліп тұрады. Өсіп келе жатқан спорозоит бірітіндеп ересек грегаринаның бейнесін жасайды. Омыртқасыздардағы паразитті тіршілік ететін грегариналардың практикалық маңызы болмайды.
Кокцидиятәрізділер класы
Кокцидиятәрізділер класына (COCCIDIOMORPHA) - өздігінше тіршілік ете алмайтын, тек қана клетканың ішінде паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар жатады. Денелері сопақша, домалақтау не доға сияқты болып келеді. Олар адамның, сүтқоректілердің, құстардың ішек клеткаларында, бауыр, бүйрек, қан клеткаларында кездеседі. Қан споралылардың және кокцидиялардың даму кезендері бір - біріне өте ұқсас, сондықтан бұл екеуін кокцидиятәрізділер класына жатқызады. Бұлардың көбеюінде кезектесіп жүретін үш кезеңді байқауға болады: шизогония (жыныссыз көбею) гаметогония (жынысты) және спорогония.
Көптеген кокцидиялардың бір ғана иесі болады, сондықтан спорогония кезеңі жартылай немесе толық сыртқы ортада жүреді (Eimeria magna) . Басқаларының иесі екеу, жыныссыз көбеюі бір иесінде өтеді, ал жынысты көбею және спорогония кезеңі екіншісінде (Plasmodium vivax) .
Бұл кластың негізгі екі отрядын атап кетуге болады: кокцидиялар отряды - Coccidiida және кан споралылар - Haemosporidia.
Кокцидиятәрізділердің ооцистасы
Кокцидиялар отряды - Coccidiida
Кокцидиялар - клетка ішілік паразит. Кокцидиялар қоянның, ірі қара малдың, үй жануарлары мен жабайы құстардың, насекомдардың ішек эпителий клеткаларында паразитті тіршілік ететін дөңгелек және сүйірклеткалар. Кокцидиоз ауруына адамдар да шалдығады. Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит) . Зоиттың сырты үш мембраналы қабық - пелликуламен қапталынған. Оның астында түтікшелі фибриддер болады, олар субпелликулярлы микротүтікшелер деп аталады. Пелликуламен бірге олар зоиттын қаңқасын құрайды. Дұрыс алмасып отыратын жынысты және жыныссыз көбею әдістері тән. Жыныссыз көбею бірден көп санға бөліну немесе екіге ерекше бөліну жолдарымен жүзеге асады. Көпшілік кокцидияларда бір ғана ие болады да, спорогогия сыртқы ортада жүреді. Басқалары иесін ауыстырып жүреді. Оларда жыныссыз көбею бір иеде, ал жынысты көбею мен спорогония екінші иесінде өтеді. Сонымен кокцидияның тіршілік циклдары әр түрлі.
Бір иелі кокцияда Eimeria мен иесін ауыстырып жүретін Toxoplasma және Sarcocystia туыстарына жататын кокцидиялардың тіршілік циклдарын айтар болсақ. Eimeria туысының көп түрлері әртүрлі омыртқалыларда, яғни үй қояндарында, ірі қарада және үй құстарында тіршілік етіп, шаруашылыққа көп зиян келтіреді.
Зоиттың денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтар орналасқан. Олар спираль тәрізді фибрилді - коноид және қапшық тәрізді іші сілекей затқа толған саны 2-ден 14-ке дейін - роптриялар. Осылар арқылы паразит иесінің клеткаларының ішіне кіреді. Роптриядан шыққан сұйық зат иесінің эпителий клетка мембранасын ерітеді де, ал коноид арқылы зоит бұранда арқылы клетканың ішіне кіреді. Роптрияларда зоитты иесінің клеткасына енгізуіне көмектесетін зат болады. Зат клеткамен жанасқан кезінде роптрияның ішіндег зат сырқа төгіледі. Мерозоиттің алдыңғы ұшында 10 - 12, кейде бірнеше ондаған тығыз иірілген микронемалар орналасқан. Олардың қызметі түсініксіз. Жорамал бойынша олар роптриялармен тығыз байланысты жінеи ішіндегі зат та роптриялар сияқты сыртқа төгіледі. Кокцидияның ерекше дене бөлшегіне микрогаметалардан басқа циклдың барлық кезеңдерінде микротесіктер жатады. Олар пелликуланың ультрамикроскопты ойықтары. Ішкі екі мембранасы үзіледі де, сыртқысы интактты болып қалады.
Зоиттарға тін оргоноидтардан басқа кокцидиялардың цитоплазмасында митохондрия мен Гольджи аппараттары, рибосомалар мен эндоплазмалық тор және әр түрлі түйіршіктер: көмірсу, липидтер, белоктардың
дәндері - резервті энергия материалдары сияқты жалпы клеткалы органоидтар да кездеседі. Кокцидияларда, клеткаларға ортақ бірқатар органоидтар болады - митохондриялар, Гольджи аппараты, эндоплазмалық торы, тағыда басқалары.
Кокцидиялардың даму сатысы өте күрделі. Мысалы ретінде қояндардың паразиті - эймерия (Eimeria) туысының даму сатысын қарастырайық. Эймерия кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және спорогония жолдарымен дамиды. Ооцисталар су және шөп арқылы қоянның ішегіне түсіп, ооцистаның қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінен 8 спорозоит шығады. Спорозоиттар ары қарай даму үшін ішектің эпителий клеткасына ену керек. Коноид және роптриялар арқылы спорозоит клеткаға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді. Бұл жыныссыз көбею кезеңі. Шизогония нәтижесінде пайда болған әрбір ядроның төңірегінде цитоплазма жиналып, олар ұсақ мерозоиттарға айналады. Мерозоиттар эпителий клетканы әбден зақымдап болғаннан кейін ішек қуысына шығады да, қайтадан жаңа клеткаларға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы көпке бөлініп шизогония арқылы тағы да мерозойттар пайда болады. Шизогония бірнеше рет қайталанып, паразиттердің саны көбейеді.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозойттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда болады. Макрогамонттар бөлінбей өсіп макрогаметаларға айналады, ал микрогамонттардын. ядросы көпке бөлініп, цитоплазмамен қапталынып, екі талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар жылжып макрогаметалармен қосылады. Копуляция нәтижесінде пайда болған зигота сыртынан тығыз қабықпен қапталып ооцистаға айналады. Ооцисталар қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада ооцистаның ішінде спорогония кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет бөлініп, төрт ядро пайда болады. Оларды цитоплазма қоршап, төрт споробласт деп аталатын клетка түзіледі. Әрбір споробласт арнайы қабықпен қапталынып, спораға айналады.
Әрбір спораның ядросы екіге бөлініп - екі спорозоит түзіледі. Сөйтіп ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, олардан сегіз спорозоиттар түзіледі. Осындай ооцисталар сау қоянның ішегіне түскенде, оның қалың қабықшасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішіндегі 8 спорозоиттар шығады да, иесінің ішек клеткаларында даму циклын бастайды. Эймерия (Eimeria) туыстарының толып жатқан түрлері адамды, жануарларды кокцидиоз деген ауруға шалдықтырады. Солардың ішінде Eimeria magna, Eimeria intestinalis қояндардың кокцидиозын қоздырушылар, Eimeria tenella тауық, үйректердің, Eimeria zurni, Eimeria smithi ірі қара малдардың, Eimeria faurei, Eimeria arloingi қой мен ешкілердің, Eimeria carpelli балықтардың кокцидиозын қоздырушылар. Адамда да кокцидиялар кездеседі. Олар Isospora belli және Isospora hominis. Кокцидиоз - ішек ауруына душар етеді.
Кокцидиоздармен күрес әдістері негізінде профилактикалық шаралар тамақпен және сумен ооцисталарды таратпау, сол сияқты кокцидмозға қрсы көптеген дәрі - дәрмектер шығарылған.
Токсоплазма және токсоплазмоздар.
1908 жылы француз ғалымдары Николь мен Мансо Солтүстік Африка кемірушілерінен Toxoplasma gondii деп аталатын клетка ішілік паразиттер тапқан. Кейінгі зерттеулердің нәтижесінде бұл паразиттер әр түрлі құстар мен сүтқоректілерде және адамдарда да кең таралып, токсоплазма деп аталатын аурудың ауыр түрін туғызатындығы анықталды. Эймериядан токсоплазмалардың ерекшелігі тіршілік циклы иелерін ауыстырып жүреді. Жыныс процесі мен ооцистаның түзілуі негізгі иесі болып саналған мысықтардың ішінде жүреді. Ал жыныссыз көбеюі әртүрлі сүтқоректілер мен құстарда кездеседі. Сонымен, жылы қанды омытқалылар класының кез келген түрлері токсоплазманың жанама иесі бола алатынын білу керек.
Токсоплазманың жыныссыз формаларының пішіні жарты ай тәрізді, ұзындығы 4 - 7 мкм, ені 2 - 4 мкм. Олардың ультрақұрамы, электронды микроскоптың көрсетуі бойынша басқа кокцидиялардың мерозоиттары мен спороиттарына ұқсас болуы осы класқа жатандығын дәлелдейді. Токсоплазмалар әртүрлі мүшелердің клеткаларын, әсіресе ми мен ретикулды - эндотелиалды жүйені уландырады. Бұлар ерекше бөліну жолы - эндодиогения арқылы көбейеді. Бұл көбею кезінде аналығының ішінде екі жас особтар түзеледі. Жас клеткалардың апикальды жиынтығының жасалуы аналық клетканың ішінде ядроның бөліне бастау мезгілімен қатар жүреді.
Токсоплазманың ерекшелігі - негізгі иеге азық болатын жылы қанды жануарлардың көп түрлеріне циклдың жыныссыз бөлінісінің таралуы. Токсоплазманың ооцисталары ғана емес, сол сияқты токсоплзамасы бар жанама иенің ткандері де ішектің, мұрынның және жұтқыншақтың сұйықтары арқылы ауру малды жеген кезде ауруды жұқтырады. Сүтқоректілердің токсоплазмасы өсіп келе жатқан ұрыққа плацента арқылы ды беріледі. Сонымен, токсоплазмоздың кейіннен пайда болған және туа пайда болатын екі түрі болады.
Адамға токсоплазмозды жұқтырудағы негізгі орынды ауырған немесе паразитті өз денесінде зиянсыз сақтап жүретін үй жануарлары алады. Токсоплазмоздың клиникалық формалары әртүрлі: лимфа, жүйке жүйелерін, көру мүшелерін зақымдау және сүзек тәрізді ауру туғызу.
Саркоспоралылар және Саркоспоридиоздар
Toxoplasma gondii сияқты ет споралылары саркоспоралылардың систематикадағы орны көпкедейін мүлде түсініксіз болып келеді. Тек қана ет споралыларының үй жануарлары - ірі қара малдың, қойдың, шошқаның және кейбір жабайы түрлердің де бұлшық еттерінде паразитті тіршілік ететіні белгілі болған. Олар алдымен ет талшықтарының ішінде, онан кейін еттің дәнекер тканінде жататын ұзындығы 0, 5 - тен 5 мм - ге дейін созылыңқы қапшықтар жасайды. Цисталардың ішінде жүздеген құрт тәрізді бір ядролы клеткалары бар. Негізгі иесі цисталарды жұтқан кезде оларды толтырып тұрған паразиттің құрт тәрізді клеткалары ішектің эпителиіне еніп, шигония жасамай, макрогамонттарға және микрогамонттарға айналады. Eimeria кокцидиясы сияқты, ол гамонттардан макрогаметалар және микрогаметалар дамиды. Ұрықтанғаннан кейін 2 споралылары бар ооцисталар пайда болады. Тамақпен бірге жанама иесіне барып түсетінпіскен ооцисталардан спорозоиттар шығады да қан арқылы тамырлардың эндотелиіне, онан кейін бұлшықеттерге өтіп, эндодиогения типімен көбейіп, цисталар жасалынады.
Саркоспоралылардың көпшілік түрлері үй және жабайы сүтқоректілерде кең тараған. Саркоспоралылар өте көп болғанда аурудың ауыр түрін білдіреді. Аз болғанда аурудың белгілері білінбейді.
Қан споралылар
Қан споралылар отряды (Haemosporidia) - кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Бірнеші ондаған түрлері бар, тірішілік циклының бір бөлігі омыртқалы жануарлар - сүтқоректілердің, құстардың, рептилиялардың эритроциттерінде жүреді. Кокцидийлерден қанды споралылардың айырмашылығы спорогониясы еш уақытта сыртқы ортада жүрмей, осы паразитті таратушы қан сорғыш бунақденелілердің ғана денесінде өтеді. Қанды споралылардың практикалық маңызы өте зор, себебі оған безгектің қоздырғышы жатады, ол ауру осы күнге дейін көптеген тропика және субтропика елдерінде халықты ауыр кеселдерге ұшыратады. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қан сорғыш насекомдардың яғни Anopheles туыстас масалардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz