Банктік менеджменттің сипаты


Банк ісі пәнінен Курстық жұмыс
тақырыбы: Банктік менеджменттің сипаты
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Астана
2014
МАЗМҰНЫ
НОРМAТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
ҰЙҒАРЫМДАР
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі . Банктер - нарықтықтық құрылым жүйесінің орталық бөлімі болып табылады. Экономикалық қайта қалыптасу процесі банк жүйесін реформалаудан басталды. Бұл сала бүгінгі күні де қарқынды дамуда.
Отандық банк жүйесінің коммерцияландырылуы, қаржы институттары арасында бәсекелестіктің шиеленісуі немесе өткірленуі дамыған елдердін банктерімен жинақталған жағымды тәжірибелерді танып білуге және оларды тәжірибеде қолдануға әкелді.
Соңғы уақыттарда Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуында үлкен ілгерілеушіліктер болды. Үздік-банктер анықталды, банктік маманданулардың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында клиенттік базаны бөлісу аяқталды. Мұндай жағдай банктер үшін банктік менеджменттің маңызын арттырды, ендігі кезде клиенттер бірдей қызметтер ұсынатын банктер арасынан өзіне деген ең жақсы қатынасты және жоғарғы деңгейлі қызмет көрсететін банктерді таңдауда.
Банктік менеджмент мазмұны оның мәнін ашатын құрамды бөліктеріндегі яғни, банктің персоналын басқару және банктің экономикалық іс-әрекетін немесе қызметін басқаруды реттеу, оларға байланысты ағымды және стратегиялық жоспарлар құру, қызметкерлердің іс-әрекетіне және ішкі нұсқаулармен, ережелердің орындалуына, сыртқы экономикалық өзгерістерге қатаң бақылау жасауды қамтиды. Дұрыс ұйымдастырылмаған банктік менеджментсіз дұрыс талдауға, тиімді бақылауға, реттеуге және шынайы жоспарлар құруға жету мүмкін емес.
Банктік менеджмент басқарудың ерекше саласы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Ол банктік операциялар шеңберінің деңгейі дамыған, өркениетті елдерде қабылданған деңгейіне дейін ұлғайған кезде пайда болады, бұл қызметтерге бағалы қағаздармен, төлем карточкаларымен, валютамен түрлі операциялар, клиенттерге олардың қаражаттарын тиімді орналастыруға көмек және инвестициялық жобаны бағалауға көмек, лизинг, факторинг және тағы басқа қызметтер жатады.
Банктік менеджмент банк ісін және банк саласындағы қызметкерлерді басқарудың ғылыми жүйесі болып табылады. Ол банк ісін жүргізудегі тәжірибеде дәлелденген басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді және қызметтегі тиімділікті арттырудағы негізгі фактор болып табылады.
Бұл курстық жұмыста, оның тақырыбына сәйкес теориялық бөлімінде банктік менеджменттің мән-мазмұны, түсінігі және құрылымына немесе құрамына барынша терең түсінік беріледі, сонымен бірге оны құраушы банк персоналын және банктің экономикалық іс-әрекетін басқарудың мән-маңызына және әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтеміз.
Осы теориялық бөлімдегі жеке бөлімшелерде олардың аталуына сәйкес Қазақстандағы банктік менеджмент ерекшеліктері және қажеттілігі қарастырылмақшы. Бұл курстық жұмысындағы талдау бөлімінде талдау обектісі ретінде Қазақстандағы ең ірі, үш үздік банктер қатарына кіретін «Цеснабанк» ашық акционерлік қоғамы немесе оның персоналды басқару қызметі және экономикалық іс-әрекеттерді басқару қызметі қарастырылады. Талдаудың негізгі мақсаттары банктің табыстылығын, оның жоғарыда аталған басқару қызметтерінің тиімділігін, басқару қызметтерінің дамуына кері әсер етуші факторларды анықтау және осы нақты банкті талдау нәтижелерінің негізінде екінші деңгейлі банктердегі басқару іс-әрекеттерін немесе қызметтерін, оның ішінде персоналды және экономикалық іс-әрекеттерді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады. Яғни банктік менеджменті жетілдіру жолдары банктік менеджменттің банктің адам ресурстарын басқару және банктің экономикалық іс-әрекетін басқару болып бөлінушілігіне сәйкес осы бағыттардағы немесе салалардағы қызметті жетілдіру жолдары осы курстық жұмыстың үшінші ұсыныстар жасау немесе жетілдіру жолдарын ұсыну бөлімінде беріледі.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты банктік менеджменттің қаржылық аспектісін қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбын ашу үшін келесі тапсырмалар қойылды:
- Банктік менеджмент негіздерін қарастыру;
- Банктік менеджменттің Қазақстандағы даму ерекшеліктерін ашу;
- Банктердің басқару қызметінің қаржылық аспектісін «Цеснабанк» АҚ мысалында талдау;
- Банктердің экономикалық іс-әрекетін басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру;
- Адам ресурстарын басқарудың мотивациялық механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеудің пәні болып «Цеснабанк» АҚ-ның банктік менеджментті қолдануы саналады.
Зерттеу объектісі болып «Цеснабанк» АҚ-ның көрсетілтен қызметтерді басқару жүйесі саналады.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін зерттеу тақырыбына қатысты отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, заңдар, Үкіметтің және ҚР Президентінің ресми құжаттары, заң және нормативті құжаттар, ҚР қаржы Министрлігінің нұсқаулары, ҚР Ұлттық банкісінің нұсқаулары мен әдістемелік ұсыныстары, ғылыми мақалалар мен статистикалық материалдар құрайды.
1 БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Банктік менеджмент, құрылымы және оның қажеттілігі
Банктік менеджмент банк ісін және банк саласындағы қызметкерлерді басқарудың ғылыми жүйесі болып табылады. Ол банк ісін жүргізудегі тәжірибеде дәлелденген басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді.
Банктік менеджмент мазмұнын келесілер құрайды: болашақтық және ағымды жоспарларды жасау, талдау, реттеу, бақылау[1] .
Жоспарлаудың көмегімен банктер болашақтағы іс-әрекеттердің мақсатын, саласын, көлемін және нәтижелерді қалыптасу көздеріне және шығындарға қарай өлшейді.
Банктің барлық құрылымын қамтитын, әрбір бөлімшенің және жалпы банктің даму болашағын жоспарлаудың нәтижесіне банк дамуының жиынтық жоспары немесе бизнес-жоспар, сонымен қатар әртүрлі жеке бағыттардағы оперативті жоспарлар, яғни несиелік, пайыздық, депозиттік, кадрлық, инвестициялық және басқа да саясаттар жатады[2] .
Талдау банк іс-әрекетін толықтай және бағыттар бойынша бағалау үшін жүргізіледі. Бұл нақты жеткен нәтижелерді болжанған, өткен кезеңдегі және басқа жақсы банктердің нәтижелерімен салыстыру арқылы жүзеге асады. Талдау материалдары банк дамуындағы кері және дұрыс тенденцияларды, шығындарды, қолданылмаған резервтерді, жоспарлаудың кемшіліктерін және шешім қабылдаудағы сәтсіздіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштерін талдау банк жұмыстарын жинақ талдауының негізін құрайды. Талдаудың басты бағыттарына келесілер жатады:
- банк іс-әрекетінің келесідей көлемді көрсеткіштерінің, активтер, депозиттер, өзіндік капитал, несие, пайда динамикасын бағалау. Бұл бағалау басқа банктердің сәйкес көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүргізіледі және осы банктің Қазақстанның коммерциялык банктер жүйесіндегі орнын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай талдаудың нәтижелері осы банктің даму стратегиясын жасауға, жетілдіруге көмектеседі:
- ресурстық базаның көлемін, құрылымын және құраушы бөліктерінің дамуының негізгі тенденцияларын (өзіндік капиталды, депозитерді, банкаралық несиелерді) бағалау;
- ресурстық базаны талдау банк ресурстарының жеке бөлімдерін жіктеунегізінде, құрылымдық көрсеткіштердің есебі негізінде оларды динамикаларыбойынша және басқа банктердің көрсеткіштері бойынша салыстыру арқылыжүзеге асады. Ресурстық базаны бағалау банктің депозиттік саясатын жасауүшін қолданылады;
- банк активтерінің жағдайын бағалау (көлемін, құрылымын және несие, инвестиция сияқты құрамды бөліктерінің негізгі даму тенденцияларын) . Талдаубанк активтерін жіктеу негізінде, құрылымдық көрсеткіштердің есебі негізіндеоларды динамикалары бойынша және басқа банктердің көрсеткіштері бойыншасалыстыру арқылы жүзеге асады. Жүргізілген талдау нәтижелері банктіңинвестициялық және несиелік саясатын жасауға негіз болып табылады;
- банк өтімділігін бағалау қаржылық коэффиценттер есебі негізінде жәнеоларды белгілі - бір деңгейлермен өсу қарқыны негізінде, өзгерісіне әсер еткен факторларды анықтау арқылы жүргізіледі. Талдау материалдары банк өтімділігін басқару бойынша стратегияны жәнетактиканы анықтауға мүмкіндік береді;
- банк табыстылығын бағалау табыстар мен шығындар бойынша есепберулермен баланс мәліметтерін талдау негізінде жүзеге асады.
Банктік менеджмент жүйесіндегі реттеудің коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалауды мемлекеттің жүргізуімен шартталған белгіленген ерекшеліктері бар. Банктік іс - әрекет өте тәуекелді, айналымына өте үлкен соммадағы «бөтен» ақшаларды тартатындықтан мемлекеттік реттеу банктерді лиценциялау, капитал жеткіліктілігі, өтімділік, әрекет ету саласын шектеу, міндетті резервтер қалыптастыру сияқты бірқатар принциптердің сақталуын қарастырады [3] .
Осыған байланысты өзіндік реттеу жүйесі немесе банк ішіндегі реттеу бірінші кезекте мемлекеттік қадағалау органдарымен бекітілген талаптармен нормативтердің сақталуына бағытталған.
Банк ішіндегі реттеу жүйесіне келесідей дербес бағыттар кіреді:
- банктің ұйымдастыру құрылымын жетілдіру;
- банктік іс - әрекетті басқарудың сапасын жоғарылататын нұсқаулық және әдістемелік материалдармен, шешім қабылдау процедураларын жасау және жетілдіру;
- нақты қалыптасқан жағдайларды есепке ала отырып, мақсаттарды, артықшылықтарды және банк саясатын жүзеге асыру әдістемелерін түзету;
- банк іс - әрекетінің жекелеген бағыттары бойынша тәуекелдер көлемін шектеуге байланысты немесе тәуекелдерден қорғанудың қосымша кепілдік жүйелерін жасауға байланысты нақты шаралар қабылдау;
- кадрлық саясатты, персоналды оқыту жүйесін, банк ішілік бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру.
Банктік менеджменттің өрісі екі блогқа бөлінеді: қаржылық менеджмент және персоналды басқару.
Қаржылық менеджмент нақтыбір банктің мақсаттарымен міндеттеріне сәйкес ақшалай өнімдердің қозғалысын, оның қалыптасуын және орналастырылуын басқаруды қамтиды. Қаржылық менеджменттің негізгі бағыттары болып банк іс - әрекетінің жекелеген салалары бойынша (депозиттер, несиелер, қызмет көрсетулер, инвестициялар және т. с. с. ) айқындалған банктік саясаттар жасау; банктік маркетинг, активтермен пассивтерді, өтімділікті, табыстылықты, өзіндік капиталды, несие портфелін, банктік тәуекелдерді басқару[4] .
Банктік менеджменттің екінші өрісі, персоналды басқару - банктік қызметкерлердің білімі және тәжірибелерін ұтымды немесе рационалды пайдалануға бағытталған. Оған еңбекті мотивациялау, кадрларды орналастыру, қызметкерлер жұмысын ұйымдастыру, кадрларды дайындау және қайта дайындау, еңбек ақыны төлеу механизмі, мадақтау және ынталандыру, қызмет бабы бойынша жоғарылау, бақылауды ұйымдастыру, коллективтегі қарым -қатынас принциптері және тағы басқалар жатады. Персоналды басқарудың ғылыми негізіне психология және іскерлік этика жатады[5] .
Банктік менеджменттің негізгі бағыттарын келесідей үлгіде немесе схемада көрсетуге болады (1-кесте) .
1-кесте. Банктік менеджмент құрылымы.
Дамыған елдерде менеджмент өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Ал менеджменттің негізгі мақсаты -басқарудың рационалды жүйесі жолымен пайда табу.
Банктік менеджмент белғілі бір ерекшеліктерге ие. Банк қоғамдық капиталды басқарады, сақтайды және клиенттердің ақша құралдарының қауіпсіздігіне иелері алдында жауап береді және тек өзінің ғана емес жеке, сонымен қатар қоғамдық мүдделерді де көздейді. Мүдделердің мұндай үйлесімділігі банкке әрқашан тән болған, онсыз баланс өтімділігін, яғни оған қоса ақша нарығындағы банк тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкін емес[7] .
Банк іс - әрекетінің жалпы нәтижелерін талдау және бағалау үшін банк клиеттерінің және олардың шоттарының саны, банкпен көрсетілетін қызметтер және операциялар көлемі, депозиттер көлемі, несиелік және инвестициялық салымдар көлемі сияқты сандық көрсеткіштер қолданылады.
Сапалық көрсеткіштерді бірнеше бөлімдерге бөлуге болады. Бірінші табыстар және шығыстар көрсеткіштері тобының көмегімен банк рентабелділігін басқару жүзеге асады. Құралдар айналымының жылдамдығы, операцияларды жетілдіру шығындарының еңбек сыйымдылығы, құжаттар айналымының жылдамдығы - бұл көрсеткіштер екінші топты құрайды. Үшінші топқа қызметтердің сапасы, көлемі, құрылымы бойынша клиент сұранымдарының қанағаттану деңгейінің, информация құпиялылығыньщ, іскерлік келіссөздер құпиялығын қамтамасыз етілуінің көрсеткіштері кіреді.
Банктік менеджменттің басқа ерекшілігібанк қызметінің мемлекет тарапынан ақша иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында реттелуімен байланысты. Сондықтан басқаруды ұйымдастыруда өз бетінше шешімдер қабылдауда белгілі бір шектер орын алуы тиіс және де әрдайым өзгеріп отыратын ақша нарығы конъектурасында белгіленген нормативтер мен заңдылықтарды есепке ала отырып банк балансының ұтымдылығын қамтамасыз ету жолдарын іздеу қажет.
Қазіргі жағдайларда тек қана үздік экономикалық бөлімдерді ғана емес, сонымен қатар психология негіздері, құқық, іскерлік, этика сияқты білімді игеру, банк маманын дайындаудың ерекшілігін көрсетеді. Банк менеджменті мазмұнының анықталған ерекшеліктері қызметкерлердің негізгі контин-гентінің әйелдерден құралуынан пайда болады. Осыған байланысты коллективтегі әлеуметтік пролемалардың шешімдерін табуға, сонымен қатар өндірістік атмосфераның жағымдылығын қамтамасыз етуге түсінбеушілік жағдайларды туғызбауға үлкен мағына беріледі [5, б. 12] .
1. 2 Банктердің қаржылық іс-әрекетін басқару
Банктің экономикалық іс - әрекеті өте ауқымды, сондықтан да бұл бөлімде активтерді, пассивтерді, банк капиталын және өтімділікті басқару стратегияларын қарастыру мақсатын қойдық.
Банктік активтер және пассивтер портфелі - бұл жоғары пайдаға және қолайлы тәуекел деңгейіне жету үшін қолданылатын біртұтас бүтіндікке жатады. Активтер мен пассивтерді басқарудың мәні банк балансының құрылымын оның стратегиясымен сәйкестендіруге әкелетін тактикаларды қалыптастыруда және іс - шараларды жүзеге асыруда.
Активтерді басқару - бұл өзіндік және тартылған қаражаттарды орналастырудың тәртіптері және жолы. Қаражаттарды орналастыруда ерекше назар несиелік операцияларға және бағалы қағаздарға, инвестицияларға аударылады. Қаражаттарды орналастырудың проблемаларының шешімі болып қолайлы тәуекел деңгейіндегі және барынша жоғары табысты әкеле алатын активтерді «сатып алу» жатады [7] .
Қаражаттарды орналастыруда банктің алдында әрдайым өтімділік және табыстылық арасындағы дауды шешу мәселесі тұрады. «Табыстылық - өтімділік» екеуінің біреуін таңдап алуды (дилеманы) шешуге әрекеттерде активтерді басқарудың үш жолы бар. Қаражаттардың жетіспеушілігі кезеңінде ортақ қор әдісі қаражаттарын кеңінен қолдануға болады. Екінші әдіс - активтерді бөліп тарату немесе қаражаттарды конверсиялау, үшінші - ғылыми басқару немесе ЭЕМ-ді қолданумен байланысты. Ортақ қорлар қаражаты әдісінің негізінде барлық қаражаттарды біріктіру принципі жатады. Банкке қаражаттар талап ету депозиттері, жинақ, мерзімді салымдар, сонымен қатар банктің өзіндік капиталын қосқандағы әртүрлі көздерден түседі. Одан кейін бұл қаражаттар сәйкес деп саналған активтер бойынша орналастырылады. Активтерді басқарудың бұл әдісі келесі үлгіде сипатталады (1-сурет) .
1-сурет. Активтерді басқару әдісі
Ескерту: Мақыш С. Б. Коммерциялық банктер операциялары . Оқу құралы. Алматы: Издат Маркет, 2007 - 246 бет[2] .
Бұл әдіс менеджерлерден өтімділік және табыстылық принциптерінің теңдігінің сақталуын талап етеді. Қаражаттарды осы принциптерге сәйкес ак-тивтік операцияларға орналастырады[2] .
Активтерді қаражаттарды конверсиялау әдісімен басқарудың схемасы (2-сурет)
2-сурет. Активтерді қаражаттарды конверсиялау әдісімен басқару
Ескерту: Сейткасимов Г. С. Банковское дело. -Алматы: Каржы-Каражат , 1998. -576 бет [6] .
Осы әдістің көмегімен қаражат көздеріне міндетті резервтер нормасымен және олардың айналым жылдамдығына сәйкес шек қойылады. Бұл моделде банкте орталықтар немесе «банк ішіндегі банктер» пайда болғандай болады - талап ету депозиттерінің банкі, жинақ салымдарының банкі, мерзімді салымдар банкі және негізгі капитал банкі.
Қарастырылған екі әдісте актив және пассив бөлімдерінің арасындағы байланысты талдауда басқарудың қарапайым тәсілдерін қолдануға әкеледі. Олар барлық инвестициялауға мүмкін қаражаттарды орналастыру, пайданың жеткілікті нормасын қамтамасыз ететіндей және өтімділікті шектелген шегінде операцияларды жүзеге асыру жолдарын көрсетеді.
Ғылыми басқару әдісі банктің экономикалық іс - әрекетінің проблемаларын шешуге барынша күрделі жолдарды талап етеді, ол математикалық әдістермен ЭЕМ қолдану арқылы нақты проблеманы шешудің бірнеше вариантын жасау және олардың ішінде барынша тиімдісін таңдап алу болып табылады.
1. 3 Банктердегі адам ресурстарын басқару
Адам ресурстарын өте тиімді пайдаланатын банк, қызметкерлерін жақсы жұмыс жағдайымен қамтамасыз етіп өз мекемесінің сенімділігін нығайтып тұрақтылығын калыптастырудың негізгі бағыттарын игергені [11, б. 15] .
Адам ресурстарын басқару барлық жетекшілермен жүзеге асырылады, сондықтан басқарудың аумағына жоғарыдан төменгі деңгейге дейінгі банк жұысшыларының барлығы енеді.
Банктік менеджер банктің клиенті болып табылатын немесе болғысы келетін кәсіпорындар, фирмалар және тағы басқалардағы менеджмент деңгейін бағалай алуы тиіс. Бұл бағалау клиенттің несиелік кабілетін талдаудың және онымен несиелік қатынастар құрудың тәуекелділік деңгейін анықтаудағы кұраушы элемент болып табылады.
Банктегі жұмыс түрлерінің көпшілігі индивидуалды сипатка ие, әрбір жұмысшының икемділігін, жұмысының тиімділігін және мотивацияны жоғарылату мақсатында жүргізіледі.
Қызметтік нұсқаулар қызметік міндеттерді кұжаттаудын тиімді құралы болып табылады. Жаксы кұрастырылған қызметік нұсқауда келесілер болуы тиіс:
- кызмет бабының атауы;
- жұмыс нәтижелері үшін жауапкершіліктерінің сауатты әрі нақты белгіленуі;
- ұйымдастыру қатынастары;
- уәкілеттіктер;
- жұмыс көрсеткіштерінің нормалары;
- басқа жұмысшылармен іс - әрекеттердін үйлесімділігі;
- колданылатын материалдармен кұрал - жабдықтар.
Персоналды баскару банкті толықтай басқару жұмыстарының бір бөлігін кұрайды. Бірак, ол басқару жүйесінде ерекше жағдайларға ие, себебі басқару объектісінің ерекшелігі - адам ресурстары екендігінде. Соңғы он жылдықта адам ресурстарына деген катынас түбегейлі өзгерді. Қазіргі көзқарастар банктік ұйымдарды басқару процесінде ерекше мәнді адам кабілеттіліктерін қолдануға және қалыптастыруға, оны дамытуға үздіксіз оқыту негізінде жету керектігінен шығады.
Қазіргі уақытта банк үшІн ең бір қиын, бірақ сонымен катар өмірлік маңызы және кажеттілігі бар мәселелерге адам ресурстарын басқару жүйесінің кызмет етуінің тиімділігін жасау және қамтамасыз ету жатады.
Жалпы менеджмент және банктік басқару бүгінгі таңда экономикалық және әлеуметтік салалардағы іс - әрекеттердің барынша маңызды сұрақтарының бірі. Бұл біздің көз - қарасьшызша банктердің экономикадағы ролін қамтитын, әлемдік шаруашылыктағы сапалық өзгерістермен, қоғамдағы кұрылымдық және әлеуметтік өзгерістермен байланысты. Бұл өзгерістер банк ішіндегі жұмысшылардың қарым - қатынасына және басқару жолдарына әсер етеді [12, б. 86] .
Персоналды басқару саласындағы кемшіліктер боссыздықты (вакуумды) қалыптастырды және осының салдары ретінде бір ғана Американың өзінде жылына 10 млрд доллардан астам қаражат менеджерлерді даярлауға және кайта даярлауға жұмсалады.
Адам ресурстарын басқару - бұл менеджмент теориясы және прак-тикасының ең бір маңызды аспектілерінің бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz