А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
1.1 А.Байтұрсынов өмірі мен шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
2.1 А. Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның зерттелу жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 А. Байтұрсынов шығармаларының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Тұтас буынның төлбасы,кешегі Абай,Ыбырай,Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты жалғастырушы-Байтұрсынұлы Ахмет 5 қыркүйек 1872 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.Ол қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет Байтұрсынов- біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды.
1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.
Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. А.Байтұрсынұлы қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы.Оның ақын,публицист,ғалым,қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі,тартқан қорлық,көрген азабы,болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық.
- Ахмет Байтұрсыновтың өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту;
- Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді;
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері Қазақ әдебиеттану ғылымындағы Ахмет Байтұрсыновтың қалыптасу жолдары, дерек
1. Самырат Кәкішов »Ахаң туралы ақиқат»,Алматы:»Қазақстан:Шапағат,1992»
2. Д.Әшімов »Бес арыс»,Алматы:»Жалын», 1992.
3. Диқан Қамзабекұлы»Жазушыларға кеңес»,»Жас Алаш»газеті №61,22 мамыр,2003ж.
4. Р.Нұрғалиев.А.Байтұрсынов,Алматы »Рауан» 1990.
5. Тарихи тұлғалар. Танымдық көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Алматы. «Алматыкітап» ЖШС, 2006. –А.Байтұрсынов- 68-69-бет
6. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы», Алматы, 17 б.
7. Байтұрсынов А. «Өмірбаян», 1929, 8 наурыз, 9 б.
8. Байтұрсынов А. «Жазу тәртібі», «Айқап», 1912, №4-5
9. Байтұрсынов А. «Жаңа мектеп», «Қай әдіс жақсы?», 1928,
10. Байтұрсынов А. на Всесоюзном Тюркологическом съезде 26 февраля
11. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы», 10 б.
12. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы», 9 б.
13. Байтұрсынов А. «Ақ жол», Алматы, 1994, №464.
14. Байтұрсынов А. «Әдебиет танытқы», Алматы, 1991.
15. Байтұрсынов А. Өлеңдер мен тәжірибелер публицистикалық мақала, әдеби зерттеулер,
16. Байтұрсынов А. «Әліп-би», «Қызыл-Орда», 1926,116 б.
17. Байтұрсынов А. «Әліппе таңбалар жұмысы», Жалын, 1988, №2
18. Байтұрсынов А. «Тәні сұлудың жаны сұлу», «Соц. Қазақстан», 1989,
19. Байтұрсынов А. «Оқужай жайы», «Соц. Қазақстан», 1989,7 ақпан.
20. Айтбаев Ө. «Қазақ терминологиясының атасы», «Қазақстан әйелдері», 1989, №4,
21. Алимжанов А. «Сомкнув начала и концы», «Дружба народов», 1990,
22. Айтбаев Ө., Қайдарин А. «Ұлт мәдениетінің хан тәңірі», «Егеменді
Әбдішев М. «Халық қамқоршысы» А. Байтұрсыновтың қазақ-татар студенттерімен кездесуі»,
23. Ерғалиев Қ. «Ахаңды зерттеу – азаматтық борыш», «Торғай таны»,
24. Жолдаббеков М. «Халқыма қайта оралған қосарыс», «Тоғай таныс», 1991,

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1-ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
0.1 А.Байтұрсынов өмірі мен шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2- ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
2.1 А. Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның зерттелу жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 А. Байтұрсынов шығармаларының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ
Тұтас буынның төлбасы,кешегі Абай,Ыбырай,Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты жалғастырушы-Байтұрсынұлы Ахмет 5 қыркүйек 1872 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.Ол қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет Байтұрсынов - біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың "Тіл құралы" арқылы оқып үйренді.
Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды.
1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, Түркі тілдеріндегі терминология жайлы деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта Оқу құралы (1912), Тіл құралы (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап Әліпби (1924), Жаңа әліпби (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.
Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. А.Байтұрсынұлы қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы.Оның ақын,публицист,ғалым,қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі,тартқан қорлық,көрген азабы,болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық.
- Ахмет Байтұрсыновтың өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту;
- Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді;
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері Қазақ әдебиеттану ғылымындағы Ахмет Байтұрсыновтың қалыптасу жолдары, дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Ахмет мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, ахметтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Ахмет Байтұрсыновтың қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды. Атап айтқанда Самырат Кәкішов Ахаң туралы ақиқат, Д.Әшімов Бес арыс, Диқан ҚамзабекұлыЖазушыларға кеңес,Тарихи тұлғалар. және тағы басқа сан-алуан материалдар пайдаланылды, басқа да еңбектер, баспасөз материалдары, оқулықтар, монографиялық дүниелер де назардан тыс қалмады.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмыстың негізі ретінде әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері, кешенді, салыстырмалы ғылыми әдістер алынды.
Курстық жұмыстың жаңалығы мен нәтижелері Зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдарын қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, XX ғасыр әдебиетін оқыту барысындағы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығын жан-жақты терең үлгіде пайдалануға болады. Бұл зерттеудің практикалық мәні де зор. Жоғарыда аталған арнаулы пәндерді сонымен қатар қазақ әдебиетінің арнаулы курсы мен арнаулы семинары пәндерін оқыту кезеңінде де зерттеу жұмысының құнды дерек көздерін арнайы пайдалануға, практикалық талдауларға қолдануға әбден болады.
Курстық жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе қорытындадан бөлек екі тараудан тұрады, сонымен қатар жұмыс соңында әдебиеттер тізімі берілді.

1-ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
1.1 А.Байтұрсынов өмірі мен шығармалары

Тұтас буынның төлбасы,кешегі Абай,Ыбырай,Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты жалғастырушы-Байтұрсынұлы Ахмет 5 қыркүйек 1872 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.Ол қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895 - 1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913 - 1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалыңқазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық Қазақ газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.
Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол Қазаққа жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ к-ттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, Қазақ газеті арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.
Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру - жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920 - 1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды.
1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922 - 1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми -- әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген.
1921 - 1925 жылы Орынбордағы, 1926 - 1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ үштігінің 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды.
1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамыза тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы - Қырық мысал 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері Маса деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). Масаның негізгі идеялық қазығы - жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.
Байтұрсыновтың Қазақтың бас ақыны деген көлемді мақаласы - әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетик. сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін, сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсыновтың Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның Әдебиет танытқыш деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. Әдебиет танытқышта ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді.
Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген. Әдебиет танытқыш - сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми- зерттеді. Байтұрсынұлы Әдебиет танытқышымен қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол - әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша Ер Сайын жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын 23 жоқтау жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін айтты. Байтұрсынұлы - қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырғантырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған Қазақ газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. Қазақ газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы - әлеум. мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсыновтың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол - қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.
Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: [[Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық деп жазды. Байтұрсыновтың Оқу құралы (1912) - қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. Оқу құралы қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған Өмірбаянында (1929): ...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын Тіл - құрал атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. Тіл - құрал - қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. Тіл - құрал қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде Тіл жұмсар, мұғалімдерге арналған Баяншы деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген сынау, дағдыландыру деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент 1922 жылы қалаларында салтанатты түрде аталды. С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатов, Е.Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсыновтың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Ахмет туралы Ақаңның елу жылдық тойы деген мақаласында ...Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі ... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді деп жазды. 1929 ж. шыққан Әдебиет энциклопедиясында]] (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы деген ғылыми әділ баға берілді. 1933 жылы шыққан М.Баталов пен М.С.СильченкоСильченконың Қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетінің очерктері деген кітапшасында: оның негізгі бағыты қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды деп Б-тың қоғамдық қызметін қорытындылады. Кейінгі коммунистік идеология Б. есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, академиг А.Н.Кононов Отандық түркітанушылардың биобиблиографиялық сөздігі деген еңбегінде (1974) Байтұрсыновтың толық өмірбаянын беріп, әлеум.-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсын есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай университеті Байтұрсыновтың есімімен аталды. 1998 жылы оның туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматы қаласынданда республика ғылыми конференция өткізілді, Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.
Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті:
Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды... халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.
Мұхтар Әуезов былай депті:
Ахаң өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, халық жауы деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала - бұлт, шындық - күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.
А.Байтұрсынұлы-қазақ тілінің негізін қалаушы
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды -- жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі қазақ жазуы деп, өзгелер Байтұрсынов жазуы деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті Әліппе құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [8]әліппесі Оқу құралы деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым Әліп-бидің жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты Тіл - құрал атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. Тіл-құрал тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының Оқу құралы мен Тіл құралдарының орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі -- ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

2- ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
2.1 А. Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның зерттелу жолы
Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: [[Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық деп жазды. Байтұрсыновтың Оқу құралы (1912) - қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. Оқу құралы қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған Өмірбаянында (1929): ...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын Тіл - құрал атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. Тіл - құрал - қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. Тіл - құрал қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде Тіл жұмсар, мұғалімдерге арналған Баяншы деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген сынау, дағдыландыру деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент 1922 жылы қалаларында салтанатты түрде аталды. С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатов, Е.Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсыновтың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Ахмет туралы Ақаңның елу жылдық тойы деген мақаласында ...Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі ... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді деп жазды. (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы деген ғылыми әділ баға берілді. Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: ("Әлiпби", "Тiл құралы", "Баяншы", "Әдебиет танытқыш" т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте "Қырық мысал" деген атпен бастырып шығарды.
А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда "Қазақ" газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады. Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.
Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды көредi. "Оқыту жайында" атты мақаласында "Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi... дейдi.
Оқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап "әлiппе" кiтабын жазды. Сондай-ақ оның "Тiл жұмсар" деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты. Ал М.Дулатов бастауыш мектепке арнап "есеп" кiтабы мен қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.
А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. "Жаңа мектеп" журналының 8-санында жарияланға "Қай әдiс жақсы?" деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың "Үйрету әдiстерi туралы" деген еңбегiне талдау жасай отырып, "әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес... Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi - бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi - түрлi әдiстi болу" деп ойын тұжырымдайды.
Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз - әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз - суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы - қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда "Баяншы" деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.
А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi.
А.Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамныда білім-ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектептерінде, семинарияларда бала оқытты, оқу тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді, Әліпби, Тіл құралы, Әдебиет танытқыш атты кітаптарды қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазады. Байтұрсынов алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-17 жылдары Орынборда шыққан Қазақ газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көрінеді. Ол туған халықының білім-ғылымға ұмтылуын әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек-деп жазды. Байтұрсынов мұғалімдерді педучилищелер ашып арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келе, ондай оқу орындары қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерінен де қазақ медреселерін оқып бітірген жастардың талаптыларын мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды. Медреседе оқығандардың педагогика, әдістемеден хабарсыз, ал орыс мектептерінде оқығандардың мұсылманша хат білмейтіндігін қынжыла сөз етеді. Олардың білімін жетілдіру үшін жаз айларында 1-2 айлық қысқа мерзімді курс ашуды ұсынады. Сонымен қатар ол бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытытлу керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, ұлт, дін, ұлт тарихы, есеп, қолөнер, жағрафия, жаратылыс болу керек екендігін нақтылап көрсетті. Байтұрсынов осы пәндердің оқулықтарын шығарудың қолға алынғанын, алайда арнайы баспахана болмағандықтан кейбір оқулықтарды шығару ісіндегі қиыншылықтарды қынжыла баяндайды. Ол қазақ мектептеріне ең зәру ісі - оқулық жазумен айналысады. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінің фонетикалық жүйесін зерттеумен айналысты. Тіл құралын жазбас бұрын ең алдымен жазу графикасын жөндеп алудан бастаудың қажеттігін сезінген Байтұрсынов 1912 жылдан бастап, Айқап журналы мен Қазақ газетінің беттеріне араб таңбаларын жетілдіру, лингвистикалық терминдерді тілге енгізу (дыбыс, әріп, жуан, жіңішке, т.б.) туралы ой-пікір қозғады. Оның араб жазуын қаза тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртышылығы, әсіресе мұғалімдер жылы лебізбен қабылдады. Себебі, бұл реформа қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп, ғылыми түрде жасалған еді. Сондай-ақ Байтұрсынов ұсынған емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде де, орыс-қазақ мектептерінде де қолданыла бастады. А.Байтұрсынов 1926 жылы Әліпбидің жаңа түрін осы күнгідей суреттерімен берілген Әлеппе кітабын жазды. Ал бұл Әліпбидің1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар арасында былай бағаланды: Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы Әліпбиі қазақ жұртына орасан зор пайда келтірген еді... Мынау жаңа Әліпбиі бұрынғысынан артық. Мұның мазмұны қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы еңбектері
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Халықтың түзелуінің үміті жастарда
Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
А.Байтұрсыновтың ағартушылық мұрасының зерттелу жайы
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Пәндер