Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1-ТАРАУ СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӨМІРІ
- С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы . . . 5
2- ТАРАУ С. ТОРАЙҒЫРОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ
2. 1 С. Торайғыров романдарындағы жастар бейнесі . . . 17
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26
КІРІСПЕ
Ұлтымыздың ұлы ақындарының бірі, қазақ поэзиясының Абай, Шәкәрімнен кейінгі ірі тұлғасы - Сұлтанмахмұт Торайғыров. Ақынның ұрпаққа өсиет етіп қалдырған ой-толғамдары - ұлтын өрге сүйреуді мақсат тұтқан, елінің ертеңін ойлаған ұлы мұраттардан жаралған мәңгілік өшпес асыл мұра. С. Торайғыров - белгілі бір таптың не топтың ғана жоқтаушысы емес, бүкіл ұлтқа ортақ ой қозғап, халқының бірлігі мен тұтастығын аңсап, соны өз шығармашылығына басты нысана еткен ақын. Сұлтанмахмұт шығармашылығы туралы айтқанда, ақын творчествосын түбегейлі зерттеген ғалым Б. Кенжебаевтың пікіріне сүйенбеу мүмкін емес. “… Сұлтанмахмұт шығармаларының жалпы жиыны тек әдебиет дамуының сүрлеуін, кезеңін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге ол Қазақстанның сол замандағы қоғамдық ой дамуының да тамаша зор белесі болып табылады”33 - дейді ғұлама ғалым. Ендеше Сұлтанмахмұт поэзиясы арқылы қазақ халқының ақындық өнері, әдеби өрісі жаңа бір белеске кө- терілді. Қазіргі уақытта С. Торайғыров мұрасына жаңаша көзқарас биігінен қарау мүмкіндігі туып отыр. С. Торайғыровқа кезінде “байшыл-ұлтшыл”, “алашордашыл”, жазушы “ұсақ байшылдық толқудағы ақын” деген түрлі айыптар тағылып келуі - ақын мұрасын толыққанды зерттеуге мүмкіндік бермей, оған біржақты қарауға, кейбір туындыларын еріксіз елемеуге әкеп соқты. Сөйтіп ақын болмысы толымды тұлғасымен көріне алмады. С. Торайғыровты танудың негізі 1920 жылдары басталғанымен, 1930 жылдары біршама қырын қарауға душар болып, зерттеушілер түрлі қайшылықтарға ұрынды. Ақын шығармашылығы тек елуінші жылдары ғана жан-жақты да түбегейлі зерттеле басталды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Торайғыров романдарындаңы - 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын жастар бейнесін сипаттау. Оның ізденістері «шындықтың ауылын іздеумен» байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның теңденциясы да сыншыл, осыған орай ақынның өмірін, романддарындағы жастардың жаңашылдығын, ой-өрістерін талдау басты міндет.
Курстық жұмыстың теориялқ және әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысын жазуда ақынның өмірін, шығармашылығын зерттеген ғалымдар мен әдебиеттанушылардың сын-пікірлері мен ойлары, еңбектері пайдаланылған.
Курстық жұмыстың дереккөздері . Курс жұмысын жазу кезінде Қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ ұлттық энциклопедиясындағы деректер, жетекші ғалымдар С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Р. Бердібай, М. Мырзахметұлы, Р. Нұрғали, Д. Ысқақұлы, Ө. Әбдиманұлы т. б. еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: жинақтап салыстыру, саралау және талдау
Курстық жұмыстың жаңалығы мен нәтижелері: зерттеу нәтижелерін ашық сабақтарда, лекция семинарларда қолдануға мүмкіншілік береді
Курстық жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау мен тармақшалардан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған.
1-ТАРАУ СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӨМІРІ
- С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылдың қазанында Көкшетау облысы Қызылту ауданында дүниеге келген. Өзіне фамилия етіп алған Торайғыр - Сұлтанмахмұттың төртінші атасы. Ағайынды Шоң, Торайғыр деген атақты билер - қалың қазақ жұртына танымал болған адамдар. Ақын сондықтан да елге танымал осы тарихи тұлғаның атын өзіне фамилия етіп алған болу керек. Өз әкесі - ел Шоқпыт атап кеткен, Әбубәкір деген кедей-шаруа. Ол мұсылманша хат таныған. Шешесі Зүплен ерте қайтыс болып, Сұлтанмахмұт әжесі Мөнтайдың тәрбиесінде өскен. Әкесі Шоқпыт 1896-1897 жылдары туған жері Баянауылға көшіп келіп, Торайғыр көліне таяу жерге қыстау салып, сол жерге тұрақтанады. Болашақ ақын алғашқы сауатын әкесінің оқытуымен ашады. Алты жасында хат таныған Сұлтанмахмұт бұл туралы: Әкемнен әліп-биді үйде оқыдым, Үйреніп намаз, сабақ жат оқыдым, - дейді. Кейін әкесі оны 1902-1907 жылдары ауыл молдаларына оқытуға береді. Әлі, Тортай, Мұқан, Нұрғали сияқты молдалардың алдын көрген Сұлтанмахмұт Мұқан мен Нұрғали молданың есімін ерекше құрметпен атайды. Өйткені Сұлтанмахмұттың бойындағы ақындықтың ұшқынын алғаш байқап, оны осы жолға салған, өзінің де ақындығы бар Мұқан молда болса 182 керек. Шәкірттік кезіндегі өзіне ұстаз тұтқан екінші бір адам - Нұрғали молда. Ол мұсылмандық оқудың жаңаша жолын ұстанған, “усули жадид” үлгісімен оқытатын, жаңашыл ұстаз екен. Сұлтанмахмұтқа әдебиеттің мәні мен мағынасын, әлемдік ғылымның жағдайын, заман жайын терең ұғындырған осы Нұрғали молда болады. Ұстазы шәкіртінің талантын танып, дарынын байқап оқуын әрі қарай жалғастыруға кеңес береді. Сөйтіп болашақ ақын арман жетелеп, Троицк қаласына жол тартады. Ж. Аймауытовтың айтуынша, бұл 1912-жылдың 9-сентябрі. Өзінің Троицкіге келгеннен кейінгі жағдайы туралы ақын: “Мен Троицкіге 25 ноябрьде келіп, басқа медреседе оқу ертерек басталғандықтан, жаңарақ тәртіпке салынып ашылған ахун Рахманкулиннің медресесіне кірдім”, - деп жазады “Айқап” журналында (1912, N14) . Бірақ Сұлтанмахмұт өкпе ауруына шалдығуына байланысты оқуын жалғастыра алмайды. 1913 жылы көзі ауырып, дәрігерлер оқуға, жазуға рұқсат етпейді. Бұл аурудан оны қазақтан шыққан білгір дәрігер Әбубәкір Бірмұхамедұлы Алдияров жазады. Сонан соң Троицкі маңындағы ауылдарда бала оқытып, 1913 жылдың күзінде қайта оралады. Сол тұста “Айқап” журналының хатшысы Әкірам Ғалымов қайтыс болып, соның орнына 1913- 1914 жылдың қыс айларында журналға жауапты хатшы болады. Бұл - С. Торайғыровтың творчестволық белсенділігінің артқан тұсы. Ол өлең ғана шығарып қоймай, қоғамдық-саяси өмірге, әдеби процеске кеңінен араласа бастайды. Журнал бетінде өлеңдерімен бірге әдеби-сыни мақалалары да жарияланып, өзіндік бет-бағдары айқындалып, ақындық, азаматтық тұлғасы қалыптаса бастайды. 1914 жылдың басында журнал басшылығымен келісе алмай, хатшылықтан шығады. Турашыл да бір беткей жас ақын өзі ұстанған бағыттан айнымайтын, бір сөзді жан екенін осылай білдірсе керек. 1914 жылдың жаз айында Сұлтанмахмұт туған еліне келіп, ағартушылық шараларға бағытталған “Шоң” серіктігін ашады. Ақынның бұл ойы жергілікті байлар мен беделді кісілерден қолдау таппайды. 1914 жылдың күзінде Семейге орысша оқуға барады, бірақ денсаулығына байланысты түсе алмай, Қотанқарағай жақтың қазағы, болыс Әбдікәрім Ережепұлымен танысып, бала оқытып, қаражат таппақ болып соның еліне кетеді. А. Еспенбетовтің деректері бойынша, ол осы жерде Михайл Григорьевич Комаров деген орыс тілінің мұғалімімен достасып, орысша білімін көтереді. Қотанқарағайдан кетуіне Әбдікәрімнің Бағила деген қызына ғашық болуы себеп болса керек. Қыз әкесі ата салтын бұзбай, атастырған жеріне ұзатып жібереді. Сөйтіп 1915-1916 жылдары Тарбағатайдағы Терісарық болысындағы Құрбан қажының ауылында бала оқытады. Осы кезде “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романы дүниеге келеді. “Қазақ” газетінде Құрбан қажыдан естіген бірнеше әңгімелерін жариялайды. 183 1916 жылдың аласапыранында Тарбағатайдан кеткен Сұлтанмахмұт Семейге келіп, онда байыз таба алмаған соң, Томскіге сапар шегеді. Сол қалада Әлімхан Ермековтер ашқан дайындық курсына түсіп, жарты жылдай орысша білім алады. Қиыншылықта өмір сүреді. “Жұмасына екі рет “обед” етем (ет татамын) құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. “Киноматограф”, вечерлерге бір мәрте барғаным жоқ. Күндіз-түні айналдырғаным ала қағаздың беті” - деп жазатыны осы тұс. Ақпан төңкерісін Томскіде қарсы алған Сұлтанмахмұт 1917 жылдың 10 мартында Семейге келеді. Онда Семейде ұйымдасқан, қазақтың үлкен бір азаматы Пайымжан Марсеков басқаратын қазақ комитетінің хатшысы болады. “Абай” журналының ісіне араласады. Қай бір нәрсе болса да өзіндік пікір, айқын көзқарас, белгілі бағыт ұстанған Сұлтанмахмұт комитет басшыларымен келісе алмай, қызметтен шығып еліне қайтады. Көп ұзамай қайта оралып, Семейде шығып тұрған “Сарыарқа” газетіне мақала, өлеңдерін жариялап, қоғамдық өмірге қайта араласады. 1918 жылдың наурызында еліне оралады. Арманы биік ақынды дерт меңдете береді. 1918-1919 жылдары ақын “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларын жазуға күш салады. 1919 жылы Керекудегі революциялық комитеттің жұмысына араласады. Бірақ жабысқан дерт ақыры біржола меңдеп, денсаулығы нашарлай береді. 1920 жылдың 21 мамырында ұзақ созылған ауру “Қараңғы қазақ көгіне күн” болуды мақсат тұтқан ұлы ақынның арман отын сөндіріп, ажал құшағына береді. Небәрі 27 жас өмір сүріп, дүниеден озған ақынның соңғы сөзі “Тым болмаса екі жыл тұра алмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын” болған екен.
Алғашқы кезеңдегі өлеңдерінде көркемдік жағынан кемшіліктер болғанымен де, ақын боп туған таланттың алғашқы аяқ алысының өзі өлеңді жүректен жазатынының куәсіндей. Оның сол кездің өзінде адам мен қоғам, адамның өмір мәні жайлы ой толғап, көркем сурет жасауға ұмтылғанын көреміз. Ол қоғамдағы әділетсіздік, әлеуметтік теңсіздікті әйел тағдыры арқылы көрсетуге тырысады. Дүмше молдалар уағыздаған дін, сапасыз діни оқу сипаты жөнінде де ой тербейді. Оларға өз түсінігіндегі, өз білімі жеткен ұғымдар тұрғысынан қарсылық білдіреді. Ақындық өнерді “ . . . бұрын жалғыз оқу еді іздегенім, енді оған өлең жазу болсын серік” деп бастаған бала ақын алғашқы өлеңдерінде-ақ туған халқындағы өлең өнерінің үлгілерін еркін меңгеріп, құр ұйқас құрмай, өлеңдегі айтар ойдың орамын табуға тырысады. Көбіне салыстыра, салғастыра бейнелеуге тырысады. 184 “Орнымыз медресе оқып жатқан”, “Кедейлік”, “Байлық”, “Соқыр сопы”, “Неке қияр” сияқты тырнақалды өлеңдерінде оқу мен надандық, ғылым мен дін, кедейлік пен байлық бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Ақын үнемі өзі жазып отырған тақырыптың арғы жағына, тереңіне ой жіберуге тырысады. Алғашқы өлеңдерінің өзінде-ақ әділеттік, әділетсіздік тәрізді ұғымдарға барып ой елегінен өткізуі, өзіндік топшылау жасауы осының айғағы. Жан қайда әділетті іздейтұғын, Адамшылық атақты көздейтұғын. Тірлікпен өлген күнді бірдей ойлап . . . Арамдық теңізінде жүзбейтұғын Сұлтанмахмұт “Жан қайда әділетті іздейтұғын” атты осы тұңғыш өлеңінде айтар ойды көркем суретпен өрнектеп, өзі өмір сүрген қоғамдағы ең бір өзекті екі мәселеге назар аударады. Бірі - дін мәселесі, екіншісі - әйел мәселесі. Дінді бұзып отырған арам молдамен өз қадірін өзі кетірген қыз жайлы түйінді ой айтып, олардың есте қалар бейнесін жасауы ақынның жас қаламының ұштала басталғанын танытса керек.
Сұлтанмахмұт шығармашылығының өзекті тақырыбы - оқу-ағарту. Алғашқы өлеңдерінен-ақ көрініс беретін бұл тақырып, ақын поэзиясының үзілмес желісіне айналған. ХХ ғасыр басындағы ақындар шығармашылығында бұл тақырып үнемі алдыңғы қатарға шығып отырғаны белгілі. Бірақ Сұлтанмахмұт поэзиясында ағартушылық тақырып тек насихаттық, үгіттік аяда қалып қоймай, терең ой, нәзік сезім, көркем тіл арқылы өрнектеліп, оқушының “тіліне жеңіл, жүрегіне жылы” тиер күйде жазылған ақындық өнердің озық үлгісі болып келеді. Ақын оқу-білім тақырыбын ақындық жолының алғашқы кезеңінен-ақ өз шығармашылығына өзек ете бастаған. “Орнымыз медресе оқып жатқан”, “Оқу”, “Оқып жүрген жастарға”, “Талиптарға”, “Оқуда мақсат не?” өлеңдері осының айғағы. Сұлтанмахмұт оқу-ағартуды арқау еткен өлеңдерінде өз мақсаты мен қазақ жастарының мақсатын ұштастыра отырып жырлайды. Ақынның жеке арманы, мақсаты, білім-ғылым туралы түсінігі жеке басының ғана емес, ұлт қамын ойлаған жанның биік азаматтық мақсаттарымен айшықталады. Мәселен “Оқуда мақсат не?” деген өлеңінде ақынның жалқыдан, жалпының мәселесін тануы нақты көрініс тапқан. Өзінің оқу оқып, білім алудағы мақсаты белгілі ақын өзгелерге ой салып, санасын оятуға ұмтылады. Жалпы “Оқуда мақсат не?” - деген сұрақты қоя отырып, білім алушы шалағай шәкірттерді молда я тілмаш болу емес, елді ұлы мәдениетке жеткізер, ел игілігі үшін қызмет етер ағартушылық міндетке бейімделуге шақырады. Оларды “Молда болып төрде отыруды”, “Тілмаш болып жем табуды” көздемей, елдің ертеңіне ие болып, өрге жетелеуді мақсат тұтуға үндейді. Яки мақсат: өнер, білім алуға, Алға қарай баруға. Намыстанып қорланып, Хұқықтан махрұм қалмауға. Милет көзін ашуға, Терістіктен қашуға. Заманаға көз салып, Аяқты жөндеп басуға. Ақын ойының түп негізі - білімнің ұлы күшін сезіндіру. Оны ел игілігіне айналдыру. Сұлтанмахмұттың осы өлеңінде сөз арасында айтылған тәрізді көрінетін, ашық айтпаса да анық сезіліп тұрған, сөз түсінер жанға ұғынықты бір ой қылаң беріп қалады. Өлеңдегі негізгі ойдан алшақтау болса да, осы бір жолдың арқалаған жүгі ауыр, көздегені алыс. Өнер тұқымын егуге, Жарыққа қарай келуге, Пайда, зиян айырсақ, Жүре бермей жегуге. Отанымызды сақтауға, Ақиқатты жақтауға, Бізде басты көтерсек, Қала бермей таптауда. Бұл тұста ақын ағартушылық идеяны азаттықпен ұштастырып әкеткен. Ақын ағартушылықты білім мен ғылымға жетелер жол ғана емес, елді болашақта азаттық пен тәуелсіздікке жеткізер жол деп біледі. Ағартушылықты ұлт санасын оятар басты құрал деп біледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz