Шәкәрім Құдайбергеновтың өмірі мен шығармашылығы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . 3

1-ТАРАУ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТЫҢ ӨМІРІ

1. 1 Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі. 4

1. 2 Шәкәрім шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері8

2- ТАРАУ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «ЛӘЙЛІМ-МӘЖНҮН» ДАСТАНЫ

2. 1 «Ләйлім-Мәжнүн» дастанын талдау. . 20

ҚОРЫТЫНДЫ 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ

«Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексиканың қолданысы» атты курстық тақырып осы айтылған мәселелерге арналып, ХХ-шы ғасырдың басындағы жазба дәстүрдің бұқаралық сипат алуымен қатар уақыттың сұранысынан туып, әлеуметтің қажетін өтеген танымдық еңбектерінің тілдік тұрғыдан алғаш талданып, саралануының ғылым үшін мән-маңызы өте зор. Сол арқылы бұған дейін қазақ тіл білімі ғылымы саласындағы қалыптасқан теориялық тұжырымдар мен қағидаларға, көзқарастар мен үрдістерге жаңаша үңіліп, тың өзгерістер енгізуге, өзіне тән ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. [1, 10] .

Зерттеудің мақсаты мен міндеті . Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Шәкәрім Құдайбердіұлы Ләйлім-Мәжнүн дастанындағы төлтума рухани-діни және қоғамдық-философиялық мағынасын өз тұсындағы және өзінен кейінгі қолданылу ерекшеліктерін салыстыра айқындау. Аталған дастанның қазақ әдеби тілінің сол дәуірдегі әлеуметтік қызметіне сәйкес ұғым-түсінігін бейнелеудегі маңыздылығы мен мәнін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу, пайдалану шеберлігі мен тәжірибесін сипаттап беру. Осыдан келіп төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  1. ХХ-шы ғасырдың басындағы қазақ әдеби тілінің жазба дәстүрде орнығуы мен қалыптасуына Шәкәрім Құдайбердіұлының қосқан шығармашылық үлесі;
  2. Шәкәрім Құдайбердіұлы Ләйлім-Мәжнүн дастанындағы төлтума рухани-діни және қоғамдық-философиялық сапалық деңгейін анықтау;
  3. Рухани-діни стилистикалық сипаттама беру;

Зерттеудің дерек көздері . Шәкәрім Құдайбердиев Ләйлім-Мәжнүн дастанын пайдаландық.

Зерттеудің әдістері. Курстық жұмыста тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы әдіс, сипаттама әдісі, жинақтау, қорыту әдісі қолданылды.

Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Жасалған тұжырымдар теориялық жағынан негізделіп, нақты мысалдармен дәйектелді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Шәкәрім Құдайбердіұлы дастанын тілдік тұрғыдан арнайы зерттеу нысаны етіп қарастыру, оның қазақ әдеби тілінің ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі аралықтағы қоғамдық өмірдің саяси-құрылымдық, әлеуметтік-экономикалық жағынан күрт өзгерістер бар.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1-ТАРАУ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТЫҢ ӨМІРІ

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.

Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды.

Артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді. [1, 15] .

Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған. Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосады. Бес жасынан оқып, аз ғана жылда сауатын ашқан зейінді де зерек жас көне түрік, араб, парсы тілдерін игеріп, көп ұзатпай орыс тілін де еркін меңгереді. Араб, парсы, түрік тілдерін өзінің туған анасы Дәметкеннен (шын аты Төлебике. - М. Ж. ) үйренсе әкесі Құдайберді ескі кітаптарды, қазақтың көне қисса - дастандарын, ақын, жыраулардың өлең, жырларын жатқа айтатын кісі болған деседі. Осындай тәрбие көрір өскен Шәкәрімнің өлеңге деген құштарлығының оянуына осы үлгі қолайлы жағдай жасайды. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т. б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.

«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман - Мамыр», «Ләйлі - Мәжнүн» т. б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған.

Шәкәрім - өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Төңкеріске дейін, яғни 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан Шәкәрімнің «Қазақ айнасы», «Қалқаман - Мамыр», «Жолсыз жаза, яки кез болған іс», «Еңлік - Кебек» атты кітаптары жарыққа шығады. Ақынның жекелеген шығармалары сол кездегі қазақ баспасөзінде жарияланды. Шәкәрімнің Физулиден аударған «Ләйлі - Мәжнүн» дастаны Ташкенттегі «Шолпан» журналының 1922-1923 жылғы бірнеше санында басылды. Одан кейін бұл поэма С. Сейфуллиннің бастыруымен 1935 жылы Алматыда «Ләйлі - Мәжнүн» деген атпен жарияланды. А. С. Пушкиннен аударған «Дубровский» әңгімесі жеке кітап болып басылды. Бұл әңгіме 1935 жылы орыс ақынының қазақ тіліндегі таңдамалы өлеңдерінің жинағына енді. А. С. Пушкиннің Шәкәрім аударған «Боранын» Б. Кенжебаев 1936 жылы «Әдебиет майданы» журналының 2-ші санында жариялады. Ақынның бір топ өлеңдері 1978 жылы Ленинградта шыққан М. Мағауин құрастырған «Поэты Казахстана» жинағында жарияланды. Ақын ана тілінің образдық, суретшілдік қуатын сұңғылалықпен сезініп, ішкі мүмкіндіктерін, ішкі ағыс-астарларын, қыртыс-қабаттарын мейлінше молынан аша алған. Оның интеллектуалдық мәдениеті, өнерпаздық қабілеті, өмірлік, көркемдік тәжірибесі, ересен ғылыми ізденістері - поэзияда жаңашылдық рухқа, өшпес өрнектерге, сан қилы сирек кестелерге бой ұруына, әрі соншалықты құпия, күрделі тоқылуға бейімдеді. Сондықтан да, өлең-жырларында қисынды логикалық сөйлемдермен қатар, әдеттен, дағдыдан тыс мағыналық жағынан түсінуге ауыр сөйлемдер мен сөздер, символикалар, жұмбақ аллюзиялар мен метафоралық мәні ала-бөтен сөз-образдар шаш етектен. Өз заманының суретшісі, табиғат, қоғам, адам туралы көп толғаныс тебіреністер, философиялық тұжырымдар жасаған - Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық әлемі түрлі бейнелі образдарға, тілдік көркемдегіш сөздерге толы. Шәкәрім Абайдан кейінгі қазақ ақындарының көпшілігі секілді қазақтың өз әдебиетінің шеңберінде қалып қоймай Шығыс, Батыс, орыс әдебиеті үлгілеріне зер сала отырып, сөз өрнектерін әр түрлі бояумен әрлеп, көркемдеп отырады. [2, 16] .

Шәкәрім әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленгеи. Бұл жағдай Шәкәрімнің дүние көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шындалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік менгерген. Батыс, Шығыс әдебиеттерін жетік білген. Жеті жасынан бастап өлең жазып, омірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстаған. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын болған. Шәкәрім шығармасы сан-салалығымен ерекшеленеді. «Жастарға», «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлендері Абай үлгісінде жазылған. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар». «Анық асық әулие», «Шын сырым». «Арман», «Насихат» өлеңдерінің авторы. Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнынын өмірмен етене жақындасуына мол еңбек сіңірген. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік - Кебек» дастандарын жазған. «Нартайлак-Айсұлу» поэмасының, «Әділ - Мария»романының, «Кодар өлімі». «Крез патша» шығармаларының авторы.

Шәкәрім Құдайбердиев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында 1858 жылы дүниеге келген. Шәкәрім - қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленгеи. Бұл жағдай Шәкәрімнің дүние көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шындалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік менгерген. Батыс, Шығыс әдебиеттерін жетік білген. Жеті жасынан бастап өлең жазып, омірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстаған. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын болған. Шәкәрім шығармасы сан-салалығымен ерекшеленеді. «Жастарға», «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлендері Абай үлгісінде жазылған. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар». «Анық асық әулие», «Шын сырым». «Арман», «Насихат» өлеңдерінің авторы. Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнынын өмірмен етене жақындасуына мол еңбек сіңірген. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік - Кебек» дастандарын жазған. «Нартайлак-Айсұлу» поэмасының, «Әділ - Мария»романының, «Кодар өлімі». «Крез патша» шығармаларының авторы.

Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның шығармашылығы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады. ХІХ ғ. - дың аяғы мен ХХ ғ. -дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!» (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. [3, 23] .

Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп, («Анық асық әулие», «Шын сырым») адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді. «Жастарға» (1880), «Арман», «Насихат» (1881) атты өлеңдерінде әртүрлі тап пен топ өкілдерінің ниет, мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сөз етеді. Шәкәрім - қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде («Бай мен кедей», «Бай мен қонақ») мәселенің әлеуметтік мәнін ашуға бара бермейді. Үстем таптың озбырлығын, қиянатын айтумен шектеліп, «еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын» деп уағыздайды. «Жуандар» деген өлеңінде байларды сынайды, бірақ таптық көзқарасты санасына терең сіңіре алмай, ағартушылық көзқараста қалып қояды.

1905 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлы қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Стамбул, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқиды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын қазақ мүддесіне үйлестіре түсу мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды. (1911) Бұл тұста ақынның діншілдігі ғана емес, үлкен ойшыл философ екендігі айқын танылды. Ол жаратушы алланы ақылға салып түсінуге ұмтылыды. Дін бұзушыларды қатты сынға алады. («Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа, Сопының бара қойман құрбанына». Абай сияқты Шәкәрім де феодалдық- рулық ортаның мінез-құлқын, моралін жат көрді, сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жарықшақты көре білді. Шәкәрім патриархалдық пен кертартпалыққа қарсы күресте мәдениет пен ғылымның жетістіктеріне сүйенді, халықтар достығы мен туыстығын қуаттады. («Мен ұлтшыл емеспін, жақыным мынау демеспін») . Орыс, батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың творчествосын аса жоғары бағалап, («Ақиқат сырымды айтсам Толстойдың, мың сопыны алмаймын тырнағына») өз халқын дүние жүзінің озық мәдениетін игеруге шақырды. Өзін ғұмыр бойы Л. Толстойдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет - Бичер Стоудың (1811-96) «Том ағайдың балағаны» романын, Л. Н. Толстойдың «Асрхадон патша», «Үш сауал» т. б. әңгімелерін А. С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын нәзира үлгісімен жырлады (1907) . Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік - ағартушылық бағытта болды. Бұл орайда 20-ғасырдың басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Адамгершілік, ар-ұждан тақырыбына жазған ойшыл да парасатты туындылары баршамызға рухани азық.

Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлес қосты. Адам санасына сіңіп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем шығармалардың тәрбиелік мәні зор. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, егемен ел болған заманда туған халқымен қайта қауышқан алыптарымыздың бірі Шәкәрімнің шығармаларын оқыту, оқытып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адамдық, азаматтық құқық жайында жазған өлеңдеріне талдау жасай отырып, жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін Шәкәрім шығармаларымен сусындап өсу қажет.

  1. Шәкәрім шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері

Шәкәрім лирикасының тақырыптық қамту ауқымы өте кең. Ақын мұраларының ішінде сезімнің нәзік сырларын шертіп, жастықтың жалынды шақтарын мөлдірете зерлеп берген махаббат лирикасын да, өз заманының бүкіл болмыс-бітімін барынша сезіне отырып, уакыт пен қоғам, тіршілік пен адам жайында шабыттана сыр ақтарған саяси-әлеуметтік лирикамен де, даланың әсем көркі мен жаратылыстың тамаша кұбылыстарын шебер өрнектеген табиғат лирикасын да, заттар мен құбылыстар, акиқат пен болашак,, тіршіліктің негізі туралы терең толғанысты ойлар ұсынатын азаматтық, философиялық лириканы да молынан ұшыратамыз.

Шәкәрімнің лирикалық шығармаларында жеке адам бойындағы ұсақ-түйек міндерден бастап, сол кездегі қоғамның саясаты сияқты күрделі мәселеге дейінгінің бәрі қамтылған. Халық өміріндегі кері тартар кемшілік атаулыға жүрегі езіліп, бұқараны саналы әрекетке шақырады. Өз тұсындағы байлық пен мансапты мансұқ етіп, соған жету жолында ел мүддесін құрбан етуге даяр тоғышарлар мен ұлықтарды, шенқұмар әкімдерді өткір сынға алады. Осының бәрінде де ол халық бұқарасынан қол үзбейді, Шәкәрім лирикасындағы Абай дәстүрінің іздері оның өлеңдеріндегі гуманистік, адамгершілік сипаттан да айқын көрінеді. Шәкәрім өлендеріндегі ең басты нысана - адам. Ол адамды үнемі жақсылыққа жеткізуге, оның бойында жаңаша қасиеттер қалыптастыруға ұмтылады. Адамның мінез-құлқындағы салақтық пен еріншектік, жалқаулық пен мақтаншақтық қасиеттерді сынға алды. [4, 18] .

Еріншектен салақтық

Салақтықтан надандық.

Бірінен бірі туады,

Жоғалар сүйтіп адамдық, - дейді ақын.

Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық болмысын, бүкіл қазақ қауымының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды. Өзінің туған жұртының болашағы үшін жаны ауырып, жүрегі сыздады. Осы сезіммен көптеген жырларын жазды. Бұл тұста да ол Абаймен Үндесу Ғылымға қол жеткізудің, халықтың өміріне кішкентай болса да жақсылық жасаудың бірден-бір жолы адал еңбек ету деп білген данышпан Абай:

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп,

Екі жаққа үңілдім,

- деп білім табуға шакырса, Шәкәрім жырлары да адамды адал еңбекке, ғылым мен мәдениет үйренуге бағыттайды:

Күні - түні дей көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең артында адам атың,

- дейді ол.

Абай көтерген әділет идеясы, ар тазалығы Шәкәрім лирикасының да басты сипаттарының бірі болды. Шәкәрім өзінің лирикалық қаһарманың халқының күні сияқты жарық, өзі сияқты ойлы болуға шақырады. "Насихат" деп аталатын өлеңіндегі ойлар соның айғағы:

Сусағанның сусыны бол су сықылды сұп - сұйық,

Бірақ, ондай болма салқын ел көңілін қалдырып.

От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз,

Бірақ ондай махаббатсыз болма өртеп, жандырып.

Ақын өз халқының басындағы кемшіліктерді ең алдымен европалық, әлемдік ғылым-білімнен шет қалуының салдары деп білді:

Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,

Қазақ жүр құмарланып құр атаққа,

- деп күйзелді. Бұл тұстағы ақынның түсінігінде оқу мен білім іздеу, ғылым табу - адамзат баласын нәрлі бастаудан сусындатып, алдыңғы бағытқа жеткізетін асыл қазына, адам бойындағы жамандықтың тамырына балта шабатын ең қуатты қару.

Сондықтан да ол қазақ қоғамының сол кездегі сипатын шыншылдықпен суреттей келе, өмір, болашақ туралы терең ой толғау барысында көзі ашық көкірегі ояу азаматтардың ел ішінде көп болуын, сол арқылы халқын сауаттылық сахнасына шығаруды армандады. Әсіресе "Ашу мен ынсап" атты өлеңінде ақын позициясы айқын көрінеді.

Қазақ халқының жақсы болашағы туралы ақынның үні 1917 жылғы оқиғалар кезінде ерекше қуатты естілді. "Бостандық таңы атты", "Бостандық туы жарқырап", "Қош, жұртым" сиякты - өлеңдерінде ақын қазақты оянуға, марқаулықтан арылуға шақырды. Бұл кезеңде Шәкәрімге елінің басына тәуелсіз заман туғандай көрінді, содан үміттенді. Ақынның лирикалық қаһарманы да осы сарында үн қатты. Шәкәрімнің кейіпкері шарқ ұра ойланады, кемшілік атаулының себебін, тығырықтан шығудың амалын іздейді.

Шәкәрімнің лирикалық қаһарманының бейнелеу ерекшеліктері де көңіл аударарлық. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де "жүрек", "тіл", "сөз" ұғымдары мол ұшырасады. Бұлардың қай-қайсысы да кейіпкердің азаматтық парасатын, адамгершілік тазалығын немесе белгілі бір сәттегі көңіл күйін дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Ақын "менінің" басындағы сан алуан сезімдерді, қуаныш пен күйінішті, үміт пен торығушылықты осы ұғымдар арқылы пайымдай аламыз. Шәкәрім заманының құрдеттілігі оның өлендерінен, ондағы лирикалық қаһарманның кейде, "тәтті" кейде "ащы", кейде "долы" тілінен аңғарылып жатады: Көп жағдайда ақынның "мені" "таза жүрек" іздеу жолында "от жүрегін" қолына ап, "сұм жүректермен" айқасқа шығады, заман әмірімен аса алмай қалған шақтарында пұшайман күйге түсіп, "дертті жүрекке", "жаралы жүрекке" айналады. Ашынған сәттерінде Шәкәрімнің "мені"

Әдетте Шәкәрімнің азаматтық лирикасына көз жібергенде оның өлеңдерінде "қазақ" деген сөздің жиі кездесетіні байқалады. Бұл ақынның өз халқының шеңберінде ғана шектелгенін білдірмесе керек. Абай тәрізді Шәкәрім де өз халқының мақсат-мұратын бүкіл адамзат арманынан бөлек алып қарамайды. "Ойласаң, барша адамзат - туған бауыр" деп ұққан ақын өзінің "Анадан алғаш туғанымда" атты философияға толы өлеңінде: Өзімшіл болма көпті ардақта, Адамның бәрі - өз халқың, - деп туған жұртына өнеге ұсынады.

Ақын ойларының дәлдігі, Шәкәрім жүрегінің сезімталдығы мен көрегендігі оның шығармаларын бүгінгі күнмен де үндестіріп, олардың өміршеңдігін танытып жатыр. Шәкәрімнің өз заманында айтқан терең ойларымен сырлы сөздері дәл қазір өмірге келгендей сезілетіні бар.

Мәселен, ақынның "Епті тышқан" атты өлеңіндегі мына жолдарды бүгінгі күннің шындығынан алшақ жатыр дей аламыз ба?

Ойласам, сол тышқандай бұзыктар көп,

Сырты сопы, іші арам қылықтар көп.

Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,

Адалымсып жүретін ұлыктар көп.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы
Өңеш кілегейлі қабығы ақшыл түсті, тегіс
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz