Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірибесі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қаржы жүйесінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қаржы жүйесінің элементтері және оны ұйымдастырудың қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Қазақстан Республикасы менЖапонияның қаржы жүйесін талдау ... ..12
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін зерттеу және бағалау ... .12
2.2. Жапонияның қаржы жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін Жапония тәжірибесі негізінде жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

«Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады. Солардың бірі - қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деп Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында атап айтқандай, қаржы жүйесі тұрақтылығы тұрақты экономикалық өсудің негізі болып табылады.
Қазақстанның қаржы жүйесін халықаралық эксперттер прогрессивті жүйелердің бірі деп бағалаған. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Ұлттық қор құрды. Бұл қор елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуына, сыртқы жағымсыз факторлардан тәуелді болу деңгейін төмендетуге ықпалын тигізеді.
2012 жылдыңаяғында Ұлттық қор 10 446 538 785 мың теңгені құрады.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан қаржылық тұрақтылықтан кейін болған құрылымды экономикалық қайта құрулардан аман өтіп, өзінің жеке стратегиясын жасай отырып, елеулі жетістіктерге жетті.
Соңғы жылдары үкіметтің бар күші бюджет шығыстарын рационалдауға, қаржылық тәртіпті нығайтуға, инвестиция тартуды қолдауға, республика экономикасын дамытуға бюджетаралық қатынастарды жүзеге асыруға және сыртқы, ішкі қарыздарды басқарудың тиімді механизмін қалыптастыруға жұмсалды.
Әлемдік қаржы дағдарысынан кейін қаржы жүйесін тұрақтандыру мен оның қызметін тиімді етуге бағытталған біршама шаралар өткізілді. Бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканың басым секторларын қолдауға арналып Ұлттық қордан бөлінген ақшаның дені игерілді және қайтарылды. Қаржы жүйесі тұрақтандырылды. Инфляцияның және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етілді. Ең бастысы, экономиканың нақты өсімі сақталынды. Дегенмен, еліміздің қаржы жүйесінде әлі де болса шешімін таппай жатқан мәселелер бар. Олар, өз кезегінде, терең зерттеу мен шешу жолдарын қарастыруды талап етеді.
Зерттеу пәні қаржы және ақша-несие қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бүгінгі нарық жағдайында бұл қатынастар реттеудің жаңа түрін қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта қаржының, ақшаның, несиенің ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін арттыруда әлемдік тәжірибені қолдану маңызды.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
қаржы жүйесін талдаудың теориялық негізін қарастыру;
мемлекеттің қаржы саясатын қарастыру, оны Жапонияның қаржы саясатымен салыстыру;

1. Құлпыбаев С., Ынтықбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық/- Алматы. Экономика, 2010 – 522 бет.
2. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». –Астана, 2011 ж., http://www.akorda.kz
3. http://www.minfin.gov.kz/
4. Общая теория денег и кредита. Учебник /Под ред. Е. Ф. Жукова. М., 1995
5. Финансы /Под ред. В. М. Родионовой. М., 1994.
6. Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев С, Қаржы: Оқу құралы – Алматы, 2005.
7. Литовских А.М., Шевченко И.К. Финансы, денежное обращение и кредит Таганрог: Изд-во ТРТУ, 2006.
8. http://www.stat.gov.kz/
9. http://www.japangid.ru.
10. Журнал «Мировая Экономика и Международные отношения», 2007, №6, с.87-96.
11. http://www.globfin.ru.
12. Мұхамбетова З. С. Аймақтың ақша-несие саясаты // Аль-Пари. – 2008, №1.
13. Шайынғазы С. Жаңа Үкімет алдында қандай міндеттер тұр? //Егемен Қазақстан. – 2009, №23.
14. Зейнелгабдин А. В. Финансовая система: экономическое содержание имеханизм использования // Қаржы-Қаражат. Алматы. 2001.
15. http://www.kazakparat.kz
16. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы, http://www.minfin.gov.kz/
17. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы, Астана, Ақорда, 2010 жылғы 1 ақпан, http://www.president.kz
18. http://www.nationalbank.kz/
19. http://forbes.kz/
20. http://quote.rbc.ru/
21. http://stud24.ru/
22. Хузиятов Т. Д. О некоторых изменениях в японской экономической системе // Известия Восточного института ДВГУ. 1997. №S. С.116-123.http://ru.wikipedia.org

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Курстық жұмыс
тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірибесі
Орындаған:
Тексерген:
Астана-2014
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Қаржы жүйесінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..5
Қаржы ұғымы, оның мәні және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Қаржы жүйесінің элементтері және оны ұйымдастырудың қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Қазақстан Республикасы мен Жапонияның қаржы жүйесін талдау ... ..12
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін зерттеу және бағалау ... .12
Жапонияның қаржы жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...14
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін Жапония тәжірибесі негізінде жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
КІРІСПЕ
Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады. Солардың бірі - қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету деп Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында атап айтқандай, қаржы жүйесі тұрақтылығы тұрақты экономикалық өсудің негізі болып табылады.
Қазақстанның қаржы жүйесін халықаралық эксперттер прогрессивті жүйелердің бірі деп бағалаған. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Ұлттық қор құрды. Бұл қор елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуына, сыртқы жағымсыз факторлардан тәуелді болу деңгейін төмендетуге ықпалын тигізеді.
2012 жылдың аяғында Ұлттық қор 10 446 538 785 мың теңгені құрады.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан қаржылық тұрақтылықтан кейін болған құрылымды экономикалық қайта құрулардан аман өтіп, өзінің жеке стратегиясын жасай отырып, елеулі жетістіктерге жетті.
Соңғы жылдары үкіметтің бар күші бюджет шығыстарын рационалдауға, қаржылық тәртіпті нығайтуға, инвестиция тартуды қолдауға, республика экономикасын дамытуға бюджетаралық қатынастарды жүзеге асыруға және сыртқы, ішкі қарыздарды басқарудың тиімді механизмін қалыптастыруға жұмсалды.
Әлемдік қаржы дағдарысынан кейін қаржы жүйесін тұрақтандыру мен оның қызметін тиімді етуге бағытталған біршама шаралар өткізілді. Бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканың басым секторларын қолдауға арналып Ұлттық қордан бөлінген ақшаның дені игерілді және қайтарылды. Қаржы жүйесі тұрақтандырылды. Инфляцияның және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етілді. Ең бастысы, экономиканың нақты өсімі сақталынды. Дегенмен, еліміздің қаржы жүйесінде әлі де болса шешімін таппай жатқан мәселелер бар. Олар, өз кезегінде, терең зерттеу мен шешу жолдарын қарастыруды талап етеді.
Зерттеу пәні қаржы және ақша-несие қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бүгінгі нарық жағдайында бұл қатынастар реттеудің жаңа түрін қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта қаржының, ақшаның, несиенің ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін арттыруда әлемдік тәжірибені қолдану маңызды.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
қаржы жүйесін талдаудың теориялық негізін қарастыру;
мемлекеттің қаржы саясатын қарастыру, оны Жапонияның қаржы саясатымен салыстыру;
нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасындағы қаржылық қатынастардың дамуын айқындау және қаржы жүйесін тұрақтандырудың әдістерін қарастыру.
Ғылыми-зерттеу жұмысын жазу барысында мынадай дерек көздері қолданылды - монографиялар, оқу құралдары, статистикалық жинақтар, түрлі басылымдар және ақпараттық сайттар.
Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері; қаржы-несие жүйесін қалыптастырудағы әлемдік тәжірибе; дамыған және дамушы нарықтық экономикасы бар елдердің қаржы жүйесінің дамуы, құру қағидалары қолданылды.
Ғылыми-зерттеу жұмысы кіріспе, үш бөлім, бес параграф, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Қаржы жүйесінің теориялық негіздері
Қаржы ұғымы, оның мәні және қажеттілігі
Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айырықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге жазып қоюға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бәлу, айырбастау және тутыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретіңде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтріжелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды беліілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы) жасалады.
Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы - қоғамдық өнімнің - натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай кәрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит жоне басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалқы қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономикалық жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын- ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы - ақша қатынастарының ажырамас бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастырын білдіреді. Сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. Қаржының басты белгілерінің бірі- оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі.
Қаржының қажеттілігі - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.
Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:
қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
қаржы ақша қорларын бөлу мен қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамассыз етеді;
қаржы ұлттық табыстарға қорлану мен тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:
ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамассыз ету тұрғысынан;
қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;
қаржыны әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдык арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан - ақшадан туындайтын айрықшалықты экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында осы күнге дейін пікірталас тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: болу және бақылау.
Ұдайыөндірістік тұжырымдамасы қаржының төмендегідей функциясын көрсетеді:
ақшалай табыстар мен қорларды жасау
ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану
бақылау функциясы (қаржылық-шаруашылық, қаржылық-бюджеттік, кредиттік-банктік бақылау).
Бөлгіштік функциясы арқылы қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субьектілер болып келеді.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық сфераларында - материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін: жалпы ұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске бөлінудің әр түрлі түрлерін - ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық, аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.Алғашқы белу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн -- ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.
Қаржының көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:
Қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде;
Несиелік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізінде кредиттер беруді білдіреді.
Ұлттық табысты қаржының көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары:
өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамассыз ету;
елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын қамтамассыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әртүрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырылады.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
1.2 Қаржы жүйесінің элементтері және оны ұйымдастырудың қағидалары
Қаржы жүйесі ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:h4
қаржы қатынастарының жиынтығы;
ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. Бұл - ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар (1-сызба).
1-сызба. Қаржы жүйесінің құрылымы
Қаржы жүйесі
Қаржы жүйесі
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

Үй шаруашылықтарының қаржысы
Үй шаруашылықтарының қаржысы
жалпы мемлекеттік қаржы
жалпы мемлекеттік қаржы
бюджеттен тыс қорлар
бюджеттен тыс қорлар
мемлекеттік бюжет
мемлекеттік бюжет
Қызмет көрсету сферасының қаржысы
Қызмет көрсету сферасының қаржысы
материалдық өндіріс сферасының қаржысы
материалдық өндіріс сферасының қаржысы
мемлекеттік несие
мемлекеттік несие
Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
Мемлекеттік қаржылар - мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді. h4
Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджетке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
Мемлекеттік несие - мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.
Сақтандыру - сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер қалыптасады.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.
Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады.
Қаржы жүйесінің бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын-ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды элементтерінің функциялық арналым қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржылық аппарат сәйкес келеді.
Сонымен, қаржы жүйесінің элементтері оның қалай қызмет ететінін, олардың әрқайсысының өзіндік функциялары бар екенін дәлелдейді. Ал қаржы жүйесінің қағидаттары жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп, оларды дұрыс ұйымдастырудың кепілі болады.
2. Қазақстан Республикасы мен Жапонияның қаржы жүйесін талдау
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін зерттеу және бағалау
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына аяларынан тұрады:
мемлекеттің бюджет жүйесі;
арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
мемлекеттік несие;
жергілікті қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады. h4
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:
мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан - бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Қаржы қатынастары аяларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы аясында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы толығымен өзгерді. 1994 жылғы маңызды экономикалық реформалардан кейін елеулі деңгейде қаржылық тұрақтылық қалыптасты, өндірістің дамуы орын алды. Егер 1993 жылы инфляция қарқыны екі мың пайыздан жоғары болса, 2001 жылы бұл көрсеткіш 23,7%-ға дейін төмендеді. Ал бүгінгі таңда елдегі инфляция деңгейі 2013 жылы 4.9%-ды құрап отыр.
Соңғы жылдары үкіметтің бар күші бюджет шығыстарын рационалдауға, қаржылық тәртіпті нығайтуға, инвестиция тартуды қолдауға, республика экономикасын дамытуға бюджетаралық қатынастарды жүзеге асыруға және сыртқы, ішкі қарыздарды басқарудың тиімді механизмін қалыптастыруға, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын және нарықтық инфрақұрылымның құралдарын дамытуға жұмсалды.
Экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан соңғы жылдары отандық тауар өндірушілерді қолдау, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру, әлеуметтік және инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен елеулі қаражат бөлінді.
Мемлекет қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру.
Мемлекеттік инвестициялық бағдарламаның негізгі артықшылықтары әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысын белсендіру. Жобаларды қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражаты және шетел донорлары қаражаты есебінен қарастырылады.
Тікелей шетел инвестициясын тартуды жан басына шаққандағы деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің, ТМД елдерінің ішінде алғашқы бестікке кіреді.
Қазіргі таңда Қазақстанда шетел инвестициясын тарту мен тиімді пайдалану үшін жетілген институтционалды және заңдық база бар. Қазақсанда өзге ТМД елдерімен салыстырғанда жағымды салық режимі бар. Оның саны соңғы Салық кодексіне енгізген өзгертулерге сәйкес 13. Республикадағы реформалар алға жылжып барады. Әлемдік Банктің бағалауы бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде реформа жүргізуден көшбасшы ел ретінде танылды.
2014 жылдың ақпан айындағы мәліметтерге сүйенсек, ел ішіндегі жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құраған. Тағы бір фактор - бұл құрылымдық реформалар. Үкіметтің жоспары бойынша, барлық радикалды реформалар соңғы жылдары аяқталуы қажет. Сонымен, жоғарыдағы деректерді тұжырымдай келе республикада болашақта экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін барынша тұрақты жүйе қалыптасқан деп айтуға болады.
2.2. Жапонияның қаржы жүйесінің ерекшеліктері
Жапонияның қаржы жүйесі орталық үкімет бюджетінен, жергілікті билік бюджетінен және арнайы қорларды, орталық, жергілікті билік органдарына жататын кәсіпорындар, корпорациялар шотын біріктіретін арнайы шоттардан тұрады.
Жапонияда бюджет жылы 1 сәуірден 31 наурызға дейін жалғасады. Бюджет кірістері мен шығыстары белгілі бір бөлімдерге, тарауларға, параграфтарға бөлінеді. Кірістер 7 тарауға, 11 бапқа, 43 параграфқа, ал шығыстар 13 тарауға, 41 бапқа, 242 параграфқа бөлінеді. Бюджет жобасын дайындауды қаржы министрлігі мен оның департаменті жүзеге асырады. Өзге министрліктер мен ведомостволар өздерінің бюджет құрылымы мен көлеміне байланысты ұсыныстарды, сонымен қатар, өзге де қаржыға қатысты сұрақтары болса, дайындап, сәйкес құжаттарды 31 тамыздан кешіктірмей қаржы министрлігінің бюджет департаментіне жібереді. Қыркүйек және желтоқсан айлары ішінде бюджет департаменті келіп түскен материалдарды қарастырып, бюджет жобасы негізінде құрастырады. Жоба экономикалық жоспар басқармасына жіберіледі, содан соң министрлер кабинетінің қарауына жіберіледі. Түзетулер енгізілген соң, үкімет қаңтар айында бюджет жобасын парламент қарауына жібереді. Бюджеттік комиссияның талқылауынан кейін, парламент бюджетті заң түрінде бекітеді.h4 Жапонияның Конституциясына сәйкес парламентке мемлекеттік қаржыны пайдалануға ерекше құқық беріледі. Бюджетті атқаратын қаржы министрлігі және өзге де министрліктер мен ведомостволар. Бюджеттің кассалық қызмет көрсетуін Жапония банкі мен оның бөлімшелері жүзеге асырады. Министрліктер мен ведомостволар өздеріне белгіленген шығын шегінде Қаржы министрлігіне төлем сметаларын әкеледі, оларды Қаржы министрлігі қарастырып, бекітеді. Сметалар көшірмесі ары қарай Жапония банкіне жіберіліп, банк соңғы операцияны орындайды. Бекітілген бюджет қаржысын жұмсауды бақылау квартал сайынғы министрліктер мен ведомостволардың есеп беруі нысанында жүзеге асырылады. Бақылаушылар алынған есепті толық тексеріп, бюджеттің кірістер мен шығыстар бойынша орындалуының жалпы есебін шығарады. Жалпы есеп үкіметке жіберіледі, ал олар есепті ревизиялық бюро қарауына жібереді. Ревизиялық бюро өз қорытындысын берген соң, есепті үкімет бекітіп, парламенттің қарауы мен бекітуіне жібереді.
Жапония бюджетінің кіріс бөлігі салықтық және салықтық емес түсімдерден тұрады. Өзге елдермен салыстырғанда Жапониядағы салықтық емес түсімдердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz