Сәбит Дөнентаев. Өмірі мен шығармашылығы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ТАРАУ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1.1 Сәбит Дөнентаевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.ТАРАУ СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
2.1 Уақ.түйек өлеңдер жинағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 С. Дөнентаев публицистикалық мақалалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Сәбит Дөнентаев - ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің тарихында іргелі орны бар ағартушы - демократ ақындарының бірі. Ол - өзінің шығармаларында еңбекші халықтың өмірін және совет дәуірінің шындығын социалистік реализм әдісімен жырлаған талантты ақын.
Сәбит Дөнентаевтың сан қырлы өмірбаянын бір ғана мақаламен жазып шығу жеңіл-желпі дүние емес. Өйткені, ол өзінің журналистік ғұмырында ел ішінде болып жатқан елеулі оқиғалардың қайнаған ортасында жүріп, қоғамдық және редакторлық қызметтері барысында атқарған істерін жүйелеп-жіктеп жазып шығу үшін зерделеп, зерттеу қажет. Кедей отбасында дүниеге келіп, оқу-білім іздеп талпынуы, ақындық өнерінің ашылуы, өз бетінше білім қууы, тұрмыс қажеттілігі салдарынан ұстаздық жолға түсуі, сол кездегі үлкен мерзімді баспасөзге өлең, мақала жолдап тұруы, баспасөз қызметкерлерімен тығыз байланыс жасап тұруы, патша өкіметінің зұлым саясатының салқыны тиіп, қуғынға ұшырауы, жұмысшы, пошташы болып істеуі, майданның қара жұмысына жегілуі, кейіннен Қаныш Сәтбаевпен халық соты қызметін атқаруы Сәбит Дөнентаевтың редакторлық қызметке келуге дейінгі көрген қиындықтарының сыртқы көріністері ғана. С. Дөнентаев сыншылық көзқарасында жазушы не ақын творчествосын оның өзі өмір сүрген дәуірдің көкейкесті проблемаларымен, өнер адамына тән ерекшеліктерімен есептесе отырып талдау принципі бірінші орында тұрады. Ол Мағжан Жұмабаев шығармаларына осы тұрғыдан баға береді. Онда Мағжан тауып-өскен ортаның қайшылықты шындығының ақын өлеңдеріндегі көрінісі, революциялық дүмпулер кезіндегі ақындық ізденістің әр қилы бет алсын нанымды талданады. Сөйтіп, сыншы Мағжан ақынның табыстары мен қайшылығын дәл тауып көрсетеді.
Қазақтың демократтық-ағартушылық әдебиеті, орыстың және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерінен сусындаған С. Дөнентаев бүкіл творчестволық өмірінде публицистикасы арқылы адамдық, адамгершілік және таптық екі жақты қанауында езіліп келген туған халқын оқу, өнер, білім жолына үгіттеді. Совет өкіметі жылдары азаттық алған елдің қоғамдық санасы мен рухани өмірінің жетілуін аңсады, қалың қазақ қауымының жаңа өмірді қабылдауы мен өсуінің тарихи жолын, жаңа адамдардың туып, жетілуін көркемдікпен бейнеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Әр қаламгерді оның әдеби ортасынан жеке-дара алып қарау, тану біржақты болмақ. Ақын, немесе жазушы өз ортасында өсіп, содан сусындап, шыңдалып қана қоймай, біте қайнасып, сол

1. Ысқақов Б. Сәбит Дөнентаевтың ақындық жолы. Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1966. - 378 б.
2. Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы: Атамұра, 1996. - 312 б.
3. Мұқанов С., Бекхожин Қ. Қазақ әдебиеті тарихының очерктері.
Алматы: Жазушы, 1958. - 393 б.
4. Еленов Ж. Сәбит Дөнентаев. Алматы: Рауан, 1985. - 610 б.
5. Молдашева Р. Сарыарқадан Семей таңына дейін. Алматы: Дәуір, 2005. - 185б.
6. Б.Жақып. Публицистикалық шығармашылық негіздері. Алматы: ҚазҰУ, 2007. - 324 б.
7. 28 Қирабаев С. Сәбит Дөнентаев. Алматы: Рауан, 1991. - 574 б.
8. «Айқап» энциклопедиясы Ү.Сұбханбердина, Қ.Сақ, С.Дәуітов. Алматы,
9. Дөнентаев С. Шығармалар. Алматы: Рауан, 1990. - 426 б
10. С.Дөнентаевтың шығармашылығы.-Қазақ тілі мен
11. әдебиеті,19992.Ахметов.Ш.Балалар әдебиеті,-Алматы,1997.

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-ТАРАУ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1.1 Сәбит Дөнентаевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... .5
2-ТАРАУ СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
2.1 Уақ-түйек өлеңдер жинағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 С. Дөнентаев публицистикалық мақалалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ
Сәбит Дөнентаев - ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің тарихында іргелі орны бар ағартушы - демократ ақындарының бірі. Ол - өзінің шығармаларында еңбекші халықтың өмірін және совет дәуірінің шындығын социалистік реализм әдісімен жырлаған талантты ақын.
Сәбит Дөнентаевтың сан қырлы өмірбаянын бір ғана мақаламен жазып шығу жеңіл-желпі дүние емес. Өйткені, ол өзінің журналистік ғұмырында ел ішінде болып жатқан елеулі оқиғалардың қайнаған ортасында жүріп, қоғамдық және редакторлық қызметтері барысында атқарған істерін жүйелеп-жіктеп жазып шығу үшін зерделеп, зерттеу қажет. Кедей отбасында дүниеге келіп, оқу-білім іздеп талпынуы, ақындық өнерінің ашылуы, өз бетінше білім қууы, тұрмыс қажеттілігі салдарынан ұстаздық жолға түсуі, сол кездегі үлкен мерзімді баспасөзге өлең, мақала жолдап тұруы, баспасөз қызметкерлерімен тығыз байланыс жасап тұруы, патша өкіметінің зұлым саясатының салқыны тиіп, қуғынға ұшырауы, жұмысшы, пошташы болып істеуі, майданның қара жұмысына жегілуі, кейіннен Қаныш Сәтбаевпен халық соты қызметін атқаруы Сәбит Дөнентаевтың редакторлық қызметке келуге дейінгі көрген қиындықтарының сыртқы көріністері ғана. С. Дөнентаев сыншылық көзқарасында жазушы не ақын творчествосын оның өзі өмір сүрген дәуірдің көкейкесті проблемаларымен, өнер адамына тән ерекшеліктерімен есептесе отырып талдау принципі бірінші орында тұрады. Ол Мағжан Жұмабаев шығармаларына осы тұрғыдан баға береді. Онда Мағжан тауып-өскен ортаның қайшылықты шындығының ақын өлеңдеріндегі көрінісі, революциялық дүмпулер кезіндегі ақындық ізденістің әр қилы бет алсын нанымды талданады. Сөйтіп, сыншы Мағжан ақынның табыстары мен қайшылығын дәл тауып көрсетеді.
Қазақтың демократтық-ағартушылық әдебиеті, орыстың және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерінен сусындаған С. Дөнентаев бүкіл творчестволық өмірінде публицистикасы арқылы адамдық, адамгершілік және таптық екі жақты қанауында езіліп келген туған халқын оқу, өнер, білім жолына үгіттеді. Совет өкіметі жылдары азаттық алған елдің қоғамдық санасы мен рухани өмірінің жетілуін аңсады, қалың қазақ қауымының жаңа өмірді қабылдауы мен өсуінің тарихи жолын, жаңа адамдардың туып, жетілуін көркемдікпен бейнеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Әр қаламгерді оның әдеби ортасынан жеке-дара алып қарау, тану біржақты болмақ. Ақын, немесе жазушы өз ортасында өсіп, содан сусындап, шыңдалып қана қоймай, біте қайнасып, сол қауымның өкілі ретінде ғұмыр кешеді. Рухани дүниесі толысқан шақтан бастап айналасына ықпалды болған тұлғалар өз әдеби ортасын қалыптастырады. Демек, белгілі бір әдебиет өкілінің шығармашылық өсуіне ықпал ететін үрдістер және сол тұлғаның кемеліне келгеннен кейін өз айналасына, кейінгі буынға әсері деген мәселелер әдеби орта ұғымын тудырады. Жұмыстың негізгі мақсаты - ақын айналасының орнын белгілеу. Аға буын әдебиет өкілдерінің Сәбитке әсері және ізбасар шәкірттерді тәрбиелеудегі ақынның рөлі, дәстүрін дамытудағы ақын шәкірттер шығармаларының қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық сипатын көрсету.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін курстық жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылды:
- Сәбит Дөнентаевтың әдеби ортасы тақырыбының зерттелу жолын ғылыми тұрғыдан саралау, зерттеу
- отаршылдыққа, үстемдікке қарсы күресті жырлаған идеялық бірлікті дәлелдеу
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Курстық жұмыста көтерілген мәселелердің ғылыми негізделуі мен шешімін табуында осы тақырыпқа қатысты тікелей еңбек жазған зерттеушілермен қоса отандық ғалымдардың еңбектері зерттеу жұмысына әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды
Курстық жұмыстың дереккөздері: Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері. Зерттеуде жүйелі-кешенді, тарихи-салыстырмалы, тарихи-функционалдық әдіс түрлері қолданылды
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, іштей тарауларға жіктелген екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1- ТАРАУ. С.ДӨНЕНТАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1.1 С.Дөнентаевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі -- педагог ақын Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезі, Аксу болысында (казіргі Павлодар облысының Ермек ауданында) кедей шаруаның семьясында туған. Дөнентай қолы қысқа кедей шаруа болса да зерделі кісі еді. Баласының сауатын ашып, хат танытуға, Сәбитті оқыған азаматтар қатарына қосуға көп күш жұмсайды. Әкесінің осындай қамқорлығын сезінген Сәбит жастайынан зерек болып өсті. Оның оқуға деген құштарлығы арта берді. Алғаш Қасым қажы дегеннің медресесінде татарша оқиды. Діни окулармен қатар; бұл медреседе география, тарих, есеп пәндері де өтіледі. Сәбит өз бетінше окып, орысша хат таниды, газет-журналдар оқи бастайды. Ғабдолла Тоқай мен Абайдың өлеңдерімен танысады, соларға еліктеп, медреседе жүргенде алғашқы өлеңдерін жаза бастайды.
Медресені бітірген соң Сәбит ауылдық мектепте мұғалім болады. Осы кездерден бастап балалардың ұғымына жеңіл, түсінуіне оңай әрі қызық, әрі күлдіргі, олардың білімін толықтыруға септігін тигізерлік мысал өлеңдер жазады. Оның өлеңдерінің туңғыш жинағы 1915 жылы Уфа қаласында Ұсақ-түйек деген атпен басылып шықты. Өз өмірінің көбін бала оқыту, бала тәр-биелеу жұмысына арнаған Сәбиттің ауыр тұрмыс салдарынан денсаулығы нашарлап, ауруы асқына береді. Ол сонда да болса өзі ұнатқан мамандығын тастаган жоқ. Өмірінін ақырына дейін қызмет үстінде болады. Халық ағарту жұмыстарының алдыңғы қатарында жүрген Сәбит Дөнентаев асқынған ауруының салдарынан 1933 жылы 23 майда Семей қаласында қайтыс болды.Сәбит Дөнентаев өзінің алғашқы жұмысын жұмысын әрі педагог, әрі балалар жазушысы ретінде бастады. Сәбиттің балалар әдебиетіне қосылатын шығармалары қысқа әрі мазмұнды, түсінуге женіл болып келеді. Ақын өлеңдері қысқа жазылса да, белгілі оқиғаларға құрылғандықтан, өзіне лайық кейіпкерлері, типтік образдары бар. Өтірік, өсек, жағымпаздық, мен-мендік және тақаппарлықты әшкере ету -- Сәбит Дөнентаев жазған мысал өлең-дердің ең басты тақырыптары болды. Оның: Қожа, Ауырған арыстан, Көзі тоймаған ит, Екі текс өлеңдері кейбір адамдарда болатын аңқаулық, өрескел қылықтардан, өсек-аяң, өтіріктен, жағымпаздық немесе бірді-бірге соғыстыратын айлакер сұм істерден аулақ болуға үйретеді. Ондай жағымсыз әрекеттердің адам баласына жат жақтарын әжуа, мазақ етіп, мейлінше әшкерелейді. Мұның балалар үшін қызықтығы сол -- адамда болатын ағат мінездерді, ашқарақтықты немесе озбырлықты, қулықты хайуанаттардың іс-әрекетімен көрсетуінде. Ауырған арыстан деген мысал өлеңде:
Түлкіні балағаттап деді қасқыр,
Жан қалмай сізді естіп келдік, тақсыр.
Бәрі де осыншаның келгенінде,
Қалыпты түлкі келмей қара басқыр, --
дейді, Арыстан мұны естіп қатты ашуланады. Түлкінің келмей қалуын өзін басынғандай көреді. Қасқырдың шағыстырғанын естіп, басына қиын зобалаң туайын деп жатқанын біліп, түлкі де жетіп келеді.
Мен болдым сіз секілді катты ауру.
Ізденіп жүріп қалдым соған дәру, --
деп, келісімен кешіккен себептерін арыстанға баян етеді. Мұны есіткен арыстан дереу Табылды ол дертіңе неден дару? -- деп сұрақ қояды. Сонда:
Түлкі айтты іліп ала-ақ, ей, сұлтаным,
Кеше еді сізден жаман ауыр халім,
Қасқырдың артқы аяғы сіңірін жеп,
Жазылды саламат боп ғазиз тәнім, --
дейді. Түлкінің бұл сөзін есіткен арыстан дереу қасқырды шақыртып, басып жатып, артқы аяғының сіңірін суырып жейді.
Сонан соң кетті шығып қасқыр, түлкі,
Шағудан қасқырдың көп алған мүлкі.
-- Жануар қызыл аяқ кайда жүрдің, --
Деп түлкі: касекеңді етті күлкі.
Мінекей, өтірік шағым берудін, біреулердін сыртынан өсек айтудың, қиянат жасаудың салдары осындай болмақ деген зілді сықақ, кекесінмен қорытынды жасайды. Сәбиттің мысал өлеңдерінің қайсысында болса да өзінше қорытынды жасап, шешімін айтып, ақыл парасатына салып, қисынсыз қыңыр жақтарын көрсетіп отырады. Адам қылықтарына жат нәрселердің бәрінен де аулақ болуға үгіттейді. Өтірік, өсек айтудың аяғы әрқашан адамды жексұрын етіп жіберетінін нанымды түрде дәлелмен суреттейді. Мұның балалар үшін тәрбиелік мәні зор және аса қажетті.
Сәбиттің осы мысалынан кейіпкерлер арасындағы тартысқа
құрылған драмалық комедиялық көріністер және олардың психологиясы, мінез өзгешеліктері анық байқалады. Кейіпкерлер арасындағы сөз қақтығыстары да драманы, сахналық көріністі білдіреді. Олардың жүріс, қозғалыстары да, көз алдында тұрғандай әсер береді.
Сәбит Дөнентаевтың мысал өлеңдерінде бір-біріне мүлде жанасымы жоқ, мінез өзгешеліктері басқа-басқа кейіпкерлер арасындағы тартыстарды шебер суреттейді. Солар арқылы адамдардың басында болатын әр қилы мінез-құлықтарды баян етеді. Мұндай өлендер балаларды қызыктыра отырып, олардың ойлау қабілетін, санасын шыңдайды, ішкі дүниесіне қозғау салады. Сәбит мысалдарындағы түсінуге жеңіл тиетін көрнекілік қасиеттің басым болуы -- онда суреттелетін окиғаның сыр-сипатын әлдендіріп, күшейте түсуі. Баланың жас жаны тіпті ұсақ деген нәрсенің өзінен әсер алғыш болады. Сондықтан оның көзінше өнегесіз болудан, тіксінуден, ұрыс-таластан, өсек айтудан, ең нашары -- өз сөзіңе өзің қайшы шығудан сақ болу керек, бала оның бәрін байқағыш болады, кейін тіпті ұмытып кететін болса да, оның мінезінде бұл жайдың ізі қалады дейді Ф. Э. Дзержинский. Түлкіні арыстанға шағыстырып айтқан қаскырдың қандай күйге түскенін тіпті ұмытуға болмайды. Ф. Э. Дзержинский сондай озбырлықтардан сақтандырудың бірден-бір жақсы жолы оларға өзінің өнегелі болуы және санасынан берік орып алатын ақылшысы, тәрбиешісі болуы дейді. Сәбит Дөнентаев та өз өлеңдерімен жас өспірімдер алдында өнегелі болуды жақтайды.
Көзі тоймайтын ит деген мысал өленімде Сәбит дәл осындай идеяны ұсынады. Сүйек тістеп көпірден өтіп бара жатқан иттің өз көлеңкесін басқа ит деп түсініп, оның аузындағы үлкендеу сүйекті тартып алмақшы болып ұмтылғанда, өзі суға кетіп қалады. Өлеңнің ең сонында автор:
Әр қайда ашкөздінің олжасы осы,
Байқасаң, іс түбіне көзің салып, --
деп, екі ауыз сөзбен қорытынды жасайды. Қанағат қарын тойғызар қанағатсыз жалғыз атын сойғызар деген халыктың даналық сөздерімен ұштастырады. Сұғанақтық, озбырлык, арсыздықтың бір түрі екенін айқын керсетеді. Ауырған арыстан деген мысал өлеңінде жағымпаз, ашқарақ, дойыр кісілердің озбырлық әрекеттерін әшкерелейді. Жас өспрімдерді осындай жағымсыз қылықтардан аулақ болуға шақырды.Адамгершілігі мол мәдениетті, ізетті болуға тәрбиелейді.
Сәбит өлеңдерінде қызықты күлкінің астарында зілді мысқыл жатады. Балалардың жаттап айтуына ықшамды Кожа, Екі теке өлеңдері осы сияқты қызықты, мазмұнды, күлкілі жазылған. Аңқаулық пен ашық ауыздық та кісі басында болатын үлкен кемшілік. Адам өзіне-өзі пысық, жинақты, ширақ, әсіресе барлық іске икемі бар бір сырлы, сегіз қырлы болуы керек. Кісінің ойлы да, парасатты, сабырлы болғаны жақсы, Қожа сияқты болып жүрмеңдер дегенді аңғартады.
Бір күні айдалада ақымақ Қожа терлеп-тепшіп жер қазып жатыр екен. Оған бір адам кез келіпті. -- Қожеке, бар күшіңді сарп етіп бұл жерді не үшін қазып жатырсыз? -- десе, Қожекең оған былай депті.
Бул жерге көмген едім алтын бұрын,
Таба алмай сол алтынды дал боп тұрмын.
Қоймап па ең? -- адам айтты, -- ешбір белгі,
Болмаса ұмыттың ба белгі түрін?
Адамға қожа сонда ал не деді:
Қойып ем жоғалмастай мұнда белгі,
Мезгілде алтын көмген, дәл төбемде,
Ақ бұлт көлеңкелеп түрып еді.
Бұлтты аспандағы кім алады,
Бір белгі бұдан артық бола ма енді? --
Жарайды, олай болса жоғалмас, -- деп,
Ол адам күлді дағы жүре берді.
Мұндағы өлең идеясының қызықтығы сол -- Ақылсыз бас екі аяққа дамыл бермейді -- дегеннің кейпін танытқан. Анқаулық пен ашық ауыздық адамды адал жолынан тайдырады. Өйткені ондайлар сұм адамның жетегіне тез ілігеді. Түлкінің қарға аузындағы ірімшігін алдап алғаны сияқты, аңқитып, жер соқтырып кетеді. Осындай анқаулықтан, ашык ауыздықтан сақтанды-рып, жас өспірімдерді әр нәрсеге икемі бар азамат етіп тәрбиелеуге шақырады. Бұл өлеңнің тәрбиелік мәні осында. Адамды әр түрлі болымсыз жаман істерден сақтандырып, камкорлық жасап отыру -- акынның азаматтығын, адамгершілік дәрежесінін жоғары сатыда екенін, мәдениеттілігін танытады. Мұндай ақындардың шығармаларының ұзақ өмір сүретіні, әрқашан қажетке жарап отыратыны да сондықтан.
Екі теке өленінде айтыс-таласқа түсудің, ерегістін, берекесіздікке бастайтынын, адамды азғындататынын мысал етіп көрсеткен. Тар көпірдің үстінде бір-біріне қарсы кездескен екі теке бір-біріне жол бермей таласып, үлкен егеске түспек болады. Екеуі де біріне-бірі кішірейгісі келмейді... Жасынан тәкаппар боп өскен екі теке сүзісіп, бірінен бірі кек алғысы келеді. Өйткені ешкімнің тосқауылынсыз көкірегін керіп, көпірден бұрын өту мақсаты бар. Сол мақсат оларды намысқа итермелейді. Бітім жасап, бірінен соң бірі көпірден еркін өтіп кету ынтымағына сол менмендік намыс жібермейді. Ерегіспен тайталасқа түскен екі теке сүзісіп қалғанда, тар көпірден тайып, екеуі де терең суға ұшып түседі. Өлеңнің ең соңында ақын:
Екеуі де суға құлал тыныш тапты,
Жігіттік қыл көпірді тез босатты.
Ерегістін нәтижесі осы да,
Таласқандар мұнан артық не тапты? --
деп, жас оқушыларды терең ойға қалдырып, үлкен сұрақ белгісін қояды. Кіші пейілділігі жоқ мұндай менмендік, бір-біріне орынсыз килігу -- өжеттік белгісі емес. Өжеттік өз орнына, адам баласына пайда келтіру мақсатына жұмсалмаса, екі текенің егесі сияқты пәтуасыздыққа киліктіреді. Сәбит өлеңдерінде балаға жат, жаман әрекеттердің барлық түрлерінде де осылай санаға жеткізе айту арқылы ерескел қылықтардан алыстату, қиянатқа жолатпау бағыты көзделген.
Сәбит Дөнентаевтын У жеген қасқырға деген мысал өлеңінде бұдан да зор мәселенің беті ашылады, көзі тоймаған қомағайлықтың салдарынан озбырлыққа, қаныпезерлікке айналған үстем тап өкілдерінің зұлым әрекеттері әшкере етіледі:
Жерің кем шарламаған, бармай калған,
Ісің кем ойға алмаған, болмай қалған.
Жалғызды, жарлыны да, кимасты да,
Ер едің көмекейге бүктеп салған.
Тозығы жеткен өткен дәуірдегі қанаушы таптардың озбырлық. әрекеттерін осындай образды сөздермен оқушысына жеткізеді.Мысал өлеңдер қоғам өмірінде болған шындық оқиғаларға байланысты туады да, өзінің өткір мысалымен ондағы төзімсіз жағдайларға байланысты өріс алған әділетсіздіктің күл-талқанын шығарады. Әшкере етеді. Сөйтіп, оны халықтың күлкі, мазағына, тәлкегіне айналдырады. М. Горькийдің: Балалар жаңа дү-ниенің негізін қалаушы ата-аналарынан гөрі мәдениетті, белсенді болуы керек. Біз үлкен сөзден қорықпай-ақ, балаларымыз дүние жүзі пролетариатының қазіргіден де гөрі белсенді көсемдері боларлықтай тәрбие алуға тиіс дегенді айтуымыз керек. Ол үшін ескі тұрмыстың кертартпалығына қарсы, тоғышарлық, мещандық ортаның ықпалына қарсы күрес жүргізуге қажетті білімінің барлық күшімен балаларды жастайынан каруландыруға міндеттіміз деген терең ғылымдық кағидалары жас еспірімдерімізді осы бағытта тәрбиелейтін бірден-бір басты және күшті құрал екенін дәлелдейді.
Ақынның балалар әдебиеті мұрасына енген мысал өлендеріне талдаулар жасағанда, оның саяси мазмұнының өзі бірден-бірге тереңдеп, балаларға үлкен ой туғыза бастайды.
Ол өзінің мысал өлеңдерін ескі тұрмыстың кертартпалығына қарсы, тоғышарлық, мещандық ортаның ықлалына қарсы күрес жүргізудің бірден-бір қуатты құралы етіп, шебер пайдалана білген. Боз торғай деген мысал өлеңінде: тұрымтайдан зорлық-зомбылық қысым көрген боз торғай ойдан-қырдан іздесе де мұң шағарлық таяныш таппаған соң, қырғиды іздеп ұзақ сапар шегеді. Оны -- қырғиды -- өзіне үлкен сүйеніш, тірек көреді. Әділдік осыдан ғана шығар деп ойлайды. Арыл-талыл ақыры қырғиды іздеп табады. Жемсауы шығып ыңқылдап, бір томардың түбінде бұғып отырған қырғиға тұрымтайдан зәбір көргендерін айта бастайды. Бірақ қырғи оның сөзін аяқтатпай: Тоқтат! Еш нәрсе етпес. Жаның шықпас, күнің өтпес!, -- деп тойтарып тастайды. Бұдан теңдік ала алмасын білген боз торғай тұрымтай мен кырғидың озбыр қылықтарынан шошынып, бұларды қаршығаға айту үшін тағы да ұша жөнеледі. Жолда ол бөделеге кездеседі:
Бөдене қылды ишара: Мұнда кел, -- деп,
Ағаңның мынау жатқан жайын көр, -- деп,
Мені аңдып бір жау қырғи отыр еді,
Білдің бе, кетті ме екен хабар бер, -- деп.
Мұндай халді естіген боз торғай одан бетер шошынып, қаршығаға тез жетуді ойлайды. Жолда ол қиқу салған, азан-қазан болған үйректердің қаңқылдаған үрейлі дауыстарын естиді. Бозторғай одан бетер үрейленіп, қатты шошынады. Енді осылардың бәрінен де бекзат еді, лашын ханға барайын деп аттанса, бір теректің түбінде бекзадасы қанын ағызып, қаздың етін жеп отырғанын көреді.
Жаным-ау, мынау біздің төреміз бе?
Шынымен ақтық көрмей өлеміз бе?
Кемтарға бұлар қайтіп кек әпермек?
Құдірет кен деген соң көнеміз де! --
деп, шындықтың, әділдіктің түбіне жете алмай діңкесі құрып дәл болады. Билік пен өкімет басшылығы байлар мен феодалдардың қолдарында тұрғанда, олардың қайсысына барсаң да осы сияқты күйінішке соқтыға беретінін атап айтқан. Канау бар жерде тендік жоқ, бостандық жок, әділеттік те болмайтыны айқын суреттелген. Саяси жағынан осындай ұстамды шығармалар жазу арқылы және ескі тұрмыстың неше алуан былықтарын әш-кере ету арқылы жазушы тәрбиешілердің алдына қоғамдық идея жағынан ұстамды, кайсар, адал ниетті азаматтар тәрбиелеу сияқты абыройлы мақсат қояды.
Сәбит Дөнентаевтың мысал өлеңдерінен халық данышпандығы, халықтың өткір сатирасы, ирониясы кең орын алған. Оның ең маңызды жағы -- осында. Мысал өлеңдердің осындай ерекшеліктеріне байланысты оны үлкендер де, балалар да қызыға оқиды. Ақылдың әрбір мысал өлендерінен қазақ халқының бастан кешіргел өмір өткелдері, арманы, айқын ойы көрінеді. Сәбит мысалдарынын корытындысы ел ішінде жиі айтылатын өнегелі нақыл сөздерге, мақал-мәтелдерге айналып кеткен. Өйткені, мақал-мәтелдер халық ойының, халық данышпандығының өте ықшам айтылатын асыл түйіні. Әрі қысқа, әрі мазмұнды, әрі көркем, әрі халық ойынан шығарлық мұндай туындылар ғасырлар бойы жинақталған халық тәжірибесінің қорытындысынан туған. Балалар әдебиеті дегенде мұның өзі жай ғана айтыла беретін елжіреген бос сөздер емес, оның саяси бет алысы, бағыты осындай дәрежеде болуға тиісті. Сәбит Дөнентаев мысалындағы хайуанаттар аллегориялық түрде алынған сахнадағы актерлер сиякты көрінеді. Ондағы қасқыр, түлкі, арыстан, ит, теке, боз торғай, бөдене, қырғи, лашын құс тағы басқалары адам өмірінде кездесетін шындык өмірдің бейнесін танытады. Олар да бірін-бірі алдау, арбау үшін адам күлерлік комедиялық қазды сөздер қолданады. Соған қарай мысал өлеңдердегі кейіпкерлердің әр-қайсысындағы әр алуан өзіндік мінез өзгешеліктері, психологиясы, күн көріс, тіршілік әрекеттері байқалады. Мысал өлеңдерде драмалық, комедиялық көріністер де орын алады дегенге осының өзі айқын дәлел.
Мысал жанры -- ешқашан шұбалаңқы, ұзақ айтылуды көтермейді. Оның мазмұнында екі ұштылық жалтара сөйленетін жалған ұғым болмайды. Ондағы кейіпкерлер мінезі, олардын өмір сүру әрекеті мейлінше айқын, дәл суреттелуді қажет етеді. Сәбит мысалдары белгілі сюжетке құрылатындықтан оның кейіпкерлері әрқашан қимыл, әрекет, үнемі козғалыс үстінде көрініп, сол сюжет арқылы мысалының айтайын деген тегеурінді ойы іске асып отырады.
Белгілі сюжетке құрылған Сәбит мысалының негізінде антитеза -- салыстыру әдісін қолданушылық бар. Мұндағы кейіпкерлер іс-әрекеттерінің түйінінен кандай қорытынды жасауға болатынын көздеп, оның ар жағынан автордың өз пікірі барлығы айқын аңғарылады. Адам көңілінен шығарлық осындай ерекшелігіне байланысты мысал өлендер бұдан былай да өмірбақи халық данышпандығының ұлы кітабы қатарында қала бермек. Қорыта айтканда, калжың-келекелері мол, өткір сатирлға құрылған Сәбит Дөнентаевтың жел канатты, ашық үнді, өмір елегінен екшеліп алынған мысал өлеңдерінен жас өспірімдер көп нәрсені үйренуге болады.
Оқуға өнер білімге шақыру. Өз халқынды сүйе білу -- ең басты, ең сүйікті міндет. Сол міндетті бзланың жанына жас кезінен еге беру керек. Бала сол міндетті саналы түрде ұғуы үшін оған ең алдымен білім қажет. XX ғасырдың баскезіндегі ақын, жазушылардың алдарына қойған мақсат-мүдделері ең алдымен өз халқының жас ұрпақтарын өнер-білімге,оқуға шақыру болды.

2.1 Уақ-түйек өлеңдер жинағы
Қазақтың аса көрнекті ақыны Сәбит Дөнентаев туралы Мұхтар Әуезов шығар - ма - ла - рының елу томдық жинағының он екінші томында, мақалалар, оқулық, әдеби мұралар негізінде, ғылыми пікірлер айтыл - ған. Ә.Жиреншиннің Қазақ кітаптары тарихынан, Қ.Ергөбековтың Арыстар мен ағыстар атты танымдық дүниелерінде ғылыми тұжырымдар жасалған. Сәбит Дө - нен - - таевтың дүниелері Жиырмасыншы ға - сыр басындағы әдебиет: Хрестоматия. Жоғары оқу орындары студенттеріне ар - нал - ған оқулық ретінде құрастырушы автор Қ.Ергөбеков, Бейсембай Кенже - баев - тың ХХ ғасыр басындағы әдебиет: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық ретінде, С.Қирабаев, Қ.Мырзалиев Қазақ әдебиеті оқулығына методи - ка - лық нұсқау ретінде, ХХ ғасыр басындағы қа - зақ ақындарының шығармалары редакциясын басқарған Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаев, Бүркіт Ысқақовтың Сәбит Дөнентаевтың ақындық жолы жалпы редакциясын басқарған Есмағамбет Ысмайылов атты жазылып, жарияланған еңбектер, Сәбит Дөнентаев шығар - мала - ры - ның ғылыми айналымға енгендігінің кө - ріні - сі. Ғылыми орта қазақтың аса көрнекті ақы - ны ретінде танығандығының куәсі.
Сәбит Дөнентаев бір жағынан лирик ақын болса, бір жағынан сатирик ақын. Екі саланы да еркін меңгерген тұлға. 1915 жы - лы Уақ-түйек атпен Уфа қаласында жарық көрген алғашқы өлеңдер жинағынан бас - тап, 1950 жылғы Алматыдан Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген Өлеңдер атты кітабы, 1957 жылы Қазақтың Мемлекеттік көркем әде - биет баспасынан жарық көрген Шығар - ма - лары шығарушы алқа Мүсілім Базарбаев, Ысқақ Дүйсенбаев, Есмағамбет Ыс - майылов, Бейсембай Кенжебаев сынды көрнекті ғалымдар шығарған дүниесі, 1989 жылы баспадан басылып шыққан Бозторғай кітабы ақынның Қазақ поэзия - сына қосқан өзіндік үлесін молынан дәлелдесе керек.
Сөз басында, біз Сәбит Дөнентаев лирик ақын дедік. Бұған дәлел 1950 жылы жа - рық көрген Өлеңдер кітабындағы Балалықты сағыну атты өлең өрімінде:
Ой, заманым балалық!
Әр ісің бір даналық.
Алды-артыма қарасам,
Кетіп қапсың тазарып.
Өзің түгіл ізің жоқ,
Қарасам да қадалып.
Сен бір шала көрген түс,
Отыр сорлың қамалып.
Кет деп сені кім айтты?
Қалмайтұғын таралып,
Неден көңілің қалды екен.
Рақым етпей, сазарып?
Сағынам да, жоқтаймын,
Келмес пе? деп оралып,дей келіп, одан әрі:
Соны да тастап кеттің бе?
Жаныңменен тең көрген?
Шын құрдастан айырылған,
Құшақтасқан, сөз берген,
Ойдан қырға шапсам да,
Қанша абырой, бақ тапсам да,
Мыңнан бірін көрмедім,
Мерекенің сен көрген!.. -
деп түйеді.
Көңіл бұрар, ой толқытар, я қуантып, я қайғыртар, я сергітер, я қажытар, субъек - ті - нің рухани өміріне ұрық себер, жүрегіңе ұя - лар, толғағына айналар нәрсенің бәрі де лирикаға мазмұн. Оның заңды дүниесі. Мұндай нәрсенің өзіндік құны жоқ, мәселе оған ақынның қаншалық мән беруінде, өзіндік шабыты мен рухани толғағында, фантазиясына, түйсік, сезіміне айналдыруында... В.Белинский болса, Сәбит Дөнентаевтың бұл өлеңі ақынның жүрек - жар - ды сөзі. Сағыныш сазы.
... Қазақ поэзиясын жалпы әңгімелеу мезгілі өтті, жеке ақындар жайлы моногра - фия - лық еңбектер жазылумен қатар, поэ - зия - мыздың әр алуан бай салалары туралы да ақындарымызша даралана, мамандана бастаған зерттеушілер керек. Онсыз әде - биет ғылымы қазақ поэзиясына табыстарымен бірге қиындықтарға ұшырай отыратын көмек ете алмайды, - дей келіп, Ә.Тә - жібаев оның ішінде лириканы бөліп зерттеу қажеттігіне тоқталады. Жеке зерттемей әдебиет ғылымы қазақ поэзиясына көмек ете алмайтындығын, ықпал-әсері бола алмайтындығын лириканы бөліп зерт - теудің бірінші себебі десе, екінші себебі деп, Ұлы Абайдан басталатын шын мәніндегі қазақ лирикасы тар шеңберлі, талдауға келмес ұлттық қана құбылыс емес екенді - гін, поэзиямыздың дүние тану дәрежесінде: кең өрелілік, мотив байлығын, сезім әрлілігі, тақырыптың жан-жақтылығы талданбай, лирикамызға арқау, өзек болатын сан түрлі конфликтілерді, лириканың сөз күшін, ондағы характерлерді жетік тексермей, поэзиямыздың өсу эволюциясына терең бойлай алмайтындығымызды, салыс - тыру арқылы лирикамыздың сапалық дәрежесін сипаттарлық өлшем табатынымызды тілге тиек етеді.
Үшінші ең басты себептердің бірі деп, лирикамыздың Абайдан бергі ұзақ тарихы бар: оның даму процестері еш уақытта бей - біт түрде, өзге әлеуметтік кезеңдерден бөлек, оқшау күйде өткен емес екендігін, лири - камыздың тарихи әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл мәдени тарихымыздың үлкен бір арнасы екендігін, бұл - еліміздің ірі қоғамдық өзгерістерін қоса баяндайтын ар - на екендігін нықтап, ғылыми бағытта айт - қан Әбділда Тәжібаев.
Ақынның Боз торғай өлеңі, кешегі Кенен Әзірбаевтың Бозторғайындай өз өмірінің, өз тағдырының мұңын шаққандай әсерде қалдырады. Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан, тыныш таба алмапты қырдан-ойдан деп, Ағып жүр оқтай зырлап көрмей дамыл, Шыбындай жанын сұрап, бір құдайдан деп әділдік таппаған Бозторғай Қырғи төресіне шағым жасап келсе де: Сабыр қыл деп, күте тұр деп айтқан соң, адам өміріндегідей.
Деген соң торғай кетті, амал бар ма?
Тұруға сөз қайтарып заман бар ма?
Қалжырап, қажып, жүдеп қайтты сорлы,
Бірде ұшып, бірде қонып томарларға.
Бір жерде дем алуға бөгеледі,
Тағы ұшып ол орнынан жөнеледі.
Түбінде бір томардың бұғып жатқан,
Бір кезде көзі шалды бөденені, -
деп суреттей отырып, ақын бірін-бірі аңды - ған дүниенің әділдігін таппай шарқ ұрған Боз - торғай Қырғидан соң, Қаршыға құсқа шағым артып, мұңын шағады:
Деп ойлап, іздеп кетті қаршығаны,
Мұң шағып ішкі шерін аршығалы.
Көлдегі көп үйректің арасынан
Шулаған: қаршығалап зар шығады, -
деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz