Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті



Қаржылай инвестициялар дегеніміз – пайыздар, дивидендтер, роялти және жалақысы түрінде, инвестицияланған капиталды арттыру немесе коммерциялық қатынастардың нәтижесінде пайда табу мақсатында субъект ие болып отырған актив. Қаржылай инвестицияларға, сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция да жатады.
Мемлекеттік құнды қағаздарға және шаруашылық жүргізуші ұйымның жарғылық капиталына қаржылай инвестициялар салынады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс шетелдерде орналасқан басқа да шаруашылыққа қарыздар (зайымдар) беріледі.
Аудитор қаржылй инвестициялардың есебін тексеруге кірістердің алдында тексерудің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында тексеру барысында анықтауды, назар аударуды, тексеруді талап ететін мәселелер бойынша бағдарлама жасайды:
- баланста инвестициялардың дұрыс көрсетілгендігін тексеру;
- инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;
- шаруашылық қаржылай инвестициялардың дұрыс сыныпталуын тексеру;
- инвестициялардың құнын анықтауда бағалану тәртіптерінің қолданылғандығын тексеру;
- нақты қолда бар құнды қағаздардың сақталу орнын анықтайтын бастапқы құжаттармен танысу;
- құнды қағаздарға сатып алу операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
- қаржылай инвестицияларды қайта бағалаудың нәтижесін қайта бағалаудың қайталану жиілігін тексеру;
- қаржылай инвестицияларды шығысқа шығару операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дұрыс, дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
- шаруашылықтың басқа заңды тұлғаларға берген қарыздарының (зайымдарының) құжаттарымен танысу.
Жасалған бағдарламаға сәйкес, аудитор жылдың басындағы және
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, от 24.04.95 № 2235 «О налогах и других платежах в бюджет».
2. Закон Республики Казахстан № 355-1 ЗРК от 31.03.99 «О внесении изменений и дополнений в Указ Президента, имеющий силу закона, «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» № 2235 от 24.04.95».
3. Закон РК № 357-1 ЗРК от 01.04.00 "О бюджетной системе".
4. Закон РК № 359-1 ЗРК от 01.04.00 "О внесении изменений и дополнении в Закон РК "О республиканском бюджете на 2001 год".

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРЖЫЛАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

Қаржылай инвестициялар дегеніміз – пайыздар, дивидендтер, роялти
және жалақысы түрінде, инвестицияланған капиталды арттыру немесе
коммерциялық қатынастардың нәтижесінде пайда табу мақсатында субъект
ие болып отырған актив. Қаржылай инвестицияларға, сондай-ақ
пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция да
жатады.
Мемлекеттік құнды қағаздарға және шаруашылық жүргізуші ұйымның
жарғылық капиталына қаржылай инвестициялар салынады. Сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс шетелдерде
орналасқан басқа да шаруашылыққа қарыздар (зайымдар) беріледі.
Аудитор қаржылй инвестициялардың есебін тексеруге кірістердің
алдында тексерудің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында тексеру
барысында анықтауды, назар аударуды, тексеруді талап ететін
мәселелер бойынша бағдарлама жасайды:
- баланста инвестициялардың дұрыс көрсетілгендігін тексеру;
- инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есеп
мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;
- шаруашылық қаржылай инвестициялардың дұрыс сыныпталуын тексеру;
- инвестициялардың құнын анықтауда бағалану тәртіптерінің
қолданылғандығын тексеру;
- нақты қолда бар құнды қағаздардың сақталу орнын анықтайтын
бастапқы құжаттармен танысу;
- құнды қағаздарға сатып алу операцияларының бухгалтерлік есеп
жазуларының дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
- қаржылай инвестицияларды қайта бағалаудың нәтижесін қайта
бағалаудың қайталану жиілігін тексеру;
- қаржылай инвестицияларды шығысқа шығару операцияларының
бухгалтерлік есеп жазуларының дұрыс, дер кезінде жүзеге
асырылғандығын тексеру;
- шаруашылықтың басқа заңды тұлғаларға берген қарыздарының
(зайымдарының) құжаттарымен танысу.
Жасалған бағдарламаға сәйкес, аудитор жылдың басындағы және
ағымдағы мәліметтерін салыстырып тексеруге міндетті. Тексеру
барысында аудитор қаржылай инвестициялардың дұрыс сыныпталғандығына
назар аударып, олардың есебінің шаруашылықтың қабылданған есеп
жүргізу саясатына сәйкес ұйымдастырылғандығына көз жеткізуі тиіс.
Қаржылай инвестициялар мақсаттық бағытына және салыну мерзіміне қарай
ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары) немесе қысқа мерізмді (бір жалға
дейін) болып екіге бөлінеді.
Аудитор қысқа мерзімді қаржылай инвестициялардың бухгалтерлік
баланста ағымдағы құны бойынша немесе сатып алу құны мен ағымдағы
құнының ең төмен бағалануы бойынша есепке алынып, олардың ағымдағы
құнының өзгеруінен болған табыстың немесе зиянның сол есепті кезеңде
танылғандығына тексеру жүргізеді.
Ұзақ мерзімді қаржылай инвестициялардың бухгалтерлік баланста
сатып алу құны бойынша қайта бағалаудың нәтижесі ескеріліп, есепке
алынған құны бойынша және қоржын негізінде айқындалатын сатып
алу құны мен ағымдағы құнының ең төменгі бағалануы бойынша есепке
алынғандығын тексереді.
Әдетте қаржылай инвестициялар операциялары онша көп болмағанымен,
құндылығы жөнінен өте маңызды. Аудитор тәртіп бойынша бақылау
тестін жүргізбегенімен, қаржылай инвестициялардың әрбір операциясын
жеке-жеке мұқият зерттеуге және бағалауға міндетті.
Негізінен күрделі қаржы салымдарының ұйымдастырылуын аудиторлық
тексеруді, аудиттің бес бағытына сәйкес жүргізуге тиісті: тіршілік
ету немесе пайда болу; толықтық; бағалау; құқық және міндеттеме,
тапсыру және ашу. Бұл аталған бағыттар субъектінің басшысының
қаржылық саясатында іске асыратын шараларға көзқарасын білдіреді.
Осы мәселелерге сүйене отырып, аудитор тексеруге тиісті сұрақтарын
кәсіби биіктілікке және нақты дәл белгілеуге тиіс.
Алдыңғы үш бағыт бойынша (тіршілік ету, толықтық, бағалау)
тексеруді ауызша сұрау салудан бастаған жөн. Аудитор инвестициялық
құнды қағаздардың қайда сақталатынын және жыл бойында қандай
өзгерістердің болғанын анықтауы қажет. Егер ол клиенттің өзінде
сақталса, онда оларды қарап шығып, санау қажет. Егер құнды
қағаздар сенімді тұлғада сақталса, онда олардың растығын
дәлелдейтін анықтамалар алу керек. Сондай-ақ қажетті іс-әрекеттердің
қатарына ішінәра бақылауды қолданып, оларды санау жатады.
Инвестициялық мүліктер басқа да материалдық құндылықтар сияқты
тексерілуі мүмкін. Қаржылық инвестиция құқығын аудитор тиісті
шаттары, құнды қағаздары және басқа да құжаттары бойынша жүргізеді.
Сондай-ақ аудитор инвестициялардың құнын бағалап, анықтағанда қандай
әдісті қолданғандығын және бұл әдістің шаруашылықтың жүргізіп
отырған есеп саясатына сәйкестігін тексеруге міндетті. Инвестиция
жүргізу шығындары құжаттарында расталынып және аналитикалық есепте
көрсетілгендігіне, кейібр қаржылай салымдардың (жарна) құны меншік
құқығы көрсетілген накладнойларда және басқа да құжаттарында
расталғандығына назар аударуы тиіс.
Аудитор қаржылай инвестицияларды тексерген кезде құнды қағаздардың
түрлеріне қарай есеп мәліметтерінің жинақталып көрсетілгендігіне көз
жеткізіп, олардың ерекшеліктеріне назар аударуға тиіс. Олардың
түрлеріне қысқаша тоқталатын болсақ, олар былай жіктеледі:
1. Жәй акциялар (шаруашылық қызметінен табыс алуға және шаруашылықты
басқаруға қатысуға құқық беретін). Акция ұстаушылар акцияларының
санына қарай акционерлердің жиналысында сонша дауысқа ие болады.
2. Артықшылығы бар акциялар (тұрақты табыс алуға құқық берілген,
бірақ шаруашылықты басқаруға араласуға құқық берілмеген.
3. Облигациялар (шығарған шаруашылықтың немесе мемлекеттік органның
қарыз міндеттемесі, оларды ұстаушыларға белгіленген табыс төлеуге,
белгілі бір жұлдызға облигацияның құнын қайтаруға).
Вексель бір жақты бұлжытпай орындалатын ақша міндеттемесін
қамтитын қатаң бекітілген нысанды құжат.
Вексельдер жәй және аударма болып бөлінеді:
Жәй вексель (соло) дегеніміз - талап ету бойынша немесе
белгіленген мерзімінде вексельді берушінің, вексельді ұстаушыға
вексельде көрсетілген соманы төлейтіні жөнінде ешбір құжатта
мақұлданбаған міндеттемесі.
Аударма вексель (тратта) – бұл несиеленушінің (трассанттың)
борышкердің (трассаттың) және төлемді алушының (ремитенттің) үш жақты
вексельдік қатынастарын реттеуші құжат. Бұл қатынастырадың мағынасы
трассант трассатқа вексель жазып беріп, ремитентке белгілі бір
сомадағы ақшаны, белгілі бір орында, мерзіммде төлеп беруге ұсыныс
жасауды білдіреді.
Аудитор вексель (тратта) дегеніміз – вексель ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны
Инвестициялар туралы ақпарат
Ұзақ мерзімді активтерді жиынтығы
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялары
Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Кәсіпорынның шаруашылық – қаржылық қызметі. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты
«Казойлсервис» ЖШС-нің қаржылық есебі
Кайс Астана ЖШС ұйымының жалпы сипаттамасы, қаржылық талдау
Инвистиция есебі және аудиті
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті
Пәндер