Шәді Жәңгірұлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.ТАРАУ Ш. ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ МЕН ТАРИХЫ
1.1 Шәді Жәңгірұлының өмір жолы, шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.ТАРАУ Ш.ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ ТАРИХАТ ДАСТАНЫ
2.1 «Тарихат» дастанынталдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Дастандағы Абылай хан бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қазақ елінің оқу мен өнерді үйренуінің аса қажет екенін насихаттап, халық тарихына, ел-жұрттың тұрмыс жағдайына баса назар аударған , сонымен бірге арғы — бергі хандарымыздың өмірбаянына үңіліп, бізге шама-шарқынша жеткізген зиялы ақындарымыздың бірі – Шәді Жәңгірұлы. Ақын 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ жерінде д‰ниеге келген . 1861 жылы Тоғыз жасында Шәдіні әкесі ауыл молдасына дәріс алсын деп береді . Зерек , алғырлығымен Шәді хат танып шығады. Келер жылы әкесі Шәдіні Шаян мешітінің молдасына береді . Осында оқып жүріп Щәді өз бетінше қисса, хикаяларын оқуға дағдыланады.1864 жылы Шәді Шымкенттегі Абдолла Шәріп дейтін ғұламадан дәріс алып , араб- парсы тілдерін меңгереді . 13 жасар баланың қабілетін таныған Шәріп оған «1001 түн» , «Тотынама» , «Шахнама» сияқты ертегілерін үнемі айтып , оқып беріп отырған .
Шәді бірқатар шығармаларын діни бағытта жазды. Өйткені ақын діни сауатты болумен қатар, шығыстың қисса- дастандарын жетік білген және соның салдарынан сол замандағы көптеген мәселелер бойынша діни көзқараста болды. Ол дінді өзіне идеал етіп дәріптеді. Ол дінді- ағартушылықтың, адамгершіліктің, тазалықтың қайнар көзі деп білді.
Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, көз майын тауысып жазған атақты дастаны – «Назым сияр Шәриф» атты туындысы. Бұл шығармада Мұхаммедтің (ғ.с.) туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмір жолы суреттелген. Ол кісі кіммен дос , кіммен күреңқабақ болды, кәпірлермен қалай күресті мұсылмандарды қалай қолдады, қанша баласы болды, кімнің тәрбиесін көрді қанша рет некеленді ,әке-шешесі кім еді, туған-туысы бәрі-бәрі түп-түгел жырда көрініс табады.
Ақынның Мұхаммед пайғамбар жайында қалам тербеуінің өзінде де көп мән бар . Біріншіден, пайғамбар өмір тарихының халық арасына тарауын көздесе, екіншіден , мұсылман ғалымдары арасындағы даулы мәселеге өзіндік көзқарасын білдіріп отырады. Дастанның басынан-ақ «Нұр» сипатына ерекше
1. Шәді төре. «Назым сияр шәріп» А., 1995. 46-бет.
2. Шәді Жәңгірұлы «Хикаят халифа Һарун ар-Рашид» Ташкент, 1914ж. 3-бет.
3. 3.Әуезов М. Шығармалары. 16 том. Алматы: Жазушы, 1985. –400б.
4. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. Алматы: Білім, 2003. –112б.
5. Байтұрсынұлы А. Шығармалары. 1 том. Алматы: Алаш, 2003. –408б.
6. Келімбетов Н. Қазақ әдебиет бастаулары. Алматы: Ана тілі, 1998. –256б.
7. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы: Ғылым, 2001. –448б.
8. Сейфуллин С. Шығармалары. ҮІ том. Алматы: Қазкөркемәдеббас, 1964. –456б
9. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы.- Алматы:Санат.-1994.-б.210-214
10. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. - Алматы: Білім. – 1998. - б. 210-222
11. XX ғасыр басындағы әдебиет . Хрестоматия . – Алматы:Білім. – 1994. - б.30-34
12. «Жамбыл-Тараз» 2004 №4,№3,№2
13. Қазақ тілі мен әдебиеті» Т.Қыдыр . – б.70

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-ТАРАУ Ш. ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ МЕН ТАРИХЫ
1.1 Шәді Жәңгірұлының өмір жолы, шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2-ТАРАУ Ш.ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ ТАРИХАТ ДАСТАНЫ
2.1 Тарихат дастанын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Дастандағы Абылай хан бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ
Қазақ елінің оқу мен өнерді үйренуінің аса қажет екенін насихаттап, халық тарихына, ел-жұрттың тұрмыс жағдайына баса назар аударған , сонымен бірге арғы -- бергі хандарымыздың өмірбаянына үңіліп, бізге шама-шарқынша жеткізген зиялы ақындарымыздың бірі - Шәді Жәңгірұлы. Ақын 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ жерінде д%.ниеге келген . 1861 жылы Тоғыз жасында Шәдіні әкесі ауыл молдасына дәріс алсын деп береді . Зерек , алғырлығымен Шәді хат танып шығады. Келер жылы әкесі Шәдіні Шаян мешітінің молдасына береді . Осында оқып жүріп Щәді өз бетінше қисса, хикаяларын оқуға дағдыланады.1864 жылы Шәді Шымкенттегі Абдолла Шәріп дейтін ғұламадан дәріс алып , араб- парсы тілдерін меңгереді . 13 жасар баланың қабілетін таныған Шәріп оған 1001 түн , Тотынама , Шахнама сияқты ертегілерін үнемі айтып , оқып беріп отырған .
Шәді бірқатар шығармаларын діни бағытта жазды. Өйткені ақын діни сауатты болумен қатар, шығыстың қисса- дастандарын жетік білген және соның салдарынан сол замандағы көптеген мәселелер бойынша діни көзқараста болды. Ол дінді өзіне идеал етіп дәріптеді. Ол дінді- ағартушылықтың, адамгершіліктің, тазалықтың қайнар көзі деп білді.
Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, көз майын тауысып жазған атақты дастаны - Назым сияр Шәриф атты туындысы. Бұл шығармада Мұхаммедтің (ғ.с.) туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмір жолы суреттелген. Ол кісі кіммен дос , кіммен күреңқабақ болды, кәпірлермен қалай күресті мұсылмандарды қалай қолдады, қанша баласы болды, кімнің тәрбиесін көрді қанша рет некеленді ,әке-шешесі кім еді, туған-туысы бәрі-бәрі түп-түгел жырда көрініс табады.
Ақынның Мұхаммед пайғамбар жайында қалам тербеуінің өзінде де көп мән бар . Біріншіден, пайғамбар өмір тарихының халық арасына тарауын көздесе, екіншіден , мұсылман ғалымдары арасындағы даулы мәселеге өзіндік көзқарасын білдіріп отырады. Дастанның басынан-ақ Нұр сипатына ерекше тоқталуы соны аңғартса керек . Өйткені орта ғасырлық ғұламалар Алланың алғаш жаратқан нәрсесі жайында дауласып , әр түрлі пікірлерді ұстанған болатын. Кейбірі алғаш жаратылған нәрсе пайғамбардың нұры десе, кейбірі қалам немесе ақыл екенін алға тартқан еді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Белгілі сөз шебері Шәді Жәңгірұлының шығармашылығындағы дастандардың басты ерекшеліктеріне, оның шығармашылық өмірбаянына, шығармаларының идеялық, танымдық, тәрбиелік мәніне, өзіндік сыр-сипатына талдау жасау, сондай-ақ көркем туындыларының бізге жету жолын, жариялануын, танылуын, әр кезеңдердегі зерттелу ерекшеліктерін айқындау мақсат етілді. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер іске асырылды:
ақынның өмірі, шығармашылығы тоқтау;
Ақынның дастандарын соның ішінде Тарихат дастанындағы Абылай хан бейнесін жүйелей отырып талдаулар жүргізу;
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: ақынның дастандарын талдауда арнайы жазылған әдебиет зерттеушілердің талдау жасаған еңбектерін басшылыққа ала отырып, өзіміздің жеке талдау білігімізге сүйендік.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері жұмысты жазу барысында. жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау сияқты зерттеу әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың жаңалығы мен нәтижелері ақын шығармашылығының бұрын айтылмай келген қырларының айқындалуы, кейіннен табылып, соңғы жылдары жарық көрген шығармаларымен толықтырыла отырып ақын шығармашылығына жасалған тұжырымдар мен талдаулар деп білеміз.
Курстық жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы қіріспеден, 2 тараудан, қорытындымен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-ТАРАУ Ш. ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ МЕН ТАРИХЫ
1.1 Шәді Жәңгірұлының өмір жолы, шығармалары

Ақын үлкенді-кішілі 18 дастан, поэма, қисса - хикая, бірсыпыра өлең-жыр жазып бастырған. Шәді өз шығармаларын көбіне XIX ғасырдың 80-90 жылдары , әсіресе XX ғасырдың алғашқы он жылдарында жазған. Шәді көбіне хикаялармен , дастан жазады. Өйткені, жасынан шығыс классиктерін оқып, солардан сусындаған таланттың шығармашылығы - дастандар еді. Олар: Хикаят Орка - Күлше, Хикаят Қамарзаман, Тарихат, (Абылай хан жайында дастан ) , Назым сияр Шәриф , Тарихнама т.б.
Шәді бірқатар шығармаларын діни бағытта жазды. Өйткені ақын діни сауатты болумен қатар, шығыстың қисса- дастандарын жетік білген және соның салдарынан сол замандағы көптеген мәселелер бойынша діни көзқараста болды. Ол дінді өзіне идеал етіп дәріптеді. Ол дінді- ағартушылықтың, адамгершіліктің, тазалықтың қайнар көзі деп білді .
Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, көз майын тауысып жазған атақты дастаны - Назым сияр Шәриф атты туындысы. Бұл шығармада Мұхаммедтің (ғ.с.) туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмір жолы суреттелген. Ол кісі кіммен дос , кіммен күреңқабақ болды, кәпірлермен қалай күресті , мұсылмандарды қалай қолдады, қанша баласы болды, кімнің тәрбиесін көрді , қанша рет некеленді ,әке-шешесі кім еді, туған-туысы бәрі-бәрі түп-түгел жырда көрініс табады .
Ақынның Мұхаммед пайғамбар жайында қалам тербеуінің өзінде де көп мән бар . Біріншіден, пайғамбар өмір тарихының халық арасына тарауын көздесе , екіншіден , мұсылман ғалымдары арасындағы даулы мәселеге өзіндік көзқарасын білдіріп отырады. Дастанның басынан-ақ Нұр сипатына ерекше тоқталуы соны аңғартса керек . Өйткені орта ғасырлық ғұламалар Алланың алғаш жаратқан нәрсесі жайында дауласып , әр түрлі пікірлерді ұстанған болатын. Кейбірі алғаш жаратылған нәрсе пайғамбардың нұры десе , кейбірі қалам немесе ақыл екенін алға тартқан еді.
Біз Мұхаммедтің (ғ.с.) қалай өмірге келгенін де Назым сияр Шәрифтен оқимыз:
Ғабдолла Әмина атты әйел алды,
Ибраһим тәртібімен некеленді.
Әуелі кездескенде Ғабдолламен ,
Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті ,
Пайғамбар тумай жатып өліп кетті .
Алланың әмірімен Мұхаммедті ,
Құрсақта анасының жетім етті .
Ақынның мәліметі бойынша , соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (ғ.с.) тумай жатып жетім қалғанын білеміз, көптеген діни қолжазбаларда Алланың елшісін жетім өсті дейтін, ал қалай жетім қалғандығы жайында осы дастандай жан-жақты түсіндіріп айтқан емес .
Мекке арабтарында сол кезде жас баланы көшпенділерге тәрбиеге беру салты қалыптасқан екен . Осы әдет бойынша жыл сайын олар келіп , Меккеден сәбилерді алып қайтады екен . Жан-жағын тау қоршаған, барлық жағынан санитарлық нормаға сәйкес келмейтін : ауасы тар , ыстық, сасық қалада сәбилер өлімі 10 пайызға дейін жеткен . Неше түрлі адамдар келіп-кететін қалада әр түрлі жұқпалы аурулар көп таралған. Сондықтан шамасы келген отбасы ақыларын төлеп , сәбилерін сүті бар көшпенді әйелдерге өсіріп беруге берген . Бұл әдет жылына екі рет : көктемде және күзде жүзеге асатын . Көктемде Бату Саад тайпасының әйелдері қаланы аралап бала ала бастағанда сәби Мұхаммедті (ғ.с.) ешқайсысының алѓысы келмейді , өйткені оның жетім екенін біліп , оған уақытылы ақы бермейтін шығар , егер шешесі күйеуге шығып кетсе , мүлдем төемейтін шығар ,- деп, баланы алғысы келмейді . Сол уақытта ешқандай бала ала алмаған Халима , күйеуі Әл Харрус және бала алған құрбыларының алдында өзінше намыстанып , амалсыз Мұхаммедке (ғ.с.) сүт ана болады . Ол өлімді жан , ол қайдан білсін , Қандай адамға сүт ана болатынын , қандай адамға оның сүтінің керек болатынын ?
Халиманың Мұхаммедті (ғ.с.) әкелгендігі оған бақыт-байлық , ырыс болыпты .Бұрын жоқтық көріп , үнеиі қарыздан шықпай жүрген бұл отбасына ойламаған жерден береке келіпті , істері ілгері басып , ел қатарына қосылыпты . Мұхаммед (ғ.с.) те ешбір қағажу көрмей , өз ата-анасындай болып кеткен осы отбасының бір мүшесіндей сезініпті өзін. Алайда ойламаған жерден Мұхаммед (ғ.с.) сөйлеп , күтпеген жерден жүріп, тез өсіпті , бұл туралы дастанда :
Расул өзгелерден тез ер жетті ,
Екі айда еңбектемей жүріп кетті .
Сөйлеуге үш-төрт айда тілі кепті ,
Әуелі Бисмиллә деп сөзге кепті ,
Төрт айда балалармен жүріп кетті .
Мұхаммед (ғ.с.) жасынан қасиет иесі еді , оның ең үлкен киелігі сонда - тілінің Бисмиллә деп шығып бірден Калимаға келуі дер едік . Біздің көпті көріп , көнектің түбін тескен ата-бабамыз :
Әуелгі сөз бисмиллә ,
Бисмилләсіз іс қылма,-
деп тегіннен-тегін айтқан емес,бұл жағдайды бір Алланың құдіреті деп білеміз , халқымыз : Құдайсыз қурай сынбайды деп біліп айтқан.
Шәді Жәңгірұлының Назым сияр Шәриф атты дастанында пайғамбарымыздың жиырма бес жасында қырық жастағы Хадиша атты жесір әйелге үйленгенін де жырлайды. Меғражға барып, Алланың көргенін де толғайды . Қаншама көпірлерді ислам дініне кіргізіп күндіз-түні аянбай, Алла жолында қызмет еткенін, мүнафиықтарды (екі жүзді) ешқашан аямайтынын, күллі мұсылманды бір ел , әр қырынан жырлапты.
Шәдінің пайғамбар тарихына арнаған Назым сияр Шәриф дастанынан басқа , оның Ислам үшін шыққан ғазауыттарын көрсететін Хайбар дастанын да жазған. Хайбар- жердің аты.Мәдинеден бірнеше шақырым жерде орналасқан.Бұл соғыстың Ислам тарихында алар орны ерекше . Себебі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың мүшріктерді жеңіп, елдің сол қанатына шоғырланған жүгеттермен болған шешуші шайқасы Хайбарда өткен болатын. Адам ата жаратылғалы бері адамзат баласының қас - Ібіліс. Оның көздегені адам баласын дұрыс жолдан тайдырып, жаманшылыққа бастау болып табылады.Әзәзіл Ібілістің бар айла-шарғысын ашып көрсететін ибн Жузидің Талбису Иблис (Ібілістің айлакерлігі) деген еңбегі діндарлар арасына осы еңбектің желісіне құрылған. Шығармада Барсиса деген діндардың хақ жолында жүріп, қалайша Ібілістің тұзағына түскені жайында айтылады . Шайыр осы шығармасы арқылы оқырманды өз нәпсісініңқұлы болмауға шақырған.
Шәді Ахуал қиямет деген дастанын жазады. Осы дастаннан оның құран тәпсірін де жетік меңгергенін көруге болады. Шығарманың екінші жартысын оқығанда адамның өлер алдындағы сәтінен бастап, қабір азабына дейінгі аралықты суреттеген шайырдың еңбегіне сүйсінбесе амал жоқ .
Шәді ақын өлімді айтуда адамдарды қорқытудан аулақ. Тірлікте істеген әрбір әректтің о дүниеге апарар сенің еншінің екенін еске салады . Демек, адам баласы тіршілікте істеген қателіктері үшін тіршілікте Алладан кешірім сұрауы тиіс. Ақынның бұл көзқарасы түсінген кісіге имандылыққа шақырған жаны таза адамның жүрегінен шыққан өсиет сөз екенін аңғаруға болады.
Кеңес заманында Шәді Жәңгірұлының туындысын идеямызға жат деп бүркемклеп, жасырын ұстап келгені анық, осы бір жайды Ә.Тәжібаев ашына толғайды: Бұған дейін Шәді туралы сөз айтылмайды, өйткені көркем әдебиеттерді тану және оның ғылымын жасау, тарихын жазу ісіндегі солақайлықтар сонау бастан Шәді еңбектерін жат көрсетіп, әдебиет оқитын қауымнан жабық ұстады да, ақынның өмір тарихы да жаңа жұртшылыққа бейтаныс күйде қалды. Сондықтан бұлдыр бейнені анық көру, жаңа бір ақынды тыңнан ашу, онымен тілдесу, сырласу, оның мінез-құлқын, әдет-салтын, дүниеге қауымға, сұлулыққа көзқарасын білу, қай жағынан алсақ та қажет екен..
Ештен де кеш жақсы дейді ғой халқымыз, көп жылдай жабылып келген перденің беті ашылды, қазір Шәді Жәңгірұлы сияқты жұртын, жерін, дінін бар жанымен сүйген ғұлама жандарымыздың туындысын оқып, зерттеп, өз халқына терең түсіндіру қажет демекпін.
Шәді -- Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласындағы баспадан ең көп кітабы шыққан ақын. Қазан, Орынбор, Ташкент баспаларынан Сияр Шариф, Хазіреті Мұса мен Перғауын, Төрт дәруіш сынды талай діни өлең-дастандары, қиссалары, шежірелері басылып шыққан. Кезінде Шәді шығармашылығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған филология ғылымдарының докторы, жазушы Немат Келімбетов 13 кітаптың атын атайды. Кейбір мәліметтер оны жиырмадан асырады. Шәді Пушкиннің Мыс салт атты поэмасын қазақшаға аударған. Тіпті роман жазған деген де сөз бар. Кенесары ханның бел баласы, атақты Сыздық сұлтан 1910 жылы қайтыс болғанда, жаназасын осы Шәді төре шығарады. Атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың шешесі Сақыпжамал Шәді төренің қарындасы болып келеді. Яғни Шәмші -- Шәді төренің жиені. Шәді ақын да Шәкәрім қажы сынды зергер ұста болған. 1928-29 жылы кәмпеске кезінде Шәдіні кедей болса да, діншіл молда деп, Түркістан түрмесіне қамайды. Бірақ кезінде дәмдес-тұздас болған Сәкен Сейфуллиннің араласуымен босанып шығады.
Шәді ақынның туысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Созақ ауданында тұратын республикаға мәлім күйші, биыл тоқсан жасқа келген Файзула Үрмізов ақсақал:
-- 1930 жылы жаз айы. Мырзабай даласы, Мыңбасты құдығында отырғанбыз. Шәді атам үш күн тілсіз, үнсіз, кеудесінде лепес тынысы бар, көзін ашпай жатып қалды. Ауыл қариялары дем салайын десе, басын шайқап жолатпайды. Үш күннен кейін бұрынғы сау күйі кітабын оқып, жазуын жаза берді. Осы құпиясын екі жылдан кейін Ташкент жаққа көшерінде менің әжеме айтып кетіпті. Әжем Шәдінің өлгенін естігеннен кейін Шәдінің құпиясын айтты. Шәдіге үш күндей қайберен қырық шілтендер келісе алмай таласыпты. Не үшін таласқанын білмейді. Әлі үш жыл кемдігі бар деп тұрғызып жібереді. Шәді бір жыл өмірім бар шығар. Менің жайым қазақ-өзбек шекарасы Қаратөбе болар деп кетіпті. Шәдінің қорымының басында шырақ жанып, сол маңдағы елдер басына түнеп, топалаң болған малдарын түнететін көрінеді, -- дейді.
Шәді ақынның өзбек еліне қарай ауғаны, сол жақта көз жұмғаны белгілі болғанмен, ақынның жатқан жері, қабірі осы уақытқа дейін белгісіз болып келген-ді. Ал жақында осы ақиық ақын, ғұлама ғалымның қабірі Өзбекстаннан табылды. Оның қалай табылғанын түсінікті болу үшін басынан бастап баяндайық.
Қазақ радиосының редакторы, белгілі журналист Ғалым Есенсариев жерлесі Шәді ақын туралы қазақ радиосының эфирінде бірнеше жыл бұрын бір хабар жасайды. Сол хабар ел ішінде қозғалыс туғызады. Қызылорда облысынан телефон шалып хабарласқан Бектай Сүлейменов деген ақсақал Шәді төрені жақсы білетінін, тіпті жастау кезінде қабірін де көргенін айтады. Осыны естіген соң жарғақ құлағы жастыққа тимеген Ғалым Қызылордаға сапар шегіп, Бектай ақсақалмен сөйлесіп, тың деректерге қанығады.
Бектай ақсақалдың айтуынша, өзінің ағасы Жүсіпбек Шәдімен бірге Түркістан маңындағы Қарнақ медресесінде білім алған. Сол ағасы Жүсіпбектен естуі, ал оған Шәдінің айтуы бойынша, ақынды Аралда түрмеге қамайды. Бес уақыт намазын қаза қылмайтын ақын таң бозында азан шақырса, түрме есігі өз-өзінен ашылып кетеді екен. Түрме бастығы қорқып, Шәдіні Барсакелмеске жер аудартады. Қуғында жүрген шал адамның сақал-шашы өсіп, үсті-басы кірлегенін көрген түрме бастығы -- қазақ жігіттің жаны ашып, Шәдіні параходпен екі күнге Аралға жуынып келуге жібереді. Қай үйге кірерін білмей сандалып келе жатса, бір-екі адам күбірлесіп, әлдене кітапты оқып отыр екен. Құлағын салса, өзі жазған Сияр Шариф. Шәді ақын әлгілер қате оқыған бір-екі жерін түзеп жібереді. Әлгілер Сен бізді түзейтін кімсің деп шамданады. Мен Сияр Шарифті жазған адаммын дейді. Содан жаңағылар Шәді ақын келді деп қуанып, төрге шығарып қонақ етеді. Екі күннен соң параход түрмеге қайтып барса, ішінде Шәді жоқ. Ақсақал мені алдапты ғой, енді қайттім деп түрме бастығы қорқып үйіне келсе, аппақ қардай болып киінген Шәді ақын төрде отыр дейді. Сөйтсе, Шәдінің түскен үйі түрме бастығының өз үйі екен. Ата-анасы өтініш жасаған соң, түрме бастығы оны өлді деп акт жасап, қашырып жіберген. Шәді төре Өзбекстанға солай ауып кеткен.
Кейін Шәдінің артынан Жүсіпбек те жер аударылып Өзбекстанға кетеді. Бір күні Жүсіпбекке өзбектің бір баласы келіп, оны бір кісі шақырып жатқанын айтады. Барса, бір керуен Самарқанға кетіп бара жатыр екен. Сол керуеннің ішінде қатты ауырып, хал үстінде жатқан Шәді Жүсіпбекті іздестіріпті. Жүсіпбек ақынның жолға жарамайтынын біліп, арба іздеп кетеді. Кештетіп келсе, керуен кетіп қалған. Сол жердегі адамдар Шәдінің қайтыс болып кеткенін айтады.
Кейін Жүсіпбекке Шәдінің моласын көрсетеді. Өзбектер басына тал еккен екен. Содан Жүсіпбек Шәдінің басына тас қойып, сол жерге еге болып жүреді.
Ашаршылық кезінде елде күш-қуат қайдан болсын, Шәдіні тізеден көміп кете салыпты. Арадан 25 жыл өткенде моланың бір шеті ашылып қалады. Сөйтіп, Жүсіпбек бар, сол ауылдың қариялары бар сүйегін қайта жерлеу үшін ашады. Сөйтсе, Шәдінің сақал-шашы мен тырнағы өсіп кеткен. Денесі 25 жылда бұзылмастан сары тап болып жатыр дейді. Құранды көп оқыған адамның ішіне Құран түсіп кетеді де, денесі бұзылмайды деген сөз, сірә, рас болса керек.
Содан кейін Жүсіпбек Самарқаннан көк тас әкеліп қойып, белгі соғады. Хрущевтің жылымығы кезінде Жүсіпбек елге қайтады. Сыр бойында қартайып, дүниеден өтеді. Жүсіпбектің Сейітқасым деген баласы мен Бектай екеуі Өзбекстанға Шәдінің моласын іздеп барады. Таппай жүрсе, бір көктас көмулі жатыр екен. Қазып алып қараса, Жиһангерұлы Шәді, 1933 жылы қайтыс болған деп араб тілінде жазылыпты. Олар көктасты түзеп қойып, Құран бағыштап қайтады.
Келген соң Бектай Сүлейменов Шәді туралы мақала жазады. Өкінішке қарай, оны Оңтүстік Қазақстан газеті де, Қызылорда мен Жамбылдың облыстық газеттері де баспайды. Коммунистік қызыл заманның кері әсері. Одан бері де 30 жыл уақыт өткен...
Сонымен Бектай ақсақал бастап, Ғалым Есенсариев қоштап, біраз кісі жақында сауапты жолға шығады. Көңілде таба аламыз ба деген күдік бар. Құдай оңдағанда, Шәді ақынның қабірі Жызақ облысының Замин ауданында жай тапқан екен. Шәді ақынның жатқан жерін жергілікті тұрғындар әулиенің қабірі деп қатты құрметтейтін көрінеді. Өзбек жеріне бұрын-соңды аяқ басып көрмеген Ғалымның айтуынша, өзбектердің қонақжайлылығы қасында бүгінгі қазақтар жіп есе алмайды екен. Сапардың мақсатын білген өзбек ағайындар бұларды үйлеріне қондыруға таласқан. Бәрі сауап жинап қалмақ. Ала тақиялы ағайынның имандылығының, діншілдігінің арқасы. Сол ауылдың Қаныбек Хошмұратов деген молдасы Шәді төренің басына ие болып, талай жылдан бері Құран бағыштап жүреді екен. Қазақстаннан барғандар аяулы ақынның темір шарбақты қабірін тауып, Құран бағыштайды, сол елдің 30-40 адамын жинап шағын ас береді. Басына белгі қояды. Сөйтіп, Шәді ақын ортамызға оралғандай болып, көңілдері жай тауып қайтады. Шәді - Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын. Ол ұлы орыс халқының ерлікке толы тарихынан реалистік поэма (Россия патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы, Орынбор, 1910) жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының прогрессивтік мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен. Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны - 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: Шәр дәруіш (Төрт дәруіш, 1913, 1914), Хикаят Қамарзаман (1914), Назым Сыяр Шәриф (1913), Хатымтайдың хикаясы (1914), Хикаят Халифа һарон-ар Рашид (1914), Хикаят Орқа-Күлше (1917), Қарунның жер жұтқан оқиғасы (1917), т.б. Тарихнама атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған. Шәдінің сүбелі шығармасының бірі - Шер дәруіш (Төрт дәруіш). Бұл дастан бір басылымында (1913) Назым шәр дәруіш деп те аталған. Шығарма сюжеті жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген төрт жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан сюжеті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған. Шәді Хикаят Халифа һарон-ар Рашид дастанын да Шығыс аңыз әңгімелерінің сюжетін пайдалана отырып жазған. Атымтай Жомарт хикаясы деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме сюжетіне құрылған Хатымтайдың хикаясы атты дастанда мазмұны жағынан өзара сабақтас төрт хикая бар. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді. Ал Хикаят Орқа-Күлше атты лиро-эпикалық дастанында сүйіске екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған. Шәдінің қиял-ғажайып ертегілері мен аңыз-әңгімелер негізінде жазған Хикаят Қамарзаман дастанында қиял-ғажайып оқиғалар адамдардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста кездесетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады.

2-ТАРАУ Ш.ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ ТАРИХАТ ДАСТАНЫ
2.1 Тарихат дастанын талдау

Ақынның атын-атағын халыққа кеңінен жайған туындысы - Тарихат (Абылайхан жайында дастан) дер едік. Бұл шығарма ханның жастай жетім қалып, қаншама қорлық-зорлық көріп, арқа еті арша, борбай еті борша болып, істің ақырын бір Алла өзі қолдап, хан болуымен аяқталады. Осы туынды қай жылы жазылды, ол жағы белгісіз, Шәді Жәңгірұлының көзінің тірісінде еш жерде жарияланбаған, қолжазба күйінде тараған, тек 1993 жылы С.Дәуітұлы құрастырған Абылай хан атты кітапқа еніпті. Дастанда Абылай ханның әр түрлі жорықтарымен бірге, оның жекпе- жекке шыққан қиян-кескі сайыстарына дейін өрнек тапқан. Шәді Жәңгірұлының Абылай ханның өмірінен алып жазған дастаны тарихи шындыққа үйлесетіндігімен де, ханның биік парасатын, Асқақ арманын бере білуімен де құнды дүние. Абылай ел үшін, жұрт үшін жанын аямай еңбек етсе, халқы да оны алақанына салып аялады, құрметтеді, қадірледі.Хан қара Бұқараның арқасында ғана алтын таққа отырып, биік лауазымға көтерілді. Біз ХVIII ғасырды айтсақ, Абылайды атамай тұра алмаймыз, өйткені сол заманға лайық Абылай Ханның өзіндік тұлғасы бар. Ханның қыруар еңбегі, ақыл-ойы, арман үміті Шәді Жәңгірұлының дастанында жан - жақты жырланған. Шәді Жәңгірұлы ел аралап ,кітап таратқан, халықтың сауатын ашқан, өзі алланың ақ жолынан қылдай таймай, түзу жүріп, түзу тұрыпты. Аса еңбекқор ақын майшамның жарығымен ұзақ отырып, көп жазып, сарыла оқыған, сол жазғанын кітап етіп бастыру үшін орасан алыс жол жүріп, бір тынбай, қажыры мен қайратын қатар жұмсапты. Кеңес заманында Шәді Жәңгірұлының туындысын идеямызға жат деп бүркемелеп, жасырын ұстап келгені анық, осы бір жайды Ә.Тәжібаев ашына толғайды: Бүған дейін Шәді туралы сөз айтылмайды, өйткені, көркем әдебиетімізді тану және оның ғылымын жасау, тарихын жазу ісіндегі солақайлықтар сонау бастан Шәді еңбектерін жат көрсетіп, әдебиет оқитын қауымнан жабық ұстады да, ақынның өмір тарихы да жаңа жұртшылыққа бейтаныс күйде қалды.Сондықтан бұлдыр бейнені анық көру, жаңа бір ақынды тыңнан ашу, онымен тілдесу, сырласу, оның мінез - құлқын, әдет- салтын, дүниеге, қауымға, сұлулыққа көзқарасын білу, қай жағынан алсақ та қажет екен. Ақынның бар тірлігі ғылым іздеумен өтті, ол Мұхаммедтің өмірбаянын терең де, жан-жақты зерттеді деп жоғарыда айттық. Алайда, Шәді Жәңгірұлының жазғаны тек пайғамбарлар мен хандардың өмір тарихы ғана емес еді, халқымыздың салт-санасын, тұрмыс-тіршілігін де мол жырлаған. Жұртты оқу-білімге, өнегеге үндеген, қажырлы еңбек, ынталы жүрекпен қызмет етудің керектігін ескертіп отырған. Ештен де кеш жақсы дейді ғой халқымыз, көп жылдай жабылып келген перденің беті ашылды, қазір Шәді Жәңгірұлы сияқты жұртын, жерін, дінін бар жанымен сүйген ғұлама жандарымыздың туындысын оқып, зерттеп өз халқына терең түсіндіру, күрделі ғылыми еңбек жазу ауадай қажет демекпіз.
Оңтүстік өлкесінде өмір сүрген, өзі де ақсүйек тұқымынан, кітаби ақындардың алғы сапында тұрған Шәді төре Жәңгірұлы өзінің Тарихат дастанында:
Бұл жазған Абылай ханның тарихаты,
Үш жүздің баласының хикаяты.
Абылайдың заманындай дұшпандарын
Мұқатып көрген емес қазақ халқы,-дейді. Тарихи шындық айтылған, қазақ халқы сол замандағы өр рухын кейінгі уақыттарда шыққан дұшпандарымен болған соғыста көрсете алмады, қаншама рет жеңілістің ащы дәмін таттық, тіпті қасымыздағы Қоқан хандығыны құлдығына түсіп кетуімізді өзі алтыбақан алауыздықтың айықпас дертінен болды. Айтуға аузың бармайды, жазуға қаламың жүрмейді...
Тарих толқынында ақтаңдақ өте көп, соның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақыш Қалтайұлы
Ш. Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәді Жәңгірұлының ғұмырнамасы
Ж. Баласағұн Құдағу біліг шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи Рабғузи қиссалары, Х. Дулати Тарих и Рашиди, Ш. Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
Шәді Жәңгірұлының әдеби мұрасы
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ. Қараштың ізденіс жылдары жайлы
Ж.Баласағұн. "Құдатғу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи "Рабғузи қиссалары", Х.Дулати "Тарих и Рашиди", Ш.Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
Ж.Баласағұн. "Құдағу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)
Пәндер