Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны: Кіріспе . . .
:
Мазмұны: 1 Ұлы Жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
:
Мазмұны: 1. 1 Ұлы Жібек жолының географиясы, даму тарихы . . .
:
Мазмұны: 1. 2 Туризмнің дүние жүзіндегі даму үрдісі және Ұлы Жібек жолының туристік мүмкіндіктері, оның игерілуі . . .
:
Мазмұны: 2 Жамбыл облысы территориясындағы Ұлы Жібек жолы туризмінің табиғи-тарихи алғы шарттары
:
Мазмұны: 2. 1 Жамбыл облысы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының табиғат жағдайы . . .
:
Мазмұны: 2. 2 Облыстағы Ұлы Жібек жолы тармағының туристік ресурстары, оның туризмді дамытудағы мүмкіндіктері…… . . .
:
Мазмұны: Қорытынды . . .
:
Мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
:

Кіріспе

Жұмыстың көкейкестілігі: Қазіргі заманда Қазақстан экономикасы дағдарыс кезеңінен өтіп, экономикасы үрдіс алып дамып келеді. Экономиканың материалдық өнім өндіретін салаларымен бірге, халыққа қызмет көрсету шаруашылық салалары қалыптасуда. Осының ішінде туризм географиясының алатын орны ерекше. Себебі, туризм-бүгінде мемлекетіміздің дамуының маңызды экономикалық - әлеуметтік факторына айналып отыр.

Біздің көз алдымызда туризм-шаруашылық саласы жаңадан қалыптасып отыр. Ол еліміздегі белгілі бір табиғат қорларына және әлеуметтік алғы шарттарына сүйенеді. Осы саланың өзіндік маман кадрлары дайындалып, елімізге белгілі бір әлеуметтік-экономикалық табыс табуға ықпал етеді.

Туризмнің қауырт дамуы еліміздің ғаламдану процесіне емін-еркін еніп келе жатқанына байланысты. Қазақстан - халықаралық туризмнің белгілі бір сегментіне айналып келеді. Осыған байланысты Республикамызда туризмнің ғылыми зерттеулері практикалық сұранысты қанағат тандыруға ұмтылады.

Туризмнің дамуы комплекстілі құбылыс, бірнеше құрамдас бөліктерден тұратын күрделі жүйе:

  • демалушылар;
  • табиғат ландшафтысы;
  • техникалық инфрақұрылым;
  • өндірістік сфера;
  • еңбек ресурстары;
  • халық қоныстануының ерекшелігі;

Осы жоғарыдағы туристік жүйенің дамуы кез келген территорияның рекреациялық, яғни туристік мүмкіндіктеріне сүйенеді. Туристік потенциал - белгілі бір табиғат ресурстарынан құралады. Осы ресурстардан басқа рекреациялық, әлеуметтік-экономикалық ресурстарда болады. Сондықтан, елімізде туризмді дамыту оның әрбір жеке аймағындағы немесе облыстарындағы туристік мүмкіндіктерді анықтауға сүйенеді.

Рекреациялық ғылыми зерттеулер оның географиямен тығыз байланысты екендігін дәлелдеді. Сол себепті дипломдық жұмыстың тақырыбы - Оңтүстік Қазақстан жеріндегі туристік мүмкіндіктерді анықтауға негізделді.

Рекреациялық география мен туризмнің ғылыми зерттеулері орыс ғалымдары В. С. Преображенский, А. А. Минц, И. П. Герасимов, Н. С. Мироненко, И. Т. Твердохлебов, А. Г. Александров есімдерімен тығыз байланысты.

Қазақстандағы туризм ғылымының дамуы Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік Әл-Фараби Университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы С. Р. Ердавлетов, Абай атындағы Қазақтың Ұлттық Педагогикалық Университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы А. А. Сайыповтың есімдерімен тығыз байланысты.

Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлімі өтетін Оңтүстік облыстардағы туристік мүмкіндіктердің жете зерттелмеуімен анықталады. Осы ретте, көне заманнан Ұлы Жібек жолының негізгі бөлігі болып саналған аумағында бұрын - соңды көптеген мемлекеттер пайда болып, геосаяси тұрғыда маңызды роль атқарған. Оңтүстік Қазақстан аймағын туристік - рекреациялық жүйесін зерттеудің айрықша маңызы зор.

Оңтүстік Қазақстан, оның ішінде Жамбыл облысының туристік территориялары мен объектілерін зерттеудің маңыздылығы соңғы жылдары аймақтың табиғи қорларды игеруді артуына байланысты және Ұлы Жібек жолына деген қызығушылықтың артуына қатысты арта түседі.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Оңтүстік Қазақстан, оның ішінде Жамбыл облысы аумағындағы туристік-рекреациялық территориялар мен объектілердің жүйесін жан-жақты талдау жасай отырып анықтау.

Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттерді шешу қажеттілігі анықталады:

  1. Ұлы Жібек жолының ғаламдық және аймақтық маңыздылығы мен туристік мүмкіндіктерін анықтау.

2. Жамбыл облысы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы туризмінің табиғи

алғышарттарына талдау жасау.

3. Жамбыл облысы аумағындағы туристік территориялар мен

объектілерді анықтау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанасы: Жамбыл облысы территориясындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы туристік территориялар мен объектілер.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:

Дипломдық жұмыста зерттеліп отырған аумақтағы туризм дамуының табиғи және әлеуметтік-қоғамдық алғышарттарын анықтау барысында салыстырмалы - географиялық, картографиялық, тарихи әдістер қолданылып, басқа авторлардың археологиялық, архитектуралық және тарихи жүргізген зерттеулерінің нәтижелері талданды.

Рекреациялық географияның ғылыми-теориялық қағидалары негізге алынды.

Қорғауға ұсынылған мәселелер:

  1. Жамбыл облысы территориясындағы археологиялық, тарихи- архитектуралық ескерткіштерді есепке алып, туристік маңызын анықтау.
  2. Әрбір туристік объектіге ғылыми және әлеуметтік маңызы тұрғысынан сипаттама беру.
  3. Ұлы Жібек жолына қатысы бар деген облыс жеріндегі Республикалық реестрді құрастыру.
  4. Облыс жеріндегі облыстық және аудандық маңызы бар деген территориялар мен объектілердің тізімін құрастыру.
  5. Жергілікті жердегі туристік объектілерді орта мектептің оқушыларына географиялық, патриоттық білім мен тәрбие берудің мүмкіндіктерін іздестіру.

Зерттеудің бастапқы материалдары:

Зерттеу жұмысына автордың жеке ізденісі нәтижесінде жинақталған материалдары мен ғылыми әдебиеттер, картографиялық және сирек басылымдар қорындағы деректерді талдауы негіз болды. Олар:

  1. «Орта ғасырлық Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалалары және Ұлы Жібек жолы картасы» (К. М. Байпаков, А:1992)
  2. «Жамбыл облысының Мемлекеттік реестрге кірген тарихи - архитектуралық ескерткіштер картасы» (Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштер жиынтығы. Жамбыл облысы, А:2002)
  3. «Ұлы Жібек жолы картасы (Жамбыл облысы тармағы) » (К. М. Байпаков, К. Байбосынов, Тараз - 2002)
  4. “Along the Great Silk Road” (Л. Шабыкина, О. Таланова, А:1991)
  5. “Жамбыл облысында туристік саланы дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы” (Жамбыл облысы әкімінің туризм және спорт басқармасы)
  6. “Карта Великого Шелкого пути” (В. А. Радкевич, М:1990)
  7. “Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркі тілдес мемлекеттердің (елдердің) мәдени мұраларын тиімді дамыту және сақтау, туризм инфрақұрылымын құру ” атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы (27. 02. 1998) (Жамбыл облысы әкімінің туризм және спорт басқармасы)
  8. Жамбыл облысының әкімшілік аудандарының карталары (Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштер жиынтығы. Жамбыл облысы, А:2002)
  9. Тараз қаласының туристік карта - схемасы (Жамбыл облысы әкімінің туризм және спорт басқармасы)

Теориялық маңызы:

Жамбыл облысы мысалында Ұлы Жібек жолының бойындағы туристік - рекреациялық территориялар мен объектілердің аймақтық жүйесі құрастырылды. Осы жүйені облыстағы туризмді дамытуда, оның ішінде халықаралық туризмді дамытуға ғылыми - практикалық маңыз болады. Жоғарғы мектепте және орта мектепте «Рекреациялық география», «Туризм» сияқты пәндерді өткенде, сонымен қатар «Өлкетану» факультатив сабағын өткенде осы дипломдық жұмыс материалдарын пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі:

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыстың мазмұны 20 кестемен, 3 карта - схемамен және 13 суретпен жабдықталған.

Жұмыстың бірінші тарауында Ұлы Жібек жолының географиясы, оның даму тарихы жөнінде баяндалған. Сонымен қатар, туризмнің дүние жүзіндегі даму үрдісі және Ұлы Жібек жолының туристік мүмкіндіктері, оның игерілуі жайында мәліметтер қарастырылған.

Жұмыстың екінші тарауында Жамбыл облысы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының табиғи алғышарттарына талдау жасалып, Жамбыл облысындағы туристік ресурстар тізімі құрастырылып, оның туризмді дамытудағы мүмкіндіктері қарастырылған. Сондай - ақ, Жамбыл облысының туризмінің қазіргі кездегі даму үрдісі туралы мәліметтер қарастырылып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар тарихи - архитектуралық және табиғи - рекреациялық, археологиялық ескерткіштер тізімі құрастырылған.

Жұмыстың мазмұны 74 парақта баяндалған.

1 Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері

1. 1 Ұлы Жібек жолының географиясы, даму тарихы

“Жібек жолы” дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай қадеге жарады, қай жерлерді басып өтті - әркімді - ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.

Бұтқа табынушы (будда дініндегі - ауд. ) қажы Сюань - Цзан 629 жылы «Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шындап зерттеу үшін» Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан жеке техникалық жаңалықтарға діни мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді (1) .

Чань - Аньнан шыққан саудагерлердің қоспақ - түйелі керуенімен атақты Гоби шөлін жағалап, Дунхан арқылы «Ұлы айдаһар құмы» аталатын сортаң шөлейтті, Хами мен Турфан алқаптарын, Тянь-шаньның солтүстік бөктері мен мұздақ тауларын, шамасы, Музур -Ола жоталарын басып өткен Сюань - Цзянь мен оның сапарластары «Көкмөлдір көлге» жетті. Оның «Ыстық көл» деп те аталуына қарай кәдімгі Есік көлін еске түсіру қиын емес. Қажы осы өзенді айналып өтіп, Батыстағы шекарасы сонау Қара теңізге дейін созылып жатқан байтақ мемлекеттің әміршісі - түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келді. Сюань - Цзян түрік қағаны мен оның жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: (2)

«Бұл жателдіктердің аттары керемет екен. Қаған үстіне жасыл жебек шекпен киген, жалаң басына ұзындығы бір чжан (3, 2м), ұштары желкесіне түскен жібек шалма (сәлде) орап алған. Оған оқалы-зерлі жібек шапан киіп, шаштарын айдар - тұлымдап өрген екі жүзден астам тархан (нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киім, бастарына жұмсақ бас киім киіп, айбалта, садақ асынып, ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша, көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес. »

Қағанның өзін қалай қабылдағанын сипаттай отырып, Сюань Цзянь түрік зиялылырының салтанатты жібек киімдерінің молдығын бірнеше қайтара ауызға алады, сонымен бірге өзіне көрсетілген сый - сияпат ішінде : «Қызғылт түсті жылтыр шыттан тігілген неше алуан киімдер санатын және елу кездеме жібек» бергені жөнінде хабарлайды.

Бұл әңгіме барысында ежелгі дәуір мен ортағасырда халықаралық қатынастың күре тамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл жол қай кезден «жұмыс істей бастады» деген сұраққа күні бүгінге дейін әр қилы жауап беріліп келеді.

Егер «Жібек жолының» жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі III-II мың жылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит (көк лағыл) кені, ал Хотон аймағындағы Яркент (Жаркент) - Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына орай жолға қойылды. Бадақшаннан шығарылған лазурит Иранға, Месопатамияға (Қосөзен), Анатолийге, Египет пен Сирияға тасылып жатты. Бадахшан лазуриті I мың жылдықтың жартысында Қытайға да жеткізіле бастады (3) .

Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен және Үндімен жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен»қатар дүниеге келген «Нефрит жолы» Шығыс Түркістанды Қытаймен жалғастырды.

Біздің дәуірімізге дейінгі I мың жылдықтың орта кезінен «Дала жолы» деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: (4) Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін. одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агриппийлер еліне қарай созылады.

Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.

Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін біздің дәуірімізге дейінгі I мың жылдық саналып келеді. Алайда Чжецзянь провинциясында, Тайху көліне таяу маңда қазба жұмысын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдіктер мен жібек жіптер тапты. Бұл маталар жасы біздің дәуірімізге дейінгі 2750-100 ж. Оларды талдап анықтау жұмысы сол кездің өзінде - ақ, яғни бұдан бес мың жыл бұрын дерлік, жібек жасап шығару кәсібі қарапайым әдістер кезеңін бастан кешіп үлгергенін көрсетіп берді. Біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, оның ішінде Батысқа да шығарыла бастады. Алтайдағы Пазырыктың «патша» қорғандарының бірінен біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырды көрсететін феникстер қолымен өрнектеліп тігілген жібек жамылғы (ат жабуы) табылды. Сондай - ақ, Оңтүстік және Батыс Европа аудандарынан біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларға жататын қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар да табылған (5) .

Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтапр мен скифтердің көшпелі әулеттері де ат салысты. Солардың қатынас аралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін тарады. Дегенмен зерттеушілер, оның ішінде Ма Юн мен А. П. Франкфор тәрізді көрнекті ғұламалар жібек жолы жөнінде, оны VI-IV ғасырларға жатқызып, осы бір асыл тауар шамамен 40 параллель бойында жатқан далалық аймақпен, яғни Хуанхэ өзенінің үлкен иілісінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан даласы мен Қара теңіз жағалауын басып өтіп, гректер мен этрустар жеріне жеткізілді деп жобалауға болады дей қоярма екен. Соңғылары тіпті «Жібек елінің»өзі қайда екенінен де бұлдыр хабардар еді (6) .

Бұл кезде жібек Үндіге де жеткен-ді. Оған үндінің «синапатто» - «қытай жібегі» деген сөздері куә, ал бұл сөздер біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда жазылған «Артхашастра» (саясат ғылымы) трактатында кездеседі.

«Жібек жолы» тек біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У - Дидің көрмеген Батыс елдеріне жұмсаған князі Чжон-Цзянь бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Чжон - Цзянь 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол осы күнгі Ауғанстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты. Көп ұзамай халықаралық сауда тізгіні Орта Азияның Зеравшан және Қашқадария алқаптарын мекекнгдеген Соғда елінің саудагерлері қолына көшті. Шығыс Түркістанның «Тохар» қалаларында және Қытайдың Ланчжау, Дуньхуан, Чаньан тәрізді қалаларында соғдылықтардың сауда отарлары болды. Мәселен, Дуньхуанда мыңға тарта соғдылықтар тұрды. Соғдылар Жібек жолы таусылған жерден Жапонияға басып кіріп, жапонның ежелгі астанасы Нарды биледі. Сондағы храмдардың бірінен соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр. Жібек жолы II-V ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ, Чаньниден басталып, Ланчжоу ауданындағы Хуанхэ өткеліне беттейді, одан әрі Нан - Шаньның солтүстік сілемдерін қуалай Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне және «Яшмо қақпалары заставасына» жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла-Макан шөлін солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп, үшке айырылады. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді; ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашэрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына жетеді; оңтүстіктегі тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы Бактрияға, Үнді мен Жерорта теңізіне жетіп «Оңтүстік жолы» аталады. «Солтүстік жолы» Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамадан Сирияға жетеді (7) .

Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол VI-VII ғасырларда барынша жандана түсті. Жолдардың бұлайша алмасуының себептерін былайша түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол VII ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды (8) . Үшіншіден, түріктің ауқатты қағандары мен олардың жанпеліндегілер теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.

Сөйтіп, бұл жол бас жолға айналды да VII - XIV ғасырлардағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Алайда Жібек жолының бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның не анау, не мынау бөлігіне жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды. Ал кейбіреулері, керісінше, мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, VII-VIII ғасырларда негізгі жол торабы Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас алқабы- Шу алқабы - Ыстық көл қазаншұңқыры - Шығыс Түркістан арқылы тартылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын - Маңғыстауды -Арал жағалауын - Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда аталған негізгі жолға келіп қосылды. Батыс түрік қағанаты Византиямен сауда - дипломатиялық одақ келісімін жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтті. Дегенмен IX-XII ғасырларда Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланылды. Алайда, ол жол XIII-XIV ғасырларда қайта жанданды. Бұл құрлықтағы саяси жағдайларды дипломаттар (елшілер) мен ірі саудагерлердің (көпестердің) және басқа саяхатшылардың талап талғамдары реттеп отырды.

Жібек жолы шеңберіне ену қарсаңында Қавзақстанның Оңтүстігі мен Жетісу қандай жағдайда еді дегенге келсек: бұл жер көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын. Оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпенділер де, отырықшы тұрғындар да туыстас немесе біркелкі этникалық - саяси қауымға бірлескен тайпалар еді. Отырықшылар (жатақтар) мен көшпенділердің өз мәдениеттерінің бір - біріне өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүние жүзілік өркениеттің қызыл арқау - күре тамыры болды. Қазақстан мен Орта азия халықтарының бір - біріне осылайша кірігуі, сондай - ақ, олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр - салтының үйлесімділігі өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі VI -III ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандардағы қабірлерден, оның ішінде Бесшатыр, Есік, Түгіскен, Үйгәрәк қабірлерінен табылған қазбалар бойынша олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Сол кездің өзінде -ақ сақтардың Қытаймен, Үндімен, Таяу және Орта Шығыспен байланысы болған. Бұған сақ шонжарларының қабірлерінен табылған қытай айналары, Орта Азия мен Ираннан әкелінген асак көркем безендірілген шетелдік бұйымдар да куә бола алады. Қам кесектен (өңделмеген кірпіштен) салынған Түгіскендегі сәулетті де берік үй - там құрылысы оған шетелдік шеберлер қатыстырылған болуы керек деген ойға келтіреді. Біздің дәуірімізге дейінгі II - I мың жылдықтың орта шенінде үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттері өмір сүріп, Жібек жолы жұмыс істеп тұрған кезде мұнда римдік әйнектер мен теңгелер, қытай жібегі мен айналары, сырлы ыдыстар, европалық қарсы ілгектер (фибуда) мен Сасанид Иранынан әр түрлі мөр - тастар жеткізіліп тұрған. Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында мұнаралы қорғандармен қоршалған қала орталықтары, дихандардың алғашқы тектері орналасқан елді мекендер қалыптаса бастады. Солардың көпшілігі дерлік қазір Тянь - Шань тауы етегінен, Арыс өзені мен Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы алқаптардан ашылып отыр. Әсіресе мұндай қалалар Арал маңындағы Жетібасар шатқалындағы шөлейт аймақтарда жақсы сақталған. Олардың күн күйдірген сарғыш қабырғалары мен жазық алқапқа қарата салған ойық терезелі, жебе тәрізді мұнаралары әлі күнге дейін қисаймай тұр, ал тақырлардың астында ірі - ірі ежелгі мазарлар жасырынып жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
Қар жамылғысы туралы зерттеулер қысқы туризм дамытуға себеп
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Оңтүстік Қазақстан облысының халқы мен оның әлеуметтік жағдайы
Қаратау таулы жотасы
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында белсенді туризмді дамытудың перспективаларын анықтау
Туристік қатынастардың қалыптасу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz